Темперамент психологиясы

Темперамент тұлғаның бойындағы мәндi қасиеттердiң бiрi болып табылады. Бұл мәселеге деген қызығушылық бұдан екi жарым мың жыл бұрын туындаған. Ол ағзаның биологиялық және физиологиялық құрылысы мен дамуына, сонымен қатар әлеуметтiк дамудың ерекшелiктерiне негiзделген жеке-дара айырмашылықтардың болуына байланысты туындаған. Тұлғаның биологиялық құрылысына ең алдымен темпераменттi жатқызамыз. Темперамент адамдар арасындағы көптеген психикалық ерекшелiктердiң болуын, оның iшiнде эмоция қарқындылығы мен тұрақтылығын, әрекет қарқыны мен күштiлiгiн, сонымен қатар басқа да динамикалық сипаттамаларды анықтайтын қасиет.

Қазiргi уақытта темпераменттi зерттеуге байланысты көптеген бағыттар бар. Бiрақ, зерттеу бағыттары әр түрлi болса да, көптеген зерттеушiлер темпераменттi биологиялық негiз деп атайды.

       Б.М.Теплов темпераментке келесiдей анықтама бередi: ''Темперамент дегенiмiз бiр жағынан эмоционалды қозуға, яғни сезiмнiң туу шапшаңдығына, екiншi жағынан олардың күшiне байланысты болатын белгiлi бiр адамға тән психикалық ерекшелiктердiң жиынтығы'' (Теплов Б.М., 1985). Сонымен темпераменттiң екi компонентi бар-белсендiлiк және эмоционалдылық. Мiнез-құлық белсендiлiгi жiгерлiлiк, екпiндiлiк, шапшаңдық немесе, керiсiнше, баяулылық және инерттiлiкпен сипатталады. Ал, эмоционалдылық белгi (жағымды немесе жағымсыз) және модалдылықты (қуаныш, қайғы, қорқыныш, ашу және т.б.) анықтай келе, эмоционалды процестердiң жүруiн сипаттайды.

       Ежелгi уақыттан бастап темпераменттiң негiзгi төрт түрiн бөлуге болады: холериктiк, сангвиникалық, меланхоликтiк және флегматикалық. Бұл темпераменттiң негiзгi төрт түрi ең алдымен өзара эмоционалды қалыптардың туу динамикасы мен қарқындылығына байланысты ерекшелiнедi. Сонымен, холерик типiне тез пайда болатын, күштi сезiм, сангвиник типiне тез пайда болатын, бiрақ әлсiз сезiм, меланхолик типiне ақырын пайда болатын, бiрақ күштi сезiм, флегматик типiне ақырын пайда болатын, әлсiз сезiмдер тән.

Бiрақта барлық адамдарды темпераменттiң негiзгi төрт түрi бойынша бөлемiз деп ойлау қате болды. Тек кейбiр адамдар ғана темперамент түрлерiнiң таза өкiлдерi бола алады; ал көптеген адамдарда бiр темперамент қырлары басқа темперамент қырларымен қоса жүретiнiн байқауымызға болады. Бiр адамның бойынан әр түрлi жағдайларда, iс-әрекеттiң әр түрлi аймағына деген қатынаста темпераменттiң әр түрiн байқауымызға болады.

       Ерекше мән берiп айта кететiн жайт, темперамент адам қабiлетi мен дарындылығын анықтамайды. Барлық темперамент кезiнде де үлкен қабiлеттiлiктi кездестiруiмiзге болады.

       Сонымен қоса, қай темперамент жақсы деп те сұрақ қоюға болмайды. Олардың әрқайсысының да жағымды және жағымсыз жағы бар. Тұлғаның құнды қасиеттерiне мысал келтiретiн болсақ, холерик белсендi және күштi, сангвиник ширақ, етi тiрi, меланхоликтiң сезiмдерi тұрақты, флегматик байсалды.    

       Темперамент- белгiлi бiр адамға тән, сыртқы әсерлерге жауап беру реакцияларының динамикасы,бiр қалыптылығында көрiнiс беретiн мiнез-құлықтың табиғи ерекшелiгi, адамның биологиялық жағын көрсететiн қасиеттердiң бiрi. Темперамент-жүйке жүйесiнiң табиғи типтiк қасиеттерiне тәуелдi, жеке адамға тән дара ерекшелiк деп бiлемiз.Темперамент адам мiнез-құлқын және психикалық процестердiң өзгеруiнiң динамикалық ерекшелiктерiн, олардың күшiн, жылдамдығын, пайда болуын, тоқтауы мен өзгеруiн түсiндiретiн қасиеттер жиынтығы.

       Темперамент қасиетi жеке адам қасиеттерiне тек шартты түрде бағынады және ол биологиялық, әрi туа бiткен қасиет болғандықтан көбiнесе индивидтiк ерекшелiк болып табылады. Темперамент мiнез-құлық пен мiнездiң қалыптасуына үлкен әсер етедi, кейде адамның әрекеттерi мен жеке-даралығын анықтайды, сондықтан оны жеке адамнан бөлiп қарастыруға болмайды.

 

Темперамент туралы теорияларға қысқаша шолу

Темперамент туралы iлiм өте ерте замандарда пайда болған. Темпераменттiң негiзiн салған ежелгi грек дәрiгерi Гіппократ (б.з.д.460-377ж) темпераментке алғаш түсiнiктеме берiп, оны негiзiнен жүйке жүйесiнiң қасиеттерiмен емес, ағзада әр түрлi сұйықтықтардың (қан, шырын, сары және қара өт) бiреуiнiң басым болуымен байланыстырған. Ағзадағы осы сұйықтықтардың бiрiнiң басымдығы адамның темпераментiн анықтайды: қан басым болса-сангвиник, шырын басым болса- флегматик, сары өт басым болса- холерик және қара өт басым болса- меланхолик айқындалады деген.

Немiс философы И. Кант темпераменттi екiге бөледi:

 1) Сезiм темпераменттерi-сангвиник пен меланхолик жатса;

 2) Iс-әрекет темпераменттерi – барлық темпераменттер жатады.

Темпераменттердiң осы бөлiнiстерiне қысқаша тоқтала кетейiк:

Сангвиник сезiм темпераментi- олардың сезiмдерi сырттай күштi көрiнгенiмен,терең және тұрақты емес.

Меланхолик сезiм темпераментi- сырттай күйзелiстерi онша күштi емес, бiрақ iштей терең, әрi ұзақ болып келедi.

Сангвиник iс-әрекет темпераментi – оптимист, сенiмi мол, қалжыңбас. Ол тез ашуланып тез қайтады, көп уәде бередi, бiрақ оларды кейде орындай алмайды. Сангвиник жаңа таныс емес адамдармен тез тiл табыса алады, жақсы пiкiр-таласқа түседi, ол үшiн барлық адамдар дос болып келедi. Оның негiзгi ерекшелiгi көмекке әр кезде дайын болатындығы мен ақ көңiлдiлiгi. Оны ақыл-ой және дене жұмыстары тез шаршатады.

Меланхолик iс-әрекет темперамент – себебi ол сангвиникке қарама-қарсы, көңiл-күйi төмен адам. Мұндай адамдардың iшкi өмiрi күрделi, олар өзiне қатысты барлық нәрселерге үлкен мән бередi, сезiмтал жанды, әрi уайымшыл болып келедi. Меланхолик ұстамды және уәде бергенде абай болады, орындай алмаса уәде бермейдi. Берген уәдесiн орындай алмағанда көп қиналады.

Холерик iс-әрекет темпераментi- себебi ашуланшақ адам. Мұндай адам өте қызба және ұстамсыз. Егер де онымен бәтуаға келер болса тез қайтып, жұмсарады. Оның қимылдары тез, бiрақ ұзақ емес.

Флегматик iс-әрекет темпераментi-себебi суық адам. Ол күрделi белсендi жұмыстан гөрi, қол бостылықты қалайды. Оны ашуландыру қиын, бiрақ ашуланса ұзаққа созылады.

И.Канттың топтастыруы бойынша темперамент тек адам мiнез-құлқы мен психикасының динамикалық ерекшелiктерiне ғана сүйенiп қоймай, мiнезге де байланысты болады. Себебi ересек адам психологиясында темперамент пен мiнез ажырағысыз. Сонымен қатар, темперамент қасиеттерi әлеуметтiк ортадағы адамдардың әрекеттерiмен тығыз байланысты. Темперамент түрлерiн жақсы немесе жаман деп бөлуге болмайды. Олардың әр қайсысының жақсы және жаман жақтары бар. Мысалы: сангвиниктер тез реакциялы, өмiрдiң өзгеруiне тез бейiмделедi, жұмыстың басталу кезеңiнде жоғары жұмыс қабiлеттiлiгi басым,бiрақ соңына қарай қызығушылығының тез өзгеруiнен, тез шаршайтындықтан жұмыс қабiлеттiлiгi төмендеп кетедi. Меланхоликтер керiсiнше, жұмысқа баяу кiрiсiп, ұзақ уақыт бойына жұмысқа деген төзiмдiлiгiн сақтайды. Олардың жұмыс қабiлеттiлiгi жұмыс басында емес, ортасы мен аяғында басым болады. Сангвиниктер мен меланхоликтер жұмыстарының  сапасы бiрдей, айырмашылықтары әр кезеңдегi жұмыс динамикасында.

Холерик аз уақыттың iшiнде ойы мен iс-әрекетiн жинақтай алады, бiрақ ұзақ жұмыс барысында төзiмдi емес. Флегматиктер керiсiнше, тез жинақтала алмайды, бiрақ жұмыста ұзақ және мақсатына жеткенше белсендi бола алады.

Немiс психологы В.Вундт темпераменттi екi топқа бөлген:

1) Эмоциясы күштi темпераменттер.

2) Эмоциясы әлсiз темпераменттер.

Немiс анатомы Гейне темпераменттiң түрлiше болып келуi жүйке жүйесiнiң тонусына байланысты деген. Орыс педагогы Лесгафт темпераменттер қан тамырларының жуандығы мен кеңдiгiне байланысты дедi.

Римнiң атақты дәрiгерi К.Гален темпераменттiң физиологиялық ерекшелiктермен қоса, психологиялық, тiптен адамның адамгершiлiк қасиеттерiне қатысты сапалармен байланысты деп түсiндiрдi.

В.Д.Небылицин темпераменттiң үш негiзгi компоненттерiн бөлiп қарастырды. Олар:

1) индивидтiң белсендiлiгi;

2) оның моторикасы;

3) эмоционалдылығы.

Бұл компоненттер құрылысы және психологиялық көрiну формалары жағынан әр түрлi. Бұл жерде үлкен орынды индивидтiң белсендiлiгi алады. Оған шаршау, инерттiлiк, енжарлық т.б. жатады. Ал, моторикаға қозғалыс тездiгi мен күштiлiгi, эмоционалдылық көңiл-күй, аффект,сезiм т.б.жатады.

Темперамент қасиеттерi:

Темпераменттiң мәндi қасиеттерiне жататындар:

1. Эмоционалды қозу. Бұл қасиет әте әлсiз сыртқы және iшкi әсерлерге жауап беру қабiлеттiлiгi арқылы түсiндiрiледi.

2. Зейiннiң қозуы-индивид психикасының икемделу қызметiн көрсетедi. Ол әсер ететiн тiтiркендiргiштердiң қарқындылығының аз ғана өзгеруiн байқауға қабiлеттi.

3. Эмоция күшi. Б.М.Тепловтың айтуы бойынша ол мотивтердiң қанағаттану және қанағаттанбауына тәуелдi ''iс-әрекет энергизациясынан'' көрiнедi. (Қазiргi психологтар бұл қасиеттi эмоционалды көрiнулердiң қарқындылығы мен модалдылығы деп атайды).

4. Үрейлiлiк. Б.М.Тепловтың түсiнуiнше үрейлiлiк дегенiмiз қатерлi жағдай кезiндегi эмоционалды қозу. Ол эмоционалды қозу мен үрейлiлiктi бөлдi. Эмоционалды қозу тiтiркендiргiш күшiне тәуелдi емес, ал үрейлiлiк тiтiркендiргiшке тiкелей тәуелдi.

5. Ырықсыз әрекеттердiң реактивтiлiгi. Жағдай мен тiтiркендiргiштерге икемделу реакциясының қарқындылығының күшейуiмен сипатталады.

6. Ерiктi мақсатқа бағытталған iс-әрекет белсендiлiгi. Б.М.Тепловтың айтуы бойынша нақты қойылған мақсатқа байланысты жағдайларды қайта жасау жолымен икемделу белсендiлiгiнiң жоғарылауы кезiнде көрiнедi.

7. Икемдiлiк-икемсiздiк. Iс-әрекеттiң өзгеретiн талаптарына икемдiлiк.

8. Резитенттiлiк. Басталған iс-әрекеттi әлсiрететiн және жүргiзбейтiн iшкi және сыртқы талаптарға қарсы тұра алу қабiлеттiлiгi.

9. Субъективизация. 

Кеңес психофизиологы Русалов жүйке жүйесi қасиеттерiнiң жаңа тұжырымдамасына сүйене отырып, темперамент қасиеттерiнiң ерекшелiктерiн ұсынды. Темпераменттiң компоненттерi: төзiмдiлiк, жылдамдық, сезiмталдық, икемдiлiк. Русаловтың айтуынша, бұлар биологиялық және генетикалық шарттастықта. Темперамент- психофизиологиялық категория, себебi ол толық туа бiткен де емес, ортамен байланысты да емес. Темперамент қасиеттерi заттылық iс-әрекет пен қарым-қатынаста әр түрлi, сондықтан да оларды жеке-жеке қарастыруымыз қажет. Айта кететiн бiр жайт, темперамент тек жүйке жүйесi қасиеттерiне ғана бағынбайды, сол қасиеттер тудыратын мiнез-құлық пен психикалық процесстердiң өту ерекшелiктерiне де байланысты болады. Танымдық процестер, заттылық iс-әрекет пен қарым-қатынасқа сәйкес темперамент қасиеттерiн қарастырайық.

Танымдық процестер бойынша:

Олар: 1) белсендiлiк (ойлау, қабылдау, қиял, зейiн қою, есте сақтау): адам белгiлi бiр обьектiнi қаншалықты тез есте сақтай алады, қабылдай алады, оған зейiнiн қоя алады. Ондағы қарқын психикалық процестер жұмысына байланысты.

2) өнiмдiлiк: белгiлi бiр уақыт iшiнде танымдық процестер арқылы нәтижеге жету.

3) қозу мен тежелудiң ауысуы: танымдық процестердiң бiр обьектiден екiншi обьектiге көшу немесе бiр әрекеттен екiншi әрекетке көшуде пайда болуын, тоқтауын немесе ауысу жылдамдығын көрсетедi. Мысалы: бiр адамдар ақпаратты басқаларға қарағанда тез еске түсiредi, бiр адамдарға бiр тақырыптан екiншi тақырыпқа ауысу үшiн ұзақ уақыт қажет. Бұл қасиеттер адам қабiлеттiлiгiн анықтамайтынын айта кету керек.

Заттылық iс-әрекет бойынша:

1) белсендiлiк: онымен байланысты қозғалыстардың күшi мен амплитудасын бiлдiредi. Ол белсендi адамда кең, ауқымды болады.

2) өнiмдiлiк: қозғалыспен байланысты әрекет өнiмдiлiгi белсендiлiк пен жұмыс қарқынына байланысты.

Қарым-қатынас бойынша:

1) белсендiлiк: белсендiлiгi жоғары адамның мимика, жест, пантомимикасы күштi, сөйлеу қарқыны мен қозғалыс темпi де жоғары.

2) қозу: баяуға қарағанда тез қозатын адам ортаға тез бейiмделiп, байланысқа тез түседi.

3) Тежелу: тез тежелетiн адам қарым-қатынасты тез тоқтатады, сөйлегiсi келмейдi.

4) өнiмдiлiк: ақпаратты қабылдау жоғары болса, оңай болады, төмен болса қиын болады.

Жалпы психикалық белсендiлiк темперамент сипаттамасында орталық орын алады. Бұл жерде сөз белсендiлiктiң мазмұны, оның бағытталуы туралы емес, оның динамикалық ерекшелiктерi мен iс-әрекеттiң энергетикалық деңгейi туралы болып отыр. Темпераментке қатысты белсендiлiк бойынша айырмашылықтар көбiнесе мына жағдайларда байқалады: қажеттiлiктiң өзiндiк байқалуы, әрекеттi болдыруға деген ынта, iстелетiн жұмыстың көп түрлiлiгi, реакциялар мен қозғалыстардың жылдамдық сипаттамалары.

Белсендiлiктiң динамикалық көрiнiстерi жүйке жүйесi типiнiң қасиеттерiмен байланысты екендiгi анықталды. Сонымен, белсендiлiктiң интенсивтiлiгi мен тұрақтылығы жүйке жүйесiнiң күшiне тәуелдi, ал белсендiлiктiң ауыспалылығы мен оның кейбiр жылдамдық сипаттамалары қозғалғыштық пен лабильдiлiкке тәуелдi.

Эмоционалдық бойынша динамикалық айырмашылықтар әсерленгiштiк (кей адамдарда ең болмашы себеп эмоционалды реакция тудырса, басқаларда ол үшiн үлкен әсер қажет), импульсивтiлiк (жылдамдықты бiлдiредi), эмоционалды лабильдiлiк (эмоционалды жағдайдың тоқтау жылдамдығы) деңгейлерiнде байқалады.

Темпераменттiң физиологиялық негiзi.

И.П.Павлов иттердегi шартты рефлекстердiң ерекшелiктерiн зерттей келе, олардың жүрiс-тұрысындағы жеке-дара ерекшелiктерге және шартты-рефлекторлы iс-әрекет өтуiне зейiн қойды. Бұл ерекшелiктер жүрiс-тұрыстың аспектiсi шартты рефлекстердiң тууының жылдамдығы мен нақтылығында, сонымен қатар олардың тынышталу ерекшелiктерiнде көрiндi. Бұл жағдай олардың негiзiнде жүйке процестерiнiң қасиеттерi туралы болжам айтуға мүмкiншiлiк бердi. И.П.Павловтың айтуы бойынша бұл қасиеттерге қозу және тежелу күшi, олардың тепе-теңдiгi мен қозғалғыштығы жатады.

И.П.Павлов қозу және тежелу күшiн қарастыра келе, оларды жүйке жүйесiнiң тәуелсiз қасиетi ретiнде қарастырды. Қозу күшi жүйке клеткаларының жұмысқа қабiлеттiлiгiн бейнелейдi. Ол жүйке жүйесiнiң ұзақ уақытты қозуларына деген шыдамдылық кезiнде көрiнедi. Ал тежелу әр түрлi тежелу реакциялары кезiнде көрiнедi.

Орыс физиологы И.П.Павлов ағзаны бiртұтас механизм деп қарастырып, ондағы ми қызметiне үлкен мән берген. Оның ойынша ми келесi қызметтердi атқарады:

1) Ми адам ағзасын сыртқы ортамен байланыстырып, оларды бейнелеп отырады.

2) Ми адам ағзасындағы әр түрлi мүшелерден белгiлi-бiр әсер ала отырып, сол әсерге байланысты өз қызметiн қажеттi түрде бағыттайды.

3) Ми адам ағзасындағы әр түрлi мүшелердiң қызметiн үйлестiрiп, бiрiктiрiп отырады.

4) Ми адам ағзасындағы мүшелер жұмысын реттейдi.

Бұған қоса И.П.Павлов жоғары жүйке жүйесi қызметiнiң мынадай негiзгi қасиеттерiн ашып көрсеткен:

1) Жүйке жүйесiнiң күшi.

2) Жүйке жүйесiнiң тепе-теңдiгi.

3) Жүйке жүйесiнiң қозғалғыштығы.

Жүйке жүйесiнiң күшi дегенiмiз- жүйке жүйесi мен жүйке клеткаларының жұмыс қабiлеттiлiгiнiң көрсеткiшi. Ол көрсеткiш не күштi болуы, не әлсiз болуы мүмкiн.

Күштi жүйке жүйесi тiтiркендiргiштерге төзiмдi болса, әлсiз керiсiнше болады.

Жүйке жүйе процессiнiң тепе-теңдiгi- қозу мен тежелудiң өзара тең екендiгiн көрсетедi.

Жүйке жүйе процессiнiң қозғалғыштығы дегенiмiз- бiр процесстiң екiншi процесске алмасу шапшаңдығы.

Жоғары жүйке қасиеттерiнiң келесi дегiдей типтерi бар. Олар: күштi және әлсiз. Күштiнiң өзi екiге бөлiнедi: тепе-тең және тепе-тең емес. Тепе-теңнiң өзi өз алдына ширақ(лабильдi) және тыныш(инерттi) болып бөлiнедi. Сонымен:

Күштi, тең емес, ұстамсыз-холерик.

Күштi, тепе-тең,қозғалғыш-сангвиник.

Күштi, тепе-тең, инерттi-флегматик.

Әлсiз тип-меланхолик.

Сонымен, И.П.Павлов жүйке жүйесiнiң типi деп туа берiлген және қоршаған орта, тәрбиенiң әсерiнен өзгеретiн жүйке жүйесiнiң қасиетi деп түсiндi. Бұл жүйке жүйесiнiң қасиеттерi темпераменттiң физиологиялық негiзiн құрайды.

И.П.Павловтың қазiргi ғылымның дамуына қосқан үлесi орасан зор. Оның жасаған жүйке жүйесiнiң типологиясы физиология тұрғысынан түсiндiруге болады, бiрақта ол шындық болып табылмайды. Себебi, адам мiнез-құлқы өте күрделi, ол туа берiлген сипаттамалармен ғана емес, сонымен бiрге әлеуметтiк жағдайлар талаптарымен, тәрбие ерекшелiктерiмен де анықталады.

 

Темперамент және жеке адам

Темперамент пен жеке адам өзара тығыз байланысты. Темперамент жеке адам қасиеттерiнде, әсiресе мiнез ролiнде анықталады. Темпераментпен әсерленгiштiк, импульсивтiлiк, уайымшылдық қасиеттерi байланысты.

1) Әсерленгiштiк- әр түрлi стимулдардың адамға әсер етуi, оларға жауап беру мен оларды есте сақтау мерзiмi. Бiрдей стимулдар жоғары әсерленгiш адамдарға әсер еткенде, олар сол әсерлердi өте ұзақ сақтайды және оған күштi жауап қайтарады.

2) Эмоционалдылық- әр түрлi оқиғаларға байланысты адамның эмоциялық реакцияларының жылдамдығы мен тереңдiгi. Кей адамдар онымен болып жатқан барлық нәрселерге тым үлкен мағына бередi, ешқашан да тыныштық қалпында болмайды, үнемi әр түрлi эмоцияларда болады.

3) Импульсивтiлiк- импульсивтiлiгi жоғары адамдар ойланбай бiр нәрсе iстеп қояды да, кейiн соған өкiнедi. Ол реакциялардың ұстамсыз, кенет пайда болуы мен iске асырылуына байланысты.

4) Уайымшылдық- уайымшылдығы жоғары адамдар уайымдау, үрейлену салдарынан әр түрлi эмоционалды күйге түседi: қорқыныш, қауiптiлiк, үрей. Уайымшыл адамдар бейтаныс адамдардан, телефон шылдырынан, емтихан тапсырудан, көпшiлiк алдында сөйлеуден т.б. қорқады. Оның ойынша, дүниедегi барлық нәрсе оған қауiп төндiредi.

Адамның мiнез-құлқы туа пайда болған белгiлi бiр тип өзгешелiктерiне ғана байланысты емес, жүйке жүйесi қызметiнiң өмiр сүру барысында қалыптасатын түрiмен де байланысты болады.

Кейде тыныш отырған флегматик холерикше буырқанып, күйiп-пiсуi мүмкiн де, ал холерик өз күш-жiгерiне сенбей меланхолик жағдайына түсуi де мүмкiн. Бұл жерден бiз аралық темпераменттердiң болатындығын байқаймыз. Темпераменттiң табиғи, қарапайым көрiнiстерi балалық шақта жақсы көрiнедi. Бала өскен сайын сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түсiп, одан алған әсерi де молая бередi.

 

Темпераменттiң психологиялы қ сипаттамалары

Холерик- аса қозғалғыш, ұшқалақ. Карым-қатынаста күйгелек, бiр беткей, iс әрекетке пысық. Олар айналысқан iсiн жан-тәнiмен iстеуi мүмкiн. Алдына қойған мақсатына жетуге тырысып бағады, бiрақ алдынан өте қатты кедергi кездессе оны ары қарай жалғастыруға сенiмi болмай да қалады. Өзiнiң мүмкiндiгiне сенiмi кетсе, еңсесi түсiп,ешнәрсеге көңiл бөлмей қояды. Дене қимылдары тез және жiгерлi,қызба келедi.Бiр сөзбен айтқанда, ұстамсыз, құйындай адам.

Сангвиник- қызу қанды, iскер адам. Қимыл-қозғалысқа белсендi. Адамдармен тез тiл табыса алады. Сангвиник-ойға жүйрiк, өткiр тiлдi, әр түрлi, көпқырлы жұмысты тез атқарады. Сангвиник жаңаны тез қабылдағыш, зейiндi келедi. Өмiр жағдайының өзгеруiне тез бейiмделедi.

Флегматик- барлық уақытта байсалды, ұстамды, бiр қалыпты, табанды, төзiмдi. Флегматик-салмақты адам, ол күшiн босқа жiбермей, бастаған iсiн аяғына дейiн жеткiзедi. Ол бөспелiктi сүймейдi.адамдармен қарым-қатынаста бiр сарынды. Баяулық пен селқостық оның осал жағы. өзақ уақыт жұмыс iстеуге төзiмдi. Олар жұмыста ұсақ-түйекке көңiл аудармайды.

Меланхолик- аса сезiмтал, тез жараланғыш. Ол тұйық, адамдардан оқшау жүргендi жақсы көредi. өсақ-түйектiң өзiне қатты қуанады, қатты ренжидi. Үйреншiктi, жақсы, тату-тәттi ұжымда меланхолик өзiн жақсы сезiнедi, жақсы ұстайды. Бұл ұжымда жұртпен жақсы қарым-қатынасқа түсiп, алған iсiн нәтижелi орындап, табандылық көрсетедi.

 

 

Темпераменттiң жастық ерекшелiктерi

  Темперамент қасиеттерi жүйке жүйесiнiң, олардың ең жақын физиологиялық негiзiн құрайтын қасиеттерi сияқты тумасынан пайда болады, мұрагерлiк анықталған болады.

Жүйке жүйесiнiң кей қатынастарының мұрагерлiк анықталғандығы ''егiздер әдiсiнiң'' қолданылуынан кейiн анықталды. Егiздерде психофизиологиялық қасиеттердiң ұқсастығы бұл қасиеттердiң мұрагерлiк арқылы пайда болғандығының дәлелi бола алмайды, себебi егiздер арасындағы ұқсастық даму жағдайларының бiрдейлiгiмен түсiндiрiлуi мүмкiн. Бiрақ егiздердiң екi типi болады: Бiр жұмыртқалы (мұрагерлiгi толығымен бiрдей) және әр түрлi жұмыртқалы (мұрагерлiгi ағайындарыныкi секiлдi әр түрлi). Бiржұмыртқалы егiздердi мұрагерлiк анықталған қасиеттерi бойынша ұқсастықтар көбiрек табылғандығы түсiнiктi. Егiздердiң жүйке жүйесi типтерiнiң қасиеттерiнiң ұқсастықтарын арнайы салыстыру мұрагерлiктiң маңызды ролiн анықтауға мүмкiндiк бередi.

Балаларды жүйке жүйесiнiң әлсiз типiнiң белгiлерi ерекшелейдi. Ол тек аз төзiмдiлiктi ғана емес, жоғарырақ сезiмдiлiктi бiлдiредi. Жүйке жүйесiнiң жастық әлсiздiгi балалық шақтарда әсер ету жарқындығына, балалық әсерленгiштiң, қозуға оңай өтудiң, импульсивтiлiктiң негiзi болады.

Балалық шаққа эмоционалдық уайымдардың импульсивтiлiгi және олардың тұрақсыздығы тән. Мысалы: жылаудан күлкiге жылдам өту әдеттегi жағдай болады.

Темпераменттiң жастық ерекшелiгi болатынын ескермеуге болмайды. Балалық шақтың әр кезiндегi белсендiлiктiң, эмоционалдылықтың, моториканың өзiндiк сфецификасы бар. Бастауыш мектептiк жастағы белсендiлiктiң сипаттарына қызығушылықтың оңай тууы және оның тұрақсыздығы тән. Жыл сайын жүйке жүйелерiнiң мүмкiндiктерiнiң артуы және оның құнды балалық қасиеттерiнiң шектелуi, жоғалуы болады.

Жастық ерекшелiктер фонында балалық шақтың алғашқы жылдарында-ақ баланың темпераменттiнiң қай типiне жататындығын көрсететiн динамикалық қасиеттерi бiлiнедi. Бұған байланысты айырмашылықтар бала сөйлей бастағаннан – ақ байқалады. Егер бала қатты, анық, тез сөйлесе, айқын жесттер мимикасы болса, ол сангвиникалық темпераменттiң белгiлерiн бiлдiредi. Егер ол баяуырақ, сабырлы, тепе-тең, кейде тоқтаулармен сөйлеп, жест, мимикасы айқын болмаса бұл флегматикалық темпераменттiң белгiлерiн көрсетедi. Холерикалық темпераменттi асығыс,секiрмелi сөйлеу көрсетедi. Ал, меланхоликалық темпераменттiң белгiлерi тежелген, тыныш, сыбырға дейiн түсетiн сөйлеу. Әрине, темперамент типтерiн анығырақ көрсететiн жағдай қозғалмалылықтың және баланың жалпы белсендiлiгiнiң ерекшелiктерi ескерiлуi. Бала психикасының динамикалық қасиеттерiнде темперамент типтерiнiң белгiлерiмен қоса темпераменттiң жастық ерекшелiктерi де көрiнедi.,

Динамикалық қасиеттер әрекеттердiң сыртқы үлгiсi (манерасы), қозғалысында ғана емес, ойлау сферасында, жалпы жұмыс қабiлеттiлiгiнде бiлiнедi. Әрине, темперамент ерекшелiктерi оқу сабақтарында және еңбекте де көрiнедi.

Педагогтар, тәрбиешiлер көрсетулерiнше балалар арасындағы жалпы белсендiлiк, сезiмдiлiктiң бiлiнуi бойынша айырмашылықтар жиi кездеседi. Мұндай ерекшелiктердi түсiндiру үшiн ұзақ және көп жақты байқау-бақылаулар қажет.

Баланы темпераменттiң белгiлi бiр типiне жатқызу үшiн мынадай қасиеттердiң көрiнуiне ерекше көңiл бөлу керек:

1) белсендiлiк-жаңаға талпыну, қоршаған нәрселерге әсер ету, қиыншылықтарды жеңу деңгейi бойынша анықталады;

2) Эмоционалдылық-эмоционалды әсерлерге сезiмдiлiк, эмоционалды реакцияға себептердi табу деңгейi бойынша анықталады;

3) Моторика-бұлшық еттiң тездiгi, ритмi, амплитудасы т.б. белгiлерiнен көрiнедi.

Темпераменттiң әрбiр типi өзiн оң және терiс психикалық қасиеттерде көрсете алады. Холериктiң энергиясы, құмарлылығы жақсы мақсаттарға бағытталса,құнды қасиеттер бола алады,бiрақ жеткiлiктi ұстамдылық,дұрыс тәрбиелеу болмаса, жиi жарылыстарға апаруы мүмкiн. Сангвиниктердiң етi тiрiлiгi, әсерленгiштiгi – жақсы қасиеттер, бiрақ тәрбие жоқтығы оларды тұрақсыздық, шашылуға апарады. Флегматиктердiң сабырлылығы, төзiмдiлiгi, байсалдылығы жағымсыз жағдайларда адамның көп әсерлерге сезгiшсiздiгiн тудыруы әбден мүмкiн. Меланхолик сезiмдерiнiң тұрақтылығы, тереңдiгi тәрбиелiк әсердiң жоқтығынан өзiнiң уайымына батушылық, аса ұялшақтыққа әкеледi. Сонымен, темпераменттiң бастапқы қасиеттерi жақсы, не жаман дамитындықты анықтамайды. Өсiп келе жатқан адам өзiнiң әрекетi мен iс-әрекетiн бiртiндеп реттеп үйренуi қажет. Әр түрлi темперамент әр түрлi өзiндiк ерекшелiктер мен айырмашылықтарға ие. Сондықтан да оған әсер ететiн тәрбиелiк әсерлер өте маңызды орын алады. Темперамент қасиеттерi,немесе психикалық динамикалық жақтарының ерекшелiгi адамды қалыптастыратын психикалық қасиеттердiң негiзгiсiнiң бiрi.

 

МІНЕЗ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Мiнез туралы жалпы түсiнiк. Мiнез анықтамалары. Мiнез қалыптасуының заңдылықтары. Мiнез қырлары туралы түсiнiк. Мiнез қырларын топтастыру.

Мiнездi зерттеуге теориялық және эксперименталды бағыттар. Эксперименталды зерттеулер мәселесiнiң негiзi ретiнде мiнез. К.Леонгард және А.Е.Личко тұжырымдамалары. Темперамент пен мiнез арақатынасы.

Мiнездiң қалыптасу ерекшелiктерi. Мiнез қалыптасуының ерекшелiктерi. Мiнез қалыптасуындағы сензитивтi кезең. Мiнез қалыптасуындағы үлкендер мен бала өзараәрекетiнiң рөлi. Мiнездiң мектеп жасында қалыптасуы. Өзiндiк тәрбие. Мiнез қалыптасуындағы еңбектiң рөлi.

Нақты адамды сипаттау немесе бағалау кезiнде оның мiнезi туралы айтады. Әрбiр адам басқа адамдардан өзiнiң даралық өзгешелiктерiмен ерекшеленедi. Адамдар өзара мiнез ерекшелiктерiне қарай ажыратылады. Мiнез деген психологиялық қасиеттiң төркiнi гректiң ''charakter'' деген сөзiнен шыққан. Мәнiсi -iз қалдыру. Психологияда бұл жеке,дербестiк мағынадағы адамдарға байланысты ұғым. Психологияда мiнез түсiнiгi адам iс-әрекетi және мiнез-құлқы формасында көрiнетiн жеке-дара психикалық қасиеттердiң жиынтығы.

Мiнез- әрбiр адамның жеке басына тән өзiндiк психологиялық қасиеттер мен ерекшелiктер жиынтығы. Мiнездiң қасиеттерi мен ерекшелiктерi әркiмде әр қилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын бiлдiредi. Мiнез-бұл адамның әлеуметтiк мiнез-құлқының ерекшелiгi, ол әлеуметтiк топтағы адамдардың жүктелген iсiн орындауында, адам аралық қарым-қатынасында көрiнiп отырады. Мiнез ерекшелiктерi адамның даралық өзiндiк психологиялық қасиеттерi. Дегенмен адам бойындағы ерекшелiктердiң бәрi бiрдей. Мысалы, естудiң нәзiктiгi, көздiң көргiштiгi, есте сақтаудың шапшаңдығы, ақыл ойдың тереңдiгi мiнез ерекшелiктерiне жатпайды. Адам мiнезiнiң көрiнiстерi әрбiр жеке жағдайда оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адамның iс-әрекетi сол iске деген қатынасымен қатар, ерiк-жiгерiне, көңiл-күйiне, зеректiгiне, ақыл ойына да байланысты болады. Соның нәтижесiнде адамның әр алуан психикалық процесстерi, оның iс-әрекет түрлерiне ықпал етiп, адамның ақыл ойын, көңiл-күйiн, эмоциясын, ерiк-жiгер қасиеттерiнiң ерекшелiктерiн айқын аңғартады. Мiнез өмiр бойы қалыптасуы мүмкiн. Мiнез қалыптасуы адам ойымен, сезiмдерiмен және ынталарына да байланысты болады. Сонымен адамның өмiр сүру ерекшелiгiмен қатар, оның мiнезi де қалыптасады. Осыған орай, өмiр бейнесi, қоғамдық талаптар және нақты өмiрлiк жағдайлар мiнез қалыптасуында мәндi рөлге ие.

Мiнездiң қалыптасуы даму деңгейлерiне және ерекшелiктерiне байланысты әр түрлi топтарда өтедi(отбасы, достық орта, класс, спорт командалары, еңбек ұжымы т.б.). Әр топтың құндылықты ерекшелiктерiне байланысты мiнез қырлары да дамиды. Мiнез қыры дегенiмiз адамның белгiлi бiр жағдайдағы мiнез-құлқын анықтайтын психикалық қасиет ретiнде түсiндiрiледi. Мiнез қырларының көптеген топтастырулары бар. Психологиялық әдебиеттерде көбiнесе екi бағыт кездеседi. Бiрiншiсi, мiнез қырларын психикалық процестермен байланыстырады және ерiктi, эмоционалды және интеллектуалды қырларды бөлiп қарастырған. Мiнездiң ерiктi қырларына жататындар: табандылық, батылдылық, қайсарлылық, өжеттiк, сабырлылық, байсалдылық, дербестiлiк, белсендiлiк, ұйымшылдық. Эмоционалды қырларына екпiндiлiк, әсерленгiштiк, қызбалық, инерттiлiк, байыпсыздық, қайырымдылық. Ал, интеллектуалды қырларға терең ойшылдық, тапқырлық, зеректiк, құмарлық, әуестiк жатады.

Екiншiсi, мiнез қырларын тұлға бағытына байланысты қарастырады. Тұлға бағдарының мазмұны адамдарға, iс-әрекетке, қоршаған әлемге және өзiне - өзi қатынасы кезiнде көрiнедi. Тұлғаның бағдары адамның өмiрлiк мақсатын, жоспарын, оның өмiрлiк белсендiлiгiнiң деңгейiн анықтайды.

Адамның тұлғалық қырларын шартты түрде мотивациялық және инструменталды деп екiге бөлемiз. Мотивациялық iс-әрекеттi оятады және бағыттайды, ал инструменталды бұларға белгiлi бiр стиль бередi. Тұлғаның мотивациялық қырлары сияқты, мiнез де әрекет мақсатын таңдау кезiнде көрiнедi. Бiрақ та мақсат анықталғаннан кейiн мiнез инструменталды рөл ретiнде, қойылған мақсатқа жету құралдарын анықтайды.

Мiнез тұлғаның негiзгi көрiнулерiнiң бiрi болып табылады.

Мiнездi зерттеуге теориялық және эксперименталды бағыттар.

Мiнездi зерттеу бұдан бiрнеше жылдар бойы басталған болатын. Мiнездi зерттеу дамуының ұзақ тарихы бар.

Адам мiнезiнiң даралық ерекшелiгi жайын ғылым тарихында тұңғыш рет сипатттап жазған ертедегi грек философы Теофраст. Бiрақ ол мiнездi адамның адамгершiлiк сапасына тән қасиет дейдi. Лабрю йер де ''Теофраст мiнездерi''деген еңбегiнде мiнездi адамның әлеуметтiк адамгершiлiк ерекшелiктерi жағынан қарастырған. Бұл бiрақ, темпераментке керi анықтама. Өйткенi темперамент – адамда туа пайда болатын генотиптi ағза қасиетi. Осы көзқарасқа орай, мiнез адамның туа пайда болатын фенотиптiк ерекшелiгi.

19 ғасырда француз ғалымы А.Бен мiнездi тек психологиялық ерекшелiк, дара адамның ақыл ойы мен сезiмiнiң және ерiк ерекшелiгiнiң қасиетi деп санады. Т.Рибо мiнездi сезiм мен ерiк ерекшелiгi десе, ал орыс дәрiгерi және педагогы П.Ф.Лесгафт ерiк қасиетi дедi. И.Кант мiнездi темпераментпен салыстыра отырып,оны адамның жүре пайда болатын қасиетi деп анықтады. Сондай-ақ ол адамның даралық қасиеттерiндегi туа пайда болатын ерекшелiктерi мен жүре пайда болатын ерекшелiктердi бөлiп көрсеттi. Ал Малапер Фуле т.б. мiнездiң туа пайда болуымен қатар, жүре пайда болатын ерекшелiктерi бар дедi.

Мiнез адамның басқа адамдармен жұмысына қатынасын бiлдiретiн жеке адамның тұрақты ерекшелiктерiнiң жиынтығы. Мiнез iс-әрекет пен қарым-қатынаста айқындалып, адам мiнез-құлқына тән көрiнiс бередi. Мiнез адамның өзi таңдаған iс-әрекетiнен байқалады. Кейбiр адамдар iс-әрекетiнiң аса күрделi қиын түрлерiмен айналасуды қалайды, олар үшiн кедергiлердi жеңу жолдарын iздеу, амалдарын табу қызықты болады. Ал, кейбiреулер iс-әрекеттiң ешбiр кедергiсiз оңай түрiн қалайды. Кейбiреулер үшiн жұмыс нәтижесiне қандай жол арқылы жеткенiнен басқа адамдарды басып озу басты мәселе болса, басқаларға әйтеуiр жұмысты бiтiрдiк деген ой өте маңызды. Адамдар мен қарым-қатынастағы мiнез-құлықтың (үлгiсi) манерасы адамдар әрекеттерiне жауап қайтаруларынан көрiнедi. Қарым-қатынас мәнерi сыпайы-анайы,биязы-дөрекi,әдептi-әдепсiз т.б. бола алады. Мiнездердiң темпераменттен бiр айырмашылығы,олар тек жүйке жүйесi қасиеттерiне ғана емес, адам мәдениетi мен тәрбиесiне де байланысты. Адам мiнезi-әр түрлi стимулдар мен түрлi оқиғаларға кездейсоқ жауап беру ерекшелiктерiмен айқындалмайды,ол оның негiзгi әрекеттерiн айқындаушы. Мiнездi адамның әрекетi әрдайым саналы, жауапты және ойланған түрде өтедi. Мiнездi адам сыртқы жағдайға қарамай дербес, өзiнiң ерiк-жiгерi мен белсендiлiгiн көрсетедi, өзiн-өзi ұстайды. Ал, мiнезсiз адам iс-әрекетпен қарым-қатынаста сыртқы жағдайларға бағынып, тәуелдiлiкте жүредi. Адамдардың мiнезi пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы бойынша темпераментпен байланысты, бiрақ мiнез тұрақты және өзгермелi болып келедi.

Жеке адам ерекшелiктерi:

Жеке адам ерекшелiктерiн келесi кездерде көруге болады.

1.Мотивациялық-iс-әрекеттi бағыттайды, тудырады.

2. Инструменталды-iс-әрекетке белгiлi бiр стиль бередi.

Мiнез мұнда жеке адамдардың инструменталды қасиеттерiне жатады. Одан iс-әрекет мазмұны емес, оны орындау мәнерi айқындалады. Бiрақ, мiнез мақсатты таңдаудан да байқалады. Мақсат таңдалса, мiнез инструменталды, яғни мақсатқа жету құралы болып табылады.

Адам мiнезiне кiретiн жеке адам ерекшелiктерi:

1.Iс-әрекеттiң мақсатын таңдауда адамдардың әрекеттерiн айқындайтын жеке адам қасиеттерi.

2. Алға қойылған мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер.

3.Темпераментпен байланысты инструменталды бiтiстер.

Осы бiтiстердiң барлығы бiр адамның бойына жиналып адам белгiлi бiр типке жатқызылады.

 

Мiнез типологиясы

1. Адам мiнезi онтогенездi пайда болып, бүкiл өмiр бойына тұрақты.

2. Мiнезге кiретiн жеке адам бiтiстерi кездейсоқ емес, олар мiнездi анықтауға көмектеседi және типтерге бөледi.

3.Сол мiнез типтерi бойынша адам мiнезi бiрнеше топқа бөлiнедi.

Э.Кречмер бойынша дене бiтiмi бет әлпетiне қарай астеникалық тип-арық, жiңiшке адам,соның арқасында ұзын болып көрiнедi. Астениктердiң дене және бет терiсi жұқа. Иықтары кiшкентай. Саусақтары ұзын жiңiшке, бұлшық еттерi нашар жетiлген,ал әйел адамдар сонымен қатар кiшкентай болады. Атлетикалық тип- орташа және ұзын бойлы, иықтары кең, көкiрегi үлкен, басы ұзынша, әрi тығыз, қаңқа сүйектерi мен бұлшық еттерi жақсы жетiлген. Пикниктик тип- орта бойлы, мойны қысқа, семiруге бейiм, себебi бұлшық еттерi мен қозғалыс аппараттары нашар дамыған. Э.Кречмердiң айтуы бойынша осы типтер психологиялық ауруларға шалдығуы мүмкiн. Астениктер мен атлетиктер шизофрения ауруына шалдығып жатады, оларды шизотимиктер деп атайды. Оларға ақ сүйектiк, сезiмталдылық, менменшiлдiк, суықтық, қатiгездiк, билiкке құмарлық және эмоциялардың болуы тән. Ал, пикниктер маникалды –депрессивтi психозға бейiм, оларды циклотимиктер деп атайды. Оларға ақ көңiлдiлiк, ашық мiнездiлiк, көпшiлдiк, көп сөйлегiштiк, қалжыңға бейiмдiк, жеңiлтектiк тән.

Мiнездiң психологиялық теориялары 19ғасырдың аяқ кезiнен бастау алады. Сол кездегi зерттеушiлер адамның мiнезiн дене құрылысына қарай түсiндiруге тырысқан.Адамның дене құрылысы қандай болса, оның мiнезi соған сәйкес қалыптасады дедi. Адамның мiнезiн сыртқы тұрқы, бет-әлпетi, нышандарынан зерттеп қарастыруға болады. Осы кезде френология ағымы қалыптасты. Ол ағым бойынша адамның бас сүйегiне, формасына,жүйке саласына қарап адамның мiнез-құлқын,ақыл-ойы дәрежесiн т.б.ажыратуға болады дедi. Ал, графалогия ағымы бойынша адамның жазуына қарап оның мiнез ерекшелiгiн ажыратуға болады дедi.

Осы кездерде көптеген ғалымдар мiнез мәселесiмен айна-лысты: немiс психиаторы Э.Кречмер, У.Шелдон, К.Леонгард, А.Е.Личко т.б.

Мiнез акцентуациясы А.Е.Личко бойынша: жас өспiрiмдердi бақылауға негiзделген, нақты бiр мiнез күшейуiн қарастырды, ол сыртқы жағдайларына байланысты.

1) Гипертимдi тип- қозғалмалылық, қарым-қатынасқа бейiм жасөспiрiм. Шуды жақсы көредi, тынымсыз ортада болуды қалайды. Көңiл-күйi өте жақсы болады, оқуы бiр қалыпты емес, бiр орында отыра алмайды,тәртiпсiздiк байқалады. Үлкен адамдармен конфликтiлерге жиi түседi. Көптеген нәрселерге қызығады, бiрақ ол тез өтедi. Өздерiнiң қабiлеттерiне тым сенгiш, тiптi шектен тыс өзiне сенедi. Елдердiң алдында өзiн-өзi көрсеткендi ұнатады, мақтаншақ болып келедi.

2) Циклоидты тип- апатияға бейiм, тез қозады, көбiнесе өзiмен өзi жалғыз қалғанды ұнатады. Барлық нәрселердi жүрегiне қатты алады. Екi үш апта сайын көңiл-күйлерi көтерiңкiден өзiне кетiп қалуға ауысады. Ескертулер жасағанда ашуланады.

3) Лабильдi тип- көңiл-күйi ауа райы секiлдi тез өзгередi, оған әр түрлi қарапайым нәрселер (бiреудiң көзқарасы, амандаспауы, бiр нәрсеге ден қоюы) себеп болады. Олардың мiнез құлқы уақытша көңiлге байланысты. Казiргiсi мен болашағы өзiнiң көңiлiне ұқсас болады, бiресе көңiлде, бiресе түңiлiп те қалады. Кейде сәтсiздiктер мен қиыншылдықтар болмаса да көңiл-күйi төмен болады, көп әуреленедi, сондай кездерде оның жақын адамдармен болғаны жөн,оның басқа нәрсеге айналғандығы қажет. Олар өзiне деген қарым-қатынасты ерекше сезiнедi.

4) Астено-невротикалық тип- қозғыш, шаршағыш, қырсық, Ақыл-ой жұмыстарына тез шаршайды.

5) Сензитивтi тип-жоғары сезiмталдық тип. Қозғалыс, құмар ойындарын жақсы көрмейдi, үлкен компанияларда болуды қаламайды. Бейтаныс адамдармен ұяң, ұялшақ болғандықтан тұйық болып көрiнедi. Тек жақын адамдарына ғана ашық сөзшең болады, өзiнiң қатарластарынан гөрi үлкен кiсiлермен, кiшкентайлармен болуды ұнатады. Үлкендердiң тiлiн алады, ата-аналарына жақын келедi. Ондай адамдарда''кемiстiк комплексi''болады. Ортаға бейiмделу қиынға соғады. Оларда жастайынан жауапкершiлiк қасиетi қалыптасып, өзiне және басқа адамдарға үлкен талаптар қояды. Дос таңдауда қателеспейдi, өзiнен үлкен адамдармен достасқанды қалайды, оларды өте жақсы көредi.

6) Психо-астеникалық тип- интеллектiсi тез дамиды, өзiн-өзi және басқаларды бағалауға бейiм, көп ойланып талқылауды ұнатады, бiрақ iс жүзiнде емес, сөз жүзiнде ғана мықты. Өзiне-өзi тым сену шешiмсiздiкпен байланысты. Абайсыз, салғырт, кенеттен шешiм қабылдайды.

7) Шизоидты тип- тұйық, өз қатарластарымен болғаннан гөрi үлкендермен болғанды ұнатады. Басқа адамдарға қызығушылығының жоқ екенiн, немқұрайды екенiн көрсетiп, олардың жағдайына көңiл бiлдiре алмайды. Iшкi жан дүниесi қиялға толы. Сырттай өз сезiмiн көрсете бермейдi, маңайындағылар оны түсiне бермейдi.

8) Эпилептоидты тип- көп жылап басқаларды мазасыздандырады. Ондай балалар кiшкентайлар мен жануарларды ренжiтедi, өздерiн диктатор деп санайды. Олар қатiгез, өзiн-өзi жақсы көредi, билеушi. Басқаларды қорқыту арқылы өзiне бағындырып, қиын ережелер қояды. Өзiн басқалардан жоғары деп санайды. Бастықтардың алдында бәрiн жасап, көтерiлуге тырысады.

9) Истероидты тип- үнемi ортада болуды қалайды, басқалардың алдында өзiн суреттеп көрсетедi. Олар басқа бiреудi мақтағанды, басқаларға көңiл бөлгендi жақтырмайды. Тек қана оны мақтап жүргендi ғана ойлайды. Көпшiлiк ортасында лидер болғанды ұнатады.

10) Тұрақсыз тип- ерiк-жiгерсiз, өзен ағысы бойынша өмiр сүредi. Той-томалақ жұмыссыздықты жақсы көредi. Талғаусыз, бәрiне қызығады. Өзiнiң болашағы жайлы ойламайды, кәсiби қызығушылығы жоқ.

11) Конформды тип- негiзгi ерекшелiгi барлығы сияқты болу. Өзi үшiн досын да сатып кетедi, бiрақ не iстесе де оған себеп табады.

К.Леонгард өз классификациясында адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасына сүйенедi:

1) Гипертимдi тип- анық жест, мимикалары болады.сөзге құмар қарым-қатынасқа бейiм, бастапқы тақырыптан кенет бас тартады, өзiнiң отбасылық қоғамдық мiндеттерiне қалай болса солай қарағандықтан адамдармен конфликтiге тез түседi, конфликтiнi өзi бастайды. Оптимист, энергиясы мол, iс-әрекеттi сүйедi. Бiрақ жеңiлтек, аморальды әрекеттердi жасайды. Жоғары қозғыштық қасиеттерi бар, жалғыздық пен қатал тәртiптi қиын көтередi.

2) Дистимдi тип- пессимистi көңiл-күйдi, аз сөйлегiш, үйде отыруды ұнатады. Тұйық өмiр сүредi. Конфликтiге түспейдi. Онымен достасатын адамдарды бағалап, тiптi оларға бағынады. Әдiл, байсалды, баяу ойлайды, бiрақ тиянақты.

3) Циклоидты тип-көңiл-күйi тез өзгередi, сондықтан да қарым-қатынаста өзгермелi болып келедi. Көңiл-күйi жоғары болғанда сөзге, қарым-қатынасқа жақсы түседi, төмен болғанда тұйық болады.

4) Қозғыш тип- вербальды және вербальды емес реакциялары баяу, контактiлiгi төмен, конфликтiге бейiм, көңiлсiз. Отбасында басшы болғанды ұнатады, коллективте бiрге бола алмайды. Қозған кезде ашуланшақ, өз әрекеттерiн қадағаламайды,жақсы күйде таза, ұқыпты, бала мен жануарларды сүйедi.

5) Тежелгiш тип- сөйлемейдi, басқаларды үйретедi. Конфликтiде белсендi роль атқарады. Қолға алған жұмыста үлкен дәрежеге жетуге тырысады. Өзiне үлкен талаптар қояды. Ренжiгiш, сезiмтал, өш алғыш, өзiне тым сенiмдi, қызғаншақ, ар ұяты мол.

6) Педантты тип- конфликтiде енжар жақта, жұмыста басқаларға үлкен талапты қойса да лидерлiктi кейде басқаларға да бередi. Өзiнiң тазалықты сүйюiмен үйдегiлердi де мазалайды. Ол ұстамды, тазалықты сүйедi, жұмыста сенiмдi, бiрақ конфликтiде ұрысқақ.

7) Уайымшыл тип- ұялшақ, өзiне сенiмсiз, конфликтiге аз түседi, енжар болады. Басқалардан көмек iздейдi. Достықты бағалайды, өзiн-өзi көп сынайды, алға қойғандарын орындайды. Қалжың көтергiш.

8) Эмотивтi тип- жарты сөзден ақ бiрiн бiрi түсiнетiн адамдар тобынан құралады. Ренжiсе оны iшiнде ұстайды, сыртқа шығармайды. Жауапкершiлiк, орындаушылық қасиеттерi бар, бiрақ жылығыш, тым сезiмтал жан.

9) Демонстративтi тип- байланысты жеңiл орнатады, мақтанғанды ұнатады, билеушi мен лидерлiкке талпынады, өзiнiң өзiне-өзi сенiмдiлiгiмен адамдарға ұнамайды. Конфликтiнi өзi тудырып, өзiн өзi қорғай алады. Басқаларға ұқсамайтын әрекеттер жасайды. Басқаша ойлайды, басқаларды қызықтырады, бiрақ эгоист, мақтаншақ, жұмыстан қашады, екiжүздi.

10) Экзалтацияланған тип- контактiге түсуi өте жоғары, сөзге құмар, тез ғашық болады. Дауласады, бiрақ конфликтiге жеткiзбейдi, конфликт кезiнде белсендi, әрi енжар болады. Достары жақындарына байланып қалады. Оларға көп көңiл бөледi. Талғамы жақсы, шын сезiмге бейiм. Көңiл-күйi тез өзгергiш.

11) Экстравертивтi тип- достары, таныстары өте көп. Сөзшең, әр түрлi нәрселер жайлы сөйлесе бередi, достары мен жақындарына лидерлiктi бередi. Олардан бiр нәрсе сұраса соны орындайды,зейiн қойып тыңдайды, бiрақ жеңiлтек. Басқалардың әсерiне бейiм, ойланбай бiр нәрсе iстей салады, әңгiме айтып отыруға бейiм, ойланбай көп нәрсе жасайды. Көңiлдi уақыт өткiзуге құмар.

12) Интравертивтi тип- тұйық, шындықтан алшақ, данышпандыққа бейiм, жалғыздықты сүйедi, тек өз өмiрiне басқа бiреу кiрiскенде ғана конфликтiге түседi. өстамды, принциптерi көп, қатал сенiмдерi мен көзқарастары болады. Бiрақ бiрбеткей, өз идеяларын дәлелдегiш, өз ойы қате болса да өз ойын дәлелдей бередi.

 Адам мiнезiндегi әрбiр ерекшелiк белгiлi жағдайларға сәйкес көрiнiс бередi. Мұндай ерекшелiктердiң өзiндiк физиологиялық ерекшелiктер бар. Адам мiнезiнiң физиологиялық негiзiн ашып көрсетуде ерекше орын алатын жәйт жоғары жүйке қызметiнiң типтерiндегi ауыспалы құбылыс. Осы орайда, И.И.Павлов қандай сигнал жүйесiнiң басым екендiгiне қарай адам мiнезiнiң типтерiн мынадай үш типке бөледi:

1.Ойшыл тип-бұл негiзiнен сөзбен байланысты,екiншi сигнал жүйесi рефлекторлық қызметiнiң басымдылығы.

2.Көркем тип-бiрiншi сигналдық шартты рефлекстiң басымдылығы.

3.Орташа тип-мұнда екi сигнал жүйесiнiң бiрде-бiрi басымдылық көрсете алмайды. Адамдардың көпшiлiгi осы орташа типке жатады. Адам мiнезiнде бұлардан басқа да мiнез ерекшелiктерiнiң пайда болуына әсер етiп отыратын арнайы типтердiң болуы ықтимал. Әр мiнез ерекшелiктерiне сәйкес әр түрлi типтегi адамдардың еңбексүйгiштiгi мен әрекетшiлдiгi де түрлiше болып келедi.

Адам мiнезiнiң құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Кейбiр мiнез ерекшелiктерi бiр-бiрiне тәуелдi, өзара байланысты болып келедi. Мiнездегi осындай әртүрлi қасиеттерден құрылған бiртұтас бiрлiктi мiнез құрылымы деп атайды. Ал, мiнездегi өзара байланысты психикалық қасиеттердiң жүйесi симптомокомплекс не факторлар деп атайды.

 

§ 2. Тұлға және мiнез

Тұлға құрылымында ең орталық орынды мiнез алады. Адам мiнезi көптеген адам бойындағы ерекшелiктерге, соның iшiнде танымдық процестерге де әсер етедi. Мiнез әрбiр адамның жеке-даралығын және жеке адамдық ерекшелiктерiн көрсетедi. Адам мiнезi жеке адам қызығушылықтарымен, қажеттiлiктерiмен, бағдарларымен, бағытымен, мотивiмен т.б. байланысты.

Психология ғылымында мiнез топтастырылып оның қасиеттерi мынадай төрт түрлi жүйеге бөлiнiп қалыптастырылады. Ондай қасиеттер адамның әр алуан нәрселерге қатынас ерекшелiктерiн көрсетедi.

1.Мiнездiң еңбекке байланысты қасиеттерi: еңбексүйгiштiк, адалдық, еңбекке жауапкершiлiкпен қарау, жалқаулық, немқұрайдылық.

2.өжымға, адамға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектiк, талапқойғыштық, асқақтық,менсiнбеушiлiк.

3.Өзiне-өзiнiң қатынасы: өркөкректiк, тәкаппарлық, мақтаншақтық, өзiмшiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк.

4.Заттарға қатынасы: ұқыптылық, салдыр-салақтылық, заттарды ұстап тұтынуы, ұқыпсыздығы.

Мұндай ерекшелiктер адамның азаматтық қасиеттерiн көрсететiн негiзгi және өзектi сипаттары болып табылады. Олар адамның қоғамдық қарым-қатынасы және әлеуметтiк типтiк ерекшелiктерi. Ал, мiнез құрылымының ерекшелiктерiне мыналар жатады:

1.Мiнездiң тереңдiгi. Бұл қасиет адамның қоғам тарапына орай көпшiлiкке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын бiлдiредi.

2.Адамның жеке басының ерекшелiгi, белсендiлiгi. Бұл қасиет мiнездiң күшi. Осыған орай, адам мықты, жақсы, тұрақты және нашар мiнездi болып келедi.

3.Мiнездiң тұрақтылығының, бейiмделгiштiгiнiң ерекше мәнi бар. Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзiмдiлiк пен бейiмделгiштiлiк көрсетiп,мiнездiң күшiн аңғартады.

§ 3. Мiнездiң қалыптасу ерекшелiгi

Мiнез өмiр барысында түзелетiн, қалыптасатын психикалық қасиет болып табылады. Бұл мiнез бала туылғаннан кейiн қалыптасатынын бiлдiредi. Адам мiнезiнiң қайнар көзiн және оның ең алғашқы белгiлерiнiң көрiнуiн өмiрдiң алғашқы кездерiнен


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: