Емдеу шараларын жоспарлау 2 страница

    Үшіншіден, «науқас дәрігерге» емес, керісінше «дәрігер науқасқа» қарай қайрылу қағидасын орындау.

    Тқртіншіден, халық арасында жоспарлы және экспедициялы тәсілмен жүргізілетін рактың алдын алуға арналған кешенді тексеруді қамтамасыз ету, әсіресе ұйымдастырылмаған адам топтарын қамту,

    Бесіншіден, емханаға келген барлық сау, науқас адамдар онкологиялық тексеруден шартты түрде өтуін қамтамасыз ету,

    Алтыншыдан, мемлекеттік тараптан қолдау арқылы жалпы халықтың 30 жастан жоғарғысына, скринингті тексеруді жүзеге асыру, Бүл тәсіл бес деңгейден тұрады:

1. Халық арасында бүл тәсілдің тиімділігі туралы үгіт-насихат жүргізу,

2. Сұрақтаманы дайындап, тираждау,

3. Сұрақтаманы таратып, оны толтыру,

4. Сұрақтаманы сараптап, ракқа бейім «қатерлі топты» адамдарды белгілеу,

5. Тексеру кезінде барлық клиникалық, пара клиникалық әдістерді қолдану,

6. Скринингтің қорытындысын шығарып, оларды мына топтарға бөлу:

· дені сау адамдар,

· созылмалы тәндік ауру бар науқастар – ауруханалық емге мұқтаж топтар,

· рак алды ауру бар, және ракқа бейім «қатерлі топты» науқастар - –диспансерлік есепке алынып, емдеп, бақылау жүргізілетін топтар,

· қатерлі ісікпен ауыратын науқастар – арнайы ем қажет ететін топ.

Ракка қарсы күрестің басты бағыттары

Олар:

· онкологиялық көмек пен  ракқа қарсы істерді, статистикалық және эпидемиологиялық сараптамаға сай, басты бағыттағы қатерлі ісіктің түрлерін анықтап, оларды анықтау мен емдеу жолдарын мақсаты түрде іске асыру,

· Диспансерлік топқа алынатын науқастарды бір жүйелі басқарып, іске асыру үшін, оларды мына төмендегі клиникалық топқа жіктеу көзделген:

1- клиникалық топ, ол екі топшаға бөлінеді:

1а клиникалық топ – оған қатерлі ісікке диагноз күмән туғызатын науқастар, олар арнайы тізбеге алынып, 10 күн ішінде оның диагнозы анықталуы тиіс, яғни ол адамда рак бар ма не жоқ па? соны ажырату.

1б клиникалық топ – оларға рак алды аурулары бар науқастар жатады, оларды емдеген соң бір жылдан соң диспансерлік есептен шығарылады,

П- клиникалық топ, оларға қатерлі ісік аурумен ауырғандардың 1-Ш сатысы кезеңіңдегілер жатады да одан:

Па клиникалық топ бөлінеді, оларға радикалды (операция) және арнайы (сәулелі) ем қолдануға болатын науқастар кіреді.

Ш- клиникалық топ, оларға қатерлі ісікке радикалды не арнайы ем алып, жазылған науқастар жатады. Бұлар диспансерлік бақылауда өлгенше есепте болады.бақылау кезінде қатерлі ісік қайта пайда болып не емдеуге мүмкіншілігі бар метастазы болса, олар П- клиникалық топқа ауыстырылып, оларға тиісті, арнайы, тиімді ем қолданылады. Егер осы көрсетілген өзгерістерге ем жүргізуге мүмкіндік болмаған жағдайда олар 1У- клиникалық топқа ауыстырылып, оларға симптоматикалық ем жүргізіледі, оны науқастың тұрған жеріндегі медициналық мекемелерде рактың орналасу түріне қарай жүргізіледі немесе «хосписте» бақыланады.

1У- клиникалық топ, бұларға алғашқы рет рактың соңғы сатысындағы науқастар және радикалды ем жүргізуге қарсы көрсеткіші бар аурулар, оған қоса П- клиникалық топтағы науқасқа 3 ай ішінде тиімді ем қолданылмаса, не ауру сол емнен бас тартса, онда оларда, және де П- топтағы науқаста қатерлі ісік қайта пайда болып, емдеуге мүмкіншілік болмайтын адамдарда, осы клиникалық топқа ауыстырылады. Бұл топтағы науқастарға наркотикалық препараттар, онколог көріп кеңес беру арқылы руқсатетіледі, ол, медициналық кітапшаға жазылып, арнай рецепт арқылы дәріханадан алады және олар қатаң есеп-шотта тұрады. Жедел жәрдем көрсетуге мұқтаж науқастар жалпы хирургиялық бөлімде жәрдем көрсетіледі (түйнек, аппендицит, жарық) және өмірге қажетті жағдайларда (гастростома, еюностома, цистостома) жасалынады.

Осы көрсетілген клиникалық топқа жіктеу, қатерлі ісікке қарсы бағытты күресті пәрменді түрде орындауға мүмкіндік береді.

· қатерлі ісік пайда болуына әсерлерін тигізетін сыртқы және ішкі себептерді анықтап, айналасындағы адамдарға зиянды әрекеттерін болғызбау шараларын ұйымдастырып, оны іске асыру.

· рак алды ауруларды, дер кезінде тауып, тиісті ем шараларын қолдану арқылы, қатерлі ісіктің пайда болуына жол бермеудің бірі болып саналады.

· қатерлі ісігі анықталған науқастарға жоғарғы дәрежелі, арнайы дәрігерлік көмек онкологиялық институт пен диспансерлерде жүргізіледі

· қатерлі ісік тен айыққан науқастарға реабилитациялық (еңбекке жарамдылық) көмекті жалғастырып, өмір сүру сапасын жақсарту,

· қатерлі ісікке қарсы жұмысты ұйымдастырып, оны іске асыратын медициналық мекен жайға жататындар – Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы бас онколог маман, жалпы онкология саласындағы барлық басты жұмыстарды бақылап, мемлекеттің үкімі мен қаулыларын орындауға нұсқау көрсетеді. Одан кейінгі мекеме онкология институты, одан соң диспансерлер, онкологиялық бөлімдер мен онкологиялық және тексеру кабинеттер.

· барлық онкологиялық мекемелерді қазіргі таңдағы талапқа сай құрал-жабдық пен аспаптар және жоғары сапалы диагноз қоя алатын, оған қоса сәулемен емдейтін аппараттармен қамтамасыз ету ракқа қарсы бағыттың ең маңызды тірегі болып саналады.

· осылармен қатар білікті, жоғарғы дәрежелі онкологиялық кадрларды дайындау, қатерлі ісікке қарсы күрестің ең басты бағыттың діңгегі, себебі ұлттық және де көп тілді игерген онколог пен радиолог мамандарды дайындау болашақтың ісі.

Онкологиялық деонтологияның негіздері

    Деонтология (грекше deon– парыз, ал logos –ілім, таным), оның жалпы қазақша мағынасы парызтану, яғни медицина қызметкерлерінің мінез-құлқын зерттейтін ғылым. 

    Жалпы медициналық парызтану – ол медицина қызметкерлерінің науқасқа, оның туыстарына ең жоғарғы дәрежеде және пәрменді сауықтыру мақсатында жүргізілетін белгілі бір ережелердің біріккен тұғырнамасы.

    Онкологиялық деонтология жалпы медицинаға қарасты медициналық этиканың бір саласы. Медициналық этика деп, медицина қызметкерлерінің қарым-қатынастарын, дәрігер мен аурудың және оның туған-туыстарымен өзара байланысын, заң топтамалары арқылы дәрігердің қызметін қорғайтын медициналық заңдылықты айтады.

    Деонтологияның негізгі шарты ерекшелігі, – ол ауыр жағдайда жапа шегіп, жазылмайтын дертпен ауырып жатқан, кез келген науқас адамға, жалпы медициналық қызметкерлерден, әсіресе дәрігерден, дұрыс психологиялық қарым-қатынаста жұмыс істеу керектігін және олардың барлық ішкі жан дүниесімен өте жоғарғы моральдық сезімді қатынаста болуын талап етеді.

    Онкологиялық парызтану - бұл жалпы медициналық, оның ішінде хирургиялық парыз танудың жалғасы, оның басты мақсаты науқасқа хирургиялық емді, операция алдында, одан соңғы кезеңдегі психикалық қобалжуларды жақсарту болып саналады. Хирургиялық парыз танудың негізін Н.Н. Петров қалыптастырып кеткен, оны одан әрі онкологиялық деонтологияға ұластырған академик онколог Н.Н. Блохин:

Онкологиялық парыз танудың негізгі қағидалары мыналар:

1. Медициналық қызметкерлер хирургиялық ұжымдағы құқығы мен міндеттері туралы негізгі ережелерге сүйене отырып, өз ара қарым-қатынасын реттеудегі пайымды жұмыс үндестігі.

2. Науқастық психикасын тұрақты есепке ала отырып, оның психикасын қорғап, психикалық зақымданудың алдын алу арқылы жүргізілетін хирургиялық емнен кейінгі, тиімділігін қамтамасыз етуі,

3. Әр түрлі ауырулар туралы ғылыми білімді емделуге жататын әрбір жеке тұлғаның өзіне тән ерекшеліктеріне дәйекті түрде байланыстырып жүргізуі, немесе жеке тұлғаға толық диагноз қойып, болашақ емнің анық жоспарын анықтауы,

4. Өмірде «Ауыру хирургия үшін» емес, «Хирургия тек ауыру үшін» - деген қағиданы алмастырылмауы,

5. Жіберген қателіктерді жасырмай ескеріп, оны талдай отырып, өзінің тәжірибесін молайтуы,

    Деонтология ережелерінің сақталуы, оның бұлжытпай орындалуы, әрбір дәрігердің жалпы мәдениеттілігіне, білімділігі мен парасаттылығына, пәтуалығына, адамға деген мейрімділік көз қарасынының ілтипаттығына байланысты. Сондықтан жоғарыда көрсетілген қағидаларды орындау тек қана онколог - хирургтарға да емес, жалпы медицина қызметкерлеріне, оның ішіндегі мейір бикелерге де жатады.

         Деонтология қағидаларын орындай отырып, онкологиялық ауру туралы кейбір ерекшеліктерді білген шарт.

Олар:

1. Қатерлі ісіктің өз бетімен жазылып кетпейтінін түсіндіру.

2. Қазіргі кездегі онкология саласындағы жетістіктерге сүйене отырып, қатерлі ісікті тек арнайы емдік әдістерді қолданғанда ғана жетістікке жететіндікті сендіру.

3. Қатерлі ісік жұқпалы ауру еместігіне көз жеткізу.

4. Халық арасындағы «рактан» жазылу мүмкін емес деген пікірдің дұрыс еместігін дәлелдей білу.

5. Қатерлі ісіктің алғашқы сатысындағы емнің тиімділігін дәлелдей білуі.

6. Қатерлі ісіктің асқынған кезеңінде де тиімді еммен «өмір сүру сапасын» жақсартуға болатынын ескерту.

7.  Қазіргі кезде, онкологиялық ауруға деген көзқарастың өзгеруіне байланысты, адамда қатерлі ісіктің барын, оның ағымын, аурудың болжамды өмір сүру мерзімін алдына ала айтуға болатынын білу.

8. Дәрігер қатерлі ісікпен аурған адамға, оның толық жазылатынына еш бір кепілдік бере алмауы.

9. Дәрігер «дәрігерлік құпияны» тек, өзінің басшысына және заң өкілдеріне ғана аша алатынын естен шығармауы.

Қазақстан Республикасындағы онкологиялық көмектің қазіргі көрсеткіштері.

Кеңес өкіметі ыдырап, Қазақстан егемендігін алсада, онкология саласындағы халыққа көмек көрсетудің негізгі жолдары осы күнге дейін, сол Одақтық кезеңдегі қағидалармен орындалып келеді. Қатерлі ісікті анықтау кезінде толтыратын құжаттар, жылдық есеп-шот үлгілері және негізгі онкологиялық көмекті айқындайтын көрсеткіштер өзгермей орындалуда. Қазақстан егемендік алғанынан бастап негізгі қол жеткен табыстар, ол әр облысымызда онкологиялық диспансерлердің ашылып, олардың тиісті құрал-жабдық, аппараттармен жабыдықталып, стандартты емдеу тәсілін енгізу болып саналады.

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың күрт өзгеруі, әртүрлі медициналық реформалар, экономикалық дағдарыс халыққа онкологиялық кызмет ету жұмысына әртүрлі деңгейде әсерін тигізді.

Республикада:

1. Онкологиялық бөлмелер 208 –ден (1989 ж.) 182-ге (2001 ж.) төмендеп, ал 2008 жылы 255-ке жетті.

2. Көру бөлмелер 989 –дан (1989 ж.) 285-ке (2001 ж.) төмендеп, ал 2008 жылы 523-ке жетті.

3. Онкологиялық төсек орыны 3606 –дан (1989 ж.) 3080-ге (2001 ж.) төмендеп, ал 2008 жылы 3278-ге жетті.

4. Онкологиялық төсек орынымен елді қамтамасыз етуі 2,2%оо-тен (1989 ж.) 2,08%оо ге (2001 ж.) төмендеп, ал 2008 жылы 2,1%оо -ге жетті.

5. Онколог пен радиологтың саны 823 –тен (1989 ж.), 424-ке (2001 ж.), екі есе төмендеп, ал 2008 жылы 467 адамға жетті.

6. Онколог және радиологтармен елді қамтамасыз етуі 0,3%оо-тен (1989 ж.) 0,22%оо ге (2001 ж.) төмендеп, ал 2008 жылы 0,24%оо -ке жетті.

7. Жалпы қатерлі ісікпен аурған адамдардың саны 30170-тен (1989 ж.) 28394 ке (2001 ж.) төмендеп, ал 2008 жылы 27729 адамға жетті.

8. Жалпы қатерлі ісіктің алдын ала тексеру кезіндегі үлесі 11,5%-дан (1989 ж.) 8,7%- ға (2001 ж.) төмендеп, ал 2008 жылы 9,6% -ға жетті.

9. Жалпы қатерлі ісіктің морфологиялық дәлелдену үлесі 69,0%-дан (1989 ж.) 65,8%- ға (1996 ж.) төмендеп, ал 2008 жылы 80,4% -ға жетті.

10. Жалпы қатерлі ісіктің алғашқы (1-П) сатысындағы үлесі 35,1%-дан (1989 ж.) 30,5%- ға (1996 ж.) төмендеп, ал 2008 жылы 45,1% -ға жетті.

11. Жалпы қатерлі ісіктің алғашқы асқынған (1У) сатысындағы үлесі 21,0%-дан (1989 ж.) 23,3%- ға (1996 ж.) жоғарлап, ал 2008 жылы 16,2% -ға төмендеді.

12. Жалпы қатерлі ісікпен аурушаңдық көрсеткіші 182,4%ооо-тен (1989 ж.) 195,9%оо ға (2001 ж.) өсіп, ал 2008 жылы 180,7%оо-ге төмендеді.

13. Қатерлі ісіктің негізгі орналасқан жеріне қарай аурушаңдық көрсеткіші бойынша:

· біріңші орында өкпе рагы, ол 30,6%ооо-дан (1989 ж.) 27,0%оо ге (2001 ж.), содан соң 2008 жылы 23,0%оо-ге дейін төмендеді.

· екінші орында асқазан рагы, ол 24,1%ооо-дан (1989 ж.) 21,4 %оо ге (2001 ж.), содан соң 2008 жылы 17,4 %оо-ге дейін төмендеді.

· үшінші орында тері рагы, ол 17,3%ооо-дан (1989 ж.) 15,3 %оо ге (1996 ж.), содан соң 2008 жылы 16,8 %оо-ге дейін төмендеді.

· төртінші орында сүт безі рагы, ол 11,3%ооо-дан (1989 ж.) 17,9 %оо ге (1996 ж.), содан соң 2008 жылы 20,8 %оо-ге дейін өсіп, соңғы жылы үшінші орынға шықты..

· бесінші орында өңеш рагы, ол 15,5%ооо-дан (1989 ж.) 11,3 %оо ге (1996 ж.), содан соң 2008 жылы 8,2 %оо-ге дейін төмендеп, соңғы жылы бесінші орында қалды.

· тік ішек рагының аурушаңдық көрсеткіші жыл санап өсуде, ол 1989 жылы 5,8%ооо тең болса, 2008 жылы 7,2%ооо жетіп, өсіп отыр.

14. Жалпы қатерлі ісіктен бір жылдық өлім үлесі 30,7%-дан (1989 ж.) 35,1%- ға (1996 ж.) жоғарлап, ал 2008 жылы 34,6% -ға төмендеді.

15. Жалпы қатерлі ісіктің өлім-жітім көрсеткіші – 129,6%ооо-дан (1989 ж.) 134,4%ооо- ке (1996 ж.) жоғарлап, ал 2008 жылы 105,1%ооо -ге төмендеп отыр.

16. Жалпы қатерлі ісіктің аурушылдық көрсеткіші – 624,1%ооо-дан (1989 ж.) 726,3 %ооо- ке (1996 ж.), ал одан соң 2008 жылы 845,5 %ооо -ге жоғарлап отыр.

17. Жалпы қатерлі ісікпен аурған адамдарды диспасерлік бақылау кезінде, олардың ішінде 5 жылдан аса өмір сүрген науқастардың үлесі – 46,5%-дан (1989 ж.) 52,7 %-ға (1996 ж.) шейін өсіп, ал одан соң 2008 жылы 48,2 %-ға төмендеп отыр.

    Сонымен, 20 жыл арасындағы Қазақстандағы онкологиялық қызмет көрсетудің негізгі көрсеткіштерінің динамикалық бағыты көптеген себептерге байланысты өзгеріп отырды. 

Олар:

1. Қазақстандағы қоғамдық жүйенің алмасыуы,

2. Нарықты экономиканың қалыптасуы,

3. Денсаулық сақтау жүйесіндегі жүргізілген әртүрлі пәрменсіз реформалар.

4. Ауруларды ақылы түрде анықтау мен емдеудің қалыптасуы.

5. Еліміздегі сыртқы және ішкі миграциялық процесстер.

6. Еуропалық этникалық топтардың, тарихи отанынына көшуі.

7. Қазақтардың өзінің тарихи отанына оралуы.

8. Халық санының жалпы азайуы, оның ұлттық құрамының өзгеруі.

9. Халықтың жыныс пен жас топтар санының құрамды үлесінің ерекшеленуі.

10. 29 жасқа дейінгі  топтың үлесінің өсіп, 50 жастан асқандардың меншікті салмағының төмендеуі.

11. Халықтық орташа өмір сүру жасының азайуы.

12. Жарақаттану себебінен адам өлімінің көбейіп, екінші орынға шығуы,

13. Еліміздегі экологиялық қалыпсыздықтың орнығуы.

14. Қатерлі іскке жиі шалдығатын кагортты топтың азайуы.

15. Онкологиялық мамандардың жетіспеушілігі.

16. Елді мамандармен және онкологиялық төсек орнымен қамтамасыз ету көрсеткіштерінің төмендеуі.

17. Онкологиялық диспансерлерді керекті диагностикалық аппараттар мен аспаптар және құрал-саймандармен қамтамасыз етудің төмендеуі.

18. Жалпы медициналық мамандар арасындағы «онкологиялық күдіктің» құлдилауы.

19. Ел арасындағы рак туралы мәліметтердің мардымсыздығы.

20. Жалпы ақпарат жүйесіндегі қатерлі ісік туралы үгіт-насихат жұмыстарының төмендеуі.

21. Әлеуметті-экономикалық дағдарыстар.

22. Онкология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының тыңғырыққа тірелуі.

23. Елімізде қатерлі ісікке қарсы алдын ала тексеру үлесінің төмендеп, оның пәрменсіздігі.

24. Онкологиялық аурулардың асқынған сатысындағы адамдардың үлесінің өсуі.

25. Онкологиялық аурулардың бір жылдық өмір сүру көрсеткішінің жоғарлауы.

26. Елімізде онкологиялық ауруларды толық есеп-шотқа тіркеуге алынбауы.

27. Өлім-жітімді тіркейтін департаментпен онкологиялық мекелердің арасындағы мәліметтерінің сәйкес болмауы.

28.  Шет мемлекеттерде тексеріліп, емделген онкологиялық науқастардың тиісті үлгіде толтыратын құжаттардың азайып, тіпті жоқ болуы.

29. Еліміздегі диагностикалық орталықтармен онкологиялық мекемелер арасындағы байланыстың болмауы.

30. Онкологиялық мекемелердегі қатерлі ісікке қарсы жұмыстарды ұйымдастыру бөлімдеріндегі сауатты мамандардың азайуы.

Осы көрсетілген эпидемиологиялық және жпидемиологиялық емес факторлардың әсерінен, онкологиялық қызметтің негізгі көрсеткіштері барлық облыстарда, аймақтарда өздерінің ерекшеліктерімен айқындалып отыр.

Онкологиялық аурулардың еңбекке жарамды ету жолдары (реабилитациясы)

Бұл проблеманы шешу үшін онкологиялық қызмет жағдайының негізгі бір көрсеткіш бөлігін  білу керек. Оларға жататындар:                                                                 

1. Радикалды және арнай ем алатын онкологиялық аурудың өзіндік үлесін.

2. Сонымен қатар жеке хирургиялық, қоспалы, сәулелі, дәрі-дәрмекті, кешенді емдердің үлесін және қанша алам реабилитациялық көмекке мұқтаж екендігін анықтауды.

3. Жыл аяғындағы онкологиялық ауру санын (контингент санын), оның ішіндегі 5 жылдан артық өмір сүріп жатқандардың үлесін.

Қазақстанда орта есеппен соңғы 10 жылдың ішінде 28-30 мыңға жуық науқас алғаш рет тіркеледі, ал 2008 жылы 27729 (2007 жылы – 27954) ауру тіркелген. Оның 45,1% 1-П сатыдағы және Ш- сатысындағы (33,7%) қатерлі ісіктер осы адамдар радикалды және арнай емді қолдануға болатын адамдар да, соның ішінде емнен бас тарқан мен қарсы көрсеткіштері бары 10-12% құрайды. Сонымен орта есеппен олардың тек 45,1% жуығы (1-П сатыдағы) тиісті ем алуға болады.

2008 жылғы мәлімет бойынша тек хирургиялық емнің үлесі 34,5%, кешендісі -21,4%, ал қоспалысы 8,7% құрайды. Жыл аяғындағы онкологиялық ауру саны - 133310 адам, оның 48,2%, 5 жылдан аса өмір сүрген (64255 адам). 5 жылдан аса өмір сүрген адамдардың ішіндегі ең жоғарғы үлестісі сүйек (65,2%), қалқанша без (64,7%), жатыр мойны (61,0%) және сүт безі (50,7%) ісіктері жатады. Сонымен, орта есеппен республика бойынша 60000 адамға жуығы реабилитациялық көмекке мұқтаж.

Қатерлі ісікпен ауырған адамдардың жұмысқа жарамды, жарамсыздығын анықтау үшін әрбір қалада, облыста, республикада арнайы ұйымдастырылған дәрігерлік еңбек экспертінің комиссиялары (ДЕЭК) жұмыс істейді.

ДЕЭК-ке жіберу жолдары:

1. Барлық онкологиялық ауруларға ДЕЭК-ке жолдама (№ 88- үлгі) беріліп, оларды мүгедек тобына қарай бөледі.

2. Қатерлі ісікпен аурған адам 4 айға дейін, диагноз қойылған күннен бастап, «ауру қағазы» бойынша еңбектен босатылады.

3. ДЕЭК-ке жолдаманы дәрігерлік тексеру комиссиясына (ДТК) емдеуші дәрігер толтырады, оған бөлім бастығы мен аурухананың бас дәрігерінің орынбасары (әдетте ДТК- төрағасы) қол қойып, сол мекеменің мөрі басылады.

4. Көрсетілген мерзімде науқасқа жолдама (№ 88- үлгі) ДЕЭК-ке толтырылмаса, онда емдеуші дәрігер әкімшілік жауапқа тартылады.

ДЕЭК тек қана мүгедектікті шешпейді, сонымен қатар ол ауру адамға оның баяғы сау қалпына тез оралуы үшін көптеген медициналық, әлеуметтік және еңбектік реабилитациясын ұсынады.

Медициналық реабилитация, ауру ауруханаға түскен бастап жүргізіледі. Оның негізгісі қатерлі ісікке қарсы емі, содан кейін олардың денсаулығын түзеу үшін, қосымша емдеу әдістерін қолдану. Олар – физиотерапиялық, санторлы-куроттық емдер, емдік денешынықтыру, салауатты өмір салтын сақтау жолдары.

Психикалық реабилитация – деонтология негізімен байланысты. Ол дәрігердің мінез-құлқы, ауруға деген зейіні, оның көңіл күйіне терең қарап, дұрыс қабылдауы, аурудың жазылып кететіндігіне оны кәміл сендіре білуі. Сонымен бірге, ауру адамға тиісті емнен кейін, біраз уақыт өткен соң, ол өз қызметін орындай алатынын немесе басқа қызметке ауысатындығын мәлімдеп ескертуі. Қосымша емдердің біраз уақыт қажет болатындығын түсіндіріп, психологиялық тұрақтылыққа көмек беруі.

Еңбекке жарамдылығын қалыптастыруға арналған реабилитация, ол ауру адамды өз кәсібіне, не мамандығына тез оралту жолдары.

Сонымен реабилитацияның негізгі мақсаты:

1. Науқасты бұрынғы қалпына келтіру жолдары.

2. Қолданған емді үзбей пайдалануы.

3. Ауруға уақытша жеңілдік беретін шаралар.

Қатерлі ісік аурулары бар адамдардың 60-80%–ы реабилитациялық көмектің арқасында қайтадан еңбекке жарап, от басына оралады, бұрынғы мамандығы бойынша қызметін атқарады. Осыған қарағанда реабилитациялық шаралардың да берері мол, келешекте оған бұдан да артық үміт артуға болады. 

Дәріс қорытындысы:

1. Халыққа онкологиялық көмек көрсету жүйесі бұрынғы Кеңес дәуіріндегідей, бір жүйеде қалыптастырылған, ол көп салалы, дүние жүзі мойындаған кезең болғандығын мойындауымыз керек.

2. Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы пәрменді күрес пен онкологиялық жұмысты мақсатқа сай ұйымдастыру мен оларды жоғарғы дәрежеде емдеу, және де ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақтың онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты ашылғаннан басталады.

3. Қазақстандағы онкологиялық проблемаларды шешуге ат салысқан, онкологиялық кадрларды дайындаған Кеңес дәуіріндегі, әсіресе Мәскеу мен Петербордағы ғылыми-зерттеу институтарының еңбегінің зор болғанын ұмытпауымыз керек.

4. Онкологиялық жүйені қалыптастыруға негізгі ықпал ететіні, қатерлі ісіктің есеп-шоты, оны статистикалық және эпидемиологиялық талдау арқылы, басты бағытты межелеп, ғылыми-зерттеу жұмысын үлесімді жолға салып, республика аймақтарындағы шартты проблемаларды түбегейлі шешуге мүмкіндік береді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: