Емдеу шараларын жоспарлау 5 страница

· колхамин,

· этопозид,

· иринотекан,

· топотекан,

· таксол,

· таксотер, т.б.

Бұлар ісік ауруларында ең бірінші ретте және кейінгі кезектерінде кеңінен қолданып жүр. Әсіресе, таксол, таксотер сияқты дәрілер клетканың бөліну алдындағы үрдістерді немесе бөліну кезеңіндегі химиялық реакцияларды тежейді. Таксол (паклитаксол), таксотер (доцетаксел), таксан өте белсенді дәрілер, бірінші және екінші кезеңдер де (реттерде) жиі қолданады. Ісікке қарсы әсерлері олардың клеткадағы бөліну үрдісін тежеуіне байланысты. Қолданғанда – аллергиялық реакция - бет қызарып, ентігу, қышыма болуы мүмкін, сондықтан кортикостероидтар (циметидиндер) қолданады. Қан жүйесіне, асқазан мен ішек жолдарына зиянды әсері бар.

Сүт, жыныс бездеріндегі ісікте, өкпе (майда клеткалы рак емес), бас, мойын, қатерлі ісіктерінде  емдік көрсеткіштері өте жақсы.

Химиопрепраттар және клетканың бөліну кезеңдері (циклі)

Клеткадағы өніп-өсу үрдісі бірнеше кезеңдерден тұрады. Олардың әрқайсысына химиопрепраттар әртүрлі әсерін тигізеді. Егер клеткадағы биологиялық үрдіс бірімен-бірі байланысты төрт кезеңнен тұрады десек, онда әр кезеңді тежейтін ісікке қарсы дәрілер бар, бұларды сондықтан да ядро уы деп те атайды, себебі өніп-өсу үрдісі тек ядрода болады. Химиопрепараттардың осы қасиеттерін ескеріп, оларды басқа да ісікке қарсы емдік әдістермен қосарландырып  қолдану  өте тиімді.

Клетканың  өніп-өсу циклі төрт кезеңнен тұрады (№1-сурет)

1. бөліну кезеңі (М) – 1 сағат,

2. құрылу алды (G1) - 10 – 30 cағат,

3. нуклеин қышқылының қалыптасуы (түзілуі) – (S) – 20-40 сағат,

4. бөліну алды кезеңі (G2) – 2 сағат.

Бөліну алды G2      
Құрылу алды G1
№1-сурет, Клетканың өніп-өсу циклі мен мерзімі:

 

 

Кейінгі жылдарда канцерогенездің молекулярлық теориясына сәйкес ісікке қарсы дәрілердің жаңа түрлері енгізілуде, олар ісік клеткаларын молекулярлық деңгейде іс-әрекет жасайды, сондықтан оларды таргетты (ағылшынның сөзі – target - нысана) препараттар дейді. Қазір осындай дәрілердің 300-ден астамы тексерілуде – кейбіреулері  тәжірибеде  кеңінен қолдануда. Жаңа дәрілердің өндірілуі – күрделі үрдіс, ол көп деңгейден тұрады, орташа есеппен - 10-12 жыл кетеді және дәрі үш зерттеу мезгілінен өткізіледі. Үшінші кезеңде - бірнеше ғалымдар қатысып, -міндетті түрде бір әдіспен сынақ жүргізіп, сынақ топтарын салыстыру арқылы бағалап, болған соң, жұмысқа керектілерін Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді.

    Сурамин – оның негізгі қасиеті  ісік клеткаларын қоздыратын, үдететін факторлар мен клетка рецепторларының байланысын үзу болып саналады. Олар  бір-бірінен үзіліп қалса, онда үрдісте үзіледі, себебі  клетка қоздырғышсыз қалады. Міне бұл препараттың осындай қасиеті бар, оның аналық және қуық асты без рагында емдік әсері анықталған. Рецепторлардың тіршілігі ферменттер арқылы жүргізіледі, соның ішінде тирозинкиназа С. осы ферментті тежейтін препарат.

    Гливек (иматинит) - клетканың ядросындағы Bcr-Abl- тирозинкиназаны жойып, ісік клеткаларының тіршілігін тоқтатып, клетка тегін (онкогенін) және  ісік тамырларын реттейтін 53-тегті (генді)  жойады.

    Гливек қан ісігінде (миелолейкоз) және лейомиосаркомада өте тиімді.

Қазіргі кезде  ағзаға зиянды әсерлері бірнеше рет кеміген, бірақ ісікке қарсы қасиеттері сақталған дәрілер жеткілікті. Соның бірі рубицин, оның мөлшері едәуір азайтылып қолданса (көлемі миллиондай кем) онда да дәрінің шипалы қасиеті сақталады.

Ісіктердің дәрілерге сезімталдығы

Ісікке қарсы қолданған дәрілердің, ісік клеткасына деген сезімталдығы біркелкі емес. Олар кез келген мүшенің тіндеріне, ұлпасына, соның ішінде сау, қалыпты жағдайдағы клеткаға  да, зиянды әсерлерін тигізеді. Бірақта, барлық  ісік клеткасы, бір деңгейде сезімталдық қасиетті сақтамайды. Олардың ішінде өте жоғары сезімталдығы бар ісіктер бар, бұлар химиопрепаратты қолданғаннан кейін  толық жойылып, кетіп қалады.

Химиялық дәрілерге жоғары сезімталдықта болатын ісіктерге мыналар жатады:

· жатыр хорионэпителиомасы,

· аталық без қатерлі ісігі,

· Беркит лимфомасы,

· балалардағы жедел лимфобласты лейкозы,

· лимфогранулематоз.

Жақсы емдік нәтиже беретін ісік қатарларына:

· әйелдердің жыныс без, жатыр денесі,

· қуық асты без,

· майда клеткалы  өкпе рагы,

· гемобластоздар,

· балалар рагы,

· сүйек саркомалары.

Адам ағзасындағы жиі кездесетін қатерлі ісіктердің көбісі химиопрепараттарға сезімталдығы төмен.

Асқазан және ішек рактары 20-25% жағдайда 5-фторурацилге, фторафурға сезімталдығы бар,  ал қалған дәрілер ешқандай әсерін тигізбейді.

Жайылма  клеткалы тері, өңеш және  көмей рагында - блеомициннің, платиндердің пайдасы бар.

Майда клеткалы өкпе рагында - платиннен, таксаннан, доксорубициннен, камптодан, циклофосфаннан, ифосфамиттен, вепезидтен, гемзардан, метотрексаттан, иринотеканнан емдік нәтиже алуға болады.

Сүт безі рагы химиопрепараттарға өте сезімтал келеді, мұнда жиі қолданатын дәрілер - метотрексат, 5-фторурацил, циклофосфан, доксорубицин  және гормондар.

Химиопрепараттардың емдік қасиеттерін Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы ұсынып, оның объективті және субъективті (сапалы өмір сүру) белгілерін нақтылаған.

Объективті төрт белгілері:

· толық емдік қасиеті - ісік көздерінен толық айығуы,

· жартылай емдік қасиеті - ісік көлемінің 50% ға жуық азайуы,

· ісіктің бірқалыпта тұрып қалуы - ісіктің 50%-дан төмендеуі, немесе ешқандай өзгермеуі, немесе кішкене ғана кемуі (25%-ға жуық);

· ісіктің асқынуы - ісік көлемінің ұлғаюы (25%-дан асуы), немесе қосымша бөгелме ісіктердің пайда болуы;

Емдік нәтижені анықтау үшін - төрт апта керек.

Субъективті белгілерді анықтау үшін Корновскийдің көрсеткіші қолданылады; онда 10 белгі мөлшері негізделген, олар топтасып бес деңгейді қалыптастырады:

· ауру белсенді қимылдайды, ол өзінің бұрынғы жұмыстарын қиналмай орындайды (нөлдік деңгей),

· физикалық күш түссе немесе сәл ауыртпашылық болса ауру адам жеңіл жұмысты оңай орындайды,

· науқас өзін-өзі қызмет көрсете алады, бірақ жұмысқа қабілеті жоқ, көп уақытын жұмыссыз өткізеді,

· науқас өзін-өзі қиналып қызмет көрсетіп, көп уақыт төсекте жатуға мәжбүр болады,

· науқас жұмысқа, қызметке қабілеті жоқ - төсек тартып жатуы.

Осы бес деңгейде ем жүріп жатқанда, оны дене салмағымен салыстыру арқылы жүргізеді. Бұған қосымша ауырсыну сезімі болса, ол қанша көлемге кішірейді немесе кішіреймей ме? Соларды аңғарады. Керек болса ауру лабораториялық тексеруден өткізіледі.

Химиопрепараттардың қолдану тәсілдері, кезеңдері

Ісікке қарсы дәрілер:   паллиативтік және радикалдық мақсатпен қолданады. Соның ішінде,  кейінгі әдіс тек ісік ауруы дәрілерге өте жоғары сезімталдықта болғанда ғана, ал қалған жағдайдың барлығында (ісік асқынғанда) - паллиативті мақсатта пайдаланады.

Химиопрепраттар кешенді әдіс ретінде сәуле шоқтарымен, немесе операциялық жолдармен қосарландырады. Олардың реті дәрігердің мақсатына, және ісік ауруының түрі мен орналасқан  жеріне байланысты.

 Егер операциядан кейін қолданса, бұл тәсіл адьювантты, ал операция алдында қолданса - неоадьювантты химиотерапия дейді.

Бұларда  екі түрлі мақсат бар:

Біріншісінде - сылынбай қалған ісік қалдықтарына әсер ету және  бөгелме ісіктерден сақтандыру,

Екіншісінде - ісік көлемін кішірейтіп, оған операция жасау мүмкіншілігін жасау.

Химиотерапия әдістері: дәрілерді тері асты, бұлшық ет, қантамырлары арқылы, кейде тікелей қуысқа да енгізеді.. Ісік жатқан жерге дәрінің мөлшерін көбейту мақсатында химиопрепарат тікелей артерия тамырына перфузия және инфузия тәсілдерімен де енгізіледі.

Қазір бұл тәсілдер, қайтадан кеңінен пайдалануға мүмкіншілігі туып отыр, себебі дәрінің көлемін өлшейтін аспап –дозатор - ойланып табылды.

Дәрілердің асқыну белгілері

Дәрілердің асқыну белгілері жергілікті және жалпы ағза көлемінде болады.

Жергіліктісі:

· тері астында тіндердің өлі еттенуі (егер дәрі теріге тисе),

· көк қан тамырдың қабынуы,

· тамыр арқылы енгізілсе,ұйыған қан қалдығымен бітелуі,

Дәріні ағзаға енгізу кезінде мұқият қадағалауды қажет етеді. Тамырды тауып, оны тесер кезде инеде ешқандай дәрі болмауы керек және әр дәріге өзінше бөлек ине қажет. Дәріні тез, асығыс енгізуге болмайды.

Жалпы ағза көлемінде асқыну:

· бұл қасиет жалпы барлық химиопрепараттарына тән,

· қан түйіршіктер санынының азайуы,

· ақ және қызыл қан түйіршіктерінің кемуі, ол 7-14 күннен кейін басталып, 21-28 күндері қалпына келуі,

· лейкопения - нейтрофилдер азайып, ол иммундық жүйені әлсіретіп, жұқпалы аурулардың пайда болуы,

· тромбоцитопения, ағзадан қан кетуі,

· эритроцитопения сирек кездеседі. Ол кезде жүрек-қан тамырлары немесе басқа мүшелердің  зақымдануы.

Химиотерапия кезінде және одан кейін де қанды сараптау міндетті, бұл қағиданы  әр дәрігер есінде сақтау керек.

Қаннан кейін, асқыну жөнінен екінші орынды асқазан жолдарындағы өзгерістер жатады.

Олар:

· жүрек айну мен құсу,

·  іш өту,

· іштің ауырсынуы,

· асқорыту жолдарынан қан кетуі,

· тері мен жыныс мүшелердің зақымдануы,

· жүректе, бауырда, өкпеде, жүйке  және басқа жүйелерде ақаулықтардың пайда болуы,

· бұлардың пайда болуы дәрінің түріне байланысты.

Алғашқы кезде науқасқа жалпы асқынулар онша білінбейді; ал олар пайда болса, емдеу әдісін тоқтатып, не дәрінің мөлшерін азайтып, асқынуларды міндетті түрде емдеу керек..

Асқынуларға жалпы қасиет – олар дәрі енгізілген кезде, немесе емнен кейін де, 1-2 ай өткен соң пайда болуы. Сондықтан химиотерапия алған науқас ылғи дәрігердің бақылауында болу тиіс.

Ісікке қарсы дәрілерді қолданбайтын кездер:

· жүкті әйелге,

· ісік асқынғанда,

· өкпе-жүрек ақаулары (кемістігі) барларға,

· бауыр, бүйрек жүйелерінің қызметтері нашарлағанда,

· асқынған қант ауруында,

· қан азайғанда (гемоглобиннің көрсеткіші 60г/л-ден төмендегенде) лейкопения (3000), тромбоцитопения (100 000) кездерінде,

· дәріге аллергиялық реакция болған уақыттарда.

Дәрігердің науқас адамға беретін кеңесі

Химиопрепараттардан асқыну үнемі болмайды, бірақ жиі кездеседі. Егер асқынулар пайда болған соң,  дәріні енгізбесе, ол  өз бетінше қалпына келеді.

Асқыну белгілерінен сақтану немесе олар пайда болғанда емдеу - дәрігердің ең негізгі міндеті. Асқынуды болдырмау және болған асқынудың ауыртпалығын төмендету кейде жай сақтандыру шараларымен орындалады. Бұларды дәрігер науқас  адамға таныстыру қажет.

Кейде асқыну белгілерін алдын-ала анықтауға, немесе оларға күдік туғызуға болады.

Химиотерапияны алып жүрген науқас адамға мыналарды ескерту керек:

· дене қызуы, тоңу және көмейде ауырсыну сезімінің пайда болуы туралы,

· қақырықты жөтел бар ма, жоқ па? Болса онда қан бар ма?

· нәжісі мен  зәрінде қанның кездесуі туралы,

· зәрдің қиналып, ауырсыну сезімді туғызу мүмкіндігі туралы,

· әлсіздіктің болуы,

·  ентігуі,

·  суықты жақтырмауы,

· кеуде қуысында ауырсыну сезімнің қабаттасуы,

· тағамнан кейін қызыл иектің қанауы,

· тіс тазалағанда қанның көрінуі,

· терінің тез көгеріп, онда қанның ұйуы,

· осылардың ауыз қуысында болуы,

· кішкене жарақаттан кейін тоқтамай қан кетуі,

· терінің терең ластануы, зақымдануы.

Қан құрамының  асқынуы  болғанда ауру адам дәрігерге мыналарды білдіруі тиіс:

Лейкопения кезінде:

· дене қызуы туралы ескерту,

· қолды тазалап жуу, әсіресе, саусақ аралықтарын,

· терісі жарақаттанса, оны сабынмен жуып-тазалау, таза дәкемен таңу,

Тромбоцитопения кезінде:

· тістерді жұмсақ щеткамен жуу,

· электр тогымен істейтін ұстараны пайдаланбау, тырнақты мұқият алу,

· мұрыннан қан кетсе, басын артқа керіп, танауын қысу, мұрын үстіне мұз салу немесе мұзды мұйық қойу,

· 30 минут ішінде қан тоқтамаса, жедел медициналық көмекті шақыру,

· терісі зақымдалса 10 минуттай басып, қан кетуі  тоқтамаса, жедел медициналық көмек шақыру,

· нәжісті шығару кезінде қатты күшенбеу – себебі тік ішектен қан кетуі мүмкін,

·  іш тоқтап қалса – тазалаушы клизма жасау.

Қан азайғанда (анемияда):

· белсенділікті азайту; көбірек демалысты ойластыру.

Дәрігердің іс-әрекеттері:

· лейкоциттердің саны 500-ден (бір мл-де) кем болса, онда жұқпа ауруларына  өте қауіп төнеді – қанда микробтар көбейіп, сепсис болуы ықтимал,

· екі күн дене қызуы 380-тан асса, антибиотиктерді міндетті түрде қабылдау қажет,

· нейтрофилдер төмендеп, дене қызуының көтерілуін «қызбалы нейтропения» дейді. Бұл өте қорқынышты және қауіпті асқыну болып саналады,

· нейтрофильдердың саны 100 болса, онда тіпті бір рет дене қызуы болса да антибиотиктерді қолдану  қажет.

· Антибиотиктермен қатар лейкоциттерді қоздыратын дәрілерді де беру (нейпоген, граноцит, лейкомакс т.б.), бұл дәрілер жұқпаны тежейді.

Тромбоцитопения химиотерапия кезінде өте сирек кездеседі (25 – 50-109л). Бүл кезде – тромбопоэтин, немесе тромбосұйықтарының пайдасы зор.

Ұзаққа созылған химиотерапияда -  қан кетіп, қанның азайуы байқалады. Мұндайда қан құйу мен эритропоэтинді, темірмен бірге қосып беру керек.

Асқазан мен ішектегі асқынулар.

· тиянақты түрде жүрек айну, құсуы (платин, дакарбазин, дактиномицин, препараттарынан кейін). 

· Мидағы құсық орталығының  рефлексогенді  тітіркенуі.

Мезгілді, немесе жедел келген және алдын ала болатын құсықтар болады. Олардың ішіндегі жедел құсық деп, бір тәуліктің ішіндегі, ал кеш пайда болатын құсық  2-6 күн өткен соң болатын құсықты айтады.

Химиотерапияның алдындағы құсық, негізінде рефлекторлы реакциялардан болады.

Жедел және кеш пайда болатын құсықтарда, ащы ішектің шырышты қабатынан серотонин деген фермент шығады.

Ісікке қарсы дәрілердің көбісі серотонинды қоздырады, ал ол ми дағы құсық орталығына, кезбе жүйкесі арқылы тікелей әсер етіп, рецептормен байланысқаннан кейін,  құсық пайда болады.

Құсықпен және жүрек айнуды кемітетін дәрілер (эметогендер) көп, бірақ химиотерапия кезінде тиімді болатындары:

· зофран,

· новабан,

· китрил,

· латран.

Осылар арқылы 40-70% ауруларда, орташа  шипалы деген құсыққа қарсы дәрілер – эметогендер қолданса, жедел құсық тоқтайды, ал ең шипалы келетін эметогендер пайдаланса, онда 80-90% жағдайда құсық болмайды.

Құсықпен күресетін дәрілер химиотерапияның алдында 30-60 минут бұрын енгізіледі де, ем жүргенше тоқталмайды, ал цисплатин қолданған кездерде, ем біткеннен соң да, үш күндей созылады.

Кешігіп байқалатын және алдын ала кездесетін құсықтарда эметогендердің пайдасы шамалы. Сондықтан психологиялық емдердің, гипноздың әсерлері басымырақ болады.

Жүрек айнуды, құсықты азайтатын немесе болдырмайтын ережелер бар.  Олар:

1. Бірнеше сағат химиотерапия алмастан бұрын тек сұйық тағам (шай, сорпа) және де,  «қытырлақ» кептірілген нанды қабылдау,

2. Тамақты тоя жемей. аз мөлшерде, жиі қабылдау,

3. Тағам салқындау, бөлме ішіндегі сияқты болуы,

4. Жиі-жиі бөлменің ауасын ауыстыру.

Іш өтсе:

· атропинді егу керек.

· 3-4 күннен кейін іш өтсе, лоперамидті (иммодиум ) 2 мг – нан, әр 2-4 сағат сайын, үлкен дәрет қалыпқа келгенше беру.

Іш кеуіп, жел жиналса:

· сорпа, газсыз су мен шайды, тәулігіне 8-12 стакандай ішу,

· тағамда - сүт, көкөніс, ащы заттар болмағаны жөн,

· ет пен  картоптан  істелген тағамдар аурудың хал-күйін жеңілдетеді,

· егер жүрек соғысы жиіленіп, дене мен аяқ-қолы қалтырай бастаса (кальцийдің  жетіспеуі), тез арада дәрігерге көріну,

· жиі іш өткеннен, көтен тітіркенеді, оны бәсеңдету үшін жылы былауға отырғызып, не май жағу.

Нәжістің қатуы:

· қарт адамдарда, көкөністі, немесе өсімдіктен істелінген тағамдарды аз қолданғанда жиі кездеседі,

· суды тәулігіне 8-10 стаканнан кем емес ішу,

· үлкен дәрет кезінде қатты күшенбеу, іш жүргізетін өсімдік тағамдарын пайдалану.

Ауыздың және тамақтың кебуі:

· ойық жаралы қызыл иектің күлдіреуі (афтозды стоматит) пайда болғанда,

· күніге ауыз қуысын көріп тұру,

· жиі-жиі ауызды шайу,

· тісті жұмсақ тіс жуғышпен жуу,

· ауызда протез болса, оны уақытша алып тастап, жиі шайу,

· протездің тым бос, немесе қатты қысуы,

· стоматит болғанда - шырғанақ (облепиха) майын жағу, немесе сода ерітіндісін пайдалану.

Шаштың түсуі:

· өте жиі кездесетін, психологиялық күйзеліс әкелетін белгі,

·  кез келген ісікке қарсы қолданатын дәрілер асқынуға әкеледі,

· шаштың түсе бастағанын – таранғанда, жуынғанда, қолмен сипағанда аңғарады,

· бұл үрдіс бірнеше күн, аптаға созылып, кейіннен шаш орнына жаңа шаш шыға бастайды, бірақ бәрібір қалпына келмейді.

Тәжірибелік  кеңес:

· шашты түгел алып тастап, жұмсақ матадан істелген бас киім киіу қажет, өсіп келе жатқан майда шаш аз тітіркеніп, зақымданады,

· басын аптасына 2-3 реттен артық жумау,

· химиялық жуғыш ерітіндіні жиі қолдануға рұқсат етпеу,

· жуылған шашты кептіру үшін кондиционерді қолдану,

· шаш бояғыштарды қолданбау,

· бас киім киудің, немесе орамал тартып жүрудің оң әсері барын ұмытпау.

Терідегі өзгерістер:

· құрғауы,

· қызаруы,

·  бөртпелер т.б.

·  күн сәулесі тимесе де,  болатын күйіктер, сондықтан  күн сәулесі түсетін жерлерді ашық ұстамай жауып, немесе ол жерлерді майлау.

Жоғарыда көрсетілгендердің бәрі химиопрепараттардың өте уытты келетіндігін көрсетеді. Осындай реакциялар ағзаның ішкі мүшелерінен де болуы ықтимал.

Қатерлі ісікті гормонмен  емдеу

Гормондық ем, дәрі-дәрмекке  жатқанымен, ол ішкі секретті бездерге хирургиялық және сәулелік әсер етпейді, бірақ гормонға тәуелді мүшелердің ісіктерінде де, бұл әдіс толық (радикалды) шипалы емес. Дегенмен ол көптеген ісік ауруларында паллиативтік (жеңілдік) әсер етеді. 1896 жылы - сүт безі қатерлі ісігінде, аналық безі сылынған кезінде, шипалық қасиет болғандығын Beatson анықтаған, ал 1941 жылы C. Huggins, C. Hodges аталық без алынғанда, қуық асты без рагында, эстроген гормондарын берсе, аурулардың өмір сүру мерзімдері едәуір ұзартатынын тапқан.

Гормондық емнің екі деңгейлі әсері бар:

    Біріншісінде, стероид гормондарының мөлшері кемиді, ол үшін осы гормондарды өндіретін мүшелер сылынады (овариоэктомия, орхэктомия), немесе олардың қызметі сәуле, немесе химиопрепраттар арқылы тежеп, гормон көлемі кемітіледі. Дегенмен бұл әрекеттер мишықтан өндірілетін тропты гормондарды қоздырады, ал бұл жағдай бүйрек үсті бездерінің гормондары андрогендерді көбейтеді, ал кейінгі гормон алмасу үрдістерінің нәтижесінде жұмсақ тіндер мен ұлпаларда стероид гормондарына айналады, сөйтіп ісік клеткасының өніп-өсуіне қайтадан қолайлы жағдай тудырады. Бұрын осы жағдайды түзету мақсатында операциялар – адреналэктомия (бүйрек үсті безді сылу), гипофизэктомия (мишықты алу) қолданатын, қазір бұлар мүлдем қолданбайды. Қарама-қарсы жыныстағы адамның гормондарының пәрменді әсерлері байқалған, бірақ олар ұзақ уақытқа созылмай көбінесе асқынулар арқылы анықталған. Кейінгі ширек ғасырдың ішінде ісіктердің молекулярлық биологиясы кеңінен зерттелініп, жан-жақты дамуда.

    Қазір стероидты гормондардың ісік ядросындағы дезоксирибонуклеин қышқылына қоздырғыш әрекетті жойудың мақсаты, емдік бағдарламада ең негізгі көрсеткіш болып саналады. Ол үшін гормондарды рецепторлармен байланыстырып, оның физиологиялық іс-әрекеттерін жойады.

Гормонның рецепторы деп, гормонға тәуелді мүшелердің клеткасындағы белоктың гормонмен байланысып, ядроға, немесе цитоплазмаға керекті гормонды жеткізуін айтады. Осы заттар көп болып, микроскоптың көз алаңында 10%-дан асса, онда ісік гормонға тәуелді (гормон позитивті ісік). Мұндайда қолданған дәрі 50-70% жағдайда жақсы емдік көрсеткіш береді. Ал енді ісіктегі гормон рецепторы кем болса, онда ондай ісіктерді гормонегативті ісік дейді, онда емдік мақсатпен пайдаланған гормон тиімсіз келеді.

Гормонды дәрілердің қатары және топтары көп, олардың шипалық қасиеттері сан алуан. Жалпы бұларға тән белгі - олардың эстрогендерді төмендетуі, сондықтан да бұларды кейде антиэстрогендер деп те атайды. Антиэстрогендерге жататындар:

1. Антиэстрогендер (тамоксифен),

2. Антиандрогендер (касодекс, флутамид),

3. Ароматаза реакциясын (кетостероидтардың өндірілуі) тежейтіндер,


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: