Ішкі Монолог пен диалог 5 страница

Прозалық шығармалары

Құдайбердіұлының прозалық шығармаларында осы тәрізді айқын бояу, айшықты суреттермен қатар, терең философия, халық даналығы, тарих тағлымы қоса еріліп жатады. Құдайбердіұлының философ, тарихшы, ойшыл ретінде танылуына себепкер болған «Үш анық», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбектері көзінде жеке-жеке басылып шықты. Олардың жазылуына да Шәкәрімнің Ұлы ұстазы Абайдың ықпалы аз болмаған. Шәкәрімнің бозбала шағында оның білімділігін сөзген Абай оған қазақтың шежіресін жинауды тапсырады. Абайдың осы тапсырмасын жүзеге асыру жолында Шәкәрім ел ішіндегі түрлі әңгіме - аңыздарды жинаумен қатар, Батыс пен Шығыстың әйгілі ғалымдары Әбілғазының, Жүсіп Баласағұнның, Радловтың, Березиннің, Аристовтың, Левшиннің, басқада қытай, араб, парсы зерттеушілерінің еңбектерімен танысады. Оларда айтылатын тұрлі топшылаулар мен тұжырымдарды сараптай отырып, шежіре еңбек жазып шығады. Құдайбердіұлы өз өлеңдеріне арнап ән жазған компoзитор да. Оның сөзімді жүрегінен жиырмаға тарта әсем әуөзді әндер туды. Әсіресе оның «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» атты әндері нәзік сыршылдығымен, сөзімге байлығымен, компoзициялық тұтастығымен есте қалады. Абайдың тікелей тәрбиесін көрген шәкірт Шәкәрім өзінің көлемді де көркем шығармашылық мұрасын дүниеге әкелу барысыңда қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихындағы, тіпті бүкіл ұлттық мәдениетіміздің тарихындағы өзіндік орны бар көрнекті ақын, тамаша жазушы, білікті аудармашы, ойшыл философ, білімдар тарихшы, сыршыл сазгер дәрежесіне көтерілді.[2][4]

Өлеңдері

Жастық туралы

Адам немене?

Адамшылық

Ажалсыз әскер

Арман

 

27. Әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа ұстанымдар.

Көркем бейне және мінез.

Көркем бейне – әдебиетте, өнерде (сурет, музыка, театр, кино, т.б.) өмір құбылыстарын жинақтап, типтендіріп, бейнелі көрініс түрінде суреттеу үлгісі. К. б-де көпке ортақ сипаттар мен жекелік сипаттарды ұштастырып, даралап көрсету ұласып жатады. Осы тұтастық бірігіп көрінгенде көркем образ, көркем бейне туады. Әдебиетте адамның Көркем бейнесін суреттегенде жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін, сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттармен сомдап, сонымен қатар, кейіпкердің жеке басына тән тұлғалық ерекшеліктерін де даралап көрсетеді. Көркем бейненің типтік сипаты қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралығы мен өзіне тән ерекшеліктерін айшықтау адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін, нақтылы қалпында көріп-білу үшін де сондай қажет. Адамның типтік бейнесін, типтік характерін суреттеу қоғамдық өмірдің қыр-сырын жан-жақты, терең аша білгенде ғана ұтымды болады. Көркем әдебиетте берік орын алған Көркем бейнелер көп. Мысалы: Абай, Дәркембай, Құнанбай (“Абай”), Ботагөз, Асқар (“Ботагөз”), Ұлпан (“Ұлпан”), т.б. Көркем бейне өмір шындығына, халықтың адамгершілік эстет. мұраттарына сәйкес келгенде ғана өнер туындысына айналады.[

 

28. Жыраулар поэзиясының зерттелу жайы.

Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан...

Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді.

Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды.

Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған.

Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау.

Жыраулар поэзиясының біраз үлгілері осы тарауда ұсынылып отыр. Соларды оқып-үйрену барысында халқымыздың атадан мирас болып қалған сөз маржандарына қанығасыңдар, халқымыздың басынан кешірген тарихи кезеңдермен таныс боласыңдар, оның қадір-қасиетін білесіңдер, тәлімдік, танымдық, тағылымдық терең ой дүниесіне енесіңдер. Әдебиет тарихы ел тарихы, халық тарихы екеніне көз жеткізесіңдер.

Жыраулар поэзиясының маңызы мен тақырыбы.Жыраулар поэзиясының құндылығы неде? "Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, –дейді М.Әуезов, –ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария –Асан. Бұл заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заман не айтарын болжайды: сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді. Айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. Әдейі көмескілеу жұмбақ қып айтады. Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы, көптің жайы туралы, не көпке арналып ақыл, өсиет есебінде айтылады". Ғалымның осы ғұламалық пікірінде жыраулар поэзиясының идеялық-көркемдік мәні терең ашылған.

Халқымыздыңосы зергерлік сөз тұнығына әрі ақын, әрі ғұлама Шәкәрім де ден қойған. Ол "Ескі ақындық" деген өлеңінде халық мұрасын, ауыз әдебиетін, жыраулар поэзиясын аса жоғары бағалаған:

Тақпақ пен мақал тағы артық,

Суырып салма жағы артық,

Айтады олар ойланбай,

Сыпыра жырау, Шортанбай,

Үмбетей мен Марабай

Алды-артына қарамай,

Соққанда жырды суылдап,

Жел жетпейтін құландай.

Шәкәрім ескі ақындар поэзиясында "терең сыр" барын таниды. Олардың жырында "қыран құстың ұшқаны", "ақбөкеннің жүрісі", "жайдақ желдің желісі", "мөлдір қудың аққаны", "жел жетпейтін құландар жүйріктігі", "адам жанының жайма шуақ кезеңі" –бар-баршасы, көшпелі қазақ өмірінің бүкіл әлеуметтік, рухани тіршілігі бейнеленген деп керемет ой түйген. Жыраулар поэзиясын айтулы сөз зергері Мағжан Жұмабаев та "Батыр Баян" поэмасында:

Бұқар мен Тәтіқара жырлағанда

Толқынды тұңғиық боп төгілді жыр,–

деп аса қадірлеген.

Демек, жыраулар поэзиясы –халқымыздың неше ғасырлық өмірін өнер өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп түсірген, өшпес, өлмес мұрамыз.

Жыраулар поэзиясы халықтың басынан өткерген тарихи оқиғаларды, оның арман-мұратын, кешірген ауыртпалықтарынжырлаумен ғана бағалы емес, елдің саяси-әлеуметтік тіршілігін, ойсанасын, дүниетанымын көркем бейнелі тілмен бере білуімен де бағалы.

Жыраулар поэзиясы соны философиялық терең ойға толы. Олардың поэзиясы өсиетнама түрінде келеді. Сондықтан да жыраулар поэзиясында нақыл, афористік сөз оралымдары мол.

Жыраулардың өз толғауларында көтерген негізгі тақырыбы қандай? Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы — туған елі, оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан қайғының: "Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшер" – деген ақылгөй сөзі –сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты Қазтуған жырау да "қайран менің Еділім" – деп еңірепөткен. "Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап" – деп Доспамбет жырау армандаған, "ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым... он кісіге жараса, бір кісіге асқан тамағым", – деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген, бейбіт, тыныштық өмірді қалаған. Жыраулар поэзиясы еліне деген ыстық сезімге толы. Олар сол еліне жалынды жырларын арнаған, халқын сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида етуге шақырған. Халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаган әйгілі халық батырларының ерліктерін жырлаған. Мысалы, Тәтіқара ақын:

Бөкейді айт, Сағыр менен Дулаттағы,

Деріпсәлі, Мандайды айт Қыпшақтағы.

Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын

Сары менен Баянды айт Уақтағы.

Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт,

Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгембайды айт,

Найзасының ұшына жау мінгізген

Еменәлі Керейде, ер Жабайды айт, – деп дәріптеген.

Жыраулар өмір жайлы, достық жайлы, адамгершілік, ерлік жайлы, тіршілік жайлы жыр шерткен.

Олар өмір диалектикасына да терең көз жіберген, дүниенің бірқалыпта тұрмайтынын ("мынау жалған дүние кімдерден кейін қалмаған"– Шалкиіз), үнемі өзгерісте болатынын дұрыс пайымдаған. Жыраулар поэзиясында адамгершілік этика, мораль мәселелері кең орын алған. Оларда бүгінгі жастар ғибрат, тағлым алар дүниелер молшылық.

Жыраулар поэзиясы өзінің әлеуметтік, адамгершілік сарынымен ғана емес, көркемдік сапасымен де құнды.

Жыраулар поэзиясында синтаксистік параллелизмге, дыбыс үндесулеріне, ішкі ұйқасқа құрылған өрнектер де аз емес. Арнау түріндегі сөз қолданыстар да баршылық. Жыраулар өз поэзиясында терең философиялық ойды бейнелеу үшін өлеңдерінің ұйқас, ырғақтарын сол мақсатқа орай алған. Оған бірнеше мысал келтірейік:

Жабағылы жас тайлақ,

Жардай атан болған жер.

Жатып қалған бір тоқты,

Жайылып мың қой болған жер.(Қазтуған)

Жырау "ж" дыбысын тамаша сөйлете білген. Дауысты дыбыстарды да шебер қолдана отырып, жыраулар өлеңнің музыкалық сазын күшейткен. Шын көркемдік тәсіл арқылы олар оқушысын шығарманың ішкі иірімдеріне ендірумен қатар, эмоциялық әсерін үстей түскен. Мысалы, Жиембет жырау:

Еңсегей бойлы ер Есім,

Есім сені есірткен,

Есіл менің кеңесім,

Ес білгеннен, Есім хан,

Қолыңа болдым сүйесін, – деп тәж-тағына есірген Есім ханның қылығын ашу үшін "е" дыбысынан өрнек жасап сөйлеткен.

Ақтамберді жырау сұрай арнау сияқты көркемдік тәсілді ұтымды пайдаланған. Оның "Күмбір-күмбір кісінетіп" толғауынан:

Күмбір-күмбір кісінетіп,

Күреңді мінер ме екенбіз...

Күдеріден бау тағып,

Кіреуке тон киер ме екенбіз?!

Төтелеп жүріп жол салып,

Қолды бір бастар ма екенбіз?! –

деген жолдар арқылы өлеңнің әсерлілік қуатын күшейткен, әрі "к" дыбысын қайталай қолдану нәтижесінде өлеңнің саздылығын үдеткен. Жыраулар психологиялық синтаксистік параллелизмді де шеберлікпен қолданған. Мысалы:

Уа, қарт Бөгембай!

Құяр жалын аспаннан

Қара бұлт торласа,

Пәлекет елде көбейер

Жігітті жігіт қорласа.

Ақбөкен келіп жығылар,

Алдын қазып орласа,

Пеңденің бағы ашылмас,

Маңдайы қалың сорласа... – (Ақтамберді)–

деп, табиғат пен адам тағдырын жарыстыра, салыстыра бейнелей отырып, өлеңнің мән-мазмұнын терендеткен, әсерлі еткен. Мұнан жыраулар поэзиясының көркемдік сапасын айқын аңғаруға болады.

Әдебиетімізді жаңа тарихи кезеңде, ел басына қиын қатер төнген шақта, екіталай кезеңде – XVIII ғ. бірінші жартысында жаңа, соны ой-толғанысымен, көркемдік сөз өрнегімен әрі қарай дамытқан Бұқар жырау. Оның жыр-толғаулары – сол тарихи дәуірдің көркемдік көрінісі.

XVIII ғ. әдебиетінен соның ірі өкілі Бұқар жырау поэзиясы монографиялық түрде арнайы өтіледі.

 

29. Драма, оның түрлері

Драмалық шығармалардың құрылымы ондағы оқиға мен тартыстардың даму қарқынына және көлеміне байланысты көріністерге,бөлімдерге бөлінеді. Ал композициялық тұрғыдан драмада оқиғаның басталуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімін табуы болады.Кейбір шығармаларда тартыстың шиеленіскен тұсынан басталуы мүмкін, артынан оқиға өрбіп кейіпкер шешімін табумен аяқталған драмалық шығармаларда тарихымызда кездескен.Драмалық шығармалардың бір жанры – трагедия бас кейіпкер әрекетінің азаппен аяқталуын көрсетуге, комедия адам қылығы мен қоршаған ортадағы келеңсіз көріністерді әжуалауға құрылса, драма адамдар арасындағы қақтығыс,шиеленіскен тартысқа құрылады.Осы қақтығыстың сипатына, әлеуметтік мән-маңызына байланысты зерттеушілер қазіргі қазақ драмаларынды қаһармандық драма мысалы: М.Әуезовтың «Қара Қыпшақ Қобыландысы», С.Сейфуллиннің «Қызыл Сұңқарлары», саяси-әлеуметтік драмадағы М.Әуезовтың «Еңлік-Кебегі», тарихи ғұмырнамалық драма М.Әуезовтың «Абайы», Ғ.Мүсіреповтың «Ақан Сері-Ақтоқтысы» т.б деп бөліп жүр. Жаңа дәуірдің ұлы жазушысы Шекспирдің «Гамлет» атты трагедиясындағы әлсіздікпен күресі, Софоклдың «Патша Едип» трагедиясы қатал да,миға сыймайтын заңға қарсы күресі арқылы шетел әдебиетіндегі шоқтығы биік драмалық шығармалар қатарынан табылады. Қ.Бітібаеваның әдебиетті оқыту әдістемесі атты еңбегінде драма – әдебиеттің үшінші тегі, шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысты адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдында қолма-қол көрсететін күрделі жанр- «әдебиеттің ең қиын түрі» (Горкий). Белинскийдің пікіріне құлақ түрсек «Эпос пен лирика ақиқат әлемінің ең қиыры болса, драма- сол екі қиырдың қосындысынан туған үшінші – поэзияның жоғарғы тегі,өнердің биік өрі». Осы сияқты көп зерттеушілер драмалық шығарманың күрделілігін, қиындығын айтады. Мұның өзіндік себебі бар. Өзге жанрлардай емес, драмалық шығармаларға қояр талап өте көп [1,329 б].

Драмалық шығармаларды шығармаларды оқытудың тиімді де, өнімді жолдарын әдіскер З.Қобдолов өз еңбегінде драмалық шығармаларға алдымен көлем жағынан шек қойылады. Қандай пьеса болсын,бәрібір, жетпіс-сексен беттен аспауы тиіс. Бірақ тарихта отыз-қырық күнге дейін созылатын театрлық қойылымдар болған деген деректерде бар.Бұған мысал, бұдан екі жарым мың жыл бұрын Эллада елінде туған трагедия Дионис театрында ұзақ ойналған,гректерден Римге ауысқан комедияларда тәулігіне сегіз сағаттан жұрт ұзағырақ көрген. Бүгінде екі жарым үш сағаттан аса жүретін пьесаны жұрт онша құмартып қарамайды.Сондықтан ең көп перделі пьесалардың көлемі де белгілі мөлшерден аспайды, драматург барлық шындық пен образды сол белгіленген мөлшерге қалайда сыйғызу шарт.Тағы да айта кететін жайт, драмалық шығарма тек қана қатысушылардың сөзінен құрылады. Автор үнсіз, тілсіз сахна сыртында қалады. Демек, драмада ең басты,ең шешуші,ең негізгі нәрсе – тіл. Өйткені романда бір бетке суреттелетін шындық пен суретті пьесада бір ауыз сөзбен беру қажет.Сонымен, «драмалық шығарма сахнада ғана тіршілік етеді, сахнасыз драма – денесіз дем», - дейді Гоголь. Ал, осындай күрделі жанрдағы дүниені оқушыға мұғалімнің жеткізіп, санасына сіңдіруге аса мықты шеберлікті қажет етеді [2, 331 б].

Эпос пен лирика сияқты, драманыңда бірнеше жанрлық түрлері бар. Соның бірі – трагедия. Трагедия поэзияның шыңы, - дейді Илья Сенванский. Трагедиядағы оқиғалар әдетте қатерлі, қайғылы халден туындап тұтасады да, бас қаөарманның қазасымен- мұңмен,зары мен бітіп отырады(Қозы Көрпеш-Баян сұлу).

Драматургияның тағы бір түрі – комедия.Өмірдегі келеңсіз,керексіз оқиғалар мен адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді,мінездегі мінді сықақпен келекеге айналдырып жазатын күлкілі драмалық шығарма. Комедия күші – күлкіде, күлкінің күші – шыншылдық пен табиғилықта.

Осы екі сарында жазылған драмалық шығармаларды жеткізу үшін мұғалімге ұтымды әдіс – тәсілдер мықты қару бола алады. Драмалық шығармаларды оқытудың тиімді жолдарын қарастыру керек

Драмалық шығармаларды қалай оқытқан тиімді? Жалпы, мектепте пьесаны оқытудың маңызы қанша? Әдебиеттің тегі мен түрі эпос, лирика, драма дейтін негізгі үш салаға жіктеледі. Бұлар әдеби жанрлар мен түрлердің тегі деп те аталады және олардың әрқайсысы мазмұны және суреттеу, баяндау тәсіліне қарай өз тарапынан жүйе құрып, жанрлық түрлерге бөлінеді.

Бөлінгенімен, ішкі байланыстарын үзбей, бояулары бір-біріне кіріксе де, өздеріне тән ерекшеліктерін сақтап қалады. Эпос — әдебиеттің негізгі үш тегінің бірі, әдебиеттің баяндау жанрларының басын құрайды. Эпостық шығармада оқиға өз бетінше автордың еркінен тыс жүріп жатқандай әсер береді. Мұнда оқиғаны суреттеу тәсілінің бір ерекшелігі — сюжет желісінің тежелетіндігі. Үш текті әдебиет жанрларының бірі — лирика, адамның көңіл-күйін шертеді. Бұл жанрда ―ақын адамның ішкі ғаламы мен тысқы ғаламы түйіседі‖ (А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш»).Адамның сырттан алған әсері көңіл көрігінде балқып, нәзік сәулелі сезімге айналады. Жалт өткен сезім жарқ етіп ақын жүрегін дөп сөзбен жарып шықса, міне, бұл — лирика. Әдебиеттің үшінші тегі — драма. Мұнда оқиға көз алдында өтіп жатады. Кейіпкерлер бастарынан шиыршық атқан шым-шытырық оқиға кешеді. Бәрі әрекет үстінде. Жәй әрекет емес, тайталасқан күрес, айтыс-тартыс, қырқыс. Айлаға қарсы айла, әрекетке қарсы әрекет. Оны істейтін кейіпкерлердің характері. Бәрі соған байланысты: жақсылық та, жамандық та. Характер, мінезділік — адамның өзегі, алтын арқауы. Ал драмалық шығарма, көбіне адамдардың қимыл-әрекетіне, қақтығыстарына — түрліше тағдырлар тартысына құрыла- тыны мәлім. Осы орайда, Дербез білім беру бағдарламалар орталығы әзірлеген «Қазақ әдебиеті» 10-сынып, «Кіріктірілген даму бағдарламасы» жанрларды зерттеу және түсіну сілтемесіндегі оқу мақсатын басшылыққа алып, пьесаларда қозғалатын мәселелерді түсіну және әлем әдебиеті шығармаларымен салыстыру, шығармашылық идеяларды білдіруде белсенді оқыту әдіс – тәсілдерін қолдана отырып, сапалы сабақ жүргізуге болады. Қазақ драматургтарының тарихи кезеңдердегі халық тағдырын көркем шындық поэтикасы зандылықтары аясында бейнелегенін оқушылар түсінуі қажет. Драматургия туындылары (пьесалар, спектакльдер, либреттолар) арқылы әдеби тек саласы драма жанрларының (драма, трагедия, комедия) теориялық ерекшеліктері саралана айқындалады. Қазақ топырағында драматургияны дамытқандар қатарында Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Жұмат Шанин пьесалары ұлттық классикалық дәстүр жолын қалыптастырды және т.б. кейінгі толқын драматургқаламгерлер шығармашылығы арқылы жалғасты.

 

30. Драмалық шығармаларды оқытуда қойылатын талаптар

Оқушы көркем мәтінді талдай білу арқылы нақты, дәлелді сөйлеуге дағдыланады. Сөз қадіретін ұғынады. Көркем шығарма тілін талдауда жазушының суретткерлік шеберлігін, эстетикалық мүмкіндігі, тілдік құралдарды поэтикалық деңгейге сай қолданылуы, сөздің, фразаның құдіретін таниды.

Мектепте әдебиетті оқытудың мән-маңызы көркем туындыны оқыту, талдау, оқырмандық пікір қалыптастырумен ашылмақ. Көркем туындыны оқу бар да, талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге асса, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді оқушы қалай оқып, қабылдайды, қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл оқушы мен мұғалімнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ. Қазіргі әдістемеде талдау жасаудың төрт түрі образ бойынша, тақырыптық, тұтас, автор ізімен талдау ұсынылып жүр. Оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістің бірі – проблемалық талдау.Ол көркем туынды негізіндегі проблеманы дәл танып, ізденіске, әдеби айтыс-тартысқа жетелейтін сұрақтар әзірлеуді қажет етеді. Сұрақ авторлық идея, проблема, кейіпкер іс-әрекеті негізінде туындайды. Тарихи және көркем шындықты негізге ала талдау. Талдауда мұғалім көркем шығарма сюжеті, эпизодтары, автордың негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай отырып, талдауға ерекше назар аударады. Бірақ еске алатын бір мәселе, талдаудың бұл түрін түсіндірмелі оқуға айналдырып жіберуге болмайды. Мұғалім оқушыларын кейіпкер іс-әрекеті арқылы мінездеме жасатуға, оқиғалар арқылы шығарманың негізгі проблемаларын аңдатуға алып келуі керек.

Оқушылaр пьесaны оқығaндa текстегі ой мен әрекет логикaсын түсініп отырулaры қaжет. Рөлмен оқушылaрдың интонaциялaры тыңдaушылaрғa әсер ететіндей болуы тиіс. Сыныптaғы оқу кейіпкер рөліне енуді көздемейді. Оқушы оқып отырғaн мәтінмен бaйлaнысты кейіпкерлер мен іс-оқиғaғa өз қaтысын білдіріп отырсa жеткілікті.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: