Ходжкин емес лимфомалар 5 страница

Сақтану шаралары - а уыз қуысының қатерлі ісіктерінен сақтану үшін темекіден, арақтан, насыбай атудан бас тартып, тазалық  шараларын үнемі ұстап отырған жөн. Тіс және қызыл иек ауруларын уақтылы емдеудің де пайдасы зор. Тағамда витаминдердің (каротиннің және каротиноидтардың) көбеюі едәуір пайдалы.

Ауыз қуысы мен жұтқыншақ рагының клиникалық белгілері

Алғашқы өсу дәрежесінде ісіктің  ешқандай белгісі болмайды, тек зақымдалған  жерде қолайсыз нәрсе немесе аздап ауырсыну сезімі байқалады.Науқас адам ауру сезімін баспамен (ангина) немесе тіс ауруларымен байланыстырып, ал кейіннен ауру сезімі шоғырланып, зақымданған  жерге жиналады. Ол кезде ауыз қуысындағы шырышты қабатында  жолақты түйін, көпшілігінде ойық жара болады да, ауырсыну сезімі ұлғайып, тұрақты  түрде үдей түседі. Ойық  жара өлі еттеніп, ауыздан жағымсыз шіріген сасық иіс сезіледі. Көп кешікпей мойыннан лимфа бездері ұлғайып, қатая түседі, олардың сандары өседі. Бұл кезде ауырсыну сезімі құлаққа және  жақ аймақтарына беріледі.

Ауыз қуысы мен жұтқыншақ рагының диагностикасы.

  Науқастың шағымы ісіктің орналасқан жеріне тікелей байланысты. Тілдегі ісік, басқа жерге қарағанда, ауырсыну сезімін күшейтеді. ал ісік тілдің артқы жағында орналасса  жұтыну қабілеті  нашарлап, тамақта бөгде зат  тұрғандай сезіліп, ауырсыну сезімі жақ сүйектеріне қарай беріледі.

Көру кезінде жара табылады, оның ортасы іріңді, көгілдір қабықтанады да жағалары тегіс емес көтеріңкі келеді. Жара қолға қатты сезіліп, жайылмалы түрде өскендіктен, қозғалуы тежеліп, шекарасы анық болмай, ауырсынады. Кейде ісік сыртқа қарай, экзофитті түр де  өсіп, өсінді ретінде көрінеді, бұл түрі емге оңай әрі жеңіл болады.

Ісікті көру, сипау және морфологиялық зерттеу арқылы  (биопсия) дәл анықтауға болады.

Көмейді және тілдің түбірін көру үшін ларингоскоп пайдаланады.

Қанды сараптағанда ЭТЖ-ның  өзгеруі мүмкін.

Параклиникалық әдістердің (ультрадыбыс, рентген) нәтижелері клиникалық тәсілден (көру, сипау) шамалы ғана. Сонымен диагноз қойу қорытындысы, цитологиялық және  морфологиялық зерттеулердің нәтижелеріне байланысты.

Ол үшін керекті затты жара бетінен жақпа алу (цитологияға), ал морфологиялық тексеру үшін  биопсия алынады. Аймақтық лимфа бездеріндегі бөгелме ісіктер сипаумен, немесе ультрадыбысты зерттеумен дәлелденеді, болмаса оны инемен тесіп, одан шығындыны  сорып, жақпа жасап цитологиялық тексеруден өткізеді.

Ауыз қуысы мен жұтқыншақ рагының е мдеу жолдары

· Сәулені қолдану,

· Операция жасау,

· Криогендік тәсілмен күйдіру,

· Фото динамикалық жолдармен емдеу.

Бұл әдістер ісіктің  алғашқы өсу сатыларында (1-П) қолданса толық нәтиже береді, ал енді ІІІ- сатысынан бастап, тек қоспалы не кешенді ем берілгендіктен, нәтижесі жоғарғыдағы мен салыстырған да төмен болады.

Сәулелі әдіс – ол радиоактивті инемен не, гамма сәулесімен (кобальт – 60) күніне 2-2,5 Гр.- ден беріп, 60 Гр.- ге  жеткізіледі.

Ісіктің І- ІІ- дәрежесінде сәуле жеке түрінде, ал   ІІІ- дәрежесінде басқа әдіспен (операциямен) қосарланып жүргізіледі, егер лимфа бездері зақымдалса, онда сол аймақты да сәулелендіреді. Операциядан кейін, ісік не оның бөгелме ісіктері  толық алынбаса сәуле әдісі қолданады. Әрине, операцияға қарағанда сәуле әдісі өте жеңіл жүреді, бірақ оның науқас бетіне зиянды әсерлері көп, солар туралы ауру алдын-ала білгені жөн.

Хирургия әдісі - тек жеке түрінде өте сирек қолданады. Көпшілігінде  ол химиотерапия және сәулемен қосарландырады. Операцияның ерекшелігі оны орындау кезінде  электр тогын қолдана отырып, радикалды операция жасалуында. Электр тогымен қатар лазер сәулесі де жиі қолданады.

Тілде орналасқан қатерлі ісікте (төменгі еріннен айырмашылығы), Крайль операциясын міндетті түрде жүргізіледі. Операцияның негізгі мақсаты  мойындағы, төменгі жақтағы лимфа бездерін, айналасындағы май қабаттарымен қоса сылу. Бұл операцияны ісіктің негізгі ошағы емделгеннен кейін, 3-6 аптадан соң,  екінші кезеңде жүргізіледі.

Ісік асқынғанда, айналасындағы мүшелерге жетіп, оларды зақымданғанда  операция көлемі де ұлғаяды, яғни кеңейтілген операция жасалып, айналасындағы мүшелер алынып, оны протездермен алмастыруға тура келеді. Науқастың бет-әлпеті мен  пішіні  өзгереді, сондықтан, бұл болатын пластикалық операциялар (протездер) тудыратын өзгерістерді науқасқа білдіріп, алдын ала оның келісімі қажет.

Басқа емдеу әдістеріне криогенді тәсіл мен фото динамикалық ем жатады. Бұлар ісіктің көлемі 3 см. ден аспай, жайылуы 1,0 см. тереңдікте болса және қарт адамдарда да жиі қолданылады..

Химиотерапия – ісік  қайтадан қозса немесе асқынса, онда ол жеке әдіс түрінде, ал ол көбінде кешенді әдіс ретінде қолданылады. Олардың  ішінде цисплатин, 5-фторурацил және метотрексатты қосарлап бергені өте  тиімді.

Емнің нәтижелері. Ісіктің І- сатысында, бес жылдық өмір сүру  көрсеткіші 70-90%, ІІ-  сатысында - 50-60%-ға  тең де, ал  ІІІ- өсу дәрежесінде бұл көрсеткіш тым төмендеп, IV өсу дәрежесінде нәтиже беруі шамалы.  

Еңбекке жарамсыздық және реабилитация. Операциядан кейін науқастың шайнау, жұтыну, сөз сөйлеу, т. б. қызметтері бұзылады, сондықтан оларды қалыптастыру үшін  пластикалық операциялар жасалып, логопедтің көмегі қажет болады. Сәуледен кейін асқыну болса - трипсин, шырғанақ майын, антибиотиктерді қолдану  керек.

Еңбекке жарамдылық әр адамда әр түрлі шешіледі; мысалы, сәуледен кейін ауру әр уақытта еңбекке жарамды болып саналады.

Диспансерлік бақылау жалпы Ш- клиникалық топ ережесі бойынша жүргізіледі. Керекті жағдайда –науқастың қанын тексеріп, флюорографиядан өткізу керек.

Шықшыт және басқа сілекей бездерінің ісіктері.

    Кіріспе. Барлық сілекей бездердің 90,0% шықшыт безде, ал қалған 10,0%, ауыз қуысындағы басқа сілекей бездерді құрайды. Барлық сілекей бездердің ісіктерінің 50,0%, шықшыт бездің аралас ісігі болады. Ол әйелдерде, еркектерге қарағанда, 2 есе жиі кездеседі.

Қатерсіз ісіктері:

Барлық өспелердің 2/3 бөлігін шықшыт безінің қатерсіз ісігі құрайды.

Гистологиялық түрлері:

· аденома,

· аденолимфома,

· «аралас» ісіктер,

· мукоэпилермоид.

Бұлардың барлығы жылдап, кейде 10-15 жылға дейін байау, ауыртпай өседі. Ісік 5 см-ден асқанда өзі сипап тауып, не басқа адамдар байқап көрсетеді.

Аденома – қозғалмалы, беті тегіс, өте сирек (3,0%) кездесетін, біркелкі клеткалы (базофильді немесе ашық клеткалы) ісік.

Аденолимфома – белгісі бойынша аденомаға ұқсас, бірақ жұмсақ, лимфа және эпителиальды тіндерден тұрады.

«Аралас» ісік –морфологиялық құрлысы күрделі болып келеді. Бұл эпителий мен дәнекер тіндердің қалдығынан пайда болатын ісік болғандықтан, оны аралас ісік деп атайды. Бірақта, қазіргі кезде ол тек эпителиальды тіндерден пайда болатыны дәлелденсе де, осы мәтін сақталып қалған. Ісіктің беті тегіс, кейде ірі бұдырлы болып, тығыздығы жұмсақтау, не өте қатты, қабы бар болып кездеседі. Оның кейбір клеткалары қабының сыртында орналасады. Шықшыт безінің ісігі ешуақытта жымыңдатқыш еттерді салдандырмайды.

Эпителийлі емес ісіктер – ангиома, липома, невринома т.б. өте сирек кездеседі.

Анықтау жолдары. Диагнозы сипау, рентген (сиалография және томосиалография) және цитологиялық тексерулердің арқасында анықталады.

Емі. Көпшілік жағдайда хирургиялық ем, аденома және аденолимфомада энукляция жасайды, ал «аралас» және мукоэпидермоидты ісікте – бет жүйкесіне көлбей субтотальді резекция, не бездің жартысын, не түгел сылып, бет жүйкені сақтап жасайды.

Қатерлі ісіктері. Көбінде рак шықшыт бездің эпителийінен (цилиндрома, аденокарцинома) пайда болады.

Клиникалық белгілері:

· ауырсынуы,

· өсу қарқыны өте жылдам,

· айналасындағы тіндерге жайыла өсуі,

· бет жүйке бағаналарын зақымдауы,

· соның себебінен, беттің жымыңдаушы етінің салдануы.

Мукоэпидермоидты ісік - шықшыт безінің  «аралас» ісігіне ұқсас боп келеді, тек гистологиялық зерттеуде - жайылма клеткалы эпителий мен сілемей бар ісік екені анықталады. 

Цилиндрома – бұлда шықшыт безінің  «аралас» ісігіне ұқсас боп келеді де қан арқылы бөгеме ісік беруге бейім. Шықшыт безінің рагы - өкпеге, жақ астындағы бездердікі – сүйекке бөгеме ісік береді.

Аденокарцинома – ең жиі кездесетін түрі, басты сатысында оның ығысуы шамалы, өсе келе ауырсыну пайда болып, айналасындағы тіндерге жайыла бастайды және бет жүйкесінде зақымдайды..

    Мукоэпидермоидты рак – сирек кездеседі, бірақ қозғалуы мен ығысуы шектелген, ісік көлемі кіші болса да, айналасына тез тарайды.

    Жайылма клеткалы рак – клиникалық белгісі бойынша аденокарциномадан айырмашылығы аз да, өте сирек кездеседі.

    «Аралас» ісіктен пайда болған рак – басқа қатерлі ісіктерге қарағанда баяу өседі, осы ісіктің ракка айналуы орташа 7-10% құрайды.

    Анықтау жолдары.   Диагноз қойу кезінде – клиникалық, морфологиялық зерттеулердің негізіне сүйене анықталады.

    Емі. Ең бастысы қоспалы ем, рактың алғашқы кезеңінде, лимфа бездері зақымдалса, оларды түгел қамтып, ара қашықты не қысқа фокусты гамма сәулесімен 45-50 Гр. беріп, 3-4 аптадан соң хирургиялық ем қолданылады.

    Болжамы – Цилиндромалы ракта 1-2 жылдан соң, қан арқылы алысқы бөгелме ісіктер пайда болады.  Бет жүйкесі зақымданғанда беттің жымыңдатқыш еттері салданады. Жалпы бес жылдық өмір сүру мерзімі 20-25%.

Дәріс қорытындысы:

1. Қазақстанда ауыз қуысы мен жұтқыншақ   рагының орташа өзіндік салмағы, барлық қатерлі ісіктермен салыстырғанда – 2,0%, ал еркектерде - 2,8% да (17-орын), әйелдерде -1,3% (13- орын) құрайды.

2. Еркектер әйелдерге қарағанда 2 есе жиі ауырады. Ең жоғарғы деңгей 60-69 жас аралығында.

3. Қазақстандағы ауыз қуысы мен жұтқыншақ   рагының аурушаңдық көрсеткіші -3,7%ооо, ал облыстар бойынша бір келкі емес.

4. Ауыз қуысы мен жұтқыншақ   рагының пайда болуына себеп болатындарға - жағымсыз әдеттер: темекі шегу, арақ ішу, насыбай ату және де ауыз қуысындағы әртүрлі тіс аурулары жатады.

5. Нақты ісік алды ауруларына - Боуэн, Кейр аурулары, нақты емесіне - лейкоплакия, папилломатоз, қызыл жегі жатады.

6. Рак тілде және тіл астында жиі кездеседі.

7. Ауыз қуысы мен жұтқыншақ   рагының патанатомиялық өсу түрі экзофитті, эндофитті және аралас боп кездеседі.

8. Ауыз қуысы мен жұтқыншақ   рагының түйінді түрі сипағанда қатты келеді және айналасындағы тіндерге біртіндеп жайылып, өсіп ұлғаяды да, ерте ойық жара пайда болып, оның жан-жағы буылтық сияқты ісінеді.

9. Ауыз қуысындағы ракта төменгі жақ астындағы, мойын қантамырларының айналасындағы лимфа бездері ерте зақымданады.

10. Өсу сатылары төменгі еріндегі рак сияқты келеді (жіктелуінде айырмашылық жоқ).

11. Алғашқы өсу сатыларында ісік белгісіз жүреді, бірақ кейде сәл ауырыңқырап, немесе ауыз қуысында бөгде зат тұрғансып, сезіледі.

12. Ісікті анықтау үшін: оны сипап қарау және одан ет кесіп алып (биопсия) гистологиялық зерттеу мен өкпені рентгенге түсіру (флюорография).

13. Ең тиімді емі - сәуле мен операция, ал ісік шырышты қабатында орналасса - криогенді не фото динамикалық тәсіл қолданылады да, асқынған сатысында - қоспалы және кешенді емдер пайдаланады.

14. Лимфа бездеріндегі бөгде ісіктері төменгі жақ аймақтағы май қабаттарымен бірге сылынады (Ванох, Крайль операциялары).

15. Ауыз қуысы мен жұтқыншақ   рагының І-ІІ- сатысында ем тиімді, ал ІІІ-IV- сатысында - нәтижесі шамалы

16. Барлық сілекей бездердің 90,0% шықшыт безде, ал қалған 10,0%, ауыз қуысындағы басқа сілекей бездерде кездеседі.

17. Барлық сілекей бездердің ісіктерінің 50,0%, шықшыт бездің аралас ісігі жатады. Ол әйелдерде, еркектерге қарағанда, 2 есе жиі кездеседі.

18. «Аралас» ісік –морфологиялық құрлысы эпителий мен дәнекер тіндердің қалдығынан пайда болатын ісік болғандықтан, оны аралас ісік деп атайды.

19. Көбінде рак шықшыт бездің эпителийінен (цилиндрома, аденокарцинома) пайда болады.

20. Көпшілік жағдайда хирургиялық ем, аденома және аденолимфомада энукляция жасалады.

21.  «Аралас» және мукоэпидермоидты ісікте – бет жүйкесіне көлбей субтотальді резекция, не бездің жартысын, не түгел сылып, бет жүйкені сақтап жасайды.

22. Цилиндромалы ракта 1-2 жылдан соң, қан арқылы алысқы бөгелме ісіктер пайда болады.  

23. Бет жүйкесі зақымданғанда беттің жымыңдатқыш еттері салданады.

24. Жалпы бес жылдық өмір сүру мерзімі 20-25%.

 

 

Төменгі ерін рагы

Төменгі ерінің а натомиясы мен физиологиялық қызметі

Төменгі ерін жұмсақ бүрмелі, әр түрлі бағыттағы бұлшық еттен, оның сырты терімен, ал іші шырышты қабықпен  қоршалған, ал  олардың ортасында қызыл жиек орналасқан, оның астындағы қан тамырлар жақын жатқандықтан ол қызыл түсті. Б ұл жерде сілекей бездері және тері асты майлы қабат болмайды. Сілекей бездер, тек  ауыз бұрыштарында және жоғарғы ерінде көп орналасқандықтан,  төменгі ерін құрғақтау болып, оның  қорғаныс қабілеті төмен болғандықтан, осы мүшеде  қатерлі ісік жиі кездеседі. Сілекей бездерінен – сілекей шығады, ол төменгі ерінді жұмсартуға көмек береді.

Қан тамыр жүйесі - бет артериясынан, төменгі ерін артериясы арқылы келіп, ал көк тамырлары ауыздың айналасына жиналып, бет көк тамырына құйады.

Лимфа жүйесі ерінің тіндерінен басталып,  иек, жақ, құлақ, мойын маңайындағы бездерге барып, олар бірімен-бірі және керісінше, қарама-қарсы аймақтағы бездермен де,  байланыста болады

Бас пен бет аймағындағы қатерлі ісіктерінің ішінде төменгі ерін рагы ерекше орын алады, себебі пайда болу жолдары, клиникалық және -морфологиялық көріністері, тексеру мен анықтау әдістері оңай, көзге көрініп анықталатын қатерлі ісікке жатады. Онкологиялық есеп-шотта жеке қатерлі ісік түрінде, қатталып, қаралады

Төменгі ерін рагының э пидемиологиясы.

Төменгі ерін рагы көптеген елдерде аз кездеседі. Ең төменгісі Англияда 1,0%ooo, ал жоғарғысы - Венгрияда 8,9%ooo тіркелген. Жалпы орташа есеппен жер шары бойынша төменгі ерін рагының аурушаңдық көрсеткіші 3,0-4,0%ooo –ке тең. Ресейде соңғы жылдары еркектер арасында аурудың саны үш есе, ал әйелдер де – екі есеге кеміп, ретті саны бойынша 21-орынды алып, жалпы  қатерлі ісіктердің 1%-ын құрайды.

Ауыл адамдары қала тұрғындарына қарағанда 1,5-2,0 есе жиі зақымданады.

Қазақстанда төменгі ерін рагы, жалпы қатерлі ісіктің орташа (2006-08 жж.) есеппен 1,0%, ал еркектерде – 1,3%, ал әйелдерде - 0,3% құрайды да, олардың өзара қатынасы 4:1 тең.

Қазақстандағы төменгі ерін рагының аурушаңдық көрсеткіші облыстар бойынша бір келкі емес (№1-сурет).ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Ақмола (3,1%ооо), Қостанай (2,9%ооо), Павлодар (2,6%ооо) және Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды (2,3%ооо) облыстарында тіркелген, сонымен қатар ең төменгі көрсеткіш Оңтүстік Қазақстанда (0,6%ооо), Атырау (0,6%ооо), Кызылорда (0,7%ооо) және Жамбыл (0,4%ооо) облыстарында анықталған.

Төменгі ерін рагы Қазақстанның аймақтары бойынша аурушаңдық ерекшелігі (№2- сурет), осы заңдылыққа сәйкес келеді. Төменгі ерін рагының ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Қазақстанның Шығыс (2,4%ооо), Батыс (2,6%ооо), Орталық (2,7%ооо) өңірінде анықталса, ең төменгі көрсеткіші Оңтүстік (0,8%ооо) және Солтүстік (0,7%ооо) аймақтарында тіркелген.

№1- сурет. Төменгі ерін рагының Қазақстан облыстары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2008 жж.).

№2- сурет. Төменгі ерін рагының Қазақстан аймақтары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2008 жж.)

Жас және жыныстық ерекшеліктері. Ер азаматтары әйелдерге (0,3%) қарағанда жалпы 4 есе (1,3%), жиі ауырады да жас өскен сайын төменгі ерін рагы  көбейіп,  40-49 жастағылармен салыстырғанда,70-тен асқандарда 20 есеге өседі.

Негізгі  себептері:

· темекі тарту,

· арақ ішу,

·  ультракүлгін  сәулесі,

· механикалық жарақаттан.

Ісік алды аурулары:

· Боуэн ауруы,

· еріндегі сүйелдер,

· Мангонотти ауруы,

· дискератоздар (еріннің түлеуі),- 100% жағдайда ракқа айналады.

· тері мүйізі,

· кератоакантома,

· папилломалар,

· лейкоплакия) рак ауруына 15-30% жағдайда ауысады.

Төменгі еріндегі ісік алды ауруларды ошақты және   жайылмалы деп екіге бөледі.

Жайылмалы түрі (лейкоплакия, гиперкератоз, хейлит) көбінде қабыну үрдістеріне тән болып, еріннің көптеген аумағын қамтиды, ерін жиі құрғақтанып, ағарады, тез зақымданып, жарылып, беті  қабыршықтанады, бірақ тін жұмсақ күйде қалады. Рак ауруына сирек ауысады және одан ажыратып алу қиынға соқпайды. Осы аурулардың бәрін тіс дәрігерлері емдейді.

Ошақты түрі - рак ауруына жиі ауысады.

Ол екі түрлі:

· түйінді өзгерістер (сүйел, тері мүйізі, лейкоплакия т.б.), көлемі  кішкентай болып, ерін бетінен сырт қарай шығып тұрады,

· ойық  жара сияқты өзгерістер, олардың қабығын алса, қан ағады (Мангонотти, Боуэн аурулары).

Төменгі ерін рагының п атологиялық анатомиясы

         Рак төменгі еріннің ортаңғы бөліктерінде және екі жақ бөлігінде жиі  орналасады, ал ауыздың бұрышында өте сирек кездеседі. Патанатомиялық түрі – экзофитті (шашақты, сүйел тәрізді, фунгозды), эндофитті (ойық жаралы, ойық жаралы - жайылмалы) және аралас боп келеді.

Гистологиясы - көбінде  – жайылма клеткалы  түлегіш не түлемейтін (10-15%)  және өте сирек - негізгі клеткалы (базальді) рак.

Өсу сатылары

І- сатысы –  ісік, не ойық жара көлемі 1см, шырышты қабатта, не қызыл жиектің шырышты қабатының астында шектелген, бөгелме ісігі жоқ.

ІІ- сатысы:

а). ісік не ойық жара көлемі 2 см., шырышты қабатта, не қызыл жиектің шырышты қабатының астында, еріннің жартысынан аспай шектелген түрі,

б). ісік не ойық жара көлемі жоғарғыдай, не онан кем, аймағында бір қозғалатын бөгелмесі бар түрі.

ІІІ- сатысы:

а). ісік не ойық жара көлемі 3смге дейін, еріннің жартысынан көбін басып, оның астына қарай немесе езуіне, ұртына және иектің жұмсақ тіндеріне жайылған түрі,

б). ісік не ойық жара көлемі жоғарғыдай, не онан кем, иек пен жақ астында қозғалысы шамалы шектелген бөгелмелері бар түрі.

IV- сатысы:

а). іріп-шіріген ісік, еріннің жартысынан асып, оның астына қарай өсіп, иек пен жақ сүйегіне жеткен, қозғалмайтын бөгелмелері бар түрі,

б). ісік не ойық жара кез келген көлемде, алыстағы ағзаларда бөгелмелері бар түрі.

Төменгі ерін рагының TNM жүйесі бойынша жіктелуі

Т -алғашқы ісік.

TIS -   жайылар алдындағы эпителий ішіндегі рак (in Situ.),

To – алғашқы ісік анықталмаған,

Т1 – ең ұзын жағы бойынша, ісіктің  көлемі 2 см., не одан да кем, тек қана беткей орналасқан не экзофитті түрі.

Т2 – ең ұзын жағы бойынша, ісіктің  көлемі 2 см., не одан  кем, азғана тереңдікке жайылған түрі,

Т3 – ең ұзын жағы бойынша, ісіктің  көлемі 2 см.,ден асқан, немесе ісік көлеміне қарамай, төменгі қабатына жайылған түрі,

Т4 – ісік сүйекке жеткен түрі.

N - аймақтық лимфа бездері:

N0 - аймақтық лимфа бездері сипағанда білінбейді,

N1- ісік жағында, ығысатын  лимфа бездерінің  болуы,

N1а- лимфа бездері, бөгелме ісік пен зақымдалмаған,

N1в- лимфа бездері, бөгелме ісік пен зақымдалған,

N2 - ісік жақтан, сипағанда білініп, ығысатын,  не екі жағындағы лимфа бездері бар,

N2а- лимфа бездері, бөгелме ісік пен зақымдалмаған,

N2в- лимфа бездері, бөгелме ісік пен зақымдалған,

N3- сипағанда ығыспайтын лимфа бездері бар.

М - алыстағы бөгелме ісіктері.

М0- алысқы бөгелме ісік  жоқ

М1- алысқы бөгелме ісік бар

Ісіктің дәлелдену жолы бойынша жіктелу (PTNM). Әр PT, PN, PM, TNM категорияларына толық сәйкес келеді.

Төменгі ерін рагының к линикалық белгілері

Ең алғашқы өсу кезеңінде еріннің ортаңғы сызығындағы бөлікте (жанында) кішкене ғана теріден шығып тұрған сүйел бар, оның беті біркелкі  емес, ортасы ішіне қарай кіріп, тегіс боп, қабықтанып, тұрады, ал жараның шеттері тегіс емес. Қабығын  алған кезде жарадан қан көрінеді, түйіннің тығыздығы қаттылау. Біртіндеп жараның көлемі немесе сүйел өсе бастайды, сөйтіп ол «қырық қабат» сияқты ерінді зақымдайды, бұл ісіктің сыртқа қарай өскен экзофитті түрі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: