Емдеу шараларын жоспарлау 6 страница

4. Рилизинг гормондары, яғни агонистер (мишық деңгейіне тікелей әсерін тигізіп, тропты гормондардың өндірілуін тоқтататындар).

Антиэстрогендер (тамоксифен, торемифен, ралоксифен) және антиандрогендер (касодекс, флутамид) ісік клеткасындағы рецептормен байланысып, эстрогендер мен андрогендердің ісікке деген жағымсыз әсерін, олардың мөлшерін төмендету арқылы бәсеңдетеді.

Ароматоза реакциясы - деп цитохром Р-450 ферментінің жұмсақ тін дерде (бұлшық еттердегі) андрогендерді эстрогендерге айналдыруын айтады. Егер осы ферментті тежесе, онда ароматаза реакциясы тежеліп, андрогендерден эстроген аз шығады. Эстроген неғұрлым азайса, осы гормонға байланысты ісіктерде, қолданылатын  дәрілердің емдік  қасиеті жоғарлайды. Егде жастағы және жас әйелдерде эстроген өндіретін аналық жыныс безі сылынғанмен, ағзада кетостероидтар (эстрогендер) бүйрек үсті безінен, немесе ароматоза реакциясы арқылы жұмсақ тіндерден  шыға бастайды, міне осыларды басу үшін ароматаза реакциясын бәсеңдету қажет. Осы мақсатпен аримедекс, фемара, экземестанқолданады.

Тропты гормондарды (гонадотропиндер – ФСГ, ЛГ) тежеу үшін золодекс, бусерелин пайдаланады. Бұларды гонадотропин-рилизинг гормондар дейді. Қалыпты жағдайда гипоталамустан (таламус асты) кіші миға (мишыққа) импульс берілу арқылы, мишықтан тропты гормондар шығады, ал кейінгілер эстроген мен андрогендердің өнуіне себеп болады. Егер мишықтағы гормон рецептор тежелсе, онда тропты гормондар шықпайды, жоғарыда аты аталған дәрілер (золодекс, бусерелгин) мишық деңгейінде рецепторлармен байланысып, тропты гормонның тежелуіне әкеледі.

Қуық асты без рагында антиандрогендер емдік қасиет көрсетеді. Олар стероидты ( андокур ) және стероидты емес ( касодекс флутамид, анандрон ) болып екіге бөлінеді.

Тамоксифен (зитазониум, нолвадекс) ең негізгі  эстрогенге  қарсы (антиэстрогенді) препарат. Оны 1963 жылы A.Walpol жүктіліктен сақтандырғыш дәрі ретінде шығарды.Ол эстроген рецепторларымен байланысып, оларды реакцияға 50-70% жағдайда қатыстырмай қояды. Ісік тамырларының өсуін тоқтатады. Апоптоз (клеткалардың  табиғи өлуін) реакциясын тездетеді.

Тәжірибеде  тамоксифен, эстроген рецепторы оңды болып келгенде қолданады және ол туралы белгісіз болған жағдайларда да тиімді.

Дәрінің қолайсыз белгілері – етеккір тоқталып, немесе өзгеріп, қынапта қан көрініп, дене ысынуы, қан ұю үрдісі жеделдетіліп, ұйыған қан түйіршігі қан арқылы басқа мүшелерге таралуы (тромбоэмболия) мүмкін.

Жатыр эндометриясында рак ауруына ұшырау мүмкіншілігі тездетіледі, бірақ жүрек жеткіліксіздігінен болған өлімдерді кемітеді. Түймедақ ретінде шығарылып (10 не 20 мг) қолданылады. 5 жылға жуық мерзімде пайдаланылады.

Ралоксифен – эстрогенге қарсы қолданатын дәрі, көбінде, әйелдердің сүйектері, буындары ауырғанда қолданады. Егде жастағы әйелдерде 70% жағдайда сүт безінің рагынан сақтандырады. Тамоксифен сияқты эндометрий рагын болдырмайды. Түймедақ түрінде 60 мг-нан бір рет, немесе 2 рет тәулігіне қолданады.

Касодекс – андрогенге қарсы стероидты емес препарат. Асқыну аз кездеседі. Түймедағы 50мг, тәулігіне бір реттен пайдаланады.

Флютамид – андрогенге қарсы қолданатын стероидты дәрі. Қуық асты бездегі ракта шипалы, кейде ол жүректі айнытады, денені қыздырады; іш өтуі мүмкін. 250 мг-ды түймедағы күніне 3 реттен ұсынылады.

Экземестан (аромазин) – екінші буындағы ароматазаны тежейтін стероидты препарат. Тамоксифенге қарағанда жеңіл, шипалы қасиеті өте жоғары (25 мг-нан тәулігіне бір реттен қолданады). Менопауза жасындағы аурудың ароматазасымен байланып, андрогендерді эндрогендерге айналдырмайды, ісік  тоқталып, ұзақ уақыттың ішінде қайтадан қозбайды.

Гонадотропты гормондарды ароматаза арқылы тежейтін гормондардың ішінен тәжірибеде  жиі қолданыста болатындары золодекс, бусерелин. Олардың сирек пайдаланудың себебі– үнемі ағзада артық мөлшерде болуы керек. Бұлай тұрақты етіп сақтау өте қиын, әрі медицина қызметкерлеріне қолайсыз келеді. Сондықтан стероидты түрін стероидты емес түрлерімен қосарландырып қолданса, онда гормондардың емдік қасиеті жоғарлайды. Осындай тәсілмен андрогендерді, эстрогендерді тежеуге болады. Осы тәсіл қуық асты бездегі ракта кеңінен қолданылады, мұны «максималды андрогендік бөгеу  (блокада)» - МАБ дейді. Көрсетілген әдіс «алтын стандарт» ретінде онкологияда мәлім.

Қалған гормондардың ішінде прогестиндер, эстрогендер және андрогендер жеке дара әдіс ретінде сирек пайдаланылады. Дегенмен арнайы жағдайларда, әсіресе, ісік асқынғанда, басқа гормондар әсер етпесе т.б., оларды қолдануға болады.

Сонымен, қатерлі ісіктердің барлығында емес, тек сүт, қуық асты бездердегі, жатырдағы рак ауруларында гормондарды  хирургиялық емнен кейін, не оның алдында қолдануға болады. Жеке дара гормонды әдіс онкологияда пайдаланбайды.

Гормондық емнің химиотерапиядан айырмашылығы

1.Гормонды әдіс, химиотерапия сияқты бірнеше курстан тұрмайды. Оны үзіліссіз ұзақ уақыт беріп, тек ісіктің асқынуы кезінде тоқтатады. Емдік мақсатпен бұл тәсіл азында 12-18 ай жүргізіледі, ал сақтандыру шарасы ретінде 5 жыл бойы сүт бездеріндегі ісікте қолданылады.

2.Химиотерапиялық дәрілерге қарағанда гормондар жеңіл жүреді, бұлардың уыттық қасиеттері едәуір төмен, бауырдың, бүйректің, жүрек-қантамырларының қызметтері тікелей тежелмейді. Жұқпалы ауру туғызбайды; құсық, жүрек айну, шаш түсу мүлдем болмайды.

3.Гормон дәрілері денені ысытып, қынапты құрғатып, терілерде бөртпелер, қышымалар пайда болып, ал алғашқы кездерде сүйек, буындарды ауыртуы мүмкін. Тек, жыныстық қатынас қызметі нашарлайды, бірақта  негізгі мүшелердің (жүрек, бауыр, бүйрек т.б.) жұмысына тікелей зиянды ықпалын тигізбейді.

Қатерлі ісіктің биологиялық емі

Қатерлі ісіктердің пайда болу, өніп-өсу, даму үрдістеріне ағзаның рөлі өте зор. Бұл үрдіс ісік ауруына қоректік затпен қатар, гормондар және цитокиндерді әкеледі.

Цитокиндер - деп салмағы өте аз (<50 мм/к), төменгі молекулалары, суға ерігіш белок қоспаларын айтады. Қазіргі таңда осындай 300 молекулалар белгілі. Бұлар жүйке, иммунды және ішкі секретті бездердің клеткаларымен тығыз қарым-қатынаста болып, тек ағзаның өзіне тән емес, басқа өгей клеткалармен  кездескенде пайда болады..

Цитокиндердің ісікке және вирустарға қарсы қасиеттері бар, олар иммундық жүйенің белсенділігін күшейтеді.

Цитокиндер биологиялық затқа жатады. Олар ісікті жояды, немесе ісік клеткасының туғызған қолайсыз үрдістерін қайтадан қалыпты жағдайға келтіреді. Мұны биологиялық ем деп айтады. Биопрепараттар тікелей клеткаға  әсерін тигізіп, оның дамылсыз өсуіне, қан-тамырларын жойу арқылы ықпал жасайды. Химиопрепараттарға қарағанда биопрепараттардың көптеген жағымды әсерлері бар.

Олар:

· шипалы қасиеттері жоғары, тек ісік клеткасына ғана бағытталған,

· уытты  қасиеттері және асқыну жүйелігі өте төмен,

· емдік әсері ұзағырақ келеді,

· оларды өндіру арзанға түседі.

Қазіргі кезде, онкологияда биопрепараттардан - интерлейкиндер, интерферондар, моноклональді антителалар, клетка жиынтығын қоздыратын заттар қолданады.

Интерлейкиндер. Интерлейкин-2, лимфоциттерден өндіріліп,  иммундық жүйеге жан-жақты қоздырғыш әсерін тигізеді. Интерлейкин-2-нің, Ресейде-ронколейкин,  ал АҚШ-пен Европада – пролейкин деген дәрісі қолданады.

Ронколейкин гендік инженерия арқылы нан ашытқысы– Saccharomyces cerevisiae-ның гендік құрамына, ИЛ-2 деген адамның генін кіргізуден кейін пайда болған дәрі.

Ронколейкин асқынған іріңдікте, қабынуларда, жұқпалы ауруларда, ауыр жарақаттанғанда, оқ тигенде пайдаланады. Қатерлі ісіктерде, оның клеткаларына тікелей зиянды әрекет жасап, ұзақ уақыт ауруды қоздырмайды. Бүйрек, қуық рактарында, меланомада құнды дәрі болып саналады. Оның шипалы қасиеті, тоқ және тік ішектегі, ми дағы, лимфа бездеріндегі т.б. бөгелме ісіктерде анықталған. Интерферон-α-ны,   ісікке қарсы дәрілермен қосарланып қолданса, белсенділігі едәуір күшейеді. Жеңіл қабынады, асқыну аз болады, кейде тұмау қозу мүмкін.

Интерферон, белок – протеин, бөгде антигенге төзімділікті күшейтеді, ал оларға бөгде антиген әсерін тигізсе (вирустардың, микробтардың, ісіктердің), сонда ол  қан және сүйек миларының клеткаларынан  өнеді.

Онкологияда α-интерферон жиі қолданады. Роферон (α2), интерферон (α) және интрон (α2V – интерферон) миелоидты лейкозда, Капоши саркомасында, төменгі дәрежедегі В-клеткалы лимфомада өте шипалы келеді. Бүйрек, қуық, тік ішек рактарында және меланомада, олардың пәрменділігі қазір толық дәлелденгендіктен, жиі қолданылады. Көбінесе осы ісіктерде, ісікке қарсы дәрілермен қосарланып қолданылады, ал енді бүйрек рагында интерлейкинмен сабақтас ұсынылады. Асқынулардан тұмаудың клиникалық белгірері: дене қызуы, сүйек-буындарда ауырсыну сезімі болуы мүмкін.

Моноклональді антителалар (МКА) – деп, тек белгілі бір антигенге қарсы іс-әрекеті бар заттарды айтады. Соның ішінде қатерлі ісік те ағзаға мүлдем бөгде тін боп саналады. Мұның өзінше полисахаридті, немесе белокты антигені болады. Ағзада бұларға қарсы антителалар пайда болады, бірақ олардың ісік клеткаларына  қарсылығы жеткіліксіз келеді. Сондықтан қолдан, жасанды түрде антителаларды өндіру қажет. Міне, осы мақсатпен тышқандардан тәжірибе жүзінде, ісік алып (плазмоситома), оны адам ағзасының клеткасымен қосып (гибридомды технология) антитела өндіреді.

Ісікке қарсы іс-әрекет. МКА-ның ісік клеткасына  қарсы іс-әрекеттері әлі осы күнге шейін толық зерттелмеген. Бірақ, оның  бір жағы белгілі, ол иммунологиялық жүйені қалыптастырып қана қоймай, онкоген рецепторларын істен шығарады, сөйтіп ешқандай реакция ісік клеткасына  бармай, ісікті қоздырғыш гормонды, иммунды ықпалды үзіп тастайды. Химиопрепараттардан ерекше айырмашылығы, сау клеткаларға ешқандай зияндығын тигізбейді.

Клиникалық онкологияда МКА ісік клеткаларын радио изотоппен байланысып барып, тікелей өлтіреді, немесе ағзадағы алмасу үрдісінен пайда болған және ісіктің өзінен пайда болған  уыттарды  жояды, сөйтіп адамға деген көптеген жеңілдік туғызады.

МКА тек ісік клеткаларының антигенімен байланысып, оны жойып,. басқа жеріне ол ешқандай әсер етпейді.

Қазіргі таңда, МКА-ның мынандай түрлері қолданыста:

· герцептин (трастузумаб),

· мабтер (ритускимаб),

· эдреколомаб (панорекс).

1. Герцептин (трастузумаб), Her-2 neu онкогеніне қарсы қолданатын МКА. Бұл онкоген (антиген) сүт безі рагымен ауырғандардың 25-30%-ынан табылады және ол ісіктің  өте қатерлі екенін көрсетеді. Мұндай ісік гормонға да, химиотерапияға да төзімді келеді. Герцептинді қолданса ем пәрменді жүреді, ал ол химиопрепараттармен қосарланса, онда ем тіпті шипалы болады. Асқыну аз байқалады, тек, сәл дене қызуы және жүрек қызметінің жеткіліксіздігі мүмкін (эхокардиография міндетті түрде қолдануы керек). Егер жүрек-қан ақауы байқалса препаратты қолданыстан алып тастау керек.

2. Мабтер (ритускимаб) – лимфа бездерінен шыққан ісік антигеніне (СД2) қарсы шығарылған антитела. Ходжкин лимфомдары еместе және созылмалы лимфолейкозда табылмайтын дәрі. Бірінші енгізілгенде ақ, дене қызуы көтеріліп, бас ауырады, жүрек айнып құсық келеді. Сирек жағдайда жөтел болып, теріде қышыма көрініс табылуы мүмкін. Бұл асқынулар емханалық жағдайдың өзінде-ақ кетіп қалады, арнайы емді қажет етпейді.

3. Эдреколомаб (панорекс)- тышқан ісіктерінен алынған антитела,  тоқ ішек қатерлі ісігінде өте шипалы келеді, әсіресе, оның безді рак түрінде (17-1А антигеніне қарсы) жоғары емдік әсері бар. Аурулардың үштен бірінде 5-7 жылға дейін дерт қозбайды. Химиотерапияға қарағанда науқас оны жеңіл көтереді, асқынулар байқалмайды.

Ісікке қарсы қолданылатын вакциналар

Көп жылдар аралығында бірнеше елдерде ісікке қарсы вакцина туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізілуде; кейбір ауруларда (меланомада) олардың жағымды қасиеттері сезілуде (дерттің қайталануы байқалмайды). Вакциналар ісікке қарсы қолданатын дәрілерге қарағанда уыттық қасиеті жоқ. Бірақта, өкінішке орай клиникалық тәжірибеде олардың қолдануы сирек, оның технологиясы әлі толық зерттелінбегеннен.

Ісікке қарсы лазерлік және фотодинамикалық емдер

Сәуле шоқтарының ішінде, лазерлік сәуле тек біртектес (моно хромды) электромагнитті толқын, ол бір бағытта қолданады. Егер оның күші жоғары келсе, онда ол ұлпа мен тіндерді бұзады, талқандайды, ал егер төмен болса, онда ұлпадағы сумен басқа иондардың байланысын бұзып, молекулалық деңгейде өзгерістер туғызады. Сәуленің осы қасиеттері онкологияда диагностикалық және емдік мақсатта пайдаланылады. Емдік ниетте лазер жеке қолданылуы мүмкін (хирургиялық операциялар) немесе қосарланып кешенді тәсіл ретінде.

Төменгі қуатты  лазер сәулесі магнитті өрісте фотосенсибилизатормен қосарланса, онда тәсілдің емдік қасиеті едәуір жоғарылайды (магнитті лазер емі).

Ісікке қарсы  фотодинамикалық ем

Сәулеге өте сезімтал химиялық заттарды фотосенсибилизатор дейді. Бұлар сәуле шоқтарының бәрін бірдей сіңірмейді тек, сәуленің бір деңгейдегі толқынын жұтып, лазер сәулесін, содан кейін түсін өзгертеді (сәуле шығарады).

Фотосенсибилизаторлы қасиеті бар затты адам денесіне тамыр арқылы енгізеді. Ол зат ісік клеткасымен қосылып, оның бойында ұсталады, сіңіріледі. Енді оған лазер сәулесін түсірсе, жаңағы сіңген химиялық зат сәуле шоқтарының салдарынан, белсенді оттегі, радикалдар пайда болады да, кейінгілер ісік клеткасының  өніп-өсуіне едәуір кедергі жасап, ісікті бұза бастайды.  

Фотосенсибилизаторлы заттар,  ісік тінінде көпке дейін ұсталып, тоқталады,  ал сау клеткаларда  мұндай қасиет болмайды да, олардан тез арада ажырап  кетеді. Міне, осыны ескеріп, лазер сәулесін ісікке түсірсе, онда емдік нәтиже нақты білінеді, әрі сау клеткалар  аз зақымданады.

Магнитті-лазерлік емнің қуысты мүшелерде нәтиже көрсеткіштері басымырақ келеді, сондықтан да бұл тәсіл кеңірдек, өңеш, асқазан мен ішек және қуық ісіктерінде жиі қолданады.

Ісікке қарсы  фотосенсибилизаторларды қолдану

Порфорин негізінде, фото сенсибилизаторлар көп өндіріледі; солардың ішінде гематопорфириннің белсенділігі өте жоғары. Осылар - Ресейде фотогем, Канадада, АҚШ-та фотофрин, Германияда - фотосан деген атпен шықты. Олардың уыттық қасиеті едәуір төмен, адамға зияндық әкелмейді. Клиникалық сынақтан фотогем және фотофрин толығынан қазір өтті және қолдануға рұқсат берілді.

Ресейде фотосенс  клиникалық онкологияда қолдана бастады.

Лазерлік сәуле көздері, қазір жиі қолданып жүрген лазерлі қондырғылардың көбісі алтын буынан өткізіледі. Осындай аспаптың бір түрін «Ауран» (Аргон) дейді.  Қазіргі кезде бөлме ішінде де пайдалынатын кішкене көлемді лазерлі аппарат «Кристалл» бар. Бұларда жоғарғы энергиялық «газоразрядты» және «светодиодты» лампалар орнатылған.

Емдеу әдісі.

1. Лазерге түспестен 2-3 күн бұрын, көк тамыр арқылы науқасқа  фото сенсибилизатор енгізеді.

2. Лазер 15-20 минутқа созылады.

3. Кейде, тіпті, бір-ақ сәуле шоқтарын берсе де жеткілікті болады. (аурулардың көбісі емханалық жағдайда емделінеді).

4. Егер ісік кішіреймесе, онда тағыда емді қайталауға болады. (1-1,5 айдан кейін.).

5. Жалпы лазер сәулесі тері, ерін, ауыз қуысындағы, көмей, өкпе, қуық, асқазан мен ішек және әйелдер жыныс мүшелеріндегі рак ауруында қолданады.

6.  Егер хирургиялық, химио-сәуле әдістері қолданбаса, онда, ісік ерін рагында  бұл тәсіл өте тиімді. Әсіресе, ісік  қайтадан қозса, теріде бөгелме ісіктер таралса.

7. Қуысты мүшелерді қайтадан қалпына келтіру мақсатында емнің пайдасы зор.

8. Косметикалық операцияларда табылмайтын тәсіл.

Фотодинамикалық әдістің  артықшылығы мен кемшілігі

Артықшылығы

· өте арзан, әрі жеңіл жүреді,

· ауырсыну сезімін туғызбайды,

· асқынулар аз болады,

· пайдаланған аурулардың тең жартысында емдік нәтиже алынады.

Лазер сәулесі 3-см ден артық жерге өте алмайды, сондықтан ол беткей орналасқан ісіктерде қолданады.

Кемістігі:

· жарық сәулеге (күнге) өте сезімтал келеді.

Осыған орай осы тәсіл қолданған кезде:

· 6 аптадай өте жарыққа шықпай, күн көзінен сақталып жүру,

· ашық алаңда қара көзілдірік киіп, қалың киім киіну,

· күн сәулесінің өтіп кеткенін теріден байқауға болады: ол қызарып, жылтырап, кейіннен ісінеді.

· өте сирек жағдайда жөтел пайда болып, науқастың  ентігуі,

· іші ауырып, жұтынғанда ауырсынуды сезінуі.

Ауырсыну сезімімен күрес және оны емдеу

Қатерлі ісіктер асқынған кезде:

· ауырсыну сезімі ұлғайып, ол үнемі және тұрақты түрде болуы,

· өмірге қауіп туғызатын жағдай, қуысты мүшелерде орналасқан ісіктерде  кездесуі,

·  нәжіс жүрмей, іштің кебуі,

· түйін жарылып, оған  жұқпаның  қосарлануы,

· қан кету қайталанып, іріңдеу үрдісінің жайылуы.

Мұндайда аурудың хал-жағдайын жеңілдету мақсатында жедел медициналық көмек ұйымдастырылып, операция жасалынады. Тұрақты ауырсыну сезімімен күрес үйде, емханада жүргізіледі. Бұл ісік ауруынан жазылып кетпесе де, оның сапалы өмір сүруін қамтамасыз етеді.

Созылмалы ауырсыну белгісі (САБ) - деп ауырсыну сезімінің тұрақты қалыптасып, 2-3 айдан аса созылуын айтады.

Созылмалы ауру белгілері сүйектердегі бөгелме ісіктерде, асқынған асқазан, ұйқы без, бауыр рактарында болады. Оның пайда болу механизмі (патогенезі) - өте күрделі, әлі осы күнге дейін айқын анықталған жоқ. Ол механикалық, химиялық, термикалық тітіркендіргіштердің жүйке  талшықтарына әсер етіп, қоздыру импульсының сол жүйке  жолдары арқылы жұлынға, орталық миға жетуімен түсіндіріледі.

Асқынған рак ауруында кездесетін ауырсыну сезімдерінің табиғаты әртүрлі болады.

Олар::

· дәл анық емес, белгісіз,

· олар біртіндеп үдеп, тұрақтанады,

· емдеу әдістеріне оңай беріле қоймайды,

· науқастың  психологиялық жүйесін мазалайды,

· қатты күйзеліске  жиі әкеледі,

· науқаста  дәрменсіздік пен  жеңіліс сезімі қалыптасады,

· кейде өзіне-өзі қол жұмсайды,

·  ал кейде қатты ашуланып, көрінгенге өз бетінше тиісе береді.

Сонымен осындай күйдегі науқасқа, шын ниетіңізбен, көңіліңізбен қарап, барлық  мәліметтерін ықыласыңызбен тыңдау керек.

Ауырсыну сезімімен күресу мақсатында әртүрлі  тәсілдер қазір қолданады.

Олар:

· ауыртпайтын электр тогымен ширату(электростимуляция),

· ағзаны жуу, тазарту арқылы уытсыздандыру  (детоксикация),

· жүйке талшықтарын жансыздандыру, немесе оларды химиялық жолмен жүйкесіздендіру  (денервация),

· аз көлемде сәуле шоқтарын пайдалану,

· паллиативті операция жасау.

Ауыртпайтын, қоздырғыш электр тогы арнайы шығарылған кішкене аспаптармен жүргізіледі, бұл әр адамның қалтасына сиып кетеді. Мұның әсері алғашқыда 50-60% ауруларда ғана сезіледі, кейіннен бұл көрсеткіш біртін деп төмендейді де, соңғысында ағзада төзімділік қалыптасады, сөйтіп 2-3 аптадан кейін тәсілдің пайдасы болмай қалады.

Дәрігер науқастың көңіл-күйіне қарап, бағана бойынша ауырсынудың бес түрлі бағасын анықтайды:

·  0- баға, ауырсыну сезімі болмаса,

· 1 - баға, ауырсыну сезімі сәл –пәл, тек оқта-текте болғанда,

· 2 - баға, науқас төзе алатын ауырсыну сезімі,

· 3 - баға, өте жанға батарлық, қатты ауырсыну сезімі,

· 4- баға, науқасты мазасыздандырып, қатты күйзелтіп, шыдатпайтын ауырсыну сезімі.

Бұдан да дәлірек ауырсыну сезімін анықтайтын тәсіл бар, ол 0-ден 100-ге дейін бөлінген арнайы даярланған сызғыш. Осы арқылы науқас өзі хал-күйін байқай алады. Ем кезінде әр науқас өзіндегі ауырсыну сезімнің төмендегенін, немесе мүлдем кеткенін анықтап, оны бағалайды.

Әлсіз ауырсыну сезімді емдеу:

· стероидты емес, ауыртпайтын дәрілерді (СЕАД) қолданады.

· бұл дәрілер, простгландин Е1 және Е2 затттарын тежеп, қабыну мен ауырсынуға қарсы әсер етеді.

СЕАД-ті қолдану:

· сүйектерде бөгелме ісік болғанда,

· жұмсақ тіндегі, ұйқы безіндегі рактарда,

· ісік тіндерді (ұлпаларды), жүйке талшықтарын қысқан кезде,

· жөтел, көңіл-күй мен тыныс алу орталықтарын тежемейді,

· психологиялық, физикалық дағдарысқа әкелмейді,

· бірақ ұзақ уақыт қолданғанда асқазанды тітіркендіріп, қабыну ауруына ұшыратуы мүмкін,

·  асқынған кезде, тіпті, асқазаннан қан кетуі ықтимал.

Бұлармен күресу үшін Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы, үлгі ретінде аспиринді (түймедақ 250-ден 650 мг-ге дейін күніне 6 рет) ұсынады.

· тәжірибеде өте жиі – кетонал, ибупрофен және де индометацин, пироксикам қолданады.

· парацетамол, онда қабынуға қарсы әсер жоқ, уыттық қасиеті төмендеу келеді (қанға, асқазанға зияндығы жоқ),

· панадол-экстра немесе солпадеин - бірнеше ауыртпайтын дәрілерден қосылып жасалынған парацетамолдың жетілген түрі,

· шамалы ауырсыну сезімімен күрестегі орынды кодеин алады (30 мг-нан 130 мг-ге дейін, тәулігіне 4-6 рет),

· 30 мг кодеин 650 мг аспиринге сәйкес келеді.

· ауырсыну сезімді жойуда, кодеин мен аспиринді қосып қолданған өте тиімді.

· трамадол (трамол, традол) өте тиімді, кодейннен екі есе жоғары, әрі ішті қатырмайды, тыныс, жүрек-қантамыр жүйелеріне зияндық әсер етпейді.

Трамол түймедақ, ретінде 50-100 мг, әр 4-6 сағатта, тәулік мөлшері 400 мг. Әсері 30 минуттан кейін байқалып, 5-6 сағатқа созылады. Дәріге деген тәуелділік қалыптаспайды, ауырсыну сезімді ұзақ уақытқа жояды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: