Выведение (экскреция) лекарственных веществ из организма 13 страница

Кальций арналарының тежегіштері (осы топтың дәрілік заттарын ойлап тапқаны үшін британдық фармакологтар 1989 жылы Нобель сыйлығын алды) атриовентрикулярлық түйіндердегі кальций арналарына кіретін баяу иондары тежейді, соңғылардың автоматизмін басып тастайды, атриовентрикулярлы өткізгіштікті баяулатады. АҚ төмендетеді, антиангиналды белсенділігі бар, қарынша үстілік аритмияда пайдаланылады. Таңдау препараты болып верапамил (және одан сирек дилтиазем) табылады. Жоғары
дозада миокард жиырылғыштығын азайтады, синусты түйін қызметін қатты тежейді де атриовентрикулярлық тежеліс тудырады. Басқа жанама әсерлеріне іш қату, аяқтың ісінуі, бастың ауыруы, іпаршау жатады.

Атқарушы ағзалар мен жүйелердің қызметін реттеуші дәрілік заттар

Аритмияға қарсы қасиеттері бар басқа да препараттарға ЖГ, аденозин, калий препараттары, магний препараттары, агропин жатады, олардың ішінде ең жиі қолданылатыны калий препараттары — панангин, аспаркам, калий оротаты, калий хлориді. Аталған заттарды жүрек гликозидтерін ұзақ мерзімді пайдаланудан туындайтын миокардиоциттердегі калий тапшылығы (гипокалигистия) кезінде пайдаланады. Калийді науқастарға көбіне поляризациялық қоспаның бөлігі ретінде тағайындайды. Оның құрамы әдетте, калий хлориді (2.0-4.0) + инсулин (6—12 Бірлік) + глюкоза ерітіндісінен (5% немесе 10%, тиісінше 350 немесе 250 мл срітінді) тұрады. Кейде қоспаның құрамына карбоксилазаны қосады. Қоспаны көктамырға тамшылы түрде енгізеді. Комбинирленген препараттар (панангин, аспаркам) электролитті бұзылыстармен (гипокалиемия), жүрек гликозидтерімен уланғанда, сондай-ақ ағзадан калий экскрециясын жоғарылататын (диуретиктер, жүрек гликозидтері, глюкокортикостероидтар) препараттарды пайдаланғанда туындайтын аритмия кезінде кеңінен қолданылады.

Жанама әсерлері: гиперкалиемия, өңештің және АІЖ жоғарғы, төменгі бөлімдерінің канауы және ойық жаралануы, жүрек айнуы, құсу, іштегі жайсыздық, диарея.

Брадиаритмиялар кезінде пайдаланылатын заттар

Брадиаритмия және өткізгіш жүйенің әр түрлі бөліктеріндегі тежелістерді алып тастау үшін кезбе жүйкенің тежеуін М-холиноблокаторларды (атропин тобы) қолдану қажет. Екінші жолы неғұрлым тиімді болып табылады және өткізгіштікті, автоматизм функцияларын жүректегі β1-адренорецепторлар арқылы белсенді ынталандырады. Ең мықты белсенділікке изадринді қолдану арқылы қол жеткізеді. Изадрин және адреналиннің әсері ұзақ емес, бірақ жылдамдау. Эфедриннің әсері ұзағырақ.

Гормонопрепарат — глюкагон өзінің рецепторларына әсер етеді, осылайша синусты түйін жасушаларының автоматты белсенділігін арттырады, атриовентрикулярлы түйін арқылы қозудың өтуі жақсарады да, әртүрлі тежелістер жоғалады. Глюкагон адреномиметиктерге қарағанда бірқатар артықшылыктарға ие, яғни қарыншаның автоматизмдігін арттырмайды және тахикардия мен фибрилляцияны болдырмайды. Оны бета-блокаторлармен, жүрек гликозидтерімен артық дозаланғанда және шығу тегі әр түрлі тежелістерде тағайындайды.

Миокард инфарктісі кезінде пайдаланылатын заттар

Жеке фармакология

Стрестік жүктеменің артуы мен ағзаға уытты заттардын әсер етуіне байланысты, сонымен қатар халықтын жалпы қартаюына байланысты қазіргі уақытта жүректің ишемиялықауруының ауырлығы және онымен сырқаттанушылық деңгейінің артуы байқалады. Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) стенокардия және миокард инфарктісі сияқты патологияларды қамтиды. Жүрек- қантамырлары аурулары арасында наукастардағы өлім-жітімге себеп ретінде негізінен миокард инфарктісі жетекші орын алады.

Стенокардия (angina pectoris — кеуделік құрбақа) сол жақ жауырын астына берілетін кеуде артындағы қатты ауыру сезімді ұстамаларымен сипатталады. Бұл терминді ғылымға алғаш 1772 жылы W. Heberden енгізді. ЖИА жүректің оттегіге деген қажеттілігімен және оның қанмен (оттегі жеткізу) камтамасыз етілуі арасындағы сәйкессіздік болған кезде дамиды. Стенокардия синдромы физикалық жүктеме немесе тыныштық қалыпта туындап, 1—10 минут ішінде басылатын, әдетте кеуде артында шоғырланған қысқа мерзімді ауру сезімі тәріздес ұстамалар түрінде басталып, сол колга таралатын ауру түрінде көрінеді. Жалпы күтпеген ұстамалардың ұзақтығы 5—6 минут, асып кетті дегенде 20-30 минутқа дейін созылады, себебі одан әрі ишемиядан зардап шеккен миокард бөлігі инфаркт түзілу арқылы некрозданады.

Антиангиналды заттар — ЖИА кезінде ұстамалардың алдын алу және оларды тоқтату үшін, сондай-ақ миокард инфарктісінің алдын алу үшін және физикалық жүктемеге төзімділік арттыру үшін колданылатын дәрілік заттар.

Антиангиналды заттар 4 топқа бөлінеді.

•  Миокардтың оттегіге деген қажеттілігін төмендетіп, оның жеткізілуін арттыратын заттар:

-  органикалық нитраттар: нитроглицерин және оның пре­параттары: сустак, тринитролонг, нитронг және изосорбид динитраты (нитросорбит), изосорбид мононитраты;

- кальций арналарын тежейтін заттар: нифедипин (фениги- дин), верапамил, дилтиазем;

- әртүрлі заттар: амиодарон.

•  Миокард оттегіге деген қажеттілігін төмендететін заттар: β-адреноблокаторлар: анаприлин, талинолол, метопролол және т.б.

• Оттегін жеткізуді жақсартатын заттар: миотроптық әсері бар — дипиридамол және рефлекторлы әсерге ие — валидол.

• Жүректің оттегін тұтыну тиімділігін арттыратын заттар — кардиопротекторлық препараттар: триметазидин

Стенокардиямен ауыратын науқасты емдеу кезінде: жедел ұстама  туындаған жағдайда — стенокардия ұстамасын тоқтату ушін қажет, ал созылмалы түрімен ауыратын науқастарды емдеу үшін — оны ескерту қажет, яғни ұстамалардың алдын алуға мүмкіндік туады және физикалық, эмоциялық жүктемеге төзімділікті (қарсылық) арттыру кажет.

Атқарушы ағзалар мен жүйелердің қызметін реттеуші дәрілік заттар

Қазіргі уақытта ең жоғары әсерге келесі топтардағы пре­параттар ие: нитраттар, кальций арналарының тежегіштері, β-адреноблокаторлар. Стенокардияның фармакотерапиясы кешенді болып табылады, сондықтан да басқа да фармакологиялықтоптардың препараттары қолданылады: кардиопротекторлық зат­тар; тромб түзілуінің алдын алатын заттар; психотроптық препа­раттар және т.б.

Органикалық нитраттар (нитрокұрамды препараттар) 100 жылдан астам уақыт бойы (Уильям Митчелл, 1879 жыл) стенокардияда сәтті қолданылып келеді. Қазіргі уақытта олар стенокардия ұстамасын тоқтату үшін қолданылатын препараттардың алдыңғы қатары болып табылады. Олардың арасында жетекші орынды нитро­глицерин, оның препараттары және изосорбид динитраты (нитро­сорбит) алады. Әсер ету механизмі олардың тікелей перифериялык әсері қан тамырларының тегіс бұлшықеттеріне негізделген, ал ол болса эндотелий босаңсытқыш фактордың (N0) түзілуіне байла­нысты және орталық әсері жүрек пен тамырдағы адренергиялық импульсацияны төмендететін ОЖЖ симпатикалык бөлімдеріне әсер етуімен байланыстырылады. Олар тамыр қабырғасы эндотелиінен простациклиннің босап шығуын қолдайды және тромбоксан өндірісін тежейді. Нитраттар коллатералдар мен ірі коронарлық артерияларға тікелей кеңейткіш әсер көрсетедіде, ишемиялык аймаққа коронарлық қан ағымының артығырақ бөлінуіне ықпал жасайды.

Нитроглицерин — осы топтың ең танымал және ең тиімді препараты. Оның «кеуделік кұрбақа» ұстамасын тоқтату касиеті эмпирикалык түрде 1879 жылы ашылған. Нитроглицерин сондай-ақ, ми және ішкі органдардың қан тамырларын кеңейтеді, бронхтардың тегіс салалы бұлшықеттерінің, ас қорыту жолдарының, бронхиолалардыңжәне баска да ішкі органдардың тонусын төмендетеді, тромбоциттердің агрегациясы мен адгезиясын азайтады.

Тудыруы мүмкін жанама әсерлері: ауыспалы бас ауруы (1—2 аптадан кейін өзі кояды), бас айналу, бас сүйек ішілік және көз ішілік қысымның жоғарылауы, АҚ төмендеуі (ортостатикалык коллапс, ең тиімдісі отырған қалыпта пайдалану), рефлекторлык тахикардия, құмарлық (ұзақ мерзімді үздіксіз пайдалану кезінде орын алады).

Нитроглицерин препараттары: қысқа және ұзақ мерзімді әсер етуші болып бөлінеді.

Жеке фармакология

Қысқа мерзімді нитроглицерин препараттары:

•  нитроглицерин таблеткасы (өте тұрақсыз және әрбір екі ай ауыстырылуы тиіс);

• нитроглицериннің спирттегі ерітіндісі (1—2 тамшы бір кесек қантқа);

•  майлы капсулалы нитроглицериннің ерітіндісі (капсуланы тіспен шайнау кажет);

•  нитроглицериннің сулы ерітіндісі — «Концентрат», перлинганит, нитрожект (жіті миокард инфарктісі бар науқастардағы ангинозды статусты жеңілдету үшін, палата жағдайында қатаң бақылаумен, басқа да препараттар көмектеспеген жағдайда көктамырға енгізеді);

•  нитроглицеринді аэрозольдар.

Негізінен қысқа мерзімді нитроглицеринді препараттарды стенокардия ұстамасын жеңілдету үшін (тіл астына) пайдаланады. Әсері 2—3 минуттан кейін басталып, ұзақтығы 30 минутқа дейін созылады.

Ұзақ мерзімді әсер ететін нитроглицериннің дәрілік түрлері стенокардия ұстамаларының алдын алу үшін қолданылады:

Тринитролонг — ас ішкеннен кейін ауыз қуысының шырышты қабығына жабыстыратын полимер пленкалар (жоғарғы ит тістер немесе кіші азу тіс аймағына). Әсері 1—2 минуттан кейін басталып 3-4 сағатқа дейін созылады. Әсер басталуын жеделдету үшін пациент тілімен пластинаны жалауы қажет. Тринитрологтың ішке қабылдайтын капсулалық дәрілік түрі жасалған — оны аздап сумен шайнамай, күніне 3-4 рет қабылдайды.

Нитрогранулонгтың таблеткалары — микрогранулалардан тұрады. Әсері бір сағатқа жуық уақытта дамып, үзақтығы 6 сағатқа жэне одан да көпке дейін созылады.

Сустабуккал — беттік (ұрттық) таблеткалар. Әсері 3—5 минутта дамып, ұзақтығы 3-6 сағатқа созылады.

20-шы ғасырдың 60-шы жылдарының соңында микрокапсулалардағы түрі алынды: сустак-мите және сустакфорте, нитронг, нитро-мак ретард. Олардың әсер ұзақтығы — 8—12 сағат. Нитраттардың пероралды түрлерін тамақ ішердің алдында бір сағат бұрын ашқарынға аздап сумен қабылдайды.

Ұзақ мерзімді препараттардың трансдермалды қолданатын түрлері ойланып табылған: мысалы, «Нитро» жақпасы. Оны терінің түрлі аймақтарына (әдетте жүрек аймағы мен білекке) қолдануға болады. Белгілі бір тері аймағына жаққаннан кейін су өткізбейтін қағазбен жауып, сосын таңғышпен байлап қатырады. Әсері
30 - 40 минутта басталып, шамамен 2—5 сағатқа созылады. Әдетте ішке қабылданатын нитраттармен ұштастыра отырып, қосымша затретінде тағайындалады.

Атқарушы ағзалар мен жүйелердің қызметін реттеуші дәрілік заттар

Нитродерм — арнайы трансдермалды жүйе — жапсырма.

Нитроглицериннің ұзақ мерзімді (24 сағатқа дейін) қанға түсуін  қамтамасыз етеді. Алайда, бұл кезде тәуелділік тез дамиды. Сондықтан, тиімділігін қамтамасыз ету үшін жапсырманы 12 сағатқа дейін ғана (әдетте 8—10 сағат) пайдаланады, содан кейін 12 сағат үзіліс жасайды. Әсері жақын трансдермалдық жүйелер «Нитродур», нитрадиск және т.б. атаулар бойынша шығарылады.

Изосорбид динитраты — ішке қабылданатын негізгі органикалық нитраттардың бірі. Әсері 30—50 минутта дамып, ең жоғарғы әсері 1,5—2 сағатта орын алады, үзақтығы — 4—6 сағат немесе одан да көпке созылуы мүмкін. Соңғы жылдары, изосорбид динитратының ұзақ мерзімді түрлері әзірленді: динитросорбилонг, изокет ретард, изолонг, изомак ретард, изосорб ретард, изостеназе-40 және т.б. Барлық ұзақ әсерлі препараттарды пайдаланғанда төзімділіктің дамуына үлкен ықтималдық бар.

Нитросорбид (аэрозоль: изокет). Әсері 2—3 минуттан кейін дамып, ұзақтығы 0,5—1 сағатқа созылады. Стенокардия ұстамасын болдырмау үшін — ішке, ал ұстаманы тоқтату үшін — тіл астына колданады (3-5 минут кейін басталады).

Органикалық нитраттарды колдануға қарсы көрсеткіштер: миға қан құйылу, бас сүйек ішілік қысымның артуы, айқын гипотензия, жоғары көз ішілік қысымды жабық бұрышты глаукома.

Кальций антагонистері мынадай топтарға бөлінеді:

•  фенилалкиламиндер — верапамил;

•  дигидропиридиндер — 1 буын: нифедипин, никардипин; 2 буын: нитрендипин; 3 буын: амлодипин;

•  бензотиазепиндер — дилтиазем.

Фенилалкиламиндер, негізінен, жүрекке басымырақ және артериялықтамырларға аз дәрежеде әсер етеді. Дигидропиридиндер, керісінше, артериялық қан тамырларға басым, ал жүрекке аз дәрежеде әсер етеді. Дилтиазем аралық сипатта.

Бұл топ препараттарының антиангиналды әсері тікелей миокардқа және де олардың ең алдымен перифериялық гемодинамикаға ықпал жасауымен байланысты. Науқастарда пайдаланған кезде стенокардия ұстамасының жиілігі төмендейді де, ауырлығы бар жаттығуларға төзімділік өседі.

Бұл топ препараттары антиангиналды әсерімен қатар, гипотензивті, антиаритмиялық әсер көрсетеді, өкпе артериясында қысымды азайтады бронх дилатациясын (кеңейту) тудырады.

Нифедипин (фенигидин) АІЖ толық сіңеді, аз дәрежеде тіндерге өтеді. Барлық дәрілік түрлерінің биожетімділігі — 40-60%. Толығымен метаболизденеді, несеппен белсенді емес метаболиттер түрінде шығарылады. Верапамилмен салыстырғанда жүректің өткізгіштікжүйесіне ешқандай ингибиторлықәсер көрсетпейді, қан қысымын едәуір төмендетеді, әлсіз антиаритмиялық қасиеттерге ие, тромбоциттердің агрегациясын тежейді. Әсері 15—20 минуттан кейін дамиды және 4—6 сағатқа созылады. Препарат нитроглицеринге антиангиналды әсер күші жағынан төмен.

Жеке фармакология

Жанама әсерлері: тіл астына қабылдағанда — ортостатикалық гипотензия, бет және жоғарғы тұлға терісінің қызаруы, бас ауруы (ми тамырлары тонусының төмендеуі), жүрек айнуы, бас айналу, аяқ ісінуі, гипотезия, ұйқышылдық, тахикардия, абстинентті син­дром (біртіндеп доғару), қызылиек гиперплазиясы мен психоздарға себеп болуы мүмкін. Көлік жүргізушісі және тез психикалық, физикалық реакциялар талап мамандық иелеріне тағайындау кезінде абай болған жөн.

Нифедипиннің ұзақ мерзімді дәрілік түрлері: нифелат (нифедипиннің микрокапсуланған таблеткалары), нифекард ретард, никардиа ретард, осмо-адалат (таблеткалар), нифедипат ретард, нифебене ретард (капсулалар).

β-Адреноблокаторлар симпатикалық жүйке жүйесінің жүрекке әсерін тежейді, нәтижесінде оның жұмысы төмендейді, май қышқылдарының босап шығуы мен миокардтың оттегіге деген қажеттілігі азаяды. Олар коллатералды қандануды жақсартады, яғни ишемияланған аймақ пайдасына қанды жіберіп, онымен қамтылуын жақсартады, сондай-ақ антигипертензивті және антиагрегациялық касиетке ие, тахикардияны ескертіп, алдын алады. β-адреноблокаторлар, әсіресе физикалық және эмоциялық жүктеме кезінде тиімді (физикалық жүктемеге төзімділікті артты­рады), миокард инфарктісін бастан өткерген науқастардың өмірін ұзартады (кардиопротекторлық әсері).

Қолдануға көрсеткіштер: стенокардия, аритмия, гипертониялық ауру. Жанама әсерлері: жалпы әлсіздік, жүрістің маймақтыққа өзгеруіне ықпалдастык, жіті брадикардия, гипогликемия, синдром (шектеулі физикалык белсенділік кезінде 10 күн ішінде доғару). Доғару синдромын болдырмау үшін препаратты 10-14 күнде біртіндеп доғарады. Нитраттартармен бірге біріктіру ұсынылады (жағымсыз әсерлерін төмендету үшін).

Кейігі кездері β-адреноблокаторлардың вазодилататорлык қасиеттері бар жаңа тобы — целипролол, деливалол пайда болды.

Жоғарыда көрсетілгендей, миокардқа оттегінің жеткізілуін арт­тыратын препараттар коронарлык тамырларды кеңейтеді немесе тәждік тырысуды жояды.

Дипиридамол — миотропты әсері бар коронарлық тамырды кеңейткіш зат. Оның негізгі әсері қан ағымы көлеміне тамырлық қарсылықты төмендету, коронарлық қан ағымының ұлғаюына және

Атқарушы ағзалар мен жүйелердің қызметін реттеуші дәрілік заттар

оттегі жеткізілуін арттыруына байланысты болып табылады.

Препарат «ұрлану синдромы» (ишемиясы жоқ аудан тамырларының кеңеюінен, ишемиясы бар аймаққа қан мен оттегі ағынының

азаюы) дамуына байланысты негізінен коронарлық тамырлардың, атеросклерозынсыз стенокардиясында салыстырмалы түрде сирек пайдаланылады.

Валидол — рефлекторлық әсері бар препарат. Ол изовалериан қышқылының ментил эфиріндегі 25—30% ментол ерітіндісі болып табылады. Әлсіз антиангиналды зат болып табылады, седативті әсері бар және рефлекторлы межелі тамыр кеңейткіш қасиетке ие. Ол стенокардияның жеңіл түрлерінде тағайындалады (сондай-ақ, невроздар, теңіз және әуе ауруы кезінде пайдаланылады). Препарат таблеткалар, капсулалар немесе ерітінді (қантқа тамшы тамызу) түрінде тіл астына пайдаланылады. Сирек жағдайларда жеңіл жөтел, жүрек айнуы, жасаурау, бас айналуын тудыруы мүмкін.

Стенокардияны емдеу үшін тиімді және кауіпсіз дәрілік препа- раттарды одан әрі іздеу болашақта үлкен қызығушылық тудырып отыр. Мысалға, олар: калий арналарының ынталандырғыштары — пинацидил; брадикардиялықпрепараттар — алинидил. Сондай- ақ, балашағы зор бағыт болып кардиомиоциттердің ишемияға төзімділігін арттыратын кардиопротекторлық препараттарды ойлап табу болып табылады. Кардиологиялық тәжірибеде кеңінен ■риметазидин (предуктал) колданылады, ол жалпы гемодинамикаға әсер етпей, ишемиялық аймақтағы кардиомиоциттерге тікелей әсер етіп, олардың энергетикалық балансын реттейтін әсері бар. Гриметазидиннің ұзақ әсер ететін түрі — предуктал МВ ойлап табылған.

Миокард инфарктісі кезінде пайдаланылатын заттар

Миокард инфарктісі келесі симптомдармен сипатталады: жүрек аймағындағы қатты ауру сезімдерімен, аритмия, жүрек жеткіліксіздігімен, артериялық қан қысымының төмен болуымен және т.б. Миокард инфарктісінің ең жиі кездесетін себебі коронарлық артерияның тромбозы болып табылады.

Миокард инфарктісі кезіндегі дәрілік терапияның негізгі мринциптері:

• ауру синдромын жою: наркотикалық анальгетиктер — морфин, фентанил, промедол; наркозға арналған заттар — азот тотығын; нейролептанальгезия — таламонал;

•  аритмияларды тоқтату және жүректің ауыр аритмиясы жәнеөткізгіштік бұзылысының алдын алу: лидокаин, дифениндо болады (сондай-ақ гемодинамиканы, қышқыл-сілтілік балансты, электролит балансын қалыпка келтіру және т.б, аритмияньң алдын алу әдістері болып табылады.);

Жеке фармакология

•  тромбоздьң алдын алу және тромбты жою: фибринолитикалық заттар — стрептокиназа, стрептодеказа, антикоагулянттар - гепарин, неодикумарин, фенилин; антиагреганттар — ацетилсалицил қышқылы, дипиридамол;

•  миокард инфарктісінің өлшемін шектеу: β-блокаторлар мен нитраттарды (көктамырға нитроглицеринді енгізу) пайдаланып миокардтың оттегіге деген сұранысын қысқарту; глюкоза-инсулин-калий қоспасымен миокардтың оттегімен қамтамасыз етілуін жақсарту;

•  гемодинамиканың бұзылыстарын қалыпқа келтіру: жүрек гликозидтері — строфантин, коргликон; вазопрессорлық заттар — норадреналин, мезатон, дофамин; α-адреноблокаторлар — фентоламин, аминазин шағын дозада (артериолдар мен ұлпалардың ишемиялық спазмы кезінде);

•  симптоматикалық терапия, қышқыл-негіздік қалыптың корректорлары, плазмаалмастырғыштар және т.б.

Антигипертензивті заттар

Антигипертензивті (гипотензивті) заттар — терапиялық мөлшерде жүйелі артериялық қысымды тиімді төмендететін пре­параттар болып табылады. Негізінен, оларды артериялық гипертензияда пайдаланады.

Артериялық гипертензия — систолалық қысым сынап бағаны бойынша 140 мм немесе одан да жоғары, ал диастолалық қысым сынап бағаны бойынша — 90 мм болатын артериялық тұракты қан кысымының синдромы. Шамамен, барлық артериялық гипертензияның 90% жағдайы гипертониялық ауруларға тиесілі. Гипертониялық ауру (эссенциалды артериялык гипертензия) — бұл кез-келген белгілі себептерге байланысты емес, жетекші ерекшелігі артериялық гипертензия болып табылатын ауыру. Барлық артериялық гипертензияның 10% жағдайы симптоматикалық (екіншілік), яғни бүйрек және бүйрек тамырларының патологиясы, эндокриндік жүйенің бұзылысына, қолқа коарктациясына тәуелді дамитын және баска да себептер әсерінен туындайды.

Гипертоникалық криз — гипертониялық аурулардың немесе симптоматикалық гипертензияның кенеттен және тез асқынуымен, АҚ күрт артуымен сипатталатын клиникалық синдром.

АҚ деңгейі жүрек жұмысына, тамыр тонусы мен олардың серпімділігіне, айналымдағы қан көлеміне, қанның электро­лит құрамына және тұтқырлығына тәуелді екені белгілі. Алайда, артериялық қысымның жоғарылауы негізгі екі параметрлермен анықталады — жүректің лақтырысы мен қан тамырларының кедергісі, олардың өзгерісі артериялық гипертонияның гемодинамикасын анықтайды. Осының барлығы жүйкелік және гуморалдық бақылауда болады.

Атқарушы ағзалар мен жүйелердің қызметін реттеуші дәрілік заттар

Антигипертензивті заттар мынадай топтармен ұсынылады

• Нейротропты заттар:

-  орталық әсерлі:

• басым α2-адреномиметиктер — клофелин (клонидин), метилдофа;

· имидазолин рецепторлардьщ агонистері — моксонидин;

-  перифериялық әсерлі:

· ганглиоблокаторлар — пирилен, пентамин, бензогексо- ний және т.б.;

· симпатолитиктер — резерпин, октадин жэне т.б.;

· адреноблокаторлар:

■  α-адреноблокаторлар: празозин, фентоламин, тропа- фен;

■  β-адреноблокаторлар: анаприлин (пропранолол), ате- нолол, метопролол жэне т.б.;

■  α-, β-адреноблокаторлар — лабеталол.

•  Тамыр кеңейткіштер (миотропты заттар):

-  N0 донаторлар — натрий нитропруссиді;

-  калий арналарының белсендіргіштері — миноксидил, диазоксид;

-  әр түрлі миотропты заттар — апрессин, дибазол, магний сульфаты.

•  Баяу кальций арналарыньң блокаторлары — нифедипин, нитрендипин,амлодипин.

• АҚ жүйелі гуморалдық реттелуіне әсер ететін заттар:

-  ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін заттар:

· ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторлары — каптоприл, эналаприл және т.б.;

· ангиотензин рецепторлардьщ блокаторлары — лозартан;

- вазопептидазаның ингибиторы — омапатрилат.

•  Диуретиктер — гидрохлортиазид, спиронолактон, фуросемид, индапамид және т.б.

60-шы жылдары нейротропты заттардан синтезделген зат клофелин (клонидин) болып табылды, ол α-адреномиметиктерге жатады. 70-80 жылдары клофелинді гипертониямен ауыратын

науқастарды емдеуде кеңінен қолданылды. Қазіргі уақытта, кейбір кемшіліктердің анықталу салдарынан және де жаңа тиімді, қауіпсіз гипотензиялық заттардың пайда болуына байланысты оның қолданыс аясы қысқарды, бірақпрепарат өзінің маңыздылығынан айырылмады. ГЭТ арқылы өтіп, негізінен тікелей орталық әсері (постсинапстық) α2-рецепторларды ынталандырады және аз дәрежеде имидазолин рецепторларды ынталандырады, ал ол өзкезегінде вазомоторлық орталық нейрондарының тежелуін және симпатикалықжүйкеленудін белсенді тоникалык вазопрессорлық нейрондарының тежелісін туғызады. Кофелин айқын гипотензивті әсер көрсетеді, сондай-ақ седативті әсері де бар, көзішілік қысымды төмендетеді, аздап анальгетиктік белсенділігі бар. Препарат АІЖ арқылы тезжәнетолық, сондай-ақтері арқылы сіңеді. 30—60 минут ішінде жылдам әсер етеді, әсер ұзақтығы — 6—12 сағат. Стационар жағдайында көктамырға баяу енгізеді, әсері 3—5 минуттан кейін пайда болады, ұзақтығы 4—8 сағат. Тіл астына қолданғанда әсері 15—30 минуттан кейін дамиды, көктамырға енгізгенде — әсері 30—60 минуттан кейін дамып, ұзақтығы — 2—5 сағат немесе одан да көп уақытқа созылады. Препаратты тағайындағанда дозасын бірте-бірте арттырады, препаратты тоқтатқанда да дозасын бірте- бірте төмендетеді. Клофелин пайдаланылады: гипертониялық ауру кезінде гипертониялық кризді тоқтату үшін; глаукома кезінде көздік тамшы түрінде, антиглаукомалық операциялардан кейін офтальмотонустың декомпенсациясы ретінде; алкоголь және опиатты абстиненция кезінде (аурухана жағдайында ішке қабылдайды).












Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: