Выведение (экскреция) лекарственных веществ из организма 11 страница

Бронх демікпесі ұстамасының алдын алу үшін, соңғы жылдары белгілі болғандай, лейкотриен рецепторлардьщ блокаторларын, мысалы, зафирлукастты қолдана бастады, себебі лейкотриендер бронхоспазмды және шырыш секрециясының артуына себепші болады.

Өкпе жеткіліксіздігі кезінде (өкпенің ісінуі) пайдаланылатын заттар

Өкпе жеткіліксіздігінің бір себебі болып жүрек-қантамырлары ауруларынын, жұқпалы аурулардың, сондай-ақ бауыр және бүйрек патологиясында және т.б. дамитын өкпенің ісінуі табылады.

Атқарушы ағзалар мен жүйелердің қызметін реттеуші дәрілік заттар

Өкпе ісінуі кезінде көпіршік басушы (этил спирті) оксигенотерапиямен қатар диуретиктер (фуросемид) және ганглиоблокаторлар, көктамырды кеңейтуі басым тамыр кеңейткіштер (қан қысымы жоғары болғанда) және де наркотикалык анальгетиктер, кардио­тоник заттар, глюкокортикоидтар колданылады.

Өкпе ісінуі кезінде альвеола қуысында көбік пайда болады, нәтижесінде гипоксия туындайды, сондықтан көпіршікбасушы заттар (этил спирті ингаляциялық түрде қолданғанда көбік көпіршіктерінің беттік керілуін төмендетеді және шағын көлем алатын сұйыктық күйіне өзгертеді) тағайындалады. Алайда, этил спиртінің тыныс жолдарын тітіркендіретінін ұмытпаған жөн. Өкпе ісінуі кезінде айналымдағы қан көлемін төмендететін, белсенді және тез әсер ететін зәр айдаушы заттар (мысалы, фуросемид) тағайындалады.

Қан қысымы жоғарылағанда ганглиоблокаторлар (бензогексоний, пентамин) және вазодилататорлар (натрий нитропруссиді) қолданылады, олар жалпы гемодинамиканы қалыпқа келтіреді, кіші қан айналым жүйесіндегі қысым төмендейді.

Наркотикалық анальгетиктер (морфин, фентанил) көктамыр мен артерияларды кеңейтеді және жүректегі веналық қайтарымды азай­тады, нәтижесінде кіші қан айналымындағы қысым төмендейді, ентігу азаяды.

Жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі өкпе ісінуін қайтару үшін жүрек гликозидтері қолданылады (строфантин, дигоксин). Сондай-ақглю­кокортикоидтар да тағайындалуға көрсетілген.

АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ АҒЗАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАР

Тіршілік қабілеттілігі ағзаға тек тағамдық заттектер түскенде ғана жүзеге асырылады, олардың химиялық қорытылуында ас корыту бездерінің секрециясы шешуші рөл атқарады, ал ас қорыту мүшелерінің тегіс салалы бұлшықеттері қоректік заттардың ас қорыту жолдары аркылы жылжымалығын қамтамасыз етеді, осыны ескере отырып, асқазан-ішек жолдарының секреторлық және қозғалғыштық кызметтерін реттейтін дәрілік заттар колданылады.

Тәбетке (ұлғаюына) әсер ететін заттар

Тәбет гипоталамуста орналасқан аштық және канығу орталығы арқылы бақыланады. Тәбет лимбикалық жүйе және ми қыртысының функционалдық жағдайына байланысты.

Тәбетті және асқазан сөлінің секрециясын арттыратын препараттарға, ащы болып келетін — қарқынды ащы дәмі бар
өсімдік текті тұнба, қайнатпа, тұндырма түріндегі дәрілер (жол- желкен жапырағы, бақбақ тамыры, алтынмыңжылдық, жусан)жата­ды. Олар тілдегі дәм сезу бүртіктерін және ауыз қуысының шырыш­ты қабығын тітіркендіреді, нәтижесінде тамақты қабылдауға деген рефлекстік түрде асқазан сөлінің бөлінуі артады. Осы тәбетті арт­тырады жэне ас қорытуды жақсартады. Оларды ірі операциялардан кейін немесе зорығып кетуден кейінгі тәбеті төмен науқастарға ас алдында 15 минут бұрын тағайындайды. Осы топтың препараттарына инсулин де жатады, ол қандағы глюкоза деңгейін азайтып, аштық сезімін туындатады (глюкоза қанығу орталығын қоздырады, ол аштық орталығының тежелуімен қатар жүреді). Тәбетті ынталандыратын заттарға сондай-ақ психотропты препараттар (амина­зин, амитриптилин), стероидты анаболиктер және т.б. жатады.

Жеке фармакология

Асқазан бездерінің бұзылыстарында пайдаланылатын заттар

Асқазан бездерінің, асқазан-ішекжолдарының кейбір гормондары және баска да эндогендік заттардың секрециясы кезбе нервтің бақылауында болады. Осылайша, кезбе жүйке тонусының артуы, сондай-ақ гастрин және гистаминнің бөлінуі асқазанның сөл бөлу белсенділігін күшейтеді.

Асқазан бездері секрециясының жеткіліксіздігі кезінде, олардың бөлінісін ынталандыратын және/немесе алмастыру терапиясының заттарын пайдаланады.

Асқазан бездерінің секрециясын ынталандыратын заттар — гистамин (асқазанның гистаминдік Н2-рецепторларын ынталандырады) айтарлықтай асқазан сөлін және оның қышқылдық қасиетін арттырады. Гастриннің әсері гистаминнің әсерінен біршама есе артық және ол асқазан бездеріне талғаулы әсер етеді. Гастрин және пентагастрин препараттары диагностикалық мақсаттарда қолданылады. Тұз қышқылының секрециясы азайғанда ащы зат­тар да колданылады. Осындай рефлекторлы қышқыл айдағыш механизм минералды көмірқышқылды газдалған суға да тән. Ас орталығын рефлекторлы қоздыру мақсатында сұйытылған тұз қышқылын (20—40 тамшы сумен тамақ ішу кезінде) қолданады. Рефлекстік әсерімен қатар, ол ішінара алмастырушы функция атқарады. Алмастырушы терапия қағидасына сәйкес, сондай-ақ асқазан сөлін (тамақ ішу кезінде стаканның % суға, 1 ас қасық) және пепсинді пайдаланады.

Асқазан сөлінің шектен тыс көп бөлінуімен қатар жүретін кейбір ауруларда (мысалы, асқазанның ойық жарасы, гиперацидті гастрит), осы үдеріс асқазан қабырғасының зақымдануына әкелуі (сөлдің протеолитикалық әсері нәтижесінде ойық жараның пайда болуы) және бұрыннан бар ойық жараларды тітіркендіруі
(ол асқазан бұлшықеттерінің ауруы мен спазмын тудырады) мүмкін, сондықтан асқазан бездерінің шамадан тыс секреция мен қышқылдығын төмендететін (антацидтер) заттар қолданылады.

Тұз қышқылы секрециясын тежейтін басты заттар мынадай топтарда ұсынылуы мүмкін:

•  гистаминдік Н2-рецепторлардың тежегіштері (ранитидин, фамотидин);

•  Н+К+-АТФаза ингибиторлары — протонды сорғы блокаторлары (омепразол, лансопразол);

•  М-холиноблокаторлар: селективті емес М-холиноблокаторлар (атропин, платифиллин), селективті М-холиноблокаторлар (пирензипин).

Гистаминдік Н2-рецепторлардың тежегіштері гистаминнің

бәсекелес антагонистері болып табылады. Бұл препарат гистамин шақырған НС1 секрециясын тежейді. Аз дәрежеде пепсиноген секрециясы да тежеледі. Асқазан сөлінің көлемі азаяды. Гистаминдік Н2-рецепторлардың тежегіштерінің көпшілігінің липофилдігі төмен, сондықтан ОЖЖ өтімділігі төмен.

Н2-гистамин тежегіштерін қолдануга негізгі көрсеткіштер: асқазан және 12 елі ішек ойық жарасы; гиперацидті гастриттер, дуодениттер және НС1 көп бөлінуінен туындайтын басқа да аурулар.

Препараттар айқын симптоматикалық әсер көрсетіп, ауру сезімін және диспепсиялық бұзылыстарды жылдам басады.

Қазіргі уақытта Н2-гистаминоблокатор ретінде негізінен екінші ранитидин және үшінші (фамотидин, низатидин) буынының

Атқарушы ағзалар мен жүйелердің қызметін реттеуші дәрілік заттар

препараттары колданылады, ал циметидин (бірінші буын препараты) осы мақсат үшін емдеу кезінде туындайтын жанама әсерлеріне байланысты іс жүзінде мүлде пайдаланылмайды.

Ранитидин күніне 2 рет қабылданатын, әсері ұзақ мерзімді препарат. Іс жүзінде ешқандай жанама әсерлер тудырмайды, бас ауыруы, әлсіздік, диарея немесе іш қату болуы мүмкін. Фамотидин ранитидинге қарағанда белсенді, тәулігіне 1 реттағайындалады. Препарат көтерімділігі жақсы, бірақбас ауыруы, бас айналу болуы мүмкін.

Кейінгі кездері дәлелденген мәселе, Н2-гистаминблокаторларға қарағанда асқазанның қышқыл түзетін функциясын Н+К+- АТРаза ингибиторлары тиімдірек тежейді, атап айтқанда, омепразол, ол асказанның париеталды жасушаларындағы протон сорғыны (Н+К+-АТРаза) қайтымсыз тежейді. Ол тұз кышқылы секрециясын және пепсиногеннің бөлінуін тиімді тежейді, асқазан сөлінің жалпы көлемін азайтады. Сонымен қатар, омепразол гастропротективті белсенділік танытады (асқазанның шырышты кабығы жасушаларының зақымдануға деген қарсылық қасиетін арттырады). Оны ұзақ мерзімді пайдаланғанда ең көп кездесетін
жанама әсерлер: бас ауыруы, бас айналу, ауыздағы құрғақтық, жүрек айнуы, диарея, іш қату болып табылады.

Жеке фармакология

М-холиноблокаторлар, әсіресе селективті еместері, қазіргі уақытта клиникалық тәжірибеде сирек қолданылады, себебі жанама әсерлерінің кездесу жиілігі жоғары. Ең көп қолданылатыны селективті М1-рецепторлардьщ селективті тежегіштері (мускарин рецепторларының топшасы, олар асқазанның қатпарлы жасушаларында орналасқан) — пирензепин, ол тұз қышқылының бөлінуінің тежелісін тудырады. Мұнымен қоса, оның гастропротективті әсері бар. ГЭТ арқылы және плаценталық тосқауыл арқылы өтпейді. Препарат холиноблокаторларға тән жанама әсерлерден айырылған.

Антацидті заттар

Антацидтер әлсіз сілті болып табылады, оларда асказан сөлінің НС1 тікелей байланыстырып, оны бейтараптандыру қабілеті бар. Сіңу касиетіне байланысты антацидтер екіге бөлінеді: жақсы сіңетіндер (натрий гидрокарбонаты, кальций карбонаты) және сіңбейтіндер (магний оксиді, магний трисиликаты, алюминий гидроксиді және т.б.) антацидті заттар.

Натрий гидрокарбонаты ерігіштігі жақсы, асқазандағы коспада жылдам таралады, сол аркылы тез әсер етіп, кекіру және ауырсынуды жояды. Алайда асқазан қуысындағы тұз қышкылын бейта­раптандыру кезінде көп мөлшерде көмірқышқыл газы түзіледі, ол асқазан сөлінің екіншілік кайталама бөлінісіне әкеледі. Натрий гидрокарбонаты жүйелік (сіңіп, плазмалық резервтің сілтілігін арттырады) әсер етеді.

Кальций карбонаты да, сондай-ақ, көмірқышкыл газын қалыптастыруға ықпал етеді, нашар сіңіріледі және ешқандай жүйелік әсер танытпайды. Алайда, жоғарғы дозаларда жүйелі алкалозға және гиперкальциемияға себеп болуы мүмкін.

Магний оксиді, көмірқышқыл газын түзбей-ақ, асқазан сөліндегі тұз қышқылын бейтараптандырады. Натрий гидрокарбонатына қарағанда 3—4 есе тиімді (тамақтың алдында және ішкеннен кейін 15 минут ішінде қабылдайды, сондай-ақ кекірік кезінде). Жүйелік әсері жоқ, босаңсытатын әсерге ие.

Магний триксиликаты және алюминий гидроксиді асқазанда гель қалыптастырып, ойық жараның бетін жабады да, қышқылдар мен тітіркендіргіш азық-түліктен (корғаныс іс-қимыл) қорғайды. Сондай-ақ, препараттардың адсорбциялаушы касиеттері бар.

Алюминий гидроксиді іш қатуын тудырады, ал алюминий препараттарын ұзақ мерзім қолданғанда ішектегі фосфаттардың сіңірілуі бұзылады, ал ол остеопороздың дамуына әкелуі мүмкін.

Атқарушы ағзалар мен жүйелердің қызметін реттеуші дәрілік заттар

Алмагель — кешенді препарат (алюминий гидроксиді, магний окгиді, сорбитол), оны тек қана антадидті және адсорбент ретінде ғана емес, сондай-ақ өт айдағыш зат ретінде қолданады.

Маалокс — комбинирленген препарат (магний гидроксиді, алюминий гидроксиді), жоғарыда көрсетілген препараттарға ұқсас, бос НС1 бейтараптандырады (екіншілік гиперсекреция тудырмайды), адсорбциялаушы және қаптауыш әсері бар, тиімділігі жоғары.

Гастропротекторлар

Бұл топқа әр түрлі химиялық құрылымды және әсер ету механизмі әртүрлі, шырышты қабық жасушаларын агрессивті факторлардан корғай алатын (цитокорғаныштық эсер), шырышты қабықтың бөлініс түзуін арттыратын, сондай-ақ шырыш қабық микроайналымын арттыратын заттар жатады.

Гастропротекторлар негізгі екі топпен ұсынылуы мүмкін:

•  асқазан шырышты қабығын механикалық қоргайтын заттар (сукральфат, висмуттың трикалий цитраты);

•  асқазан шырышты кабығының қорғаныс функциясын арттыратын заттар (мизопростол).

Сукральфат ойық жара бетін жабатын жабысқак зат қалыптастырады (селективті түрде жараның некротикалық тінімен байланысады), ол ойық, жара бар жерде қышқылға, пепсинге және өтке кедергі ретінде әрекет етеді. Іс жүзінде сіңбейді. Оны қолдануда іш қату болуы мүмкін.

Висмут препараттары асқазан сөлінде ерігенде коллоидтық ерітінді түзеді, ол ойықжара аймағындағы тіндердің ыдырау өнімдерімен әрекеттеседі де мықты жабын қалыптастырады, осылайша ойық беткейін тұз қышқылының және пепсиннің әсерінен қорғайды. Сонымен қатар, препарат НеІісоbасtег руlогі (ойық жара ауруының дамуына себепкер микроорганизм) бактериоцидті әсер көрсетеді. Висмут препараттарынын көтерілімдігі жақсы.

Сукральфат және висмут препараттары тетрациклин, антацидтік және сүтпен сіңірілмейтін кешендер қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан, тетрациклин, сүт өнімдерін, антацидтерді аталған гастропротекторлардан кем дегенде 30—40 минуттан кейін қабылдау керек.

Асқазан шырышты қабығының қорғаныс функциясын арт­тыратын — мизопростол, простагландиндердің препараты болып табылады (простагландиндер — көптеген тіндер мен клеткаларда түзілетін, тіннің физиологиялық реттеушісі). Ойық жара және гастрит аурулары кезінде әрқашан шырышты қабық тітіркенуі, жасушалар бұзылысы, қабыну үдерісі және простагландиндер өндірісінің тежелуі болатынын ескере отырып мизопростолды
 қолданады, ол цитопротективті әсер көрсетеді жэне асқазан секрециясын тежейді. Мынадай жанама әсерлер тудырады: іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея, етеккір кезінде жатырдан қан кетуді күшейтеді, аборт. Жатырды ынталандыруына байланысты, жүктілік кезі қарсы көрсеткіш болып саналады.

Жеке фармакология

Құсу рефлексін қоздыратын және құсуға қарсы заттар

Өздеріңізге мәлім, құсу актісінің, қорғаныс мәні бар, оған асқазан, ішек және басқа да қуыс ағзалардың шырышты қабығының тітіркену импульсі және ағзаның созылуы себеп болуы мүмкін. Құсуға басты себеп ретінде сопақша мида орналасқан құсу орталығының қозуы қарастырылады. Құсу актісін тудыратын шешуші рөл құсу орталығының триггер аймағындағы (басқыштық) жасушаларда орналасқан D2-дофамин рецепторлардың(хеморецепторлар) қозуына тиесілі екенін ескере отырып, осы рецепторларға қоздырушы құстыратын зат ретінде қуаты мен арнайылығы жоғары — апоморфин қолданылады, ол сапасыз тағам ішкеннен кейін де және әр түрлі дәрілік заттармен уланғанда да тиімді. Сонымен қатар, апоморфин этил спиртіне деген теріс шартты рефлекс қалыптастыратындықтан, маскүнемдікті емдеуде қолданылады. Қарсы көрсеткіш: апоморфин асқазанның күшті қышқылдар мен сілтілерден күйіп қалуында, асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасы бар кезде қолданылмайды.

Перифериялық құстырғыш әсері бар заттар мыс сульфаты жэне мырыш сульфаты, асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді.

Құсуды қоздыратын заттардың пайдалануы шектеулі.

Дәрігерлік тәжірибеде айтарлықтай неғұрлым жиі қолданылатын құсуға қарсы заттар мынадай негізгі топтарда ұсынылады:

• дофамин рецепторлардьңблокаторлары (метоклопрамид, тиэтил перазин);

• серотонин рецепторлардьщ блокаторы (ондансетрон);

•  гистаминдік Н1-рецепторлардың блокаторы димедрол (дифенгидрамин)

•  М-холинорецепторлардың блокаторы (скополамин).

Метоклопрамид (церукал) құсу орталығындагы триггер аймақта

орналасқан D2-рецепторларды тежейді, жоғары белсенділікке ие, селективті әсер етеді (фенотиазин туындысы — аминазиннен өзгешелігі, жалпы тежеліс тудырмайды). Оны, негізінен, АІЖ шырышты қабығының тітіркенуіне байланысты туындаған құсу және лоқсуда, ойық жара ауруы, гастрит, сәуле ауру және т.б. пайдаланылады. Ол тербелгенде тиімді емес.

Жанама әсерлері: ұйкышылдық, кұлақтағы шуыл, ауыздағы кұрғақтық сезімі. Көп дозада паркинсонизм симптомдарын туғызады. Жүктілік кезі бұл дәрі үшін қарсы көрсеткіш.

Атқарушы ағзалар мен жүйелердің қызметін реттеуші дәрілік заттар

Ең белсенді кұсуға қарсы препарат тиэтилперазин (торекан) — фенотиазин туындысы, ол тек хеморецепторлық аймақтағы Д-дофамин рецепторларын ғана емес, сонымен қатар құсу орталығын тікелей тежейді. Көтерілімдігі жақсы, бірақ ұзақ мерзімді пайдаланудан паркинсонизм пайда болуы мұмкін. Айқын құсуға қарсы белсенділікті тағы фенотиазиннің басқа да туындылары танытады (этаперазин және т.б), сондай-ақ бутиро­фенон да (галоперидол) осы қасиетке ие. Бұл препараттар жүрек гликозидтерінің әсерінен шақырылған кұсу үдерісі кезінде, апо­морфин және т.б.тиімділігі жоғары болып табылады.

Серотонин рецепторлардыңтежеушісі — ондансетрон, қатерлі ісіктердің химиятерапиясы, операциядан кейінгі кезеңдердегі құсуда, басқа да құсуға қарсы препараттар көмектеспегенде бслгіленеді. Метоклопрамидтен айырмашылығы дофамин рецепторларға әсері жоқ, сондықтан экстрапирамидалық жүйе бұзылуын тудырмайды. Көтерілімдігі жақсы.

Тербелген кезде (теңіз, әуе ауруы) және вестибулярлық аппараттың қозуымен байланысты өзге де қалыптарда, құсу негізінен Н1-гистаминрецепторлар мен М-холинорецептолардың қатысымен туындайды. Осыған орай, вестибулярлық аппараттың қозуы бар адамдарға, орталық және перифериялық М-холиноблокаторлық қасиет көрсететін скополамин («Аеrон» таблеткасы) қабылдау ұсынылады. Препаратты глаукома кезінде қолдануға болмайды, қарсы көрсеткіш. Пайдаланған кезде ауызда және тамақта құрғақтық болуы мүмкін. Тербеліс кезінде сондай-ақ, седативті және холиноблокаторлық қасиеттерге ие антигистаминді заттар да (диме­дрол, дипразин) тиімді. Н-гистаминдік және М-холинобокаторлар құсу орталығына тікелей әсер етуі мүмкін деп есептелінеді.

Ішектің моторикасына әсер ететін заттар

Ішек моторикасына әсер ететін препараттар, ішек козғалғыштығын арттыратын және оны тежейтін болып бөлінеді. Iшектің тонусы мен перистальтикасы, асқазандікі сияқты, жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің белсенділігі төмендегенде босаңсиды, сондықтан ішекті спастикалық қалыптан шығару үшін М-холиноблокаторлар (атропин топшасы) және ганглиобло­каторлар (бензогексоний) қолданылады. Сондай-ақ миотропты спазмолитиктерді (папаверин, но-шпа) пайдалануға болады.

Ішектің қозғалғыштық белсенділігі (мысалы, диарея) жоғары болғанда лоперамид — препараты қолданылады, ол ішектегі опиоидты рецепторларды ынталандырады, нәтижесінде ішектің секрециялануының тежелуі, аш ішектегі сіңірілудің ынталануы және ішектің қозғалқыштығы төмендейді.

Ішек бұлшықеттерініңтонусы төмен болғанда (гипотония неме­се атония) холиномиметикалық белсенділігі бар (ацеклидин, прозерин) заттар қолданылады. Дәл осы мақсат үшін сондай-ақ, домперидон (мотилиум) пайдаланылады, оның құсуға қарсы әсерімен қатар асқазан-ішек жолдарының моторикасын ынталандыратын қасиеті бар, бірақол асқазан секрециясына әсер етпейді.

Жеке фармакология

Ішек моторикасын күшейтетін дәрі-дәрмектерге сондай-ақ, босаңсытатын заттар жатады.

Іш жүргізетін заттар — деп химиялык құрылымы әр түрлі, ішектің қозғалғыштығын жақсартатын қабілеті бар заттар есептелінеді. Іш жүргізетін заттарды негізінен созылмалы іш қатуда, уды жылдам жою үшін улануларда, хирургиялық араласулардың алдында және ішек гельминттерінен емдеу кезінде (ішек құртқа қарсы заттармен бірге) қолданады.

Осы топтың препараттары әсерінің локализациялану қасиетіне байланысты бөлінеді: ішектің (тұзды іш жүргізгіштер, майсана майы) бүкіл ұзындығына әсер ететін іш жүргізгіш заттар; негізінен тоқ ішекке әсері басым іш жүргізетін заттар (құрамында антрагликозидтері бар препараттар, синтетикалық заттар).

Тұзды іш жүргізетін заттар тобына магний жэне натрий суль­фаты жатады. Тұзды іш жүргізетін заттардың әсер ету механизмі мынаған негізделеді, яғни бұл заттар ішекте нашар сіңіріледі де ішекте жоғарғы осмостық қысымды тудырады, ал ол өз кезегінде ішектегі қоспадан судың кері сіңірілуін тежейді. Ішектегі қоспа бұл кезде сұйылып, көлемі ұлғаяды да ішек қабырғаларының механикалық қозуына және перистальтикасының артуына әкеледі. Іштің толық босап, жүруі 4—6 сағат ішінде орын алады. Тұзды іш жүргізгіштерді 1—2 стакан сумен ішеді, бұл оның іш айдағыш әсерінің басталуын тездетеді. Олар негізінен улану және жіті іш қату орын алғанда қолданылады. Ішектің бүкіл ұзындығына майсана майы да әсер етеді. 12 елі ішекте липаза және майсана майының әрекеттесуі нәтижесінде рицинол қышқылы түзіледі. Бұл қышқыл ішектің шырышты қабығын тітіркендіреді, нәтижесінде ішек перистальтикасы артады. Әсері 2—6 сағаттан кейін пайда болады. Кастор майын жедел іш қату туындағанда қолданады. Оны майда еритін заттармен улану жағдайларда қолдануға болмайды, қарсы көрсеткіш.

Тоқ ішектің қозғалыс белсенділігіне басым әсер ететін іш жүргізгіш заттар негізінен құрамында антрагликозидтері бар өсімдік препараттары болып табылады. Антрагликозидтер тоқ ішекте ыдырайды, оның хеморецепторларын ынталандырады да, іш босатуды туындатады, іш айдағыш әсері 8—12 сағаттан кейін дамиды. Оларды созылмалы іш қату кезінде қолданылады.

Атқарушы ағзалар мен жүйелердің қызметін реттеуші дәрілік заттар

Антрагликозидтері бар өсімдік текті препараттардан, итшомырт қабығы, рауғаш тамыры, сананың жапырағы пайдаланылады. Сондай-ақ созылмалы іш қату кезінде синтетикалық іш жүргізгіштер фенолфталеин жэне изафенин пайдаланылады. Аш ішекте сіңе отырып, олар содан кейін тоқ ішекке бөлінеді де, мидағы шырышты қабықта орналасқан хеморецепторларға әсер етеді. Оларды ұзақ мерзімді пайдаланудан үйренісу дамуы мүмкін.

Бұл жағдайда әсер ету механизмі әр түрлі іш жүргізгіштерді кезекпен қолдану кажет.

Тоқ ішектегі қоспаны жұмсартатын синтетикалық препарат лактулоза, ол тоқ ішектегі микроағзалармен ыдыратылып, одан осмостық қысымды арттыратын заттар қалыптасады. Іш айдағыш әсерге, сондай-ақ вазелин майы (жұмсартқыш зат) және глицерині бар ректалды суппозиторийлер де ие.

Үйқы безінің секреторлық белсенділігіне әсер ететін заттар

¥йқы безінің сыртқы секреторлық қызметі бұзылса, асқорыту үдерісінде елеулі өзгерістер орын алатыны белгілі, себебі бұл без тағамдағы ақуыз, көмірсу жэне май компоненттерінің қорытылуында шешуші рөл атқарады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: