Полиция капитаны М.С.Мукашев 8 страница

Куәгерлер 1. _________________ (қолы)

              2. ________________ (қолы)

Криминалист-маман  криминалист маман полиция капитаны О.Р.Шабаловқа ҚР ҚПК 80-бабында көзделген құқықтар мен міндеттер түсіндірілді және оған өз міндеттерін орындаудан дәлелсіз себептермен бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін ҚР ҚПК 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылатыны туралы ескертілді.

Криминалист-маман ___________________ (қолы)

 

Қарап-тексеру барысында анықталды:

Қарап-тексеру обьектісі болып қала орталығында орналсған Гоголь көшесі, 55 үй болып табылады. Үйдің сол түстігінде елу метор арақашықтықта «Арман» боулинг кешені, ал оңтүстік жағында жиырма бес метр жерде астында балаллардың стоматологиялық емханасы бар бес қабатты тұрғын үй орналасқан. Қарама – қарсы көшеде яғни шығысында «бегемот» ойын сауық кешені және тұрғын үйлер орналасқан.

55 үй бес қабатты, кірпіштен жасалып, солтүстіктен оңтүстіккее қарай көше бойы орналасқан. Батыс жағынан үш поезд орналасқан.

Әрбір подъезге қарама қарсы кіреберістен бес метр арақашықтықта ағаш орындықтар орналасқан. Аулада 1200 шаршы метр шамасындағы балалар ойнайтын жер бөлініп, жан-жағында әртүрлі ағаш түптері өсірілген. Үйлен қырық бес метр жерде «Тополек» бала бақшасы орналасқан.

Азамат С.Д.Гончаров тұратын жетінші пәтер бірінше подъезд, үшінші қабатта орналысқан. Кіреберіс есік 2х08 м, стандартты өлшемде, сырты қара дермантинмен қапталаған, оң жақ қапталына екі топсамен бекітіліп, үйдің ішіне қарай ашылады. Қарап-тексеру кезінде есік 17 см-ге ашық тұрды. Есіктің құлпы екі бұрандалы шегемен ойып салынған, еденнен құлыптын төменгі қырына дейін 90 см. Құлыптың тілі 2 см-ге шығып тұр, оның үстінде ішкі жағында жаңадан жасалған сызаттар байқалды. Сызаттар бір-біріне қарама- қарсы және қатарынан орналасқан.

Құлыптан жоғары есік жақтауында тік бұрышты жаншылған із байқалды. Із өлешемдері – 25х32мм, треңдігі– 7мм. Іздің ортасынан есіктің астыңғы қырына дейін 116 см, қораптың ортаңғы қырына дейін- 26 мм. 25мм болып келген іздің қысқа жағы қораптың ішкі және сыртқы қырына қарама қарсы орналасып, іздің тереңдігі қораптың ішкі қырына қарай біртіндеп ұлғаяды. Іздің үстіңгі бұрышында көлемі 8х4 мм болатын жартылай сопақша түріндегі шығыңқы жер байқалады. Бұл шығыңқылық іздің қысқа жағымен қатар орналасқан.

Есіктегі құлыптың тідінің ізі суретке түсірілді. Қораптағы ізден пластилиннен көшірме жаслынып, ол метаға оралып, қорапшаға салынды. Қорапша жіппен буылып-түйіліп оны шеттер «ЖКД-13» деген мөрмен бекітілді.

Құлып есіктен шешіліп ақ қағазға оралып, қорапқа салынды. Қорапша жіппен булып-түціліп, оның шеттер»ЖКД-13» деген мөрмен бекітілді. Екі қорапта түсіндерме жазбамен бекітілді: «іздің пластилин көшірмесі» және «құлып», Энск қаласы, Гоголь көшксі 55 үйден 2016 жыл 20 қазандағы азамат С.Д.Гончаровтың пәтерінен жеке мүлкін ұрлау фатісі бойынша оқиға болған жерден алынған. Түсіндерме жазбалар тергеуші және куәгерлермен расталды.

Пәтерге кірген кезде 4х1,5 м көлемдегі тікше етор дәліз бар, еденге қоңыр түсті палас төселген. Кіреберістен оң жақ қабырғада киім ілгіш орнатылған, онда ер адамның көк түсті су өткізбейтен сырт киімі және сұрғылт пальто ілінген. Киім ілгіштің астында аяқ киімге арналған түп қоймада қара түсті ер дамның бәтенкесі тұр. Дәлізде басқа заттар байқалмайды. Дәліздің оң жақ қабырғасы (солтүстік) тегіс. Пәтерге кіреберістен 1,5 м арақашықтықтағы сол жақ (оңтүстік) қабырғада бөлмеге кіретін есік бар. Есік ағаштан жасалған, өлшемі 2х0,8м. есік қорабында маңдайшалар дәліз жағынанда бөлме жағынан да қағылған.

Қорабы мен маңдайшалар ақ түске боялған, есік бөлме ішіне қарай ашылған, қабырғамен жанасқан.

Есік жақтауынан он бес сантиметр жерде енденде үш см болып келген «LD» темеккісінің тұқылы табылып оның фильтр үстінде тіс іздеріне ұқсас, екі жаншылға із байқалды. Темекі құтылы картон қораьбына буылыр-түйіліп № 15 мөрмен бекітіліп, тергеуші және куәгерлегмен расталды. Қорап үстінде «2016 жылғы 20 қазандағы азамат С.Д.Гончаровтың пәтерінен жеке мүлкін ұрлау фактісі бойынша оқиға болған жерден алынған, үстінде екі жаншылған із байқалған «LD» маркалы темекісінің тұқылы нұсқасындағы түсіндірме жазба жасалды.

Қарап тексеру барысында және графит ұнтағымен есік қорабын, маңдайшамен жақтауды өңдеген кезде, сондай-ақ дәлізде іздер анықталмады.

Бөлменің көлемі 3х6 м. есікке қарама – қарсы оңтүстік қабырғада екі жарданашпалыдан тұратын терезе, ал оның оң жағында балконға шығатын есік орналасқан. Терезе және есік іш жағынан ысырылмалы шпингалетпен бекітілген және шілтір (тюль) шымылдықпен жабыңқырап қойылған. Терезенің алдында қабырғаға қатар журнал үстел және екі кресло тұр.

Шығыс қабырғада (бөлмеге кіреберістің сол жағында) диван батыс қабырғаға (кіреберімтің оң жағында) қарама қарсы – сервант, оның жанында «samsung» теледидпры қабырғада еденнен 1м 30 см арқашықтықта ілініп тұр. Есікке жақын жерде киім ілуге арналған шкаф орналасқан.

Бөлменің ортасы бос. Еденге шахмат ретімен паркет салынған, оның үстін ферритбарий ұнтағымен өңдеген кезде бірнеше үстіртін аяқ киім іздері айқындалды. Сервант жаындағы бір ізде сол аяқ киімніңи ұлтан бөлігі анық байқалған. Оның өлшемдері: жалпы ұзындығ – 31 см, ұлтан бөлігінің ең кең жері- 11см, іздің ортаңғы бөлігінің ең кең жері – 6 см, өкше ізінің ұзындығ – 8см, кеңдігі-7.5 см, ұшы домаланған, өкшенің алдыңғы жағы ойысты, ұлтандық бөлік және өкше бөлек бейнеленген. Ұлтаннан қалған іздің бір шетінен екінші шетіне дейінгі 8 мм арақашықтықта диаметрі 3мм көлеидегі сопақ түрдегі іздер бір-бірінен 18-20 мм болып орналасқан, іздің ортасында домалақ түрде көлемі 10мм болатын сурет бір-біріне қатар-қатар орналасқан. Өкше көшірмесінде көлемі 6мм үш домалақ сурет- екеуі өкшенің алднда, біреуі артқы қырында орналасқан.

Із масштабтық фотография ережесіменсуретке түсіріліп, түссіз дактопленкаға көшірілді, шетіне метал қапсырма шегемен бирка бекітілп, «ЖКД-13» мөрімен расталды. Биркада «2016 жыл 20 қазан күні жәбрленуші С.Д.Гончаровтың пәтерінен жеке мүлкін ұрлау фактісі бойынша оқиға болған жерді қарап тексеру барысында табылған сол аяқ киімнің үстіртін ізі» нұсқасандағы түсіндірме жазба жсалды. Бирка тергеуші және куәгерлермен расталды.

Сервант ақшыл ағаштан жасалған, оның үстіңгі және астыңғы секциялары екі жаққа кайырылып, ашылып жабылатын ағаш есіктен болса, ортаңғысы –жан-жағы ағаш шыныдан көмкерілген есіктен тұрады. Астыңғы секцияда екі сөреге асхана ыдыстары қойылған, үстінде – орармал, төсек-орын көншегі, мата кесінділері орналысып, олардың бүтіндігі бірқатар бұзылған. Ортаңғы секцияның есігі ашық. Бірінші сөреде 6 адмадық шай сервизі, екіншіде – 6 адамдық кофе сервизі қойылған. Үшінші сөре бос, онда диаметрі 6 см болып келетін домалақ 12 шаң қабатын алу іздері байқалған.

Қолдың терімайлық іздерін айқындау мақсатында сервант есіктерінің беткейі аргенторат ұнтағымен тозандандырылды. Оның нәтижесінде серванттың сол жақ есігінде қапсырма құлып саңылауынан 7,8 және 9 см аралықта бір-бірінен қарамасы оң жақ шетіне қарағанда 45 градус шамасында бүртік өрнектері сызықтарының үш термайлық із айқындалып, сұр түсті ұнтақпен боялды. Іздердің формасы сопақша, өлшемдері шамамен бірдей:-28 мм, ені-18 мм. Бүртік өрнектер анық, тұзақ типке жатады. Үстінгі іздегі тұзақтың аяғы оң жаққа, ал басқа екеуінің аяғы сол жаққа бағыттыалға.іздер орналасқан сервант есігі және іздердің өзі фотоға түсірілді және 6х9 өлшемдегі қара дактопленкаға көшірілді. Пленка үсті бір қабатпен жабылып, оған бирка тігілді, жіптің соңы «ЖКД-13» мөрімен мөрленд, түсіндерме жазба жасалып, тергеуші жіне куәгерлермен расталды. Маманның айтуы бойынша іздер сол қолдың нұқ, ортаңғы және аты жоқ саусақтармен қалдырылған, онда жеке белгілер жеткілікті және идентификациялауға жарамды.

Киім ілгіш шкаф ақшыл ағаштан жасалған, екі есігі бар оларды қарап тексеру барысында ашық болды. Шкафта ер адамның қара көк жіне сұр түсті екі кастюмі, үш көйлек, каракул жағалы қара қысқа пальтосы ілініп тұр. Осында бос алты киім ілгіште бар. Оң жақ есіктің сыртқы сол жақ бұрышында үстінгі қырынан 10 см аралықта бір-біріне жақын орналасқан екі әлсін көрінетін саусақ ізі байқалды. Бүртік өрнектер тұзақ болып келген, аяқтары оң жаққа бағытталған. Іздер сопақша, өлшемдері: үстінгі -14х20мм, астыңғы 15х18мм, арасы 10мм. Іздер қалта шамды кесе –көлденең түсіру арқылы анықталды, «канон» сандық камерасындағы макрофография функциясының көмегімен суретке түсірілді. Суретке түсірілгеннен кейін, іздер «рубин» магниттік ұнтақпен тозандандырылғаннан кейін, тағы жоғарыдағы жағдайға суретке түсірілді және 6х9 көлемдегі түссіз дактопленкаға көшірілді. Дактилоскопиялық пленка конвертке салынып, онда түсіндірме жазба жасалды: «2016жылғы 20 қазан күні жәбірлеуші С.Д.Гончаровтың пәтерінен жеке мүлкін ұрлау фактісі бойынша шкаф үстінен табылған екі саусақ ізі көшірлген дактилоскопиялық пленка». Конверт «ЖКД-13» мөрімен мөрленді, тергеуші және куәгерлермен расталды.

Шкафтың сол жақ есігіне жақын жерде еденде ер адамның (жағасы 39 болып келген) ақшыл, мақтадан жасаған көйлегі жатыр. Көйлек қолданыста болған, кіршең, оның алдыңғы беткейінде 15-ке жуық формалары әртүрлі, көлемі 0,2х02 ден 10х5 см болып келген қызғылт-қоңыр дақтармен кірленулер байқалды. Бұл дақтар матаны қалыңдатқан және біршама оған сіңіп кеткен. Көйлек полиэтилен пакетке салынып, шпагат жіппен буып-түйілді, жіптің аяғы «ЖКД-13» мөрімен мөрленді. Биркада «20136 жылғы 20 қазанда жәбірленуші С.Д.Гончаровтың пәтерінен жеке мүлкін ұрлау фактісі бойынша үстінде қызғылт –қоңыр дақтар мен кірнеулер орнласқан көйлек» нұсқасындағы түсіндірме жазба жасалды. Бирка тергеуші және куәгерлермен расталды.

Пәтер дәлізінің соңында оң жаққа қарай көлемі 2х1 м болып келген ас бөлмесіне қарай өтетін жер орналасқан. Өтетін жерден сол жақта жуынатын бөлме дәреханамен біріктірілген. Есігі стандартты, жабық тұр есікте және жуынатын бөлмеде іздер табылған жоқ.

Ас бөлменің есігі жоқ, көлемі – 3х2 м. Кіреберіске сол жақта «LG» мұздатқышы тұр. Алдыңғы сол жақ бұрышта су жүргізетін құбыр және ыдыс аяқ жуатын шұңғылша орналасқан. Батыс қабырғада – газ плитасы.оңтүстік қабырғада жанында кіреберістен оң жақта ас ішетін үстел, оның жанында екі ағаштан жасалған орындық.

Үстелдің үстінде ішінен спирт иісі байқалған бос шөлмек тұр. Шөлмек жапсырма қағаз жоқ, түссіз шыныдан жасалған, биіктігі 225 мм, тұрақты жерінің диаметрі 65мм, қылта маңайы 22 мм. Шөлмек үстін кесе-көлденең жарықта көзбен шолу барысында түбінен 2 мм аралықта бүртік өрнегі өлмеші -20х18 мм, ал қалған екеуі – тікшеленіп келген, олардың өлшемі – 25х16мм және 27х20мм. Іздер арасы 10х15мм тең, ортаңғы із басқаларынан 3мм биік орналасқан.

Үстел үстінде көлемі 0,5 л болып келген, түссіз щыныдан жасалған «хаома» арағының бос шөлмегі тұр. Оның үсті мейлінше таза. Әртүрлі жарықтарда шөлмекті қарау барысында цилиндрлік бөлігінде этикетканың сол жақ шетінен 4 см және түбінен 7 см аралықта 3 түссіз саусақ ізі табылды (екеуі шөлметің бір жағында, бір-бірінен 0,5 см аралықта, ал біреуі қарама-қарсы жақта орналасқан.) іздердің барлығы шөлмектің түбіне қатарынан орналасқан. Төменгі із сопақша болып келген, өлшемі – 20х18мм, үстінгісі тікшеленіп келген, өлшемі-27х20мм, қарама-қарсы жақтағы із сопақша, өлшемі – 35хмм. Іздердң ортаңғы бөлігі дельтамен бірігіп бейнеленген, типі- қарапайым тұзақ, аяқтары оңға қарай бағытталған. Табылған іздер қара стеклографпен сызылды. Маманның айтуы бойынша із оң қолдың бас, ортаңғы және аты жоқ саусақтарымен қалдырылып, теңдестіруге жарамды болып табылады.

Шөлмек картон қорапқа салынып, шпагат жіппен буып-түйілді, жіптің аяғы «ЖКД-13» пластилин мөрімен мөрленді. Қорапта «2016 жыл 20 қазанда жәбірленуші С.Д.Гончаровтың пәтерінен жеке мүлкін ұрлау фактісі бойынша қарау барысында үстінде үш саусақ ізі орналасқан шөлмек» нұсқасындағы түсіндірме жазба жасалды, тергеуші және куәгерлермен расталды.

Қарап-тексеру барысында Гоголь көшесінегі 55 үй жанында орналасқан құрылыстар және поъездге келетін жермен біріктіріліп, панораммалық тәсілмен фотоға түсірілді; № 55 үй қоршаған ортасыз подъездге келетін жермен; №7 пәтерге кіретін есіктің жалпы түрі; құлып және іздер орналасқан жері; сындыру құралынан қалған жаншылған із; дәліз бөлме және ас үйдің жалпы түрі; «LD» темекісінің тұқылы; қызғылт-қоңыр дақтармен кірнеулер орналасқан көйлек; аяқ киім ізі; серванттың сол жақ есігі бөлек және саусақ іздерімен қоса; шаң қабаты алынған сервант сөресі; киім ілетін шкафтың оң жақ есігі; шөлмек және ондағы саусақ іздері.

Фотоға түсіру «canon» сандық камерасымен жүргізілді. Түсіру шарттары; диафрагмма- 8; ұсталым – 1/ 250. пәтерде суретке түсіру барсында жарқ етпе лампасы қолданылды, ал іздерді түсіру кезінде камерадағы макрофотография функциясы және масштабтық сызғыш пайдаланылды.

Қарап-тексеру, бұлыңғыр күн райында, күннің табиғи жарығында және ауа температурасы -5 градус шамасында болған кезде жүргізілді.

Оқиға болған жерден алынғандар:

1. Ойып салынатын есік құлпы (№1 пакет)

2. Сындыру құралынан қалған іздің пластилин көшірмесі (№2 пакет)

3. «LD» темекісінің тұқылы (№3 пакет)

4. Дактилоскопиялық пленкадағы аяқ киім ізі (№4 пакет)

5. Дактилоскопиялық пленкадағы сервант және шкаф есіктеріндегі саусақ іздері (№5- 6 пакет)

6. Қызғылт –қоңыр дақтар мен кірнеулер орналасқан көйлек (.№7пакет)

7. Саусақ іздері орналасқан шөлмек (8 қорап)

Қарап-тексеру кезінде қарап-тексеру тәртібі, хаттама мазмұны, жоспарлар мен схемалар бойынша қатысушылардан өтініштер мен ескертпелер түскен жоқ (түсті):

 ________________________________________________________________________

Куәгерлер:                            ________________(қолы)

                                      ________________(қолы)

  Қатысушылар:       _____________________ (жедел уәкіл, қолы)

                                 _____________________ (аймақтық инспектор қолы)

                                              _____________________

Криминалист-маман _____________________________ (қолы)

 

Қарап-тексеру жүргізген:

Энск қаласы ІІБ ПБ тергеушісі полиция лейтенанты                               Н.С.Сабитов

 (тергеушінің (анықтаушының) лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні,қ олы)

 

=========================================================

Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірген адамды процестік ұстап алу

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                               2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев Энск қ. ІІБ әкімшілік ғимаратының № 17 қызметтік бөлмесінде Қазақстан Республикасы ҚПК 64, 128-132, 134, 197, 199-баптарының талаптарын сақтай отырып, осы процестік ұстап алу туралы хаттаманы жасады:

Т.А.Ә. А.:                                   Бакиров Дамир Қайратұлы

Туған кезі:                                1989 жылғы «15» желтоқсанда туған

Туған жері:                               ОҚО, Энск қ.

Жеке басты куәландыратын құжат: Қазақстан Республикасының ӘМ берген №258957033 паспорт

Ұлты:                                        Қазақ

Азаматтығы:                             Қазақстан Республикасының

Білімі:                                        орташа

Жұмыс орны, лауазымы (оқу орны): жұмыс істемейді

Тіркелген жері:                          Тұратын жері (нақты тұратын жері): Энск қ., Жанибеков көш., 24 үй, 12 пәтер

Отбасылық жағдайы:                      үйленбеген

Әскери міндеттілікке қатысы: әскери міндетті

Соттылығы:                              бұрын сотталмаған

Қазақстан Республикасының ҚК 188-бабы 4-бөлігі 3 тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін күдікті.

 

Жеткізілген уақыты:              20 сағат 00 минут,

Нақты ұстап алынған уақыты: 19 сағат 30 минут.

 

Энск қ., Жанибеков көш, 24 үй, 12пәтер

(ұстап алынған жері)

Ұстап алуға негіз:

1) адам қылмыс жасау кезінде немесе тікелей оны жасалғаннан кейін ұсталса,

 

2) көзімен көргендер (куәлар),оның ішінде жәбірленуші осы адамды қылмыс жасаған адам ретінде көрсетсе не бұл адам ҚПК 130-бабында көзделген тәртіппен ұсталса,

3) оның бетінде немесе киімінде, оның бойында немесе оның тұрғынжайында қылмыстың анық іздері табылса;

4) шұғыл-іздестіру қызметінің және (немесе) жасырын тергеу әрекеттерінің заңға сәйкес алынған материалдарында аталған адамға қатысты жасалған немесе жасауға дайындап жатқан қылмыс туралы анық деректер болса.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ҚПК 128-бабы 4-бөлігіне сәйкес адамға қылмыстыққұқық бұзушылық жасады деп күдік келтіруге негiз беретiн өзге де деректер болған кезде ол адам жасырынуға әрекет жасаса не оның тұрақты тұрғылықты жерi болмаса немесе күдіктінің жеке басы анықталмаса не сотқа күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат жіберілсе ұстап алынуы мүмкін.

Ұстап алу себептері:

1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруден және соттан жасырыну мүмкіндігі.

2. Бостандықта жүрген кезде қылмыстық істік объективті тергеп-тексерілуіне кедергі жасау мүмкіндігі.

 

Ұстап алынған: Д.Қ.Бакировқа, Қазақстан Республикасының ҚПК 131-бабы 1-бөлігіне сәйкес қандай құқық бұзушылық жасауға күдікті екені ауызша хабарланды, сондай-ақ қорғаушыны шақырту құқығы, үнсіздік сақтау құқығы және оның айтқандары сотта оған қарсы қолданылу мүмкіндігі түсіндірілді.

Д.Қ.Бакиров _______________________

 (ұстап алынушының қолы)

 

Қазақстан Республикасының ҚПК 64-бабы 9-бөлігіне сәйкес ұстап алынған: Д.Қ.Бакировқа күдіктінің мынадай құқықтары түсіндірілді:

1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алу;

2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білу;

3) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;

4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалану;

5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесу;

6) күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана айғақ беру;

7) күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алу;

8) айғақ беруден бас тарту;

9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын және күзетпен ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме алу;

10) дәлелдемелерді ұсыну;

11) өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеу;

12) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беру;

13) аудармашының тегін көмегін пайдалану;

14) өз өтінішхаты бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысу;

15) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласу;


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: