Тері ішіне инъекцияны орындау 10 страница

6. Пластырьды қажетті көлемде қайшымен қиыңыз. Пластырьдегі қорғаныш жұқа қабығын алыңыз.

7. Науқастың терісіне пластырьді салып, аздап қана басыңыз.

8. Пластырьді алар алдында шетін спиртпен сүртіңіз, оны шаштың өсу жолы бойымен ақырындап алып тастаңыз.

9. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту:

- пластырьді 2 тәулік бойы алмайды, егер де қатты тітіркендіруі сезілмесе;

- пластырь қатты күйдірсе, оны алып, сол жердегі теріге вазелин жағыңыз.

Балауызды тік ішек арқылы енгізу

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: анус сызаты, тік ішек айлануы (геморрой).

Дайындаңыз: тік ішектік балауызды, қайшыны, мақта шариктерін, залалсыздандырылған қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, балауыздың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).

3. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.

4. Науқасты сол жақ қырына қаратып жатқызып, тізе буыннан аяғын бүгіп ішіне келтіріңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

6. Балауызды енгізер алдында, оның орауының жіңішке шеті жағын қайшымен қиыңыз.

7. Сол қолмен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен балауыздың жіңішке шетін анал тесігіне енгізіп, оны ораудан сығыңыз, ол толық тік ішектің сыртқы қысқышына (сфинктеріне) 2-3 см тереңдікке енуі керек (балауыздың қабығы қолда қалады).

8. Мақта шаригін бөксе арасына қаттастырып салыңыз.

9. Бірнеше минуттай науқастың төсектен тұрмауын сұраңыз.

10. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

Ескерту:

- Балауызды мұздатқышта немесе салқын жерде сақталуы қажет;

- Балауыз ұзақ ұстауға болмайды, неге десеңіз ол жылдам ериді.

 

Дәрілік ерітіндіні теріге жағу

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Дайындаңыз: дәрілік ерітіндіні, залалсыздандырылған дәке тампондарын, пинцетті, лотокты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, дәрілік ерітіндіні науқасқа таңдаңыз.

3. Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).

4. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті науқасқа түсіндіріңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

6. Дәке тампонын қажетті ерітіндіге сулаңыз.

7. Науқастың терісіне дәрілік ерітіндіні ұзына бойы жеңіл қозғалыспен (шаштың өсу бағыты бойынша) жағыңыз.

8. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

9. Пайдаланған тампондарды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

 

Ескерту: терінің іріңді ауруларында, зақымдалған ошақтың айналасына шетінен орталыққа қарай бағытпен дәріні майлайды.

 

Майлы таңғышты орындау

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шпательді, салфетканы, мақтаны, бинтті, қайшыны, майды, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).

3. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.

4. Науқасқа емшара жүргізу үшін ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

6. Залалсыздандырылған шпательді қолдана отырып, залалсыздандырылған салфеткаға қажетті мөлшердегі майды жағыңыз.

7. Май жағылған салфетканы науқастың терісіне салып, салфетканың үстінен кішкене қабаттап мақта қойыңыз.

8. Салфетканы маймен, дәке немесе түтікті бинтпен ораңыз.

9. Шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

10. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

11. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

12. Таңғышты қанша уақыт ұстау қажет екенін науқасқа ескертіңіз.

Теріге майды жағу

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Дайындаңыз: дәрілік майды, залалсыздандырылған апликаторды немесе шпательді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (майдың атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).

3. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

4. Емшараны жүргізу үшін науқасқа қолайлы қалып жасауға көмектесіңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

6. Науқасқа қажетті мөлшердегі майды тюбиктен апликаторға сығып шығарыңыз.

7. Теріге жіңішке қабатпен майды жағыңыз, оны қолмен жасамаңыз, өйткені кейбір майлар зақымдалмаған тері арқылы да сорылады.

8. Май жаққан тері бетін 10-15 минуттай ашық ұстауын науқастан сұраңыз.

9. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Апликаторды зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

10. Теріні қарап, майдың сіңгеніне көзіңізді жеткізіңіз.

11. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Теріге майды сылап жағу

Мақсаты: емдік.

Қолдану қөрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.

Дайындаңыз: майды, сабынды, суды, сүлгіні, апликаторды, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, науқасқа майды таңдаңыз.

3. Майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.

4. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы қажетті мәліметті беріңіз.

5. Науқасқа емшараны жүргізу үшін ыңғайлы қалып жасауына көмектесіңіз.

6. Майды сылайтын тері аймағын қараңыз.

7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

8. Науқастың терісін сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

9. Апликатормен қажетті мөлшердегі майды жағыңыз.

10. Тері бетіне дәрігер анықтаған майды жеңіл айналмалы қозғалыспен, терісі құрғақ болғанша сылаңыз.

11. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

12. Қолданылған мақта шариктерін, дәке тампондарын, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Апликаторды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

 

 

Ескерту:

- дененің шашты бөлігіне және тері зақымданғанда майды сылап жағуға болмайды. Қажет жағдайда шашты қырып тастайды;

- егер де май теріні қатты тітіркендірмесе, онда науқас өздігінен майды сылап жағады (саусақтарының ұшымен). Саусақтардың қозғалысы жеңіл айналмалы болуы керек;

- майды сылап жаққанға дейін және жаққаннан кейін науқасқа қолын жуу қажет екені туралы алдын-ала ескертіңіз.

Дәрілік ерітіндіні теріге сылап жағу

Мақсаты: емдік.

Қолдану қөрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.

Дайындаңыз: дәрілік ерітіндіні, сабынды, суды, сүлгіні, апликаторды, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, науқасқа дәрілік ерітіндіні таңдап алыңыз.

3. Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.

4. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.

5. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

6. Науқастың терісін ұқыпты сабындап, сумен жуыңыз, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

7. Қажетті мөлшердегі дәрілік ерітіндіні апликатормен теріге жағыңыз (дәке домалақтары, мақта тампондары және т.б.).

8. Науқастың терісіне дәрілік ерітіндіні жеңіл айналмалы қозғалыспен, науқастың терісі құрғақ болғанша сылап жағыңыз.

9. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

10. Қолданылған қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге, ал апликаторды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

 

Дәрі-дәрмектерді парентеральды жолмен енгізу.

Бір рет қолданатын шприцті құрастыру

 

Бір рет қолданылатын шприц құрастырылған түрінде шығарылады, оны пайдалану төмендегідей даярланады.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта домалақтары, қолғапты, бір рет қолданылатын шприцті, тері антисептигін, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, тері антисептигіне ылғалдатылған мақта домалақтарымен тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

2. Қолыңызға ораудағы бір рет қолданылатын шприцті алып, оның жасалған күнін және саңылаусыздығын тексеріңіз.

3. Сол қолыңызға ораудағы шприцті поршені мен жоғары қаратып алыңыз.

4. Поршень жағынан орауды ашыңыз.

5. Ораудағы шприцті шығарып, иненің канюлясын шприцтің ине астындағы конусына жалғастырыңыз.

6. Ине астындағы конус кеңістігіне (ине қалпақтың ішінде) ине канюлясын үйкеңкіреп бекітіңіз.

7. Инеден қорғаныс қалпағын алмай тұрып, поршенді өзіңізге қарай тартып шприцке ауаны сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз, иненің өткізгіштігін тексеріңіз.

8. Құрастырылған шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.

Ескерту: - қолданылған инеге қайтадан қалпағын кигізуге, инені майыстыруға және сындыруға, ауыстыруға тыйым салынады.

- қолданылған шприцтерді, инелерді, системаларды су өткізбейтін, тесілмейтін бір реттік медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинаауға және жоюға арналған контейнерге салу қажет.

 

Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу

Мақсаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті, мақта домалақтарын, қолғапты, дәрілік ерітіндісі бар ампуланы, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, лотокті, тері антисептигін, егеуішті, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, егу кабинетіндегі дәрігердің ем тағайындаған журналы.

 

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындаған парағындағы жазбамен салыстырыңыз.

2. Дәрілік препараттын атын, оның қоюлығын және дозасын көңіл қойып оқыңыз, ерітіндінің сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз.

3. Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазартуды жүргізіп, тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

4. Бір рет қолданылатын шприцті ораудан құрастырыңыз (стандартты қара).

5. Сол қолға ампуланы алыңыз, оны сәл сілкіңіз, барлық дәрілік ерітінді ампуланың кең бөлігінде болуы керек.

6. Ампуланың мойнын тері антисептигімен суландырылған мақта домалағымен жоғарыдан төмен қарай қозғалыспен тазартыңыз. Қолданылған мақта домалақтарын қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

7. Ампуланың тар жіңішке бөлігін егеуішпен кесіңіз.

8. Мақта домалағымен ампуланың мойнын орап алып, кесетін жерді сүртіп, ампуланы ашыңыз, оны өзіңізден жылдам қозғалыспен сындырыңыз. Ампуланың сынығын және пайдаланған мақта домалақтарын кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

9. Сол қолдың II және III саусақтары арасына ашылған ампуланы алыңыз, оның ашылған бөлігі алақанның ішінде болуы керек.

10. Оң қолға құрастырылған шприцті алыңыз. II саусақпен-иненің канюласын, I, III, IV – цилиндрді, V – поршенді ұстаңыз.

11. Инені абайлап ампулаға 0,5 мм ұзындыққа оның шетіне тигізбей енгізіңіз, сол қолдың IV саусағы канюляда, ал I және V саусақтарғы цилиндрде. Оң қолмен поршенді төмен қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз, кадағалаңыз, ине үнемі ерітіндіде батырулы болуы керек.

12. Шамамен сұйықтың азаюы бойынша ампуланың түбін жоғары көтеріп дәрілік ерітіндіні ақырын сорып алыңыз.

13. Ерітіндіні сорып алған соң инені ауыстырып, иньекцияға арналған инені кигізіңіз. Бір рет қолданылатын шприцпен жұмыс істегенде, ораудағы басқа залалсыздандырылған инені пайдалаңыз.

14. Сол қолмен шприцті қатаң тіке қалыпта, көз деңгейінде, инесін жоғары қаратып ұстаңыз, ауасын шығарыңыз. (V саусақ – поршенде, ІІ – иненің канюлясында, I, III, IV саусақтар – цилиндрде).

15. Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, II және III саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстап, иненің өткізгіштігін тексеріңіз ауаны және 1-2 тамшы дәрілік ерітіндіні ығыстырып шығарыңыз. Қорғаныш қалпағын инеден алмаймыз.

16. Шприцті дәрілік ерітіндісімен, тері антисептигімен суландырылған мақта домалақтарын ораудың ішкі бетіне салыңыз.

17. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Флаконнан дәрілік ерітіндіні сорып алу

Мақсаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті, мақта домалақтарын, қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, лотокті, флакондағы дәрілік ерітіндіні, еріткішті, тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Дәрігер тағайындаған дәрілік затты қолға алып, ем тағайындайтын парақпен салыстырыңыз.

2. Дәрілік заттың атын, дозасын, көңіл қойып оқыңыз сақталу мерзімін және сыртқы көрінісін тексеріңіз

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, тері антисептигімен қолыңызды өңдеңіз. Қолғапты киіңіз.

4. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара).

5. Зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті алып, флаконның алюминий (күміс тәрізді) қақпағының ортанғы бөлігін ашыңыз.

6. Тері антисептигіне суландырылған мақта домалағымен флаконның резеңке тығынын сүртіңіз. Оны кептіріңіз.

7. Оң қолға құрастырылған шприцті алыңыз: II саусақты иненің канюлясында, I, III және IV саусақтарды – цилиндрде, V саусақты – шприц поршенінде ұстаңыз.

8. Шприцті 900 бұрышта ұстап отыра, флакон тығынының ортасын инемен тесіп, флаконға инені 0,5-1,0 см енгізіңіз, сол қолмен флаконды ұстаңыз.

9. Флаконның түбін жоғары қаратып көтеріп, сол қолдың II және III саусақтары арасында ұстай отыра, IV саусақ – канюляда, I және V саусақтарды шприцтің цилиндрінде ұстаңыз. Оң қолмен дәрілік ерітіндіні қажет мөлшерде сорып алыңыз.

10. Шприцті сорып алған дәрілік ерітіндісімен флакон инесінен алып тастаңыз, инъекцияға арналған инені шприцке кигізіп, оны бекітіңіз.

11. Шприцті сол қолға тік қалыпта көз деңгейінде инесін жоғары қаратып ұстаңыз: V саусақ – шприц поршенінде, II саусақ - иненің канюлясында, I, III және IV саусақтар – цилиндрде).

12. Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, ІІ және ІІІ саусақтармен цилиндрдің жиегінен ұстаңыз. Иненің өткізгіштігін тексеріп, ауаны және 1-2 тамшы ерітіндіні шығарыңыз. Инеден қорғаныш қақпағын алмайды.

13. Дайындалған шприцті және тері антисептигімен суландырған мақта домалақтарын ораудың ішкі бетіне салыңыз.

14. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту: антибиотиктерді езу: № 1, 2, 3, 4, 5, 6 пункттерді жоғарыдан қараңыз.

7. Антибиотикті 1 мл 100.000 ЕД есебінен еріткішті шприцке сорып алыңыз. (антибиотиктерді еріту ережесін қараңыз).

8. Сол қолға құрғақ антибиотикті флаконымен, ал оң қолға шприцті еріткішпен алыңыз.

9. Шприцті 900 бұрышпен ұстай отыра, флакон ортасындағы тығынын тесіңіз. Шприцтегі ерітіндіні флаконға енгізіңіз.

10. Флаконды инесімен бірге шприцтен алып тастаңыз, инесіне жанастырмай антибиотик толық ергенше флаконды бірнеше рет сілкіңіз.

11. Қайтадан шприцті инеге жалғастырып, тағайындалған дозада антибиотикті сорып алыңыз.

12. Шприцті инесімен флаконнан алыңыз, инъекцияға инені ауыстырып, ауаны шығара отырып, иненің өткізгіштігін тексеріңіз, қорғаныш қақпағын шешпей, инеден 1-2 тамшы ерітінді бөлінуі керек.

13. Дайындалған шприцті және тері антисептигіне суландырған мақта домалақтарын ораудың ішкі бетіне салыңыз.

14. Антибиотиктің флаконын, мақта домалақтарын, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

15. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері

Антибиотиктер кристалды ұнтақ түрінде арнайы флакондарда шығарылды. Оларды қолданар алдында 0,9% залалсыздандырылған изотоникалық натрий хлорид ерітіндісінде, екі рет тазартылған (дистелденген) суда немесе 0,5% және 0,25% новокаин ерітіндісімен ерітеді.

Залалсыздандырылған шприцке антибиотиктің дозасына байланысты ерітіндіні сорып алады. Ол мыңдық бірлікке мөлшерленеді (ЕД). Пенициллин ерітіндісін жылытуға болмайды. Ерітінділерді даярлап болған соң тез қолданады.

Науқасқа тағайындалған антибиотик дозасын енгізу үшін, мейірбике антибиотигі бар флаконды алуы қажет, оған ерітіндінің қажетті дозасын енгізеді, сосын ерітілген антибиотиктің тағайындалған дозасын шприцке сорып алып, науқасқа енгізеді. Антибиотикті қолдану нұсқауында осы антибиотикті еріту ережесі әдеттегідей көрсетіледі.

Антибиотиктің классикалық ерітіндісін қолданылады: 1мл – 100.000 ЕД және 1мл – 200.000 ЕД.

1. Флаконға енгізуге қажетті ерітіндінің мөлшерін анықтау үшін, флакондағы дозаны еріту дозасына бөлу қажет:

- 500.000 ЕД: 100.000ЕД = 5 мл (классикалық еріту кезінде);

- 500.000 ЕД: 200.000ЕД = 2,5 мл (1 мл – 200.000ЕД еріту кезінде).

2. Әрбір науқасқа мейірбике енгізуге қажет, ерітілген антибиотик мөлшерін анықтау үшін, тағайындалған дозаны ерітуге бөлуі қажет.

- 1 мл – 100.000 ЕД еріту кезінде

науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған,

ол 500.000 ЕД: 100.000 ЕД = 5 мл сәйкес келеді;

- 1 мл 200.000 ЕД еріту кезінде

науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған,

ол 500.000 ЕД: 200.000 ЕД = 2,5 мл сәйкес келеді.

 

« Антибиотикке аллергиялық сезімталдығын тексеруге байқау жүргізу » стандарты

Іс- әрекет алгоритмі

1. Мақсаты: Антибиотикке сезімталдығын анықтау
2. Көрсеткіштері: антибиотик қолданар алдында
3. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1-2 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 15 мм инені, мақта домалақтарын, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік препаратты,еріткіш (натрий хлоридтің изотониялық ерітіндісі немесе инъекцияға арналған су),тері антисептигі, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
  4. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарлаңыз.Психологиялық дайындаңыз.
    5. Тіл астына байқау: 1) Гигиеналық деңгейде қолды тазартып, қолғапты киіңіз. 2) Антибиотик таблеткасын (бірлік дозасын) төрт бөлікке бөліңіз; 3) Бір бөлігін пациенттің тіл астына салып уақытты белгілеңіз.  
    6. Байқаудың нәтижесі: 1) байқау нәтижесін байқау жүргізген уақытынан бастап 20 минутан кейін, 1 сағат, 2сағаттан кейін, әр 2 с аралығында 24 сағат ішінде бағаланады. 2) егерде ауыз қуысының шырышты қабатында 10 мм папула пайда болса нәтиже «оң», пациентке препаратты тағайындауға болмайды; егерде өзгеріс болмаса нәтиже «теріс», препарат тағайындалады; 3)Нәтижесін ауру тарихына тіркеледі.
  7. Тері байқауы: 1) Гигиеналық деңгейде қолды тазартып, қолыңызды тері антисептиктерімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз. 2) Антибиотикті натрий хлоридтың изотониялық еретіндісімен араластырыңыз 100 000 ЕД антибиотикке 1 мл еріткіш; 3) Шприцке антибиотиктің 0,1 мл алыңыз; 4) Шприцке 0,9 мл еріткішті толықтырыңыз (өлшемі 0,1 мл) 5) залалсызданған салфетка салынған лотокқа шприцті, спиртке суланған 2 мақта домалағын салып, салфетканы жабыңыз; 6) білетік ортанғы бөлігінің алдынғы бетін спиртке суланған мақта домалағымен сүртіңіз; 7) антибиотиктік ерітіндісінің 1 тамшысын тамызып, уақыты белгілеңіз. 
    8. Байқау нәтижесі: 1) егерде  30 минутан кейін тамызған жердің терісінде қызару, ісіну және қышуы болса, нәтиже «оң» - антибиотикті енгізуге болмайды; 2) егерде өзгерістер байқалмаса (нәтиже «теріс»), 30 минутан кейін скарификациялық байқау жүргізуге болады.  
  9. Скарификациялық байқау: 1) білетік ортанғы бөлігінің алдынғы бетін спиртке суланған мақта домалағымен сүртіңіз; 2) антибиотиктік ерітіндісінің 1 тамшысын тамызып; 3)скарификатырмен екі паралель 10 мм сызық жүргізіңіз (қан шықпасын);   4) уақытын белгілеңіз; 5) қолданған заттарды өңдеңіз.
    10. Байқау нәтижесі: 1) егерде 30 минутан кейін тамызған жердің терісінде қызару, ісіну және қышуы болса, нәтиже «оң» - антибиотикті енгізуге болмайды; 2) егерде өзгерістер байқалмаса (нәтиже «теріс»), 30 минутан кейін байқау тері ішіне жүргізіледі
11. Тері ішіне байқау жүргізу: 1) Гигиеналық деңгейде қолды тазартып, қолыңызды тері антисептиктерімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз; 2) Антибиотикті натрий хлоридтың изотониялық еретіндісімен араластырыңыз 100 000 ЕД антибиотикке 1 мл еріткіш; 3) Шприцке 0,1 мл антибиотик ерітіндісін алыңыз; 4)  Шприцке 0,9 мл еріткішті толықтырыңыз (өлшемі 0,1 мл) 5) залалсызданған салфетка салынған лотокқа шприцті, спиртке матырылған 2 мақта домалағын салып, салфетканы жабыңыз; 6) қолғапты антисептикпен өңдеңіз; 7) білетік ортанғы бөлігінің алдынғы бетін спиртке суланған 2 мақта домалағымен кезекпен сүртіңіз; 8) антибиотиктің 0,1 мл тері ішіне енгізіп, уақытын белгілеңіз 9) Қолданған заттарды өңдеңіз.

12.

Байқаудың нәтижесі: 1) байқау нәтижесін байқау жүргізген уақытынан бастап 20 минутан кейін, 1 сағат, 2сағаттан кейін, әр 2 с аралығында 24 сағат ішінде бағаланады.
2) инъекия орнында қызару, ісіну және қышуы болса, нәтиже «оң» - антибиотикті енгізуге болмайды; егерде өзгерістер байқалмаса (нәтиже «теріс»), пациентке препаратты енгізуге болады; 3)Нәтижесін ауру тарихына тіркеледі.    


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: