Выведение (экскреция) лекарственных веществ из организма 7 страница

Жеке фармакология

Қолданылуы: празозин және доксазозин антигипертензивті заттар ретінде пайдаланылады. Празозинді күніне 2—3 рет, ал доксазозинді 1 рет тағайындайды. Доксазозин қуық асты безінің аденомасы бар науқастарда зәрдің кетуін жеңілдетеді және зәр шығаруды жақсартады (α1-адренорецепторлардың саны қуық асты безі мен қуық мойынының тегіс салалы бұлшықеттерінде көп).

Прозозинге «біріншілік доза» әсері тән — бірінші дозадан кейін қан қысымының күрт төмендеуі байқалады, сондықтан оны, әсіресе, бірінші рет қолданғанда жатып қабылдау керек. Тамыр кеңейту тұрғысынан препараттың тиімділігі, сондай-ақ тікелей миотропты спазмолитикалық әсерімен байланысты. Препарат әлсіздік, ұйкышылдық, бас айналу, бас ауруын туындатады.

β-Адреноблокаторлар. Бұл топтағы препараттарды селективті емес

β1β2-адреноблокаторлар және селективті β1-адреноблокаторлар деп бөлеміз.

Олар жүрек, қан тамырлар, бронх, жатыр және баска да органдардағы бета-адренорецепторларды тежейді. Β1-адренергиялық рецепторлардың тежелуі жүрек жиырылуының баяулауы, жиырылу күшінің әлсіреуі, миокардтағы импульс өткізгіштігінің төмендеуі, бүйректегі ренин секрециясын төмендеуі, көздегі кірпікті дене қалыптастыратын сұйықтық мөлшерінің төмендеуі арқылы көрініс береді. β2-адренергиялық рецепторлардың тежелуі бронх, жатыр, және қан тамырлардағы тегіс бұлшық тонусының артуы аркылы көрініс береді. Бета-блокаторлар катехоламиндердің көптеген метаболизмдік әсерлерін тежейді (липидтердің, гликогеннің ыдыруының артуын және т.б.).

Селективті емес β1 және β2-адреноблокаторларға анаприлин (пропранолол) жатады. Анаприлиннің ең маңызды фармакодинамикасы жүрекке әсері болып табылады.

Қолданылуы: стенокардияны емдеуде (жүрек жұмысының төмендеуі және оның оттегіге қажеттілігін азайту), артериялық гипертонияда (АҚ төмендеуі негізінен жүрек өндірісінің азаюына және рениннің бөлінуінің азаюына байланысты). Суправентрикулярлы және қарыншалық тахиаритмияда анаприлинді тағайындау қажет. Тиреотоксикоз кезінде ол аурудың симптомдарын азайтады. Сонымен қатар, анаприлин глаукома кезінде көз ішілік қысымды төмендету үшін де пайдаланыла­ды. Акушерлік тәжірибеде жатырды босаңсытатын құрал ретінде қан кетуді азайту үшін пайдаланады. Анаприлин орталық жүйке
жүйесіне тежеуші әсер көрсететіндіктен, оны алаңдаушылықсезімімен жүретін жағдайларда тағайындауға болады.

Нейротропты заттар

Мүмкін болатын жанама әсерлер:жүрек жеткіліксіздігі,жүректік блок, перифериялық тамырлардың тонусының жоғарылауы, бронхоспазм.

Окспренолол — таңдамалы емес β-адренергиялық рецепторларды тежейтін, ішкі симпатомиметикалық белсенділігі бар, яғни β адренергиялық рецепторлардың аздап ынталандырушысы болып табылады. Ол аз деңгейде жүректің жиырылу күші мен ырғағын төмендетеді, айқын брадикардия туғызбайды және бронх тонусына әсер етеді.

Кардиоселективті β1-адренорецепторлардың тежегіштері: метопролол, атенолол. Қолдануға және негізгі қарсы көрсеткіштері анаприлиндікімен бірдей. Талғамсыз β1, β2-адреноблокаторлардың қауіптілігіне карағанда, β1-адренергиялық рецепторларға селективті әсеріне байланысты, салыстырмалы түрде бронхспазмға және перифериялық қан тамырлардың спазмына бейім науқастар жақсы көтеретіндіктен тағайындалуы мүмкін α және β адренорецепторлардың блокаторы: лабеталол.

Лабеталол а және β-адренорецепторларды бір мезгілде тежеу арқылы, гипотензиялық әсер көрсетеді. Гипотензиялық әсерді репарат, негізінен, шеткері қан тамырларының қарсылығын және плазмадағы рениннің белсенділігінің төмендеуіне байланысты көрсетеді. Жүректің шығару және жүректің жиырылу жиілігіне лабеталол аз әсер етеді.

Лабеталолдың қолданылуы: артериялык, гипертензия, гипер­гониялық кризде және феохромоцитомада.

Симпатолитиктер — резерпин, октадин (гуанетидин) — иостганглионарлы адренергиялык талшықтардан эффектор мүшелерге пресинаптикалық ұштардағы норадреналин қорының сарқылуы арқылы қозудың берілуін тежейді.

Резерпин — пресинаптикалық ұштардың көпіршіктерінде норадреналиннің байланысуы мен сақталуын бұзады; ол цитоплазмаға түсіп МАО-мен инактивтендіріледі. Норадреналиннің шағын бөлігі ұштарынан өзгеріссіз бөлінеді. Оның нейроналдықұсталуына резерпин әсер етпейді. Препарат ОЖЖ мен органдардағы норадреналин және серотонин мөлшерін азайтады. Ол тыныштандыратын және әлсіз антипсихотикалық әсер көрсетеді. Резерпинді енгізгенде АҚ біртіндеп төмендейді, бұл жүрек лақтырысының төмендеуіне байланысты, сондай-ақ жалпы перифериялық қантамырларының қарсылығының азаюына байланысты болады.

Белсенді симпатолитиктерге октадин жатады. Ол пресипатикалық мембрананы тежейді және медиатор босап шығуын бұзады.


Октадин әсерінен жүйке ұштарындағы норадреналин мөлшері бірте- бірте төмендейді. Бұл жүйке ұштарындағы норадреналиннің кері нейроналдық ұсталуына октадиннің кедергі жасауына байланысты. Октадин норадреналинді көпіршіктерге қаптайды. Мұның бәрі цитоплазмадағы бос норадреналиннің МАО-мен инактивтенуіне әкеледі. Ағзалар мен тіндердегі норадреналин мөлшерінің елеулі азаюы байқалады. Октадин ОЖЖ-не енбейді. Октадиннін негізгі әсері қан қысымын біртіндеп тұрақты төмендетуге негізделген.

Жеке фармакология

Қолданылуы: артериялык гипертензияны емдеу үшін ең алдымен октадин және резерпин тағайындалады. Антигипертензивті зат ретінде октадин резерпиннен гөрі тиімді болып табылады. Кейде октадинді глаукомада пайдаланады.

Жанама әсерлер: брадикардия, қаңқа бездерінің ісінуі, ішек қозғалысы мен асқазан секрециясының және тонусының артуы. Октадин ортостатикалық гипотензия тудырады, ал резерпин депрессияға және Паркинсон ауруының белгілеріне себеп болуы мүмкін.

Дофамин және серотонин рецепторларға әсер етуші заттар

Дофамин және допаминергиялық заттар

Дофаминдік рецепторларды ынталандыратын препараттарға мыналар жатады: апоморфин, бромокриптин және дофамин («АІЖ әсер ететін заттар», «ОЖЖ әсер ететін заттар», «Атқарушы ағзаларга әсер ететін заттар» бөлімдерінен қараңыз).

Психотропты препараттар (нейролептиктер) («ОЖЖ әсер ететін заттар») дофамин рецепторларды тежейді.

Серотонин және серотонинергиялық заттар

Серотонинергиялық рецепторларды ынталандырушыларға мыналар жатады: (флуоксетин және т.б.), транквилизаторлар (буспирон), агреганттар (серотонин адипинаты), антидепресанттар. Серотин рецепторларды ципрогептадин, ондансетрон тежейді («ОЖЖ әсер ететін заттар», «Атқарушы ағзаларға әсер ететін заттар» бөлімдерінен караңыз).

ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАР

ОЖЖ-де нейрондар, перифериялык, жүйке жүйесі сиякты, өзара синапстар арқылы байланысқан. Бір нейроннан келесі нейронға қозудың берілуі медиаторлар (нейромедиаторлар) арқылы жүзеге асырылады, олар жүйке импульсінің арқасында пресинаптикалық ұштарында бөлінеді.

ОЖЖ қозудың берілуіне келесі нейромедиаторлар қатысады: катехоламиндер (дофамин, норадреналин), серотонин, амин
қышқылдары (ГАМК — гамма-амино май қышқылы, гли­цин), L-глутамат, пептидтер (энкефалиндер, эндорфин, Р заты).

Нейротропты заттар

Нейромодулятор ретінде әрекет ететін заттарға аденозин, АТФ, азот оксиді, гистамин және т.б. жатқызуға болады.

ОЖЖ әрекет ететін заттар ынталандырушы және тежеуші болып бөлінеді. Өз кезегінде, осы заттардың әркайсысын жалпы және селективті әсер ететін заттарға бөлуге болады.

Наркозға арналған заттар (жалпы анестетиктер)

Орталық жүйке жүйесіне таңдамай (жалпы) ингибиторлық әсер ететін заттарға наркозға арналған заттар жатады.

Наркоз заттары ОЖЖ тежеуші әсер етіп, уақытша естің жоғалтуын, сезімталдықтың барлық түрлерінің, тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталыктардың қалыпты тежелуін, тегіс салалы бұлшықет тонусының және рефлекстік қызметтің тежелуін тудырады.

Ең алғаш жалпы анестетикті (азот оксиді) 1844 жылы Уэллс тістерді алып тастау кезінде қолданған, бірак наркоздың ашылған мерзімі ретінде 1886 жылы Мортон жұртка жария ретінде диэтил эфирінің наркотикалық әсерін көрсеткен кезді санаймыз. Сол жылы әйгілі хирург Н.И. Пирогов ұрыс алаңындағы операцияларда эфирді жаппай пайдалануды ұйымдастырды.

Ағзаға енгізу түріне байланысты наркозға арналған заттарды тыныс алу жолдары арқылы организмге енгізілетін ингаляциялық наркоз заттары және көктамырға енгізу үшін арналған ингаляциялык емес наркоз заттары деп бөлеміз.

Наркоз заттарының әсер ету механизмі толығымен анықталмаған, бірак ол негізінен ОЖЖ-гі қозудың берілісінде нейронаралық (синапс) тежеліске байланысты деп есептелінеді.

Наркоз кезінде 4 негізгі кезең бар. Препаратты енгізгеннен бастап-ақ аналгезия немесе бірінші кезең дамиды. Бұл кезең ауыруды сезінудің күрт төмендеуімен, естің шатасуымен сипатталады, бірақнауқаспен байланыс сақталады. Бұл кезен ұзақтығы 5—10 минут.

Екінші кезеңде (қозу), естің, козғалыс және ауызша ынталандырудың толық өшіуі, АҚ қысымы, жүрек ырғағы және тыныстың елеулі ауытқуы байқалады. Бүл кезеңнің пайда болу себебі ми қыртысының толық тежелуі болып табылады және осы кезеңде тыныс, жүрек тоқтауы мүмкін, себебі осы орталықтардан тежелу алынып тасталады.

Хирургиялық наркоз (үшінші кезең) кезеңінде тежелу, кыртыс және кыртыс асты құрылымдар мен жұлынның тежелуі есінің толық жоғалуына, сезімталдықтың, рефлекстердің жоғалуына әкеледі; каңқа бұлшықеттерінің релаксациясы; тыныс алу мен

АҚ қалпына келеді. Көбіне осы кезеңде хирургиялық араласулар жүреді.

Жеке фармакология

Ингаляциялық наркоз тоқтатылғаннан кейін, бірден ояну кезеңі басталады, бұл кезде орталық жүйке жүйесінің қалпына келуі кері бағытта жүреді. Көп мөлшерде наркоз препараттарын енгізген кезде агоналды кезең болуы мүмкін.

Таза түрде мононаркозды сирек қолданады. Наркозға неғұрлым жылдам кіргізу және жалпы анестетиктерді пайдаланудан кейінгі асқынуларды азайту үшін аралас (ингаляциялық наркозды ингаляциялық емеспен ұштастыра отырып) және құрама наркоз қолданылады.

Ингаляциялық наркозға арналған заттар

Ингаляциялық наркозға ұшпа сұйықтықтарды пайдаланады: диэтил эфирі, изофлуран, фторотан (галотан) және газ тәрізді зат­тар: азот оксиді.

Наркозға арналған эфир — тез тұтанатын ұшпа сұйықтық. Препарат айқын наркотикалық белсенділікке ие, наркотикалық әсер ауқымы кең (хирургиялық наркоз және өмірлік маңызды функциялардың салдануына себеп болатын қандағы заттар концентрациясы арасындағы диапазон) және салыстырмалы түрде уыттылығы төмен. Эфирді қолданғанда наркоз баяу дамиды, әрі қозу кезеңі ұзаққа созылады, эфирлік наркоздан кейін ояну 20-40 мин ішінде жүзеге асады да, бірнеше сағат аралығында нар­коздан кейінгі ұйқы байқалады.

Жанама әсерлері: тыныс алу жолдарының шырышты қабығын тітіркендіреді, нәтижесінде тыныс алу және жүрек қызметінің рефлекторлы өзгерістеріне, гиперсекрециясына, жүрек айнуы мен кұсуға әкелуі мүмкін.

Фторотан — жанғыш емес, ұшпа сүйықтық. Наркозға кіру жылдам жүзеге асады, әрі қозу кезеңі қысқа. Фторотандық нар­козды басқару оңай іске асады. Фторотанның белсенділігі эфирден 3—4 есе артық. Ояну да тез жүзеге асады. Препарат шырышты тітіркендірмейді, яғни қажетсіз рефлекстік реакцияларды туындатпайды. Фторотан межелі түрде тыныс алу орталығын тежейді, мио­кард жиырылғыштығын азайтады және қан қысымын томендетеді. Ол брадикардия (кезбе жүйкенің қозуы) туғызады, миокардтың адреналинге деген сезімталдығын арттырады, нәтижесінде жүрек ырғағының бүзылуы мүмкін.

Фторотандық наркоз кезінде адреналин және норадреналин қолданудың қажеті жоқ.

Фторотанның жанама әсерлерінен, әсіресе, қайталап қолданғанда бауырды зақымдайтынын атап өткен жөн.

Изофлуран — белсендігі жоғары, сүйек бұлшықеттерін өте жақсы босаңсытады, іс жүзінде ішкі ағзаларға ешқандай теріс әсері жоқ.

Нейротропты заттар

Азот шала тотығы — түссіз газ, жанғыш емес, бірақ жануды колдайтын қасиеті бар зат. Азот тотығымен демалдырғанда наркозға кіру жылдам, әрі тез оянуды қамтамасыз етеді. Препараттың наркоздық белсенділігі төмен бұлшықеттерді жеткілікті түрде босаңсытпайды, сондықтан 80% азот шала тотығы және 20% оттегі пайдаланылады. Азот оксиді айқын аналгезия тудырады, оны аурудың қатты ұстама сезімдерін (миокард инфаркты; панкреатит кезінде) жеңілдету үшін тағайындауы мүмкін.

Азот оксидінің улылығы төмен, тыныс алу орталығына әсер етпейді. Азот оксидін ұзақ ингаляциялағанда, гипоксия және металобластикалық анемия тудыруы мүмкін.

Ингаляциялық емес наркозга арналған заттар

Ингаляциялық наркоздан ингаляциялық емес наркоздың айырмашылығы басқару қиындығы: ингаляциялық емес

паркоздың артықшылықтары ретінде қозу сатысының болмауын айтсақ болады.

Ингаляциялық емес наркозға арналған заттардың ұзақтығы әсер ұзақтығына байланысты үш топқа бөледі:

•  қысқа мерзімді әсер етуші (10-15 мин) — пропанидид және кетамин;

• әсер ұзақтығы орташа (20—40 мин) — натрий-тиопенталы;

•  әсері ұзақ мерзімді (60 мин және одан да көбірек) — натрий оксибутираты.

Пропанидид көктамырға енгізгенде өте қысқа әсер танытады, себебі қан ферменттері арқылы жылдам бұзылады. Наркоз 30—40 секунд ішінде басталады, қозу сатысы жоқжәне 3—5 минутқа дейін созылады. Ол, негізінен, амбулаториялық-емханалық практикада кысқа мерзімді операциялар үшін қолданылады, себебі 20—30 минут ішінде әсері толық тоқтайды.

Жанама әсерлері: тыныстың қысқа уақытқа тежелуі, миокардтың жиырылу жұмысының бүзылуы, гипотензия, аллергиялык реакциялар.

Кетамин — әсері жылдам әрі қысқа мерзімді наркозға арналған зат (көктамыр инъекциясында әсер ұзақтығы 5-10 мин және бұлшықетке енгізгенде әсер ұзақтығы 15—30 мин), жансыздандыру белсенділігі жоғары 6—8 сағат бойы сақталады. Ол наркоздың хирургиялық кезеңін туғызбайды, қаңқа бұлшықеттерін босаңсытпайды, жұтқыншақ, көмей және жөтел рефлекстерін жоймайды.

Ол қысқа мерзімді бұлшықет релаксациясын талап етпейтін опе- рациялар үшін және қысқа мерзімді ауру сезімі жоғары рәсімдерде пайдаланылады.

Жеке фармакология

Көктамырға енгізгенде тамыр бойымен ауырсыну және қызаруды, қан қысымы мен жүрек жиілігінің жоғарылауын туғызуы мүмкін, ояну кезінде — психомоторлы қозу, елестеулер мен бағдардың бұзылуы болуы мүмкін. Наркоз алдында диазепамды көктамырға енгізу оянудан кейін кетаминнің психоматорлы қозуын төмендетеді және наркоз кезінде каңка бұлшықеттерінің релаксациясын камтамасыз етеді.

Натрий-тиопентал — барбитур кышқылыныңтуындысы. Ол козу сатысынсызұзақтығы 15—30 минуттан артықемес созылатын наркоз туғызады, себебі ол майлы тіндерде жинақталады. Әлсіз анальгетиктік әсерге ие, қаңқа бұлшықеттерін толық босаңсытпайды, рефлекстерді аз денгейде тежейді. Натрий тиопенталды наркозда қолданылудын ең кең таралған түрі наркозға кіру үшін (козу сатысында жоқ наркоз қалпына енгізу үшін) колданылады.

Препаратқа қарсы көрсеткіштер: бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы.

Натрий оксибутираты химиялық құрылымы мен қасиеттері ОЖЖ тежейтін ГАМҚ медиаторына ұксас. Шағын дозада натрий оксибу­тираты седативті препарат, бұлшықет босаңсытқыш әсері бар, ал көп дозада ұйқы мен наркоз туғызады. Оның наркотикалық әсері баяу дамиды, наркоздың хирургиялық кезеңі 30—40 минут ішінде басталады. Наркотикалық әсерінің бір реттік қолданғаннан кейінгі ұзақтығы 2—4 сағат. Оған айқын бұлшыкет релаксациялаушы касиет тән. Натрий оксибутиратының наркотикалық ауқымы кең және ми мен жүрек тіндерінің гипоксияға тұрақтылығын арттырады. Қолданылуы: наркозға кіргізуші және базисті наркозда, сондай- ақ психикалық қозуды тоқтату үшін, гипоксиялық ми ісінуінің алдын алу және эклампсияны емдеу үшін. Шокқа қарсы зат ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар, парентералды енгізуден басқа, ішке де қабылдауға болады. Натрий оксибутиратынын уыттылығы төмен, ішкі ағзаларға ешқандай жағымсыз әсер көрсетпейді. Кейде құсу және қан қысымының сәл жоғарылауы, брадикардия туындауы мүмкін.

Этил спирті (этанол)

Жалпы әсерлі тежегіш препараттарға сондай-ақ этил спирті жатады. Этил спирті медицинада жергілікті және рефлекторлы әсер алу үшін пайдаланылады. Этил спирті ішкі ағзалардың қабыну ауруларында «алаңдатушы зат» сияқты, ал ыстық компрестерде пайдаланғанда
тітіркендіргіш қасиетке ие. Осы мақсаттар үшін 40% концентрациясын қолданады.

Нейротропты заттар

Жергілікті колданғанда этил спирті жасуша цитогплазмасындағы ақуыз денатурациясын тудырады, соның ішінде микробтық жасушалар да бар. Спирттың антисептикалық касиетін хирургиялық алаңды дайындау, тері залалсыздандыру үшін, хирургтың қолын өңдеу мен жабдықтарды зарарсыздандыруға пайдаланады. Теріні оңдеуде 70% спирт қолданылады, өйткені жоғары концентрацияда тотықтыратын әсері бар ол спирттің терінің терең қабаттарына енуін тежейді. Құралдарды зарарсыздандыру үшін 90-96% спирт қолданылады.

Этил спирті консервант ретінде химиялық-фармацевтикалық өнеркәсіпте инфузияны, сығындыларды өндіру үшін кеңінен т.б. қолданылады.

Алкогольді ішке қабылдау кезінде жергілікті және резорбтивті әсер етеді. Төмен концентрациясы асқорыту бездерін тітіркендіреді, 20% спирт концентрациясы ас қорыту сөлінің кызметін және секрециясын тежейді.

Алкоголь асқазан және ішекке жақсы сіңеді. Ол майда жақсы ериді және барлық тосқауылдардан, плацентарлық тосқауылды қоса алғанда, жақсы өтеді. Этанол ағзада тотығады, ол елеулі мөлшерде энергияның босап шығуымен қатар жүреді. Спирттік ішімдік ішкеннен кейін жылу өндіру мен жылу бөлу бірдей деңгейде артады. Тері кан тамырларының кеңеюіне байланысты жылу сезімі сезіледі. Дегенмен, алкоголь суықта тоңганда ұсынылмайды, себебі тершеңдіктің артуына байланысты дененің жылу жоғалтуы күрт артады.

Спирттің резорбтивті әсері кезінде, жалпы анестетиктер сияқты, ОЖЖ-ның жалпы тежелуіне әкеледі. Спирттің наркотикалық таралымының төмендігі және қозу кезеңінің ұзақтығы белгілі, сондықтан ол жалпы анестезия үшін қолайлы емес.

Спирттік өнімдерді қабылдау өткір улануға алып келуі мүмкін. Улану ауырлығы кабылдаған дозаға байланысты. Этил спиртімен өткір улану кезінде қоршаған ортаға деген бағдар жоғалып, сөйлеу бәсеңдейді, құсу жиілейді. Үдеріс күрделене түсіп, сана бұзылысы тереңдейді, тыныс жиілеп, сырылы басым болады, жүрек-қантамырларының тонусы төмендейді, бұлшықет босаңсуы, тұйықталу, ступор және кейде кома жағдайы орын алады. Өлім тыныс немесе тамыр қозғалтқыш орталықтарының салдануынан майда болуы мүмкін.

Өткір улануды емдеу этил спиртін асқазаннан сілтілік ерітінділерді енгізу арқылы жоюдан (асқазанды шаю) басталады. Жүрек-қантамыр жүйесінің қызметін қамтамасыз ету үшін


жүрек гликозидтері (строфантин, камфора), тамыр тарылтқыш заттар (мезатон), плазма алмастырушылар (реополиглюкин) тағайындалады. Тыныс алу қызметін қоздыру үшін кордиамин енгізіледі. Ингаляциялық оттегі тағайындалады, қажет болған жағдайда өкпенің жасанды желдеткішін орындауға болады, дәруменмен емдеу (В6, С дәрумендері, кокарбоксилаза) қажет.

Жеке фармакология

Маскүнемдік — этил спиртін ұзақ пайдаланудан құмарлық пен дәрілік тәуелділіктің (психикалық және физикалық) дамуы. Маскүнемдік ішкі ағзалардың ауыр ауруларымен қатар жүреді. Жылдар бойы тұрақты алкогольдік интоксикация адамда әр түрлі мүшелер мен жүйелердің патоморфологиялық өзгерістерін тудырады. Бұл кезде жүйке жүйесі зардап шегеді, әсіресе миға залалы көп.

Созылмалы маскүнемдігі бар науқастарды емдеуде колданылатын препарат — тетурам. Бұл препарат ішімдіктің ағзадағы тотығуын тежейді және оның метаболиттері ацетальдегидтің қандағы деңгейін арттырады. Соңғы айтылған өнімнің ағзада жинақталуы субъективті жағымсыз сезімдермен (жүректің ауыруы, корқыныш сезімі, жүрек айнуы), сондай-ақ гипотензия мен беттің қызаруы қатар жүреді. Тетураммен емдеу кезінде алкоголь пайдаланса, біртіндеп алкогольге және құрамында спирт бар сусындарға жиіркену сезімі пайда болады.

Кейде теріс шартты рефлекстер туындату үшін алкогольмен үйлестіріп құсуды туғызатын орталық әсерлі апоморфин пайдаланады.

Ұйықтатқыш заттар

Ұйқы — ағзаның белсенді физиологиялық қалпы. ¥йқы біртекті жағдай емес екеніні белгілі, ұйқының екі негізгі кезеңі бар: жылдам толқынды, ұзақтығы жалпы ұйқы уақытының 20—25% және баяу толқынды, ұзақтығы жалпы ұйқы уақытының 75-80%. Қалыпты ұйқы — фазалардың кезекпен алмасуы.

¥йқының бұзылуынын негізгі үш формасын ажыратамыз. Бірінші жағдайда ұйықтау үдерісі бұзылған (әдетте жастар). Екінші үйқысыздықтың түрінде ұйықтау мен ұйқы тұтастай алғанда бұзылған. ¥йқысыздықтың үшінші түрі (ми склерозынан зар­дап шегетін жасы ұлғайған науқастардың арасында көп таралған) ұйықтаудың қиындығы мен ұйқы ұзақтығының кысқа болуымен сипатталады.

Ұйқысыздық кезінде ұйықтатқыш заттарды ұйықтауды жеңілдету және ұйқыныц қалыпты ұзақтығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

Ұйыктатқыш дәрілердің жіктелуі әсеріне және химиялық қүрылым принципіне негізделген:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: