Ходжкин емес лимфомалар 2 страница

9.ісіктің қолайлы жүруі химиотерапияға төзімді келеді,

10. Өте қолайсыз жүретін лимфома тез өседі, өршиді, асқынады, бірақ стандартты химиотерапияға өте сезімтал келеді

11. Лимфома көбінде бұғана үсті, мойындағы лимфа бездерінен шығады,

12. ЛГМ-дан айырмашылығы, тез арада осы аймақтың немесе басқа аймақтың лимфа бездеріне көшеді.

13. ЛГМ-дан тағы бір айырмашылығы, басқа лимфа бездерімен бірігіп, үлкен бір ісік түйініне айналады; оның қозғалысы түгелімен шектелген және шекарасы тегіс келмейді.

14. Ходжкин емес лимфомдар орталық кеуде қуысында өте сирек орналасады; бірақ, керісінше, іш перденің артындағы, ішектердің, жамбас қуысының  лимфа бездерін және сүйек миын жиі зақымдайды. Мұрын, жұтқыншақ және асқазан аймақтарындағы лимфа бездері көбірек аурады.

15. Диагноз тек гистологиялық зерттеуден кейін қойылады. Ол үшін иммунологиялық, иммуногистохимиялық және цитогенетикалық зерттеулер қажет болады.

16. Негізгі емдеу әдісіне химиотерапия жатады, оның шипалық қасиеті сәуле және иммунды әдістермен қосарланғанда жоғарлайды.

17. Тиімді емдеу бағдарламасы иммунофенотиптік зерттеу әдістеріне өте мұқтаж. Бұдан басқа ісік клеткаларының түрі де шешуші рөл атқарады.

18. Сәуле мен емдеу әдісі өз бетінше жеке қолданбайды.

19. Егер лимфома клеткасында  антиген (CD20) анықталса, онда оған қарсы антителалық – дәрілер (мабтер, зевалин, бексар) қолданылады,

20. Егер лимфомның типті түрі, ісік клеткасының  қауіптілігі, оның орналасқан жері және бірінші емнің қорытындысы белгілі болса, онда емдік нәтижелер қанағаттанарлық болуы мүмкін.

 

№ 3- дәріс.

Тері рагы

    Кіріспе. Терінің ісіктері қатерлі ісіктердің ішінде ең кең тараған және оларды гистологиялық жіктеу өте күрделі. Көпшілігінде бұл ісіктер терінің эпидермисінен пайда болады. Тері көп қабатты жайылмалы эпителиймен қапталған, осы бөлігінен шығатын қатерлі ісік – рак, ал дәнекер тіндерден - саркома, қалдардан – меланома пайда болады.

    Тері рагы - жалпақ және негізгі клеткалы эпителийден пайда болып, оның бірінші түрі барлық қатерлі ісіктердің негізгі қасиеттерін сақтап, ал екіншісі - қауіпсіз, баяу өсіп, бөгелме ісікті аз береді.

Тері рагы бірнеше, не біреу болып кездеседі, осыған байланысты оларды тек сыртқы бейнесіне қарап, анықтап, диагноз қою өте күрделі. Сондықтан барлық жағдайда - гистологиялық немесе цитологиялық зерттеуді талап етеді. Оларды емдеу әдістері неше түрлі, олардың негізгісі - сәулемен емдеу.

Теріде қатерлі ісіктерден басқа да, ісіктер мен өспелер және терінің рак алды аурулары жиі кездеседі, оларды талдап, жіктеп, емдеу, негізгі орналасқан жеріне, өсу сатысына тікелей байланысты.

Тері рагы жер шарында біркелкі тарамаған, оның жағрафиялық ерекшеліктері бар, оған қоса олардың әрбір құрылықта, мемлекеттерде өлкелік айырмашылығы кездеседі.

Терінің анатомиясы.

Тері - беткей орналасқан жұқа жайылмалы көп қабатты түлегіш (эпидермис) және терең жатқан негізгі тері (дерма) тіндер мен тері асты май қабатынан  құралады, ал оның негізгі  терісінде,  қосалқы - шаш, иіс және май бездері орналасқан. Терінің сыртқы (эпидермис) қабаты оның негізгі теріден  (дермадан) негізгі сызық (мембрана) арқылы бөлінеді.

Қатерлі ісік клеткалары терінің негізгі  мембранасын (сызықты) зақымдап, ыдыратып, жайылып енсе, ол рактың қатерлі белгісі,  Рак in situ немесе оның нольдік өсу дәрежесі кезінде, бұл сызық зақымдалмайды, сондықтан ісіктің  өсу дәрежесі байау  жүреді.

         Тері эпидермисі бес қабаттан тұрады:

· мүйізді,

· мөлдірлі (жылтыр),

· дәнді,

· тікенді (шеттікті),

· негізгі (базальді)

Терінің тікенді және  негізгі  (базальді) қабат клеткалары, тіндердің өсу үрдісіне қатынасқандықтан,  бұларды «өсіруші қабаттары» деп айтады.

Тері рагы осы «өсіруші қабаттарынан» пайда болады.

    Негізгі тері (дерма):

· емізікті,

· терең тор көзді, қабаттан құралады.

Кейінгі қабат тері асты май қабатымен шекаралас келеді. Осы тері қабаттарында өте бай қан тамырлары мен  лимфа жүйесі  орналасқандықтан, осылар арқылы бөгелме ісіктер тарайды.

Эпидермистің негізгі қабатында меланоцит клеткалары - меланинді (қара қоңыр пигмент) өндіреді. Оның жетілмеген өспелі жас пигментті клеткаларын меланобластома деп атайды. Олар кейбір адамдарда, осы пигментті клеткалы қалдар өте көп кездеседі және бұлар туа және жүре пайда болады.

Меланин (пигмент) меланоциттерден басқа, эпидермистің өсу қабатындағы клеткаларға күн сәулесінің ультракүлгін бөлігі түскен кезде пайда болады. Осының салдарынан күнге қақталған адамдарда тері түсі өзгеріп, қараяды. Меланині аз адамдардың терісі ультракүлгін сәулесінің зиянды әсерлерінен қорғана алмайды. Сондықтан терісі ақ пен сары адамдар пигменті клеткалары аз болғандықтан, күнге қақталуы зиян, сол себепті күнге ұзақ жатуға болмайды. Меланин -тирозиназа ферментінің әсерінен, тирозин амин қышқылы тотығуынан пайда болады, осы реакцияны меланогенез дейді. Егер тирозиназа ферменті аз болса, онда тері пигменті жоқ болып, одан пигментсіз меланома пайда болады.

Тері рагының  э пидемиологиясы.

Тері рагы жер шарының барлық аумағында кең тараған. Өте жиі кездесетіні - Австралия, Бразилия, Аргентина және  АҚШ; ал ең сирегі – Африка мен Азия елдерінде. Тері рагының меншікті үлесі Жер шарының солтүстігінен экваторға қарай өседі. Теңізбен қоршалған құрылықта тері рагы өте жиі кездеседі, оның себебі күн сәулесінің тікелей түсуі мен бірге, оның су бетінен шағылысуынан, ультракүлгін бөлігінің мөлшері өсіп, адамға екі жақты әсер етеді. Жалпы күн сәулесінің тері рагын қоздыратынын ең алғаш Аргентина ғалымы Рофо (1930), ал оның ультракүлгін бөлігінің әсерін Н.Н. Петровтың оқушысы Вадова, Сухуми питомнигінде (1948) дәлдеген.

Тері рагы, басқа қатерлі ісіктердің ішінде 11-15% құрап, 3-5 орын алады. Бұрынғы Кеңес одағында бұл рактың аурушаңдық көрсеткіші 22,3%ооо тең болған. Соның ішінде мына республикаларда: Украин (24,1%ооо), Қазақ (16,6%ооо), Молдаван (16,2%ооо), Армения (10,9%ооо), Грузия (9,5%ооо) және Ресей федерациясында (23,6%ооо) жиі кездескен. 

Тері рагының аурушаңдық көрсеткіші Қазақстанның әрбір облыстарында бір қалыпты тарамаған (№1- сурет), ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Шығыс-Қазақстан (40,3%ооо), Қарағанды (30,0%ооо), Қостанай (22,3%ооо), Павлодар (25,8%ооо) және Ақмола (17,7%ооо) облыстарында тіркелген, сонымен қатар ең төменгі көрсеткіш Жамбыл (9,3%ооо), Оңтүстік Қазақстан (7,6%ооо), Қызылорда (6,8%ооо) Атырау (4,0%ооо) және Маңғыстау (3,8%ооо) облыстарында анықталған.

Тері рагының Қазақстанның аймақтары бойынша аурушаңдық ерекшелігі (№2- сурет), осы заңдылыққа сәйкес келеді. Тері рагының ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Қазақстанның Шығыс (33,0%ооо), Орталық (12,8%ооо) және Солтүстік (17,7%ооо) өңірінде анықталса, ең төменгі көрсеткіші Оңтүстік аймақта (8,7%ооо) тіркелген.

Республика бойынша тері рагының меншікті салмағы  10,8%-тең де, барлық ісік ауруларының ішінде екінші орында тұр. Ал ерлер арасында бұл ауру өкпе, асқазан рагынан кейін, үшінші орынды алса, ол әйелдерде - емшек рагынан кейін,екінші орынды алып тұр.

№1- сурет. Тері рагының Қазақстан облыстары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2008 жж.).

 

 

№2- сурет. Тері рагының Қазақстан аймақтары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2008 жж.)

 

Қазақстанда тері рагы  кейінгі 10-15жылда әжептәуір төмендеді, оған себеп, ХХ ғасырдың соңы мен ХХ1- ғасырдың басындағы миграциялық процесстің өсуіне байланысты, Қазақстан территориясынан ақ нәсілді ұлтардың (еуропалық) өздерінің тарихи отанына көшуіне байланысты болып отыр.     Балаларда тері рагы өте сирек. ал егде жастағы адамдарда - жиі кездеседі.

Тері рагының  э пидемиологиялық ерекшеліктері:

1. Т ері рагы оңтүстік аймақтарда, экваторға жақындаған сайын жиі кездеседі.

2. Терісінде пигменті клеткалары аз  адамдар (еуропалықтар), қара нәсілді, не оған тектес елдерге (афро-азиялық) қарағанда жиі зақымданады.  

3. А шық далада (экрандалмаған топ) жұмыс істейтіндердің арасында тері рагы, экрандалған адамдарға (кеңсе қызметкерлері)  қарағанда жиі кездеседі, әсіресе балықшылар мен теңізшілерде, ауыл шаруашылығымен жиі байланыста болатын адамдарда.

Қоздырғыш факторлары:

· ультракүлгін және рентген сәулелері,

· ыстық заттан болатын күйіктер, тыртықтар,

· кәсіптік зиянды заттар,

Осылардың ішіндегі ең маңыздысы - ол ұзақ уақытқа созылған ультракүлгін сәуленің зиянды әсері.

Ультракүлгін күн сәулесінің қуаттылығы тәуліктің 12-16 сағат арасында, артады, осы уақытта күнге қақталу қауіпті. Бұған қосымша техникалық лас заттардың зиянды әсерінен ауадағы озон қабаты тесіліп, одан  ультракүлгін сәуленің  көп мөлшерде өтуіне мүмкіндік туады. Бұл жағдай тері рагының пайда болуына  қолайлы кез болып саналады.

· тері рагы рентген сәулесінің әсерінен де пайда болады. Бұған, өткен ғасырдың басындағы тіркеуге алынған рентгенологтардың кәсіптік тері рагы мысал бола алады.

· Ұзақ уақытқа созылған термикалық фактордың  әсерінен үнді тұрғындарының шап аймағындағы терілерінде рак ауруы анықталған. Бұлар, суық биік таулы суық жерде (Гималай) тұратындықтан шап аймағына, өздерін жылыту үшін, түбекке («кангри»)  оттың шоғын салып жүрген.  

· Кейбір химиялық заттардың - мышьяк, көмір майы, жанып кеткен отын қалдықтары, бояулар, күл-қоқыстар т.б. да, әсері бар өндірістерде жұмыс істегендердің арасында  тері рагы жиі байқалған.

· Темекінің де әсері бар, оны шекпегендерге  қарағанда, темекі тартқандардың арасында  тері рагы екі есе жиі тіркелген.

Терінің ісік алды аурулары

Нақты ісік алды (облигаттық) аурулар, олар міндетті түрде ракка айналады.

Олар:

1 Пигментті ксеродерма,

2 Педжет ауруы

3 Боуэн ауруы

4 Кайр эритроплазиясы

Нақты емес (факультативтік) ісік алды аурулар, олар кейбір кездерде ракка айналуы (10-15%)  мүмкін.

Оларға:

· терінің  созылмалы қабыну аурулары,

· ойық жаралар,

· әртүрлі  тыртықтар (келлоидтар),

· қарт адамдардағы кератоздар,

· сүйелдер,

· тері мүйізі,

· гиперкератоздар,

· Кератоакантомалар

Жалпы нақты емес аурулар нақты ісік алды ауруларға қарағанда жиі кездеседі, сондықтан олардың рак ауруына  көшуі де сирек емес.

Терінің облигатты (нақты) рак алды аурулары

Пигментті ксеродерма – созылмалы туа біткен терінің нәрсізденуі, ол күн сәулесіне тұрақты жағдайда өте сезімталдығымен байланысты. Жас балаларда (2-3 жас), көктем мен жаз кезінде, денелерінің ашық жерлерінде, түлегіш, құрғақ қызыл дақтар шығып, созыла келе олар семіген даққа айналып, телеангиоэктазиялар және тарының көлеміндей бөртпелі секпілдер шығады. Кейбір жері жарылып, гиперкератоз бен сүйел тәрізді өсінділер пайда болып, ақыры жайылма клеткалы ракка айналады. 

Емі -симптоматикалық әдіс, ал ракка айналғанда сәулемен емдеу.

    Боуэн ауруы – әуелі бір не бірнешеу болып, түйінді дақтар шығып, беттері қабыршық пен қыртыс басып, шоғырланып қызыл-сары түсті, шеттері тегіс емес, түйіндікке (бляшка) айналады. Түйіндік үстіндегі қабыршығын алғанда, түйіндік беті тегіс не емізік тәрізді болады, оны экзема тозды түрі дейді. Егер түйіндіктің бетінде гиперкератоз болса – онда оны сүйелді түрі деп атайды. Бұл ауруы адамның денесінде жиі кездеседі, ұзақ, жылдар бойы баяу өсіп, ақыры ракка айналады, оның ерекшілігі сол, ол тез арада аймақтық және алысқы бөгелме ісіктерді туғызады. Морфологиялық зерттеуде – Боуэн ауруында, гиперкератоз бен акантоздар, алып клеткалы эпителийінде тас тәрізді үлкен ядролары, ал мүйізді қабатында «дөңгелек денешіктер» мен дәндері болып, негізгі қабаты зақымдалмайды.

    Емі - -хирургиялық әдіспен сылу не криодеструкция жасау. Кейде сәулелі емді қолданады.

    Педжет ауруы – экзема тәрізді, қою қызыл-қара түсті, ылғалды, кейбір жері қабыршықпен қапталған терінің ойылған жарасы, ол біртіндеп жайыла өседі. Сүт безінің емізік айналасынан басқа, сыртқы жыныс мүшелерінің айналасында, шап аралығында кездеседі. Гистологиялық зертеу кезінде Педжет клеткасын анықтауға болады, ол дөңгелек не сопақ, үлкен клеткалар, ішінде көпіршіктенген цитоплазмасында, шала бойалған дөңгелек ядросы бар, терінің негізгі қабатында орналасады.

    Кайр эритроплазиясы – бір жерде орналасқан, алқызыл түсті, ылғалды, барқыт секілді, беткей орналасқан, ауыратын, көлемі кішкене дәнектен 1-2 см-ге дейінгі түйіншек, көбінде қасаба басы мен күпегінде кездеседі және де қартайған әйелдердің сыртқы жыныс мүшелерін де зақымдайды. Ауру байау тарап, жылдарға созылады, ал оның ойылуы немесе ошақталған шашақты өспе болса, онда оның жайылма клеткалы ракка айналғанын көрсетеді. Бұл кезде тез шап аймағындағы лимфа бездері шошып, бөгелме ісіктер пайда болады.

    Емі. Осы жоғарыдағы Боуэн, Педжет және Кайр ауруларын – эпителий ішіндегі рак деп есептеп, ракка қарсы қолданылатын әдістермен емделуі керек.

Терінің факультативті (нақты емес) рак алды аурулары

    1- тобындағы факультативті рак алды ауруларына, шын мағынада қоздырғыш себептері белгілі болғандар жатады.

Оларға терінің:

· рентген сәулесімен,

· радий мен,

· мышьякпен,

· туберкулезбен

· мерезбен зақымдалғандары.

Осылардың аясында, олар 6,0% ракка айналады.

2- тобындағы факультативті рак алды ауруларға, қоздырғыш себептері анықталмаған, кератопреканцерозға топталғандар жатады. Бұларда көп мөлшерде мүйіздену (кератоздық) процесстері басым болып, олардың 10,0% ракка айналады. Бұл топқа жататындар жоғарыда көрсетілген сырқаттар.

Олардың көпшілігі егде адамдардың денесінің ашық жерлерінде орналасып, әртүрлі сарғыштау немесе боз қызғылт түсті дақтар, беттері бүдірлі не сүйелді болып келеді.

Кератоакантома –ол «жарты сфералы айна» тәрізді түйін, көлемі 2 см.-ге дейінгі, жар қабақты, ортасы мүйізді қабыққа (массаға) тола болады.

Тері мүйізі – бұл түрі терінің бетінен шығып тұратын конус тәрізді өспе. Осы екеулері 10-25% ға дейін ракка айналады.

Сақтану шараларына мыналар жатады:

· күн сәулесінен сақтану,

· бет пен мойынды күн көзінен қорғау,

· күн сәулесі күйдірмеу  үшін, одан қорғайтын  майларды жағу,

· созылмалы жараларды толық емдеу,

· тыртықтарды тітіркендіргіш немесе механикалық қоздырғыш заттардан сақтау,

· зиянды заттардан қорғану,

· ісік алды ауруларды емдеу.

Тері рагының  п атологиялық анатомиясы

Тері рагыашық жерлерде -  бетте (мұрын, маңдай, көз алды, жақ) және құлақ қалқаншасында (80-90,0%) орналасады, ал қалған мүшелерде (кеуде, аяқ-қолда) 5-10% жағдайда кездеседі.

Тері рагы -   экзофитті (сыртқа қарай) және эндофитті (ішке қарай) өседі.

· экзофитті түрінде -  түйін жалпақтау, шеті тегіс, ортасы ішке қарай тартылады, айналасы бұлтықтанып, қатты болады,

· эндофитті түрінде ---  ісік терінің астыңғы қабатына, айналасына қарай жайыла  өсіп, тіндерді ыдыратып,  ойық жараға айланады, оның айналасы тегіс емес, жар қабақты, ауырмайтын өспе.

Гистологиясы - тері рагы негізгі және  жайылма клеткалы, және де  тері қосалқы мүшелерінен шығатын рактар.

Терінің негіздік (базальді) түрі өте баяу өсіп, бөгелмелі ісік бермейді,  ал жайылма клеткалы түрі, керісінше, тез арада айналасындағы сау тіндерге таралып, аймақтық және алыстағы  мүшелерге бөгелме ісік береді.

Базалиома немесе базальді клеткалы рак - барлық тері ісіктерінің 70-75%-ын құрап, беттің азу үстіндегі бөлігінде жиі орналасып, баяу өсіп, бөгелме ісік бермейді, сондықтан оларды қатерлі және қатерсіз ісіктердің арасындағы рак деп те қарайды. Гистологиялық зерттегенде базалиома клеткалары, терінің негіздік қабатының клеткаларына ұқсайды, бірақ оларда байланыс байламдары болмайды да, оның клеткаларының арасында қалыпты митоз басым болып, ал қалыпты емесі (атипиялық) өте сирек кездеседі. Базалиоманың гистологиялық түрлеріне – беткейлі бірнеше орталықты, солидті, жылауықты, безді (аденоидты) рактар жатады.

Клиникалық белгілері - әуелі тері бетіндегі қатты майда, қызғылттау, қызғылт сары немесе жылтыр ақ, меруерт тәрізді түйін пайда болып, өсе келе бірігіп, бөлектенген түйіндікке айналып, ортасында ыдырап, айналасы білеуленіп, жар қабақты болып, терінің астына, айналасына еніп, оларды ыдыратып, ойық жараға айналып, беті жылтыр қабықпен қапталып тұрады.

Жайылма клеткалы рак – терінің эпидермисінен және  рак алды ауруларынан, одан соң оныңқосалқы мүшелері – майлы, терлі бездері мен шаш түбірінен пайда болады.  

Гистологиялық екі  түрі кездеседі - пісіп-жетіліп мүйізделген, пісіп жетілмей мүйізделген. Біріншісінде мүйізделген рак клеткалары  әр жерде шоғырлана ұйалап, пияз қабатына ұқсап, «меруерт тәрізді ракты» құрайды. Жайылма клеткалы ракісік алды аурулардан тарайды да, тез жайылады. Лимфа жүйесі мен, қан тамыр арқылы басқа тіндерге тарап, аймақтық және алысқы мүшелерге бөгелме ісіктерді  сүйектерге, өкпеге береді.  

Өсу дәрежелері төрт сатыға бөлінеді:

І- сатысы, ісік не ойық жара,  көлемі 2см, терінің эпидермисі мен тері негізіменен (дерма) шектелген, терісімен бірге толық қозғалатын, айналасындағы тіндерге жайылмаған, бөгелме ісігі жоқ;

П- сатысы, ісік не ойық жара, 2-см-ден асық, терінің барлық қабатына еніп, бірақ астындағы тіндерге жайылмаған, жақын арадағы лимфа безінде бір қозғалмалы бөгелме ісігі бар.

Ша- сатысы, көлемді ісік не ойық жара, терінің барлық қабатына және астыңғы тіндерге еніп, бірақ сүйек пен шеміршекке жетпеген, бөгелме ісігі білінбейді.

Шб- сатысы, көлемді ісік не ойық жара 5 см ден артық, терінің барлық қабатына және астыңғы тіндерге еніп, бірақ сүйек пен шеміршекке жетпеген, бірнеше қозғалмалы немесе бір шамалы қозғалатын бөгелме ісігі бар.

1Уа- сатысы, ісік не ойық жара, теріге тұтас жайылып, астындағы тіндерге, шеміршек пен сүйекке енген,

1Уа- сатысы, шағын көлемдегі ісік не ойық жара, қозғалмайтын аймақтық немесе алысқы мүшелерде бөгелме ісігі бар.

Тері рагының   Халықаралық Т N М жүйесі бойынша жіктелуі

Т- алғашқы ісік,

ТХ –ісік көзі белгісіз

Tis- іn situ - рагы)

То - ісік түйіні анықталмаған,

Т1 - ісік түйіні 2см-ге дейін, не одан кем, тек беткей орналасқан немесе экзофитті түрі.

Т2 - ісік түйіні 2см- ден  5см-ге жететін, немесе ісік көлеміне қарамай, оның тері қабатына, негізгі теріге дейін азғана жайылған,

Т3- ісік түйіні 5см-ден асқан немесе ісік, негізгі теріге дейін терең жайылған,

Т4 - ісік теріден басқа бұлшық еттерге, сүйекке, сіңірге, буынға тараған, N- лимфа бездері:

Nx- лимфа бездері белгісіз,

No - лимфа бездері анықталмаған,

N1 - зақымдалған жағында қозғалмалы лимфа бездері бар,

N1а - лимфа бездері бөгелме ісікті емес,

N1б - лимфа бездері бөгелме ісікті,

N2- қозғалмалы лимфа бездері қарсы жағында, немесе екі жағында бар,

N2а - лимфа бездері бөгелме ісікті емес,

N2б - лимфа бездері бөгелме ісікті,

N3- қозғалмайтын лимфа бездері бар,

М- бөгелме ісік:

Мх - бөгелме ісік белгісіз,

Мо- алысқы  бөгелме ісік жоқ

М1 - алысқы  бөгелме ісік бар

Тері рагы – деп диагноз қойылғанда, оның өсу сатысын екі түрде қалыпты клиникалық жіктеу мен халықаралық ТNМ жүйесі бойынша,  міндетті түрде белгілеу керек.

Тері рагының  к линикалық белгілері

Т ері рагының сыртқы көріністеріне қарай:

· беткейлі,

· жайылмалы,

· шашақты (папиллярлы) болып, бөлінеді.

Беткей орналасқан ракта,  бір немесе бірнеше түйіндер қосылып, көлемі «шақпақтың» басындай, түсі сарғыштау немесе сұрлау болып, қолға қаттылау сезіледі. Бұл кезде ауру адам дәрігерге қайрылмайды, үйткені  оны ісік мазаламайды, сондықтан шағымдану болмайды. Кейінірек, түйіннің көлемі ұлғайып, жағасы қатаяды, домбығып, ісініп, тері бетінен шығып, ортасы ішке қарай кіріп, шұңқырланып, қабықтанып, түлей бастайды да, жараға айналып, қанайды. Егер бетіндегі қабық түссе, онда ойық жара түстес болады (ulcus rodens). Бұл  көріністер базалиомаға да  тән белгі.

Жайылмалы түрінде, тері терең жараланып, жағалары тегіс болмай, көмескіл келеді. Жараның түбі іріңді қабық болып, қатаяды. Егер қабықты алсақ, онда беті «адыр-бұдырлы» болып,  қанайды. Жара жайылып, айналасын түгел қамтығандықтан  ол аз қозғалады, тіпті, қозғалмайды да. Бұл ісік көбінесе жайылма клеткалы  ракқа ұқсас келеді.

Шашақты ( (папиллярлы ) түрі сирек кездеседі, ол «түйме» сияқты өсіп, жіңішке шашақтары мен  теріге  жалғасады. Тез жарақаттанып, қан ағады. Ісіктің беті тегіс келмейді, түрлі-түсті қырық қабат сияқты болады. Бұл ісік те, жайылма клеткалы  ракқа ұқсас келеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: