Выведение (экскреция) лекарственных веществ из организма 5 страница

ЭФФЕРЕНТТІ ИННЕРВАЦИЯҒА ЭСЕР ЕТЕТІН ДӘРІЛІК ЗАТТАР

Эфферентті жүйке жүйесі барлык ішкі ағзалардың және қаңқа бұлшықеттерінің жұмысын реттейді. Эфферентті жүйке жүйесі вегетативті жүйке талшықтары түрінде берілген, олар ішкі ағзалармен, қан тамырлар, бездермен және қаңқа бұлшыкеттерін иннервациясы арқылы қозғалтқыш (соматикалық) жүйке талшықтары арқылы өтеді. Вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық деп 2-ге бөлінеді (3-сурет).

Холинергиялық синапстарда қозудың берілісі ацетилхолин медиаторы арқылы жүзеге асады.

Холинергиялық талшықтарға: парасимпатикалык жүйенің пре- және постганглионарлы талшықтары; симпатикалық жүйенің преганглионарлы талшықтары; бүйрек үсті безінің милы қабаты-

Ортаңғы ми Көпір

Сопақша ми

Жүрек

Артериола

Бауыр өзегі және өт қапшы- ғымен

Көз жасы және сілекей бездері

Кеңірдек және бронх

проксималды

бөлімі

Бүйрек үсті безінің милы заты

Бүйрек несе- пағарымен

Нейротропты заттар

®------ с - Холинергиялық нейрон

•------- (- Адренергиялық нейрон

—*— - Сезімтал (афферентті) нейрон

3-сурет. Холинергиялық және адренергиялык, жүйкелендірудің жалпы сызбанұсқасы. V. С, Тһ, 4, 5 — жұлын сегменті (Д.А. Харкевич, 2013)

Жеке фармакология

ның және каротид синустың шумақтары; қозғалтқыш (соматикалық) талшықтар жатады.

Холинорецептор — табиғаты ақуыз құрылымды түзіліс, ол АЦХ медиаторына немесе АЦХ-ға ұқсас заттарға айрықша сезімтал.

Холинорецепторлар бөлінеді: М-холинорецепторлар (мускарин уына сезімтал) және Н-холинорецепторлар (никотинге сезімтал)

М-холинорецепторлардың орналасуы: ОЖЖ; эффектор ағзалардың жасушаларындағы постсинаптикалык мембранасындағы постганглилік парасимпатикалық талшық ұштары.

М-холинорецепторлардың 5 нұсқасын ажыратамыз: ең жақсы зерттелгені М1, М2 және М3 — холинорецепторлар.

Н-холинорецепторлардың орналасуы: ОЖЖ, симпатикалык және парасимпатикалық ганглийлер, бүйрек үсті безінің милы заты, синокаротидты аймақ, каңқалық бүлшыкеттің сонғы жапырақшасы (пластинасы).

Н-холинорецепторлардың заттарға сезімталдығы бірдей емес. Ганглийлердің Н-холинорецепторлары каңқалық Н-холино- рецепторлардан ерекшеленеді.

Холинергиялық иннервацияға әсер ететін заттар

Холинорецепторларды ынталандыратын заттар — холиномиметик, ал тежеуші заттар — холиноблокаторлар деп аталады. Холиномиметиктер мен холиноблокаторлар жалпы холинергиялықзаттар деген ортақ атаумен біріктіріледі.

Холинергиялык иннервацияға әсер ететін заттардың жіктелуі

• М және Н-холинорецепторларға әсер ететін заттар:

·  М-, Н-холиномиметиктер:

А Тікелей әсерлі: ацетилхолин, карбахолин;

А Тікелей емес әсер: холинэстеразаға қарсы заттар — физостигмин салицилаты, галантамин гидробромиді, прозерин, армин;

·  М-, Н-холиноблокаторлар: циклодол.

° М-холинорецепторларға әсер ететін заттар:

·  М-холиномиметиктер (мускариномиметикалык заттар): пилокарпин гидрохлориді, ацеклидин;

·  М-холиноблокаторлар (атропин тәрізді заттар): атропин сульфаты, платифиллин гидротартраты, скополамин гидробромиді, метацин, ипратропий бромиді.

° Н-холинорецепторларға әсер ететін заттар:

· Н-холиномиметиктер (никотиномиметикалык заттар): цититон, лобелин гидрохлориді;

·  Н -холиноблокаторлар немесе олармен байланысқан иондық каналдар блокаторлары:

· ганглийтежеуші заттар: бензогексоний, пентамин, гигроний, пирилен, арфонад;

· кураре тәрізді заттар (әсері перифериялық миорелак- санттар): тубокурарин хлориді, панкуроний бромиді, пипекуроний бромиді, дитилин.

М және Н-холинергиялық заттар

М және Н-холиномиметиктер — ацетилхолин, карбахолин. Ацетилхолин (АЦХ) — дәрілік препарат ретінде пайдаланылмайды, себебі тез ыдырайды және өте қысқа уақыт әрекет етеді. Эксперименталды физиология және фармакологияда кеңінен қолданылады. Әсер ету механизмі: М және Н-холино- рецепторларын тікелей ынталандырады.

Жүйелі эффект кезіндегі оның М-холиномиметикалық әсері:

•  қарашық тарылуы (миоз), көз іші қысымның төмендеуі, спазм аккомодация кезінде — көз жақын көру нүктесіне орналасады;

•  АІЖ тонусы және моториканың көтерілуі;

• бронх, жатыр, өт қабы, қуық бұлшықеттерінің тонусы мен кысқару күшінің артуы;

•  асқазан, ішек, қуық сфинктерінің босаңсуы;

•  сыртқы секреция бездерінің секрециялануының жоғарылауы;

•  брадикардия — жүрек тоқтауы мүмкін, жүректің жұмыс көрсеткішінің төмендеуі, қаңқа бұлшықеттері тамырларының кеңеюі;

•  сәл де болса артериялық қан кысымының төмендеуі. АЦХ-нің М-холиномиметикалық әсері М-холинергиялық

рецепторларды тежегенде және көп мөлшерде — қан қысымын төмендету орнына, оның прессорлық әсері кезінде — яғни, қан қысымының көтерілуі, тахикардия, қаңқа бұлшықетінің тонусын көтергенде көрінеді. АЦХ-нің өте жоғары концентрациясы холинергиялық берілудің тежелуін тудыруы мүмкін (1-кесте).

1 -кесте. Кейбір агонистер мен антагонистердің М-холинорецепторларға әсері (Д.А. Харкевич, 2013).

Ағзалар

Өлшемдер

Әсер

агонистер антагонистер
Көз Нұрлы кабыктың дөңгелек бұлшыкетінің тонусы Көз ішілік қысым Цилиарлы бұлшыкеттің тонусы Жоғарылайды (миоз) Төмендейді Жоғарылайды (спазм аккомода- циясы; жақыннан көру) Төмендейді (мидриаз) Жоғарылайды Темендейді (паралич аккомодации, қашықтан көру)

 


Ағзалар

Өлшемдер

Әсер

агонистер антагонистер
Сілекей бездері Секрециясы Жоғарылайды Төмендейді
Жүрек Ырғағы Жүрек алды жиырылғыштық Атриовентрикулярлық өткізгіштік Төмендейді (брадикардия) Төмендейді Төмендейді (атриовентрику- лярлы тежеуге дейін) Жоғарылайды (тахикардия) Жоғарылайды Жеңілдейді
Тамырлар Тегіс бұлшықет тонусы Төмендейді1  
Кеңірдек, бронхтар Тегіс бұлшықет тонусы Бронхиалды бездердің секрециясы Жоғарылайды Жоғарылайды Төмендейді Төмендейді
Асқазан және ішектер Экскреторлық бездердің моторикасы мен секрециясы Жоғарылайды Жоғарылайды Төмендейді Төмендейді
Өт қабы мен өт жолдары Тегіс бұлшыкеттердің тонусы Жоғарылайды Төмендейді
Қуық Қабырға тонусы және моторикасы Жоғарылайды Төмендейді

Әсер N0 арқылы анықталады (эндотелилікрелаксиялаушы фактор), М-холи- норецепторларды ынталандырғанда эндотелилік жасушаларда түзіледі.


 

Карбахолин АЦХ ұксас. Біршама белсенді, неғұрлым ұзақ эсер (1—1,5 сағат) көрсетеді. Глаукома кезінде жергілікті қолданылады. Қазіргі уақытта сирек колданылады.

М және Н-холиноблокаторлар негізінен орталык жүйке жүйесінде орналасқан холинорецепторларды тежейді, сондықтан Паркинсон ауруына қарсы заттар тарауында қаралады.

Холинэстеразаға карсы заттар ацетилхолинэстеразамен байланы- сады, осылайша АЦХ-нің гидролизіне кедергі жасап, оның синап- тикалық саңылауға жинақталуына себепші болады. Жиналған АЦХ холинорецепторларға айқын және ұзақ әсер етеді. Сонымен қатар, холинорецепторлардың АЦХ-ге деген сезімталдығын жоғарылатады.

Холинэстеразаға карсы заттар химиялық кұрылымы бойынша төмендегідей бөлінеді:

•  үштік деңгейдегі қосылыстар (жақсы сіңеді және гисто- гематикалык кедергі арқылы жақсы өтеді): физостигмин сали- цилаты, галантамин гидробромиді;

•  төрттік деңгейдегі қосылыстар: прозерин (неостигмин метил- сульфаты), армин.

Негізгі әсерлері, ацетилхолин әсеріне ұқсас, тамыр тонусына іс жүзінде ешқандай әсер етпейді; артериялық қысымды М-холиномиметиктерге қарағанда әлдеқайда аз дәрежеде төмендейді; қаңқа бұлшықеттерінің тонусын арттырады; көп мөлшерде жүрек-қантамырлар жүйесінде (ЖҚТЖ) — тахикар­дия тудыруы мүмкін, артериялық қысымның (АҚ) жоғарылауы, қаңқа бұлшыкеттеріне және вегетативті ганглийлерге тежеуші әсер көрсетеді, ОЖЖ тежейді.

Нейротропты заттар

Қолдануға көрсеткіштер:глаукома (көзішілік кысымның жоғарылауы), ішек және қуық атониясы, миастения, парездер, салдану, полиомиелиттен кейінгі қалдық белгілер, әсер етуі деполяри- зациялайтын миорелаксанттарға антагонист ретінде, Альцгеймер ауруында, М-холиноблокаторлармен улануда. Қарсы көрсеткіш: эпилепсия, тырыспа кезінде, бронх демікпесі, стенокардия, бра- дикардия. Жылдам жауап талап ететін қызметтен тартыну кажет.

Прозерин — синтетикалық препарат. Перифериялық жүйелерге әсері басым және ГЭТ арқылы нашар өтеді. Шамамен әсер ұзақтығы 4 сағат.

Пиридостигмин бромиді. Құрылымы және әсері жағынан прозеринге ұқсас. Одан белсенділігі азырақ, сондықтан жоғары мөлшерлерде қолданады, бірақ әсері ұзақ.

Армии — холинэстеразаның кайтымсыз ингибиторы, фос- форорганикалық қосылыстар (ФОҚ) тобына жатады. Әлдекайда күшті және ұзақ әсерлі. Күшті уытты әсер көрсетеді. Жергілікті митотикалық заттар (карашық тарылту) ретінде және глаукомада қолданылады.

Барлық ХЭҚ заттардың жанама әсерлері препаратқа жоғары сезімталдық жағдайында немесе оны мөлшерден артық қолданғанда болуы мүмкін. Бұл кезде саливация күшейеді, бронхо­спазм, ішек және қуық бұлшыкеттерінің спазмы туындайды, диа­рея, жүрек жиілігінің баяулауы және жүрек ырғағының бұзылысы, АҚ төмендеуі, дірілдеу реакциясы, жоғарғы тершеңдік және т.б. Ауыр улануларда — тырысулар, коматозды жағдайларда өліммен аяқталуы мүмкін.

Холинэстеразаға қарсы заттармен улану болған жағдайдағы көмек:

• инъекция жасалған жерден уды кетіру: 3-5% натрий гидро- карбонатымен тері және шырышты кабықты жуу, асқазанды шаю, АІЖ түскен жағдайда — адсорбциялайтын, іш айдайтын, жоғары сифонды клизмалар тағайындалады;

•  жедел қаннан тазарту — үдемелі диурез, қан тазарту — гемо­диализ, гемосорбция, перитонеалды диализ;

•  ең жиі пайдаланылатын әдіс М-холиноблокаторлар (көп мөлшерде атропин және т.б.) нақты әсерлі антагонистермен

ФОҚ-мен — холинэстеразы реактиваторлармен (дипироксим, изонитрозин) бір кешенде пайдалану, бұлар холинэстераза белсенділігін калыпқа келтіреді.

Жеке фармакология

М-холинергиялық заттар

М-холиномиметиктер М-холинорецепторларға тікелей ынталандырғыш әсер көрсетеді. Негізгі әсерлері — ацетилхолиннің М-холиномиметикалық әсері тәрізді.

Пилокарпин — үшіншілік амин, өсімдік алкалоиды, бездің секре- циясын айрықша жоғарылатады. Салыстырмалы уыттылығының жоғары болуына байланысты негізінен көздің тәжірибесінде: глаукомада жергілікті қолданылады. Ерітіндімен инстилляция жасағаннан кейін, препараттың қанға сіңуінің алдын алу үшін көз жасы арнасын басып тұру керек.

Ацеклидин — үшіншілік амин. Өзгешелігі қуықтың, жатырдың, ішектің тартылуы мен тонусын айрықша жоғарылататын әсері бар. Пилокарпинге қарағанда уыттылығы азырақ. Кейде конъюктиваның сәл тітіркенуін, шаншу, көздегі ауырлық сезімін болдыруы мүмкін, бірақ бұл белгілер өздігінен өтеді. Мөлшерден көп пайдаланғанда М-холиномиметикалық әсер көрсетеді, оны М-холиноблокаторлармен тежейді.

Қолданылады: глаукома кезінде тек жергілікті ғана емес, сондай-ақ ішектің, асқазанның, қуықтың және т.б. атониясында жүйелі әсері үшін.

Препаратқа қарсы көрсеткіш: бронхиалды астма, жүректің ауыр аурулары, стенокардия, АІЖ-нан қан кетуінде, қояншықта, гиперкинезде, жүктілік және т.б. кездерінде.

М-холиноблокаторлар М-холинорецепторларды (ОЖЖ және периферияда болмасын) тежейді және олардың АЦХ әрекеттесуіне кедергі жасайды. Парасимпатикалық жүйкенің тітіркенуін, М-холиномиметикалық белсенділігі бар заттардың әрекетін азайтады немесе жояды, яғни әсері

М-холиномиметиктерге қарама-қарсы.

Оларға табиғи және синтетикалық препараттар жатады.

Атропин сульфаты. Атропин — меңдуана, сасық меңдуана, итжидек өсімдіктерінде болатын алкалоид.

Ішкі ағзалардың бірыңғай салалы бұлшықеттерін босаңсытады; қарашықты кеңейтеді (мидриаз), көзіші қысымды жоғарылатады, паралич аккомодация тудырады — көз көру аймағының ең алыс нүктесіне орнығады; тахикардия шақырады, атриовентриқулярлы өткізгіштікті жақсартады; экзогенді бездердін, секрециясын төмендетеді (ауыз қуысы шырышының және терінің қүрғақтығы,
дауыс тембрінің өзгерісі, тер бөліну азаяды, дене қызуының жоғарылауы мүмкін). Кейбір анестезиялаушы белсенділігі бар.

Нейротропты заттар

Көп мөлшерде — ми қыртысын ынталандырады және пси­хикалық немесе қозғалғыштық қозғыштықты, қатты толқуларды, дірілдеуді, галлюцинацияларды тудыруы мүмкін. Терапевтикалық дозада — тынысты қоздырады, көп мөлшерде — тыныс салдануын тудырады.

АІЖ және шырышты кабық аркылы жақсы сіңеді. Резорбтивті әсерінің ұзақтығы 6 сағаттай, аккомодация 3—4 күнге бұзылады,             мидриаз — 3 күн не одан да көпке бұзылуы мүмкін.

Жанама әсерлер: ауыз қуысы құрғақтығын, аккомодация бұзылуын, тахикардия, көзіші қысымының көтерілуін, обстипация (іш қатулар), зәр шығарудын бұзылуын болдыруы мүмкін. Улану мүмкін.

Қолдануға көрсеткіш:

•  шаншулар;

•  бронхоспазм, асқазанның және 12-елі ішектің ойық жарасы;

•  өткір панкреатит; наркозбен өтетін операция алдындағы премедикацияда — жүректің вагусты (кезбелік жүйке) тоқтауын ескерту үшін, бездердің секрециясын төмендету және бронхо-ларингоспазмды жою үшін;

° вагус (кезбелік жүйке) текті атриовентрикулярлы тосқауылда;

•  көздің торлы қабығын зерттеуде, көзәйнек таңдауда, көзге операция жасауда және кейбір көз ауруларын (иридоциклит) емдеуде;

•  АІЖ рентгенологиялық зерттеуде;

•  М-холиномиметиктермен және холинэстеразаға қарсы заттармен уланғанда.

Глаукома кезінде қолдануға болмайды, яғни қарсы көрсеткіш. Атропинмен улану көбіне балаларда дәріні мөлшерден көп пайдаланғанда немесе кұрамында атропин алкалоиды бар жемісті жегенде болады. Улану белгілері периферияда және ОЖЖ-дегі М-холинорецепторлардың тежелуіне байланысты.

М-холиноблокаторлармен уланғандағы көрсетілетін көмек:

•  науқас адамды қараңғы (жарықтан қорқуына байланысты), салқын бөлмеге (себебі дене t көтеріңкі) орналастыру немесе ылғалды салкын жаймалармен тұмшалау;

•  сіңбеген у ошағын жою — танин, белсендірілген көмір, ішті босататын тұзды заттармен асқазанды шаю;

•  ағзадан үдеулі жылдамдықпен шығару — гемодиализ, гемо­сорбция, форсирленген диурез;

•  холинэстеразаға қарсы заттарды қолдану;

• айқын қозу кезінде — транквилизаторлар (диазепам), кейде — қысқа уақыт әсер ететін барбитураттар;

Жеке фармакология

• тахикардия кезінде — β-адреноблокаторлар.

Итжидек препараттары. Итжидек жапырағы мен тамырының ұнтақты препараттары, астмаға қарсы дәрілік шөптер жиынтығы және «Бекарбон» таблеткалары; «Бетиол», «Анузол» балауыздары. Қолдануға көрсеткіштер М-холиноблокаторларға ұқсас.

Скополаминнің табиғи текті гидробромиді — көбіне көзге және экскреторлық бездердің секрециясына әсер етеді; атропинге қарағанда қысқа уақытқа әсер етеді; ОЖЖ тежеуіш әсер көрсетеді — терапевтік дозада тынышталу, ұйқышылдық және ұйқы тудырады. Теңіз және әуе ауруында (таб. «Аэрон») қолданылады, сондай-ақ, негізінен атропиннің қолданыс көрсеткіштерімен бірдей.

Платифиллиннің табиғи текті гидротартраты — атропиннен белсенділігі азырақ, бірақ адам жақсы көтереді; ОЖЖ тежегіш (тыныштандырушы) әсер көрсетеді; тікелей миотропты спазмолитикалық (папаверин тәрізді) әсерге (тамырдың және ішкі ағзалардың тегіс бұлшықеттерін босаңсытады) ие; қарашықтың ұзақ емес кеңеюін шақыртады және аккомодацияға аз әсер етеді.

Негізінен колданады:                    спазмолитикалық зат   ретінде

асқазанның және 12-елі ішек жарасында; ішек, бүйрек және бауыр шаншуларында; бронхтарға — бронхоспастикалық жағдайларда; қан тамырларға — артериалды гипертензия, стенокардия, тәждік және мидың тамырларының спазмы; қарашықты үлкейту үшін.

Жанама әсерлері — атропиндікі сияқты. Қарсы көрсеткіш: глаукома және бауыр мен бүйректің органикалық аурулары кезінде.

Ипратропий бромиді (атровент) — атропиннің төртіншілік туындысы, яғни шырышты қабық арқылы өтімділігі нашар. Көбіне бронхтың М-холинорецепторларын тежейді. Бронхолитикалық әсерінің ұзақтығы шамамен 6 сағат. Негізінен созылмалы обструктивті бронхиттің алдын алу үшін және басқа да бронхоспастикалық жағдайларда қолданылады. Аэрозоль түрінде шығарылады. Комбинирленген беродуал препаратының құрамына кіреді.

Пирензепин (гастрозепин) — М-холинорецепторлардың (асқазандағы) арнайы тежегіші, таңдамалы түрде асқазан бездерінен НС1 және пепсиногеннің секрециясын тежейді, сілекей бездеріне әсер етпейді; гастропротекторлык әсері бар (асқазанның шырышты қабығын қорғайды); ГЭТ арқылы өтпейді, себебі құрылымы төртіншілік қосылыс; ауру синдромын тез басады, диспепсиялық бұзылуларды азайтады, шырышты қабық ойық жараларының жазылуын (тыртықтануын) жылдамдатады.

АІЖ арқылы жақсы сіңеді. Негізінен ішек арқылы шығарылады, бірақ аз мөлшерде зәрмен де шығарылуы мүмкін.

Қолданылуы: өткір, созылмалы асқазан және 12 елі ішектің ойық жаралары, қышқылдығы жоғары гастрит, селективті емес М-холинолитиктерге қарсы көрсетілім кезінде.

Нейротропты заттар

Жанама әсерлері: кейде ауыздағы құрғақтықты шақыртады, жақыннан көрудің жеңіл бұзылыстары.

Қарсы көрсеткіш: жүктіліктің алғашқы 3 айы. Глаукомамен сырқат науқастарға және қуықасты безінің гипертрофиясы кезінде абай болған жөн.

Н-холинергиялық заттар

Н-холиномиметиктер — оларға никотин, цитизин илобелин сияқты алкалоидтар жатады. 2 фазалы әсерге ие: 1 фаза (аз дозада) — қозу, 2 фаза (көп дозада) — тежелу.

Никотин — темекі жапырағының алкалоиды, ағзаға уытты әсер етеді, соған байланысты дәрі ретінде қолданылмайды. Темекі тартуға байланысты көбіне никотинмен созылмалы улану жиі кездеседі. Темекі тарту денсаулыққа үлкен зиян әкеледі (жүрек ишемиясының, өкпе обырының және созылмалы бронхиттің т.б. дамуына себепкер). Темекіні шектен тыс пайдаланған жағдайда өлім және мүгедектік деңгейі өседі.

Н-холиномиметиктер арасынан дәрілік зат ретінде негізінен цититон және лобелин пайдаланылады.

Цититон (0,15% цитизин еріт, алкалоид) каротидті шумақтардағы Н-холинорецепторларды ынталандырады және тыныс алу орталығын рефлекторлы қоздырады; артериялық қысымды жоғарылатады; оның әсері қысқа мерзімді «сілкініс тәрізді». Қазіргі уақытта қолданысы шектеулі, негізінен жеңіл дәрежелі тыныс тежелуінде аналептик ретінде (операция кезінде, жарақаттарда, тежелуде, электрошок кезінде, иіс газымен уланғанда); шок және коллаптоидты жағдайларда; жұқпалы ауруларға шалдыққан науқастардың тынысы тежелгенде; темекі шегуді қою үшін (таб. түрінде «Табекс», пленкалы цитизин) қолданылады. Қарсы көрсеткіштер: айқын көріністегі атеросклерозда, гипертензияда, ірі тамырлардан қан кеткенде, өкпенің ісінуінде.

Лобелин гидрохлориді — алкалоид, әсер етуі цититон тәрізді, бірақ жүректің жиырылу жиілігін (ЖЖЖ) баяулатады және алғашқыда артериялық қысымды төмендетеді, ал кейін жоғарылатады. Көп мөлшерде құсу орталығын коздырады, демнің терең тежелуін, тонико-клоникалық тырысуларды, жүректің тоқтауын туындатады.

Соңғы уақытта демнің ынталандырғышы ретінде сирек қолданылады. Сонымен қоса, темекіні қойдыртатын зат ретінде пайдаланылады.


Н-холиноблокаторлар (ганглиоблокаторлар, миорелаксанттар).

Ганглиоблокаторлар симпатикалық және парасимпатикалық ганглийлерді және бүйрек үсті безінің милы қабатындағы, каротидті шумақтардағы Н-холинорецепторлардытежейді. Көп дозада жүйке бұлшықет және ОЖЖ-гі Н-холинорецепторларды тежеуі мүмкін, яғни ағзалардың фармакологиялық деннервациясын тудырады.

Симпатикалық ганглийлердің тежелуі ңәтижесінде артериялық және веналық тамырлар кеңейеді, артериялық қысым төмендейді; жүректің жұмысы, соғуы мен минуттық көлемі төмендейді; перифериялық тамырлар кеңейіп, осы аймақтардағы қан айналым жақсарады.

Парасимпатикалық ганглийлердің тежелуі қарашықтың кеңеюіне (мидриаз), көзіші қысымның көтерілуіне, салдану аккомодациясына; экзогенді бездердің секрециясының төмендеуіне, тер бөлінудің азаюына әкеп соғады, яғни өз кезегінде бұл үдерістер дене қызуының көтерілуіне, АІЖ тонусы мен перистальтикасынын, және бронх, зәр-өт шығару жолдары бұлшықеттерінің тонусының төмендеуіне әкеледі.

Қолданылады: негізінен, перифериялыққан айналым жүйесінің әр түрлі бұзылыстарында (эндартериит, кайталама маймақтық, Рейно ауруы, акроцианоз, көздің торлы қабығындағы артерия тромбозы); гипертониялық кризді тоқтату үшін, басқармалы гипотензияда; өкпе (АҚ жоғары болғанда) мен мидың ісінуі кезінде.













Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: