Білім беру процесс ретінде 9 страница

«Біріншіден, тұлға болу – өз өмірінің субъектісі болу, дүниемен өзіндік виталды (кең мағынада) қатынастарын құру». Бұл адамның табиғатпен және әлеуметтік ортасымен өзара қатынастарының физикалық, психофизикалық, психологиялық, әлеуметтік жақтарын қамтиды.

«Екіншіден, тұлға болу – өзі әрекеттенуші ретінде болатын заттың іс-әрекеттің субъектісі болу».

«Үшіншіден, тұлға болу – ол қарым-қатынастың субъектісі болу», мұнда В.А. Петровский бойынша, өзара әрекеттесуші жақтардың өзара көрінулерін қамтамасыз ететін ортақ нәрсе қалыптасады. В.А. Петровский, осы категориялардың байланысын ұғыну үшін маңызды ойды атап өтеді, яғни «...қарым-қатынас субъектісі ретніде тұлға болу адамның басқа адамдар өмірінде қандай да бір мөлшерде идеалды бейнеленуінсіз мүмкін емес».

Төртіншіден, В.А. Петровский бойынша, тұлға болу дегеніміз өзіндік сана-сезім субъекті болуы, мұның өзі өзін-өзі бағалауды, өз «Менін» ашуды және де басқа өзіндік-тұлғалық конституенттерді қамтиды. Субъекттілікті тұлғаның құрастыратын сипаттамасы ретінде қарастыра отырып, В.А. Петровский педагогикалық психология үшін маңызды түсініктерді енгізеді: «виртуалды субъект» түсінігін қалыптасу, осы күйге өту мезеті ретінде, бұл адамдағы тұлғалықтың пайда болуымен байланыстырылады; «бейнеленген субъекттілік» түсінігін – «нағыз субъект өз-өзі үшін субъект және сонымен бірге алмайды және сонымен бірге басқа біреу үшін өзінің болмыс субьектісі болмай қалмайды» [171, 42 б.].

 

Субъекттік сипаттамалардың 

психологиялық-педагогикалық көрінісі

 

Субъект категориясының білім беру процесіне барлық мүмкін кескіндеріне талдау жасау мақсатында оның (субъекттің) негізгі сипаттамаларын тағы да бір рет атайық. Бұл келесі сипаттамалар (көрсетудің елеулі ырықты, іс-жүзінде бағдарланған формалары): 1) субъект объектті ұйғарады; 2) субъект өз әрекеттену формасы (құралдары, тәсілдері) бойынша қоғамдық; 3) қоғамдық субъект жүзеге асудың нақты да, даралық формасына ие; ұжымдық субъект әрбір индивидте көрінген және керісінше; 4) саналы реттелінетін іс-әрекет әрқашан да субъектілі, онда субъекттің өзі де қалыптасады; 5) даралық іс-әрекет субъекттісі – саналы әрекеттенуші; 6) субъекттілік басқа адамдармен қатынас жүйесінде анықталады – ол белсенділік, құмарланғыштық; 7) субъекттілік қарым-қатынастың, іс-әрекеттің, өзіндік сана-сезімнің және болмыстың ажырамас тұтастығы; 8) субъекттілік бұл жаралатын және және жойылатын, өзара әрекеттесуден (тұлғааралық, әлеуметтік, іс-әрекеттік) тыс болмайтын динамикалық бастама; 9) субъекттілік - бұл интерпсихикалық категория. Адамның осы субъекттілік сипаттамаларына, субъект түріндегі тұлға ретіндегі сапаларын да қосу керек. Ол Е.А. Климов бойынша бағыттылықты, мотивтерді қамтиды; қоршағандарға, іс-әрекетке, өзіне қатынасты; жинақылық, ұйымдасушылық, шыдамдылық, өзіндік тәртіп сияқты сапалардан көрінетін өзін-өзі реттеуді; креативтілікті, даралықтың интеллектуалдық қырларын; эмоционалдылықты қамтиды [90, 89 б.]. Осы сипаттамалардың барлығы толықтай немесе жинақталған формада білім беру субъекттеріне де тән.

 

§ 2. Білім беру процесінің субъекттеріне тән ерекшеліктер

 

Білім беру іс-әрекетінің біріккен субъекті

Педагогикалық және оқу іс-әрекетінің субъекттерін сипаттаған кезде, қоғамдық субъект (педагогикалық қоғамдастық немесе шәкірттік) бола отырып, әрбір мұғалім мен оқушының ең алдымен, бүкіл білім беру процесінің субъекті болатынын айта кету қажет. Біріккен субъект, қоғамдық құндылықтарды көрсете отырып, әр білім беру жүйесінде, мекемелерде әкімшілік пен оқытушылар ұжымымен, оқушылар қауымдастығымен (институтта бұл ректорат, кафедра, деканат, оқу тобы) көрсетілген. Осы біріккен субъекттердің іс-әрекеттері нормативтік-құқықтық және бағдарламалық бағытталады, тәртіптен-діріледі. Біріккен субъекттерге жататын нақты субъекттердің әрқайсысы жеке өзінің, бірақ келісілген, біріктірілген мақсаттарға ие. Олар белгілі бір нәтижелер формасында берілген, бірақ олардың функциялары мен рөлдері шектеулі, осыған орай білім бері процесі күрделі полиморфты іс-әрекет болып табылады. Іс-әрекет ретіндегі білім беру процесінің жалпы мақсаты – өркениет, нақты халық, қауым жинақтаған қоғамдық тәжірибені сақтау мен оны ары қарай дамыту. Оны осы тәжірибені игеруді ұйымдастырудың, беру мен алудың және оны меңгерудің екі қарсы бағытталған мақсаттары жүзеге асырады. Бұл жағдайда біз бүкіл білім беру процесінің идеалды біріккен субъекті жайлы айтамыз, оның әрекетінің тиімділігі екі жақты да ортақ өркениеттік-мәнді мақсатты саналы түсінуімен анықталады.

 

Білім беру іс-әрекеті субъекттерінің мотивациялық аясы

Білім беру процесі субъекттеріне тән арнайы ерекшеліктері, сондай-ақ, екі жақтан қалыптасатын олардың мотивациялық аясы болып табылады. Педагогикалық іс-әрекет субъекті идеалды схемада ортақ мақсатқа жету үшін жұмыс істейді – «оқушылар үшін және содан соң өзім үшін». Білім беру іс-әрекетінің субъекті осы схеманың кері бағытындағыдай жұмыс істейді: «өзім – үлкен мақсатқа жету үшін», алыстағы және әрқашан эксплициялана бермейтін перспектива сияқты. Білім беру процесі үшін жалпы мұғалім жағынан «оқушы үшін» және оқушы жағынан «өзі үшін» нүктені А.Н. Леонтьев терминологиясындағы, прагматикалық, «шынайы әрекет етуші», мотив анықтайды. Ол педагог пен оқушы тарапынан көрсетілген біріккен идеалды субъект әрекеттерін сипаттайды. «Түсінікті түрткілер» білім беру процесінің негізінде жатыр, бірақ оны не оқушылар, не педагог үнемі толық мөлшерде саналы түсіне бермейді.

 

Білім беру процесіндегі субъект іс-әрекетінің пәні

Біріккен субъект іс-әрекеті ретіндегі білім беру процесінің пән, яғни оның бағытталған нәрсесі, қоғамдық сананың білімдер жүйелерінің, іс-әрекет тәсілдерінің, құндылықтар жиынтығы болып табылады, оларды педагог тарапынан беру оны үйренушілердің игерулерінің белгілі бір тәсілдерімен кездеседі. Егер оның игеру тәсілі педаогог ұйғарған әдіспен сәйкес келсе, онда біріккен іс-әрекет екі жаққа да қанағаттану әкеледі. Егер осы нүктеде айырмашылықтар байқалса, онда пәннің ортақтастығы да бұзылады.

 

Субъекттердің дамуы және өзін-өзі дамытуы

С.Л. Рубинштейн бойынша, іс-әрекет субъекттісінің маңызды сипаттамасы – оның іс-әрекетте қалыптасуы және дамуы – бұл тек ғана оқушының дамуына емес, сондай-ақ педагогтың өзін-өзі дамытуына, жетілуіне қатысты. Білім беру процесінің өзгешелігі осы екі құбылыстың реципрокналығында (өзара толықтықтыру, өзара іске асыру): оқушының дамуы үнемі педагогтың өзін-өзі дамытуын ұйғарады, бұл оқушы дамуының шарты болып табылады.

Білім беру процесінің идеалды біріккен субъектті П.Ф. Каптерев тарапынан бір білім беру алаңымен, оқу мен даму алаңымен көрсетілгендігі көрсеткішті.

«Өнерлі мұғалім мен оқушыны өздігінен білім алу мен даму қажеттілігі байланыстырады. Өзін толыққанды дана деп санайтын және енді оқудың қажеті жоқ деген мектеп мұғалімі бұл алаңға жатпайды, даму даму баспалдағының ешқандай сатысында тұрмайды, ол білім беру жұмыстарына мүлдем бөгде... Ол мәдениеттен, оны игеру мен тұлғалық жетілу жұмыстарынан тысқары» [83, 601 б.].Білім беру процесінің субъекттері өзін-өзі дамытып отыруға «жазылған», оның ішкі күші олардың әр қайсысының дамуының бастауы мен импульсы ретінде қызмет етеді.

Субъект қатынастар жүйесінде

 

Білім беру процесі субъектінің өзгешелігі, субъекттің басқалармен қатынастар жүйесінде қалыптасуы сияқты маңызды сипаттаманы да бейнелейді. Білім беру процесі кез-келген педагогикалық жүйеде әр түрлі адамдармен, топтармен, ұжымдармен көрсетілген (оқытушылар, мұғалімдер, сыныптар және т.б.). «Әрбір дара субьект бір уақытта әр түрлі ұжымдық субъекттерге жатады. Танымдық іс-әрекеттің түрлі жүйелері, өз стандарттары және нормаларымен индивид бойында қайсы бір тұтастыққа ықпалдасады. Соңғының болуы Мен бірлігі үшін қажетті шарт болып табылады» [105. б. 281]. Сондықтан да ұжымдық субъект проблемасы өздігінен оқу тәрбиелік және өнімділік проблемасына, шәкірттер мен (Я.Л. Коломинский) мұғалімдер ұжымы-нының өзара қатынасы проблемасына әлеуметтік қоғамдастықтың жеке жағдайы ретінде айналады (А.В. Петровский, А.И. Донцов, Е.Н. Емельянов және т.б.).

 

***

 

Білім беру процесінің субьекттері таным, іс-әрекет, өмір субъекттеріне тән жалпы қасеттермен де, сондай-ақ олардың ерекшеліктері айқындалатын және олар үшін ерекше білім беру процесінің субъекттеріне тән қасиетттермен де сипатталады.

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

 

1. Объект пен субъекттің танымда және іс-әрекетте қатар болуы жайлы қағида нені ұйғарады?

2. Білім беру процесі субъектінің қандай сипаттамаларын негізгілер ретінде қарастыруға болады?

Әдебиет

 

Абульханова К.А. О субъекте психической деятельности. М., 1973.

Брушлинский А.В. Проблемы психологии субъекта. М., 1994.

Леонтьев А.Н. Избр. психологические произведения. М., 1983. Т. 1,2.

Лекторский В.А. Коллективный субъект. Индивидуальный субъект // Субъект, объект, познание. М., 1980.

 


2 тарау. Педагог- педагогикалық іс-әрекеттің


Субъекті ретінде

§1. Педагог - кәсіби қызметінің саласында

 

Педагогикалық мамандық

 

Педагогикалық психология дәстүрлі түрде арнайы бөлім – «мұғалім психологиясын» қамтиды, мұнда мұғалімнің кәсіби рөлінің маңыздылығы атап көрсетіледі, оның функциялары, қабілеттері, ептіліктері қарастырылады, оған қойылған талаптар мен қоғамда оған қатысты қалыптасқан әлеуметтік күтулер талданады. А.К. Маркованың айтуынша: «мамандықтар - бұл қоғамға қажетті, тарихи қалыптасқан іс-әрекет формалары, оны орындау үшін адам білімдер мен дағдылар қосындысына сәйкес, қабілеттер мен кәсіби маңызды сапаларға ие болуы керек» [130, 15 б.].

Мұғалім, Педагог мамандығы, дәрігер мамандығы сияқты, – ең көне мамандықтардың бірі. Онда ұрпақтар сабақтастығының мыңжылдық тәжірибесі жинақталған. Шын мәнінде, педагог – бұл ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, қоғамдық-тарихи тәжірибені тасушы. Халықтың қоғамдық-мәдени тұтастығы, жалпы өркениет, ұрпақтардың мираскерлігі көп жағынан Мектеп - Мұғалім рөлімен шартталған. Жалпы саны бірнеше он мыңдап саналатын, Мұғалім (Педагог) мамандығы, оның мазмұны, еңбек жағдайлары, сандық және сапалық құрамы өзгергенмен де, кәсіптердің өзгермелі дүниесінде айнымас болып қалады. Мысалы, әлеуметтік зерттеулердің көрсетуінше, мұғалімдердің сандық құрамы 1980 жылдан 1994 жыл аралығындағы жылдар бойынша тең емес мөлшерде қалады да және ауылдық жерлерде де өзгере отырып, 1993 жылға дейін өсу беталысына ие болған [203]. Педагог мамандығының бүкіл дүние жүзінде феминизациялану фактісі өзіне назар аудартады, әсіресе Ресейде әйел-мұғалімдердің саны 80% артық [203, 10 б.], мұның өзі ер адамның ықпалын талап ететін, ұлдарды, жасөспірімдерді тәрбиелеу сипатына әсер етпей қоймайды.

Педагогикалық іс-әрекеттің даралық субъекті ретінде бола отырып, педагог сонымен бірге, қоғамдық субъект – қоғамдық білімдер мен құныдылықтарды тасушы да болып табылады. Осыған орай, педагогтың субъективті сипаттамасында үнемі аксиологиялық (құндылықтық) және когнитивті (білімдік) жазықтықтар бірігеді. Бұл жерде екіншісі, сонымен қатар жалпы мәдениеттік және пәндік–кәсіби білімдерді қамтиды. Даралық субъект бола отырып, педагог әр қа­шан, даралық-психологиялық, мінез-құлықтық және коммуникативтік сапалардың алуан түрлігі тұсында да тұлға болып табылады.

 

Педаогогикалық мамандық басқа мамандықтар арасында

 

Е.А. Климовтың зерттеулерінде мамандықтардың бүкіл саналуандығы адамның айналасындағы табиғат, адамдар, техника әлеміне және т.б. қатынасының схемаларымен көрсетілген. Е.А. Климов ұсынған әдіс оларды еңбек пәні, оның мақсаттары, әрекеттер сипаты, еңбек қаруы және оның шарттары бойынша бөлуге мүмкіндік береді. Еңбек құралдары бойынша барлық мамандықтар – бионо­микалық (табиғат), техномикалық (техника), сигноникалық (белгілер), артономикалық (көркем бейнелер) және социономика­лық (адамдардың өзара әрекеттесуі) болып бөлінеді. Е.А. Климов кәсіби іс-әрекеттің бес схемасын анықтайды: «Адам – табиғат», «Адам – Техника», «Адам –Белгі», «Адам – Бейне», «Адам – Адам» [88-90].

Педагогикалық мамандық «Адам - Адам» деген типке жатады. Е.А. Климов бойынша мамандықтың бұл типі адамның келесі сапаларымен анықталады: адамдармен жұмыста тұрақты жақсы көңіл күй, қарым-қатынасқа деген қажеттілік, өзін ойша басқа адамның орнына қоя білу қабілеті, басқалардың ниеттерін, пиғылдарын, көңіл-күйлерін жылдам түсіне қою, адамдармен өзара қатынасты тез талғау, көптеген және әр түрлі адамдардың жеке қасиеттерін есте сақтап, ойда ұстау т.б. Осындай мамандық схемасындағы адамға тән: басқару, оқыту, тәрбиелеу ептілігі, «адамдардың түрлі қажеттіліктеріне қызмет етуде пайдалы әрекеттерді іске асыру»; тыңдау және ести білу; кең ой-өріс; тіл (коммуникативтілік) мәдениеті; «ақыл-ойдың жантанушылық бағыты, адамның сезімдерін, ақылын және мінезін, мінез-құлқын аңғара білу, оған өзінің немесе өткен тәжірибеден таныс ішкі дүниені жапсырмай, дәл оның өзінің ішкі дүниесін ойша елестету, модельдеу ептілігі немесе қабілеті»; «адам әрқашан жақсырақ бола алады деген сенімділікке негізделген, адамға деген жобалаушы қатынас»; уайымдаса білу, байқампаздық; «тұтастай халыққа қызмет ету идеясының дұрыстығына деген терең және оптимистік иланым»; стандартқа сай емес жағдаяттарды шешу; өзін-өзі реттеудің жоғарғы дәрежесі [90, 176-181 б.].

Бұл жерде, «Адам - Адам» схемасы типтік қалаулардың, қызығушылықтардың, адамның тұлғалық ерекшеліктерінің Дж. Холланд, Е.А. Климов) жинағымен сипатталатынын есепке алсақ, онда оның кәсіби сипаттамасы терең даралық түрлендірілген болып шығады.

«Адам-Адам» схемасымен жұмыс істейтін адамның кәсіби жарамдылығын талдау үшін, кәсіби қол бос болмаушылықтың осы типіне қарсы нәрселер тізімі орынды. «Берілген типтегі кәсібін таңдауға қарсы көрсеткіштер:сөйлеу ақаулары, мәнерсіз сөз, тұйықтық, өз-өзіне беріліп кету, айқын көрінетін дене кемістіктері, өкінішке орай, ебедейсіздік, шектен тыс баяулық, адамдарға селқостық, адамға ешбір пиғылсыз қызығушылық білдірудің болмауы» [90, 181 б.]. Бұл «Адам - Адам» типіндегі кәсіп субъектісінің жалпыланған портреті. Осы типке жататын педагогикалық мамандық тағы да бірқатар өзгеше талаптарды қояды, олардың ішінде негізгілері – кәсіби құзырлылық және дидактикалық мәдениет.

Педагогикалық іс-әрекетті еңбек қаруы позициясынан қарастырғанда өзіне назар аудартатын жағдай – онда басқа да қатынастар схемаларының шоғырлануы, ең алдымен «Адам – Белгі» схемасы. Белгілік, соның ішінде, тілдік жүйелер педагогикалық іс-әрекетте қоғамдық-тарихи тәжірибені тасымалдаушы негізгі құрал болып табылады, сонымен бірге таңбалық  жүйелер өз тарапынан меңгеру пәні болып келеді. Бүгінгі күнгі білім беру процесінде компьютерлік техника да аз рөл атқармайды. Педагог оны білімдерді беру құралы ретінде де, зерттеу, сонымен қатар, оқыту пәні ретінде де қолданады

Мамандықтың әр типі үшін әрекеттер құрамын талдай отырып, Е.А. Климов олардың төрт тобын ұйғарады:

1. Қозғалыстық әрекеттер (орын алмастыру, орналасу, бұрылу және т.б.).

2. Танымдық (гностикалық) әрекеттер, оған қабылдау, қиял және логикалық әрекеттер жатады.

3. Тұлғааралық қарым-қатынас әрекеттері, оған диагностикалау-шы, әрекет-талап, серіктесті ақпаратпен басқару әрекеті.

4. Жігерді келісімдеу әрекеті.

Педагог субъект ретінде осы әрекеттердің барлығын орындайтынын айта кетейік (аз мөлшерде бірінші топ әрекеттерін, және егер олар тек механикалық болған жағдайда. Аталған әрекеттер тобының барлығының педагогтың кәсіби іс-әрекетіне енуі оның интеллектуалдық және мінез-құлықтық мәдениетінің жан-жақтылығын анықтайды.

Кәсіби іс-әрекет субъект қойған мақсатқа байланысты жіктелуі мүмкін: гностикалық (танымдық), қайта құру немесе іздеу мақсаттары. Бұл жерде екіншісі мен үшіншісі міндет қоюмен және оларды орныдаудың жаңа тәсілдері мен құралдарын табуына байланысты. Қайта құрушы іс-әрекет заттардың, құбылыстардың, процестердің кез-келген класымен ара қатынаста. Педагогикалық іс-әрекет ең алдымен, субъектте қайта құру (өзгерту, дамыту) міндеттерін қою мен орындау іскерлігін және осы міндеттерді орындаудың жаңа құрал-тәсілдерін іздеу іскерлігін ұйғарады.

Еңбектің функционалды қаруларын белгілеген кезде – Е.А. Климов санаға қатысты сыртқы және ішкі кәсіби іс-әрекет құралдары мен тәсілдерін ойға алады, және де ең алдымен, «ауызша және жазбаша сөз, бейнелеуді» алады. Педагог сөзі оның іс-әрекетінің маңызды сипаттамаларының бірі екені белгілі.

Педагогтың педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретіндегі жалпы сипаттамасын, оның мақсаттарын, пәнін, құралдарын, әрекет тәсілдерін анықтау негізінде келтіру осы мамандықтың жалпы күрделілігі мен көпжақтығын көрсетеді.

 

Мамандық таңдау

 

Мамандық таңдауды не анықтайды деген сұраққа жауап бере отырып, Е.А. Климов негізгі сегіз факторды ұйғарады: 1) үлкендер, отбасы позициясы; 2) құрдастар позициясы; 3) мектептегі педагогикалық ұжым позициясы (мұғалімдер, сынып жетекшілері және т.б.); 4) жеке өмірлік және кәсіби жоспарлар; 5) қабілеттер және олардың көрінулері; 6) қоғамдық танушылыққа ұмтылу; 7) қандай да бір кәсіби іс-әрекет жайлы ақпаратты болу; 8) бейімділік [88, 121-128 б.]. Бұл факторлар, сөзсіз, педагогикалық іс-әрекетті мамандық ретінде таңдау үшін де маңызды. Алайда, келесі тарауда көрсетілетіндей, дәл осы мамандықты таңдауды анықтайтын ерекшелік факторлардың бірі, балаларға деген сүйіспеншілік, оларға тәжірибені игеруге көмектескенге бейімділік. Бұл фактор, Н.В. Кузьминаның мәліметтері бойынша неғұрлым типті. Басқаша айтқанда, педагогикалық іс-әрекет мазмұнының өзі – балаларды оқыту мүмкіндігі – педагогикалық мамандықты таңдауға неғұрлым көп әсер етеді. Н.В. Кузьминаның зерттеулерінің нәтижесі бойынша оны кездейсоқ таңдау 9% аспайды.

Олар педагогикалық іс-әрекеттің өзі үшін де мәнді болып табылады. Олардың ішінде аса маңыздысы: 1) мұғалім мен сүйікті пәннің әсері; 2) отбасы, отбасылық дәстүр әсері; 3) алдыңғы жұмыс тәжірибесінің әсері. 

Н.В. Кузьминаның мәліметтері бойынша, «педагогтарда маман-дыққа және іс-әрекет процесіне қанағаттану индексі жалпы жоғары» [100].  

Осылайша, педагог мамандығы кәсіби іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы позициясынан «Адам - Адам» қатынастар схемасында оның ерекшелік түрі болып табылады, ол ең алдымен, шәкірттерді оқу пәнінің құралдарымен және өзінің педагогикалық іс-әрекетінің тәсілдерінің көмегі арқылы дамыту мақсатымен анықталады. 

§ 2. Педагогтың субъекттілік қасиеттері

 

Жалпы педагогикалық ықпал

 

Ғасырдың басында-ақ П.Ф. Каптерев: «оқыту ахуалында мұғалім бірінші орынды алады, оның қандай да бір сапалар оқытудың тәрбиелік ықпалын жоғарлатады немесе төмендетіп отырады, – деп көрсеткен [83, 595 б.]. Сонда ол педагогтың, ұстаздың қандай қасиеттерін негізгі деп анықтаған? Ең алдымен, ол «арнайы мұғалімдік қасиеттерді» көрсеткен, оған «мұғалімнің ғылыми дайындығын» және «жеке мұғалімдік талантты» жатқызады.

«Объективті сипаттағы бірінші қасиет мұғалімнің өзі оқытып отырған пәнін білу дәрежесінде, берілген мамандық бойынша, туыстас пәндер, кең білімдегі ғылыми даярлық дәрежесінде жатыр; содан кейін – пән әдіснамалығымен, жалпы дидактикалық принциптермен таныстықта, және ең соңында, мұғалім жұмыс істеуіне тура келетін балалар жаратылысының қасиеттерін білуде жатыр; субьективті сипаттың екінші қасиеті – оқытушылық өнерде, жеке педагогикалық талант пен шығармашылықта жатыр» [83, 595 б.]. Екіншісі педгогикалық әдепті, педагогикалық өз бетіншелікті және педагогикалық өнерді қамтиды. Мұғалім үнемі ізденісте, қозғалыста, даму үстіндегі дербес, еркін жасампаз тұлға болуы керек. П.Ф. Каптеревтің: шығармашыл оқушы мен мұғалімді «өздігінен білім алу мен дамуға деген қажеттілік байланыстырады», біріктіреді, және де олар іс жүзінде, бір алаңның, бір баспалдақтың екі қарама-қарсы жағы болып табылады» деген пікірі, мұғалім мен оқушының оқыту процесіндегі нағыз оқудағы еңбектестігінің психологиялық табиғаты мен қажеттілігін түсіну үшін негізгі болып табылады.




double arrow
Сейчас читают про: