Жетістіктерді регистрациялау

Сапасына

Жаңалығына

Төлем жағдайына

Салық мөлшеріне

Техникалық қызмет көрсету деңгейіне

Тауарды жеткізу мерзіміне

Жарнамалануына

Шығарылған шығындардың ұйымдастырылуына

Халықтың төлем қабілеттілігі.

16. Өнімнің сапасын басқарудың шетелдік тәжірибелерінің ерекшеліктері

Жапонияда өнімнің сапасын басқару саласының формалары мен әдістері жасалынған, олардың АҚШ пен Батыс Европадан көптеген айырмашылығы бар. Олардың ерекшеліктері компаниялар мен тасымалдаушылардың арасындағы сапалы өнімнің шығарылымы үшін жауапкершілік, сапаны ұзақ мерзімге жоспарлау, жаңалықтармен алмасу, өнімнің сапасын басқару саласында мамандар дайындау, стандарттау, есептеуіш техниканы қолдану, сапа белгісін алуын аттестациялау.Өткен ғасырдың 40-жылының соңы мен 50-жылының басында жапондық мамандар беделді американдық ғалымдар Э.Деминг пен Дж.Джураннан сапаны басқару бойынша білімдерін жетілдірді. Ол білімдерін Жапонияның өнеркәсібінде табысты қолдана бастады.Технологиялық прогрестерді басқару үшін бақылаулық карталар белсенді қолданылды. Э.Демингтің лекциялар кітабынан түскен авторлық төлемақы оның есімімен аталған сыйлықты тағайындау үшін пайдаланылған. Э.Демингтің алтын медальдары 1951 жылдан бастап жеке тұлғалар мен бүтін кәсіпорындар үшін беріледі. Жапонияның алдыңғы қатарлы фирмаларында толық және кезегімен атты тәсілі және сапаны басқарудың жүйелік принциптері енгізілген. Мұндай фирмалардың тәжірибелері түпкілікті оқып танылды, сараптама жасалынды және оларды АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде қолдануға әрекет жасалынды.Жапониялық сапаны басқару тәсілінің бірқатар ерекше қасиеттері бар деп саналғанымен, салыстырмалы сараптама көрсеткендей теориялық жағдайы өте ұқсас және интернационалды болып келеді. Жапондық сапаны басқару тәсілінің айрықша элементтері:

Процестің тұрақты дамуына бейімделу және барлық бөлімшелерде еңбек нәтижелеріне жету;

Өнімнің сапасына емес процестің сапасының бақылануына бейімделу;

Ақаулардың пайда болмауын қадағалауға бейімделу;

Түпкілікті зерттеу және қазіргі операциядан келесі операцияға дейінгі жүретін принцип бойынша туындаған мәселелерді сараптау;

“Сенің тұтынушың келесі өнеркәсіптік іс-әрекетті жүзеге асырушы” атты приципті дамыту;

Еңбек нәтижесінің сапасына жауапкершілікті тікелей атқарушыға жүктеу;

Адам факторын белсенді түрде қолдану және жұмысшылар мен қызметкерлердің шығармашылық потенциалын дамыту, “дені сау адамға жұмысты нашар істеу ұят“ деген моральды санаға сіңіру.Жапондық мамандар “сапа – кәсіпорын тағдырын белгілейді“, “сапа туралы минут сайын ойла“ атты ұрандармен жұмыс істейді. Осындай ұрандар кәсіпорын жұмысына қарқын береді деп ойлайды. Жапондық кәсіпорындарда (“бес ноль“ деп аталатын) сапаландыруға қатысу мүмкіндігін беретін бағдарлама жасалынған. Ол мынадай қысқаша ережелерден тұрады:

ақаудың пайда болуына жол бермеу;

ақауы бар өнімді келесі кезеңге өткізбеу;

ақауы бар өнімді алдыңғы кезеңнен қабылдамау;

технологиялық режимді өзгертпеу;

қателерді қайталамау.

Бұл ережелер өнімді дайындау мен өнімді өндіру кезеңдерінде бөлшектеніп әрбір жұмысшыға жеткізілген. Осыған орай Жапониядағы сапаға қатысты ең басты мәселелерді былай бөлуге болады:

Басқару мен техника саласындағы ғылыми жаңалықтарды кеңінен қолдану.

Басқару және сараптау мен өнімді бақылаудың жоғарғы деңгейде компъютерлендірілуі.

Адам мүмкіншіліктерін жоғарғы деңгейде қолдану. Бұл үшін шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылады, мысалы: өздерінің Отандық фирмаға деген патриоттығын арттыру, персоналды жүйелі түрде оқыту, үйрету.

  Өнімнің сапасын басқаруының шетелдік көптеген әдістері өнімнің түрлеріне байланысты әр салада қолданыс табуда. Мысалы, өнімнің сапасын басқаруының Ресейдегі тәжірибелері.

17. Функционалдық сапа көрсеткіштері.

Объекттің сапасының функционалды көрсеткіші берілген қажеттілікті қанағаттандыратын функционалды жарамдылығын анықтайтын қасиеттерін сипаттайды. Олар сапа көрсеткіштерінің келесі тобын біріктіреді:

тағайындау;

сенімділік;

үнемділік;

эргономикалық;

эстетикалық;

стандарттау мен унификаттау;

патенттік-құқықтық.

Тағайындау көрсеткіші объекттерді арналған және пайдаланылған саласы бойынша қолданудағы пайдалы әсерін көрсетеді. Олар объекттің техникалық маңызын, техникалық жетілуін, құрамын, құрылымын сипаттайды. Сенімділік көрсеткіші объекттің қойылған мақсатты берілген уақыт (мерзімі) аралығында орындау қабілетін сипаттайды. Эксплуатацияның шарттары мен арналуына байланысты сенімділік әр түрлі көрсеткіштермен сипатталады. Сондай көрсеткіштерге жөндеуге жарамдылық, ұзақ өмірлік, техникалық қор, қызмет мерзімі, қабыл алмаудың қарқындылығы жатады. Экономикалық көрсеткіштер объекттің өндірісі мен жобалауына кеткен шығындарды сипаттайды, эксплуатациядағы экономикалық эффективтілікті анықтайды. Эргономды көрсеткіштері оның «адам-объект-орта» жүйесіндегі адамның өндірістік және тұрмыстық жағдайларын қолдануға икемделушілігін сипаттайды. Эргономды көрсеткіштердің тобына шағын топтар кіреді:

 антрометрикалық;

 гигиеналық;

 физиологиялық пен психофизиологиялық;

 психологиялық.

Антрометрикалық көрсеткіш бұйымның адамның өлшемі, пішіні және салмағына сәйкестігін анықтайды. Гигиеналық көрсеткіш бұйымның адамның жұмысқа қабілеті мен өмірлік қызметінің гигиеналық жағдайына сәйкестігін анықтайды. Физиологиялық пен психофизиологиялық көрсеткіштер бұйымның адамның күшінің, жылдамдығының мүмкіндіктеріне, көру, сезу және есту мүмкіндіктеріне сәйкестігін сипаттайды. Психологиялық көрсеткіштер бұйымның адамның психологиялық мүмкіндіктеріне сәйкестігін сипаттайды. Объекттің эстетикалық көрсеткіштері оның адамға эстетикалық әсерін сипаттайды және эстетикалық құндылықтың сандық пен сапалық бағасына арналған. Олар объекттің көркемдік, айқындық және түпнұсқалық пішінін, конструкцияның бүтіндігі мен үйлесімдігін сипаттайды.     Стандарттау және унификаттау көрсеткіштері стандартталған және унификатталған элементтердің бұйымының конструкциясындағы қолдану дәрежесін көрсетеді. Сонымен қатар, бұйымдардағы объектті құраушылар мынадай болуы мүмкін:

стандарттық, олар халықаралық, жергілікті және ұлттық стандарттардың негізінде құрылған;

унификацияланған, олар фирманың стандарттарына негізделіп құрылады;

түпнұсқалық – бір ғана бұйымға арналып құрылған;

шеттен алып пайдаланған (кірме құраушы), нақты бұйымға арналған және екі немесе одан да көп бұйымдарда қолданылады.

Патенттік-құқықтық көрсеткіштер – бұйымның патенттік жиілігін анықтайды. Оларға патенттік қорғаныс және патенттік жиілік көрсеткіштері жатады. Патенттік қорғаныс көрсеткіші отандық ұйымдарға жататын объекттің
 қорғаныс дәрежесін сипаттайды.

18-39. Квалиметрияның негізгі бағыттары, шарттары

Квалиметрия – өнім сапасын сандық бағалау әдістерін біріктіретін ғылым аясы. Бұл салада өнімнің қасиеттерін өлшеу әдістері, оның сапасын бағалау жүйесі қалыптасады және дамиды.  Негізгі бағыттарына жататындар:

1.Өнім сапасын бағалау әдістерінің өзара байланысын, оның қолдануы шарттары және тұтынушы бағаларын есепке ала отырып толық жетілдіру.

2.Өнімнің нақты тобының сапасын сипаттайтын оның сапасына замандас талаптар және тұтынушы бағалары есепке алып, қасиеттер мен көрсеткіштерді жүйеге келтіру.

3.Өнімнің өмірлік циклінің әр түрлі сатысында өнімнің бағалау әдістерінің өзекті мәселелерінің құрамын құру. Типтік мәселелерді шешуге әдістемелік, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз етудің сәйкес келуі.

жағдайлары көрсетіледі:

Квалиметрияның негізгі шарттары:
1. Кез келген өнім (бұйым, қызмет көрсету, процесс, жүйе, т.б.) жеке қасиеттермен сипатталады, бұл қасиеттер деп, ГОСТ 15467-79 сәйкес, өнімді жасау, эксплуатациялау мен қолдану кезінде көрінетін өнімнің объективті ерекшеліктері танылады.

2. Сапа - өнімнің тұтынушы үшін пайдалылығының дәрежесін анықтайтын күрделі қасиет немесе қасиеттер жиынтығы. Өнім сапасы - өнімді қолданысы ұқсас басқа өнімнен ерекшелейтін, кейбір тұтынушылардың қанағаттану дәрежесін және нарық жағдайындағы өнімге сұранысты анықтайтын техника-экономикалық жүйемен сандық бағаланатын қасиеттер жиынтығы.

3. Сапа иерархиялы құрылым (қасиеттер ағашы)түрінде көрсетіледі, оның ең жоғарғы деңгейінде сапа, ал ең төмен деңгейінде қарапайым қасиеттер болады.

4. Жеке қасиеттер (қарапайым немесе күрделі) белгілі бір өлшем бірліктерінде өлшенуі немесе бағалануі мүмкін, нәтижесінде сапа көрсеткіштерінің абсолют мәндері анықталады.

5. Сапа көрсеткіштерінің абсолют мәндерін орнату мыналар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: - өлшеу құралдарын қолданумен метрология әдістерімен эксперименталды түрде; - эргономикалық және эстетикалық қасиеттерді анықтау үшін адамның сезім мүшелерін қолданумен органолептика әдістерімен эксперименталды түрде; - объектінің жұмыс істеуінің және сапа қасиеттері мен көрсеткіштері арасындағы аналитикалық байланыстарды орнатудың аналитикалық модельдерін құрастыру негізінде.

20. Өнім сапасы. Маслоу теориясы

Өнімнің сапасы – өнімнің пайдалылығына қойылған белгілі бір шарттарды қанағаттандыратын қасиеттердің жиынтығы. Ол халықаралық ИСО 9000:2000 стандарты бойынша жүзеге асырылады. Өнімнің сапасына талаптар:

Ағынды талаптар – нормативтік құжаттармен регламеттеледі және әрқашан дәлелденеді.

Перспективті талаптар нормативтік құжаттармен регламенттелмейді, болжам бойынша анықталатын жаңа материалдардың түрлерін көрсетеді.

Жалпы – бұл талаптар жалғыз және басым болады. Көпшілік тауарлардың түрлеріне жауап бере алады: тауарлардың ыңғайлылығы, зиянсыздығы, жөндеу мүмкіндігі сияқты басқада талаптарға жауап береді.

Спецификті – бұл талап орындалатын кезде сапа көрсеткіштерінің келесі түрі ескеріледі: параметрлік,технологиялық, әлеуметтік, экономикалық, эстетикалық, экологиялық, патенттік және т.б.

Маслоу теориясына тұтынушылардың қанағаттануы мен қажеттіліктеріне көп көңіл бөлінеді. Маслоу теориясының арқасында қажеттілікті белгілі бір ретпен көрсету мүмкіндігі туды. Олар физиологиялық қажеттіліктер, қарым-қатынас, мойындау және өз мүмкіншіліктерін жүзеге асыру қажеттіліктері:

Физиологиялық қажеттіліктер – адамның ұйқыға, жылуға, суға, баспанаға, тамаққа және т.б. қажетттіліктерді жатады.

Қауіпсіздік қажеттіліктер – адамның қаіптен қорғану және өзіне сенімді болу қажеттіліктер.

Қарым –қатынас қажеттіліктер адамның басқалармен оң қарым-қатынаста болумен түсіндіріледі. Бұл қарым – қатынас жалғыздық, шеттелу және т.б. ұғымдардың болмауы үшін қажет.

Мойындау және құрметтеу қажеттіліктер адамдардың ең жоғрғы эволюциялық қажеттілігі болып табылады яғни адамдардың топтап тұлға болып қалыптасуы, қоғамда тұлға ретінде тәуелсіз және еркін сезінуі. Жоғары дәрежелу бағалану, ұжымның қоғамның мойындауы.

Мүмкіншіліктерді іске асыру – өз қабілетін дәлелдеу үшін жоғарғы барлық қажеттіліктерді пайдалану.

Маслоу бойынша осы қажеттіліктердің нәтижесінде адамдардың жан-жақты дамуы жүзеге асырылады.

Маслоу адам қажеттіліктерін динамикалық модель ретінде қарастырылады, және жеке тұлғаның ерекшелігімен қоршағанортасына байланысты екенін анықтады. Адамның элементар қажеттіліктеріне сүйене отырып, қажеттіліктердің жоғары деңгейіне жете алатынын көрсетті. Маслоу теориясы тұтынушылардың ғана көзқарасын өзгертуге де мүмкіндік берді. Қажеттілік пирамидасын гексада түрінде көруге болады:

Адам түйсігі

Физикалық қажеттіліктері

Қауіпсіздік қажеттіліктері

Қарым-қатынас қажеттіліктері

Рухани қажеттіліктері

Мойындау және құрметтеу қажеттіліктері

Қатынасу қажеттіліктері

Өзіндік қажеттіліктеріъ

Маслоу теориясының шыңы болып 5,6,7,8 болып табылады. 1,2,3,4 қарапйым қатынас түрінде көрінеді.

Пассивтік кезең 1-8, Шабыттану 2-5, Әрекет ету кезеңі 3-6, Ойын білдіру кезеңі 4-7.

Маслоу теориясы бойынша, сапа ұғымы, объектінің қарапайым қасиеті, тұтынушылардың қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыру. ИСО 8420 бойынша сапаның осы объектілері кеңірек түсіндіріледі.

22. Қытай сапа басқару әдістері

Сапа басқару – өмірлік өнім этаптарының барлық циклдарын басқарудағы, сонымен қатар, сыртқы  ортамен байланыстағы қызметі. Нәтижесінде, бүкіл әлемде жүздеген өнімнің сапа жүйесі өңделе бастаған. Олардың жалпы тапсырмасы бүкіл параметрлері бойынша тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетін тауар шығару болып табылады. Алыс шет елдерде сапа менеджмент жүйесін шағын кәсіпорындарда кеңінен енгізеді. Мысалы, Қытайда ISO 9001 стандарты талаптарына сәйкес сертификаттар тіркелді, олардың көбі шағын кәсіпорындар: өндіріс, қызмет көрсету саласы, мемлекеттік және муниципальдық басқару органдары. Қытайда тіпті мектепке дейінгі мекемелерде де тіркелген сертификаттар бар.

Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінде, әсіресе, Қытайда сапаға, оны басқаруға көп назар аударылады. Сонымен қатар, тұтынушыларды да сол сапаға сендіреді. Мемлекет экспорттың құылымдық және көлемдік көрсеткіштеріне ие.

Біздің эрамызға дейінгі бірінші мыңжылдықтардағы Қытайдың қолжазбаларында «сапа» иероглифі екі элементтен тұрған: тепе-теңдік және ақша. Оны ғалымдар «жоғарғыкласты», «қымбат» деген сөздермен теңестіреді. Бұрын Қытайда экономикалық позициясы нашар болған. Содан олар өзінің өнімінің сапасында зор алға басулар жасаған. Қытайлықтарға бұл тәжірибе тауардың экспортын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Олар осындай тәсілмен өздерінің өнімінің сапа деңгейін көтере алды.

Шығыс әдістемесі бойынша:

Сапа ақаудың төменгі деңгейіне негізделеді;

Бірінші мақсаты – сапа, пайда;

Сапа жөніндегі сұрақтар бойынша сатып алушының талаптарымен келісу.

Сапаны басқару мәселесі бойынша американдық маман Дж. Харрингтон өзінің «американдық корпорацияларды сапаны басқару» акті кітабында «өнім сапасы - 80-90 жж. әлемдік нарықтағы күрестің негізгі өрісі және мұндағы жеңіліс құны экономикалық катастрофа» деп есептейді

23. Стандарттау және сертификаттау - өнім сапасын жоғарылатудың негізгі тетігі ретінде

Өнімнің сапасын басқарудың, сапасын көтерудің негізгі регламенті, негізгі тетігі ретінде стандарттау, сертификаттауды айтамыз. Яғни ол мемлекеттік және салалық стандарттарға сай жасалады.

Заманауи жағдайларда сапа кәсіпорындар мен ұйымдардың жетістігінің маңызды факторлары болып табылады, бірақ қажетті сапаға жету бір минуттық процесс емес. Ол жүйелік әдісті талап етеді. Осы күрделі жұмыста отандық ұйымдарға Қазақстанның Госстандарты қолынан келгенше көмек көрсетеді.

Қазақстан 1996 жылы қаңтар айында Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) мүше болып кіру туралы өтініш білдірген болса, сол жылдың өзінде-ақ бақылаушы статусын алған болатын.

Қазақстанның БСҰ өту мерзімі жақындаған сайын экономиканың тиімділігі мен өнім сапасын арттыру мәселесі неғұрлым көкейкесті бола түсуде. БСҰ-ға мүше болу Қазақстанның әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялануына және ел ішіндегі бәсекелестік климатын күшейту де маңызды рөл атқаратындығы анық. Сонымен қатар, Қазақстандық кәсіпорындарды олардың өнімдерінің бәсекелестік қабілетінің төмендігіне байланысты үлкен мәселелер күтіп тұруы мүмкін. Сондықтан, Қазақстандық өнімдердің сапасын стандарттау және басқару тұрғысында үйлестіру өте жауапты қызмет болып табылады. Стандарттау мен сертификаттау бұл өнім істеп шығару және оның сапасы бойынша әлемдік тәжірибеге өтудің бір жолы және отандық кәсіпорындар үшін әлемдік нарықтағы бәсекеге даярланудың ең тиімді әдісі болып табылады. Қазақстанда, өнімдер мен қызметтерді стандарттау, сертификаттау, тіркеу және нормативтік құжаттардың міндетті түрде жүзеге асырылуын Индустрия және сауда министрлігі қадағалап отыр. Бұл министрлік 2003-2006 жылдары жергілікті рәсімдерін халықаралық нормаларға сәйкестендіруі тиіс.

Өнімді стандарттау мен сертификаттау экономиканың, өнеркәсіптің, ғылымның, сауданың барлық салаларының дамуына ықпал етеді, яғни ол еліміздің индустриялық дамуының негізі болып табылады. «Қазақстан Республикасының индустриялық - инновациялық даму стратегиясын» жүзеге асыру барысындағы экономикалық өзгерістер, еліміздің БСҰ кіру мәселелері осы кезге дейін қалыптасқан ұлттық өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесін өзгертуді талап етеді. Осы іс-шаралар нормаларын халықаралық тәжірибеде қолданылатын нормаларға сәйкес келтіру қажет. Бұл мәселе заңнамалық актілерді, нормативтік құжаттарды үйлестіру, метрологиялық қызметтің техникалық негізі ─ республикалық эталондық базасын дамыту жолымен жүзеге асырылады.

Тауарлардың, өнімдердің сапасы проблемасын шешуде мемлекет қолындағы тиімді құралдар стандарттау және сертификаттау болып табылады.

Стандарт - өнімге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік-техникалық құжат. Осы құжатты жасау, өндіру, пайдалану және стандарттаудың басқа да объектілеріне қойылатын талаптар туралы ережелер жиынтығы. Нормативтік-техникалық құжаттардың ішінде техникалық талаптар ерекше орын алады. Себебі, осы талаптарды жүзеге асырудың арқасында шығарылып жатқан өнімнің сапасы артады. Ал кез келген кәсіпорын өзінің өнімдерін шығаруда бұл талаптарға сәйкес етіп шығаруы керек.

Сапаны басқарудың әлемдік тәжірибесі ИСО 9000 сериясының халықаралық стандарттарында жинақталған. Халықаралық ИСО 9000 - сапа жүйесін дамытуға бағытталған стандарттау. Қазіргі кезде сапаны қамтамасыз ету стандарттаудың маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Бұл халықаралық тауар айналысының ұлғаюымен, жаһандану саясатымен, әлемдік өнеркәсіп өндірісінің көлемдерімен, ғылым және техника жетістіктерінің адам іс әрекетінің барлық сферасына енуімен түсіндіріледі.

Халықаралық деңгейде сапаға деген талаптар ИСО-9000 атты сериясымен анықталған. ИСО-9000 халықаралық стандарт сериясының алғашқы редакциясы 1980 жылдардың соңында шықты және халықаралық стандарттаудың жаңа деңгейге шыққанын көрсетті. Бұл стандарттар басқару сферасының өндірістік процесіне еніп, сапаны қамтамасыз ету жүйесіне нақты талаптарын қойды, сапа жүйесін сертификаттаудың негізін салды.

24.ТМД сапа басқару ерекшеліктері

С.Б - сапаға қойылатын талаптарға сай әдістер мен іс-әрекет жиынтығы.ҚР да өнімнің сапа басқаруы - стандарттар мен сертификаттарға тікелей тәуелді.

Стандарттау және сертификаттау С.Бдың негізі. Стандарттау-рационалды нормаларды табу оларды қолдану,қолдану тәртібі,әдістемелерді ұйымдастыру, өнімді өндіруді талап ету бағытындағы норма құжаттарға бекітілген нормалық іс-әрекеттер.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік стандарттау жүйесінің құрамына, жүйелердің, процестердің құрылуы, Қазақстандағы стандарттардың таралуы жəне жеткізілуі кіреді.

Сапаны басқару жүйесінің негізгі жетістігі — Украинаның Бас мемлекеттік қызмет жүмысшыларының сапалы қызмет көрсету туралы ойлауы мен әрекет етулерінің өзгеруі.

ИСО 9001 стандартын қолданудың нәтижелері: тиімді бақылау мен басқару; қателердің санының азаюы; тұтынушылардың қанағаттануын жоғарлату; тиімсіз шығындарды азайту (соның ішінде уақыт шығыны); ұйымның беделін жақсарту; қызметкерлердің қанағаттануын көтеру.

Стандарттау процесінің тарихы терең: ол өндіруші өзі қойған стандарттардан бастап ISO 9000 халықаралық стандарттарына дейін созылады. Ресей де сапа жетілдіруде өзінің үлкен үлесін қосты. Ресейде КБИП (Концепция Бездефектного Изготовления Продукции – Ақаусыз Өнім Дайындау Концепциясы), КАНАРСПИ (Качество, Надежность, Ресурс с Первых Изделий – Алғашқы Өнімнен Сапа Сенімділік Ресурс), НОРМ және т.б. концепциялар ойлап табылған.

25. Сапа көрсеткіштерінің мәні мен өзара байланысы.

Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады. Онда өзіне қорытындылау және өнімнің сапасы жөніндегі жалпы сапада және кәсіпорында өнім сапасының деңгейін

Өнімнің сапа көрсеткіштері ГОСТ 15467-79 регламенттелген өнімнің белгісі мен параметрінің түсініктерімен тікелей байланысты. Бұл стандартқа сәйкес, өнім белгісі - өнімнің кез келген қасиеттері немесе күйлерінің сапалық және сандық сипаттамасы, ал өнім параметрі - өнімнің кез келген қасиеттері мен күйлерін сандық сипаттайтын өнім белгісі. Өнім көрсеткіші, белгісі мен параметрі, өнім сапасын бағалау үшін қолданылатын «өлшем» жалпы ұғымының формалары болып табылады. Өлшем – белгілі бір сапаны нақты санмен байланыстыру қажет болатын, сапалы және сандық жақтар бір-біріне сәйкес келетін, объектілердің сандық және сапалық жақтарының бірлігі.


1-сурет. Өнім сапасының белгісі, параметрі мен көрсеткіші түсініктерінің өзара байланысының сызбасы

Өнім сапасының көрсеткіші (ӨСК) сапаның құрамына енетін белгілі бір қасиеттің көріну дәрежесін сандық сипаттайды, оның атауы сипатталатын қасиетті анықтайды, мысалы: өлшеу дәлдігі, жиіліктер диапазоны, беріктігі, өміршеңдігі, т.б. Сандық мәндер мөлшерлі (ұзындық, жылдамдық, масса, уақыт) және мөлшерсіз (ПӘК, бұйымның дайындалуы мен жөндеуге жарамдылығының коэффициенті, т.б.)

Өнім қасиеттеріне байланысты, ӨСК-ін объективті әдістер мен құралдармен өлшенетін және өлшенбейтін деп тануға болады. Өнім қасиеттерінің сандық сипаттамасы болып табылатын ӨСК мен параметрінен өзгеше, өнім белгісі сапалық сипаттамаға ие болуы мүмкін. Сапалық сипаттамаларға: материал түсі, бұйым формасы, белгілі бір қасиеттердің бары жатады. Өнім сапасын басқаруда сапа мен сұрып категориялары сияқты сапалық сипаттамалар маңызды мәнге ие.

ӨСК өнім сапасын бағалау мен жоспарлау үшін негіз болып табылады. Жоспарлар мен ғылыми-техникалық құжаттамаға енгізілуге жарамды көрсеткіштер саны құжаттың мақсаттары мен деңгейіне қарай әр түрлі болуы мүмкін. Стандарттарда өнім сапасын жалпы бағалаудың ӨСК саны шектеулі болуы тиіс: өнім сапасын жан-жақты суреттеу үшін қажетті құжаттар мен күрделі техникалық құрылғылар үшін құжаттарды ӨСК саны көп болуы мүмкін.

Қасиеттер бойынша ӨСК үлкен саны мен түрлілігі әдістемелік реттеу мақсатында оларды топтауды қажет етеді.

 

26.Сапа басқарудағы Дж.Джуран принциптері

Өнім сапасын жақсарту стратегиясы-фирма стратегиясының ең басты бөлігі.

1.Персоналда сапалы жұмыс жасауды қалыптастыру және сапа жақсарту үшін жағдай жасау.Жұмысшылардың сапалы жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін,оларға

- еңбекақысы жоғары

- ыңғайлы жұмыс орны

- әлеуметтік пакет болуы керек.

2.Үнемі қызмет атқаруды жоғарлатуға мақсат қол білу.

Компанияда өнімді сату жоспары болады.Жоспар іске асырылған кезде жұмысшыларға сыйақы беріледі.

3.Мақсаттарға жету үшін арналған ұйым құру керек.

4.Ұйым жұмысшыларына оқуға мүмкіндік беру.

5.Мәселелерді шешу үшін проектілер жасау.

6.Жұмысшыларды жеткен жетістіктер жайлы ақпараттандыру.

7.Сапаны жақсартуға үлесін қосқан жұмысшыларға алғыс айту.

8.Тұтынушыларды нәтижелермен ақпараттандыру.



Жетістіктерді регистрациялау.

10.Система мен процестерге бір жыл көлемінде жеткен жетістіктерді оларды қалыптастыра отырып енгізу.

27.Қазақстан Республикасындағы сапа басқару.

С.Б - сапаға қойылатын талаптарға сай әдістер мен іс-әрекет жиынтығы.ҚР да өнімнің сапа басқаруы - стандарттар мен сертификаттарға тікелей тәуелді.

Стандарттау және сертификаттау С.Бдың негізі. Стандарттау-рационалды нормаларды табу оларды қолдану,қолдану тәртібі,әдістемелерді ұйымдастыру, өнімді өндіруді талап ету бағытындағы норма құжаттарға бекітілген нормалық іс-әрекеттер.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік стандарттау жүйесінің құрамына, жүйелердің, процестердің құрылуы, Қазақстандағы стандарттардың таралуы жəне жеткізілуі кіреді.

 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінің құрамына:

Негізгі шарттары; мемлекеттік стандарттарды жасау жүйесі; жасалу тəртібі, келісім, бекіту жəне техникалық шарттардың тіркелуі; мекеме стандарты, жалпы шарт тары;   Стандарттарды құрудың жалпы талаптары, жеткізу, стандарттың көркемделуі жəне мазмұны жатады. Барлық стандарттарды жасауда Халықаралық мекемелердің стандарттарының талаптары ескеріледі(ISO). ISO ескерген жағдайдағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына:

1) өндірілетін өнім, процестер, қызмет көрсетулердің сапасына міндетті талаптары, оның ішінде халықтың өмірі мен денсаулығының, азаматтардың мүлкінің қауіпсіздігі жəне қоршаған ортаны қорғау, өндірістік санитария жəне қауіпсіздік техникасының міндетті талаптары;

2) біріккен өнімдердің міндетті талаптары;

3) бақылаудың əдісі, өндірілетін өнім, жұмыс, қызмет көрсету, адам өмірінің кауіпсіздігі, денсаулығы жəне қоршаған ортаны қорғау, азаматтардың мүлкінің қауіпсіздігі, бірігушілік жəне өзара ауысушылық өнімдері;

4) негізгі тұтынушылық жəне өнімнің қасиеті, орамына(упаковка) талаптар; маркировка,өнімнің сақталынуы;

5) Өндіріс кезінде, өнімде жəне қызмет көрсетуде, өнімнің сапасын қамтамасыз етуде,

сақталуы жəне ресурстардың барлық түрін пайдалану, терминдер, анықтамалар жəне

белгілеулер, басқа да жалпы техникалық ережелер мен нормдардың жалпы техникалық

бірлігін қамтамасыз ету.

Стандарттар бойынша нормативтік құжаттар келесі категорияларға бөлінеді.

• Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары (ҚР СТ);

• салалық стандарттар (ССТ);

• техникалық шарттар (ТШ);

• мекеме стандарттары (М СТ).

Өнімнің сапасы – жүйенің техника-экономикалық көрсеткішінің сандық  бағаланауының мəнінің қасиеті туралы, өнімнің ерекшелігін көрсетеді, өнімнің сұранысы, өнімнің қоғамдағы қажеттілігі, рынокта өнімнің бағалануы.

28-46. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда стандартау мен серттификаттаудың маңызы

Бәсекеге қабілеттілік - нарықтың талабын анықтайтын және тауардың басқа тауармен салыстырғандағы оның сапалық және экономикалық қасиеттерін кешенді бағалайтын кез келген тауардың негізгі маңызды сипаттамаларының бірі. Бәсекеге қабілеттілік түсінігі салыстырмалы сипатқа ие. Ол нақты нарык пен сатылым уақытының жағдайларына байланысты. Сатып алушылардың көпшілігі қоғамдық қажеттіліктерге сай тауарларды сатып алады, сонымен бірге әр сатып алушы өзінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын тауарды алады. Сатып алушылардың мінездерін зерттеу көрсеткендей, екі ұқсас тауар болса, сатып алушы оның арзанын қалайтынын, егер сатылым бағалары бірдей болған жағдайда - сатып алушы тұтыну бағасының (қолдану шығындары) төменіне ұмтылатыны белгілі.

Осылайша, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі оның жоғары тұтынушылык қасиеттері мен төмен бағасымен анықталады. Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын тұтынушылық және құндық қасиеттер әр түрлі тауарлар үшін әр түрлі болады. Мысалы, ұзақ қолданылатын және өндіріске қажетті күрделі тауарлар үшін бәсекеге қабілеттілікті көрсететін көрсеткіштерге келесілер жатады:

- тауардың пайдалану шеңберін анықтайтын атқарымдық міндетінің көрсеткіштері;

- тауардың қолданыстағы ыңғайлылығы мен оның қауіпсіздігін сипаттайтын пайдалану көрсеткіштері;

- тауарды сатып алу мен пайдалану шығындарын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштері;

- жоғарыда көрсетілмеген (сертификат, сервистік кызмет көрсету), басқа бағалық емес көрсеткіштер.

Бәсекеге қабілеттілік салыстырмалы көрсеткіш екенін ескере отырып, оған қатысты бағалау жүргізілетін басқа да оған ұқсастарды анықтау қажет. Ұқсастар көп болған сайын, бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың нэтижелері соғұрлым нақтырақ болады.

Өнімнің бәсекеге деген қабілеттілігін жоғарылатуда сертификаттау үлкен рөл атқарады. Сертификаттау дегеніміз - өнімнің нақты сипаттамаларының қажетті стандарттар мен басқа нормативті құжаттарға сай екенін растауға бағытталған іс-әрекеттер жүйесі. Сертификаттау дамыған елдерде XX ғасырдың 60-жылдары пайда болды. Бұл елдердің нарықтарында дамушы елдерден кең колданылатын тауарлар көптеп келе бастады. Соның салдарынан сатып алушыларда олардың сапасы туралы күмән туа бастады. Сертификаттау сатып алушыны, онымен қатар алынып жатқан тауардың кауіпсіз және жоғары сапаға ие екенін сендіру үшін қажет болды. Сөйтіп сертификаттау жүргізу жүйесі біртіндеп дами бастады.

Сертификаттау үдерісінің негізгі катысушыларының қызметі қазақстандық және халықаралық кұжаттарға сай белгіленген.

Сертификаттау үдерісін анықтайтын негізгі құжат стандарттау бойынша халықаралык ұйымның стандарты ИСО-9000 жатады.

ИСО-9000 стандарттары өнім мен қызметтің сапасын жоғарылату тұжырымдамасын кұрайды. Ол келесілерден тұрады:

• сапа саласында кәсіпорын басшылығының саясатын көрсететін сапа жүйесі кұрылып, құжатқа түсірілуі ке-рек;

• сапа жүйесі тауарға тиісті оның өмірлік циклінің барлық сатыларын қамтуы керек;

• сапа жүйесі тиімдігін талдай отырып, кәсіпорынның ішкі жұмысын өздері кадағалап отыруы керек;

- сапаны қамтамасыз ететін шығындарды бағалап, талдау жасап отыру керек.

Кәсіпорынның сапа саласындағы саясаты жоғары басшылықпен қалыптастырылады. Сапа жүйесі сапа саласындагы саясатты жүзеге асыратын құрал есебінде пайдаланылады.

29.Өнімнің сапа көрсеткіштері, қасиеттері

Өнімнің сапасы оның қасиеттерірінің көрсеткіштері өнімді дайындау, бағалау, пайдалану, қолдану кезінде пайда болытын обьективті көрсеткіштер. Өнім қасиеті жай және күрделі болып бөлінеді.

Жай қасиеті-өнімнің бір ғана обьективті қасиеті сипатталатынын айтады. Мысалы, заттың түсі, құрамы, қаттылығы.

Күрделі қасиеті-бірнеше обьективті ерекшеліктерін айтады. Мыс, өнімнің пішінін, сыртқы түр-түсін толығымен сипаттау керек.Қасиеттерді шартты түрде 2-ге бөлеміз: 1.Негізгі-өнімнің қолданылуы мақсатында сәйкестігі бойынша сипатталады  2. Қосалқы-негізгі қасиеттерге қосымша қасиеттер.

Өнімнің сапа көрсеткіштері—өнімді жасау, қолдану, тұтыну шарттарының біреуіне қаралатын өнімнің бір немесе бірнеше мөлшерлік сипаттамасы.

Сипатталатын қасиеттеріне байланысты бірлік және кешендік болып бөлінеді.

 Өнімнің бірлік сапа көрсеткіші—өнімнің қарапайым қасиетін сипаттайды.

Кешенді-өзара байланысқан қарапайым және күрделі қасиеттерінің жиынтығы. Кешенді қасиеттерінің бір түрі—интегралдық қасиет болып табылады.

Өнімнің сапасының анықтауыш қасиеті—өнімнің сапасының тиімді бағаланатын көрсеткіш жиынтығы. Ол оргонолептикалық көрсеткішімен тең көрсеткіш болып табылады.

 Өнімнің сапасының абсолюттік көрсеткіші—әр түрлі өлшем бірліктер арқылы немесе өлшемсіз шамалармен өрнектелетін сапа көрсеткішінің жиынтығы.

 Өнімнің сапасының салыстырмалы көрсеткіші—өлшемсіз шамалармен немесе процентпен өрнектелетін көрсеткіштер жиынтығы.

Сапа көрсеткіштері тура және жанама болып бөлінеді. Тура көрсеткіштер-өнім сапасының қасиетін тікелей сипаттайды. Жанама көрсеткіштер—өнім сапасын бірнеше факторларға байланысты сипаттайды.

Сипаттайтын қасиеттердің табиғатына байланысты сапа көрсеткіштері бірнеше түрге бөлінеді:

1.Оргонолептикалық

2.химиялық

3.физикалық

4.физика-химиялық

Сапаға қойылатын бірнеше әмбебап көрсеткіштер бар: тағайындау, сенімділік, экономикалық, технологиялық, эстетикалық, қауіпсіздік т.б

30. «Сапа саласындағы жетістіктер», «Алтын Сапа-2009» Байқауы көрмесі

«Алтын сапа» тарихы

Қазақстан өнім сапасын арттыруға ерекше ықыласты ел.  Осы мақсатта 2006 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев арнайы «Алтын сапа» сыйлығын тағайындаған болатын.  Елімізде өндірілетін өнімдердің, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабiлеттi етуді мақсат тұтқан байқау биыл да бизнес саласының үздіктерін анықтап, Елбасы сыйлығымен марапатталады.

Алтын сапа

«Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығы

2011 жылы «Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алуға талаптану конкурсы Еліміздің Тәуелсіздігінің 20- жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізіледі.

               Конкурс номинациялары:

· «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;

· «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын»;

· «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын».

Әр номинация да мына санаттар бойынша екі жеңімпаз жарияланатын болады:

· шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;

· ірі кәсіпкерлік субъектісі

Жүлде Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс туралы» 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына сәйкес тағайындалған. Осыған орай жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсын және "Қазақстанның үздiк тауары" республикалық байқау-көрмесін өткiзу белгiлендi. 2009 жылдан бастап конкурс қазіргі заманғы менеджменттің даму тенденцияларын ескеретін және сапа бойынша Еуропа сыйлығы үлгісімен үйлестірілген жаңа үлгі бойынша өткізіледі.

  Кәсіпкерлерін барынша қолдап келе жатқан Қазақстан мемлекетінде сапа – бәсекелестікке сай болуы қажет. Біз Қазақстанды әлемнің алдыңғы қатарлы 50 елінің қатарына қосамыз десек, өзімізде шығарылатын тауарлардың сапасын көтеруге тиіспіз. Қазақстанда жасалған өнімдердің сапасын көтеріп, дүниежүзінде «Бұл Қазақстанда жасалған тауар» деген дәрежеге жеткізуіміз керек.

  

31-52.Өнім. Өнімнің сапасын басқару жүйесі

Өнім – үрдістің немесе қызметтің нәтижесі.

Өнім сапасын басқару жүйесі
    Өнімнің сапасын басқару — бұл белгілеу, камтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кетіндегі жүргізілетін іс-әрекет.
Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа проблемасын шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалың деңгейге бағытталды. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау және обоптерін белгілеу кіреді.
  Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандың өндірушілердің алдына қойылатын негізгі проблемалар, олар:
• өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;
• тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;
• өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерді күшейту.
     Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
• жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
• өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;
• жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
• өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.
      Сонымен, өнімнің сапасын басқару әрбір кәсіпорындарда жүйелі түрде іске асқан жөн.
• Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің сапасы - нарықтық жағдайда қызметтің негізгі факторы болып табылады, себебі, нарықтық саралымды кеңейтуді, кәсіпорынды жаңдандыруды, пайданың артуын қамтамасыз етеді.
• Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалылықты арттыру қызметі жүйелік басқару шеңберінде жүргізілуі мақсатқа сай болғаны дұрыс, өйткені, өнімнің барлық өміршеңдік кезеңін қамтиды — жобалаудан бастап жұмысшыларға және кәдеге жараттуға дейін.
• Өнімнің сапасын басқару стандарттауға негізделеді Ол ұлттық шаруашылықтың, халықтық, қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі үшін дайындалатын өнімдерге үдемелі талаптарды анықтайтын нормативті-техникалық негізі болып табылады.
• Дайындалған өнімнің сапасының түпкілікті бағалылығы сертификат көмегімен жүзеге асырылады, өнімді сапауды, тиісті сертификат беруді, бағалау сынағының көмегіен кейінгі өндірістің жағдайы үшін өнімді таңбалауды және бақылауды білдіреді.
• Өнімнің сапасын басқаруда нормативтік актілерді іске асыру сапаны және өнім қауіпсіздігі заңдылығын қамтамасыз етуде тиімділік жүйені ұйымдастыруды талап етеді. Шетелдік және отандық практиканы еске ала отырып, құрылған өнімнің сапасын бақылаудың нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың және жеке тұлғалардың құқықтарының бұзылуында құқықтарын және мүдделерін қорғаудан тұрады.

32. Сапа басқарудағы негізгі факторлар.

Сапа - өнімнің маңызды көрсеткіші болып табылады, себебі оның бағасына тура қатынасқа ие. Сапа көптеген өндіріс ішіндегі және өндірістен тыс факторларға байланысты:

- инженерлі (техникалық) факторлар, шығарылатын бұйым конструкциясының техникалық деңгейін, сенімділігін және басқа да көрсеткіштерін, техникалық құжаттама жағдайын анықтайды;

- өндірістік (технологиялық) факторлар, өндірістің технологиялық даярлығының деңгейі мен жағдайын, сынау жабдықтарының жағдайы мен өлшеу мен бақылау құралдарының сапасын анықтайды;

- жабдықтау факторлары, жеткізілетін шикізат, материал мен жинақтаушы бұйымдардың қамтамасыз етілуі мен сапасын анықтайды;

- әлеуметтік факторлар, өндірістік процестегі жұмыс басты жұмысшылардың квалификациясын, кадрларды іріктеу, орналастыру мен алмастыруды, ұжымдағы өзара қарым-қатынастарды, тұрмыс жағдайларын, жұмыстан тыс уақыттағы демалысты ұйымдастыруды сипаттайды;

- ұйымдастыру факторлары, технологиялық тәртіп жағдайын, еңбектің ғылыми ұйымдастырылуының принциптері мен әдістерін сақтауды, өнім нарығын зерттеудің тереңдігін, сапа бойынша басқару саясатын, ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, кәсіпорындағы тамақтану мен демалуды ұйымдастыруды сипаттайды;

- экономикалық факторлар, өнім сапасы, өзіндік құны мен бағасы арасындағы қатынасты, еңбекақы формасы мен өлшемін, шарушылық есепті ұйымдастыру мен жүргізуді, несиелеу тәртібі мен сапаны жоғарылатуға қаржы бөлуді, сапалы өнім дайындаудың моральды және материалды ынталандырудың жүйесін сипаттайды.

Өнім сапасын жоғарылату екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

- шығарылатын өнім сапасын бұрын игерілген техника аумағында жетілдіру;

- жаңа конструкциялық идеялар мен жұмыс процестерін қолдануға негізделген өнімнің жаңа түрлерін шығару.

33. Комплексті және жалпы сапа басқару

  Комплекстік және жалпы сапа басқару. Кез келген өнім шыққан уақытынан бастап пайдаланылып біткен соңғы уақытына дейін әртүрлі этаптарды құрайды. Ол ИСО 9004 сериясы бойынша жасалынған. Сапа жөніндегі саясаттың формасы ретінде: сапа жүйесі, сапаны қамтамасыз ету, сапаны басқару, сапаны жақсарту болып табылады. Олар мынадай элементтерден құралған:

1.маркетинг, рынокты меңгеру;

2.техникалық ережелерді жасау және жоспарлау, өнімді жасап шығару;

3.материалды техникалық үнемдеу;

4.өндірістік процестерді жасау және дайындау;

өндіріс;

5.сынақтарды өткізу және бақылау;

6.орау(упаковка) және сақтау;

7.өндірісті жіктеу және тарату, талдау;

8.монтаждау;

9.техникалық көмек және онымен қамтамасыз ету;

10.өнімнің пайдаланылып бітуі.

        Сапа басқару – өмірлік өнім этаптарының барлық циклдарын басқарудағы, сонымен қатар, сыртқы ортамен байланыстағы қызметі. Нәтижесінде, бүкіл әлемде жүздеген өнімнің сапа жүйесі өңделе бастады. Олардың жалпы тыпсырмасы бүкіл параметрлері бойынша тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетін тауар шығару болып табылады.   

        Сапаны қамтамасыз ету (Quality Assurance) - іс-шараларды жүйелі түрде өткізу және жоспарлау жөніндегі сала, бұл жерде өнімнің сапасы белгілі бір талаптарға сай болуы керек.

Сапа басқару (Quality Control) – сапаға қойылған талаптарға сай әдістер және іс-әрекеттер.

Сапаны жақсарту(Quality Improvment) - өнімнің техникалық деңгейін жүйелі түрде жоғарылатудағы бағыт.

Сапа жүйесі (Quality System)- өнімнің сапасын комплексті дамыту бағытындағы ресурстар, процедуралар,...т.б. құрылымдары туралы ұйымдасқан топтар.

Сапа менеджментінің қазіргі заманғы формасы ретінде нарық жағдайында кәсіпорынды басқару жүйесін алады.

       Сапа менеджментінің теориясын жасаушысының біреуі Э.Деминг келесіні бекітті, өнім сапасының төмен болуының негізгі себептерін  арнайыға (6%) және жүйеліге (94%) бөлуге болады. Осының негізінде келесі тұжырымдар жасалды, өнім сапасын арттыруды тек қана жүйелі себептерді жою арқасында шешуге болады.

        Сапа менеджментінің жүйесі өнімнің өмірдің барлық кезеңдерін қамтиды: маркетингтен бастап өнім пайдалану қалдығына дейін. Сондықтан сапа менеджм

















Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: