Емдеу шараларын жоспарлау 3 страница

5. Қатерлі ісік пайда болуына тигізетін сыртқы және ішкі себептерді анықтау және онымен күрес. 

6. Рак алды ауруларды, дер кезінде тауып, тиісті ем шараларын қолдану арқылы, қатерлі ісіктің пайда болуын азайту.

7. Қатерлі ісігі анықталған науқастарға жоғарғы дәрежелі, арнайы дәрігерлік көмек көрсетіп, оларға реабилитациялық шараларды жалғастырып, өмір сүру сапасын жақсарту,

8. Онкологиялық деонтологияның негізгі қағидаларын бұлжытпай орындау.

9. Онкологиялық кадр мен заманауи жабдықтармен онкологиялық мекемелерді қамтамасыз ету және де, мемлекеттік тілде онкология пәнінен стандарты жобаға сай оқулықтарды шығару бүгінгі заман талабы - деп түсіну керек.

10.  Соңғы жылдардағы мәлімет бойынша онкологиялық кадрмен республиканы қамтамасыз ету ең төменгі (0,24%оо) көрсеткішті көрсетеді.

№ 2 дәріс.

Қатерлі ісіктерді анықтау мен емдеу әдістері

Қатерлі ісіктердіі анықтау және емдеу қағидалары

Дәрістің жоспары:

1. Кіріспе.

2. Диагностикалық тәсілдердің жалпы қағидалары және түрлері.

3. Емдеу шараларын жоспарлау,

4. Емдеу әдістеріне сипаттама.

5. Дәріс қорытындысы.

Кіріспе. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХ1 ғасырдың басында, тәжірибелік және клиникалық жетістіктердің арқасында, онкологиялық ауруларды анықтау мен емдеу түбегейлі өзгеріске түсті.

Қазіргі кезде қатерлі ісікті анықтау мен емдеу ең күрделі мәселе.  Оның себебі аурудың дәрігерге кеш қайырылып, қатерлі ісіктің барын уақтында анықталмауында. Бұған дәлел қазіргі кезде дәрігерлердің диагноз қойудағы қателігі – 25-30% құрайды. Оның себебі мына төмендегі жағдайларды толық білмеуінен:

· қатерлі ісіктің табиғи биологиялық қасиеттерін және дертің ең алғашқы өсу кезеңдегі белгілерін,

· лиагностикалық тәсілдердің нәтижелерін бір-бірімен салыстыра алмай, негізгі қорытынды шығара алмауынан,

· қатерлі ісікті қабыну аурулармен шатастырып, ұзақ уақыт бақылап, диагностикалық әдістерді толық қолданбай, олармен ұзақ уақыт шұғылдануынан.

· онкологиялық күдіктің жалпы дәрігерлер арасында төмен болғандықтан және білім деңгейінің сапасыздығынан.

Диагностикалық тәсілдердің жалпы қағидалары және түрлері.

    Қатерлі ісікті анықтаудың негізі оларды дер кезінде және бастапқы сатысында дәлелдеп. Басқа аурулардан ажырата білу болып саналады. Медицинада кез келген ауруларға ерте диагноз қойу басты міндет, бұл жағдай онкологияға да өте қажет екенін ескеруіміз керек. Жалпы аурулар асқынған кезде де емделіп, жазылып кететін болса, мұндай жағдай қатерлі ісікпен ауырғандарға мүмкіндік тудырмайды. Қатерлі ісіктерді дер кезінде анықтау, олардың таралу мен түрлерінің ерекшеліктеріне байланыстылығында. Еркек мен әйелдердің қатерлі ісікке шалдығуы, салыстырмалы түрде бірдей болған мен, олардың аурушаңдық пен өлім-жітім көрсеткіштерінің құрамдық құрылысы бірдей емес. Еркектерде жиі кездесетін қатерлі ісік өкпе, асқазан мен тері болса, ал әйелдерде –сүт безі, асқазан мен жатыр мойын рагы. Міне бұларды дер кезінде және ерте анықтау жолдары әртүрлі, яғни бірдей емес. Әрине бұл көптеген қиындықтарды туғызады. Осыған байланысты еркектердің арасында қатерлі ісіктің соңғы сатысында анықталуы, әйелдердікіне қарағанда өте күрделі, Себебі еркектердің аурулары ішкі мүшелерде жиі орналасса, әйелдердікі сыртқы ағзаларда, көзбен көруге жататын мүшелерде кездеседі. Қатерлі ісіктерде жиі кездесетін себептер мыналар;

·  50 ден асқан адамдар арасында,

· жастар арасында өте қауіпті, әрі тез дамиды,

· ересектерде баяу дамиды,

· қарт адамдарда қатерлі ісікті анықтауға кедергі жасайтындар, бұлардың арасындағы жасына байланысты созылмалы аурудың болуы,

· адамдарда орта жас мезгілдерінің ұлғайуы,

· осы топтағы адамдар санының өсуі.

· клиникалық белгілердің адам мүшелерінде орналасуына байланыстығы,

· қатерлі ісіктің морфологиялық белгісіне,

· даму сатысына,

· өсу түріне (экзофитті, эндофитті, аралас),

· жергілікті және жалпы белгілердің болуына,

· гистологиялық жіктелуі мен даму түрінің ерекшелігіне,

· гистологиялық пісіп-жетілудәрежесіне байланысты, олардың ең төменгі сатысындағысының тез арада өскіш қабілеттілігіне қарай, науқастың өмір сүру болжамын анықтаудың қиындалуына,

· кейбір рактың өсу мерзімнің бағытын білу үшін тәжірибелік зерттеу мен клиникалық бақылау жұмыстарының мәліметтеріне, мысалы, оның:

· байланысты, өкпенің безді рагының 1 см көлемге дейін өсуіне орта есеппен 6-8 жыл, жайылмалы клеткалысына - 5-6, ал дербестелген түрінде 2-3 жыл кететінін ескеру,

· қатерлі ісік, өзінің алғашқы микроскопиялық, субмикроскопиялық және анатомиялық көлемі мен алғашқы даму кезеңінде байау өсіп, осы іс дамыған сайын, ісіктің өсу қарқыны жылдамдайтынын білу керек,

· шырышты қабат (эпителий) ішінде орналасқан рак, кейбір адамда өсіп, дамыған ісікке айналуы мүмкін де, ал кейбірінде – қалыпты жағдайда өмірінің соңына дейін немесе ұзақ жылдар бойы білінбей, одан әрі дамымай қалуын ескеру,

· қатерлі ісіктің өсуіне, иммунды жүйенің маңызы зор. Ол әлсірегенде қатерлі ісіктің өсуі жылдамдайды.

· сонымен қатерлі ісік өсе келе әрбір мүше мен ағзаның қызметтерінің бұзылуына әкеліп, олардың белгілері пайда бола бастайды. Белгілі бір клиникалық белгісі білінгенге дейінгі мерзім, ісіктің басталуынан бастап, адамды өлімге жеткізетін уақыттың ¼  бөлігін алатынын білу, немесе болжау,

· қатерлі ісіктің ең алғашқы сатысында емделсе 100 пайыздық нәтижеге жететіндікті білуі шарт.

· осыған байланысты біздер, қатерлі ісіктің кішігірім кезінде, яғни клиникалық белгісі пайда боларға дейінгі ракқа диагноз қойу жаңа жолдарын іздестіруіміз, немесе жетілдіруіміз қажет.

Енді ең алғашқы сатыдағы рак дегенге не жатады, соны білген жөн.

Олар:

· морфологиялық түрі - эпителий ішінде орналасқан рак (канцер ин ситу), белгісі жоқ кезең. оны клиникалық жолмен анықтауға болмайды, тек қана микроскопиялық зерттеумен дәлелденеді.

· клиникалық тұрғыда қарағанда, ең алғашқы рак, ол ағзаның тек шырышты қабатында орналасқан түрі есептеледі.

· ал, шырышты қабаттың астына қарай өткен рак, ол рактың алғашқы сатысына жатпайды, себебі бұларға радикалды емдеу әдісі қолданылса да, олардың жүз пайыздық жазылуына кепіл бола алмайды.

Сонымен, қазіргі онкологияның басты міндеті ол клиникалық белгіге дейін (доклинический), оның алдында пайда болатын ракты және де тек қана шырышты қабатта орналасқан ісікті, дер кезінде анықтау болып табылады.

Кейбір кезде, ағзадағы алғашқы рак көлемі кішкентай болғанымен, оның ең үлкен бөгелме ісігі (метастазы) пайда болып, сол орналасқан ағзаның зақымдануына жараса клиникалық белгісі білініп тұруы мүмкін. Мұндай жағдайлар өкпе рагында жиі кездесетінін ескерген жөн. Рактың ең алғашқы түрін дер кезінде анықтауды жетілдірудің, ең тиімді жолы ол онкологиялық жұмысты мақсатқа сай ұйымдастыру тәсілі. Бүл жұмыстың негізі - ел арасындағы, яғни сау адамдардың арасынан, рактың клиникаға дейінгі түрін анықтау жатады. Қатерлі ісіктің даму процессіне қарай онкологиялық жұмысты ұйымдастыру да әртүрлі болады. Сонымен клиникалық көз қараспен қарағанда, рактың дамуы үш кезеңнен тұрады деп бөлуге болады.

Олар:

· өспе алдындағы жағдай,

· клиникалық белгіге дейін, оның алдында пайда болатын кішкене рак,

· клиникалық белгісі бар рак, ол кезде ағзаның қызметі бұзылып, оған тән белгілердің пайда болуы.

    Көпшілік жағдайда, науқас адам рактың клиникалық белгілері айқын болған кезде ғана дәрігерге қайырылады, бірақ олардың көпшілігі рактың асқынған сатысында анықталғандықтан, оларға радикалды емді қолдануға мүмкіндік болмайды. Қазіргі кезде онкологиялық мекемеге алғаш рет тіркелгендердің тек 10-50 пайызына ғана радикалды ем қолдануға болатындығы мәлім, ал Қазақстандағы көрсеткіш 30-35 пайыз көлемінде (2007-09 ж.).

    Қатерлі ісікті анықтаудағы, әсіресе оның өспе алдындағы жағдайдағы кезеңін табу үшін мына негізгі екі ұйымдастыру іс-әрекеті жасалуы тиіс.

· біріншіден - әрбір анықталған созылмалы ауруды, дәрігер дұрыс бағалап, олардың арасынан рак алды ауруларды жіктеп, диспансерлік есепке алып, емдеу.

· екіншіден - әрбір мүше мен ағзаға байланысты, ел арасында ракты анықтау үшін, оларға алдын ала тексеру тәсілін жүйелі ұйымдастырып, созылмалы ауруларды, оның ішіндегі «қауіп-қатерлі» топтарға жататын және өспе алдындағы жағдайлары бар науқасты да анықтау.

    Осы көрсетілген алдын ала тексеру тәсілдері қазіргі кездегі ең тиімді онкологиялық жұмысты ұйымдастыру ісінің бірі болып саналады. Бұл жұмыстың тиімділігі ел арасындағы ұйымдастырылмаған (60 жастан асқан) топты тексеру болып есептеледі. Жалпы клиникалық тәсілдер тиімсіз келеді, сондықтан алдын ала тексеру кезінде, рактың алғашқы сатысында, оны ерте анықтауда арнайы тексеру әдістерді қолдану керек.

Олар;

·  өкпе рагында – флюорография,

· жатыр мойынының рагында – цитологиялық зерттеулер,

·  асқазан рагында – фиброгастроскопия,

· сүт безінің рагында – клиникалық тексеру мен маммография және УДЗ

Халық расында осы тәсілдерді кеңінен қолдануға кедергі болатын жайлар:

· арнайы тексеретін аспап-саймандардың, қондырғылардың, аппараттар мен зертханалардың жетіспеушілігі,

· нәтижелі тексеруді жүзеге асыруға жоғарғы дәрежелі мамандардың жетіспеушілігі,

·  осы жұмыстарды жүргізу кезінде, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-тәжірибелік негізде ұйымдастыру шараларының аздығы, рактың ең алдынғы сатысында анықтаудағы іс-әрекеттердің орындалмау және іске асыру кезіндегі аудандық онкологиялық жұмыстың қуатсыздығы-шарасыздығы.

    Осы кезге дейін, халықты алдын ала тексеру тәсілі кең жүргізілген мен оның нәтижелік көрсеткіштері төмен болды.

     Оның себебі:

1. Ел арасында бұл жұмыс, ұйымдастырылған топ ішінде, яғни жұмысқа жарамды адамдар арасында жүргізілді,

2. Тексеру кезінде тексерілетін адамдардың жас пен жыныс ерекшеліктері ескерілмеді,

3. Алдын ала тексерген кезде, олардың 1/3 бөлігі 30 жастан төменгі топтар болды, бұлардың арасында қатерлі ісіктің пайда болу және даму мүмкіншілігі өте сирек.

4. Жыл сайын тексеру кезінде біркелкі тексерілетін топтар бірнеше рет қайталанып отырды, осылайша қатерлі ісікті табу мен анықтау көрсеткіші алғашқыда жоғарлай берді де, кейіннен - жыл сайын азая бастады,

5. Аудандық медициналық мекемелерде, тексеру кезінде қолданылатын күрделі аспаптар жетіспеді (эндоскоптар, УДЗ, маммографтар, цитологиялық зерттеуге керекті құрал жабдықтар т.б.),

6. Облыстық онкодиспансерлер әлі де қуатсыз, елді алдын ала тексеруге қатынасатын білікті мамандар мен диагноз қоя алатын жылжымалы диагностикалық қондырғылары жеткіліксіз,

7. Нақтылы экономикалық бағытқа байланысты әрбір мүше мен ағзаларды тексеру төлем ақылы жүргізілетіндіктен халықтың өз бетінше келіп тексеру үлесі әлеуметтік жағдайына байланысты өте төмендеді, Бүл жерде тек ауру адам ғана мәжбүрлі болған соң ғана тексерілуде,

    Қатерлі ісікті ерте, дер кезінде клиникалық белгі пайда болар алдында диагноз қойу медициналық қызметкерлердің негізгі басты мақсаты.

    Елді жалпы алдын ала тексеру тәсілінің тиімділігі, мына төмендегі көзбен көріп, қолмен сипап, диагноз қойалатын сыртқы аумақтағы мүшелер де жоғары келеді, соларға жататындар:

· тері. (95,8%- 2007 жылғы мәлімет)

· лимфа жүйесі, (42,8%)

· төменгі ерін, (89,4%)

· ауыз қуысы, (48,9%)

· қалқанша безі (68,7%),

· сүт безі, (66,4%)

· жатыр мойыны, (66,7%)

· тік ішек (42,3%)

    Осы көрсетілген қатерлі ісік түрлері, Қазақстандағы жалпы қатерлі ісіктің 1/3 бөлігінен астамын құрайды. Қатерлі ісікті анықтау кезінде, жемісті нәтижеге жету үшін Б.Е. Петерсонның тұжырымдамасын орындаған жөн:

1- әрбір адамды тексергенде, онда рак болуы мүмкін деген күдікті есте сақтау,

2- ауру туралы сыртартпасын сұрау кезінде, жан-жақты толық мәлімет жинау,

3- қатерлі ісік пен оған күдікті адамдарды онкологиялық емханаға жіберіп, оларды жан-жақты мамандандырылған және диагностикалық аспаптармен, құралдармен толық қамтамасыз етілген орталықтарда тексерілуін қадағалау,

4- жалпы емдеу орындарына қаралуға келген барлық адамдарға, онкологиялық алдын ала тексерудің керек екендігін түсіндіріп, орындау,

5- қатерлі ісікті анықтау кезінде, олардың ауытқуы не асқынған түрлері кездесетіндігін естен шығармау.

    Осы аталған қағидалық тұжырымдарды орындау кезінде «онкологиялық күдік» (А.И. Савицский, 1948) ұғымын естен шығармау керек. Осылар жүйелі түрде орындалғанда, қатерлі ісікті ерте, дер кезінде, алғашқы сатысында анықтау мүмкіншілігі жоғарлайды.

    Әрбір ауру адамды, әсіресе онкологиялық науқасты тексеру белгілі бір жүйемен жүргізілуі керек.

Олар:

1- тексерудің жүйелігі. Диагноз қою үшін ауруға қатынасты барлық керекті мәліметтерді, белгілі бір жүйеде біртіндеп, салалы түрде ешбір бөлшегін қалдырмай жүргізу керек,

2- ауру белгісін жан-жақты терең білу. Бүл жағдай ауруға диагноз қояр кезде, қателіктердің кетпеуіне негіз болады. Сонымен аурудың белгілерін толық білмей, оларды өзара ажырату мүмкін емес.

3- онкологиялық аурудың сыртартқысы. Дәрігер өзінің тәжірибесіне сүйене және ауруды сұрай отырып, өзінің ауру туралы сезімін нақты тианақтау.

Қатерлі ісікті анықтау жолдары:

    Шағымы мен сыртартқысы. Қатерлі ісіктің алғашқы (1-П) сатысында  ауырған адам ешқашан ауырсыну туралы белгіге шағымданбайды, өзін аурумын деп санамайды. Ауру белгісі ұлғая басталар алдында олар мыналарға шағымданады:

· тым шаршағыштығына,

· ұйқысыраулығына,

· айналасындағы өзгеріске немқұраушылығына,

· бұрын қызықтырушы істерге салбыртануына,

· жұмыскершілігінің (іскерлігінің) төмендеуіне.

· зақымданған ағзадағы ерекше бір қолайсыздық (дискамфорт) сезім мен аурсынуды байқауы,

· физиологиялық қажеттіліктерден қанағаттанушылықты сезбеуі,

· тағамға тәбетінің бұзылып не жоғалуы,

· қандай да бір бөгде заттың болуын сезіп, оның ауыртпалығы мен сығымдап қысуын байқауы,

    Бұл белгілер А.И. Савицскийдің қатерлі ісіктің «шағын синдром белгілері»- немесе «жайсыздық синдромы» деген ұғымға топталады.

Науқастың сыртартқысын жинау кезде, мыналарға көңіл бөлу керек:

1. Лоқсу,

2. Күтпеген жерде, себепсіз құсу,

3. Тағамның түйіліп өтуі,

4. Қан аралас қақырықты жөтел,

5. Қынаптан қан кетуі,

6. Қан сиуі,

7. Нәжісінде қан мен сірненің болуы,

    Осы көрсетілген белгілерге шағымданса, ол адамның қатерлі ісікке шалдыққандығын білдіреді. Сонымен патологиялық шығындылар, әсіресе қан кету, қатерлі ісіктің басты (әрине алғашқы белгісі емес) белгісі болып саналады. Олардың бірқалыпты үдемелі өзгеруі тек қана онкологиялық ауруға тәндігін білдіреді. Ендігі бір маңызды мәселе науқастың кәсіптік өмір жолы туралы сыртартпасы.

Олар.

1.  Науқастың кәсіптік жағымсыз заттармен қатынастығы,

2. Кәсіптік жағымсыз заттар, көп жылдар өткен соң әсер етіп, қатерлі ісіктің дамуына ықпал жасауы,

3.  Науқастың өмір жолымен, оның жағымсыз әдеттерін ескеру керек,

4. Сонымен бірге тұқым қуалаушылық факторларды ескеру.

Осы аты аталғандарды толық жүйелі жинағаннан кейін келесі кезең - объективті тексеруді жүргіземіз. 

    2. Объективті тексеру. Науқасты қарап көру кезінде, оның бет-әлпетінің сарғыштанып, терісінің бозданып, сұрғылттанып,, құрғақ болуын анықтауға болады.

    Зақымданған мүше мен ағзаны тексерер алдында, оларды көріп-қарау арқылы жүргізіледі. Теріде орналасқан ісікті, көріп-қарау арқылы толық анықтауға болады. Бүл кезде аймақтық лимфа бездеріне де көңіл аударған жөн.

    Сыйпап қарау. Онкологиялық ауруларды сипап көргенде, ісікті анықтап, оның орналасқан жерін, көлемін, шекарасын - айналасына қатынасын, бет-пішінін, жұмсақ - тығыздығын, бүлкілдеуін және аурсынуын, оған қоса аймақтық лимфа бездерінің өзгерісін анықтауға болады. Саусақпен қарауда тиімді, сондықтан, барлық әйелдерді қос саусақпен тексеру міндетті болып саналады. Жалпы клиникалық тексеруде науқасты тыңдау мен түрту әдістері де қолданылады.

    Зертханалық тексеру жолдары. Көбінде қан мен зәр және патологиялық шығындыларды зерттейді.

    Қатерлі ісікке диагноз қою үшін: рентгендік, морфологиялық, эндоскопиялық және радиоизопты әдістерді кең қолданады.

    Биопсия - тін кесінділерін зерттеу, ол ең негізгі, шешуші диагностикалық әдіске жатады. Тері меланомасында, оны тесіп не кесіп биопсия алуға болмайды, үйткені ісік тез асқынып, метастаз береді.

Биопсияның түрлері:

1. Инемен тесіп не сорып алу (пункционная),

2. Ісіктің шетін кесіп не шымшып алу (инцизионная)

3. ісіктің шетін ойып алу (эксцизионная),

4.  ісікті толық алу (тотальная).

5. Қуыс мүшелер мен ағзалардан жуынды алу (экфолиативная),

6.  Беткей орналасқан ісіктен, не оның бетінен жақпа алу (цитологиялық зерттеуге, меланомада).

    Рентген сәулесімен тексеру. Кез келген мүшелермен ағзаларда пайда болған қатерлі ісіктерді рентген сәулесімен анықтауға болады. Бұл әдіспен:

1. Ісіктің нақты орналасуын,

2. Оның сыртқы пішінін,

3. Кескінін,

4. Көлемін,

5. Айналасындағы ағзамен қарым-қатынасын,

6. Аймақтық және алшақтық лимфа бездеріндегі бөгелме (метастаз) ісіктерді,

7. Операциядан басқа ем қолданғанда, ісіктің динамикалық өзгеруін, анықтауға болады.

Рентген сәулелерін қолданудың жолдары:

1. Томография, компьютерлік томография – мүшелер мен ағзаларды әр түрлі тереңдіктегі көрінісін анықтау,

2. Пневмомедиастинография – кеуде қуысы аралығына ауа жіберіп, кеңірдек, өңеш, қолқа, лимфа бездерін тексеру,

3. Бронхография - өкпеге контрасты затты енгізіп тексеру,

4. Рентгенокимография - әртүрлі ағзалардың тербелісті қозғалыстарын жазып алу,

5. Ангио-лимфография– қан тамыры мен лимфа жүйесіне контрасты затты енгізу арқылы тексеру.

    Эндоскопиялық тексеру. Арнайы оптикалық аспаппен ішкі ағзаларды көру және биопсия алу.

Түрлері:

1. Ларингоскопия – ауыз қуысы мен көмейді көру,

2. Эзофагоскопия - өңешті көру,

3. Гастроскопия- асқазанды көру,

4. Дуоденоскопия – 12 елі ішекті көру,

5. Колоноскопия – тоқ ішекті көру,

6. Цистоскопия – қуықты тексеру,

7. Лапороскопия – іш қуысын тексеру,

8. Торокоскопия - өкпе қаптарын тексеру,

9. Бронхоскопия – бронхтарды тексеру,

10. Ректоскопия – тік ішекті көру,

    Радиоизопты тексеру. Қан тамыр не лимфа жүйесі арқылы ағзаларға әртүрлі радиоактивті препараттарды енгізу арқылы тексеру. Радиоактивті зат шығаратын сәулені сканер арқылы анықтап, нәтижесін сцинтиграмма арқылы аламыз. Радиоактивті зат белгілі бір жерге жиналса, ол позитивті, ал аз болса негативті сцинтиграфия деп аталады. Осы мақсатта. радиоактивті 32-фосфор, 99- технеций, 67- гелий цитраты, 197- хлорлы сынап, 75- селенметионин, 131-иод, 198- коллоидты алтын т.б. препараттар қолданылады.

    Диагностикалық операция қатерлі ісікті анықтауда, кейбір кезде диагноз қоюға қыйындық болғанда, жоғарыда көрсетілген анықтау тәсілдері күмәнді, не мүмкіндік болмағанда жасалады, ол көбінде лапаротомия мен торокотомия. Бұл тәсіл мыналарды анықтау үшін пайдаланады:

1. Ісіктің қатерлі не қатерсіз екенін (гамартома, туберкулема),

2. Қатерлі ісікті емдеудің тиімді әдістерін жоспарлауда.

3. Қатерлі ісіктің бөгелме өсінділерінен биопсия, не оны сылып алуда.

Әрбір адамдағы қатерлі ісікті анықтау екі кезеңнен тұрады.

1- қатерлі ісік пайда болған мүшелер мен ағзаларды анықтап, оның даму сатысын болжап, тиісті ауруханаға жолдама беру (арнайы медициналық ұжымдар).

2- клиникалық тұрғыдан нақты диагноз қойып, оған тиімді емдеу әдістерін жоспарлау (онкодиспансер, институт, хирургиялық клиникалар), ал ол үшін:

· мүше мен ағзадағы ісіктің негізгі орналасуын анықтау,

· ісіктің өсу бағытын білу (сыртқа, ішке, аралас түрлері),

· қатерлі ісіктің морфологиялық құрылысы мен даму дәрежесін, клеткаларының жетілуін анықтау,

· қатерлі ісіктің таралу сатысын анықтау (1-1У сатысы),

· науқастың ең негізі мүшелері мен ағзасындағы созылмалы ауруын анықтау,

    Әрбір адамдағы қатерлі ісікті анықтау екі кезеңнен тұрады.

1- қатерлі ісік пайда болған мүшелер мен ағзаларды анықтап, оның даму сатысын болжап, ауруды жедел түрде ауруханаға жолдама беру (жалпы медициналық ұжымдар),

2- науқасқа арнайы жаңа тексеру тәсілдерін қолданып, клиникалық нақты диагноз койып, оған тиімді емдеу әдісін жоспарлау (онкодиспансер, институт, хирургиялық клиника).

Соңғы кезеңде орындалатын шарттар:

1- ісіктің негізгі орналасқан жерін анықтау,

2- ісіктің өсу бағытын білу (сыртқа, ішке және аралас),

3- ісіктің морфологиялық құрылысы мен оның даму дәрежесін және клеткаларының пісіп жетілу қарқынын анықтау,


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: