Білім беру процесс ретінде 12 страница


Адамның педагогикалық іс-әрекетке сәйкестілігі 

 

Тұлға құрылымында түсінік берілген, педагогикалық іс-әрекет субъектінің сапаларын қарастыру, индивидтік, туа берілген және өзіндік, өмір барысында жинақталған тұлғалық сапаларды педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктерімен теңестіруге мүмкіндік береді. Осы мағынада теріс жұмыс істейтін К.К. Платонов ұсынған тұлға құрылымы болып табылады.

К.К. Платонов бойынша, тұлға күрделі құрылым ретінде қарастырылады, бұл құрылым төрт, төменнен жоғары орналасқан, шағын құрылымдардан тұрады: «4-ші төменгі, негізінен биологиялық шартталған тұлғаның шағын құрылымы темпераментті, қайталау (жаттықтыру) жолымен қалыптасатын жастық, жыныстық … қасиеттерді, қамтиды; 3-ші шағын құрылым, оған психикалық процестердің, биологиялық нышандар негізінде жаттығулар жолымен әлеуметтік қалыптастырылған даралық ерекшеліктері бейнелеу формасы ретінде жатады; 2-ші тәжірибе шағын құрылымы, оған оқыту жолымен алынған білімдер, дағдылар, іскерліктер және әдеттер жатады; 1-ші жоғарғы, тәрбиелеу жолымен қалыптасты-рылған бағыттылықтың негізінен әлеуметтік шартталған шағын құрылымы» [175, 190 б.].

Педагогтың өз кәсібіне сәйкестілігінің екінші жоспары – оның педагогикалық іс-әрекетке тұлғалық дайындығы. Дайындық адамның «Адам - Адам» типіндегі мамандыққа деген рефлексияланған бағыттылығын, оның дүниетанымдық кемелдігін, кең және жүйелі кәсіби-пәндік құзырлығын және де коммуникативтік және дидактикалық қажеттіліктер мен аффилияцияға деген қажеттілікті ұйғарады. Дайындық, 3-ші және 4-ші шағын құрылымдардың оптималды қызмет етуіне негізделе отырып, К.К. Платонов бойынша, тұлғаның 1-ші және 2-ші шағын құрылымдарын қамтиды.

Басқа адамдармен өзара-әрекеттесуге, педагогикалық қарым-қатынасқа араласу адамның педагог іс-әрекетіне сәйкестілігінің үшінші жоспарын айқындайды. Ол әңгімелесушімен контакт орнатудың жеңілдігін, барабарлығын, әңгімелесуші реакцияларын бақылап отыру іскерлігін, өзінің оған сәйкес жауап қайтаруын, қарым-қатынастан рахат алуды ұйғарады. Сыныптағы оқушылардың реакцияларын қабылдау және түсіндірмелеу іскерлігі, «кері байланыс арналары» арқылы келіп түскен сигналдарды талдай отырып, «жақсы коммуникатор» белгілері ретінде қарастырылады. Шәкірттермен, студенттермен педагогикалық қарым-қатынасты дұрыс ұйымдастырудың маңыздылығын есепке ала отырып, зерттеушілер педагогтың коммуникативтік қабілеттерін арнайы қалыптастыруға ерекше назар аударуда. Өйткені қазіргі кезде ол «педагогикалық қарым-қатынас құрылымдары мен заңдарын білмейді, оның коммуникативтік қабілеттері мен жалпы коммуникативтік мәдениеті нашар дамыған» [82, 11 б.].

Адамның педагогикалық іс-әрекетке жарамдылығы (бейімділігі), дайындығы және кірісуі оның субъекттік сипаттамасының үш жағының мәні. Әрине, адамның даралық-тұлғалық сапаларының педагогикалық іс-әрекетке сәйкестілігінің үш жағын толықтай дәл келуі (яғни, жарамдылықтың, дайындықтың және кірісудің тіркесімі) ғана оның неғұрлым тиімділігін қамтамасыз етеді. Алайда, шынайы өмірде сәйкестіліктің үш жоспарының тіркесімдерінің түрлі нұсқалары кездеседі, және де олардың әрқайсысы азды көпті түрде айқын көрінеді. Төменде келтірілген кесте сәйкестіліктің осы үш жағының ықтимал тіркесімдерін көрсетеді.

 

Адамның педагог іс-әрекетіне сәйкестілігі

Сәйкестілік сипаты Жарам-дылық Дайындық Кірісушілік
Толықтай сәйкестілік бар бар бар
Жартылай, бірақ тәжірибе нәтижесінде түзетуге оңай сәйкестілік бар бар жоқ
Өзін-өзі тәрбиелеу және өз-өзіне білім беру бойынша аумақты жұмыс нәтижесінде жойылатын жартылай сәйкестілік бар жоқ бар
Сәйкестілік жоқ, бірақ ол ұзақ өзін-өзі тәрбиелеу, оқу және тренингтер нәтижесінде қалыптастырылуы мүмкін бар жоқ жоқ
Кәсіби іс-әрекетке сәйкестілік жоқ – кәсіби жарамсыз адам жоқ жоқ жоқ

 

Педагогикалық іс-әрекетке сәйкестілік жоғарыда көрстелген оның көріністерінің жоспарларының әрқайсысымен мақсатты жұмыс нәтижесінде дамуы мүмкін екендігі өзіне назар аудартады. Педагогтың өз мамандығына және педагогикалық іс-әрекет талаптарына сәйкестілігінің барлық жопарлары неғұрлым толығырақ, мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалармен, ең турашыл, ақкөңіл және айнып кетпейтін өзара әрекеттесу серіктері ретінде жұмыс істеуде көрінеді. 

 

Мұғалім - білім берудің мектепке

дейінгі және кіші мектеп сатысында

Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекет субъекті ретіндегі кәсіби сипаттамалары олардың жиынтығында көрінеді, себебі мұғалім тұлға, педагогикалық өзара әрекеттесудің белсенді әрекеттенуші субьекті ретінде – тұтас күрделі жүйе. Бұл жүйе мұғалімнің кейбір жалпыланған психологиялық портреті («пішін» емес) ретінде, мұғалімнің жалпыланған тұлғалық-кәсіби бейнесінің (image) көрсетілуінің метафоралық формасы ретінде қарастырылуы мүмкін. Осы бейненің сипаттамасы қоғамдық санада біртіндеп бақылаулар, эмпирикалық (тәжірибелік), теоретикалық және эксперименталды жалпылаулар нәтижесінде қалыптасады. Бұл жерде олардың барлығы неғұрлым ашқытан-ашық мектепке дейінгі және кіші мектептік білім беру мұғалімдерінің психологиялық портретінде көрсетілген. Дәл осындай мұғалім, кез-келген білім берудің басқа деңгейіндегі және формасындағы (мектептегі, курстардағы, жоғары оқу орны және т.б.) мұғаліммен салыстырғанда, неғұрлым дамыған кәсіби-пәндік, тұлғалық (даралық-психологиялық) сипаттамалар мен коммуникативтік (интерактивті) сапалардың жиынтығына ие [83, 606-611 б. қараңыз].

Мектепке дейінгілер мен кіші мектеп оқушыларының мұғалімінің мұндай басымдылығы, ең алдымен мұғалімнің олардың жас ерекшеліктерінің алдындағы жауапкершілікпен шартталған, себебі бұл ерекшеліктерді есепке алу, оқудың басқа жағдайларындағыдай емес, міндетті және қажетті; ол мектепке дейінгі балалық шақ кезеңдегі баланың жетекші іс-әрекет түріне сәйкес, ойын формасындағы оқыту қиындықтарымен шартталған. Мұндай мұғалім үшін оның ең алдымен гуманистік бағдарланған тәрбиелеуші болуы ерекшелігі маңызды. Оның күш жігерлері тұтастай бала тұлғасын оқу пәнінің құралдарымен дамытуға бағытталуы керек (мысалы, ана тілінің). Осыған орай оқу пәнін, мысалы тілді меңгеруді ұйымдастыру мұғалім үшін өзіндік мақсат емес. Бұл мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы баланың дамыта оқыту теориясының контекстіндегі тұлғалық, интеллектуалдық, әлеуметтік дамуының құралы (Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов). Мұғалім тұлғасы, оның күйі, мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушысын ойымен оқытуға кірісуі, балалардың оқыту кезеңіндегі ғана емес, сондай-ақ келесі жылдардағы да күйлерінен, мінез-құлықтарынан, тұлғалық көріністерінен бейнеленетіні өте маңызды.

Кез-келген оқу пәні мұғалімінің психологиялық портреті келесі құрылымдық компоненттерге ие: адамның даралық сапалары, яғни оның индивид ретіндегі ерекшеліктері – темперамент, нышандар т.б.; оның тұлғалық сапалары, яғни, оның тұлға ретіндегі ерекшеліктері – адамның әлеуметтік мәні; коммуникативтік (интерактивтік) сапалар; мәртебелік–позициялық ерекшеліктері, яғни оның ұжымдағы жағдайының, рөлінің, қатынастарының ерекшеліктері; іс-әрекеттік (кәсіби-пәндік), сыртқы мінез-құлықтық көрсеткіштер. Аталған компоненттер жиыны мен тіркесімдердің ерекшеліктері оқытудың әр сатысы үшін, соның ішінде мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту мен тәрбие берудегі мұғалімнің психологиялық портретін анықтайды.

Мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімнің қажетті сапаларына жататындар: күш, салмақтылық, жүйке жүйесінің жоғары ұтқырлығы; бір қалыпты экстраверттілік; эмоциялардың аздығы және эмоционалды (жағымды эмоциялардың артығырақ болуы – қуану, рахаттану және т.б.) ұстамдылық (мұғалімде невротизм деңгейінің жоғары болуы мектепке дейінгі мекемелерде кәсіби қарама-қарсы көрестеліген); интеллектуалдық даму деңгейі сенсорлық-перцептивтік-мнемологиялық көрстекіштер бойынша (яғни, қабылдау, ес, ойлау көрстекіштері бойынша) және зейін сипаттамалары бойынша қалыптыдан төмен болмауы; қиялдау, елестету қабілеттерінің жоғары деңгейі.

Мұғалімнің жыныстық-жастық даралық сапаларының рөлін белгілей отырып, осы іс-әрекеттегі, тіпті жалпы мұғалімдік мамандықтағы ер адамдардың елеусіз орын алып отырғанын айтпауға болмайды (білім берудің жаппай феминизациялану қаупіне В. Собкин мәліметтері назар аудартады [203]). Мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушылары мұғалімінің жас адам болғаны жөн, жасы бойынша болмаса да, міндетті түрде рухы, мінез-құлық мәнері жағынан. Бұл жерде балалардың үлкендердің жасын дұрыс анықтай алмауы (оны жоғарылату) мен олардың жас кумирлерге ұқсауға ұмтылуларын есепке алсақ, өте маңызды.

Мектепке дейінгі мекемелердегі мұғалімнің қажетті тұлғалық (даралық-психологиялық) сапаларын қарастыра отырып, оларға ең бірінші келесілердің жататынын атап көрсетейік: а) өзін-өзі бағалау мен талап қою деңгейінің барабарлығы, б) мұғалімнің интеллектуалдық белсенділігін қамтамасыз ететін үрейліктің белгілі-бір оптимумы, в) мақсаттылық г) эмпатиялық. Жалпы адамзаттық мағынада ол адамдарға (балаларға) жақын, рақымды, адамгершілікті, зейінді және ақкөңіл адам болуы керек (В.А. Сухомлинский), ол үнемі олардың әлеуметтік қорғаусыздығын (Я. Корчак) есепке алады және балалардың позициясына өзін қойып, олардан өзін көргендей болады (Ш.А. Амонашвили).

Мектепке дейінгі мекеме мұғалімінің мәртебелік-позициялық сапаларын сипаттай отырып, мұғалімнің әлеуметтік рөлдерді ауыстыруының иілгіштігі мен жеңілдігінің (мұғалім, ақылшы, дос, ата-ана және т.б. рөлдері), бала позициясын қабылдауға дайындығының маңыздылығын атап өту қажет. В. Леви көрсеткендей, «мұғалім рөлі айқын, анықталған, бір мәнді, бірақ... онда қанша жасырын, айқын емес рөлдердің жатқаны, қандай басқа рөлдерді атқаруға ұмтылыс пен құралдары жатыр» [103, 77 б.]. Төменде келтірілетін мұғалімнің рөлдік репертуарының схемасы [103, 78 б.] көрсететіндей, мектепке дейінгі және кіші мектептегі оқыту процесінде мұғалім бала бағушы, әңгімелеуші, артис т.б. ретінде бола алады. Сонымен бірге, мұғалімнің балалар үшін мәнді рөлдер мен мамандықтарды және олардың атрибутикасын білу маңызды. Ғарышкер, хирург, жарысушы, менеджер, бизнесмен және т.б. – бұл адамдардың барлығы балаларды қызықтырып, өзіне тартады; жеңіпмаздың, ұтып алушының, командирдің рөлдері қызығушылықты және сол рөлде болуға ұмтылуды тудырады.

Бала позициясының мазмұнын құрайтын құндылықтар қаншалықты қарапайым немесе қызықсыз болып көрінсе де, мұғалім оған сыйлайтын, қызығушылық танытқан қатынас көрсету керек. Осы мағынада Ш.А. Амонашвилидің жаңа ғана мектепке қабылданған алты жасар балаларға жазған хаты көрсетімді. Мұғалім оқушыны оқытуды бірге өтетін жолдасындай, әріптесіндей көреді. «Сәлеметсің бе қымбаттым... мен сенің мұғаліміңмін. Менің атым Шалва Александрович. Сені құттықтаймын – сен мектепке келдің, ересек болдың. Біз екеуіміз жақын доср боламыз және де сен сыныптағы балалардың барлығымен достасады деп үміттенемін. Біздің мектеп үлкен, өтпелері бар төрт этаждан тұрады. Сен енді үлкенсің, сондықтан өз сыныбыңды өзің табуың керек... мен сені сыныпта күтемін, сенімен танысқаныма қуыаныштымын Мұғалім» [6, 12 б.]. Мұғалім – бұл баланы түсінетін, сыйлайтын, оның сенімін тудыратын жолдас. Мұғалімнің, оның даралық-тұлғалық ерекшеліктері мен шартталған коммуникативті (интерактивті) сапалары мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушыларының педагогикалық қарым-қатынас серіктерінің ерекшеліктерін бейнелейді. Балалардың жалғандыққа, өтірікке ерекше сезімтал екендігін есепке ала отырып, мұғалімнің үйірлік, оқу материалының меңгерілуін тексеру ретінде қарым-қатынас-

Мұғалімнің рөлдік репертуары (В. Леви бойынша)

 

 

 

 


тың нәтижесіне емес, тек өзіне деген нағыз қызығушылық сияқты сапаларының маңыздылығын атап өту керек. Қарым-қатынас процесін тиімді және балалар үшін қуанышты қылып ұйымдастыру үшін мұғалім оның пәнін білуі керек, яғни бала өмір сүретін мультфильмдер, ертегілер, кітаптар, күйтабақтар, оқиғалар дүниесіне ену және ең бастысы – осы дүниені өзі де қабылдауы керек. Зерттеулердің көрсетуінше, мектепке дейінгі жастағы балалардың осы дүниесін үлкендердің елестетуі қарапайым схемаланған, анық емес және көбінесе жалған екен. «Ал балалық шақ, – деп жазады В.А. Сухомлинский, – балалар әлемі –бұл ерекше әлем. Балалар өздерінің қайырымдылық пен зұлымдық, ар-намыс пен масқаралық, адамзаттық абырой жайлы елестетулерімен өмір сүреді; олардың өздерінің сұлулық өлшемдері бар, тіпті оларда басқаша уақыт өлшемі бар; балалық шақта күн жыл сияқты, ал жыл – мәңгілік» [207, 4 б.].

Мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушыларының мұғалімі үшін қарым-қатынастың демократиялық стилін ұстану орынды, яғни өзара эмоционалдық көңіл-күйге ортақтасуы ұйғаратын, «бірлескен шығармашылық іс-әрекетпен әуестену мен достық көңіл соғуға» (В.А. Кан-Калик бойынша)   негізінде. Сонымен бірге, баламен қарым-қатынас жасауда мысқылдаудан, баланың «Меніне» келеңсіз әсер етуден, басқалардың алдында оған сын айтудан мүлдем бас тарту керек. Мұғалімде әлеуметтік перцепция сапаларының жоғары деңгейде дамуының қажеттілігін, яғни балаларды дұрыс қабылдау, түсіну, сезіну, олардың күйлерін, мимикаларын, қол қимылдарын, тұрыстарын, сөйлеулерін (әсіресе, дауыс ырғағы) «оқудың» қажеттілігін көптеген зерттеушілер атап көрсетеді.

Мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушыларының мұғалімі үшін іс-әрекеттік-кәсіби сапалар, басқа мұғалімдер контингентіне қарағанда аз мөлшерде қажет деп есептелінеді. Бұл жағдай мұғалімдерді жұмысқа бағыттауға жауапты адамдардың әлеуметтік ұстанымдарында да бейнеленген. Мысалы, жоғары оқу орындарындағы дайындық курсын бітіргеннен кейін үлгерімі жақсы студенттер көбінесе жоғары оқу орындарына жұмысқа барады, ал орташалары – мектепке және мектепке дейінгі мекемелерге барады. Біріншісінің тіптен дұрыстығын дауламасақ та, екінішісімен келісуге болмайды. Шынымен де, орташа дайындалған мұғалімге түк білмейтін балалармен жұмыс істеген оңай, бірақ бұл сәби-оқушыларға қатысты мүлдем әділетті емес, себебі олар жаңадан оқуға араласып, кереметті танып, әлемді ашуды күтеді. Дәл осы мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушыларымен жұмыс істегенде мұғалім оқу пәнін толықтай білуі керек. Мысалға, тіл мұғалімі жоғары тіл мәдениетін, ойды тілдік формада білдірудің саналуандығын, жаттыққандығын және ауытқушылығын меңгерген болуы керек, оқытудың әдістемелік тәсілдерін мүлтіксіз игеріп, оқытудың ойындық әдістерін ұйымдастыру мен басқару ерекшеліктерін білуі керек (Д.Б. Эльконин бойынша, заттық, рөлдік, сюжеттік-рөлдік, ережелі ойындар), себебі олардың негізінде үйренушілердің жас ерекшеліктерін, олардың өзіндік сана-сезім құрылымдарын, балалардың интеллектуалдық іс-әрекеті мен мінез-құлқын нақты және барабар есепке алу жатыр. В.Вундтың «ойын – еңбек баласы» деген сөзін ұмытпаған жөн, бірақ бұл жайт, әсіресе балалар үшін өте күрделі. Іс-жүзінде дәл осы жас үшін, мұғалімнің академиялық, дидактикалық, ұйымдастырушылық қабілеттеріне негізделген педагогикалық іскерліктердің жүзеге асуы талап етіледі, олар мұғалімнің ақпараттық, ұйымдастыру, бақылау сияқты педагогикалық функцияларынан көрінуі тиіс.     

Кіші мектеп және әсіресе мектепке дейінгі мекемелердегі сыртқы мінез-құлықты мұғалім еліктеу үлгісі болуы керек, балаларды өзіне тәрбиелілігімен, білімділігімен, құзырлылығымен, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетімен тартуы тиіс. Олар мұғалім тұлғасының мысалы, әлі өздеріне таныс емес, әдемі тілде сөйлейтін шет тілі мұғалімінің шырмауында болуы керек. Мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушылары мұғалімінің дәл осы сапалары жинала келіп оның психологиялық портретінің құрылымын құрайды. Әрине, бұл идеалды модель, бірақ онымен теңестіруді әр мұғалімнің өзін-өзі жетілдіруінің және өзін-өзі дамытуының ішкі стимулы ретінде қарастыруға болады.

Қорыта келе, педагогикалық іс-әрекет субъекті ретіндегі педагогты жалпы келесі түрде сипаттауға болады: мақсаттың болуы, белсенділік, өзін-өзі реттеу; педагогикалық өзіндік сана-сезім іс-әрекет субъекті үшін ерекшелік дүние бейнесі ретінде болуы (Е.А. Климов терминдерінде [90]); оның педагогикалық іс-әрекетке сәйкестілігін анықтайтын даралық-психологиялық қасиеттер; педагогикалық қабілет-тер құрылымы; педагогикалық бағыттылық, өзін-өзі бағалауды, талап қою деңгейінің барабарлығы; эмпатия; альтруистік бағытталған қатынастар жүйесінің орын алуы.

Осыған сәйкес мұғалімнің психологтық-педагогикалық дайындығы (П.А. Просецкий, В.А. Сластенин, А.К. Маркова, А.Б. Орлов, Н.В. Кузьмина, А.А. Реан, Л.М. Митина) осы сипаттамалардың барлығын есепке ала отырып оқушыларды мұғалім мамандығына бағдарлаудан басталуы керек. Педагог іс-әрекетінің басында оның кәсіби бейімделуі мен бағыттылығы аса маңызды. Болашақ мұғалімнің қалыптасуы оның кәсіби талап қою деңгейін, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру тұрғысында жоғарлатуды қамтиды.

 

***

 

Педагогикалық іс-әрекет субъекті ретінде педагог даралық, тұлғалық, өзіндік субъектілік сапалардың қосылысы, жиынтығы болып табылады, олардың мамандық талаптарына барабарлығы оның еңбегінің тиімділігін қамтамасыз етеді.

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

 

1. «Адам-Адам» типіндегі мамандықты басқа типтегі мамандықтардан не ажыратады?

2. Қандай даралық сапалар (нышандар) адамның педагогикалық іс-әрекетке бейімділігін, оған дайындығы мен кірісуін қамтамасыз етеді?

3. Н.В. Кузьминаның педагогикалық қабілеттер түсініктемесіне деген келісінің А.К. Маркованың келісінен өзгешелігі неде?

4. Педагогикалық кәсіби өзіндік сана-сезімді құраушылар қандай?

 

Әдебиет

Голубева Э.А. Способность и индивидуальность. М., 1993.

Климов Е.А. Образ мира в разнотипных профессиях. М., 1995.

Кузьмина Н.В. Профессионализм личности преподавателя и мастера производственного обучения. М., 1990.

Маркова А.К. Психология труда учителя М., 1993.

Митина Л.М. Учитель как личность и профессионал. М., 1994.

Митина Л.М. Психология профессионального развития учителя. М., 1998.

Шадриков В.Д. Психология деятельности и способности человека. М., 1996.

 


3 тарау. Оқушы (үйренуші) (оқушы, студент)

оқу іс-әрекетінің субъекті

§ 1. Оқу іс-әрекеті субъекттерінің







Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: