Выведение (экскреция) лекарственных веществ из организма 10 страница

Психостимуляторлар

Психостимуляторлар — ми функциялары және дененің психикалық, физикалық белсенділігін ынталандырушы әсер корсететін заттар болып табылады.

Химиялық құрылымына байланысты психостимуляторлардың жіктелуі:

•  фенилалкиламиндер: фенамин (амфетамин);

•  сиднонимин туындылары: сиднокарб (мезокарб);

•  метилксантин туындылары: кофеин.

Нейротропты заттар

Ынталандырғыштар келесі әсерлерімен сипатталады:

•  психикалық және психомоторлық белсенділікті ынталандырады (сырттан келген тітіркендіргіштерді қабылдауды жаксартады, қозғалыс белсенділігін арттырады және т.б.);

•  ақыл-ой (ойлау үдерісін жылдамдатады, есте сақтау, назар аудару концентрациясын арттырады жэне т.б.) және дене еңбегін жақсартады;

•  ұйкышылдықты уақытша жояды, шаршау сезімін басады, көңіл-күйді жақсартады, тың күш пайда болғандай сезім тудырады; аштық пен шөлдеу сезімдерін басып тастайды.

Стимуляторларды қабылдау кезіндегі физикалық және ақыл- ой қызметінің өсуіне организмнің резервтік қуат көзін жедел және толық қолдану арқылы қол жеткізіледі, сондықтан ағзаны жүйелі қамшылау жүйке қызметінің сарқылуы мен шаршауын тудыруы мүмкін. Осыған орай, психостимуляторларды қолданудан кейін толыққанды демалыс қажет.

Психостимуляторлардың әсер ету механизмі пресинаптикалық ұштарға норадреналин және дофаминді босату қабілетімен байланысты және олардың кері нейроналдық ұсталуын тежейді, сонымен қатар адренергиялық рецепторларды шамалы деңгейде тікелей ынталандырушы әсері де бар.

Фенамин стимуляторлардың классикалык өкілі болып табы­лады. Алайда, қазіргі уақытта фенамин қолданылмайды, себебі қоздырғыш әсері бар және дәрілік тәуелділік дамуы мүмкін, сондай-ақ айқын перифериялық және адреномиметикалық белсенділікке ие (АҚ жоғарылауын тудырады және т.б.).

Мезокарб ең қуатты, талғаулы психостимулятор (ОЖЖ норадренергиялық әсерлерін белсендіреді) болып табыла­ды, фенаминмен салыстырғанда біркатар артықшылыктарды қамтамасыз етеді: уыттылығы аз, іс жүзінде перифериялық симпатомиметикалық әсері жок; әсері біртіндеп дамып, бірақұзак мерзімді болып табылады; айқын эйфория, моторлы қозу және жүйке жасушаларының энергия қорларының толық таусылуын болдырмайды; психоздарды туындату деңгейі томен және т.б.

Мезокарб жалпы әлсіздік, астения, нарколепсияда (патологиялық үйқышылдық) және педиатриялық практикада қолданылады.

Жанама әсерлері: уайымшылдық, шектен тыс қозғыштық, шамалы АҚ жоғарылауы, тәбет жоғалуы және т.б.

Метилксантиндердің ішінен кофеин қолданылады. Кофеиннің психостимулятор ретіндегі белсенділігі терапевтік дозада басқа психостимуляторлардан төмен. Әсер ету механизмі бойынша да
басқа психостимуляторлардан ерекшеленеді — аденозин рецеп­торларды тежейді. Оның әсері жоғары жүйке кызметінің түріне байланысты болады. Кофеиннің негізгі әсері төмен дозада жақсы көрінеді, ал көп мөлшерде ОЖЖ тежелісі және өте үлкен мөлшерде ол жүйке жүйесінің зорығуына әкеп соғуы мүмкін. Кофеин тек психостимулдеуші әсер ғана емес, сондай-ақ аналептикалық әсер де танытады. Оның аналептикалық әсері сопақша ми орталықтарын: тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталықтарын ынталандырунына байланысты.

Жеке фармакология

Тамыр тонусына кофеин екі түрлі жолмен әсер етеді. Препараттың тікелей әсері қантамырларының тегіс салалы бұлшықетіне бағытталған, яғни оның кеңеюіне алып келеді, демек қан қысымының төмендеуі жүреді. Тура сол мезетте кофеиннің орталык әсері тамыр козғалтқыш орталықты қоздырып, қан тамырларын тарылтып, қан қысымын жоғарылатады. Препарат жүректің, бүйректің, көлденең-жолақты бұлшықеттің қан тамырларын кеңейтеді, ал ми мен құрсақ куысының қан тамырларын тарылтады (бүйректі коспағанда). Гипотензия кезінде кофеин АҚ көтереді. Іс жүзінде кофеин калыпты қысымды өзгертпейді немесе оны сәл ғана арттырады. Кофеиннің миокардқа тікелей әсеріне байланы­сты жүректің жиырылу жиілігі мен күші артады, ал орталық әсері (кезбе жүйкенің қозуына байланысты) жүректің жиырылу жиілігі мен күшінің төмендеуімен көрінеді. Кофеин қаңқалық бұлшықет функциясын және асқазан сөлінің бөлінуінің артуын (мұны кейде диагностикалық мақсаттар үшін пайдаланады) ынталандырады, негізгі алмасуды жылдамдатады, сөйтіп, қандағы канттың және май қышқылдарының мөлшерін арттырады, диурезді ынталандырады. Кофеинді жеңіл психостимулятор ретінде, жұмыс белсенділігін арттыру үшін, шаршау және ұйқышылдық сезімдерін жоюда, гипотензияда қолданады. Жанама әсерлері: ұйқысыздық, мазасыздану, тахикардия, аритмия. Ұзақ пайдалануда құмарлық пен дәріге тәуелділік (психикалык) дамуы мүмкін.

Ноотропты заттар

Ноотропты заттар — окуды ынталандырып, есте сақтау мен ақыл-ой өнімділігін жақсартатын және мидың колайсыз жағдайларға (гипоксия, жарақат, улану және т.б.) төзімділігін арт­тыратын заттар болып табылады.

Ноотропты заттардың психостимуляторлардан айырмашылығы сау адамдардың жоғары жүйке қызметіне ешбір елеулі әсерінің жоқтығында. Олардың әсері ұзақ мерзімді пайдалану жағдайында ғана көрінеді және адамның физикалық жүмыс істеу қабілетіне, эмоциялық жағдайына ешқандай әсері жоқ.

Нейротропты заттар

Әсер ету механизмі — жүйке жасушасының метаболизмін жақсартады (фосфолипидтердің, акуыздардың синтезін және аденозин үшфосфат (АТФ) деңгейін арттырады, мидағы глюкозаның кәдеге жаратуын арттырады, микроциркуляцияны күшейтеді). Ноотропты препараттардың барлық түрі төмен уыттылык, науқастардың дәріні жақсы көтере алуымен, гипоксияға қарсы қасиеті және межелі түрде тырыспаға қарсы әсерімен сипатталады.

Ноотропты заттарды қолдануға көрсеткіштер:

•  есте сақтау, назар аудару, ойлау қабілеттерінің бұзылысы, бас сүйек-ми жарақатынан кейін, инсульт, улану;

•  маскүнемдік және нашакорлықтың абстинентті белгілерінің алдын алу;

•  ақыл-ойының дамуы тежелген, олигофрения кезіндегі сөйлеуі кешіктірілген балаларға;

° гериатрияда — егде жастағы адам топтарыньң есте сақтауын жақсарту және қарттық ақыл-ой кемдігінде; стрестік жағдайларда;

•  сау адамдарға қолайсыз факторлардың (гипоксия, гипертермия және т.б.) әсерінен сактануға;

•  қазіргі кезде құрсақтық гипоксияны болдырмау үшін кеш токсикозды әйелдерге тағайындау акушерлік тәжірибеде табысты қолданылып отыр.

Ноотропты заттар тобына пирацетам, аминалон, пантогам, пиридитол жэне т.б. жатады. Осылардың ішінен кеңінен қолданылатыны циклдік ГАМКтуындысы болып табылатын пирацетам. Пирацетамды қолдану кезінде диспепсиялы және ұйкы бұзылыстары байкалады. Пиридитол жиі ұйқысыздық пен қозғыштыққа себеп болады. Пантогам елеулі жанама әсерлер болдырмайды.

Аналептиктер

Аналептикалық заттар немесе аналептиктер (талпындыратын, оятушы) — ОЖЖ, әсіресе, сопақша мидағы өмірлікмаңызды (тыныс алу және тамыр қозғалтқыш) орталықтарға басымырақ ынталандырушы әсер көрсететін дәрілік заттар тобы болып табылады. Аналептиктер нейрон аралық жүйке импульсінің өтуін жеңілдетіп, қозуды күшейтеді немесе тежелу үдерістерін басып тастайды.

Аналептиктерді әсер ету механизмі бойынша тікелей әсерлі (кофеин, бемегрид, этимизол, камфора), рефлекторлы (цититон) және аралас түрлі (кордиамин, көміркышқылы) деп бөлінеді.

Қолдану көрсеткіштері наркозға арналған заттармен, нарко­тикалык ұйықтаткыштармен жэне этил спиртінің әсерінен болған жеңіл тыныс алу іркілісінде, сондай-ақ жаңа туылған нәрестелердегі асфиксия болып табылады. Тыныс алудың терен
тежелісінде олар мидағы гипоксияны арттырып күрделендіреді, нәтижесінде тырыспа дамиды.

Бемегрид негізінен тыныс және аз дәрежеде тамыр қозғалтқыш орталықтарды ынталандырады, сондықтан барбитураттармен және баска да наркоз препараттарымен, наркотикалықтипті ұйықтатқыштармен беткей улану кезінде қолданылады.

Этимизолдын басқа аналептиктерден айырмашылығы, ол үлкен ми қыртысын тежейді, қыртыс асты ми кұрылымдары мен сопақша ми орталықтарын белсендіреді. Қолданылуы: тек ынталандырғыш зат ретінде ғана емес, сондай-ақ психиатрияда мазасыздану кезінде тыныштандырғыш зат ретінде, сонымен катар жаңа туған нәрестелер мен емшектегі балалардағы тыныс алу бұзылуының алдын алу үшін пайдаланылады.

Камфора сопақша мидағы орталықтарды ынталандыру әсерімен қатар, анальгетиктік әсермен алмасатын жергілікті тітіркендіргіш қасиеті бар, сондай-ақ өкпе кан айналымын және миокард функциясын жақсартады. Колданылуы: АҚ төмендегенде, тыныс алу тежелісі, жүрек жүмысын ынталандыруға пайдаланылады.

Натрий кофеин-бензоаты аналептик зат ретінде немесе психо­стимулятор ретінде де пайдаланылуы мүмкін. Әлсіз, әрі сенімсіз аналептик болып табылады, бірақ уыттылығы аз, сондықтан аналептиктерді қайта пайдалану керек болғанда қолдануға болады. Препарат жүрек-қантамырлары жүйесін ынталандырады. Жүрекке тікелей қоздырушы әсері бар.

Кордиамин әсер ету механизмі аралас түрге жатады (орталық әсері синокаротидты аймақтағы хеморецепторлардың ынталан­дыру әсерімен толықтырылады), жүрекке тікелей әсері жоқ. Қан тамырларының тонусы төмендегенде және тыныстың әлсіреуі кезінде тағайындалады.

Аналептиктердің рефлекторлы әсер етуші түрлеріне синокаро­тидты аймақтың Н-холинергиялық рецепторларын қоздыратын цититон және лобелин жатады. Олар тыныс алу орталығының рефлекстік қозғыштығы сақталған жағдайда және көктамырға енгізу кезінде ғана тиімді.

АТҚАРУШЫ АҒЗАЛАР МЕН ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУШІ ДӘРІЛІК ЗАТТАР

ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАР

Бұл топқа жататын: тыныс ынталандырғыштары, жөтелге қарсы заттар, қақырық түсіретін заттар, бронхоспазм және өкпе жетіспеушілігі кезінде қолданылатын препараттар (6-сурет).

Атқарушы ағзалар мен жүйелердің қызметін реттеуші дәрілік заттар

Тыныс алуды рефлекторлы ынталандыра- гындар (н-холи­номиметиктер)

Сопақша ми

...................  афферентті талшысурет. Тыныс алу жүйесі ағзаларының функциясына эсер ететін заттардың негізгі бағыты (Д.А. Харкевич, 2013)

Шеткері әсер ететін жөтелге қарсы заттар

Орталыққа әсер ететін жөтелге қарсы заттар

Орталыққа эсер ететін тынысты ынталандыр- ғыштар

(аналептиктер)

 

Каротидті

шумақ

 

Тікелей эсер ететін қақырық түсіретін зат.

 

 

Рефлекторлы әсер ететін қақырық түсіретін заттар

 

 

Тыныс стимуляторлары

Тыныс стимуляторлары — тыныс алу тежелісі кезінде пайдаланылатын заттар тобы.

Әсер ету механизмі бойынша тыныс алу ынталандырғыштарын үш топқа бөлуге болады:

Жеке фармакология

• орталық әсерлі (бемегрид, кофеин, этимизол);

• әсері рефлекторлы (цититон, лобелин гидрохлориді);

• әсері аралас түрі (кордиамин, көмірқышкылы)

Тыныс алу стимуляторларының тікелей және аралас әсерлі түрлері тыныс алу орталығын тікелей ынталандырады. Аралас әсерлі түрі (жоғарыда айтылғандармен қатар, карбоген де жатады), сонымен қатар, каротидті шумактардағы хеморецепторларды да ынталандырушы қасиетке ие.

Әсері рефлекторлы тыныс алу стимуляторларының әсер ету механизмі мынаған негізделеді, олар синокаротидты аймақтағы Н-холинорецепторларды қоздырады, ол жақтан афферентті импульстар сопақша миға келеді де ондағы тыныс алу орталығын қоздырады («Эфферентті жүйкеленуге әсер ететін заттар», «ОЖЖ әсер ететін заттар» бөлімдерін қараңыз).

Тыныс стимуляторлары сирек колданылады («ОЖЖ әсер ететін заттар» бөлімін қараңыз). Гипоксиялық жағдайларда қосалқы немесе өкпені жасанды желдету әдістері пайдаланылады.

Жөтелге қарсы заттар

Бұл топтағы дәрілік заттарға жөтел рефлексін басатын препараттар жатады. Әсері етуі орталық және шеткері (перифериялық) болып бөлінеді.

• Орталықәсерлі заттар:

- әсер ету түрі наркотикалық (кодеин, этилморфин гидрохлориді);

-  әсер ету түрі наркотикалык емес (глауцин гидрохлориді, тусупрекс).

•  Перифериялықәсерлі заттар (либексин).

Жөтел қорғаныс механизмі болып табылады, яғни тыныс жолдарынан бронх бездерінің шектен тыс бөлген сұйыктықтарын және бөтен заттарды шығаруға көмектеседі. Осы препараттар әсері қайталану жиілігі түнде артатын қинайтын құрғак жөтелден құтылдырып, субъективті тыныштық туғызып қана қоймай, сонымен қатар шырышты қабықтың тітіркенуінің азаюына және кеңірдек пен бронхтағы шырышты қабықтың гиперемиясы мен қабынуында көмектеседі, жөтел рефлексін күшейтеді.

Кодеин — апиын алкалоиды, сопақша мида орналасқан жөтел орталығын тежейді. Кодеиннің анальгетиктік әсері оның ағзада морфинге айналуына байланысты. Кодеин тыныс алу орталығын тежейді, опиоидты анальгетиктерге тән бронхоспазм, құмарлық, дәрілік тәуелділік және обстипация туғызады.

Атқарушы ағзалар мен жүйелердің қызметін реттеуші дәрілік заттар

Глауцин гидрохлориді — өсімдіктекті препарат, селективті түрде жөтел орталығындағы нейрондар белсенділігін тежейді. Ол тыныс алу орталығын тежемейді, бронхтың тегіс бұлшықеттеріндегі тырысуды басады, ОЖЖ тыныштандыратын әсері бар, іш қатуды туындатпайды. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының аурулары кезінде қолданады.

Жанама әсерлері: АҚ төмендейді (α-адренергиялық рецептор­ларды тежейді), бас айналу, жүрек айнуы болуы мүмкін.

Перифериялық әсері басым синтетикалык препарат либексин. Тыныс алу жолдарының шырышты қабығына жергілікті жансыздандырғыш, қабынуға қарсы және бронхолитикалық әсер керсетеді. Іс жүзінде ОЖЖ ешкандай әсер етпейді. Тынысты тежемейді және тәуелділік пайда болмайды. Жөтелге қарсы зат ретінде де және жоғарғы тыныс жолдарының аурулары, бронхит, бронхопневмония кезінде ішке таблетка түрінде шайнамай (гипотензиясы бар наукастарға ұсынылмайды) қабылданады.

Қақырық түсіретін заттар

Бұл топқа жататын препараттар тыныс алу ағзаларынан шырышты жоюға ықпал жасайтын заттар. Осы препараттарды тұтқыр және шығарылуы қиын қақырықты жөтелде тағайындайды. Қақырық түсіретін заттарга сонымен қатар тікелей рефлекторлы және муколитикалық препараттар жатады.

Рефлекторлы әсер ететін қақырық түсіргіш заттар. Осы топтың препараттарын ішке қабылдау кезінде асқазанның шырышты қабығындағы рецепторларға межелі тітіркендіргіш әсер етіп, тыныс жолдарының кірпікшелі эпителий белсенділігін рефлекторлы арттырады, бронхтың бұлшықеттерінің жиырылуын ынталандырады, қақырықтың бөлінуіне ықпал жасайды, бронх бездерінің секрециясын арттырады, қақырықтың тұтқырлығын төмендетеді.

Қақырықты рефлекторлы түсіретін препараттар ретінде көбіне өсімдік текті заттар қолданылады: термопсистің тұндырмалары мен сығындылары, истод тамырының қайнатпалары, мия және алтей тамырларының препараттары.

Қақырықты рефлекторлы түсіретін синтетикалык препараттарға терпингидрат жатады.

Рефлекторлы әсер ететін препараттар жедел бронхитте қақырықты сұйылту үшін қолданылады. Оларды гастритте, асқазан ойық жарасында қолдануға болмайды, яғни қарсы көрсеткіш болып табылады.

Қакырықты тікелей әсер ету арқылы түсіретін заттарға натрий бикарбонаты, йодидтер (калий йодиді, натрий йодиді) жатады.

Натрий бикарбонаты бронхтың шырышты қабығынан бөлінеді, ол қышқылданып кақырықты сұйылтады. Йодидтер бронхтың шырышты қабатына тітіркендіргіш әсер етеді, қакырықты сұйылтады, қабынуға қарсы әсері де бар. Олар бронхиалды астма жэне созылмалы бронхиттің таңдау препараттары болып табылады.

Жеке фармакология

Муколитиктер — бұл заттар, бөліністерді, яғни кақырықты сұйылтады және оның бөлініп шығуына себеп болады. Муколитиктер ретінде, ацетилцистеин, бромгексин, амброксол колданылады. Бұл препараттар кақырық құрамындағы нәруыздардың лизисін жүргізеді. Бромгексин және амброксолдың муколитикалық әсер механизмінде негізгі болып эндогенді сурфак­тант (өкпенің ішкі бетін тыстайтын альвеолярлық жасушалардың тыныс алу кезінде қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін, альвеолярлык жасушаларда синтезделген беткейлік белсенді зат) түзілуінің жылдамдауы жатыр. Бромгексин және амброксолдың жөтелге қарсы әсері біршама аз. Муколитиктерді жіті және созыл­малы бронхитте, өкпе туберкулезінде, жіті және созылмалы пневмонияда және т.б. қолданылады.

Жанама әсерлері: аллергиялық қүбылыстар, диспепсиялық бұзылыстар. Амброксол бромгексиннің метаболиті болып табыла­ды, бірақ әлдеқайда тиімді. Соңғысынан айырмашылығы, амброк­сол бауырда метаболизденбейді, сондықтан оны бауыр аурулары бар науқастарға тағайындауға болады.

Бронхоспазм кезінде пайдаланылатын заттар

Бронхоспазм кезінде пайдаланылатын препараттарға бронхоспазмның алдын алу және оны жоюға мүмкіндігі бар әртүрлі фармакологиялықтоптардың дәрілері жатады.

Тыныс алу жолдарының бронхоспастикалық жағдайы созыл­малы бронхит, созылмалы пневмония, эмфизема, М-холиномиметиктермен және холинэстеразаға қарсы заттармен улану кезінде байқалады. Сонымен қатар, бронхоспазмды басқа кейбір фармакологиялық заттар тудыруы (β - а д р е н о б л о к ато р л а р, мор­фин жэне т.б.) мүмкін. Бронхоспазм патогенезінде шешуші рөлді қабыну үдерісінде мес торшалы жасушалардан бөлінетін, гиста­мин, лейкотриен, аденозин сияқты биологиялық белсенді заттар атқарады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, бронхоспазм кезінде мынадай топтардың препараттары колданылады.

• Бронхтарды кеңейтетін заттар (бронхолитиктер):

- β2-адреномиметиктер (сальбутамол, фенотерол, изадрин) және β2-адреномиметиктік белсенділігі бар (адреналин гидрохлориді);

Атқарушы ағзапар мен жүйелердің қызметін реттеуші дәрілік заттар

- М-холиноблокаторлар (метацин, ипратропий бромиді);

-  миотропты әсері бар спазмолитиктер (эуфиллин).

• Бронхолитикалық және қабынуға қарсы белсенділігі бар заттар:

-  мес торшалы жасушалардан аллергия жэне қабыну медиаторларының бөлінуін тежейтін заттар (діңгек ұялы тұрақтандырғыштар мембраналар) — кромолин — натрий, кетотифен;

-  глюкокортикостероидтар:

· ингаляциялық — беклометазон дипропионаты;

· жүйелік әсерлі — гидрокортизон, триамцинолон, декса- метазон;

· лейкотриен ингибиторлары — лейкотриен рецепторлардың блокаторы — зафирлукаст.

Адреномиметик адреналин бронхолитик болып табылады, себебі β2-адренорецепторларды ынталандырады. Оның қажетсіз кардиостимулдеуші және гипертензивті әсерлері, β1 және α адренорецепторлардың қозуына байланысты.

Изадриннің бронхолитикалық әсері β-адренорецепторларды ынталандыруында жатыр, сонымен коса   β1 –адренорецепторлардыынталандырады, ягни жүрекке әсер етеді, бірақ әсер уақыты шектеулі.

β2-Адренорецепторларға әсері басым препараттар (сальбутамол, фенотерол), β1— рецепторларды айқын ынталандыру қасиетінің болмауына байланысты іс жүзінде жүрек-қантамырлары жүйесінің ауыр асқынуларын тудырмайды. Оларды әдетте бронхоспазмның алдын алу және тоқтату үшін ингаляция түрінде пайдаланылады. Олардың негізгі кемшілігі — әсерінің ұзактығы қысқа. Салметерол — ұзақ мерзімді препарат, оны тәулігіне 2 рет тағайындайды.

М-холиноблокаторлар тек ірі бронхтарды ғана кеңейтеді, себебі ұсақ бронхтарда холинорецепторлар жоқ. Бронхолитикалық қасиетті барлық атропин тәрізді заттар көрсетеді, бірақ олардыңжанама әсерлерінің көп болуына байланысты жүйелі түрде бронхолитикалық мақсатта қолдану тиімсіз: ауыздағы құрғақтық, бөлінділердің қоюлануы, бронхтардан эвакуациялаудың қиындауы, аккомадацияның бүзылуы жэне т.б. Ипратропий бромиді ингаляцияға қолдану кезінде қан айналым жүйесіне сіңбейді, сондықтан оған жоғарыдағы жанама әсерлер тән емес. Оны өкпенің созылмалы обструктивтік аурулары, бронх демікпесі бар науқастарда — профилактикалық мақсатта қолданады

Миотропты спазмолитик — эуфиллин, бронхолитик ретінде тиімділігі β2-адреномиметиктермен бірдей. Емдік ауқымы орташа. Бронхолитикалық әсер ету механизмі бронхтардағы тегіс салалы
бұлшықет жасушаларында орналаскан аденозин рецепторлардың және фосфодиэстераза ферментінің тежелуіне байланыстырады, соның нәтижесінде Са2+ концентрациясы төмендеп, бронхтар босаңсиды. Есте ұстау керек, эуфиллин кан тамырларының да тегіс салалы бұлшықетін босаңсытады, нәтижесінде өкпе артерияларының қысымын төмендетіп, бүйрек қан айналымын арттырады, диуретикалық әсері бар, тромбоциттердің агрегациясын тежейді. Қолданылуы: бронх демікпесі және этиологиясы әр түрлі бронхоспазмдарда.

Жеке фармакология

Мес торшалы жасушалардың мембрана тұрақтандырғышы — кромолин-натрий фосфодиэстеразаны тежеп, цАМФ мөлшерін арттырады, тыныс жолдарының мес торшалы жасушаларынан медиаторлардың бөлінуін азайтады. Бронхоспазм болдырмау үшін пайдаланылады. Жанама әсерлері: кұрғақтық, тыныс алу жолдарының тітіркенуі, жөтел.

Кетотифен жасушаларға Са2+ кіруін азайтады, мес торшалы жасушалардан гистамин мен басқа медиаторлардың бөлінуін және Н-гистамин рецепторларын тежейді. Әсерінің ұзақтыгы 10—12 сағат. Оны бронх демікпесін, аллергиялык бронхит және шұғыл түрдегі басқа да аллергиялық реакцияларды емдеу үшін қолданады. Седативті әсер етуі мүмкін, жүктілік кезі қарсы көрсеткіш болып табылады.

Қабынуға қарсы және бронхолитикалық белсенділігі бар заттар — глюкокортикоидтар, фосфолипаза α2 тежеп, простагландиндердің түзілуін азайтады, цАМФ мөлшерін ұлғайтады, қабыну медиаторларының синтезін азайтады, сурфактант синтезін арттырып қабыну үдерісін басады. Глюкокортикоидтар аэрозольдер түрінде (беклометазон дипропионаты) және жүйелік әсерлер үшін ішке қабылдайды (дексаметазон, триамцинолон). Беклометазон дипропионатының жанама әсерлері:ауыздағы құрғақтықжәне жөтел (тітіркендіргіш әсері), ауыз қуысы кандидозы және триамцинолонды ұзақ уақыт пайдаланудан жүйелік жанама әсерлермен бірге бұлшықет тінінің атрофиясы болуы мүмкін.












Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: