Ходжкин емес лимфомалар 4 страница

TNM жүйесінің патогистологиялық жіктелуі (р TNM).

Бұл категория бойынша үш нәрсе еске алынады:

· 1- ісіктің көлемі (мм)

· 2- өсу деңгейі,

· 3-сателлиттердің бар, жоқтығы (егер болса, онда ол негізгі көзінен 2-см ара қашық аймағында болса)

Негізгі ісік мына белгілермен  сипатталады:

· рТх  - негізгі ісік көзін анықтау  мүмкін емес,

· pTo -  ісік түйіні қолға сезілмейді,

· pTis -  ісіктің  нөлдік өсу сатысы (қауіпсіз кезі),

· pT1 -  ісіктің көлемі 0,75 мм, Кларк жіктеуі бойынша, екіншісі,

· pT2 -  ісіктің көлемі 1,5 мм-ге дейін, Кларк жіктеуі бойынша үшіншісі,

· pT3 -  ісік 4,0 мм болып, Кларк жіктеуі бойынша төртіншісі,

· рТ3-а -  3,0 мм-ге дейінгі ісік

· рТ3-б -  4,0 мм-ге дейінгі ісік

· pT4 -   ісік 4,0 мм-ден асық болса, немесе Кларк жіктеуі бойынша тері асты май қабатын (V- өсу дәрежесі) зақымдаса, немесе сателлиттердің жалпы көлемі 2,0 см-дей болса,

· pT4-a --ісік 4,0 мм-ден асық, ол тері асты май қабатына дейін жеткен,

· pT4-б -  сателлиттердің көлемі 2,0 см-ге дейін.

Патогистологиялық өсу деңгейлері, жіктелудің клиникалық бөліміндегі дей,  рN өзгеріссіз келеді.

2002 жылдан бастап меланоманың жіктелуіне өзгеріс енді. Ол ресми түрде TNM жүйесінің У1- тексерісінде, көрсетіліп; өзгерістерге  мыналарды жатқызды:

· инвазия деген ұғым, ол ісіктің  терідегі өсу деңгейін, меланоманың көлемімен (қалыңдығымен) анықталатын болды, себебі бұл ұғым дәл болжам айтуға мүмкіндік береді.

    Терідегі инвазия деңгейінің өзгеруі:

· Т1 - инвазия -1мм-ден кем,

· Т2 - инвазия 1мм-ден үлкен, бірақ 2 мм-ден кем,

· Т3 - инвазия 2 мм-ден үлкен, бірақ 4 мм-ден кем,

·  Т4 - инвазия 4 мм-ден асса.

    Енді осы жіктеуге терідегі жара кіретін болды:

· жара болса, онда ол «б» деген белгі,

· жоқ болса «а» деген  белгімен, анықталынады,.

· Лимфа бездерінің зақымдануы сандық өлшемге  көшті.

Тері меланомасының клиникалық белгілері

Ең алғашқы өсу сатысында меланома қара дақ ретінде білініп, тері деңгейінен сәл артық шығып тұрады. Біртіндеп оның көлемі ұлғайып, сыртқа қарай томпайып, ісініп шығады да, жараланады. Көпшілігінде, ол жалғыз боп кездеседі, ал  өршіген кезде көбейеді.

Терідегі қою қара қошқыл дақ, дөңгелек келіп, жұмсақтау сезіледі және еш уақытта шашы (қылшық) болмайды.

Өсу деңгейіне сәйкес меланома түйіні біртіндеп, жараланады да көлемі ұлғаяды (1,0-2,5 см-ге дейін). Оның беті тегіс келіп, кейде адыр-бұдыр болып,  ісік көзіне айналуы мүмкін.

Табиғи қалдардан, меланома үш негізгі белгісімен айрықшаланады:

1. Қою қара түске айналады немесе түсі әртүрлі болып беті тегіс келмейді,

2. Айналасындағы қалыпты тері түсі өзгеріп, қал беті жылтырап, жараланады,

3. Тері өлі еттеніп,  шіри бастайды.

Осылардың бәрі бұрын қалыпты жағдайдағы қалдың өзгергенін - пигмент жиналып, тері эпидермисі мен негізгі терінің зақымданғанын  көрсетеді

- Кез келген ісіктерден, меланоманы қою қара түсі арқылы, ажыратуға болады, бірақ өкінішке орай, сау қалдардан ажырату, кейде, өте қиын. Ісік қара түстенген  сайын онда пигмент меланиннің көп екені сезіледі.

- Меланоманың түсі қою қарадан басталып, қою көк түсті көмірге ұқсайды. Сирек жағдайда пигментсіз меланома болады мұндайда қара түсті болмайды.,       Жай көзбен қарағанда, меланомада қара түсті пигмент біркелкі, не ортасына көбірек орналасады және қалдың айналасында шеңберленіп, сызық тәрізді жиналады. Ал кейде, пигмент қалдың әр жеріне себілген дән секілді, шашылып орналасады.

Линза (үлкейткіш шыны) арқылы тексергенде меланоманың түсі біркелкі келмейді, тор сияқты қою қара болып та, немесе қою көкшіл түсті келуі мүмкін.

    Тері суретінің өзгеруі және бетіндегі эпидермис жұқарып жылтырауы меланомаға тән қасиет.

    Ал енді ісік түйінінің шіруі дерттің асқынғанын білдіреді. Бұл кезде меланома ұлпасы өте жеңіл жарақаттанғыш келеді, кез келген ең жеңіл деген тітіркенуден тез арада ұлпа шіріп, ыдырайды, бұл қан ағуды туғызады. Тіпті қоздырғыш заттың әсерісіз меланоманың беті тез жараланады да, тез арада қабықтанады, содан соң оның  астынан қан аралас сұйық үнемі бөлініп тұрады. Оған көп кешікпей іріңдік араласады.

Тері меланомасының диагностикасы

Ол үшін мынандай шарт керек:

· аурудың шағымы,

· аурудың даму тарихы (анамнез),

· көру.

Кез келген қалдың өзгеруі, ұлғаюы, түсінің қоюлануы, бұрынғы ашық түстің қарақошқылдануы, қышуы, ысуы, ауырсыну сезім туғызуы, сулануы, әр уақытта, меланомаға күдік туғызуы қажет. Егер мұндайда қалдың үстінде шаш болмаса,  онда ол тіпті қауіпті.

Аурудың даму тарихын жинағанда мына нәрселерге ерекше көңіл бөлген жөн:

· қал туа не жүре пайда болғандығын анықтау,

· бұрын ол қандай түсте еді, енді қандай түске өзгерді, өзгеріс тез арада ма, жоқ ұзақ уақыт ішінде ме? Өзгеріс мезгілін дәл анықтаған жөн.

· өзгеріс жарақатқа байланысты ма, жоқ оған байланыссыз ба?

· ем болды ма? Болса қандай өзгеріс болды?

Физикалық  тексеру.  Көру кезінде мұқият қарау, ал кейде, қажет болса, линза мен тексеруді  қажет етеді. Туа біткен және жүре пайда болған  қалдардан ажырату үшін, меланомаға күдікті, алдын-ала кездесетін «қоңырау» белгілерді естен шығармау керек.

Олар мыналар:

· қал көлемінің ұлғайуы, ондағы болатын өзгерістер,

· қал түсінің өзгеруі мен қойулануы немесе бозаруы,

· қал бетінің жаралануы, қанауы, қабықтануы,

· қал айналасының қызаруы, оның жайылуы, суретінің өзгеруі,

· қалдың қышынуы, ысынуы, ауыруы,

· қал айналасында дөңгелек қара сызықтың болуы, сателлиттердің өнуі, аймақтық лимфа бездерінің ұлғаюы.

Арнайы диагностикалық тексерулерді емханалық жағдайда да жүргізеді:

· қанға  жалпы сараптама жасау,

· өкпені рентгенмен қарау (бөгелме ісікті  анықтау мақсатында),

· цитологиялық, гистологиялық зерттеу әдістері,

· термография, радиоизопты тексеріс;

· Якша реакциясын қолдану (зәрдегі меланоманың арнайы метаболиттерін анықтау).

Изотоп мақсатында радиоактивті фосфор (32р) қолданылады. Неғұрлым ұлпада клеткалардың  өніп-өсіп, бөлінуі жиі болған сайын (ал бұл ісікке өте тән қасиет) фосфордың жиналуы бұл жерде, сау ұлпаға қарағанда 3-4 рет есе жиі болады, ал  бұл әдіс гематомада және кейбір пигментті қалдарда (егер олар қабынса) оң нәтиже беруі мүмкін.

Термографиялық тәсіл - зат алмасу үрдісінің  меланома ауруында артық бағытта жүретіндігіне негізделіп, қолданылады да, термограммада «ашық дақтар» болатынын анықтайды.

Меланоманың асқынған кездерінде пигмент меланин зәрде де кездесіп, меланурия (Якша реакциясы) пайда болып, зәрдің түсі қарайады. Бірақ мұндай көрініс кез келген ісікті сәулелендіргенде де байқалады.

Морфологиялық зерттеу. І сікті тітіркендіру қауіпті болғандықтан, керекті тексеруге керек материалды алғанда, өте мұқият болу керек.. Егер ісік жара түрінде болса, онда шыныны ісік бетіне жанап, жақпа, немесе ісік бетінен қырынды-жақпа  алынады. Ісіктің экзофитті түрінде  ғана оны тесіп пункция жасайды; егер ісік тез өсіп отырса немесе қабыну үрдісі қабаттасып жүрсе, онда пункция мүлдем қолданбайды да. Әрине, пункция меланома кезінде басқаша ереже бойынша орындалады.

Ине ісіктің беткей жағына кіріп, оған параллелді бағытта жүргізілгені дұрыс. Еш уақытта иненің ұшы дермаға кірмегені дұрыс және инемен әрі-бері қозғауға болмайды. Цитологиялық материал тез арада тексерілуі міндетті. Егер диагноз дәлелденсе, онда радикалды операция көп кешікпей бірінші тәулік ішінде орындалуы тиіс. Ал егер осы уақытта операция болмаса, тез арада сәуле әдісі қолданылуы керек.

Лимфа бездеріне меланомада пункция жасалынбайды, тек  биопсия арқылы оны тұтас алады.

Меланомада, немесе оған күдікті кездерде, еш уақытта ұлпаны жартылай кесуге  болмайды. Ал биопсияны жалпы жансыздандырумен орындалады. Оның өзінде де операция өте кең көлемде, көрініп тұрған ісіктің шекарасынан кемінде  3,0-3,5 см дей қашықтықта жүргізіледі,

Тері меланомасының емдеу жолдары

Егер меланома түйінді кезінде болса хирургиялық ем қолданады. Бұдан басқа фото динамикалық, криогенді және лазер әдістеріпайдаланады. Егер ісік жайылмалы түрінде, немесе асқынған кездерінде анықталса, онда химиялық, биотерапиялық әдістер, немесе кейінгілер операциямен қосарланып қолданылады.

Хирургиялық әдістер. Операция меланомада жалпы жансыздандыруда талап етеді, себебі жергілікті жансыздандыру ауруды  өршітеді, асқындырады. Жәй қандауырден гөрі, электр немесе лазер пышағы өте тиімді. Тері кесіндісінің көлемі көрініп тұрған ісік шекарасынан 3 -3,5 см, ал бетте – 1,5 см қашықтықта, тереңдігі тері астындағы май қабатын, бұлшық ет, оны  жауып тұрған сіңір қабатына дейін сылып, аймақтық лимфа бездерінде бөгеме ісік болса, оны  бірге, бір блок пан алып, ал  тері кесінділері тігуге келмесе, онда жамау (пластика) жасалады. Операция кезінде меланоманы дәкемен жауып, оны қолмен мыжып, уқалауға  болмайды.

Лазерлі хирургия әдісі -меланоманың беттегі, қолдағы, аяқтағы жалпақ, жайылмалы түрінде және де  тері ішінде сателлиттер болса, немесе ісік  қайтадан қозғанда  лазер әдісі өте тиімді болады..

Криогенді тәсіл де, лазер сияқты; емханалық жағдайда қолданылады. Фото динамикалық әдіс – ісік,мұрында, құлақ қалқаншасында орналасқан кезінде және де  ол хирургия және сәулемен қосарланып беріледі..

Сәулемен емдеу  әдісі. Меланома сәулеге  төзімді келеді, сондықтан  ол  тәжірибеде жеке әдіс ретінде қолданбайды, тек ісік  асқынғанда, немесе ол тез өссе, сателлиттер көбейгенде ғана оны қолданады. Емді, рентген сәулесімен  бастап (60-100 Гр.). одан соң  қабыну үрдісі басылғаннан кейін операция жасалынады.

Химиотерапия. Меланома, химиотерапияға төзімді келеді, бірақ ісік асқынғанда оның шипалы қасиеті едәуір жоғарлайды. Көпшілігінде, алтын стандарт ретінде дәрілерден дакарбазин қолданады. Оның тиімділігі жұмсақ тіндерге ісік тарағанда 15-25%, ал ішкі тіндер де - 10%-дан аспайды. Екінші бір шипалы дәрі қатарына мюстофоран жатады.

Әртүрлі дәрілердің қосарланып  берілуі, кейінгі кездерде кең қолданыс тауып жүр. Соның ішінде Dartmouth кестесі тәжірибеде белгілі, оның құрамында: дакарбазин, цисплатин, ВСNU және тамоксифен бар, ал олардың. пәрменділігі дакарбазинге қарағанда жоғары, бірақ, асқыну жиілігі жоғары.  

Иммунды әдіс. Егер меланома асқынса (бөгелме ісік пен ауру қайталанса),онда химиотерапияға қосымша иммунды әдіс кеңінен пайдаланады (интерферон, интерлейкин, ісікке қарсы вакциналар т.б).

 Интерферондардың ішінде интрон және  роферон  жиі қолданады. Олар  жеке дара қолданғанда - 13-15% тиімді әсер береді де, 5% жағдайда ісік мүлдем жойылып кетеді. Бірақта, дәрінің мөлшері ұлғайған сайын асқыну жиі болады, сондықтан интерферонды 3 млн МЕ/м2 асырмау керек.

Асқынудың көрінісі тұмауға ұқсайды (дене қызуы 38-39-ға жетіп, дене түршігеді, тоңады, ет-сүйек сыздап қақсап ауырады; кейде гематологиялық, неврологиялық белгілер де байқалады.

Интерлейкиндердің ішінде интерлейкин-2, ал Ресейде ронколейкин деген дәрі қолданыста (осындай дәрі АҚШ, Еуропада пролейкин деп аталынады). Интерлейкин интерферонмен және химиялық дәрілермен қосарланып беріледі, сонда олардың  шипалық қасиет жоғарлайды.

Қазір меланомаға қарсы вакцина ойланып табылды, бірақ өкінішке орай клиникада ол кеңінен қолданбайды.

Болжамды  көрсеткіштері. Жалпы емнен кейін науқастың 5 жылдай өмір сүруі  50-65% тең. Меланома ерте анықталынса және Кларк жүйесі бойынша өсу дәрежесі І-ІІІ деңгейінде, ісік көлемі 2 мм-ден аспаса, онда радикалды хирургиялық емнен кейін  95% жағдайда бес жылдық өмір сүреді.

Диспансерлік бақылау жалпы ереже жүйесінде жүреді, әр тексерісте тері, аймақтық лимфа бездеріне, бауыр, өкпеге көңіл бөлінеді.

Дәріс қорытындысы:

1. Ультракүлгін  сәулесін көбірек қабылдаған, жас адамдарда меланомаға ұшырау қаупі  өте жоғары. Күнге көп қақталу  жастарға өте  қауіпті.

2. Оңтүстік аймақтарда және аудандарда жиі байқалады.

3. Әсіресе, ақшыл түсті және көздері көк адамдар жиі зақымданады.

4. Меланома туа біткен және жүре пайда болған пигментті қалдарда (невус), сонымен қатар Дюбрейл меланозы кезінде  жиі пайда болады.

5. Меланома - жалпы қою қара-көгілдір түсті қалдардан пайда болып, тері деңгейінен бөлек шығып, басып көргенде тығыздығы жұмсақтау, беті тегіс емес, шаш болмайды. Ол кейде пигментсіз болады.

6. Ол негізгі тері (дерма) бағытына қарай қалыңдап, немесе көлемін ұлғайтқан сайын өте қауіпті.

7. Ең негізгі диагностикалық тәсіл - гистологиялық зерттеу, ол үшін ісік жатқан жерден кең көлемде кесінді алу.

8. Меланоманың алғашқы өсу кезеңдерінде, тек хирургиялық әдіс стандартты ем болып саналады.

9. Меланома химиотерапияға төзімді келеді, ісік  асқынып, өршісе немесе қайталанса және болжам мүмкіншіліктері қиындау болған жағдайларда дәрі-дәрмек әдісі кеңірек пайдаланады.

10. Иммунды ем меланоманың асқынған түрлерінде қолданады, ол науқастардың аз болса да өмірін ұзартады.

11. І-ІІа өсу сатысында хирургиялық ем жүргізіледі,

12. ІІІа өсу сатысында адьюванттық химиотерапия хирургиямен қосарланып жүргізіледі,

13. ІІб- ІІІб өсу сатыларында, химиотерапияның соңында, не алдында, операция жасалынып, ол кезде, аймақтық лимфа бездері қосымша сылынады.

14. IV өсу дәрежесінде,  кешенді ем (иммунды+химиотерапия) қолданылады.

№ 4- дәріс.

Ауыз қуысы мен жұтқыншақ аймағының  рагы.

Кіріспе. Ауыз қуысының рак ауруларына тілдегі, ауыз қуысының түбіндегі, ұрттағы, жұтқыншақтағы қатты және жұмсақ тіндердегі, жоғарғы және төменгі жақтағы шырышты қабаты мен сүйектен пайда болатын қатерлі ісіктер жатады. Олардың қызметтері әртүрлі болса да, қатерлі ісіктің даму жолдары мен бөгелме ісік беретін аймақтары бір. Кейбір жағдайда алғашқы белгілері осы бөгелме  ісіктен басталып, оның алғашқы ошағын анықтау қиынға түседі.

Бұл аурулар тәжірибелі медицинада  өте маңызды, себебі аурушаңдық пен өлім-жітім көрсеткіші төмен болсада, операция өте ауыр жүреді, ал оның нәтижесі аса жақсы емес.

         Бұл аймақтағы қатерлі ісіктерді есеп-шотқа алып, тіркеу кезінде, олардың құрамындағы ағзаларға, мүшелерге қарай бөліп, ал кейбірлерін топтама ретінде көрсетіледі. Соның ішінде тек төменгі ерін рагы бөлініп, басқалары ауыз қуысы мен жұтқыншақ ісіктері болып топталады.

Бұл аймақты құрайтын негізгі қатерлі ісіктерге:

1. Төменгі ерін рагы,

2. Құлақ аналасындағы үлкен сілекей безінің рагы,

3. Жоғарғы жақ рагы,

4. Төменгі жақ рагы,

5. Тілдің рагы,

6. Ауыз қуысының рагы,

7. Жұмсақ тіндердің ісіктері.

Ауыз қуысы мен жұтқыншақтағы қатерлі ісіктерді, науқастың аузын ашып   көрген кезде-ақ байқауға болады, бірақта осыған қарамастан дер кезінде диагноз қойылмайды. Ауыз қуысындағы қатерлі ісіктер бір-біріне өте ұқсас келеді, дегенмен олардың әрқайсысының орналасқан  жеріне байланысты өзіне тән белгілері бар.

Ауыз қуысы мен жұтқыншақ анатомиясы

         Ауыз қуысына тіл, ауыз қуысының түбі (тіл асты), ұрт, ауыз қуысының қатты және жұмсақ тін дері, жоғары және төменгі жақ сүйектері жатады. Ауыз қуысы мен ауыз бен жұтқыншақ шекарасы, көмей мен тіл доғасы, тілшік, тіл өсінділері арқылы белгіленеді.Жұтқыншақта: мұрын, ауыз және  көмей бөлімдері  бар.Ауыз қуысы көп қабатты жайылма клеткалы түлемейтін шырышты қабатпен қапталған. Сондықтан мұндағы ісіктердің барлығы жайылма клеткалы, түлемейтін рактар. Түлейтін шырышты қабат тек тіл бетінде (өсінділерінде) байқалады.Шырышты қабатында, кішкене сілекей бездері орналасқан, олардан безді рак пайда болады.. Тіл мен ауыз қуысының түбі бұлшық еттерден тұрады. Қатерлі ісіктердің бұлшық еттерге тарауы болжау мүмкіншілігін едәуір нашарлатады, сондықтан операция көлемі кеңейтіліп  жүргізіледі.

Бұл аймақ лимфа жүйесіне өте бай. Лимфа ағымы төмен қарай терең және беткей орналасқан мойын, иек, жақ асты лимфа бездеріне тарайды. Қатерлі ісік клеткалары  - жақ сүйектерінің астында және мойындағы ірі-ірі күре тамыр айналасына бөгелме ісіктер береді.

Ауыз қуысы мен жұтқыншақ рагының  патологиялық анатомиясы

Қатерлі ісіктің е ң жиі кездесетін мүшесі – тіл (40-50%), оның ортаңғы бөлігі, одан соң ауыз қуысының түбі (20-30%), ал одан кейінгісі  ұртында (8-10%), бұдан да басқалары астыңғы, үстіңгі жақ сүйектерде кездеседі.

Макроскопиялық түрлері. Ісік ең алғашқы өсу кезеңдерінде беткей орналасқан жалақ, ойық жара немесе ақшыл түсті ақ таңбалар (лейкоплакия) немесе сәл сыртқа шығып тұрған өсінді тәріздес болады. Кейінірек, осы көрсетілгендер жайылмалы жараға айналады. Бұлардың ішінде ең жиі кездесетіні ойық жаралы жайылмалы түрі.

Гистологиялық құрылысы. Көбінде -  жайылма клеткалы  түлегіш, ал сирек түлемейтін, және де безді  рак. Өте  сирек - меланома, саркома кездеседі.

Ісік дамыған кезде жан-жағына тарайды – теріге, бұлшық еттерге, үстіңгі, төменгі жақ сүйектеріне, ауыз қуысының түбіндегі тін дерге..

Жалпы өніп-өсу лимфа арқылы жоғарыдан төмен қарай жүреді. Мойын лимфа бездерінде бөгелме ісіктер (50-70%) кездеседі, ал алыстағы мүшелерде бөгелме ісіктер сирек болады. Өсу сатылары төменгі еріндегі рактың жіктелуіне толық сәйкес келеді.

Ауыз қуысы мен жұтқыншақ рагының  эпидемиологиясы.

Көптеген елдерде ісіктің бұл түрлері дами қоймаған. Ең көп жерлерге Индия, Пакистан, Франция және АҚШ-тың кейбір штаттары жатады. Ресейде бұл ауру барлық қатерлі ісіктердің 2,3% құраған. Ал Қазақстанда ауыз қуысы мен жұтқыншақ  рагының орташа өзіндік салмағы (2006-2008 ж.), барлық қатерлі ісіктермен салыстырғанда – 2,0%, ал еркектерде - 2,8% де (17-орнын), әйелдерде -1,3% (13- орын).

Ауру жас ұлғайған сайын жиі байқалады (әсіресе, 60-69-тағы еркектерде).

    Қазақстандағы ауыз қуысы мен жұтқыншақ   рагының аурушаңдық көрсеткіші -3,7%ооо, ал облыстар бойынша бір келкі емес (№1-сурет).ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Ақмола (4,3%ооо), Атырау (4,4%ооо), Қарағанды (4,3%ооо), Павлодар (4,8%ооо), Солтүстік Қазақстан(4,8%ооо) облыстарында және Алматы қаласында (4,7%ооо) тіркелген, сонымен қатар ең төменгі көрсеткіш Маңғыстау (2,6%ооо), Жамбыл (2,7%ооо), Оңтүстік Қазақстанда (2,8%ооо), Кызылорда (2,9%ооо) облыстарында және Астана қаласында (3,2%ооо) анықталған. Бұл облыстардағы аурушаңдық көрсеткіштер республикалық көрсеткіштен (3,7%ооо) төмен

Ауыз қуысы мен жұтқыншақ рагы Қазақстанның аймақтары бойынша аурушаңдық ерекшелігі №2- суретте көрсетілген, осы суретте көрсетілген заңдылыққа сәйкес, а уыз қуысы мен жұтқыншақ рагының ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші - Қазақстанның Шығыс (4,4%ооо), Орталық (4,3%ооо), Солтүстік (4,0%ооо) өңірі мен Алматы қаласында (4,7%ооо) анықталса, ең төменгі көрсеткіші - Оңтүстік (3,0%ооо) пен Батыс (2,6%ооо) аймақтарында және Астана қаласында (3,2%ооо) тіркелген. Бұл көрсеткіштер республикалық көрсеткіштен(3,7%ооо) төмен

 

№1- сурет. Ауыз қуысы мен жұтқыншақ   рагының Қазақстан облыстары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2008 жж.).

 

№2- сурет. Ауыз қуысы мен жұтқыншақ рагының Қазақстан аймақтары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2008 жж.)

Ауыз қуысы мен жұтқыншақ ісік алды аурулары

· Боуэн ауруы,

· Кейра ауруы,

· лейкоплякиялар  (ақ таңбалар),

· папилломатоздар (өсінділер),

· қызыл жегі жаралы түрі,

· қызыл жалпақ дақтар жатады.

Осы аты аталған ісік алды аурулардың барлығында да жалақ, не ойық жара, немесе артық өсінділер белгісі болады.

Негізгі  себептері:

· темекі тарту,

· арақ ішу,

·  ультракүлгін  сәулесі.

· механикалық жарақаттан.

Осылардың ішіндегі ең қауіптісі – темекі. Оның  қауіптілігі  темекіні тартудың мерзіміне, темекі шегушінің  жасына және темекінің  сандық, сапалық қасиетіне тікелей байланысты. Темекінің зиянды әсері, әсіресе, насыбай ату мен  арақ ішкенде айқын байқалады. Ал Орта Азия халықтарының ішінде насыбайды  көп ататын этноспен, кәсіби топтар  бар. Олардың қатерлі ісікке  ұшырау қаупі өте жоғары. Әсіресе, темекі мен бетель жапырағын шайнайтындар. Ауруға тікелей жағымсыз әрекет тістің бүтіндігі  бұзылғанда (шірігенде, опырылып, үгітіліп жандары тегіс болмағанда) байқалады. Осындай жағдай протездерді қолданғанда, ауыз қуысының тазалығын нашарлағанда да кездеседі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: