Выведение (экскреция) лекарственных веществ из организма 3 страница

Қаннан препараттар түрлі органдар мен тіндерге жеткізіледі, онда ақуыздармен, жасуша ішілік кұрылымдармен байланысады, сөйтіп дәнекер, сүйек тіндерінде (мысалы, тетрациклиндер), ісік жасушаларында және т.б. жинақталуы мүмкін. Суда нашар, ал липидтерде оңай еритін препараттар май коймаларында (мысалы, тиопентал натрий) жинақталуы мүмкін.

Акуыздардың дәрілік заттармен байланысуы түрлі ауруларға (мыса­лы, созылмалы бауыр және бүйрек аурулары) әсер етеді. Сонымен қатар, қабыну кезінде: кептелу мен ісіну бар жедел кезеңді қабыну ошақтарына жақсы енетіні байқалады; зияны — созылмалы үдерістер кезінде дәнекер тінінің өсіп, тығыз капсула қалыптастыруы.

Дәрілік (төмен молекулалы) заттар қан арқылы ағзаға, әсер ететін керекті жерге таралады және шығару ағзаларына жетеді. Дәрілік заттар- ды тасымалдау қан жүйелерінің (қан глобулиндері, сарысу альбумин- дер, қанның қызыл жасушалары және т.б.) арқылы жүзеге асады.

ДәрілікЗАТТАРДЫҢ АҒЗАДАҒЫ ӨЗГЕРІСІ (МЕТАБОЛИЗМІ, БИОТРАНСФОРМАЦИЯСЫ)

Фармакокинетика

Метаболизм — дәрілік заттардың физика-химиялық және биохимиялық өзгерістерінен тұратын реакциялардың жиынтығы, суда еритін заттар (метаболиттер) түзәледі, олар ағзадан жеңіл щығарылады.

Метаболизм негізінен бауырдың микросомалдық ферменттерінің қатысуымен, сондай-ақ әр түрлі жерде орналасқан (бауыр, ішек т.б тіндер және плазма) микросомалдық емес ферменттердің қатысуымен жүзеге асады.

Дәрілікзаттарды трансформациялаудың 2 негізгі түрі бар: метаболиттік трансформация және конъюгация.

Метаболиттік трансформация — бұл әр түрлі ферменттер қатысуымен тотығу, қалыпқа келу және гидролиз реакциялары арқылы жүретін  өзгерутүрі. Конъюгация (түйісу) — бұлдәрілікзатқа немесе оның метаболиттеріне эндогендікмолекулалық қосылыстар (мысалы метилдену, ацетилдену, глюкуронизация т.б.) немесехимиялық топтарды біріктіру арқылы жүретін биосинтез үдерісі. Бұл үдерістер оқшауланған болуы мүмкін немесе конъюгация метаболиттік трансформациядан кейін жүреді.

Метаболизм нәтижесінде заттар биологиялық белсенділігін жоғалтады. Бірақ, кейбір жағдайларда белсенділік танытып, іс- әрекет режимін өзгертуі, басқа белсенді қосылыстарға айналу және уыттылығының өсуі мүмкін. Бауыр ауруы кезінде микросомалдық ферменттердің белсенділігі төмендеп, биотрансформациялануының баяулауы, дәрілердің әсерін күшейіп, әсер ету  уақыты ұзарады. Дәрілік заттарды залалсыздандырудың баяулауы шаршағанжәне әлсіз науқастарда көрініс табады.

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ АҒЗАДАН ШЫҒАРУ (ЭКСКРЕЦИЯ)

Негізгі шығару жолдары — зәрмен, өтжолдары (нәжіспен), өкпе,

эндокринді бездердің секреттері (сілекей, тер, асқазан, ішек, жас безі және т.б.) арқылы іске асады. Дәрілік заттар емшек сүтімен шығарылуы мүмкін, бұл сәбилердегі қолайсыз әсерлердің пайда болуына себепші, сондықтан педиатрияда өте маңызды болып табылады.

Дәрілік заттарды тағайындауда назарға мынадай негізгі фармакомакокинетикалық параметрлер алынады:

• Элиминация (жою) — жалпы ағза тіндерінде препараттың белсенділігінің инактивациясы (белсенділіктің толықтай жойылуы) және әр түрлі жолдармен ағзадан шығарылуы,
денедегі сұйықтар мен ұлпалардағы белсенді зат мөлшерінің азаюына әкеледі.

Жалпы фармакология

• жалпы клиренс — уақыт бірлігінде қан немесе плазманың препараттан шартты түрде тазартылатын көлемі.

•  жартылай шығарылу мерзімі (жарты өмірі, жартылай жойылуы) — қан плазмасында заттардын концентрациясын 50%-ға азайту үшін қажетті уақыт.

•  биожетімділігі — препараттың ішке қабылданған дозасынан қан айналым жүйесіне өзгерместен немесе метаболиттер түрінде жеткен бөлігі.

ФАРМАКОДИНАМИКА

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРЛЕРІ, ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ЭСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ

Фармакодинамиканың негізгі мақсаты — дәрілік заттар қайда және қалай әсер ететінін білу. Дәрілік заттардың «нысанасы» (қолдану нүктесі) болып табылатындар: рецепторлар, иондык арналар, ферменттер, тасымалдаушы жүйелер, гендер және т.б.

Фармакологиялық әсерлер — ағзамен дәрілік заттардың өзара әрекеттескенде орын алатын өзгерістері (мысалы, қан кысымының ұлғаюы немесе азаюы).

Локализациялау — өзара әрекеттесу нәтижесінде фармакологиялық әсерлер пайда болатын орын.

Эсер ету механизмі — фармакологиялық әсерлердің себебі және оның шығу тегі.

Дәрілік заттардың ең негізгі әсері ағзадағы рецепторлық құрылымдармен өзара әрекеттесу болып табылады.

Рецепторлар — макромолекулалары субстраттардан тұратын белсенді топтар, олармен препарат өзара әрекеттеседі. Рецепторлар төмендегідей болып бөлінеді: арнайы — дәрілік заттардың әсер етуін қамтамасыз етеді; арнайы емес — арнайы функционалдық тұрғыда байланысты емес. Бұған қан плазмасының ақуыздары, дәнекер тінінің мукополисахаридтері кіреді. Рецепторлардың заттармен әрекеттесуіне сипаттама беруде жалпыға ортақ терминдер пайдаланылады.

Аффинитет — рецептормен ұқсас заттар, «рецептор-зат» кешенінің түзілуіне алып келеді.

Ішкі белсенділік — заттардың рецепторлармен өзара әрекеттесуі нәтижесінде оны ынталандыру немесе басқаша әсерлер тудыру қабілеті. Ішкі белсенділіктің болу-болмауына байланысты дәрілік


заттарды: агонистер, антагонистер және агонистер-антагонистер деп бөледі.

Фармакодинамика

Агонистер — аффинитеті (ұқсастығы) және ішкі белсенділігі бар

препараттар.

Антагонистер — аффинитеті (ұқсастығы) бар препараттар, басқа агонистергеәсер етуге мүмкіндік бермейді, ішкі белсенділігі жоқ дәрілік заттар.

Агонисг-антагонистер — аффинитеті (ұксастығы) бар препаттар басқа агонистерге әсер етуге мүмкіндік бермейді, бірақ, кейбір ішкі белсенділікке ие дәрілік заттар. Олар әсерлері бой­ыншабір жағынан рецепторлардың кей түрлеріне агонист ретінде, екінші жағынан басқа рецепторларға антагонист ретінде әрекет ете алады

 

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ӘРЕКЕТ ТҮРЛЕРІ

Дәрілік заттардың нысана молекуламен өзара әрекеттесу сипаты мен күшін фармакологиялық жауап көрсетеді.

Препараттардың әрекет түрлері. Фармокологиялық әсерлер орналасуына байланысты төмендегідей бөлінеді:

·  жсргілікті (локалды) әсер;

·  жүйелі (жалпы, резорбтивті — қанға сіңгеннен кейінгі) әсер.

Жүйелік әсер: орталык — орталык жүйке жүйесіне, перифериялық-шеткері мүшелер мен жүйелерге.

Әсер ету механизміне байланысты:

· тікелей, мысалы, адреналин қан тамырларының тарылуын тудырады;

· жанама, мысалы, коразол, аналептиктер, тамырлардың тарылуын айналма арқылы тудырады.

Соңғыайтылған әдіс рефлексті эсерболып табылады, ол жиі осы ағзалардан кашықтағы рецепторлардың тітіркенуінәтижесінде олардың функциясын өзгертеді (мысалы, аммиакпен мұрынның шырышты қабығындағы рецепторларды тітіркендіру арқылы тыныс алу және вазомоторлық орталықтарды ынталандыру). Байланыс куатына байланысты мыналарға бөлінеді:

· қайтымды (уакытша фармакологиялық әсерден кейін ағзалардың функциясы қайта қалпына келеді);

·  қайтымсыз (препараттың әсерінен жасушаның қүрылымы немссе функциясы толықтай бұзылады).

Жекемүшелер мен ағзадағы жүйелерге көрсететін әсеріне байланысгы:

· жалпы жасушалық (мысалы, цианидтер тіндердің бәріне немесе көпшілігіне);

• селективті (тек қана белгілі бір функционалды рецепторларға таңдамалы әсер етіп, басқа анықталмаған рецепторларға әсер етпеуі, мысалы, кураре тәрізді заттар);

Жалпы фармакология

•  басымдылық танытатын (мысалы, ОЖЖ әсері, кофеин ми қыртысына көбірек эсер етеді).

Клиникалық әсеріне байланысты:

· негізгі (басты) — дәрінің терапевтік әсері;

·  жанама — негізгіні есепке алмағандағы, өзге де әсерлер.

Қолдану мақсатына байланысты:

· емдік (этиотропты, патогенетикалық, симптоматикалық);

· алдын алу үшін.

Олардың әсер түріне байланысты:

•  терапиялық (терапиялық мөлшерде көрініс береді);

•  улы (терапиялық мөлшерден көп мөлшерде).

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ФАРМАКОКИНЕТИКАСЫ МЕН ФАРМАКОДИНАМИКАСЫНА ЭСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

Факторлардың 3 тобы бар.

•  Дәрілік заттар мен оларды қолдану ерекшеліктеріне, қасиеттеріне байланысты факторлар.

•  Ағзаның физиологиялық сипаттамалары және функционалдық жағдайына (ішкі факторлар) байланысты факторлар.

•  Сыртқы ортаның әсеріне байланысты факторлар.

Дәрілік заттар мен оларды қолдану ерекшеліктерінің қасиеттеріне байланысты факторлар

Дәрілік заттардың касиеттерінен туындайтын факторлар.

•  Химиялық құрылымы. Дәрілік заттардың қасиеттері негізінен оның химиялық құрылымына, молекулалық мөлшеріне, консистенциясына, кеңістіктікте атомдарының реттілік бойынша орналасуына, функционалды белсенді топтардың болуына және т.б.тәуелді.

•  Физикалық-химиялықжәне физикалық касиеттері: суда және майларда ерігіштігі, диссоциациялану дәрежесіне, ұнтақтар үшін ұнтақталу дәрежесі, ұшқыштық дәрежесіне және т.б. тәуелді.

•  Дәрілік заттардың дозасы мен концентрациясы.

Доза — емдеуге (әдетте бір доза) тағайындалған заттар мөлшері. Концентрация— сұйықтығы белгілі бір мөлшердегі зат. Бұл параметрлердің арасында тікелей тәуелділік бар. Доза мөлшеріне
байлаиысты оның каркындылығы, ұзақтығы, кейде әрекет сипаты өзгереді.

Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына эсер ететін факторлар

қолдану санына, дозалар кестесіне байланысты төмендегідей бөлінеді:

·  Бір реттік доза — бір реттік қабылдауға арналған заттар мөлшері.

· Тәуліктік доза — тәулігіне қабылдайтын заттар мөлшері.

· курстық доза —• бүкіл емдеу курсына.

·  Соққылы доза — бірінші доза кейінгіден асып кеткен кезде, қажет болатын жағдайда тез арада ағзадаты препараттың жоғары коицентрациясын жасау үшін.

Әсер түріне байланысты:

•  Терапиялық доза:

- Ең төменгі;

- орташа мәнді;

- ең - жоғары;

•  уды доза;

• өлім дозасы болып бөлінеді.

 Ең томенгі терапевтік доза — дәрілік зат фармакологиялық белсенділік көрсететін доза.

Орташ а терапевтікдоза — орташадәрежелі әсер тудыратын доза.

Ең жоғарғы емдік доза — ең жоғарғы терапиялық әсер тудыратындоза.

Улы және жоғары белсенді заттар үшін жоғары терапиялык доза немесе тәуліктік доза (бұл бір реттік немесе күнделікті кабылдауға  ең жоғарғы доза) тағайындалады.

Уытты доза — улану тудыратын зат мөлшері.

Өлім дозасы — өлімге соқтыратын доза. Дәрілік заттардың белсенділігін салыстыру үшін, терапиялық әсер кеңдігін анықтау қабылданған, бүл — ең төменгіулы және ең төменгі терапевтік доза арасындағыдиапазон болып табылады. Препараттың көрсеткіші жоғары болған сайын, қауіпсіз әрі белсенді болады.

Қолдану ерекшеліктері. Бүл жағдайда әр түрлі факторлар рөл атқарады: енгізу жолдары, қолдану уақыты (тамаққа дейін, тамак ішу кезінде немесе одан кейін) т.б., бірақ, ең маңызды болып табылатындары: а) қайта пайдалану және б) аралас пайдалану.

Дәрілік препараттарды кайта пайдаланудан:

• кумуляция (жинақталу) — дәрілік заттар әсерінің оларды қайталап колданғанда артуы. Кумуляцияны 2-ге бөліп карастырамыз:

материалды — фармакологиялық агенттердің (мысалы, жүрек гликозидтері) жинақталуы;

·  функционалды «жинақталу» — заттардың емес, тек фармакологиялық әсерлердін жинақталуы (мысалы, этил спиртін қабылдау);

Жалпы фармакология

•  сенсибилизация — кайталап қабылдағанда алдыңғы қолдануға қарағанда әсері (әдетте аллергиялық сипатка ие) артық болуы;

•  үйрену — қайталап пайдалануда әсердің азаюы; үйрену баяу (мысалы, айдағыш заттар, барбитураттар) және тез, тіпті бірнеше минут болуы мүмкін (мысалы, эфедрин сияқты); тез үйрену тахифилакция деп аталады;

•  дәріге тәуелділік (құмарлық) — ағзаның қалыпты жұмыс істеуі нашарлағандықтан, препаратты қабылдауга ұмтылу болуы мүмкін.

Дәріге тәуелділік:

•  психикалық;

•  физикалық болып бөлінеді.

Психикалық дәріге тәуелділік — бұл препаратты тоқтатқан кезде тек эмоционалдық ыңғайсыздыктың болуы (мысалы, кока­ин, галлюциногендер).

Физикалық дәріге тәуелділік — препаратты тоқтату (мыса­лы, морфин, героин т.б.), немесе антагонистерді енгізу кезінде абстиненцияның дамуы (соматикалық-вегетативті және неврологиялық бұзылулар, косымша психикалық өзгерістермен қатар жүретін ауыр жағдай).

Дәрілік препараттарды аралас пайдалану. Кейбір дәрілік препараттарды бір уақытта немесе қыска уақыт мерзімі ішінде жиі қолданса, олар бір-бірімен өзара әрекеттесіп, негізгі әсер сипатын, оның ұзақтыгын өзгертуі және улылык және жанама әсерлерін күшейтуі немесе әлсіретуі мүмкін.

Өзара әрекеттесу түрлері:

•  фармакологиялык өзара:

·  дәрілік заттардың фармакокинетикасының өзгеруіне негізделеді;

·  дәрілік заттардың фармакодинамикасының өзгертуіне негізделеді;

·  ағза орталарында дәрілік заттардың химиялык және физика-химиялык өзара әрекеттесуіне негізделеді;

•  фармацевтикалық өзара әрекеттесу.

Фармацевтикалык өзара әрекеттесу ағзаға енгізу алдында, оларды бірге қосқанда дәрілік заттар арасындағы физика-химиялық реакциялардың нәтижесінде орын алады (мысалы, қышқылдар және негіздер — сабын анионы және сабын катиондары). Дәрілік зат­тарды бірге қолданғанда (шприцтегі араласу кезінде, сақтау кезінде, рецепті дүрыс тағайындамау кезінде) өзара қолайсыз әрекеттесу
пайда болады. Нәтижесінде, тұнба түзіліп, ерігіштік езгереді, түсі және иісінің өзгеруі — фармацевтикалық сәйкессіздікті (мысалы, В| дәруменін стрептомицин, пенициллинмен бір шприцте енгізуге болмайды, өйткені олар кешен қалыптастырады және белсенділігін төмендетеді), сондай-ақ негізгі фармакологиялық қасиеттердегі өзгерістер немесе уыттылығын, жанама әсерін күшейтеді — бұл формакологиялық сәйкессіздік(мысалы, тиаминді цианокобаламин- мен, өйткені, соңғысы оның аллергиялык қасиеттерін арттырады).

Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына эсер ететін факторлар

Фармакологиялық өзара әрекеттесу мыналарды қамтиды:

•  фармакокинетикалық өзара әрекеттесу түрі сіңірілу үдерістеріндегі өзгерістерге,таралуына, тасымалдануына, биотрансформациялануына, деполануына және шығарылуына байланысты;

•  фармакодинамикалық өзара әрекеттесу — оқшау деңгейде дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі, олардың фармакологиялык әсерлерді (әрекеттесу механизмі) іске асыруы және басқалары.

Фармакологиялык өзара әрекеттесудің қорытынды нәтижесі өзін синергизм және антагонизм түрінде таныта алады.

Синергизм — екі немесе одан да көп дәрілік заттардың бір бағытты әсері, яғни әрбір препараттың жеке әсеріне қарағанда жоғары фармакологиялық әсерді қамтамасыз етеді.

Синергизм қорытындысы жинақталған комбинациялы әсер болуы мүмкін, яғни дәрілік заттардың жеке алғандағы әсері қорыта келгенде жинақталып жоғарғы әсер көрсетеді.

Синергизм құбылысын тікелей синергизм механизмі (екі қосылыс та бір субстратқа әсер етсе); жанама синергизм механизмі (заттар әр түрлі субстратқа әсер етсе) деп бөледі.

Антагонизм — дәрілік заттардын өзара әрекеттесу кезінде фармакологиялык әсерлердің төмендеуіне, кейбірінің немесе барлығының жойылуына әкелетін әсері. Антагонизм түрлері:

•  физикалык (белсендірілген көмір препараттарымен уланған кезде);

•  химиялық (қышқылмен, сілтімен улану);

•  функционалдық (агенттер бір-бірімен өзара әрекеттеспейді, тек функционалдық құрылымға әсер етеді, бірақ қарама- қарсы әсерін көрсетеді).

Синергоантагонизм — екі дәрілік заттың өзара әрекеттесуі, нәтижесінде кейбір әсерлер күшейсе, біреулері әлсірейді.

Ағзаның ішкі ортасындағы химиялық және физика-химиялық өзара әрекеттесу.

Көбіне артық дозаланғанда немесе дәрілік заттардан жедел улану кезінде қолданылады. Бөліп қарастырамыз:


 

Жалпы фармакология

• физика-химиялық өзара әрекеттесу: мысалы, адсорбциялаушы заттардың негізгі қасиеті ас қорыту жолдарындағы улы заттардың сіңірілуіне кедергі жасау;

•  химиялық эрекеттесу: сілтілік заттар қышқылды бейтараптандырады.

Дәрілік заттардың физика-химиялық және химиялық өзара әрекеттесуіне негізделген антагонистік сипаты, «антидотизм» терминімен айқындалады, осыған сәйкес заттар — антидоттар деп аталады.

Физиологиялық сипаттамаларына және ағзаның функционалдық жағдайына негізделген факторлар

Түрлік сезімталдық (мысалы, адаммен салыстырғанда қоянның атропинге сезімталдығы, ал жүрек гликозидтеріне егеуқұйрықтардың сезімталдығы төмен).

Жынысы (бірқатар дәрілік заттарға — никотин, стрихниндерге еркектерге қарағанда аналықтар сезімтал болып келеді, себебі гормондардың кызметіне байланысты).

Жасы. Препараттарға сезімталдық жасқа байланысты өзгеріп отырады. Балалар мен егде жастағы адамдар, әдетте дәрілік заттарға өте сезімтал. Сондықтан, балаларға дәрілік заттарды, әдетте, ересектерге қарағанда аз мөлшерде тағайындайды. 60 жастан асқан наукас адамдарға да сондай-ак доза бойынша көп түзетулер жүргізіледі.

Дене салмағы. Әдетте, дәрі-дәрмек балаларға дене салмағы кг мен көлеміне м2 (арықтық, семіру т.б. елеулі ауытқулар болмағанда) қарай белгіленеді.

Жеке сезімталдығы. Мүмкін гипобелсенділік — дәрі- дәрмектердің үлкен дозасына жауаптың төмендеуі немесе гипербелсенділік — шағын дозаға да күшті жауаптың берілуі.

Идиосинкразия — аллергияның клиникалык көріністеріне ұқсас, кейбір дәрі-дәрмектер мен азық-түлікке тұқымқуалаушылықпен берілген ағзаның ерекше реакциясы.

Физиологиялық сипаттамасы: жүктілік, етеккір кезеңі, лактация мерзімі.

Ағзаның функционалдық жағдайы. Әдетте, күшті ынталандырушы препараттар ОЖЖ белсенділігі төмен кезде өзінің қасиетін көрсетеді, сол сияқты қозуды басатын заттар қозудың фондық жағдайында өз әсерін көрсетеді.

Патологиялық жағдайы. Патологиялық жағдайларда, дәрілік заттар қалыптыға қарағанда өзгеше әсер көрсетеді, ал кейбір дәрілер тек патологиялык жағдайда ғана тиімді әсер етеді (ыстықты түсіретін заттар — наркотикалық емес анальгетиктер, тек жоғары дене температурасын төмендетеді).

Генетикалық ерекшеліктері. Мұның жеке сезімталдықтан айтарлықтай айырмашылықтары бар, яғни генетикалық факторлармен анықталады (мысалы, псевдохолинэстераза ферментінің генетикалык тапшылығында дитилиннің миорелаксанттық әсері ұзарады).

Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына эсер ететін факторлар

Сыртқы орта факторларының әсеріне байланысты

Метеорологияльқфакторлар (температура, ылғалдылық, жел жылдамдығы, атмосфералық қысым).

Сәулелік энергия дәрілік заттардың сипатын өзгертуі және тіпті оныңәсерін күшейтуі мүмкін. Мысалы, иондаушы сәуле әсері ісікке қарсы агенттер әсерін күшейтеді.

Магнит өрісі препараттарға (мысалы, медиаторлар-катехоламиндер) организмнің жауабын өзгертуі мүмкін әсері өзгереді (мысалы, ұйықтатқыш қасиеті бар дәрілер ұзак әсер етеді).

Биологиялық ырғақтар (жылдық, маусымдық, күнделікті). Ағзаның физиологиялык функциялары үшін маңызды, яғни дәрілік заттардың организм сезімталдығына әсері көрінеді.

Хронофармакология — фармакологияның биоырғаққа байланысты дәрі мен ағза арасындағы өзара әрекеттесуінің үлгілерін әзірлейтін бөлім. Осылайша, наркозға арналған заттарды кешке берген жөн болса, ал нитроглицерин күндізге қарағанда таңертең неғұрлым тиімді болып табылады. Хронофармакологиялық әдіс жанама әсерлерді қысқартуға және уақыт бойынша дәрілік заттар­ды рационалды үлестіріп, тағайындау үшін кажет.

Тамақтану сипаты. Ашықкан кезде дәрілік заттардың биотранс- формациясы төмендейді. Ашқарынға дәріні ішкенде сіңуі жақсы жүреді т.с.с.

Дәрілік заттардың жағымсыз (теріс) әсерлерінің түрлері.

Көптеген дәрілік заттар терапиялықәсер көрсете отырып, жағымсыз реакциялар тудыруы мүмкін, нәтижесінде ауыр асқынулар, тіпті өлімге әкеледі.

Жанама әсерлер терапиялық дозада пайда болып (мыса­лы, трициклинді антидепрессанттар ауыздың құрғауын, көздің қосарлап көруі), әдетте ағзаға колайсыз болып табылады. Бірақ кейде жанама әсерлердің өзі емдік мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін (мысалы, адреналин гипергликемия тудырады, ол қант диабетімен ауыратын науқастарға инсулинмен артық дозаланғанда қолданылуы мүмкін).

Уытты әсерлерді доза, терапиялык дозадан артық мөлшерде болады. Басты себеп кездейсоқ немесе қасақана артық мөлшерді пайдалану немесе зат алмасу бұзылыстары және дәрілік заттарды ағзадан баяу шығару нәтижесінде болады.

Жүктілік кезінде белгіленген дәрілер эмбрион мен ұрыққа теріс әсер етуі мүмкін.

Жалпы фармакология

Эмбриотоксикалық әсер — дәрілік заттың ұрыққа қолайсыз әсерлері, органогенезге әсер етпей (жүктіліктін 1-3 аптасы) оның өліміне алып келеді.

Тератогенді әсерлер — дәрілік заттың эмбриогенезді бұзуына байланысты ұрыктағы әр түрлі ауытқуларға (көрінетін деформацияларға) әкелуі. Жүктіліктің 4—11 апталарында дәрі қабылдау нәтижесінде қалыптасады.

Фетотоксикалық әсер — органогенез бұзылуымен байланысы жок, жетіліп келе жатқан ұрыққа немесе жетілген ұрыкка жағымсыз әсері (жүктіліктің 12—14 апталарынан кейін).

Мутагендік әсер — дәрінің генетикалық аппаратқа тұрақты зиян келтіріп, тұкым қуалау аппаратының өзгерістеріне алып келу қабілеті.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: