Ходжкин емес лимфомалар 3 страница

Тері рагының  д иагностикасы

Аурудың даму тарихын (анамнез) жинаудан басталады. Науқас адам терідегі ісікке (өсіндіге, жараға) шағымданады. Ол біраз уақыттың ішінде өз бетінше кетпей қояды, ісік түйіні еш уақытта ауырсыну сезімін туғызбайды, бірақ қышуы мүмкін. Көбінесе, алғаш рет ісік өзгермеген теріде немесе  рак алды - өзгерістердің үстінде байқалады.

Тері рагы - өте баяу жүретін қатерлі ісік және ешқандай жалпы дәрі-дәрмектердің әсері байқалмайды. Керісінше, біртіндеп ісік көлемі дамылсыз ұлғаяды.

Анамнезді  жинағанда мына нәрселерге ерекше көңіл бөлу керек:

· ісік көзі қай кездерде және немен байланысты өзгеруіне,

· жаралану бірден, не ол ісік алды аурудан пайда болуына,

· зақымданған жерге, ракты қоздырғыш факторлар (күн сәулесі) мен  химиялық зиянды заттардың алдын-ала әсеріне.

Көру және сипау. Ісіктің  сыртқы көріністері, ауруды анықтауға ешқандай қиындық туғызбайды.

Солардың ішіндегі ең маңыздысы:

· қатты ісік түйіні,

· оның ортасы ішіне қарай кіріп кетуі,

· жағаларының домбығып ісінуі, сарғыштануы, жылтырауы,

· жараның тез арада жазылмауы,

· түйін немесе жара айналасында кішкене қантамырларының шоғырлануы.

Ісіктің ерекшеліктерін лупа арқылы айқындауға болады. Онда түйін шекарасы теп-тегіс емес, көмескіл келеді. Айналасы  ақшылдау, беттерінде ұсақ қантамырлары шоғырланады.

Міндетті түрде лимфа бездерін сипау қажет. Егер олар зақымдалса, онда үлкейеді немесе пішінін өзгертіп, қатаяды, бірақ ауырмайды.

Қанды талдаудың немесе өкпені рентгенге салудың, ультрадыбыс арқылы ішкі мүшелерді тексерудің қажеті шамалы, себебі олардың диагноз қоюға пайдасы аз. Ең керектісі цитологиялық және морфологиялық зерттеу өте тиімді.

Цитологиялық тексеру кезінде, м атериалды инемен ісікті тесіп, шығындысын сорып алады (пункция) немесе ісік бетіне  шишаны тигізіп, не  пышақпен ісікті қыру (скарификациялау)  арқылы да  жақпа алуға болады.

Тері рагын - аурудың даму тарихын сұрау, көру және сипау арқылы дәл анықтауға болады. Диагнозды дәлелдеу үшін цитологиялық, морфологиялық тексерулер керек.

Цитологиялық зерттеуге керекті материалды алуүшін, өте сақтықпен жараның қабығын көтеріп, ашылған жара бетін пышақпен қырып,  қырындыны шиша бетіне жағып, немесе ашық жара бетіне шишаны тигізіп, жақпа алуға болады.  Егер жақпа қалыңдау жағылса, онда екінші бір шишаны пайдаланып, бір-біріне беттерін тигізіп, «ары-бері» жүгіртіп, жақпаны жұқартуға болады.

Гистологиялық тексеру - ең негізгі тәсіл. Ол үшін материал алатын жерді жансыздандырады (0,25-0,5% новокаин мен) да, ісіктің шетінен  1,0 см.- дей, сау ұлпасымен қоса  кесіп алады, содан соң қан ағуын тоқтатады. Тек осылай алынған тері кесіндісінен ракты зерттеу тиімді болады, диагнозды  дәл анықтауға мүмкіншілік жасалады.

Тері рагын  е мдеу жолдары

  Тері рагын - сәуле, хирургиялық және дәрі-дәрмектермен толық емдеуге болады. Бұларға қосымша тағы криогендік, лазерлік және фото динамикалық әдістер бар. Оларды қолдану ісіктің көлеміне, орналасқан жеріне, өсу дәрежесіне және ісік айналасындағы тіндердің қатынасына тығыз байланысты.

Сәулемен  емдеу. Егер ісіктің көлемі кішкене болса, онда рентген сәулесі қолданады (45-50 Гр), Осы әдіспен  95%-ға жуық емі нәтижелі болады, ал ісік жайылмалы болса және ол  көз алдында, мұрында, құлақ қалқаншасында орналасса, онда емдік қасиет төмендейді.

Әдістің кемшілігі:

· ұзақ уақыт, бір айдан кем емес емделуі,

· айналасындағы сау ұлпаға зиянды әсерінен, олардың созылмалы өзгерістерге ұшырауы т.б.

Хирургиялық ем – ісік  кеудеде немесе аяқ-қолдарда орналасқан кездерде қолданылады. Операция кезінде  ісікті кесіп алу, немесе оны электр тогымен және лазер сәулесімен күйдіреді. Осындай ем криогендік жолмен де жүргізіледі.

Тері рак ауруында, теріні кесу көзге көрініп тұрған ісік шекарасынан ең кем дегенде  2,0 см-дей, ал  базалиомада - 0,5см қашықтықта жасалуы керек.. Жалпы хирургиялық әдіс - ісік сүйекке, қантамырларына өтсе немесе күйген жерде, тыртық үстінде іріңді жара пайда болса, нәтижелі болады.

Криогенді әдіс - сұйық азотпен (3-5минут) ісікті мұздату арқылы үсітіп, ісік клеткаларын өлі еттендіреді, ал ісік орны  3-6 аптадан соң, нәзік білінбейтін  тыртыққа айналады. Бұл тәсіл пәрменді болу үшін үсітуді  2-3 рет қайталайды.

  Лазерлі сәуле де жақсы нәтиже береді, әсіресе, ісік сүйекке жақын орналасса немесе ол қайталанған кездерде.

Егер ісік мұрында, көз айналасында немесе құлақта орналасса, ал - ол ісіктің көлемі-1,0 см-ден аспаса, оған науқастың сезімталдығы болмаса, онда фото динамикалық әдіс қолданылады.

Химиялық д әрі-дәрмектерден, көбінесе 5%-фторурацил майы қолданылады; оны ісіктің жарасына 15-30 рет жағып, айналасын цинк пастасымен қорғайды. Егер ауру асқынса, өршісе, онда блеомицин, проспидин дәрілерін пайдаланады.

Емнің қай түрі болмасын жалпы нәтижелері (85-90%) рактың алғашқы сатыларында (1-П) тиімді, ал оның ІІІ-ІV өсу дәрежелеріндегі жетістік жоғарғы көрсеткіштен 2-3 есе төмен болады.

Диспансерлік бақылау - базалиомада 5-жыл, одан кейін олар есептен шығарылады.  ал жайылма клеткалы  ракта өмір бойы бақылау қажет етеді. Жазылған ауруларға рецидив туралы мәлімет берген дұрыс.

Дәріс қорытындысы:

1. Қазақстанда тері рагы  өте жиі кездесіп, ол өкпе рагынан кейін екінші орын алып, соңғы жылдары аурушаңдық көрсеткіші төмендеуде.

2. Тері рагы Қазақстанда біркелкі емес, олардың ішінде еуропалық ұлттардың өзіндік үлесі көп облыстар мен аймақтарда ол жиі кездеседі.

3. Күннің сәулесіне өте төзімді келетін және тез арада «күйе қоймайтын» адамдардың терісінде, пигменті клеткасының деңгейіне байланыстылығы анықталған, Қара, не қоңыр қара түсті (афро-азиялық) елдерде, тері рагы, еуропалық ақ түсті елдерге қарағанда, аз шалдығатыны дәлденген.   

4. Күн ыстық құрылықта, жерлерде, аймақ пен өлкелерде тері рагы еуропалық көшпенділер арасында, аборигендерге қарағанда, жиі кездеседі..

5. Ашық далада жиі жұмыс істейтіндерде (фермер мен моряктар) және күн көзінің ультракүлгін  сәулесінің жиі түсетін адамның ашық жерлеріндегі (бет пен  қол) терілерінде де жиі кездеседі.

6. Нақты ісік алды ауруларға - пигментті ксеродерма, Педжет, Боуэн және Кайр аурулары жатады.

7. Базальді  клеткалы тері рагы өте баяу өсіп, бөгелме ісіктерді  аз береді

8. Жайылма клеткалы  тері рагы,  аймақтық лимфа бездеріне және алыста орналасқан мүшелерге бөгелме ісігі тез тарайды.

9. Базальді  клеткалы тері рагы тек бір жерде ғана шоғырланып, «түйме» сияқты, қолға қаттырақ сезілетін кішкене ғана түйінді сарғыш түсті болып   келеді; жараланып, оның шет жақтары білеуленіп, ісінеді.

10. Жайылма клеткалы  рак терең жараланып, түбі тегіс емес («адыр-бұдыр»), тез қанағыш, жағалары өте қатты, айналасына таралып өскіш болады.

11. тері рагы тек морфологиялық әдіспен дәлелденеді.

12. Тері рагын, әртүрлі әдіспен емдеуге болады, оларға  сәуле (лазер, радий, рентенг), криогенді, хирургиялық және дәрі-дәрмек пен фото динамикалық емдер жатады.

Тері меланомасы

Кіріспе. Тері меланомасы шамалы сирек кездесетін қатерлі ісікке жатады. Тері меланомасы пигмент түзетін меланоциттен пайда болады, олар эпидермистің базальды қабатында, негізгі тері мен эпидермис арасындағы сызықта орналасады. Меланоциттің меланофорлы (меланин түзбейтін) клеткадан ерекшелігі, оны оздырушы гормонды шығарады. Меланин пайда болуына себепті әсер ететіндер ультракүлгін мен ренген сәулелері. 

Тері меланомасын бірден анықтау мүмкін емес, оның ағымы өте қауіпті, емдеу жолы да күрделі. Меланомада пункция не биопсия жасауға болмайды. Осыған байланысты көпшілігінде кешенді әдіс қолданады (хирургиялық, сәулелі, иммунды және химиялық).

Тері меланомасының патологиялық анатомиясы

Меланоманың гистологиялық көрінісі сан алан болып келеді.Меланоманы басып тұратын эпидермис өте нәзік келеді, оның әрбір қабатында топталған не жеке меланоциттер орналасады. Олардың ішінде ұй алы не альвеолярлы клеткалары басым болады. Дәнекер тіндерге жайылған меланобластың түрі мен көлемі әртүрлі, негізінде екі түрі - тек куб немесе дөңгелек, не ұршық тәрізді болып кездеседі. Куб немесе дөңгелек клеткалысы ұялы ұяшық түрінде құрамды болып, олардың арасында жіңішке дәнекер сызаттары болады. Ал ұршық тәрізді түрінде, дәнекер сызаттары біркелкі түзу емес болып кездеседі. Көптеген көп ядролы, алып клеткалы, митозды бөлінген пішіндер оларға тән белгі. Клеткасының цитоплазмасы ашық болып, кейбірінде базофильді гиперхромды, ядросы ортасынан тыс орналасқан (эксцентрлі) клеткалар болып кездеседі. Меланоманың негізгі белгісі – меланиннің болуы, оның саны, әртүрлі ісіктің әрбір бөлігінде, не сол бір ісіктің ішінде әртүрлі болуында.

Меланома теріде өте жиі орналасады, ал көздің қарашығында, әйелдердің сыртқы жыныс мүшелерінде, қынапта және тік ішекте сирек кездеседі. Көбінесе меланома аяқта, кеудеде және қолда пайда болып, тек 10-20% жағдайда бас пен мойынды зақымдайды.

Меланоманың ағымы сан алуан, кейде баяу жүрген ісік табан астында асқынып, өршіп кетеді; ал кейбір кездерде, бөгелме ісіктері  ұзақ уақыт еш белгі бермейді. Міне, осыған байланысты алдын-ала болжау мүмкіншіліктері меланомада өте қиын және бұл мүмкін емес.

Меланомаға жалпы бая өсуі оған тән қасиет. Бірақта, оның көлемі ұлғайса тез арада ағымы күшейіп, негізгі теріге (дермаға) қарай өсіп-өну қасиетіне тап болады, әсіресе, оны  тітіркендіріп, қоздырса.

Меланома негізінде үш бағытта өседі: 1-тері үстімен, 2- терінің жан-жағына, 3- аралас тері ішімен және тері астымен. Тері үстімен өскен кезде   көлемі жалпақта жайылып ұлғаяды, мұны көлденең бағыттағыөсу дейді. Бұл кезде терінің зақымдануы  негізгі теріге дейін жетеді. Ал енді өсудің екінші деңгейінде ісік тік бағытта өсіп, негізгі теріні  зақымдап, одан соң  бөгелме ісікті береді.

1965 жылы Кларк деген ғалым меланоманың тері астына өсуін 5-деңгейге бөлген:

· 1- деңгейі -  ісік, терінің   негізгі қабатындағы мембранасына дейін өсуі. Яғни ісіктің терідегі эпидермистің: 1-түлегіш, 2- мөлдір, 3- дәнді, 4- тегіс емес қабаттан өтуін айтады. Ендігі бесінші қабат базальды клеткасындағы мембраналық сызық болып саналады. Осымен эпидермис бітіп, одан соң негізгі тері қабаты (дерма)  басталады.

· 2- деңгейі – ісік, эпидермистен өтіп,  базальды мембранадан (сызықтан) асып, негізгі тері басталған жеріне жетуі,

· 3- деңгейі – ісік,  негізгі терінің  бірінші емізікті және  екінші торлы қабаттары зақымданғанда,

· 4- өсу деңгейінде ісік  негізгі терінің  ең соңғы қабатына шейін жетуі,

· 5-өсу деңгейі - ісік, тері астындағы  май қабатын зақымдауы.

Көрсетілген Кларк жіктеуімен қатар меланоманы болжау үшін ісіктің көлемі де шешуші рөл атқарады. Ол бойынша түйін қалыңдығын Breslow (1970) мына көлемге бөледі:

· 0,75 мм,

· 0,75-1,5 мм,

· 1,5-4,0 мм,

· 4,0 мм-ден үлкен.

Меланоманың көлемі (қалыңдығы) өскен сайын, оның лимфа бездерін зақымдаған сайын, оны  болжау мүмкіншілігі қиындала түседі.

Бөгелме ісіктері.  Лимфа бездері өте жиі зақымданады, олар  қара түске айналып, қолға қатты болып сезіледі. Осымен қатар, меланома айналасындағы тері де, тікелей бөгелме ісікке шалдығып, тәж тәрізді   сателлиттер пайда болады.  Бұлар бірімен-бірі бірігіп, теріде жайылмалы сателлиттер қаптап, тері ісініп, көкшіл-қызыл түсті болып, науқас адамды қатты мазалайды, ауру сезімі күшейіп, ісік  ағзаға тарап, миды, өкпені, бауырды, сүйектерді зақымдайды.

Тері меланомасының эпидемиологиясы

Меланома тері рагына қарағанда 7-8 рет сирек кездеседі. Оның үлесі барлық қатерлі ісіктердің 1,5%-ын қалыптастырады. Жиілігі жөнінен ең жоғары деңгейде Австралия (25,0-28,0%ооо), ал  Еуропа тұрғындары (4-9,0%ооо) австралиялықтарға қарағанда  5-6 есе төмен зақымданады.

Тері меланомасының аурушаңдық көрсеткіші Қазақстанның әрбір облыстарында бірыңғай емес (№1- сурет), ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Шығыс-Қазақстан (3,0%ооо), Қарағанды (2,8%ооо), Қостанай (2,7%ооо), Павлодар (3,0%ооо) облыстарында және Алматы қаласында (2,8%ооо) тіркелген, сонымен қатар ең төменгі көрсеткіш - Қызылорда (0,3%ооо) Оңтүстік Қазақстан (0,6%ооо), Ақтөбе (0,7%ооо), Атырау (0,7%ооо) және Жамбыл (1,0%ооо) облыстарында анықталған.

 

№1- сурет. Тері меланомасының Қазақстан облыстары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2008 жж.).

 

Тері меланомасының Қазақстанның аймақтары бойынша аурушаңдық ерекшелігі (№2- сурет), осы заңдылыққа сәйкес келеді. Тері меланомасының ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Қазақстанның Шығыс (3,0%ооо), Орталық (2,0%ооо), Солтүстік (2,1%ооо), өңірінде және Алматы қаласында (2,8%ооо), анықталса, ең төменгі көрсеткіші Оңтүстік аймақта (0,8%ооо) тіркелген. Жалпы республика бойынша тері меланомасының аурушаңдық көрсеткіші орта есеппен - 1,7%ооо ге тең.

Жас пен жыныстық ерекшеліктері. Әйелдер ер азаматтарына қарағанда жиірек ауырады және неғұрлым жас ұлғайған сайын ауруға шалдығу мүмкіншілігі ұлғая түседі (70-тен асқандарда). Тері рагындағы жасқа байланыстылық, меланомада сезілмейді.

Эпидемиологиялық заңдылықтары: Жағырапиялық ерекшеліктер меланомада да кездеседі, бұл заңдылық ультракүлгін сәулесіне тығыз байланысты.

1. Ультракүлгін сәулесіне көбірек қақталған  сайын соғұрлым қауіпті жағдай ұлғаяды,  әсіресе, 12 мен 16 сағат аралығында, себебі бұл  мезгілде  ультракүлгін сәулесінің  көлемі өсіп, оның тікелей зианды әсері басым келеді.

2. Меланома мен еуропалық ақ нәсілді этностар  жиі шалдығады. Әсіресе, олардың шаштары және көздерінің қарасы төмендеу болса. Қазақстан және Қырғызстанға қоныс аударғандарда (еуропалықтар), жергілікті тұрғындарға қарағанда науқастардың саны мен аурушаңдық көрсеткіштерінің  айырмашылығы бар. Орта теңіз аймағында тұратындар арасында,  еуропалықтарға қарағанда, тері меланомасы  аз кездеседі, себебі олардың терісі қара түстес  келіп, пигментке бай. Осы пигмент күнге қақталған  кезде қорғаныс рөлін атқарады.

 

№2- сурет. Тері меланомасының Қазақстан аймақтары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2008 жж.)

 

Тері меланомасының алдын-ала кездесетін аурулары

Меланома, туа және жүре пайда болған пигментті қалдардан (невус) және Дюбрейл меланозынан жиі пайда болады.

Пигменті қалдар (невустар) – гистологиялық түріне қарай былай бөлінеді:

· шекаралық – эпидермалды невус,

· тері ішіндегі,

· аралас,

· көкшіл невус,

· жас балалардың  меланомасы

    Шекаралық невус – меланоциттер эпидермистің негізгі қабатында орналасып, ұмада, алақанда және табанда, жалпақ дақ немесе қара-қоңыр түсті түйіншек, 1 см-ден кем, тері бетінен шығып тұрмайтын, түксіз болып келеді.

    Тері ішіндегі невус – клеткалары негізгі тері ішінде орналасып, тері бетінен шығып,  шашақ секілді топтанып, эпидермисі өзгермеген, кейде беті гиперкератозданып және папилломатоз тәрізді өсіп, шаш түбірі оның түбінде көбейіп кездеседі. 

    Көкшіл невус – меланафорлар дәнекер тіндердің арасында орналасқан,  невус пен эпидермис арасында қалыпты тіндері бар, көкшіл, көкшіл-қоңыр, немесе көкшіл боз түсті болып келеді. Оларға «маңғол» дағы және көк невустар жатады. Бұлардан меланома өте сирек пайда болады.

    Аралас невус – невус клеткалары негізгі тері мен эпидермистің негізгі қабатында орналасады, тері бетінен шығып тұрады, бұлардан меланома жиі кездеседі.

    Жас өспірім балалардың меланомасы – бұл аралас немесе шекаралы невустың ерекше түрі, гистологиялық жағынан қатерлі меланомаға ұқсас келеді. Невус үстіндегі эпидермисі семіген, жалпақ не шар тәрізді жеке түйін болып, пигменті аз, солғын қызыл, қызыл-сары, қоңыр, не қара түсті болып келеді. Невустың бұл түрін қатерлі ісік меланомадан ажырату өте қиын. Бірақ невустың бұл түрі жас балаларда кездесіп, ағымы қауіпті емес, олар ақырында тіндік кері дамуға ұшырайды. 

Ото невусы -  маңғол нәсілді елдерде және азиаттарда, ерекше Жапонияда көп кездеседі. Ол ұрт пен самай аймағында, көздің әртүрлі бөліктерінде орналасып, терісі қара-қоңыр түске пигменттеніп, «лас тері» секілденіп көрінеді. Одан меланома өте сирек дамиды.

    Алып невус – туа пайда болады, өсе келе көлемі ұлғайып, көп аймақты жауып тұрады., Жалпы ол дене мен аяқ-қол терілерінде орналасады, олардың беті тегіс емес, пигментелген бөлігі папилломатоз бен гиперкератозды аймақтармен  қосарланып келеді Салыстырмалы түрде бұл невуста - меланома сирек кездеседі.

Дюбрей меланозы – онда ешқандай қал болмайды. Бұл ауру көбінесе егде жастағы адамдарда, көбінде әйелдерде, адамның бетінде, денесі мен қолында  байқалады. Терісі  қою қоңыр немесе қара түсті дақтар, бейнесі тегіс емес, жағрапия қартасы секілденіп, көлемдері тарыдай дан баланың алақанындай болып кездеседі. Осындай терідегі көріністерде меланома пайда болуы мүмкін.

Жалпы адамдардың 90-97%-да пигментті қал кездеседі. Бұлардың орналасуына сәйкес:

· 1- негізгі тері мен эпидермистің ортасында,

· 2- негізгі тері (дерма) ішінде,

· 3- аралас түрлері, болып кездеседі.

Осылардың  ішінде, өте қауіптісі біріншісі, олар қою қара, қоңыр қара сұрлы және тек қара түсті, шашсыз  қалдар. Тері үстінен сәл көтеріңкі келіп, қолға жұмсақтау келеді; көлемі мм-ден 1,0 см-ге дейін жетеді. Көбінде, бұлар баста, мойында, кеудеде, алақанда және табанда кездеседі.

Өте сирек кездесетін пигментті қалдар  болады, бұлардан меланома өте жиі пайда болады. Оларға жататындар көк түсті қалдар, көлемі тым үлкен невустар және Ото қалы.

Бұрын қалдарды шұқуға, түртуге рұқсат етпейтін, ал қазір кезкелген қалдарды көрініп тұрған шекарасынан  0,5 см- дей артық жерден, кеңірек кесіп алу, меланоманың ең керекті сақтандыру шарасы болып саналады. Әсіресе, осы мақсатпен, табанда, аяқта, тырнақ аймағында және көтен айналасында қалыптасқан қалдарды  міндетті түрде сылып алып тастаған жөн, себебі аталмыш жерлер жиі жарақатқа ұшырайды. Әрине, алынған затты мұқият морфологиялық зерттеу керек.

Кез келген қалдан, меланоманы қоздыратын  себептер:

· ультракүлгін сәулесімен қақтану,

· жиі-жиі болатын жарақаттар,

· ағзадағы гормонды өзгерістер.

Ультракүлгін сәулесінен дененің  ашық жерлердегі теріні олардан қорғау керек. Бұл әрекеттің пайдасы зор. Міне, осы көрсетілген себепке байланысты меланома ыстық жерлерде өте жиі тіркеледі.

Бұдан басқа ауаның техникалық қоқыстармен ластануы және атмосферадағы озон қабатының жұқаруы, тікелей теріге зиянды әсері бар. Әсіресе, жас ағзаның күн көзіне ұзақ қақтау өте қауіпті. Егер осындай себептерден тері күйсе меланоманың  пайда болу қаупі 2,2 есе ұлғаяды.

Кезкелген жарақат әсерінен  (40%) пигментті қалдар, меланомаға айналу қаупі жоғары болады.Сондықтан е ш уақытта қалды жөнсіз жарақаттау немесе оның түбін жіппен қатты қысып байлау өте қауіпті. Ағзадағы гормондық өзгерістердің ықпалын шегеруге болмайды. Меланома  кейбір кездерде гормонға сезімтал келеді, осыған байланысты қазіргі кезде  емдік бағдарламада тамоксифенді қосып, ем жүргізілуде.

Тері меланомасынан сақтану шаралары:

· кез келген пигментті қалдардың  көлемі 6 мм-ден асып және олар ағзаның жиі тітіркенетін жерінде орналасса, оларды жан-жақты тексеріп және ұзақ уақыт бақылау,

· пигментті қалдарды еш қашан  жарақаттамау және оларды халық емдерімен емдемеу.

· пигментті қалдары бар адамдар, көп уақыт күнге қақталудан сақтану.

Меланоманың TNM жүйесі бойынша жіктелуі.

Өсу дәрежелерін лимфа және басқа мүшелердің зақымдануы мен, ал негізгі жерде оның теріде таралуымен, оған қоса  морфологиялық тәсілмен анықталады.

Т- бірінші ісік көлемі. Ол тек ісік тұтас сылынғаннан кейін анықталынады.

N-- аймақтық лимфа бездері.

- аймақтық лимфа бездері анықталмаған, белгісіз.

No - аймақтық лимфа бездері білінбейді.

N1 - зақымданған жағында қозғалмалы лимфа бездері бар,

N2 - зақымданбаған, немесе екі жағында, қозғалмалы лимфа бездері бар,

N2а - лимфа бездеріндегі бөгелме ісік  көлемі 3см- ден асса,

N2б -  сателлиттер көп болса,

N2с - соңғы екі жағдайдың екеуі де қабаттасып келсе,

   М- - алыстағы бөгелме ісік.

Мо-- алыстағы бөгелме ісік жоқ.

М1 - алыстағы бөгелме ісік бар.

М1а- бөгелме ісік теріде, немесе тері асты май қабатында бар болса және ол аймақтық емес лимфа бездерінде орналасса,

М1б- ішкі мүшелер бөгелме ісікпен зақымданса.  жарақаттанса.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: