Сурет. Теодолит есеп алу тетіктері

●Техникалық теодолиттің негізгі тексеруі мен жөндеулері:

1.Горизонталь дөңгелектегі цилиндрлік деңгейдің осі - VV' теодолиттің айналу осіне перпендикуляр болуы тиіс. Осыны бекітіп, цилиндрлік деңгейдің осін (VV') трегердің (1) екі көтергіш винттеріне параллель бағытта орнатады. Содан кейін сол екі қарама-қарсы бағытта бұрап, деңгейдің үлбіреулігін ортасына келтіреміз.

2. Дүрбінің визирлік осі (VV) оның айналу осіне (ТТ) прпендикуляр болуға тиіс.

Бұл шарттың орындалмауы коллимациялық қатеге (с) әкеліп соғады. Коллимациялық қатені табу үшін теодолиттің айналу осін тік бағытқа келтіреміз де, дүрбіні алыс бір нүктеге көздейміз.

Алдымен дүрбіні вертикаль дөңгелек оң жақта тұрған жағдайда (КП) көздейміз де, микроскоптан есеп (а1) аламыз. Сонан кейін дүрбіні зенит арқылы айналдырып (яғни вертикаль дөңгелек дүрбінің сол жағында болады - КП), қайтадан сол нүктеге көзделеді де, есеп (а2) алынады.

22-суретте көрсетілгендей, вертикаль дөңгелек оң жақта (КП) тұрғандағы есеп, а1 дұрыс есеп а-дан С-шамасынан кіші, ал КЛ-дағы есеп а2-нақты есептен а+180°-тан С-шамасына артық, демек

а= а1-­С; а+180°= а2+С.

Екі теңдіктен коллимациялық қате (С) мен есептеу дұрыс мәні а-ны анықтаймыз.

22-сурет. Теодолиттің тексерулері.

С=a1-a2±180° (24)

a=(a1-a2±180°)/2 (25)

(23)-формуладан лимбтен алынған екі есептеудің арифметикалық ортасында коллимациялық қате жоқ екені көрініп тұр.

Демек, горизонталь бұрыштың қатесінің дәл мәнін алу үшін екі рет өлшеп, арифметикалық ортасын алу керек. Бірінші рет вертикаль дөңгелек дүрбінің оң жағына орналасқан жағдай (КП), екінші рет сол жағына болғанда (КЛ).

Коллимациялық қате–С теодолиттің бұрыш өлшеу дәлдігінен аспауы керек. Егерде қате мөлшерден асып кетсе, онда дүрбінің көздеу осі түзетіледі. Оны түзету үшін дүрбі сол белгілі нүктеге көзделіп, алидаданың жетекші винті арқылы микроскопқа дұрыс есеп «d» қойылады: a=(a1+a2-180°) / 2;

Сол уақытта жіп торларының қиылысқан жері К көзделген нүктеден ығысады. Ол ығысуды жіптер торының түз винттері көмегімен К-ні бұрынғы орнына келтіру арқылы түзейді. Түзетілгеннен кейін теодолит қайтадан тексеріледі.

3. Дүрбінің айналу осі (ТТ) теодолиттің негізгі осіне (ZZ) перпендикуляр болуға тиіс. Үй қабырғасына 10-15м-лік қашықтықта теодолит орнатылып, жазық бағытқа келтіріледі. Қабырғада биік бір нүкте (М) белгіленіп, соған дүрбі оң

жақта -КП көзделінеді, М нүктесінің m1 проекциясы белгіленеді. Одан кейін дүрбі зенит арқылы айналдырылып (КЛ), тағы да сол М нүктесіне бағытталынады. Алидада бекітіліп, төменгі деңгейден нүктенің m2 проекциясы табылады.

Егер екі проекция бір-біріне дәл келсе, онда жоғарғы перпендикулярлық шарттың орындалғаны. Ал проекциялар дәл келмесе, онда бұл қате тек арнаулы сайманханаларда ғана түзетіледі. Қазіргі кезде теодолиттерде бұл шарттың орындалуына аспапты шығарған завод кепілдік береді.

4.Жіп торларын тексеру. Жіп торларының тік штрихы коллимациялық жазықтықта жатуы керек. Теодолит жазық бағытқа келтіріліп, дүрбі бір нүктеге көзделінеді. Содан кейін дүрбінің жетекші винті арқылы оны тік бағытта ерсілі-қарсылы жылжыту керек. Егер белгіленген нүкте әрдайым тік орналасқан қыл жіптің бойында қалса, онда шарттың орындалғаны. Керісінше болғанда, окулятор винттерін жауып тұрған қақпақты ашып, төрт винт азырақ босатып, тік жіп вертикаль бағытқа келгенше, окулярлық бұру керек. Түзетіп болғаннан кейін жіптер торы қайтадан тексеріледі.

Өзіндік тексеру сұрақтары:

1.Жеке бұрыш өлшеу тәсілі мен бұрыш өлшеудің басқа да тәсілдеріне сипаттама беріңіз.

2.Электрондық теодолиттер арқылы не өлшенеді?

3.Та3М аспабы неше режимде жұмыс істей алады?

4. Теодолиттен есеп алу дегеніміз не?

5.Теодолитті тексеру және жөндеуге анықтама беріңіз?

Әдебиеттер:

1.Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. «Инженерлік геодезия» Алматы-2005ж.

2.Багратуни Г.В., Ганьшин В.В., Данилевич Б.Б. «Инженерная геодезия» М.: Недра 1984ж.

Дәріс №15. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды теодолитпен өлшеу.

Дәріс мақсаты: Горизонталь бұрыштардың өлшеу принципі. Вертикаль бұрыштарды өлшеуді студенттерге түсіндіру.

Кілт сөзі: Бұрыш, центрлеу, лимб, дүрбі зенит, техникалық теодолит,аспап, қада.

Қысқаша мазмұн:

Бұрыштар мен мұқият тексерілген теодолиттермен тксеріледі. Горизонталь АВС бұршын өлшеу үшін теодолит В пунктеріне орнатылады (23, a-сурет). Теодолитті пунктке орнату центрлеу мен жазықтыққа келтіруден тұрады. Центрлеу деп теодолитті жіп немесе оптикалық тіктеуіш арқылы В нүктесінің дәл үстіне орнату, яғни осін өлшенетін бұрыштың төбесі арқылы өткізуді айтады. Содан кейін теодолит көтергіш винттер деңгей арқылы жазық жағдайға келтіріледі. Көздеуге ыңғайлы болу үшін А және С нүктелеріне кадарлар рнатылады. А нүктесі артқы, ал С нүктесі алдыңғы болып есептеледі.

Бұрыш өлшейтін аспаптың конструкциясын, өлшеуге қойылатын талаптарға байланысты бұрыштарды өлшеуге мынандай тәсілдер қолданылады:

1. Жеке бұрыш өлшеу тәсілі теодолиттік жүрістерді салуда, жобаны жергілікті жерге көшіруде, бұрыштарды өлшеу үшін қолданылады.

2. Айналдырып өлшеу тәсілібір нүктеде тұрып, үш бағыт арасындағы және одан да көп бағыттары бар триангуляция жүйесіндегі бұрыштарды өшеуге қолданылады.

3. Қайталау тәсілі есептеу қателіктерінің әсерін азайту мақсатымен, өлшеудің ақырғы нәтижесінің дәлдігін арттыру қажет болғанда қолданылады.

Жеке бұрыш өлшеу тәсілі. Горизонталь бұрышты бұл тәсілмен өлшеу мына жүйемен жүргізіледі.

Сол жақтағы дөңгелек (КЛ) кезінде лимб бектіліп, алидаданың және дүрбінің жетекші винттері арқылы жіптер торының қиылысқан жерін А нүктесіне дәл нысаналайды да, микроскоптан а-есебі алынады. Одан кейін алидаданы босатып, дүрбіні алдыңғы С нүктесіне нысаналайды. Дүрбі нысанаға дәл келгеннен кейін в-есебі алынады.

Сонда өлшенген бұрыш екі есептеудің айырмасына тең болады, яғни β=a­в. Бұл бұрышты оң өлшенген бұрыш дейді.

Егер екінші есеп в-ны, бірінші есеп а-ны алсақ, онда бұрыш теодолиттік жүрістің сол жағындағы бұрыш болып есептеледі, яғни βсол=a­в.

Аспап қателерді азайтуы үшін, бұрыш екі рет өлшенуі керек: біріншіде вертикаль дөңгелек оң жақта (КП), екіншіде–сол жақта (КЛ).

Екінші рет өлшер алдында вертикаль дөңгелек зенит арқылы екінші жағдайға (КЛ) келтіріледі, лимб 90° шамасына ығыстырылады да, қайтадан А және С нүктелерінен есептеулер алынады.

Осылайша бұрышты екі рет өлшеу, жеке бұрышты толық өлшеу болып саналады. Ал, екі өлшеулер (КП және КЛ) жартылай есеп алу делінеді.

Екі жартылай есеп алудан шыққан нәтижелердің айырмашылығы теодолиттің қос есеп алу дәлдігінен (2t) аспауы қажет, яғни:

βкп - ­βкл ≤ 2t (26)

Егер айырмашылық 2t­ден аспаса, өлшенген бұрыш екі нәтиженің арифметикалық орта шамасына тең болады, яғни:

β=(βкп - ­βкл) / 2 (27)

Кері жағдайда бұрыш қайта өлшенеді. Бұрыш өлшеуде алынған есептеулердің жазылу жолы 10-кестеде көрсетілген.

Егер артқы нүктеден алынған есеп, алдыңғы нүктеден алынғаннан кем болса, онда оған 360° қосылады.

Әр өлшеудегі бұрыштар мен олардың мәні есептелмейінше, теодолитті тұрған станциядан қозғалтпау қажет.

10-кесте. Горизонталь бұрыштарды жеке бұрыш тәсілімен өлшеудің журналы.

Уақыты: 15.07.2005 Өлшеуші: Асқарова А.
Теодолит: 2T30№13651 Есептеуші: Жананев Е.
Нүктелер ВертикальдөңгелектіңорныКПКЛ Горизонтальдөңгелектеналынғанесептер Өлшенгенбұрыштар Ортабұрыш
Түсіру Бақылау, көзде у
В А С КП 151°20,0' (1) 87°34,5' (2) 63°45,5' (3)  
А С КЛ 31°56,5' (4) 328°11,5' (5) 63°45' (6)

Айналдырып өлшеу тәсілі. Мұнда теодолитті нүкте үстіне орналастырып, барлық бағыттардан (C1, C2, C3) сағат тілінің бағытымен, жүйелі нысаналау жолымен жолымен есеп алады (23,ә-сурет). Лимбтың орнынан қозғалмағандығына көз жеткізу үшін, соңғы нысаналауды бастапқы бағытпен аяқтайды. Осы әрекеттер бірінші жартылай тәсілді құрады. Екінші жартылай тәсілде лимбаны орнынан жылжытып, дүрбіні зенит арқылы ауыстырады да, барлық бағыттарды сағат тілінің бағытына қарсы жүйелі түрде нысаналайды.

23- сурет. Бұрыш өлшеудің тәсілдері.

Горизонталь бұрыштарды техникалық теодолиттермен өлшеу дәлдігіне негізінен аспаптар нысаналаудың қателіктері, аспапты, қаданы орналастыру және есептеу қателіктері әсерін тигізеді.

Қазіргі кездегі теодолиттер тиісті жөндеулерден өткізілсе және өлшеудің лайықты әдісі қолданылса, онда қателіктер өте аз жіберілетін болады.

Аспап пен қаданы мұқият орналастырғанда және қабырғаларының ұзындығының ең аз болуына шек қойылғанда, центрлеу мен редукция қателіктерінің әсерін азайтуға мүмкіндік туады. Есептеудің қателігін, есептеу құрылғысының дәлдігінің жартысына тең деп қабылдайды, яғни me=t/2.

Қайталаулар әдісі. Горизонталь бұрышты қайталау жолымен өлшеу әдісі төмендегідей (23,б-сурет):

1) вертикаль дөңгелек сол жақта болғанда, алидаданы 0°­қа жақын есептеуге қояды да, содан кейін алидаданы бекітіп, лимбаны босатып, артқы нүктені (А) нысаналап, а1 есептеуін алады;

2) лимба бекітулі күйде тұрғанда, алидаданы босата отырып, дүрбіні алдыңғы нүктеге (В) бағыттап, а2 есептеуін алады;

3) дүрбіні зенит арқылы ауыстырып, вертикаль дөңгелектің оң жақтағы орнына келтіреді;

4) лимбаны босатып, дүрбіні артқы нүктеге бағыттайды, бірақ есептеуді алмайды;

5) лимба бекітулі күйде тұрғанда, алидаданы босатып, дүрбіні алдыңғы нүктеге бағыттайды да, а3 есептеуін алады.

Бір жартылай қайталау кезіндегі бұрыштың мәні бақылау мәні деп аталады, ол былайша анықталады:

βб = а2 - ­а1 (28)

Бір жартылай қайталаудан өлшенген бұрыштың орташа (соңғы) мәнін мына формула бойынша анықталады:

βб = а3­ -а1 / 2 (29)

Бұрыштың соңғы және бақылау мәндерінің арасындағы р.ұқсат етілген айырмашылық, теодолиттің есептеу құрылғысының бір жарым еселік дәлдігінен (t) аспауы керек, яғни: β - ­βб = 1,5t

Өлшеу дәлдігін жоғарылату үшін, бұрыш бірнеше рет қайталап өлшенеді.

● Вертикаль бұрыштарды өлшеу: Вертикаль немесе көлбеу бұрыштарды вертикаль дөңгелектің көмегімен өлшейді (24-сурет). Вертикаль дөңгелекте нөлдің орны (МО) деп визирлік осьтің горизонталь бағытта және үлбіреуіктің нөл пунктте тұрған кезіндегі вертикаль дөңгелектен алынған есепті айтады.

Егер нөлдің орны алдын-ала белгілі болса, онда көлбеу бұрышты вертикаль дөңгелектен алынған екі есептеу (КП және КЛ) нәтижелері арқылы анықтауға болады.

24-суретте көрсетілгендей дүрбіні М нүктесіне көздегенде, көлбеу бұрыш мынаған тең болады:

ν = КП-МО; ν = 3600-КЛ+МО (30)

24-сурет. Вертикаль бұрыштарды өлшеу.

Егер толық шеңбер-3600-ты шығарып тастасақ, (30) формуласы мына түрге келеді:

ν = МО-КЛ, (31)

(30) және (31) формулаларынан ν, МО мәндерін тауып көрелік:

ν = КП-КЛ / 2, (32)

МО= КП+КЛ / 2, (33)

Ескере кететін жағдай, кейбір теодолиттердің (Т30) көлбеу бұрышы ν мен нөлдің орны МО төменгі формулалармен анықталады (яғни, 1800 қосылады).

МО= КП+КЛ +1800 / 2, (34)

ν = КЛ-(КП +1800) / 2, (35)

V= КЛ-МО = МО-(КП+1800), (36)

Мысал: вертикаль дөңгелектен алынған есептеулер КП = 1038′, КЛ = 358026′.

МО= КП+КЛ /2 = (1038′+3600)+3580 26′/ 2= 360002′,

немесе МО = 0002′ тең.

Көлбеу бұрышы ν-ді (32) формула бойынша анықтап көрелік.

V= КЛ-КЛ/2 = 361038′-358026′/2 = 1036′,

Жұмысқа кірісер алдында нөлдің орны шын 0-ге жақын екендігіне көз жеткізу қажет. Ол үшін бірнеше рет жоғары формулалар арқылы нөлдің орны МО анықталады. Анықталған нөлдің орны теодолиттің екі еселенген есеп алу дәлдігінен 2t аспауы қажет.

Ол үшін дүрбіні алыс нүктеге бағыттап, вертикаль дөңгелектің тік жағдайына (КП және КЛ) есептеулер алып, нөлдің орны мен көлбеу бұрышын анықтайды. Содан кейін вертикаль дөңгелекті, мысалы оң жаққа келтіріп, тағы да сол нүктеге көздеп, дүрбінің жетекші бұрандасы арқылы микроскопқа есептелген көлбеу бұрыш мәнін қояды. Осы кезде дәл ортасында тұрған деңгей үлбіреуігі орнынан ауады. Деңгейдің түзету винттері арқылы үлбіреуік қайтадан орнына келтіріледі. Түзетілгеннен кейін вертикаль дөңгелек қайтадан тексеріледі.

Өзіндік тексеру сұрақтары:

1.Горизонталь бұрышты өлшеудің мәні неде?

2.Горизонталь бұрыштарды неге екі рет (КП және КЛ) өлшейді?

3.Вертикаль дөңгелектің нөлдік орны(МО) қалай анықталады?

4.Коллимациялық қате қалай анықталады?

Әдебиеттер:

1.Нурпейсова М.Б. «Геодезия және маркшейдрлік іс» Оқу құралы. РИК, 1994ж.-108б.

2.Нурпейсова М.Б. «Маркшейдрлік-геодезиялық аспаптар» Алматы: КазҰТУ, 1995ж. 35б.

Дәріс № 16. Сызықтық өлшеулер.

Дәріс мақсаты: Жер бетіндегі нүктелерді белгілеу. Сызықтарды қадалау. Арақашықтықтарды өлшеу әдістері.Арақашықтықты тікелей өлшеу әдісі. Өлшеу аспаптарын тексеруді студенттерге түсіндіру.

Кілт сөзі: Қада, рулетка, лента, инвар сым, болат сым, радиоқашықтық, шпилька, теодолит.

Қысқаша мазмұн:

Арақашықтықтарды өлшеу оларды жер бетінде белгілеуден (бекітуден) басталады, яғни бастапқы және соңғы нүктелер белгіленеді. Қашықтықтар қажеттілігіне қарай уақытша немесе тұрақты нүктелер арқылы бекітіледі, 25-суретте ұзындығы 25-30 см, ал жуандығы 4-5 см ағаштан жасалған қазықша көрсетілген нүктені дәл көрсетіп және центрлеу үшін қазықшаның басына шеге қағылады, ал ол нүктелерді тез табу үшін айналасына дөңгелек шұңқыр қазылады, не топырақ үйіледі.

Ұзақ уақыт қолданылатын тұрақты пункттер ағаш діңгектер, рельстер, трубалар арқылы бекітіледі.(25,а және 25,б-суреттер).

25-сурет. а) нүктелерді белгілеу; б) сызықтарды қадалау.

Тұрған нүктеден сызықтың соңғы нүктесін көру үшін сызық бағытымен соңғы нүктеге алдынан, не артынан қада қойылады.

Егер өлшенетін арақашықтық 150-200 м шамасынан артық ойлы қырлы жерде болса, ұзындықты жергілікті дәлдікпен өлшеу үшін екі нүктенің арасын қадалау керек. Қадалау деп бастапқы және соңғы нүктелердегі екі ағаш қаданың аралығына жарма сызық бойынша қосымша қадаларды орнатуды айтамыз (25,б-сурет). Қадалардың ұзындығы 2-2,5 м, диаметрі 2,5-3 см әр 20 сайын ақ және қызыл бояулармен боялып, төменгі жағы үшкір болып келеді. Қадалау үшін өлшеушінің біреуі бастапқы нүктеде қалады да, жәрдемші адамның біреуін соңғы нүктеге қойып, қалғандарын өлшеушінің бағыттауымен жарманың үстіне бірнеше жерге бірін-бірі тасалайтын етіп орнатады. Яғни соңғы нүктеден бастапқы нүктеге қарай жүріп отырады. Осылайша жүргізілген қадалау «өзіне қарай» қадалау дейді. Бұл жиі қолданылатын тәсіл.

Қадалаудың «өзінен бастап» деген дәлдігі төмендеу тәсілі де бар. Дәл қадалау үшін теодолит қолданылады.

●Жер бетіндегі нүктелердің арақашықтығын тікелей өлшеуге немесе есептелген басқа шамалар арқылы, яғни жанама әдіспен анықтауға болады. Әр тәсілдің өз аспаптары, әдістері бар.

Тікелей әдіс кезінде ұзындықтарды өлшеу рулеткалардың, ленталардың және сымдардың көмегімен жүзеге асырылады.

Оларды болаттан немесе инвардан (64% темір мен 36% никельдің қорытпасы) жасайды. Инварлық өлшеуіш аспаптардың сызықтық ұлғаю коэффициенті өте аз. Болат өлшеуіш аспаптар арақашықтықтарды 1:10000, 1:25000..1:1000000 шамасындай салыстырмалы қателікпен өлшеуге мүмкіндік береді.

Жанама әдісте арақашықтықтарды өлшеу үшін оптикалық қашықтық өлшеуіштер, жарық және радиоқашықтық өлшеуіштер кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, ізделініп отырған арақашықтық аналитикалық жолмен есептеп шығару үшін, өлшенген базистер мен бұрыштардың геометриялық ара қатынасы пайдаланылады. Оптикалық қашықтық өлшеуіштерімен арақашықтықты анықтаудың салыстырмалы қателіктері 1:200-ден 1:500-ге дейін, ал жарық және радиоқашықтық өлшеуіштерде 1:10000-нан 1:250000-ға дейінгі аралықтарда болады.

Геодезиялық жұмыстарда жүктелген міндетіне, олардың дәлдігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ өлшеу жағдайына қатысты сызықтардың ұзындығын өлшеу үшін әртүрлі әдістер мен аспаптар қолданылуы мүмкін.

●Бекітілген нүктелер арасын тікелей 20 м-лік болаттан жасаған өлшеуіш ленталар рулеткалар және нивар сымдардың көмегімен өлшейді. Өлшеуіш ленталардың ені 10 мм-ден 25 мм-ге дейін, қалыңдығы 0,2-0,45 мм болып келеді (26,а-сурет). Лентаның барлық ұзындығында әр 10 см сайын кішкентай тесіктер тесілген. Әрбір бесінші тесік 5 мм-дей пластинкалармен тойтарылған және әрбір метрден кейін лентаның екі жағында пластинкалар шегеленген, оларға лентаның екі шетінен есептелетін метрдің реттік нөмірлері таңбаланған. Лента пайдаланбай тұрған кезде, дөңгеленіп, (26,ә-сурет) жиналады. Өлшеу лентасының құрамына 6 және 11 түйреуіш (шпилькалар) және оларды тізіп алып жүретін шығырақ кіреді.(26,б-сурет). Ленталар өлшеуіш және дәлдігі жоғары шкалалы болып (26,в-сурет) бөлінеді.

26-сурет. Ұзындық өлшеу аспабы.

Рулеткалар маркшейдерлік, геодезиялық және құрылыс жұмыс

тарында қысқа қашықтықтарды өлшеу үшін қолданылады. Рулеткалар ұзындығы 10, 20, 30, 50 м-лік болат пен ұзындықтары 5, 10 және 20 м тоқыма таспадан жасалынады (26,г-сурет).

Инженерлік-геодезиялық жұмыстарда тау-кен рулеткалары (горные) РГ-20, РГ-30, РГ-50 қолданылады.

Рулеткалармен ұзындықтарды 1:50 000 дейінгі дәлдікпен өлшеуге болады.

Инвар сымдар триангуляцияда, полигонометрияда өлшейтін аспаптар құрамына кіреді. Инвар 65% болат және 35% никельден жасалған қоспа.

Болат сымдар мен қашықтық өлшеу дәлдігі 1:10 000-1:25 000, ал инвар сымдар арқылы өлшеу дәлдігі 1:30 000-1:1000 000 дейінгі аралықта.

Қашықтықты өлшеу екі адамның жұмысы: оның бірі артқы, екіншісі алдыңғы өлшеуші болып есептеледі. Өлшер алдында бір шпилька артқы өлшеушіде, қалған бесеуі (шпилька саны 6 болғанда) алдыңғы адамда болады. Артқы өлшеуші шпильканы бастапқы нүктедегі ағаш қазықшаның ортасынан ұстап, оған лентаның штрихын түйістіріп, алдыңғы серігін бағыттайды. Алдыңғы өлшеуші лентаның екінші ұшын тартып, ілгері арқылы 5 шпильканың біреуін жерге бекітеді де, бекіткеннен кейін «болды» деп команда береді. Сол команда бойынша артқы өлшеуші өз шпиькасын жерден алады, ал алдыңғы сол жерге қадап кетеді.Бұдан әрі артқы өлшеуші қашан алдынғының жерге кіргізіп кеткен шпилькасына жеткенше екеуі лентаны алып, қадалар бойымен ілгері қарай жүреді.

Артқы өлшеуші 1- шпилькаға лентаны іліп, алдыңғы серігін бағыттайды. Алдыңғы өлшеуші енді лентаны 2-шпилькамен орнатып, артқысы оларды жинап, келесі нүктеге дейін өлшей береді.

Шпилькалар лентаны тек жер бетінде орнату үшін ғана емес, өлшенген сызықтың ұзындығын анықтау үшін де керек. Мысалы, комплектегі шпилькалар саны 6 делік, бір мезгілде артқы өлшеушінің қолында 3 шпилька, ал өзінің тұрған нүктесінде бір шпилька орнатулы болса, онда сол нүктеге дейін 3Ч20=60 м қашықтық өлшенгені. Демек, артқы өлшеушінің қолында шпилька қанша болса, сонша рет 20 м-лік лента жерге салынғаны.

Егерде қашықтық 100 м артық болса, алдыңғы өлшеушінің қолындағы шпилькалар таусылып артқы 6 шпилька жиналады. Ондай жағдайда, артқы өлшеуші алдыңғы серігіне 5 шпильканы санап береді. Демек, 5 шпилька бір рет «берілсе» 5Ч20=100 м-лік қашықтық өлшенгені.

Арғы нүктеге келген кезде лентаға толмайтын кесінді қалады. Бұл қалдықтың ұзындығын сол лента арқылы сантиметрлік дәлдікпен өлшейді. Өлшенген қашықтықтың жалпы ұзындығы мына формула арқылы есептеледі:

D=nl+g (37)

Мұндағы n – тұтас алынған лента саны (шпилькалар саны);

l – лентаның ұзындығы;

g – қалдықтың ұзындығы;

Мысалы, қашықтықты өлшеу кезінде 20 м лента 4 рет жерге алынылып, қалдығы 9,25 м-ге болды делік, сонда өлшенген арақашықтық мынаған тең болады.

D=4·20+9,25=89,25м

Қателіктер теориясында айтылғандай қашықтық өлшеу кезінде өрескел, кездейсоқ және жүйелі қателер болуы мүмкін. Көп уақыт пайдаланылған не үзілген ленталар өзінің бастапқы ұзындығына сәйкес келмейді. Сондықтан, өлшер алдында лента мұқият тексеріледі. Тексеріп, өлшеуіш лентаның нақтылы ұзындығын анықтауды компанирлеу дейді. Егерде лента 20 м кем не артық болса, онда лентаның ұзындығына түзету енгізіледі.

Өлшеудің дәлдігін арттыру үшін әр қашықтың екі реет (тура және кері) бағытта өлшенеді. Екі өлшеудің айымашылығы Δ=D2­D1 сол ұзындықты өлшеудің абсолюттік қатесі болып есептеледі. Өлшеу қателері теориясы тарауында айтып кеткендей, ұзындық өлшеу дәлдігі салыстырмалы қате (22) арқылы анықталады.

(38)

Өлшеудің дәлдігі жердің рельефіне тікелей байланысты. Жер беті рельефіне қарай үш категорияға бөлінеді:

1) өлшеуге қолайлы, жеңіл, жері тегіс, топырағы қатты т.б.;

2) орташа: топырағы бос, шабындық, т.б.

3) өлшеуге лайықсыз: сазды, құмды, шеңгелді, т.б.

Осы категорияға сәйкес салыстырмалы қателер мөлшерлері белгіленген. Мысалы, 1- категориялы жерде болуға тиісті. 2-категорияда , ал 3-категорияда болуға тиісті. 2-категорияда , ал 3-категорияда шамасынан аспауы керек.

Өлшеу нәтижесіндегі қателер осы шектерден аспаса, онда өлшенген ұзындықтың мәні ретінде екі өлшеудің арифметикалық ортасын алады. Егер салыстырмалы қате шектен асып кетсе, қашықтық қайтадан өлшенеді.

План мен карта жер бетінде өлшенген қашықтықтардың (сызықтардың) проекциялары салынады. Сондықтан лентамен өлшенген ұзындықтардан олардың проекцияларына көше білу қажет. Өлшенген АВ түзуінің горизонталь проекциясын АВ (27-сурет) сол түзудің салындысы дейміз. Егер ұзындықтың көлбеу бұрышы ст теодолит арқылы өлшенеді десек, онда проекциясын (салындысын) мына формуламен есептеуге болады:

(39)

Жазықтағы проекцияларды көлбеудің түзулері арқылы анықтауға болады, яғни

d=D-Δd (40)

27- сурет. Горизонталь проекцияны анықтау. 28-сурет. Эклиметр.

мұндағы: Δd=2D·sin2 (41)

Көлбеу бұрыштарды теодолиттің тік дөңгелегі не эклиметр (28-сурет) арқылы өлшенеді.

●Қашықтық өлшеуіш аспаптың нақтылы ұзындығы оның үлгісіндегіден, яғни оның көрсетілгенінен l = l0 +∆lк айырмасы болады. Сондықтан өлшер алдында аспаптың нақты ұзындығын үлгідегі ұзындығымен салыстырып, анықтакп алады. Осындай үлгімен салыстырып аспаптың жұмыс ұзындығын анықтауды лентаны компарирлеу дейді.

Лентаны компарирлеу лабораториялық және далалық компараторларда жүргізіледі.

Болат пен инвар сымдар, өлшеуіш ленталар мен рулеткалар далалық компараторларда да тексеріледі. Далалық компаратор тегіс және ашық жер бетінде 12м немесе 24м ұзындықтар салынып белгіленген жер. Компаратордың екі ұшы бетондалып бекітіліп, бетон үстінде арнайы маркалар салынған.

Компараторлардың ұзындығы инвар сымнан жасалған үлгімен бірнеше рет өлшенеді. Одан кейін осы ұзындықты жұмыс лентасымен бірнеше рет өлшеп, компарирлеудің түзетпесін есептейді.

Болат ленталар мен рулеткалардың ұзындықтарын жеңіл тәсілмен тексеруге де болады. Тегіс жазықтықта (мысалы, бетондалған жер немесе асфальт) екі лентаны (үлгі және жұмыс) нөлдік бөліктерін бір-біріне келтіріп, қатар салады. Ленталардың екеуіне де динамометрмен бірдей салмақты (10кг) күш беріп тартады да, нақтылы лента ұзындығы λ-мен үлгідегі (тексергіш) аспап ұзындығының λ0 айырмашылығын ∆λ сызғышпен өлшейді, яғни: ∆λк = λ - λ0

мұндағы ∆λ-компарирлеуге енгізілетін түзетпе.

Сонда жұмыс лентасының нақтылы ұзындығы мынаған тең болады.

L= λ0 + ∆λ (42)

Егер ұзындық өлшеген кезде температураның өзгеруі әсер ететін болса, онда компарирлеу кезінде де температураны t˚-өлшеу қажет. Лентаны компарирлеу аяқталғанда, әрбір өлшеу аспабына (сымға, лентаға, рулеткаға) компарирлеу тәсілі мен мезгілі, созылуы, аспаптың ұзындығы және компарирлеу температурасы көрсетілген куәлік құжат беріледі.

Өзіндік тексеру сұрақтары:

1.Жер бетінде қашықтық қалай бекітіледі?

2.Ұзындық шамасы деген не?

3.Тікелей өлшеу аспаптарына не жатады?

4.Өлшеу аспаптарын компарирлеу деген не?

5.Жер беті рельефіне қарай неше категорияға бөлінеді?

Әдебиеттер:

1.Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. «Инженерлік геодезия» оқулық Алматы 2005ж.

2.Нурпейсова М.Б. «Геодезия» Алматы 2005ж.

Дәріс №17. Оптикалық қашықтық өлшеуіштер.

Дәріс мақсаты: Оптикалық қашықтық өлшеуіштер. Тікелей өлшеуге болмайтын арақашықтықтарды анықтауды студенттерге түсіндіру.

Кілт сөзі: База, радио, электрооптикалық қашықтық, сәуле, перпендикуляр.

Қысқаша мазмұн:

Оптикалық қашықтық өлшеуіштер көлбеу мен жазық қашықтықтарды анықтайды. Қашықтық анықтаудың негізгі принципі бір қабырғасы қысқа бүйірлі бұрышты өлшеу (29-сурет). Мұндай үшбұрыштың үшкір бұрышын параллактикалық бұрыш (β), ал қысқа қабырғасын – (в) база деп атайды. Анықталатын қашықтық 29,а-сурет арқылы мына формуламен есептеледі:

D=в/2ctgβ/2 (43)

β­бұрышы шамалы ғана болғандықтан (β<1°), tgβ/2 функциясын β/2-ге тең деп, (43) формуласын былайша өзгертуге болады:

(44)

Бұл формуладан, база (44) в тұрақты сан болса, бұрыш өлшенетіні, керісінше, бұрыш β тұрақты болса, онда базаны өлшеу қажеттілігі көрініп тұр. Осыған сәйкес оптикалық қашықтық өлшегіштер де екі түрге бөлінеді:

1)Тұрақты базалы өлшегіш. (29,ә-сурет). Бұл қашықтық өлшегіштерде тұрақты база – в рейкаларда арнайы маркалармен белгіленеді және қашықтық мына формуламен анықталады:

(45)

Мұндағы k- қашықтық өлшеуіш коэффиценті, тұрақты сан.

2) Тұрақты бұрыш өлшеуіш (29,б-сурет). Мұндай қашықтық өлшеуішпен жұмыс істегенде, (44) формуласындағы тұрақты. Санға тең және оның қашықтық өлшеуіш коэффиценті k-деп белгілесек, онда қашықтық мына формуламен анықталады:

(46)

Мұндағы k- қашықтық өлшеуіш коэффиценті.

29- сурет. Оптикалық қашықтық өлшеудің схемасы.

●Кейінгі кезде радио және электрооптикалық қашықтық өлшеуіштер кеңінен өріс алды. Бұл аспаптардың негізіне радиотолқындар мен сәуле толқындарының белгілі бір нүктеге барып-келу уақытын өлшеу қойылған. Жарық қашықтық өлшеуіштің принциптік схемасы 30-суретте көрсетілген.

30-сурет. Жарық сәулелі қашықтық өлшеуіштің схемасы.

Радиоқашықтың өлшеуішпен жұмыс істегенде ұзындық мына формула

30-сурет. Жарық сәулелі қашықтық.арқылы анықталады:

(47)

Мұндағы V- радиотолқындардың ауада таралу жылдамдығы;

t- радиотолқындардың белгілі бір нүктеге барып-келу уақыты.

Жарық қашықтық өлшеуіш сигналды таратып және шағылдырғыштан қайтып келгеннен соң, оны қабылдап алатын қабылдағыш–хабарлағыштан тұрады.

Қазіргі уақыттағы жарық қашықтық өлшеуіштерде фазалық әдіс қолданылады, себебі сигналдық сол арақашықтыққа барыл қайтуға кететін уақытын жоғары дәлдікпен өлшеу өте күрделі жұмыс. Осы мақсатта таратылған жарық толқындарының тербелісін өзгертеді, яғни берілген уақыт аралығында жарық толқынының қарқынын бірде азайтып, бірде күшейтіп тұрады. Бұл жағдайда шашылған жарық жоғары дәлдікпен өлшеу өте күрделі жұмыс. Осы мақсатта таратылған жарық толқындарының тербелісін өзгертеді, яғни берілген уақыт аралығында жарық толқынының қарқынын бірде азайтып, бірде күшейтіп тұрады. Бұл жағдайда шашылған жарық қабылдағыш–хабарлағышқа таратылған кезіндегі фазада максимумы-максимум, ал минимумы-минимум болып оралады.

Геодезиялық радиоқашықтың өлшеуіштер едәуір ара қашықтықтарды радиосигнал хабарының көмегімен өлшеу үшін қолданылады. Олардың массасы мен көлемі біршама үлкен.

Арақашықтықты өлшеуге радиоқашықтың өлшеуіш станциясының екеуі қолданылады: жетекші және жетектелуші, олар жиілігі жуық тербеліске өзгертілген жоғары жиіліктегі толқындарды таратып, басқа станциядан түскен толқындарды қабылдайды. Екі станциялар да тербелістерін өзгертетін жиіліктер араласады және олардың жиілік айырмашылығы бөлінеді. 1-ші және 2-ші станциялардағы толқындар арасындағы жиілік айырмашылығының өзгеру фазасы станциялардың арақашықтығына пропорционал болады. Фазаның өзгеруі жетекші станцияда жетектелуші станциядан фазалық бұрыштың көлденең мезетіндегі импульсін электронды сәулелік түтікшенің экранында тіркеу арқылы өлшенеді.

30 км-лік арақашықтықты күндіз және 50 км арақашықтықты түнде дәлдігі жоғары жарық өлшеуішпен өлшеу кезінде жіберілетін орташа квадраттың қателік

см-ден аспайды, мұндағы D-арақашықтық, км. Радиоқашықтық өлшеуіш (РДГ) 20 км-ден 30 км-ге дейінгі арақашықтығын 5…15 см дәлдікпен өлшеуге мүмкіндік береді.

●Егер жер бетіндегі қашықтықты тікелей лентамен өлшеуге болмайтын болса, онда қашықтық әртүрлі жанама тәсілдер қолданып, сол жерде құрылған геометриялық фигураларды шешу арқылы анықталады.

АВ=D (31,а-сурет) арақашықтығын анықтау керек делік. Ол үшін А нүктесіне АВ бағытына перпендикуляр етіп, в базисін саламыз да, В нүктесіндегі β параллактикалық бұрышын мұқият өлшейміз. Сонда ізделініп отырған арақашықтық мына формуламен анықталады:

31- сурет. Қашықтық өлшеудің жанама тәсілдері.

(48)

Жергілікті жердің жағдайына байланысты (өзен, жыра, өзек, т.б.) ұзындықтарды өлшеудің мүмкіндігі көбіне бола бермейді. Ондай кезде мынадай тәсіл қолданылады.

Өзеннің қарама-қарсы жиегінде орналасқан В және С нүктесінің арақашықтығын табу керек делік. Арақашықтық ВС, ВСК және ВСМ үшбұрыштары арқылы анықталады. Ол үшін үшбұрыштың ВМ және ВК қабырғалары (базис) лентамен және α, β, α1 және β1 горизонталь бұрыштары теодолитпен өлшеніп анықталатын ВС қабырғасы синустар теоремасы бойынша екі рет есептеледі:

(49)

Өлшенген бұрыштардың дәлдігін тексеру үшін үшбұрыштардың үшінші бұрыштарын (Y және Y1) өлшеуге болады. Үшбұрыштардың барлық бұрыштары өлшенгендіктен, олардың қосындысы 180°­қа тең болып, анықталған екі нәтижесінің салыстырмалы қатесі 1:1500-ден аспауы керек.

Өзіндік тексеру сұрақтары:

1.Оптикалық қашықтық өлшеуіштер туралы не білесіз?

2.Жарық сәулелі қашықтық өлшеуіштер туралы не білесіз?

3.Тікелей өлшеу аспаптарына не жатады?

4.Тікелей өлшеуге болмайтын ұзындық қалайша анықталады?

Әдебиеттер:

1.Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. «Инженерлік геодезия» оқулық Алматы 2005ж.

2.Нурпейсова М.Б. «Геодезия» Алматы 2005ж.

Дәріс №18. Геодезиялық түсірістер.

Дәріс мақсаты: Геодезиялық түсірістер және онда қолданылатын аспаптар туралы жалпы мәлімет. Теодолиттік түсіріс, оның мәні және жұмыс тәртібі. Жергілікті жерде теодолиттік жүрістерді жүргізу. Теодолиттік жүрістерді геодезиялық тірек жүйелері пункттеріне байланыстыру туралы студенттерге мағлұмат беру.

Кілт сөзі: Теодолиттік, тахеометриялық, мензулалық түсіріс, геометриялық, тригонометриялық, барометрлік, механикалық нивелирлеу, рекогносцировка, полигон.

Қысқаша мазмұн:

Жергілікті жердің картасы мен планын жасау үшін жүргізілетін геодезиялық өлшеулер процесін түсіріс деп атайды. Егер түсіріс нәтижесінде жердегі заттардың, объектілердің контурлары мен өзара пландық орны, яғни жергілікті жердің жай-жапсары анықталатын болса, онда түсіру горизонтальдық деп аталады. Егер жердің жай-жапсарынан басқа жердің бедері түсірілетін болса, онда түсіріс топографиялық деп аталады.

Қолданылатын аспаптардың аттары мен әдістерге байланысты түсірістер мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Теодолиттік түсіріс – жердің контурлық планын алу үшін теодолит (бұрыш өлшегіш аспап) пен өлшеу лентасының (қашықтық өлшеуіш) көмегімен орындалатын геодезиялық жұмыстардың түрі. Теодолиттік түсіру кезінде горизонталь бұрыштар β және арақашықтықтар S өлшенеді.

2. Тахеометриялық түсіріс тахеометр деген аспап арқылы жүргізіледі. Тахеометр арқылы горизонталь α, вертикаль V бұрыштар, S және биіктік өсімшесі һ анықталады.

3. Мензулалық түсіріс мензула және кипрегель арқылы жүргізілетін жұмыс. Бұл түсірудің нәтижесінде қашықтықтың горизонталь проекциясы мен биіктік өсімі анықталады, план тікелей далада сызылады.

4. Аэрофотографиялық түсіріс әуеде ұшып жүріп, жер бетін аэро фотоаппаратпен суретке түсіру арқылы план мен карта жасаудағы жұмыстар.

5. Жердегі сфереофотограмметриялық түсіріс арнайы жерде тұрып фототеодолит арқылы жүргізілетін жұмыстар.

6. Нивелирлеу арнаулы аспаптардың көмегімен пункт биіктіктернінің айырмасын, яғни биіктік өсімділерін анықтау тәсілі.

Өз кезеңдегі нивелирлеу:

а) геометриялық нивелирлеу түзу визирлік сәулесі нивелир аспабы және көмегімен жүргізіледі;

ә) тригонометриялық көлбеу визирлік сәулесі теодолит пен рейка арқылы жүргізіледі;

б) барометрлік нивелирлеу атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруінің физикалық заңы негізінде;

в) гидростатикалық нивелирлеу жалғасқан ыдыстардағы сұйық заттың бір деңгейде орналасу қасиетіне негізделген;

г) механикалық нивелирлеу автоматты түрде профиль сызатын құрылғыға негізделген түрлерге бөлінеді.

7. Көзмөлшерлік және буссольдық түсіріс компас және көздеу сызғышы арқылы жүргізілетін геодезиялық жұмыстардың жиынтығы.

Геодезиялық түсірулердің материалдары уақыт өткен сайын көнере береді, өйткені жергілікті жерде шаруашылыққа пайдалану процесі жүріп жатады: жаңа объектілер салынады, пайдалы қазбаларды қазу жүргізіледі, т.с.с. Оның үстіне физика-географиялық жағдайлар да өзгеріп тұрады, солардың бәрі топографиялық карталарда бейнеленіп көрсетілуі тиіс. Топографиялық карталарды қазіргі заман талабына сай деңгейде жасап тұру үшін, оларды уақытылы жаңартып отыру керек.

●Теодолдиттік жүрістер деп, тұйықталған не тұйықталмаған сынық сызықтар жүйесінен тұратын полигондарды айтады.

Теодолиттік жүрістердің бірнеше түрі бар:

1) Тұйықталмаған жүрістің басы мен аяғы геодезиялық пункттерге жанасады (32, а-сурет).

2) Тұйық жүріс (полигон) геодезиялық негізгі пунктке байланыстырылған тұйықталған көпбұрыш (32,ә-сурет).

3) Бір жағы байланыстырылған аспалы жүрісте (32,б-сурет) сынық сызықтардың бір жағы тірек пунктіне жанасып, екінші жағы бос болып келеді. Теодолиттік жүріс түрлері түсірілетін жер бетінің өзгешелігіне байланысты. Қажет болған жағдайда полигонның ішіне диогональдық жүрістер де жүргізіледі (32,а-сурет).

32-сурет. Теодолиттік жүрістер.

а-тұйықталмаған жүріс; ә-тұйықталған жүріс; б-аспалы жүріс.

Теодолиттік жүрістерде горизонталь бұрыштар Т15, Т30, 2Т30, т.б. теодолиттер тәсілімен толық есеп алу тәсілімен (КП және КЛ) өлшенеді.

Теодолиттік жүрістегі арақашықтықтар 20м-лік өлшеуіш лента немесе рулеткамен тура және кері бағытта өлшенеді; өлшеудің екі нәтижесін және олардың орта мәнін арнайы дайындалған журналға жазады. Әрбір қабырғаның екі рет өлшенген ұзындығының арасындағы айырмашылығы 1-разрядты жүрістерде ұзындық 1:2000-нан, ал 2-разрядты жүрістерде 1:1000-нан аспауы керек.

●Теодолиттік жүріс нүктелерінің (пунктттерінің) координаталарын мемлекеттік бір жүйеде анықтау және өлшеу нәтижелерін тексеру үшін, оларды геодезиялық тірек пункттерімен байланыстыру қажет. Яғни олардың координаталарын геодезиялық пункттерінің координаталары арқылы анықтау керек.

Теодолитттік жүрістерге кіргізілген В және С тірек пункттерін негізгі пункттер деп атайды (33, а-сурет) себебі, олардың координаалары (x, у және АВ, С) қабырғаларының αАВ, αCD дирекциондық бұрыштары белгілі. Байланыстыру кезінде бастапқы (Y1) және ақырғы қабысу бұрыштары (Y2) өлшенеді.

Ал, тұйық теодолиттік жүрістерде (33, а-сурет) байланыстыру кезінде полигонға тек бір-ақ тірек пункті кіргізілсе жеткілікті. Бұл жағдайда бастапқы (Y`A) қабысу бұрышы өлшенеді.

Егерде теодолиттік жүріс геодезиялық тірек торы пункттерінен қашықта орналасса, онда қосымша теодолитік жүрістер не геодезиялық тура және кері қиылыстырулар арқылы байланыстырылады. Мысалы, теодолиттік жүрістің маңайында екі тірек пункттері бар және сол екі пункттен полигонның бір-ақ нүктесі жақсы көрінсін (33,ә-сурет). Бұл жағдайда байланыстыру тура геодезиялық қиылысу тәсілімен байланыстырылады, яғни негізгі А және В пункттерінен βА, βВ жазық бұрыштары және полигонның пунктінде φ1, φ2 қабысу бұрыштары өлшенеді.

33- сурет. Теодолиттік жүрістерді байланыстыру.

Егерде анықталатын 1 пункттен геодезиялық тірек торларының 3 пункті көрініп тұрса (33,б-сурет), онда теодолиттік жүріс кері геодезиялық қиылыстыру тәсілімен байланыстырылады, яғни 1 нүктеде тұрып, теодолит арқылы бұрыштары өлшенеді.

Өзіндік тексеру сұрақтары:

1.Геодезиялық түсірістердің түрлерін атаңыз?

2.Теодолиттік түсірістің мәні неде?

3.Теодолиттік жүрістер.

4.Негізгі пункттер дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1. Нурпейсова М.Б. «Геодезия» Алматы 2005ж.

2.Маслов А.В., Гордеев А.В., Батраков Ю.Г. «Геодезия» М., Недра: 1987ж.

Дәріс №19. Жер бетінің ситуациясын түсіру.

Дәріс мақсаты: Теодолиттік жүріс нәтижелерін математикалық өңдеуді студенттерге есептетіп шығаруды үйрету.

Кілт сөзі: Абрис, перпендикуляр, полярлық, қиылыстыру тәсіл, эккер, камеральдық жұмыстар, ведомость, полигон.

Қысқаша мазмұн:

Жер бетінде орналасқан заттады планға түсіру үшін әртүрлі өлшеу жұмыстары жүргізіліп, олардың нәтижелері журналдың арнаулы беттеріне жазылады да, түсірілген объектілеріне абрис деп аталатын схемалық жоба (тұрпы) сызылады. Абрис теодолиттік түсірудің негізгі документі болып есептеледі де, ол план жасағанда қолданылады.

Жер беті ситуацияларын планға түсірудің бірнеше тәсілдері бар. Енді солардың бірнешеуіне тоқтала кетелік.

Перпендикуляр тәсілі. Теодолиттік жүрістік АВ қабырғасының жанында орналасқан орманның 1, 2, 3 деп белгіленген ерекше нүктелерін планға түсіру үшін, сол нүктелерден АВ-ға перпендикуяр түсіріліп, олардың ұзындықтары (1d1, 2d2, 3d3) және бастапқы пункттен сол перпендикулярға дейінгі қашықтықтар (Ad1, Ad2 және Ad3) өлшенсе жеткілікті. Өлшеулер өлшеу лентасы мен рулетка арқылы жүргізіледі. Кейін планға бұл өлшеулер масштаб арқылы салынады. Қысқа

Перпендикуяр көз мөлшерімен, ал ұзынды эккердің көмегімен тұрғызады. Эккер үш қырлы призма блып келеді. Оның екі қыры теодолиттік жүрістің қабырғасына перпендикуярларды түсіретін және көз алдына келтіретін айнадан тұрады.

Полярляқ тәсілді қолданғанда ситуация контуры полигонның бір қабырғасыан (ВС) ерекше нүктелерге дейінгі горизонтал бұрыштарды және оларға дейінгі арақашықтықтарды өлшеу арқылы түсіреді. Полярлық бұрыштар (α1, α2, α3) теодолитпен, ал ұзындықтар (ll, l2, l3) қыл жіпті қашықтық өлшеуіш арқылы өлшенеді. Өлшеу нәтижелері планға транспортер және масштабтық сызғыш арқылы салынады. Полярлық тәсіл геодезиялық жәнемаркшейдерлік жұмыстарда кеңінен қолданылады.

а – перпендикуляр тәсілі; ә - полярлық тәсілі; б – бұрыштық қиылыстыру; в- сызықтық қиылыстыру тәсілі;

Қиылыстыру тәсілдері тікелейқашықтық өлшеу қиын жағдайларда бұрыштың қиылыстыру тәсілі қолданылады, яғни А және В пункттерде теодолитпен α, β бұрыштары өлшенеді де, өлшенген бұрыштар транспорт арқылы салынып, қиылысқан нүктеге жел диірменді шартты белгімен белгілейді.

Үйдің бір бұрышын С нүктесін AC=a және BC=в арақашықтықтарын өлшеу арқылы да анықтауға болады.

Кейін С нүктесін планға салу үшін А және В нүктелерінен а мен в-ға тең радиуспен циркуль арқылы доғалар жүргізіп, олардың қиылысқан жері белгіленеді.

· Теодолиттік түсірістегі камеральдық жұмыстар есептеулер мен сызу жұмыстарынан тұрады. Есептеулер нәтижесінде пункттердің координаталары анықталып, ал графикалық жұмыстар арқылы белгіленген масштабта теодолиттік түсірістің планы жасалады.

Теодолиттік жүріс пункт координаталарының есептеу жұмыстары өзара мынадай түрлерге бөлінеді:

1)өлшенген бұрыштарды өңдеу;

2)дирекциондық бұрыштарды есептеу;

3)өлшенген ұзындықтардың горизонталь проекцияларын есептеу;

4)координаттар өсімшелерін есептеу;

5)пункттердің координаталарын есептеу.

Осы айтылған есептеулер арнайы ведомоста жүргізіледі (11-кесте). Тұйықталған және тұйықталмаған полигондар пункттердің координаталарын есептеудің ерешеліктері бар. Сондықтан оларға 2 бөлек тоқталамыз.

Енді тұйықталған теодолиттік жүрістегі нүктелердің координаталарын есептеп шығару жолын қарастыралық. Есептеп шығарулар арнайы ведомость қолданылып (8-кесте), төмендегі ретпен жасалынады:

1. Бұрыштарды өлшеу журналынан 2-графаға горизонталь бұрыштардың орташа мәнін жазып алады.

2. Ведомостың 6-графасына өлшенген ұзындықтардың горизоталь проекциялары енгізіледі.

3. Өлшенген бұрыштардың қосындысын есептеп, полигонның бұрыштық қиылыспаушылығын мына өрнекпен анықтайды:

(50)

мұндағы: ∑βпр - өлшенген бұрыштардың практикалық қосындысы.

βm - полигонның ішкі бұрыштарының теориялық қосындысы.

Тұйықталған теодолиттік жүріс бұрыштарының теориялық қосындысы мына формуламен есептеледі:

(51)

мұндағы n-көпбұрыштың ішкі бұрыштарының саны.

11-кесте. Координаталарды есептеудің ведомостісі

нүктелер Горизонтальды бұрыштар Дир. бұр. α Румб. р соѕр ѕіnр Гориз. Проло жение. L,м Жуықтатылған координаталар Координаттар
Өлш. поправ. Түзет. есептелген түзетілген х у
  ˚ ′ ′′   ′′   ˚ ′ ′′   ˚ ′ ′′ Наз ван.   ˚ ′ ′′ ± ∆х ± ∆у ± ∆х ± ∆у 800,00 1000,00
        220˚20′ ЮЗ 40˚20′ 0,763796 0,647250 187,30 - -0,0

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow