Ішкі Монолог пен диалог 7 страница

 ә) прагматикалық диалог. Бұл топқа: диалог – тартыс, диалог – дау, диалог – ой-талқы, диалог – өтініш, диалог – ұсыныс, диалог – ой-түрткіні топтастырады.                                                                                                                                      

б) модальдық диалогқа: диалог – үндестік, диалог – жинақтау, диалог – сәлемдесу, диалог – қоштасу сынды түрлерін топтастырады.

4. Шал ақын поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері                                            

Адамның артықшылығы, жақсылығы көпке, туған елге пайдалы болуында деп қорытынды жасайды. Ашқарақ, сұғанақ, арызқой, пасық адамдар тобына да ақын қадала түседi. Өзiмшiл, күншiл пасықтарға жаны таза жақсы адамдардың адал ниеттi iзгi iстерiн қарсы қоя жырлап, бiрiнен жирендiрiп, екiншiсiнен үйренiп, үлгi-өнеге алуға үндейдi. Ол шығармаларын аяқ астына шығарып отырған. Ақын өзi өмiр сүрген дәуiрдiң өзектi мәселелерiн жырлаған. Өлеңдерiнiң көбi мақал-мәтелдерге, нақыл сөздерге, дiни ұғым сөздерге, бейнелi сөз тiркестерiне толы. Шал ақын - өз заманының беделдi ақыны. Оның өлеңдерi өз кезiнiң өзектi мәселелерiн көтерiп, халыққа адамгершiлiк ақыл-ғибрат бередi. Шал ақынның алғаш рет 1928 жылы «Жаңа әдебиет» журналының 5 санында бiр ғана өлеңi, 1958 жылғы 28-шi қарашада «Қазақ әдебиетi» газетiнде белгiлi қаламгер Ғалым Малдыбаев жариялаған сегiз өлең мен «Шал ақын кiм» мақаласы жарық көрді. Шал ақынның кейбір шығармаларын кезінде М.Хакімжанова, Ф.Ғабитова, А.Нұрқатов, тағы басқалар ақсақалдардың ауызша айтқандарынан хатқа түсірген. Шал ақынның бірнеше шығармасын, Қазақстаннан тыс жерде Хасен Шаяхметұлы Ғали атты түркi халықтарының тiлi мен әдебиетiнiң бiлгiрi, үлкен ғалым XX-ғасырдың басында жазып алған, оның қолжазбасы Қазан университетінің Н.Лабочевский атындағы ғылыми кітапханасында сақтаулы. Шал ақынның шығармалары негізінен 1960 жылдан басылып шыға бастады, сол кездері оның шығармалары туралы ғылыми-зерттеу мақалалары да жарияланды. «ХVІІ-ХIХ ғасырлардағы қазақ ақындары шығармалары» (1962), «Үш ғасыр жырлайды» (1985) басылымдарының алғы сөздерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор И.Дүйсенбаев Шал ақынның шығармаларын Бұхар жырау, Тәттіқара, Ақтамберді есімдерімен қатар қояды. Шал ақынның мұраларын әдебиеттанушылар - Х.Сүйеншәлиев, М.Мағауин, Г.Абетов, Ш.Елеукенов, Ә.Дербісәлин, Ө.Күмісбаев, тағы басқалар зерттеген. Шал ақынның шығармалары жоғарыда аталған басылымдардан басқа «Алдаспан» (1971), «ХV-ХVШ ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982), «Бес ғасыр жырлайды» (1985-1989) жинақтарына енген. 1999 жылы Алматының «Дайк-Пресс» баспасынан «Шал Құлекеұлы» (Шығармалары. Зерттеулер) атты 364 беттiк көлемдi кiтап басылып шыққан болатын. Кiтаптың алғы сөзiн жазған филология ғылымдарының докторы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми жетекшiсi Жұмат Тiлеповтың айтуынша: «Шығармаларын үлкеннен кiшi, ұрпақтан ұрпақ жаттап, есiмi ғасырдан ғасырға өлмей жетiп отырған Шал Құлекеұлы туралы алғашқы жазба дерек Шоқан Уәлиханов еңбегiнде кездескенімен, ақынның бүкiл шығармашылық болмысын танытарлық туындыларының негiзiнен хатқа түсiп, зерттелiп қалың оқырманмен кеңiнен жүздесуi - соңғы 40-50 жылдың жүзi». Туғанына 250 жыл толған арқалы ақынның өз атымен тұңғыш рет жоғарыда аталған жинақ шықты. Жинақ негiзiнен үш бөлiмнен құралған. Соңғы шыққан «Шал ақын» («Арыс», 2003) басылымына Шал ақынның қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалары, белгілі ғалымдардың ғылыми мақалалары енгізілген. 1998 жылғы қазанның 25 күні Петропавл қаласында Шал ақынның 250-жыл толуы құрметіне Халықаралық ғылыми-теориялық конференция, қарашада Алматыда ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен «Шал Құлекеұлы және ақындық өнер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар өткізіліп, облыс орталығында, ақынның туған ауданында оның 250-жылдық мерейтойына арналған әртүрлi өнер сайыстары, айтыс, тағы басқа шаралар өткiзiлдi. 1999 жылғы желтоқсанның 14-де Елбасының Жарлығымен ақынның туған ауданы «Шал ақын ауданы» деп аталды.Адамның артықшылығы, жақсылығы көпке, туған елге пайдалы болуында деп қорытынды жасайды. Ашқарақ, сұғанақ, арызқой, пасық адамдар тобына да ақын қадала түседi. Өзiмшiл, күншiл пасықтарға жаны таза жақсы адамдардың адал ниеттi iзгi iстерiн қарсы қоя жырлап, бiрiнен жирендiрiп, екiншiсiнен үйренiп, үлгi-өнеге алуға үндейдi. Ол шығармаларын аяқ астына шығарып отырған. Ақын өзi өмiр сүрген дәуiрдiң өзектi мәселелерiн жырлаған. Өлеңдерiнiң көбi мақал-мәтелдерге, нақыл сөздерге, дiни ұғым сөздерге, бейнелi сөз тiркестерiне толы. Шал ақын - өз заманының беделдi ақыны. Оның өлеңдерi өз кезiнiң өзектi мәселелерiн көтерiп, халыққа адамгершiлiк ақыл-ғибрат бередi. Шал ақынның алғаш рет 1928 жылы «Жаңа әдебиет» журналының 5 санында бiр ғана өлеңi, 1958 жылғы 28-шi қарашада «Қазақ әдебиетi» газетiнде белгiлi қаламгер Ғалым Малдыбаев жариялаған сегiз өлең мен «Шал ақын кiм» мақаласы жарық көрді. Шал ақынның кейбір шығармаларын кезінде М.Хакімжанова, Ф.Ғабитова, А.Нұрқатов, тағы басқалар ақсақалдардың ауызша айтқандарынан хатқа түсірген. Шал ақынның бірнеше шығармасын, Қазақстаннан тыс жерде Хасен Шаяхметұлы Ғали атты түркi халықтарының тiлi мен әдебиетiнiң бiлгiрi, үлкен ғалым XX-ғасырдың басында жазып алған, оның қолжазбасы Қазан университетінің Н.Лабочевский атындағы ғылыми кітапханасында сақтаулы. Шал ақынның шығармалары негізінен 1960 жылдан басылып шыға бастады, сол кездері оның шығармалары туралы ғылыми-зерттеу мақалалары да жарияланды. «ХVІІ-ХIХ ғасырлардағы қазақ ақындары шығармалары» (1962), «Үш ғасыр жырлайды» (1985) басылымдарының алғы сөздерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор И.Дүйсенбаев Шал ақынның шығармаларын Бұхар жырау, Тәттіқара, Ақтамберді есімдерімен қатар қояды. Шал ақынның мұраларын әдебиеттанушылар - Х.Сүйеншәлиев, М.Мағауин, Г.Абетов, Ш.Елеукенов, Ә.Дербісәлин, Ө.Күмісбаев, тағы басқалар зерттеген. Шал ақынның шығармалары жоғарыда аталған басылымдардан басқа «Алдаспан» (1971), «ХV-ХVШ ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982), «Бес ғасыр жырлайды» (1985-1989) жинақтарына енген. 1999 жылы Алматының «Дайк-Пресс» баспасынан «Шал Құлекеұлы» (Шығармалары. Зерттеулер) атты 364 беттiк көлемдi кiтап басылып шыққан болатын. Кiтаптың алғы сөзiн жазған филология ғылымдарының докторы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми жетекшiсi Жұмат Тiлеповтың айтуынша: «Шығармаларын үлкеннен кiшi, ұрпақтан ұрпақ жаттап, есiмi ғасырдан ғасырға өлмей жетiп отырған Шал Құлекеұлы туралы алғашқы жазба дерек Шоқан Уәлиханов еңбегiнде кездескенімен, ақынның бүкiл шығармашылық болмысын танытарлық туындыларының негiзiнен хатқа түсiп, зерттелiп қалың оқырманмен кеңiнен жүздесуi - соңғы 40-50 жылдың жүзi». Туғанына 250 жыл толған арқалы ақынның өз атымен тұңғыш рет жоғарыда аталған жинақ шықты. Жинақ негiзiнен үш бөлiмнен құралған. Соңғы шыққан «Шал ақын» («Арыс», 2003) басылымына Шал ақынның қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалары, белгілі ғалымдардың ғылыми мақалалары енгізілген. 1998 жылғы қазанның 25 күні Петропавл қаласында Шал ақынның 250-жыл толуы құрметіне Халықаралық ғылыми-теориялық конференция, қарашада Алматыда ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен «Шал Құлекеұлы және ақындық өнер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар өткізіліп, облыс орталығында, ақынның туған ауданында оның 250-жылдық мерейтойына арналған әртүрлi өнер сайыстары, айтыс, тағы басқа шаралар өткiзiлдi. 1999 жылғы желтоқсанның 14-де Елбасының Жарлығымен ақынның туған ауданы «Шал ақын ауданы» деп аталды.

 

36. жоқ

37. Жырау,жыршыақын:ерекшеліктері мен ұқсастықтары

«Жырау — өз жанынан шығарып айтатын және эпи­калық дастандар мен толғауларды орын­дай­тын халық поэзиясының өкілі, «жырау» атауы «жыр» сөзінен туындайды» деген түсінік жырауға «Қазақ әдебиетінің энци­кло­пе­дия­сында» берілген. Өз жанынан суырып шығарып жырлайтын жыраулар XV ғасырда ғана туа сал­ған жоқ. Жырау тұлғасының тарихы тереңде. «Сәуе­гейлік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына т.б. жайларға қа­рай болжам жасау, абыздың бір міндеттерін атқару – көне дәуір жырау­ларына тән қа­сиет» делінген жоғарыда аталған еңбекте. Иә, жыраулық мектептің түпнегізі абыздардан бас­талады. Жыраулар өз заманындағы нағыз халық жанашырлары бола алды. Олар жыр шығарып, толғау айтып, тек өнер иесі ғана болып қойған жоқ, жаугершілік заман болып, ел басына күн туған кезеңдерде атқа қонып, жауға аттанған батыр, қолбасы болды. Жыр және жыраулар туралы деректер М.Қашқаридің «Диуа­ни-лұғат-ат түрік» еңбегінде кездеседі. Оның еңбегінде Шөже жырау (XI ғасыр) туралы сөз болады. Онда Шөже жыраудың жырау әрі көп жыр білетін жыршы екендігі жайлы айтылады. «Қазақ әдебиеті энциклопедиясында» «Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады. Сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды» деген жауап бар. Жыршы жыраулармен бірге өмір сүрген және оған дейін де болған. Әдебиет тарихында жыршылар орны ерекше. Себебі бүкіл жыраулар поэзиясы болсын, эпостық жырлар болсын — халық ауыз әдебиетінің барлық үлгісі осы жыршылар арқылы жеткен. Жыршылар кейде өз жанынан белгілі бір тарихи оқиғаларды дастан етіп жырлағандықтан, жыраулар деп те аталып жүрген. Ақын — поэзиялық туындыларды (өлең, жыр-дастан, поэма) ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері. Ақын ұғымының жырау, жыршы, өлеңші сияқты ұғымдардан ауқымы кең, ол солардың бәрін қамтиды. Ауыз әдебиетінде ақын өлең, жыр-дастандарды шығарушы да, айтып таратушы да болған.[1] Халықтың сөз өнерінде ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша шынайы ақындар өлеңді табан астында суырып салып айтқан. Ондай жағдайда өлеңді, жырды домбыра немесе қобыз сияқты музыка аспаптарына қосылып орындаған. Оларды халық әдебиетінің дәстүрлерін сақтайды деген мағынада біздің заманымызда “халық ақыны” деп атайтын болды. Қазақ халқының Жамбыл, Нұрпейіс, Кенен Әзірбаев т.б. ақындары көптеген мұра қалдырған. Олар жыршылық өнерді де меңгеріп, кейде ұзақ дастан-жырларды жатқа айтқан. Мұндай ақындар тек қазақ халқында ғана емес, туысқан қырғыз, қарақалпақ халықтарында да кездеседі. Ақын деп жазба әдебиетінің өкілін де атайды. Бірақ мұндағы ақынның тұлғасы мүлде басқа. Жазба әдебиет өкілдерін алсақ, бұлардың өмір шындығын бейнелеу әдісі, көркемдік ой жүйесі, қолданатын жанрлары, стиль, тіл өзгешелігі қай жағынан да жаңа, соны қасиет-сипаттар мол. Қазақ әдебиетінде жазба әдебиетінің дәстүрін жан-жақты қалыптастырып дамытуға Абайдан бастап, С.Торайғыров, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров сияқты көптеген ақындар өз үлесін қосқан.Сөйтіп, ақын деген сөздің мағынасы өте кең, ол поэзиядағы әр түрлі тарихи кезеңдердегі, әр қилы дарын иелерін қамтиды. Соларды үлкен екі топқа бөліп, жырау, жыршы, термешілерді, өлең-жырды ауызша шығаратын, ауызша (домбырамен) суырып салып айтатын ақпа ақын сөз зергерлерін жинақтап жыршы ақын деп атауға болады. Сонда оларды жазба әдебиетінің өкілі жазушы ақыннан бөліп алып, өз алдына бөлекше шығармашылық тұлға ретінде қарауға мүмкіндік туады. Ауызекі тілде әнші ақындар, айтыскер ақын т.б. деп бөлу де қалыптасқан.

 

38. Ұлы Отан соғысы және қазақ әдебиеті

Сонау 1941-1945 жылдары әлемнің сұрын қашырған екінші дүниежүзілік соғыс әдебиетімізге кедергі бола алмады. Керісінше, бір қолына қаруын, бір қолына қаламын алып, жерін жаудан қорғауға аттанды. «Қаралы қағаз жіберіп, қаншама қайғы салған оқтар» халықтың қабырғасын қайыстырғанымен, батырларымыздың рухы қайтпады. Бір-бірін демеп, болашаққа үлкен сеніммен қарады. Ұлы Отан соғысына аттанған жауынгерлеріне жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» атты өлеңі күш-жігер берді.

Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің!

Нева өзенін сүйкімді,

Бұлағымдай көремін...
Сол кездің өзінде Отанға, атамекенге деген сағынышқа, ерлік, батырлыққа арналған өлеңдер жарық көріп жүрді. Баубек Бұлқышевтың 1942 жылы «Комсомольская правда» газетінің 1 май күнгі номерінде «Өмір мен өлім туралы» деген әңгімесі жарияланды. Әңгімеде қазақ жасының. жүрек сыры, жан күйі тербелді. Отанға деген ыстық махаббаты құйылды, ал «Шығыс ұлына хат» атты шығармасын «Менің бұл жазғандарым болашақта біздің осы ұлы күресімізді зерттеушілердің қолына түсіп, үлкен істердің кішкене бір тетігіне тиянақ болуға жараса, менде одан басқа арман да жоқ; ол зерттеушілер біз осы арпалыста жүргенде қайғыра да, жылай да, қуана да, күле де, кектене де білгенімізді ұғынса болды.» - деп аяқтаған еді. М.Хакімжанова өзінің сүйікті кейіпкері Мәншүк жайында, оның ерлік көрсеткен «Мәншүк» поэмасы 1945 ж. жазылған. Соғыс тақырыбына Мүсірепов «Қазақ батырын (қазіргі—«Қазақ солдаты») жазса, Ұлы Отан соғысының ерлік істерінен бір топ поэма туып жатты. Қасым Аманжоловтың «Абдолласы», Диқан Әбіловтің «Майданбек» поэмасы, Мәриям Хакімжанованың «Мәншүк» деген поэмасы; Қапан Сатыбалдиннің «Әлия» деген поэмасы; Ілияс Есенберлиннің «Айша», «Сұлтан» деген поэмасы; Нұрлыбек Баймұратовтың «Ер Төлеген» деген поэмасын мысал етіп атауға болады. Мәриям Хакімжанованың «Мәншүк» поэмасында тіл көркемдік жағы мен Мәншүк пен анасының арасындағы мейірбандықты, Мәншүктің сыртқы тұлғасын суреттеу жағын әдемі-ақ көрсеткен.

Қара шашы қара бұлтпен жауғандай

Қара қасы аймен егіз туғандай

Желмен ойнап, желбіресе кекілі

Күн шұғыласы маңдайында тұрғандай.

Меруерт тісті, қызыл ерін, қыр мұрын

Алма бетті, дөңгелек жүз, сөз шырын

Қолдан құйған қорғасындай денесі

 Қылығымен қызықтырған көз нұрын,- дейді. Бұлардың көркемдік дәрежесін салыстырғанда, бәрінен жоғары деуге болады. Отан соғысы үстінде ерлікпен қаза тапқан қаһармандарға арналған Ж.Саинның «Өмірден өксіп сен кеттің» атты жоқтауы, Ғ.Ормановтың И.В.Панфиловқа арнаулы жоқтауы, Жамбылдың ұлы Алғадайды жоқтауы мен оған Кененнің көңіл айтуы секілді фольклорлық жанрлар да осы кезеңде жазба поэзияға көркемдік әрлеуімен қайта келді. Қасым Аманжолов, Жұмағали Саин, Сырбай Мәуленов, Ғали Орманов, Жұбан Молдағалиев, Әзілхан Нұршайықов сынды тұлғаларды атамау мүмкін емес. Жоғарыда айтқанымыздай "бір қолына қаруын, бір қолына қаламын алып, жерін жаудан қорғауға аттанған алаш азаматтары аз емес еді. Бұл сұрапыл жылдары қазақ әдебиетінің қатары құнды деректермен толықты. Олар хатқа түсіп, бізге жеткендері... Ал жүректе жазылса да, хатқа түспей, қолға жетпей, елім деп еңіреген ерлермен бірге кеткен еңбектер қаншама...

 

39. Оқытудың жаңа технологиясы

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:І кезең: оқып-үйрену;ІІ кезең: меңгеру;ІІІ кезең: өмірге ендіру;IV кезең: дамыту.

1. Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп.

2. Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.

3. Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.

4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:. Бұл технология бойынша: оқу үрдісінде қызығушылық артады;оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.

5. Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

6. Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.

7. Топтық технология. Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.

8. Кезеңдеп оқыту технологиясы

9. Жеке пәндік педагогикалық технология. 1. Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы. Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.

10. Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори) Мақсаттық бағыты:Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.

11. Дамыта оқыту технологиялары.

12. Модульдік оқыту технологиясы. Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұғымның нақтылатын, біршама дербес бөлігі.

 

40. жоқ

 

41. М.Әуезовтың зерттеу еңбектері.  «Абай», Мұхтар Әуезовтың 1933 ж. жазған зерттеу еңбегі. «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу құралына» енген. Ғылыми мақала Абайдың өмipi және Абайдың ақындығы деп аталатын eкi бөлімнен турады. Мұхтар Әуезовтың «Әдебиет тарихы» (1927) деп аталатын зерттеу еңбегінің жалғасы. Осы еңбекте «Қазақ әдебиетінің тарихы зар заман дәyipінен соң, Абайға келіп тіреледі. Сол ceбeптi «енді Абайға көшеміз» деп ескерткен Мұхтар Әуезовтың cөзi Абай шығармаларының 2 томдық жинағында (1933), одан соң осы оқу құралында жүзеге асты. 2 томдықтағы ғылыми-зерттеу еңбек «Абайдың туысы мен өмipi» деп аталады. Абайдың тeгiн сөз еткен тұста: «...Шыққан руы Тобықты. Ата-тeгi сол Тобықты ішінде билік құрып, ықпалын жүргізіп, үстемдік етіп келген тұқым» дегенді Ә. «Абайда» алғаш рет жазады. Абайдың ақындығын сөз еткенде де заман талабына орай таптық нысананы ұстанғаны аңғарылады. Зерттеу еңбекте Абайдың негізінен қоғамдық тақырыптағы, ақынның жеке басының жай-күйлерін білдipeтiн шығармалары ғана талданған. Ғылым-білім, табиғат, махаббат тақырыбы қарастырылмайды. «Абайдың» тілі жеңіл, оқушы ұғымына лайықты жазылған.



Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: