Тері ішіне инъекцияны орындау 2 страница

Қолғапты шешу

 Іс-әрекет алгоритмі:

1. Оң қолдың саусақтарымен сол қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса отырып қайырма жасаңыз.

2. Сол қолдың саусақтарымен оң қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса отырып қайырма жасаңыз.

3. Сол қолдағы қолғапты теріс айналдыра отырып, шешіңіз.

4. Сол қолдан шешкен қолғапты оң қолмен қайырмасынан ұстаңыз.

5. Сол қолмен оң қолдың қолғабын қайырмасының ішкі жағынан ұстаңыз.

6. Оң қолдағы қолғапты теріс айналдыра отырып, шешіңіз.

7. Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

Ескерту: бір рет қолданылатын қолғап зарарсыздандырудан кейін жойылады, ал көп рет қолданылатын қолғаптар медицинада қолданылатын бұйымдардан өңделеді.

Зарарсыздандыру заттардан жұмысшы ерітінділерді даярлау кестесі

Жұмысшы ертіндінің қоюлық дәрежесі, %

Заттың мөлшері, г.

1 л ертіндіге 10 л ертіндіге
0,1 0,2 0,3 0,5 1,0 2,01 3,0 5,0 10,0 1,0 2,0 3,0 5,0 10,0 20,0 30,0 50,0 100,0 10,0 20,0 30,0 50,0 100,0 200,0 300,0 500,0 1000,0 (1 кг)

Сұйық зарасыздандыру заттардан жұмысшы ертінділерді даярлау және есептеу кестесі

Жұмысшы ертіндінің қоюлық дәрежесі, %

Заттардың мөлшері- мл, су-мл. 1 л даярлау үшін

Зат (мл) Су (мл)
1,0 3,0 5,0 8,0 10,0 10 30 50 80 100 990 970 950 920 900  

Су тегі асқын тотығының жұмысшы ертіндісін 0,5 % жуушы затымен 1л даярлау есебі

Ертіндінің аталуы 30 % пергид рольдің (мл) мөлшері Жуушы заттың (г) мөлшері Судың мөлшері (мл)
3 % су тегі асқын тотығы 100 5 895,0
4 %- су тегі асқын тотығы 133,3 5 861,0
5 % су тегі асқын тотығы 200,0 5 795,0

Медициналық тағайындаоған бұйымдарды тазарту кезеңдері

 

Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту – зарарсыздандыру, залалсыздандыру алдындағы тазарту және залалсыздандыру жолы арқылы жүзеге асырылады.

Зарарсыздандыру патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жою үшін жүргізіледі. Жара беттеріне жанаспаған, терінің және шырышты қабықтың бетін бұзбаған, қан қүюға қолданбаған және инъекциялық дәрілерді пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілмеген медицинада тағайындалған бұйымдар тек қана зарарсыздандырылады. Кейіннен олар ағынды құбыр суында жуылады және таза зарарсыздандырылған жабылатын ыдыстарда белгіге сәйкес сақталады.

Жара беттеріне жанасқан, медициналық манипуляция процесінде терінің және шырышты қабық бетін бұзған, қан құюда қолданылатын және инъекциялық препараттарды пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілген медицинада тағайындалған бұйымдар басында зарарсыздандырылады, сосын ағынды құбыр суы астында жуылады, содан кейін залалсызсыздандыру алдындағы тазартудан, залалсыздандырудан өткізіледі.

Залалсыздандыру алдында барлық бұйымдар ақуыз, май мен механикалық ластарды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді жою мақсатымен залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізіледі.

Залалсыздандыру – бұл әдіс залалсыздандырған материалдардағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің вегетативті және ұрықты түрлерін жоюды қамтамасыз етеді. Жара бетіне, қанмен немесе инъекциялық дәрілермен жанасатын барлық бұйымдарға, диагностикалық аппаратуралардың жекелеген түрлеріне, медициналық құралдарға, пайдалану процесінде шырышты қабықпен жанасып және оның зақымдануын болдыратын бұйымдарға залалсыздандыру жүргізіледі.

Сонымен медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту 3 кезеңге бөлінеді:

1 кезең – зарарсыздандыру,

2 кезең – залалсыздандыру алдындағы тазарту,

3 кезең – залалсыздандыру.

I КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру

Мақсаты: жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Дайындаңыз:

- зарарсыздандыру ерітіндісін;

- қақпақты 2-ыдысты (1-2 л көлеміндегі эмальді кастрюльді), белгісіне және зарарсыздандыру ерітіндісіне сәйкес;

- құралдарды қаннан және басқа да биологиялық сұйықтықтардан жууға тағайындалған №1-ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісімен;

- медицинада тағайындалған заттарды зарарсыздандыруға арналған №2-ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісімен;

- бирканы (таңбаны);

- арнайы киімді (халат, маска, қолғап);

- пайдаланылған медицинада тағайындалған заттар;

- лотоктар.

Іс-әрекет алгоритмі:

- арнайы киімді киіңіз: халат, маска, қолғап;

- 2 ыдысқа зарарсыздандыру ерітіндісін даярлаңыз;

- ыдыстар мен қақпақта белгіленеді: заттың аты, оның қоюлығы, күні, даярлау сағаты, мейірбикенің қолы;

1-ші ыдыста:

- пайдаланғаннан кейін медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

- медицинада тағайындалған құралдардың каналынан 3 рет насос әдісімен зарарсыздандыру ерітіндісін өткізіңіз;

2-ші ыдыста:

- медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

- оларды бөлшектеген түрінде толығымен зарарсыздандыру ерітіндісіне 60 минутқа салыңыз;

- ыдысты қакпақпен жабыңыз;

- зарарсыздандыру уақыты туралы биркіге (таңбаға) белгі жасаңыз;

- зарарсыздандыру уақыты өткен соң зарарсыздандыру ерітіндісінен медицинада тағайындалған құралдарды шығарыңыз;

- № 2-ыдыстағы медицинада тағайындалған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісінде 0,5 минут бойы жуыңыз;

- медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа (ыдысқа) салыңыз;

- медицинада тағайындалған құралдарды жылы ағынды су астында 0,5 минут бойы жуыңыз;

- қолғапты шешіңіз, оны қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;

- медицинада тағайындалған құралдарды әрі қарай өңдеу үшін орталық залалсыздандыру бөліміне жіберіңіз;

 

IІ КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу

 

Залалсыздандыру алдындағы тазарту орталық залалсыздандыру бөлімінде жүргізіледі.

Мақсаты: органикалық ақуыздың, майлық және механикалық ластануды, дәрілердің қалдығын алып тастау; медицинада тағайындалған құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу сапасына кешенді бақылауды жүргізу.

Дайындаңыз: халатты, дем пердесін, қолғапты, жуушы ерітіндісі бар ыдысты, сағатты, ершті немесе дәке тампондарын, лотоктарды тазартылған суы бар ыдысты, медицина тағайындаған құралдарды, жұмысшы азопирам ерітіндісін, тамызғышты, мақта дәке, мақта тампондарын, жуушы затты «Лотос», «Айна», 27,5% су тегі асқын тотығын.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Халатты, дем пердесін, қолғапты киіңіз.

2. Жуушы ерітіндіні 20-250С ысытыңыз, жуушы ерітіндінің құрамы.

Жуушы ерітіндінің құрамы

 

Компоненттің аттары Ерітіндіні даярла-уға арналған компоненттердің мөлшері Қолданылуы
жуушы зат (Айна, лотос)   ауыз суы (см3) 5 грамм   1 литр қолмен тазартқанда қолданылады
сутегі асқын тотығы \пергидроль\ ерітіндісі 27,5% 17 мл

механикаландырылған және қолмен тазартқанда (сырғып ағу әдісімен, ерштеу үльтразвукті пайдалану)

-жуушы зат (Айна, лотос)   -ауыз суы (см3) 5 грамм   1 литр

 

3. Медицинада тағайындалған құралдарды бөлшектеген түрінде жуушы ерітіндіге 15 минутқа салыңыз, ерітіндіні алдын-ала құралдардың қуысынан өткізіп, қақпағын жабыңыз.

4. Әрбір затты 0,5 минут бойы жуушы ерітіндіде ершпен (дәке тампонымен) тазартыңыз (құралдардың каналынан жуушы ерітіндіні өткізіңіз).

5. Медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа салыңыз.

6. Құралдардың қуысынан каналынан суды өткізе отырып, әрбір құралды 10 минут бойы ағынды судың астында жуыңыз.

7. Азопирам байқауымен залалсыздандыру алдындағы тазалықтын сапасына бақылауды жүргізіңіз.

8. Азопирам реактивінен жұмысшы ерітіндіні даярлаңыз (жұмысшы реактивтін пайдалану мерзімі даярлағаннан кейін 2 сағат).

9. Жұмысшы реактивті тамызғышпен медицинада тағайындалған құралдарға тамызыңыз (корпусына және қуысына, биологиялық сұйықтықпен жанасқан жерлеріне).

10. Медицинада тағайындалған құралдарды аққан реактивтің түсін бақылай отыра мақтаның немесе сүрткінің үстінен ұстаңыз.

11. Азопирам байқауының нәтижесін бағалаңыз.

 

 

Азопирам байқауының нәтижесі

 

Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді:

 

көк-күлгін түске егер де заттарда жасырынды қан қалса
күрең-қоңыр түске егер де заттарда хлоры бар қышқылдар, тот қалса
қызғылт түске егер де заттарда жуушы зат қалдығы қалса

 

Реакция оң болады, егер де боялу болса (1 минуттан кейін)

Боялу, кештетіп болатын болса, онда ол есептелмейді (1 минуттан көп);

Қанға реакция оң болса онда тазартылған барлық топ заттар қайтадан өндеуге жатады, жуушы ерітіндіге малынған кезеңінен бастап;

Синтетикалық жуушы заттарға, зарарсыздандыру заттарына реакция оң болса, онда барлық топтағы тазартылған заттар қайтадан тазартылады, ағынды суда шайқау кезеңінен бастап;

Байқау теріс (кері) болса, реактивтің түсі өзгермейді.

12. Қолданған байқауға арналған құралдарға шайқау мен залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізуді жүргізіңіз.

13. Медицинада тағайындалған құралдарды тазартылған суда 0,5 минут бойы жуыңыз.

14. Ыстық ауа шкафында t-850С ылғалы толық кеткенге дейін медицинада тағайындалған құралдарды кептіріңіз.

 

III КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру

Мақсаты: науқастарға аурухана ішілік және кәсіптік қызметкерлерге жұқпа жұқтырудың алдын-алу, медицинада тағайындалған құралдарда барлық микроорганизмдерді және оның ұрықтарын жою.

Бұйымдардың материалына байланысты, залалсыздандырудың әдісі мен тәртібі таңдалады.

 

1. Тордағы немесе ораудағы құрғақ бұйымдарды, тиеу нормасына сәйкес стерилизаторға орналастырыңыз.

2. Залалсыздандыруға химиялық бақылауды жүргізіңіз. Залалсыздандыру индикаторын бу стерилизаторындағы нүктелерге конверт әдісімен, ауа стерилизаторында қабаттастырып 3 нүктеге орналастырыңыз.

3. Залалсыздандырудың әрбір түрін сәйкесті режимде ұстаңыз.

 

- автоклавта – t-1200С, +20С, 0,1 атм 15 минут; t-1320С, -20С, 2 атм 20 минут

- ыстық ауа шкафында t-1600С, 150 минут, t-1800С 60 минут

 

4. Залалсыздандыру тәртібін бақылаңыз. Термиялық залалсыздандыру біткеннен соң, оның индикаторын эталонына сәйкес тексеріңіз.

5. Залалсыздандырылған бұйымдарды залалды зонаға түсіріңіз.

6. Химиялық залалсыздандыруда медициналық бұйымдарды стерилиянттары бар ыдысқа орналастырып, қақпағын тығыз жабыңыз. Химиялық залалсыздандыру біткен соң бұйымдарды тазартылған сумен жуып, қолданады немесе асептикалық жағдайда кейін сақтау мақсатымен орауға ораңыз.

7. Стерилизаторлардың жұмысын есептейтін журналды толтырыңыз.

 

Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына /Бикске салу/

Мақсаты: автоклавта зарарсыздандыру үшін салу және регламенттеу уақыты бойынша сақтау процесінде зарарсыздықты сақтау.

Дайындаңыз: зарарсыздандыру ерітіндісін, «бикстерге арналған» таңбалы шүберекті 2 дана, шүберектерді, зарарсыздандыруға арналған ыдыстарды, қолғапты, дем пердесін, бикстің ішкі бетіне төсеуге арналған сүрткілерді (үлкен бөз матадан жасалған), дәкелік қаптардағы таңғыш материалдарды (сүрткілерді, турундаларды, мақта шариктерін және т.б.). Әрбір бикске 3 данадан зарарсыздық индикаторын, бөлімшесі (кабинеті) көрсетілген бирканы, бикстің ішіндегі заттарды, салу және зарарсыздандыру күнін және салуды жүргізуші, зарарсыздандыруға жауапты мейірбикелердің қолын қою үшін - бос колонканы, фильтрі бар немесе фильтрсіз әр түрлі көлемдік және мөлшерлік зарарсыздандырылған қораптарды.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз.

2. Бикстің (қораптың) бүтіндігін тексеріңіз.

3. Қолғапты, дем пердесін киіңіз.

4. Бикстің ішін және сыртын тізбектілікппен 2 рет, әртүрлі шүберекпен зарарсыздандыру ерітіндісімен тазартыңыз.

5. Шүберекті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

6. Қолғапты, дем пердесін шешіңіз.

7. Қолыңызды жуып, құрғатып сүртіңіз.

8. Бикстерге салу нормасымен және салу түрлеріне (түрлік, мақсаттық және универсалды) сәйкесті таңғыш материалды салуға дайындаңыз.

9. Бикстің торын ашыңыз (фильтрсіз).

10. Фильтрсіз бикстің түбіне және шеттеріне салфетканы төсеңіз, ол бикстің 2/3 биіктігінен салбырап тұруы қажет.

11. Бикстің түбіне (бақылау нүктесіне) залалдық индикаторын орнатыңыз.

12. Таңғыш материалды қабаттап салыңыз:

- сектормен (шеңбердің бөлім арасы),

- тік (қақпағына перпендикулярды),

- бос қопсытып.

13. Бикстің ортаңғы бөлігіне зарарсыздық индикаторын орналастырыңыз.

14. Барлық салынған материалды бикстің шетінде салбырап тұрған сүрткі жабыңыз.

15. Бикстің қақпағының астына зарарсыздық индикаторын салыңыз.

16. Бикстің қақпағын кілттеп жабыңыз.

17. Бикстің тұтқасына таңбаны байлаңыз.

18. Салынған күнін және жауапты адамның қолын қойыңыз.

 Қабылдау бөлімшесі.

«Науқастарды стационарға қабылдау» стандарты

Мақсаты: науқасқа стационарлық емделуге қабылдау

Дайындаңыз: «Пациенттерді тіркеу және ауруханаға жатқызудан бас тарту журналы»(ф № 001 / у), «стационарлық науқастың медициналық картасы» (ф № 003 / у), термометр, шпатель, антропометрияны жүргізу үшін қажетті барлық заттар, науқасты санитария.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Ауруханаға түсу үшін құжаттардың болуын тексеріңіз.

2. Дәрігер науқасты қарап және ауруханаға жатқызу мәселесі шешілгеннен кейін «Пациенттерді қабылдау және ауруханаға жатқызудан бас тарту журналы» тіркеу.

3. Журналға келесі мәліметтер енгізіледі:

1) келу уақыты;

2) пациенттің тегі, аты, әкесінің аты;

3) туған жылы;

4) үй мекен-жайы және телефон нөмірі;

5) жұмыс орны, мамандығы;

6) кімнің жібергені;

7) жіберген мекемесінің диагнозы;

8) қабылдау бөлімшесінің диагнозы;

9) науқастың ауруханаға жатқызылған бөлімше.

4. «Стационардағы науқастың медициналық картасы» атты титулдық парағын тіркеу.

5. «Ауруханадан шығатын статистикалық картасы» төлқұжатын толтыру

6. (ф 066 / у).

7. Инфекциялық науқастарды анықтау іс-шараларды жүргізу: температураны өлшеу, жұтқыншақты шпательдің көмегімен тексеру, қышымаға теріні қарау, педикулезді тексеру.

8. Антропометрияны өткізіп, температуралық парағына жазу.

9. Биттерді анықтаған кезде дезинсекция жүргізу.

10. Науқасты санитарлық тазалықтан өткізу (жартылай немесе толық).

11. Науқасты емдеу бөліміне тасымалдау.

 

Ескерту: Егер жұқпалы науқас табылса, «Жұқпалы ауру туралы шұғыл хабарлау» толтырыңыз, № 058 / у.

 

 

«Стационарлық науқастың медициналық карточкасының»титулдық бетін толтыру № 003 / уМақсаты: науқас туралы ақпарат жинау және медициналық тарихтың тақырыптық бетін шығару. Қолдану көрсетілімдері:  жаңа қабылданған науқасты ауруханаға тіркеу. Дайындаңыз: «стационарлық науқастың медициналық картасы», қалам.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа медициналық тарихты толтыру қажеттілігі туралы хабарлау.

2. Титулды бетіне мынадай мәліметтер жазылады:

o Ауру тарихының нөмірі.o Қабылдау күні мен уақыты (жедел түскен науқастар үшін бір минутқа дейінгі дәлдікпен).o Аты-жөні, Әкесінің аты.o Туған жылы.o үй мекен-жайы және телефон нөмірі.o Қіммен тұратын немесе мекен-жайы және туыстарының телефоны.o Мамандық және жұмыс орны, жұмыс телефоны.o кім жіберді немесе жеткізді.o Жіберген мекеменің диагнозыo Қабылдау бөлімінің диагнозы.o Пациент қабылдау бөлімінен жіберілген бөлімше.o Аллергиялық реакциялар бар ма және неге?

 

Ауруханаға науқасты қабылдау науқастың дене салмағын өлшеу

Мақсаты: диагностикалық.

Қолдану көрсетілімдері: дене салмағының жетіспеушілігін, семіздігін, жасырын ісіктерді анықтау, науқас ауруханаға түскенде, емдеу процесінде дене салмағының динамикасын және ісіктерді бақылау.

Қарсы көрсетілімдері: ауыр жағдайдағы науқас, төсек тәртібі.

Дайындаңыз: еденге орнатылатын таразыны, сырқатнаманы, қолғаптарды, 30х30 см зарарсыздандырылған клеенканы, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, клеенканы, тазартуға арналған шүберекті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасты дене салмағының қозғалыс күйі ерекшеліктерімен және емшара барысымен таныстырыңыз.

2. Дене салмағын өлшеуді белгіленген бір уақытта (таңертең аш қарынға) жүргізіңіз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

4. Таразының тілдері ноль қалпында болуы керек.

5. Таразының алаңына клеенканы төсеңіз.

6. Науқасқа таразы алаңның ортасына клеенкаға абайлап тұруды ұсыныңыз (аяқ киімсіз) ішкі киімімен.

7. Шкала бойынша таразының көрсеткішін белгілеңіз.

8. Алынған нәтижені қызу парағына (Ф-004/у) жазыңыз.

9. Науқасқа өлшеу нәтижесін хабарлаңыз.

10. Науқасқа таразыдан абайлап түсуге көмектесіңіз.

11. Клеенканы жинап алыңыз,оны зарарсыздандыру ерітіндісімен суланған шүберекпен 2 рет аралығында 15 минут өткізіп тазартыңыз.

12. Қолғаптарды шешіңіз, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту: дене салмағын өлшеу қуықты және ішекті босатқаннан кейін жүргізіледі.

Науқастың бойын өлшеу

Мақсаты: науқастың физикалық дамуын бақылау.

Қолдану көрсетілімдері: науқасты алғашқы рет қарау, динамикалық бақылау, науқасты ауруханаға қабылдау.

Дайындаңыз: бой өлшегішті, таза зарарсыздандырылған 30х30см клеенканы, клеенканы сүртетін шүберекті, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

2. Бой өлшегіштің алаңына клеенканы төсеңіз.

3. Бой өлшегіштің жанында тұрыңыз және қозғамалы планканы науқастың болжамалы бойынан жоғары деңгейге көтеріңіз.

4. Науқастан бой өлшегіш алаңына тік планкаға арқасымен тұруын, өкшесін, бөксесін, жауырының, желкесін тигізуін өтініңіз.

5. Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың төбесіне дейін түсіріңіз.

6. Науқастан бой өлшегіштің алаңынан түсуін өтініңіз.

7. Бой өлшегіштің шкаласы бойынша жылжымалы планканың төмен жағынан науқастың бойын анықтаңыз.

8. Науқасқа өлшеудің нәтижесі туралы айтыңыз.

9. Өлшеуден алынған мәліметтерді белгілеңіз.

10. Бой өлшегішті және клеенканы зарарсындандыру ерітіндісінде 2 рет ылғалдатылған шүберекпен арасында 15 минут өткізіп сүртіңіз.

11. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту: бой өлшеу аяқ және бас киімдерін шешкеннен соң жасалатынын науқасқа түсіндіріңіз.

 

Педикулёз анықталған кездегі санитарлық тазарту

Мақсаты: аурухана ішілік жұқпаның таралуын алдын ала ескерту, жұмыртқаларды, сіркені және биттерді дененің шашты бөліктерінен жою.

Қолдану көрсетілімдері: бит және сіркенің болуы.

Қарсы көрсетілімдері: тері ауруларында, 5 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға жүргізуге тыйым салынады.

Дайындаңыз: биттеуге қарсы қолданылатын жиынтықты: медициналық халатты, орамалдарды, (полиэтилен, шүберек, сірке су қышқылының 6% ерітіндісін, тістері жиі тарақты, педикулицидтердің біреуін («Ниттифор», «Антибит» лосьондарын, «Педилин» сусабынын), дәке тампондарды, лупаны, қырыну кешенін, киім-кешекті, зарарсыздандыру камерасына жіберуге арналған қапты, клеенканы, резеңке қолғаптарды, цинкпен қапталған шелекті және астына қойғышты, стационарлық науқастың медициналық картасын, жұқпалы ауру туралы жедел хабар беретін форманы (Ф-058/у), жұқпалы ауруды есепке алатын журналды (Ф-060/у).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: