Полиция капитаны М.С.Мукашев 7 страница

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Тәркілеу жасау үшін Қазақстан Республикасының ҚК 188 бабының 1 бөлімінде көрсетілген қылмыстардың белгілеріне № 15270001100060 қылмыстық ісінің материалдарын жатқызу.  

2. Осы қаулының көшірмесін прокурорға жіберу.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлау.

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

БЕКІТЕМІН Энск қ. ІІБ бастығы С.Ә.Дюсебаев САНКЦИЯ БЕРЕМІН Энск қ. прокуроры Д.Қасымбеков

Орынға жасырын кіру (немесе) тексеру туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ КПБ жедел уәкілі полиция капитаны Ж.Қасыиов №16777999111 қылмыстық іс бойынша Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитан Н.Н. Мукашевтің 20__ж. 02 қазандағы №7 жеке тапсырмасын, сондай-ақ жасырын тергеу әрекетін жүргізудің негізділігін растайтын материалдарды қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

30.09.20__ жылы полиция бөліміне Энск қаласы Байтұрсынов көш, 15-47 мекенжайы бойынша тұратын Д.О. Мырзаев жүгінді, ол 30.09.20__ жылы 02:00 және 05:00 сағат арасында белгісіз адамдап кілтті таңдап алып, оның тұрғын үйіне кіріп, оның диагоналі 72 дюйм, сериялық нөмірі №159643879256Сони маркалы теледидарды және сериялық нөмірі №8965412359 екі камералы ақ түсті Самсунг маркалы тоңазытқышты, жалпы сомасы 257,000 теңгені құрайтын мүлікті ұрлап кеткенін айтты.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Байтұрсынов көш., 16-89 мекенжайы бойынша «Айдар» мен «Жорик» деген есімді бұрын пайдалануда болған тұрмыстық техниканы сатумен айналысатын және бұрын меншікке қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған ер адамдардың тұратыны туралы айқын ақпарат түсті, сондай-ақ аталған адамдар жәбірленушінің көршісі берген сипаттамаға да дәл келді.

Жоғарыдғылардың негізінде, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 233 және 198. 247-баптарын басшылыққа алып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1.  Іске қатысты заттар мен нәрселерді табу мақсатында Энск қаласы Байтұрсынов көш., №89 үйдегі №16 пәтерге кіру және тексеру жүргізілсін.

2.  Осы қаулының орындалуын Қазақстан Республикасының ІІМ-нің Энск қ. бойынша Жетінші Басқармасына тапсырылсын.

3. Барлық алынған материалдар қапталған және мөрленген түрде берілсін.

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының ІІМ-нің Энск қ. бойынша

Жетінші Басқармасының бастығы              (қолы)    С.Байжұманов

=========================================================

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

                                           

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

30.09.20__ жылы полиция бөліміне Шымкент қаласы Байтұрсынов көш., 15-47 мекенжайы бойынша тұратын Д.О. Мырзаев жүгінді, ол 30.09.20__ жылы 02:00 және 05:00 сағат арасында белгісіз адамдап кілті таңдап алып, оның тұрғын үйіне кіріп, оның диагоналі 72 дюйм, сериялық нөмірі №159643879256 Сони маркалы теледидарды және сериялық нөмірі №8965412359 екі камералы ақ түсті Самсунг маркалы тоңазытқышты, жалпы сомасы 257,000 теңгені құрайтын мүлікті ұрлап кеткенін айтты.

Осы іс бойынша бір қатар тергеу әрекеттері жүргізілді, алайда олар оң нәтиже бермеді, қазіргі уақытта қылмыс жасаған адам анықталмады.

Жоғарда баяндалғандардың негізінде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімінің өтіп кетуін ескере отырып, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 198-бабын, 45-бабы 7-бөлігінің 1-тармағын басшылыққа алып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Адамдардың анықталмауына байланысты №1677799911 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілсін.

2. Қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.

3. Қабылданған шешім туралы барлық мүдделі адамдарға хабарлансын.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

                =========================================================

Күдіктіге іздеу жариялау туралы

ҚАУЛЫ

 

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

09.04.20__ жылы сағат 19:30 шамасында, Н.К. Қанжекенов және Б.Т. Күшқаев М.Горький көшесі, 56 мекенжайы бойынша орналасқан «Пицца-Блюз» кофеханасында болып, қоғамды ашықтан-ашық сыйламаудың негізінде, азамат Д.А. Әбдрахмановқа бұзақылық ниетпен, қасақана дене жарақатын салды.

Сонымен бірге, осы істегенімен қоймай, Н.К. Қанжекенов үстел үстінде жатқан пышақты алып, азамат Д.А. Әбдрахмановтың ішінен екі рет ұрған, сот-медицина сараптамасының қорытындысына сәйкес осының салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген.  

09.04.20__ жылы осы дерек Қазақстан Республикасының ҚК 293-бабының 3-бөлімі 2 тармағы бойынша Энск қаласы ІІБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерулерінің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

10.04.20__ жылы осы дерек Қазақстан Республикасының ҚК 106-бабы 2-бөлімінің 7-тармағы бойынша Энск қаласы ІІБ сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

10.06.20__ жылы Б.Т. Күшқаевқа қатысты Қазақстан Республикасының ҚК 293-бабы 3-бөлімінің 2-тармағы бойынша күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылды, алайда оның күдіктінің қайда екенін анықтау мүмкін болмады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары бойынша Б.Т. Кушкаевтың кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтардың жиналғанын ескере отырып, оған іздеу жариялау қажеттілігі туындады.

Осы айтылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының ҚПК 198-бабын және 45-бабы 7-бөлімінің 3-тармағын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. 1986 жылы 3 наурызда дүниеге келген, Батыс Қазақстан облысы Күрші ауданының тумасы, Энск қаласы, Новаторов, 12-78 мекенжайында тұратын күдікті Күшқаев Бақытбек Назарбекұлына іздеу жариялансын.

2. Іздеу Энск қаласы ІІБ КПБ қызметкерлеріне тапсырылсын.

3. Осы қаулының көшірмесі Энск қаласы ІІБ КПБ-ға орындау үшін жіберілсін, Энск  қаласының прокурорына мәлімет үшін жіберілсін.

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

Материалдарды жеке іс жүргізуге бөлу туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                             2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

09.04.20__ жылы сағат 19:30 шамасында, Н.К. Қанжекенов және Б.Т. Күшқаев М.Горький көшесі, 56 мекенжайы бойынша орналасқан «Пицца-Блюз» кофеханасында болып, қоғамды ашықтан-ашық сыйламаудың негізінде, азамат Д.А. Әбдрахмановқа бұзақылық ниетпен, қасақана дене жарақатын салды.

Сонымен бірге, осы істегенімен қоймай, Н.К. Қанжекенов үстел үстінде жатқан пышақты алып, азамат Д.А. Әбдрахмановтың ішінен екі рет ұрған, сот-медицина сараптамасының қорытындысына сәйкес осының салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген.  

09.04.20__ жылы осы дерек Қазақстан Республикасының ҚК 293-бабының 3-бөлімі 2 тармағы бойынша Энск қаласы ІІБ сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

10.04.20__ жылы осы дерек Қазақстан Республикасының ҚК 106-бабы 2-бөлімінің 7-тармағы бойынша Энск қаласы ІІБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерулерінің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

10.06.20__ жылы Б.Т. Күшқаевқа қатысты Қазақстан Республикасының ҚК 293-бабы 3-бөлімінің 2-тармағы бойынша күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылды, алайда оның күдіктінің қайда екенін анықтау мүмкін болмады.

Б.Н. Күшқаевтың күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын бөлу сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жан-жақтылығына, толықтығына және істің шешілуіне әсер етпейтіндігін ескеріп, Қазақстан Республикасының ҚПК 44 және 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. №16631003101152сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары Б.Н.Кушкаевқа қатысты материалдардың көшірмелерінде жеке іс жүргізуге бөлінсін.

2. Қаулының көшірмесі Энск қаласының прокурорына жіберілсін.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жаңарту туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

09.04.20__ жылы сағат 19:30 шамасында, белгісіз тұлғалар М.Горький көшесі, 56 мекенжайы бойынша орналасқан «Пицца-Блюз» кофеханасында болып, азамат Д.А. Әбдрахмановқа бұзақылық ниетпен, пышақты қасақана қолдана отырып, дене жарақатын салды. 

09.04.20__ жылы осы дерек Қазақстан Республикасының ҚК 293-бабының 3-бөлімі 2 тармағы бойынша Энск қаласы ІІБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерулерінің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

16.05.20__ жылы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімі Қазақстан Республикасының ҚПК 45-бабының 7-бөлімі 1-тармағының негізінде тоқтатылды.

Қазіргі уақытта бірқатар тергеу іс-әрекетін жүргізу қажеттілігі туындады, осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімін жаңарту қажет. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімін тоқтатуға негіз болған жағдайларды назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының ҚПК 45 бабының 9 бөлімі мен 198-бабын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. №14631003101152 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары бойынша іс жүргізу жаңартылсын.

2. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

3. Қаулының көшірмесі Энск қаласының прокурорына жіберілсін.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

3 – БӨЛІМ. ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ХАТТАМАЛАРЫ

Ауызша түрде кінәсін мойындап келуді қабылдау

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

    Аяқталды: 11 сағат 15 минут.                                                          

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев Қазақстан Республикасының ҚПК 181-бабы 2-бөлігіне сәйкес Энск қ. ІІБ үй-жайында 22 сағ. 30 минутте азамат Алмаз Бекболатұлы Жайлауовтан ауызша түрдегі кінәсін мойындап келуді қабылдадым, ол 1982 жылы 25 шілдеде туған, Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының тумасы, қазақ, үйленбеген, білімі орташа, мынадай: Энск қ., Достық көш., 8 мекенжайда тұрады.

А.Б.Жайлауовтың жеке басы № 16000557788 Қазақстан Республикасының Әділетмині 2010 жылғы 20 наурызда берген жеке куәлігімен анықталды.

Көрінеу жалға сөз жеткізгенім үшін Қазақстан Республикасының ҚК 419-бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді.

Арыз иесінің қолы ___________.

Орыс тілін жетік білемін, аудармашы қажет емес.

Арыз иесінің қолы ___________.

Бұл ретте А.Б.Жайлауов мынадай мәлімдеме жасады: «10.01.20___ж. Жұмыстан қайтып келе жатқанымда, шамамен 20 сағатта Энск қаласы Достық пен Төлепов көшелерінің қиылысында орналасқан «Арна» дүкенінің жанында азиат ұлты мен танымайтын ер адам пышақпен қорқытып менің күзен бас киімімді беруді талап етті.

Мен беруден бас тартым, ол бас киімді жұлып алуға ұмтылды. Екеуміз күресу кезінде мен оның пышағын жұлып алдым, маған тағы да тап берген кезінде оны осы пышақпен ұрдым. Ол алған жарақатына байланысты құлап қалды, мен қорқып кетіп, оқиға орнынан қашып кеттім.

Болған оқиға туралы мен ешкімге айтқан жоқпын, ал жарақаттан құлаған адам туралы осы уақытқа дейін хабарым жоқ. Мен жасаған әрекетімді мойындағым келді, себебі сол уақыттан бері тыныш тіршілік етуден қалдым.

Хаттаманы оқып шықтым, менің сөзім дұрыс жазылған, өзгерістер мен қосымшалар жоқ.

Арыз иесінің қолы ___________.

Ауызша арыз хаттамасын жасаған:

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

=========================================================

Оқиға орнын қарап-тексеру

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев 03 сағ. 10 минутта И.Р.Мырзабаевадан белгісіз біреу Достық көшесі №30 үйдің жанында оның «Сони Ериксон» маркалы ұялы телефонын ашық түрде тартып әкеткені туралы хабарлама алдым.

Мына: Достық көшесі №30 үй мекен-жайындағы оқиға орнына келіп, Қазақстан Республикасының ҚПК 219 және 220-баптарын басшылыққа ала отырып, төмендегілердің қатысуымен:

1. жедел уәкіл Б. Қамбаров,

2. криминалист-маман Ж. Дәулетов,

3. кинолог Р. Тоқтамысов,

мына куәгерлердің қатысуымен:

1) Зарина Жұманқызы Ерикова, 11.07.1991 ж.т., мекенжайы Энск қ., Иманов көш.,10 үй, №5 пәтер

2) Камшат Исатайқызы Исабекова, 18.04.1989 ж.т., мекенжайы Энск қ. Абай көш., 10 үй, №15 пәтер иегер ________________________________ қатысуымен және келісуімен оқиға орнын қарап-тексеру жүргізілді, бұл туралы Қазақстан Республикасының ҚПК 199 және 224-баптарына сәйкес осы хаттама жасалды.

Қарап-тексеру басталар алдында жоғарыда аталған адамдарға олардың тергеу әрекетін жүргізуге қатысуы; тергеу әрекеттеріне орай хаттамаға енгізуге жататын өтініштер мен ескертпелер жасау; өздері қатысатын тергеу әрекеттерінің хаттамасымен танысу; қылмыстық қудалау органының әрекетіне шағым келтіру; қылмыстық іс бойынша оны жүргізу кезінде олар шеккен шығыстарға өтем алу; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеу құқықтары түсіндірілді. Оларға қарап-тексеру жүргізу кезінде қажетті жағдайларда оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің техникалық құралдары қолданылатыны туралы да хабарланды.

Оған қоса, куәгер З.Ерикова және К.Исабекова Қазақстан Республикасының ҚПК 82-бабына сәйкес қылмыстық қудалау органының шақыртуы бойынша олардың келу; тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысу; бұл әрекеттер жүргізу, оның барысы мен нәтижелері фактісін тергеу әрекеті хаттамасында өзінің қолымен куәландыру; анықтаушының, тергеушінің, прокурордың рұқсатынсыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жария етпеу; тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде тәртіп сақтау міндеттері түсіндірілді және оларға өз міндеттерін орындаудан дәлелсіз себептермен бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін Қазақстан Республикасының ҚПК 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылатыны туралы ескертілді. 

Куәгерлер 1. _________________ З. Ерикова

              2. ________________ К.Исабекова

Криминалист-маман Ж.Даулетовқа Қазақстан Республикасының ҚПК 80-бабында көзделген құқықтар мен міндеттер түсіндірілді және оған өз міндеттерін орындаудан дәлелсіз себептермен бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін Қазақстан Республикасының ҚПК 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылатыны туралы ескертілді.

Криминалист-маман ___________________

Қарап-тексеру кезінде мыналар анықталды:

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Қарап-тексеру процесінде «Сони-Ериксон» маркасын анықтау барысы мен нәтижелерін тіркеудің ғылыми-техникалық құралдары қолданылды.

Қарап-тексеру ауа-райы ашық күні (ашық, жаңбырлы, қар жауып тұрған кезде), табиғи (жасанды) жарық және ауа температурасы – 20°С кезінде жүргізілді.

Оқиға орнын қарап-тексеру кезінде мына нәрселер табылып, алынды:

1. ештеңе алынған жоқ;

2._______________________________________________________;

3. _______________________________________________________;

4. _______________________________________________________;

Қарап-тексеру процесінде нәрселер мен заттардың орналасуының ____________ жоспары мен сұлбасы жасалды.

Қарап-тексеру кезінде қарап-тексеру тәртібі, хаттама мазмұны, жоспарлар мен схемалар бойынша қатысушылардан өтініштер мен ескертпелер түскен жоқ (түсті):

 _______________________________________________________ болған жоқ.

Куәгерлер:                                 ________________ З. Ерикова                                                             ________________ К.Исабекова

 

Қатысушылар:                 _____________________________

                                          _____________________________

Криминалист-маман        _____________________________

Қарап-тексеру жүргізген:

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

=========================================================

 

Қарап-тексеру

ХАТТАМАСЫ

2016 жылғы 20 қазан                                                                          Энск қаласы

                                                                                             

Қарап-тексеру басталған уақыт: 10 сағат 15 мин.

Қарап-тексеру аяқталған уақыт: 11 сағат 20 мин.

Энск қаласы ІІБ ПБ тергеушісі полиция лейтенанты Н.С.Сабитов _____________________________________________________________________

(тергеушінің (анықтаушының) лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні)  

2016 жылдың 20 қазан күні сағат 10.00 азамат С.Д.Гончаровтың пәтерінен жеке мүлкі ұрланғандығы туралы хабарлама бойынша Энск қаласы Гоголь көшесі 55 үйге келіп _____________________________________________________________________

(кімнен, қашан, хабарлама немесе арыз түскендігі туралы, оқиға болған қандай мекен жайға келгендігі туралы)

 

ҚР ҚПК 219 және 220-баптарын басшылыққа ала отырып, төмендегілердің қатысуымен:

1. __ жедел уәкіл полиция капитаны Қырықбаев А.О ____________________

(тергеу әрекетіне қатысқан тұлғаның, жедел уәкіл, тегі, аты, әкесінің аты)

2. __ учаскелік инспектор полиция майоры Нуржигитов Қ.Ж. ________________

(тергеу әрекетіне қатысқан тұлғаның, учаскелік инспектор, тегі, аты, әкесінің аты)

3. __ криминалист маман полиция капитаны О.Р.Шабалов ___________________

(тергеу әрекетіне қатысқан тұлғаның процессуалды жағдайы, тегі, аты, әкесінің аты)

мына куәгерлердің қатысуымен:

1 Хабаров Семен Петрович 1972 жылы туган, Энск қаласы, Сатпаев көшесі, 15 үй тұрғыны _________________________________________________________

(куәгерлің тегі, аты, әкесінің аты және тұрғылықты жері)

2 Байжанова Гулнар Каратаевна, Қарағанды қаласы, Әбдіров көшесі 25үй, 5 пәтер тұрғыны ______________________________________________________

(куәгерлің тегі, аты, әкесінің аты және тұрғылықты жері)

Пәтер иегері С.Д.Гончаровтың _ қатысуымен және келісуімен оқиға орнын қарап-тексеру жүргізілді, бұл туралы ҚР ҚПК 199 және 224-баптарына сәйкес осы хаттама жасалды.

Қарап-тексеру басталар алдында жоғарыда аталған адамдарға олардың тергеу әрекетін жүргізуге қатысуы; тергеу әрекеттеріне орай хаттамаға енгізуге жататын өтініштер мен ескертпелер жасау; өздері қатысатын тергеу әрекеттерінің хаттамасымен танысу; қылмыстық қудалау органының әрекетіне шағым келтіру; қылмыстық іс бойынша оны жүргізу кезінде олар шеккен шығыстарға өтем алу; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеу құқықтары түсіндірілді. Оларға қарап-тексеру жүргізу кезінде қажетті жағдайларда оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің техникалық құралдары қолданылатыны туралы да хабарланды.

Оған қоса, куәгер

1. _ Хабаров Семен Петрович ____________________________________

            (куәгердің тегі, аты, әкесінің аты және қолы)

2. __ Байжанова Гулнар Каратаевна _______________________________

(куәгердің тегі, аты, әкесінің аты және қолы)

ҚР ҚПК 82-бабына сәйкес қылмыстық қудалау органының шақыртуы бойынша олардың келу; тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысу; бұл әрекеттер жүргізу, оның барысы мен нәтижелері фактісін тергеу әрекеті хаттамасында өзінің қолымен куәландыру; анықтаушының, тергеушінің, прокурордың рұқсатынсыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жария етпеу; тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде тәртіп сақтау міндеттері түсіндірілді және оларға өз міндеттерін орындаудан дәлелсіз себептермен бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін ҚР ҚПК 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылатыны туралы ескертілді. 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: