Мильгамма, сирдалуд, диклофенак

5. кавинтон, бетасерк, нимесулид

3.11.8.2 3.14.2.2

Науқас Ф.., 54 жаста, омыртқаның мойын бөлігінің ауырсынуына, оң жақ йықтағы ауырсынуларға және ондағы қозғалыстың шектелуіне шағымданады. Анамнезінен: мойындағы ауырсынулар 8 жыл бойы мазалайды, соңғы 2 күн бойы жағдайы күрт нашарлаған, мойындағы ауырсынулар күшейген, оң жақ йықта ауырсыну және қозғалысының шектелуі байқалған. Қарап тексеру кезінде: C2-C6 біз тәрізді өсінділерін пальпациялағандағы ауырсыну, қолды сыртқа жазу шектелген, қолды арқасына қою мүмкін емес, сагитталды жазықтықта йықтың маятник тәрізді қозғалыстары еркін. Йықтың әкелуші бұлшық еттері тығыздалған, ауырсынулы түйіндер сезіледі, периартикулярлы тіндер де ауырсынады. Бұлшық еттік күш сақталады, сіңірлік рефлекстер D=S. Сезімталдық бұзылмаған. Клиникалық диагноз қойыңыз.

1. мойын остеохондрозы, C6-C7 дискісінің жарығы, түбірлік синдром C7

2. мойын остеохондрозы, цервикалгия

3. мойын остеохондрозы, йық - жауырындық периартроз

4. мойын остеохондрозы, дискогенді миелопатия

5. мойын остеохондрозы, C5-C6 дискісінің жарығы, түбірлік синдром C6

3.11.9.2  3.14.3.2

48 жастағы науқас, комбайнер,невропатологқа сол жақ қолға берілетін мойын аймағындағы ауырсынуларға шағымданып келді. Анамнезінен: соңғы 3 жыл бойы мойын аймағындағы ауырсынулар мазалайды. Соңғы 3 аптада жағдайы күрт нашарлаған. Ауырсыну сол жақ қолға беріле бастаған, басын қозғалтқанда күшейе түседі. Қарап тексеру кезінде: C2-C7 біз тәрізді өсінділерінің ауырсынуы, карпорадиальді рефлекс төмендеген, йықтың алдыңғы беткейі бойымен шынтақтық жиекке, V саусаққа қарай жолақ түрінде гипестезия. Клиникалық диагноз қойыңыз.

1. мойын остеохондрозы, түбірлік синдром C8

2. мойын остеохондрозы,түбірлік синдром C6

3. мойын остеохондрозы, кіші кеуде бұлшық етінің синдромы

4. мойын остеохондрозы, йық - жауырындық периартроз

5. мойын остеохондрозы, алдыңғы баспалдақтық бұлшық ет синдромы

 

3.11.10.2 3. 14.4.2

36 жастағы Л., есімді науқас невропатологқа сол жақ санның және балтырдың артқы –сыртқы беткейіне иррадиацияланатын омыртқаның бел-сегізкөздік бөліміндегі ауырсынуларға, қозғалыстың шектелуіне шағымданып келді. Жоғарыда аталған симптомдар ауыр атлетика сайыстарында штангы көтеруден кейін пайда болған. Неврологиялық статуста: кеуденің алдыға еңкейуі шектелген, аз мөлшерде артқа шалқаюы шектелген, Ласег симптомы сол жақтан 30 гр., оң жақтан 80 гр., сіңірлік рефлекстер сақталған, сол жақ табан жазғыш бұлшық етінің әлсіздігі байқалады. МРТ-да жұлындық каналға шығып тұрған омыртқалар денесі арасында түзіліс көрінеді.Клиникалық диагноз қойыңыз?

1. бел остеохондрозы, L4-L5 дискісінің жарығы, түбірлік синдром L5

2. бел остеохондрозы, L5-S1 дискісінің жарығы, түбірлік синдром S1

3. бел остеохондрозы, L3-L4 дискісінің жарығы, түбірлік синдром L4

4. бел остеохондрозы, люмбоишалгия

5. бел остеохондрозы, дискогенді миелопатия

3.11.11.2

 55 жастағы ер адам оң жақ білектегі және білезіктегі шаншып ауырсынуға, оң жақ қолдың ішкі бөлігінің ұйуына, білезіктің ісінуіне шағымданады. Жоғарыда аталған шағымдар оң жақ йық буынының шамалы ауытқып шығуынан кейін орын алған. Қарап тексеру кезінде оң жақ қолдың проксимальді және дистальді бөліктерінде әлсіздік, сіңірлік рефлекстердің болмауы, йық, білек және білезік бұлшық еттерінің гипотониясы мен атрофиясы, барлық сезімталдық түрінің «мозайкалы тип» бойынша төмендеуі. Клиникалық диагноз?

1. Дюшен- Эрб жоғары параличі

2. Төменгі йық бағанының зақымдалуы

3. Нафцигер синдромы

4. Йық өрімінің плексопатиясы

5. Дежерин-Клюмпке төменгі параличі

3.11.12.2

24 жастағы ер адам, программист, сол жақ кеудеге берілетін омыртқаның кеуделік бөлігінің қатты ауырсынуына шағымданады. Ауырсыну екі күн бұрын ұзақ уақыт компьютермен жұмыс істегеннен кейін пайда болған.Ауырсыну тыныс алу, омыртқадағы ротационды қозғалыстар кезінде күшейе түседі. Нитроглицеринді қабылдау ауырсынуды жеңілдетпеген, ЭКГ ешқандай өзгерістерді көрсетпеді. Тексеру кезінде омыртқаның S-образды сколиозы, сол жақ кеуде деңгейінде паравертебральді нүктелер ауырсынуы, сол жақ қабырғааралық кеңістікті пальпациялағанда ауырсыну, сол жақта кеуде деңгейінде арқаның ұзын бұлшық еттерінің қорғаныстық күшеюі. Парездер, сезімталдық бұзылыстары және басқа да неврологиялық бұзылыстар жоқ. Қандай патологиялық үрдіс аталған деңгейде өзгерістер туғызды?           

1. Омыртқааралық дискілердің қабынулық үрдісі                                                                                            2. Омыртқааралық дискілердің аутоиммундық үрдісі                                                                                                

3. Омыртқааралық дискілердің демиелиниздеуші үрдісі                                                                                                                                                                                   4. Омыртқааралық дискілердің дегенеративті-дистрофиялық үрдісі                                                                                                                                                                                                                      5. Омыртқааралық дискілердің гипертрофиялық үрдісі                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

 

 

3.11.13.311.1.9

Науқас, 45 жаста, оң жақ аяққа берілетін бел-сегізкөз аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінен:кеше ауыр көтеруден кейін оң жақ аяқтың артқы беткейіне берілетін бел аймағындағы шаншып ауырсыну пайда болған. Бұдан бұрын белінің ауырсынулары болған. Қарап тексеру кезінде: бел бөлігінің сколиозы, L4-S деңгейінде паравертебральді нүктелердің және біз тәрізді өсінділердің ауырсынуы. Ласег симптомы оң жақтан 30 гр., сол жақтан 70 гр. Тізелік рефлекстер D=S, ахилл рефлексі оң жақтан шақырылмайды, өкшелік рефлекс оң жақтан шақырылмайды, санның артқы –сыртқы жиегі,оң жақ балтырдың сыртқы беткейі бойымен гипестезия байқалады. Науқасқа қандай ем тағайындайсыз және неліктен?

1. мелоксикам, себебі науқаста L4-L5 дискісінің жарығы, түбірлік синдром L5

2. мелоксикам, себебі науқаста L5-S1 дискісінің жарығы, түбірлік синдром S1

3. диклофенак, себебі науқаста люмбоишалгия

4. церебролизин, себебі науқаста L4-L5 дискісінің жарығы, түбірлік синдром L5

5. церебролизин, себебі науқаста дискогенді миелопатия

3.11.14.311.2. 1

Науқас сол жақ аяқтың артқы беткейіне, I бақайға берілетін сол жақ бел аймағындағы қатты ауырсынуларға шағымданады. Объективті:  жүрісі баяу, аяқ ұшымен жүреді, Ласег, Нери симптомдары оң. Гара және Валле нүктелерінде сол жақтан ауырсыну, санның артқы беткейі және сол жақ балтырдың алдыңғы – артқы беткейі бойымен ауырсынулық және температуралық сезімталдықтың төмендеуі. Жамбас және балтыр бұлшық еттерінің тонусы төмендеген. Сол жақ ахилл рефлексі төмендеген. Қандай зерттеулер жүргізу керек және неліктен?

1. Омыртқаның бел бөлігінің рентгенографиясы,остеохондроз белгілерін анықтау үшін, бүйрек тас ауруын анықтау үшін бүйрек УДЗ

                         

2. Омыртқаның бел бөлігінің рентгенографиясы,остеохондроз белгілерін анықтау үшін, L5-S1 дискісінің жарығын анықтау үшін омыртқаның бел бөлігінің МРТ -сы

3. Омыртқаның бел бөлігінің рентгенографиясы,остеохондроз белгілерін анықтау үшін, жұлынның интрамедуллярлы ісігін анықтау үшін омыртқаның бел бөлігінің МРТ-сы

4. Бүйрек тас ауруын анықтау үшін бүйрек УДЗ, L5-S1 дискісінің жарығын анықтау үшін омыртқаның бел бөлігінің МРТ -сы

5. Бүйрек тас ауруын анықтау үшін бүйрек УДЗ, жұлынның интрамедуллярлы ісігін анықтау үшін омыртқаның бел бөлігінің МРТ-сы

 

 

3.11.15.3  11.2.6

Науқас Т., 57 жаста, жүргізуші. Оң жақ аяққа берілетін бел бөлігіндегі қатты ауырсынуларға шағымданады. Ауырсынуларға байланысты жүре алмайды. Анамнезінен: бел аймағындағы ауырсынулар18 жыл бойы мазалайды, периодты түрде күшейе түседі. Соңғы 2 күн ішінде камаздан секіргеннен кейін жағдайы күрт нашарлаған. Қарап тексеру кезінде: белдік лордоз тегістелген, бел бұлшық еттерінің дефансы, L4-L5 біз тәрізді өсінділерін пальпациялағандағы ауырсыну, Ласег симптомы оң жақтан 20, сол жақтан 70. Оң жақ табан жазғыш бұлшық етінің әлсіздігі.Сіңірлік рефлекстер сақталған, санның сыртқы жиегі бойымен, балтырдың алдыңғы – артқы беткейінен табанның ішкі жиегіне дейін гипестезия байқалады.  Қандай препарат тағайындайсыз және неліктен?

1. диклофенак, себебі науқаста L5-S1 дискісінің жарығы, түбірлік синдром S1

2. диклофенак, себебі науқаста L4-L5 дискісінің жарығы, түбірлік синдром L5

3. актовегин, себебі науқаста дискогенді миелопатия

4. актовегин, себебі науқаста жұлындық инсульт

5. бетаферон, себебі нгауқаста белдік остеохондроз

 

 

3.11.16.3  11.2.7

Науқас Ф., 37 жаста, шаштаразшы, оң жақ аяққа берілетін бел аймағындағы интенсивті ауырснуларға шағымданып келді, ауырсынуға байланысты жүре алмайды. Анамнезінен: белдегі ауырсынулар 11 жыл бойы мазалайды. Соңғы 2 күн бойы кенеттен еңкеюден кейін жағдайы күрт нашарлаған. Қарап тексеру кезінде: бел лордозы тегістелген, денесі оң жаққа басым сколиоз, бел бұлшық еттерінің дефансы, L4-L5-S1-S2 біз тәрізді өсінділерін пальпациялағандағы ауырсыну, Ласег симптомы оң жақтан 30 гр., сол жақтан 70 гр. Ахиллов рефлексы оң жақтан шақырылмайды. Санның артқы-сыртқы жиегі бойынша балтырдың сыртқы беткейінен табанның сыртқы жиегіне дейін гипестезия байқалады. Қандай зерттеу жүргізу керек және қандай мақсатпен?

1. МРТ, L5-S1 дискісінің жарығын және S1 түбірлік синдромын анықтау үшін

2. МРТ, L4-L5 дискісінің жарығын және L5 түбірлік синдромын анықтау үшін

3. Люмбальді пункция, себебі науқаста дискогенді миелопатия

4. Люмбальді пункция, L4-L5 дискісінің жарығын және L5 түбірлік синдромын анықтау үшін

5. Люмбальді пункция, L5-S1 дискісінің жарығын және S1 түбірлік синдромын анықтау үшін

3.11.17.3

48 жастағы ер адам, жүргізуші, оң жақ аяқтың сыртқы беткейіне таралатын бел-сегізкөз бөліміндегі және оң жақ жамбас аймағындағы ауырсынуға, оң жақ табанда шаншу және ұйу сезіміне шағымданады. Ауырсыну 6 ай бұрын физикалық жүктемеден кейін басталған, біртіндеп күшейеді. Неврологиялық зерттеуде бел лордозының тегістелуі, бел бөлімінің паравертебральді нүктелерін және оң жақ алмұрт тәрізді бұлшық етті пальпациялағанда ауырсыну, Ласег симптомы 50 гр. оң жақтан, балтырдың сыртқы беткейі және табанның сыртқы жиегі бойымен барлық сезімталдық түрінің төмендеуі, ахилл рефлексі оң жақтан шақырылмайды, оң жақ табанның жазғыш бұлшық етінің әлсіздігі байқалады. Топикалық диагноз қойыңыз және неліктен осы дискілер жиірек зақымдалады? 

1. L5-S1 дискісінің жарығы, себебі жиірек бұл жерде омыртқа каналының тарылуы байқалады

2. L5-S1 дискісінің жарығы, себебі бұл дисктер динамикалық және статикалық жүктемеге жиі ұшырайды

3. L1-L2 дискісінің жарығы, себебі жиірек бұл жерде омыртқа каналының кеңеюі байқалады

4. L4-L5 дискісінің жарығы, себебі осы деңгейде көбінесе тұздар шөгеді.

5. L3-L4 дискісінің жарығы, себебі бұл дисктер динамикалық және статикалық жүктемеге жиі ұшырайды

 

3.11.18.3

24 жастағы ер адам, программист, сол жақ кеудеге берілетін омыртқаның кеуделік бөлігінің қатты ауырсынуына шағымданады. Ауырсыну екі күн бұрын ұзақ уақыт компьютермен жұмыс істегеннен кейін пайда болған.Ауырсыну тыныс алу, омыртқадағы ротационды қозғалыстар кезінде күшейе түседі. Нитроглицеринді қабылдау ауырсынуды жеңілдетпеген, ЭКГ ешқандай өзгерістерді көрсетпеді. Тексеру кезінде омыртқаның S-образды сколиозы, сол жақ кеуде деңгейінде паравертебральді нүктелер (Th5-Th6) ауырсынуы, сол жақ қабырғааралық кеңістікті Th5-Th6 деңгейінде пальпациялағанда ауырсыну, сол жақта кеуде деңгейінде арқаның ұзын бұлшық еттерінің қорғаныстық күшеюі. Қандай препараттар тағайындайсыз және неліктен?           

1. но-шпа, себебі оның антиспастикалық әсерге ие

2. алфлутоп, себебі ол омыртқааралық дискілерде шеміршектік тін алмасуын жақсартады

3. амитриптиллин, себебі ол транквилиздеуші әсерге ие

4. конвулекс, себебі ол тырысуға әсерге ие

5. церукал, себебі ол омыртқааралық дискілерде шеміршектік тін алмасуын жақсартады

 

3.3.1.1 3.3.1.1

Этиологиялық фактор және эпилептогенді зақымдалу ошағы анықталған эпилепсия формасы қалай классифицирленеді?

1. симптоматикалық

2. криптогенді

3. идиопатиялық

4.  фокальді

5. генерализденген

 

3.3.2.1

Эпилепсияның негізгі емдеу принциптері болып табылады:

1. кеш басталу, жеке тұлғалық,тұқым қуалаушылық, ұзақтылық,қауіпсіздік

2. ерте емдеу, үзік үзік антиконвульсант курсы,тұқым қуалаушылық

3. үздіксіз,ұзақтылық,қол жетімділік,кеш басталу

4. ерте емдеу, жеке тұлғалық, үздіксіз,ұзақтылық, тұқым қуалаушылық

5. жеке тұлғалық, тұқым қуалаушылық, қауіпсіздік,қол жетімді,жеңіл

 

3.3.3.1

Идеопатиялық эпилепсияда қай препаратты тағайындау керек?

1. Карбамазепин

2. Пирацетам

Депакин

4. Финлепсин

5. Этосуксимид

 

3.3.4.2 3.3.2.2

 

38 жастағы ер адам көп жылдар бойы алкоголь қабылдаған. Алкоголді эксцестен кейінгі 2 күні ол кенет есін жоғалтты, барлық бұлшық еттерінде тоникалық күштеме және бет цианозы пайда болды. Кейін аяқ қолдарында клоникалық тырыспа басталып ол бірнеше минутқа созылды. Ұстама соңында еріксіз зәр шығару болды. Науқас тез есін жиды, оны бас ауруы мазалады. Ұстамадан кейін неврологиялық бұзылыстар анықталған жоқ. Клиникалық диагноз қойыңыз.

1.Идиопатиялық эпилепсия генерализденген тонико-клоникалық тырыспа формасында

2. Энцефалит. Тырыспалы синдром

3. Идиопатиялық эпилепсия кіші генерализденген ұстамалы формасында

4. Менингит. Тырыспалы синдром

5. Токсикалық энцефалопатия. Тырыспалы синдром

 

3.3.5.2 3.3.4.2

4 жастағы ұл балада пневмония кезінде, 39 °С дейін көтерілген дене қызуымен болған, аяқ қолдарында бірнеше минутқа созылатын тоникалық және клоникалық тырыспа пайда болды. Анасының айтуы бойынша, аналогиялық ұстама жедел респираторлы вирусты инфекция және 6 айында температурасы көтерілген кезде байқалған. Тексеру барысында балада неврологиялық статуста өзгерістер анықталмаған. Диагноз қойыңыз.

1. идеопатиялық эпилепсия

2. энцефалит

3. криптогенді эпилепсия

4. менингит

5. симптоматиялық эпилепсия

 

 

3.3.6.2 3.3.3.2

45 жастағы ер адам ақырғы жылдары жиі бас ауруы мазалайды. 3 күн бұрын өмірінде бірінші рет оң жақ табан сүйегінде клоникалық діріл түрінде ұстама пайда болды,біртіндеп аяқтың барлық жеріне таралды, кейіннен оң жақ қолға және оң жақ жарты мимикалық бұлшық етте пайда болды. Ұстама бірнеше минутқа созылды, есінен тану болған жоқ. Ұзақ уақыт бойы науқас алкогольмен әуестенеді. Неврологиялық тексеру кезінде ұстамадан тыс оң жақ сіңір рефлекстерінің жоғарылығы, оң жақ табанда Бабинский симптомы. Ұстама типін анықтаңыз.

1. миоклония

2. генерализденген  тонико-клоникалық

3. автоматизм ұстамасы

4. джексонов парциальды ұстама

5. тонико-клоническалық эпилептикалық статус

 

 

3.3.7.2

 

35 жастағы әйел адам 15 жыл бойы түнде ұйықтаған кезде аяқ қолдарында тоникалық және клоникалық тырыспа пайда болған, кейде осы кезде тілді тістеп алу және зәрді ұстай алмау болады. Ұстама бірнеше минутқа созылады, осыдан кейін науқас ұйықтап қалады, таңертен болған ұстама есінде жоқ. Ұстама жылына бір немесе екі рет болады. Тексеру кезінде неврологиялық статус өзгеріссіз. Бас миының КТ патологиясыз. Осы аурудың негізгі патогенезі болып:

1. пенумбраның қалыптасуы

2. ми қабының қабынуы

3. ми затының қабынуы

4. некроз ошағының қалыптасуы

5. эпилептиоидты ошақ қалыптасуы

 

3.3.8.2

Науқас 40 жаста, жедел жәрдем бригадасымен қабылдау бөліміне есінің бұзылысымен түсті. Анамнезінде эпилепсиямен ауырады, ақырғы 2-3 аптада антиконвульсанттар регулярлы емес қабылдаған. Жанындағы ағасының айтуы бойынша тырыспа күніне 5 рет қайталанған, науқас есін жинамаған. Объективті: терең ұйқы, көзін жұмып жатыр, тітіркендіргіштерге реакция жоқ. Қарау кезінде тонико-клоникалық тырыспа, тілін тістеп алу және еріксіз зәр бөліну болған. Болжам диагноз:

1. Эпилептикалық статус

2. Серийнді генерализденген ұстама

3. Серийнді қарапайым парциальды ұстама

4. Ұйқы эпилепсиясы

5. Истерикалық статус

 

3.3.9.2

Анасы баласының 10 жаста периодты қысқа уақытты (10-20 секунд дейін) қызының қатып қалуына шағымданады. “оның бастаған қимылдары тоқтап бала шыны тәрізді көздермен қатып қалады. Күніне 10-15 рет. Объективті: бала біршама тежелген, сұрақтарға немқұрайлы жауап береді, тез алданады.Жүйелер бойынша өзгеріссіз. Электроэнцефалографияда генерализденген, синхронды, симметриялы спайк-толқынды белсенділік – 3Гц, ұстама кезінде азаяды 2-2,5 Гц дейін. Ұстама типін анықтаңыз:

1. Генерализденген тоникалық

2. Генерализденген клоникалық

3. Күрделі абсанс

4. Миоклоникалық

5. Қарапайым абсанс

 

 

3.3.10.2

25 жастағы әйел адамда 10 жыл бойы түнде ұйқы кезінде аяқ қолдарында тоникалық және клоникалық тырыспа пайда болады, кейде осы кезде тілін тістеп алу және зәрді ұстай алмау байқалады. Ұстама бірнеше минутқа соызлады, одан кейін науқас ұйықтайды, таңертен болған ұстама есінде болмайды.Ұстама жылына бір немесе екі рет болады. Тексеру кезінде неврологиялық статус өзгеріссіз. Бас миының КТ патологиясыз. Диагноз қойыңыз.

1.Эпилепсия. Кіші ұстама.

2.Энцефалит. Тырыспалы синдром

3.Эпилепсия. Джексоновприступы.

4.Резедуальды  энцефалопатия. Тырыспалы синдром

5.Эпилепсия. Генерализденген ұстама.

 

3.3.11.2

 

35 жастағы ер адам 18 жасынан бастап есінен тану ұстамасымен және аяқ қолдарының тырысуы мазалайды, ол бірнеше минутқа созылады. Дәрігерлер тағайындаған дәрілерді уақытылы қабылдамайды. Ұйқысыз түннен кейін есін жоғалту және аяқ қолдарында клоникалық тырыспа пайда болған. Тырыспаның аяқталғаннан кейін есінің қайта қалпына келуі болмаған, тағы осындай ұстама болған. Тексеру кезінде ұстамадан тыс есі бұзылған, науқаспен контакт жоқ, қарашығы симметриялы, жарыққа рекциясы және корнеальды рефлекс сақталған, аяқ қолдарының бұлшық ет тонустары төмен, сіңір рефлекстері төмендеген, патологиялық рефлекс жоқ. Диагноз қойыңыз:

1. кіші ұстама статусы

2. ишемиялық инсульт

3. үлкен ұстама сериясы

4. үлкен ұстама статусы

5. геморрагиялық инсульт

 

3.3.12.2

 

20 жастағы ер адам соңғы бес жыл бойы есінен тану ұстамасы бар, бірнеше секунд ішінде жағымсыз иісті сезумен пайда болады. Кейін есін жоғалтады, аяқ қолдарында клоникалық тоникалық тырыспа болады, тілін тістеп алу және зәр ұстай алмаушылық. Ұстама бірнеше минутқа созылады, сосын бас ауруы пайда болады, ұстама кезі науқас есінде болмайды. Алғашында ұстама жарты жылда 1 реттен көп емес, соңғы жылдары айына 1 реттен. Тексеру кезінде неврологиялық статус өзгеріссіз. Бас миының МРТ патологиясыз. Эпилепсия типін анықтаңыз:

1. Идиопатиялық

2. Криптогенді

3. Симптоматикалық

4. Екіншілік

5. Эссенциальды

 

3.3.13.3

45 жастағы ер адам ақырғы жылдары жиі бас ауруы мазалайды. 3 күн бұрын өмірінде бірінші рет оң жақ табан сүйегінде клоникалық діріл түрінде ұстама пайда болды,біртіндеп аяқтың барлық жеріне таралды, кейіннен оң жақ қолға және оң жақ жарты мимикалық бұлшық етте пайда болды. Ұстама бірнеше минутқа созылды, есінен тану болған жоқ. Ұзақ уақыт бойы науқас алкогольмен әуестенеді. Неврологиялық тексеру кезінде ұстамадан тыс оң жақ сіңір рефлекстерінің жоғарылығы, оң жақ табанда Бабинский симптомы. Науқаста эпилепсияның қай түрі және ұстаманың қай типі байқалады?

 

1. симптоматикалық эпилепсия, генерализденген ұстама

2. идеопатиялық эпилепсия, парциальды ұстама

3. идеопатиялық эпилепсия, кіші ұстама

4. идеопатиялық эпилепсия, генерализденген ұстама

5. симптоматикалық эпилепсия, Джексонов ұстама

 

3.3.14.3

20 жастағы ер адам соңғы бес жыл бойы есінен тану ұстамасы бар, бірнеше секунд ішінде жағымсыз иісті сезумен пайда болады. Кейін есін жоғалтады, аяқ қолдарында клоникалық тоникалық тырыспа болады, тілін тістеп алу және зәр ұстай алмаушылық. Ұстама бірнеше минутқа созылады, сосын бас ауруы пайда болады, ұстама кезі науқас есінде болмайды. Тексеру кезінде неврологиялық статус өзгеріссіз. Бас миының МРТ патологиясыз. Эпилепсия түрін, зақымдалу ошағы қайда орналасқанын анықтаңыз?

1. Идиопатиялық, самайлық бөлік

2. Идиопатиялық, маңдайлық бөлік

3. Криптогенді, маңдайлық бөлік

4. Симптоматикалық, төбелік бөлік

5. Симптоматикалық,самайлық бөлік

 

3.3.15.3 3.3.5.3

7 жастағы қыз баланың ата анасы соңғы жарты жылда қызының ойнау кезінде, тамақ ішкен және сойлесу кезінде бірнеше секундқа қатып қалады. Осы кезде оның көздері қозғалыссыз, сөйлемейді, сұраққа жауап бермейді, өз қалпына қайта келген кезде қысқа уақытта есін жоғалтқанын білмейді. Мұндай ұстама күніне он ретке дейін қайталануы мүмкін. Неврологиялық бұзылыс анықталған жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз және осы ауруда негізгі қозушы медиаторды атаңыз.

1. Генерализденген тырыспасыз эпилептикалық ұстама, глутамат

2. Генерализденген тырыспасызэпилептикалық ұстама, ГАМК

3. Күрделі парциальды ұстама, преднизолон

4. Күрделі парциальды ұстама, диазепам

5. қарапайым  парциальды эпилептикалық ұстама, седуксен

 

3.3.16.3

8 жастағы ұл баланың ата анасы соңғы жарты жылда баласының ойнау кезінде, тамақ ішкен және сойлесу кезінде бірнеше секундқа қатып қалады. Осы кезде оның көздері қозғалыссыз, сөйлемейді, сұраққа жауап бермейді, өз қалпына қайта келген кезде қысқа уақытта есін жоғалтқанын білмейді. Мұндай ұстама күніне он ретке дейін қайталануы мүмкін. Неврологиялық бұзылыс анықталған жоқ. Науқасқа қандай инструментальды зерттеу жасау керек және неге?

1. жұлынның МРТ, зақымдалу деңгейін анықтау үшін

2.ЭЭГ, тырыспа белсенділігін және оның орналасуын анықтауға

3.ЭЭГ, парез дәрежесін анықтау үшін

4.ЭхоЭГ, бас миында тыртық жолағын анықтауға

5. жұлынның ЭхоЭГ, көлемді түзілісті анықтауға

 

3.3.17.3

22 жастағы ер адамда 10 жастан бастап есінен тану ұстамасымен және аяқ қолдарында тоникалық және клоникалық тырыспа пайда болады, ұстама бірнеше минутқа соызлады. Бүгін таңертен аналогиялық ұстама пайда болды. Ұстама аяқталған соң толық есін жинау болған жоқ, осындай ұстамалар сериясы болды.Теркесу кезінде есі бұзылған,науқаспен контакт жоқ, ми қабығының тітіркену симптомы жоқ,қарашық симметриялы, оның жарыққа реакциясы және корнеальды рефлекс сақталған, аяқ қолдарының бұлшық ет тонустары төмендеген, сіңір рефлекстері төмен,патологиялық рефлекс жоқ. Дәрігер тактикасы қандай және неге?

1. неврологиялық бөлімшеде госпитализация, науқаста сериялы ұстама пайда болғанына байланысты

2. интенсивті терапия бөлімшеге госпитализация, науқаста сериялы ұстама пайда болғанына байланысты

3. неврологиялық бөлімшеде госпитализация, науқаста эпистатус пайда болуына байланысты

4. интенсивті терапия бөлімшеге госпитализация, науқаста эпистатус пайда болуына байланысты

5. нейрохирургия бөлімшеге госпитализация, науқаста ошақты симптоматиканың болуына байланысты оперативті ем 

 

3.3.18.314.4.3

6 жастағы ұл баланың ата анасы соңғы жарты жылда баласының ойнау кезінде, тамақ ішкен және сойлесу кезінде бірнеше секундқа қатып қалады. Осы кезде оның көздері қозғалыссыз, сөйлемейді, сұраққа жауап бермейді, өз қалпына қайта келген кезде қысқа уақытта есін жоғалтқанын білмейді. Мұндай ұстама күніне он ретке дейін қайталануы мүмкін. Неврологиялық бұзылыс анықталған жоқ. Науқасқа қандай препарат қабылдауға болмайды және неге?

 

1. вальпроев қыщқылы, ауру ағымын жақсартпайды және эпистатусты шақыруы мүмкін 

2. вальпроев қышқылы, 12 жасқа дейін балаларға қабылдауға болмайтын препарат

3. карбамазепин, ауру ағымын жақсартпайды және эпистатусты шақыруы мүмкін 

4. карбамазепин, 12 жасқа дейін балаларға қабылдауға болмайтын препарат

5. ламотриджин, өте қауіпті жанама әсері бар

 

 

3.4.1.1 3.4.1.1.

Вегетативті дисфункция диагностикасында қандай әдістер қолданылады?

1. Электромиография, Спилбергера-Ханина тесті

2. Электроэнцефалография, пневмоэнцефалография

3. Дермографизманы анықтау, термография

4. Пиломоторлы рефлексті зерттеу, дерматоглификтер

5. Ортостатикалық тестті зерттеу, бас - ми КТ

 

3.4.2.1

Вегетативті дисфункция емінде қандай препараттар қолданады?

Адаптол, грандаксин

2. Пирацетам, актовегин

3.Кавинтон, циннаризин

4. Седуксен, аминазин

5. Карбомазин, милдронат

 

 

3.4.3.1

Мигрень емінде қандай препарат қолданады?

1. Адаптол

2. Пирацетам

3 Кавинтон 

4. Седуксен

Суматриптан

 

 

3.4.4.2 3.4.2.2.

65 жастағы ер адам, ағырғы бірнеше жылдар ішінде галстук таққанда және тығыз мойынмен водолазка кигенде 2-3 минутқа дейін созылытын есінен тану байқалады, қол-аяғында құрысу байқалмайды. Стационарда остеохондроз және спондилез фонында мойынына және жаға аймағында массаж жасағаннан кейін аналогитикалық ұстама пайда болды. Қарау кезінде неврологиялық бұзылыстар байқалған жоқ. Диагноз қойыңыз.

1. эпилепсия, үлкен ұстамалар

2. криптогенді эпилепсия

3. мойын остеохондроз, синкопальды ұстамалар

4. эпилепсия, кіші ұстамалар

5. СВД, үрейлі шабуыл

 

 

3.4.5.2 3.4.3.2

Науқас, 40 жас, ақырғы 2 жылда айына 1 рет болатын бас аурының ұстамаларына шағымданады. Ұстамаға дейін бірнеше сағатта науқаста ашущаңдық, шөлдеу және жиі зәр шығару болады. Бас ауру ұстамасына дейін бірнеше минут бұрын науқаста көзінде жарқылдау сезімі, жыпылық точкалар және жылтыраған зигзаттар байқалады. Бастың ауруы бір жақты, ақырын басталады, интенсивтілігі көтеріледі, кейін тұрақтанады, одан кейін қайта түседі. Жалпы ұстама ұзақтығы бір сутка.Ұстама кезінде науқаста светке және дауысқа жоғары сезімталдық болады. Қарау кезінде неврологиялық статусында патология жоқ. Қандай препараттар тағаындау керек?

1. карбомазепин, реланиум

2. прозерин, актовегин

3. новопассит, адаптол

4. маннит, глицерин


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: