Сурет. Нивелирлік рейкалар

●Рейкалар бір жақты немесе екі жақты да болуы мүмкін. Екі жақты рейкалардағы бір сантиметрлік бөліктер бір жағында қара, ал екінші жағында қызыл түспен белгіленген. Рейканың қара жағында есептеу нөлден басталады да, ол негізгі жағы болып есептелінеді. Рейканың қызыл жағын тексеру үшін қажет, оның табаны нөлден емес басқа саннан, мысалы, 4687 не 4787 мм-ден басталады. Егерде нивелирлеу кезінде рейканың бір жағынан есептер алынса, онда қызыл жағынан алынған есептен қара алынған есепті шегергенде, әрқашан 4687 4787 саны қалып отыруы қажет. Бұл сан есеп алудың дәлдігін де, дұрыстығын да көрсетеді.

Жұмыс жүргізер алдында ниверлік рейкалар тексерілуге тиіс.

Далалық нивелирлеу жұмысы басталар алдында аспапты ең алдымен толық сыртқа өткізеді, нивелир бөліктерінің жиынтығына, винттерінің жиынтығына, винттердің түзулігіне көз жеткізеді.

Нивелирге қойылатын басты талап деңгейлік ось пен нысаналау сәулесі бағытының өзара параллель болуы. Жұмыс жүргізер алдында нивелир жан-жақты тексеріліп, биіктік өсімшесін дәл анықтауға әсер ететін кемшіліктер түзетілуге тиісті. Нивелирдің осьтері арасындағы геометриялық байланыстарды (39- сурет) тексеру былайша жүргізіледі.

39- сурет. Нивелирлеудің осьтік құрылысы.

Дөңгелек деңгейді тексеру. Дөңгелек деңгейдің осі нивелирдің айналу осіне параллель болуы тиіс. Көтергіш үш винт арқылы дөңгелек деңгей үлбіреулігі ортасына келтіріледі.

Одан кейін нивелир дүрбісін 1800-қа бұрады да, көпіршіктің орнын тексереді. Егер көпіршік нөл пунктте қалса, онда жоғврғы тексеру шартының орындалғандығы. Керісінше, шарттың орындалмаған жағдайында дөңгелек ұстап тұрған үш түзеткіш бұрандалары арқылы ауытқудың жартысы түзетіледі. Ал қалған жартысы көтергіш бұрандалар әсеріменен түзетіледі.

Жіп торларын тексеру. Жіп торларының горизонталь штрихы нивелирдің айналу осіне перпендикуляр, ал вертикаль штрихы параллельді болуы тиіс. Екі штрихтың бір-біріне перпендикуляр болуына завод кепіл береді, сондықтан бұл ексеруді вертикаль штрихтың көмегімен жасаған дұрыс. Ол үшін нивелирден 20-25 м қашықтық жерге тіктеуіш (отвес) қойылады да, нивелирдің айналу осі тік бағытқа келтіріледі.

Егер дүрбіні тіктеуішке көздеген кезде вертикаль штрих тіктеуіш жібімен қабысып, оның бойымен өтетін болса, онда тексеру шартының орындалғандығы. Керісінше, бұл шарт орындалмаса, онда тордың түзету бұрандаларын босатып, диафрагманы жіптер торымен түзетеді.

Негізгі геометриялық шартты тексеру. Цилиндрлік деңгейдің осі көздеу осіне параллель болуы үшін бір жазықтықта жатуы керек.

Бұл тексеру екі рет нивелирлеу арқылы жүргізіледі, яғни бір қашықтықты екі рет «алға» нивелирлеу арқылы тексеріледі.

Қашықтығы 30-40 м жерге екі қазық А және В қағылып (40, a- сурет), А нүктесіне нивелир, ал В нүктесіне рейка орнатылады. Аспап биіктігі өлшеніп, рейкадан B1 есебі алынады. Егер көздеу осі VV мен деңгей осі vv параллель болмаса, онда B1 есебінің орнына есебі алынып, қате шамасы анықталады. Сонда В нүктесінің А нүктесіне қарағандағы биіктік өсімшесі мынаған тең болды:

(78)

40- сурет. Нивелирлеудің тексеруі.

Енді нивелир мен рейканың орнын алмастырып, қайтадан аспап биіктігі өлшенеді және А нүктесіне тұрған рейкадан есеп алынады (40, ә- сурет). Екі нүктенің арасы өзгеріссіз қалғандықтан есебіндегі қате шамасы тағы да Х тең болады, яғни:

(79)

(75) және (76) формулалардан х анықтайық:

(80)

Егер мм болса, түзету жүргізілмейді. Керісінше, 4 мм-ден асып кетсе, элевациондық бұранданың көмегімен тордың ортаңғы штрихын түзетілген есепкекелтіріледі. Бұл жағдайда цилиндрлік деңгей көпіршігі нөл пункттен ауытқиды, яғни дүрбі ішіндегі көпіршіктің ұштасқан екі шеті алшақтайды. Көпіршіктің ауытқуы цилиндрлік деңгейдің түзеткіш бұрандалары арқылы қалпына келтіріледі.

Өзіндік тексеру сұрақтары:

1.Нивелирдің негізгі тексерулерін атаңыз?

2.Нивелир неше түрге бөлінеді?

3.Н-10 қандай нивелир?

4.Н-05 қандай нивелир?

Әдебиеттер:

1.Қалабаев К.Б., Нурпейсова М.Б., Жарқымбаев Б.М. «Нивелирлеу» Алматы: КазПТИ, 1990ж.12б.

2.Селиханович В.Г. «Геодезия» М.: Недра, 1981ж.

Дәріс № 24. Техникалық нивелирлеу.

Дәріс мақсаты: Техникалық нивелирлеудің нәтижесін өңдеу туралы студенттерге түсіндіру.

Кілт сөзі: Трасса,пикеттік журнал,плюстік нүкте, рейка, нивелир, дүрбі, профиль.

Қысқаша мазмұн:

●Топографиялық жұмыстарды жүргізу кезінде түсіру пункттерінің биіктіктері техникалық нивелирлеу арқылы анықталады. Техникалық нивелирлеу сондай-ақ, инженерлік құрылыстарды, темір жолдар мен тас жолдарды жобалау, құру және профиль сызудан тұрады.

Трассаны белгілеу түсірілетін жерді алдын-ала байқап, келешекте салынатын құрылыстың осін белгілеп, пикеттерді және құрылыс нүктелерін бекіту. Трассаның осі бойынша әр 100 м сайын пикеттер мен плюстік ерекше нүктелер бекітіледі. Пикеттік нүктелердің нөлден бастап неше жүз метр жүргізілгенін көрсетеді. Плюстік нүктелер жердің ой-қырлы жерлерін белгілеуге керек, олардың тұрған жерін анықтау үшін алдыңғы пикеттің плюстік нүктеге дейінгі қашықтығы өлшенеді (41, а- сурет).

Трассаны белгілеумен қатар, трасса осіне перпендикуляр бағытта түсірілетін нүктелерде бекітіледі. Мұндай түсірулерді кесе-көлденең нивелирлеу деп атайды. Көлденең профильдердің ұзындығы 20-25 м-ге дейін жетеді (41, ә- сурет).

41- сурет. Техникалық нивелирлеу.

Трассаны белгілеу кезінде пикеттің журналы жасалынып, оған бекітілген барлық нүктелер салынып, же«р ерекшеліктерінің схемасы жасалынады (42-сурет).

Трассаның қисық сызықпен кездесетін нүктесін қисықтық басы, аяғын – қисықтық аяғы – ҚА, ортасын – қисықтық ортасы – ҚО деп белгілейді. Бұл үш нүкте қисықтың негізгі нүктелері болып есептеледі де, олар трассаның бұрылу бұрышы – φ, қисықтық радиусі – R, жанасу сызығы – Т, қисық доғаның ұзындығы – К, биссектриса – Б және қалдық – Д арқылы анықталады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: