Саяси процесс 2 страница

Саяси құбылыстардың, саяси жүйенің өмір сүру сатысы қоғамдық дамудың тұрақталған кезеңіне дөп келеді. Үстем етуші әлеуметтік топтар қоғамда нық жағдайға ие болады. Саяси процестің осы сатысында конституциялық негізде құрылған мемлекеттік органдар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар қызметін жандандыру және оларға қолдау көрсету процедурасы жүзеге асады. Мұндай процедураларға, мысалы, демократиялық қоғамдарда биліктің өкілетті органдарына кез-келген сайлаулар және қайта сайлаулар, олардың мәжілісінде, атқарушы жарлықшы органдарға тағайындаулар, ауыстырулар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар съездері мен конференциялары және т.б. жатады. Бұл процесте әрекет етуші заңдарға анықтаулар енгізу, қайта қарау, кеңейту және жаңалау маңызды рөл атқарады. Сол процесте саяси жүйенің құндылықтары мен нормалары дәстүрімен (ұдайы өндірілуі) тасымалданады. Саяси жүйенің өмір сүру сатысында саяси процеске қатысушылардың өздері де белгілі бір саяси ұстанымдар мен мүдделерді білдіруші ретінде, соған орай көзқарастар мен сенімдерді алып жүрушілер ретінде, белгілі бір саяси мінез-құлықты, жүріс-тұрыстың стереотиптерін иленушілер ретінде ұдайы ендіріледі.

Осымен байланысты саяси жүйені жаңғырту қоғамдық ұдайы өндірудің бүкіл біртұтас процесінің фрагменті екенін айтуымыз керек. Сондықтан сабақтастық ұдайы өндірудің басты белгісі[95]. Алайда, сабақтастық байланыстың мазмұны қалыптасқан саяси қатынастар формаларының механикалық көшірмесі емес, керісінше, ол саяси жүйенің жаңа белгілері мен қасиеттерінің пайда болуы, дамуы кезеңін шамалайды.

Саяси жүйе дамуының өзі саяси өзгерістер тәсілі болып есептеледі. Саяси өзгерістер тәсілін саяси құбылыстардың базалық параметрлерін үлгілеу сипаттайды. Бұл үлгілеулер саяси құбылыстың одан әрі жағымды эволюцияға өтуін жорамалдайды. Саяси жүйенің даму сатысы белгілі бір саяси күштердің қайта топтасуы және оларды тиісті орын-орнына қою кезеңінде орнайды. Саяси процестің бұл кезеңінде мемлекеттік органдар жүйесінде шамалы өзгерістер болады, қоғамның әлеуметтік құрылымында болған өзгерістерге, ел ішіндегі және халықаралық аренадағы саяси күштердің өзгерген ара салмағына сәйкес саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар қызметін реформалау жүреді. Билік құрылымы мен механизмінде асырылатын өзгерістер билеуші элитаның саясатын жаңа деңгейге шығарады. Ол уақыт талаптарына, қоғамдық қатынастарды тиімді басқаруға, халықтың әлеуметтік талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз етуге жауап табады. Саяси өзгерістердің мұндай сипаты саяси жүйенің осыған артуына сәйкес, қоғамдық өмірдің басқа салаларындағы өзгерістерге әр түрлі әлеуметтік топтар мен адамзаттың күрделенген мүдделерін ескере отырып билік етудің икемді стратегиясы мен технологиясын қолдануға, оның қабілетін жетілдіруге ықпал етеді.

Саяси жүйе дамуының сатысы алуан түрлі ағымдар мен тенденциялардың теке тірестігімен жүреді. Түптеп келгенде, бұл саты жүйенің бейімделгіштің артуына, қалыптасқан билік құрылымының сыртқы әлеуметтік жағдайға сәйкестігіне әкелуі тиіс. Алайда саяси жүйенің дамуы белгілі бір кезеңде тоқырауға ұшырап, билеуші элита сол қоғамдағы өзінің үстемдігін сақтауға тырысады.

Осыған орай теке-тірестік барысында жаңа күштер пайда болып, олардың мүдделерінің сол саяси жүйенің мақсаттарына сәйкес келмейтінін айтуымыз керек. Демек, саяси өзгерістердің әр түрлі – құлдырау, ыдырау сатылары орнайды. Ұлы орыс ойшылы П.Струвенің пікірінше, құлдырау – саясаттың регрессивті метаморфозасы.

Саяси жүйенің құлдырау сатысының орнауы жаңа әлеуметтік күштердің артуына сәйкес келеді. Олар саяси өмірді ұйымдастырудың басқаша формаларын қалыптастырады. Осы сатыда саяси процесс динамикасының бағытталуында өзгерістер болады. Бұл динамиканың өмірдегі билік институтына қатысты келеңсіз сипаты бар. Мұнда күйретуші тенденциялар конструктивті, жасампаз тенденцияларға қарағанда басымдық сипат алады. Нәтижесінде билеуші элита қабылдаған шешімдер басқарушылық қабілетінен айырылады, ал билеуші элитаның өзі және онымен байланысы бар билік институттары өздерінің заңдылығын жояды. Құлдырау жағдайындағы саяси өзгерістер энтрофияның және центротепкіш тенденциялардың артуын сипаттайды. Сондықтан құлдырау, шын мәнінде, қалыптасқан саяси біртұтастықтың ыдырауын білдіреді. Бұған, саяси режимнің құлауы, партиялардың таратылуы, сыртқы күштердің мемлекеттерді басып алуы және сол сияқтылар мысал бола алады.

Сайып келгенде, саяси жүйенің құлдырау сатысы биліктің толық, дезаңсыздандыруымен байланысқан. Осымен саяси процестің бір циклі аяқталады. Алайда, соған қарамастан, саяси процесс жалғаса береді. Саяси процестегі жаңа циклдің басталуы саяси биліктің субьектісімен және институттардың ауысуымен әрі бұрынғы саяси жүйенің ыдырауымен байланысты болады. Осыған орай саяси процестің негізгі сатыларымен қатар саяси процестің экстремальді түрлері де бар. Бұлар – көтерілістер, бунттар, бүліктер (мятеждер), пучтар.

Кез-келген көтерілісте қайсыбір ұйымдасқандықсипаттар тән, бұл жерде белгілі бір мақсаттар ұсынған жетекшілер үлкен рөл атқарады. Бұл мақсаттар күрделі емес бағдарламада, ұрандарда негізделеді. Тарихи дәуірге сәйкес көтеріліске қатысушылардың әлеуметтік құрамы әр алуан түрлілікпен сипатталады. Қатысушыларды жігерлендіретін оларды қарқындылық, рухани және психологиялық импульс деңгейлері бойынша айырады.

Көтерілістің бунттан айырмашылығы бар. Бунт үстемдік етуші саяси топтың мемлекеттік органдардың өкілдерінің қайсыбір әдеттегіден тыс іс-қимылына, өкіметтің жекелеген әрекетіне, шектелген қарсылық көрсету міндетінен аспайтын жауап реакция іспетті.

Бунт өзінің қарқынымен, эмоционалдық деңгейімен мятежге жақын. Бірақ бүлік (мятеж) бунтқа қарағанда оған қатысушылардың санының шектелуімен ерекшеленеді. Бүлік (мятеж) белгілі бір топ адамдардың ойластырған, мақсатты бағытта дайындығының нәтижесінде пайда болады. Бүлік (мятеж) қарулы сипат алады, әскери күш көрсетуге негізделген және бүлікшілердің (мятежниктердің) негізгі ядросын әдетте әскер құрайды.

Егерде бұқара бүлікшілерге (мятежниктерге) қосылмаса, онда бүлік (мятеж) пучқа айналады. Пуч қарулы әрекетке де барады, бірақ ол кең қолдауға арқа сүйемейді, ситуацияны ескермейді, кең ойластырған бағдарлама жасамайды.

Саяси процестің экстремальды түрлері және негізгі сатылары жалпы қоғамның саяси жүйесінің динамикасын көрсетеді, соның нәтижесінде онда өзгерістер мен қайта жаңғыртулар жүреді. Сондықтан әрбір жаңа циклда саяси жүйе өзіне көшірме жасамайды, керісінше жаңа жақтармен немесе қасиеттермен толығады, онда саяси өзгерістер жүреді. Бірақ бұл жердегі басты процесс, яғни бұрын болған өзінен-өзі ұдайы өндіру, ендігі жерде жаңа күйінде өзін-өзі қайталауы болады. Сонымен саяси процестің көп түрлілігі оның алуан түрлі типологиясын ерекшелейді.

3. Саяси процестің типологиясы

Саяси өмірдің бірқатар белгілері мен көп түрлілігіне байланысты саяси процестің әр түрлі типологиясы бар[96]. Алайда бұл саяси процестің типологияларын түсіндіруде саясаттануда түрліше екпін жасалған, солардың біршама танымалдарын атап өтелік.

Саяси процестің өркениет тұрғысынан алғанда батыстық және батыстық емес екі типін көрсетуге болады. Олардың айырмашылығы батыстық және батыстық емес дүниенің өркениеттілік ерекшеліктерімен, олардың халықтың практикалық бағытын және мінез-құлқын анықтайтын мәдениетімен айқындалған.

Бұл типология салыстырмалы саясаттану шеңберінде жасалған. Америка саясаттанушысы Л.Пай «Батыстық емес саяси процесс» деген мақаласында батыстық және батыстық емес саяси процестерді ажырататын 17 белгіні қалыптастырған. Оның пікірінше, батыстық емес қоғамдарда саяси және қоғамдық салалар және жеке қатынастар арасында нақты шекара жоқ; саяси партиялар белгілі бір дүниетанымды дәріптеуге және өкілдік өмір салтын көрсетуге бейім; саяси процесте сыбайластар тобы басым; саяси топтардың жетекшілері стратегия мен тактиканы анықтауда біршама еркіндікке ие; саяси процесс оған қатысушылар арасында интеграцияның болмауымен сипатталады; арнайы рөл атқаратын ұйымдасқан мүдделі топтардың ықпалы нашар, осыдан келіп рөлдерді біріктіру және өзара алмасу деңгейі жоғары; саяси әрекеттердің мақсаттары мен құралдарына қатысты консенсус жоқ; оппозициялық партиялар және билікке келуге талаптанушы элита революциялық қозғалас ретінде жиі шығады, харизматикалық лидерлердің рөлі үлкен және т.б.

Батыстық дүниеніңсаяси процестерінің ізі ретінде Л.Пай англосаксондық елдердің мәдениетін қарастырған, соның негізінде, оның пікірінше, батыс демократиясы қалыптасқан.

Саяси процесті ұйымдастыру және талдау тәсілі бойынша горизонтальды-ұйымдастырылған және вертикальды-ұйымдастырылған саяси процестер деп бөледі. Горизонтальды-ұйымдастырылған және вертикальды-ұйымдастырылғансаяси процестерді, М.Вербердің термині бойынша, «идеалды типтер» ретінде қарастыру керек. Соңғылар саяси мәдениеттің этатистік емес (демократиялық) және этатистік (технократиялық,элитарлық) екі түріне сәйкес келеді.

Горизонтальды-ұйымдастырылғансаяси процесс ұтымды әрекет етуші субъектілердің: үкімет, саяси партиялар, мекемелердің өзара әрекеттерін көрсетеді. Ол оған қатысушылардың ортақ ойын ережелерін бетке ұстап, бір-бірімен ынтымақтасатын немесе қарсыласатын формальды теңдігін және салыстырмалы автономдығын мойындаудан туындаған. Мұндай процесте оған қатысушылардың арасында алға қойылған мақсатқа жету үшін әркім бір нәрсесін құрбан ететін мәдени саудаласу формасына немесе жүйенің бүкіл элементтер тұрғысында «келістіру» формасына айналады. Горизонтальды-ұйымдастырылған саяси процестің идеалы болып «дөңгелек стол», көп жақты консультациялар есептеледі, солардың арқасында маңызды саяси шешімдер қабылданады. Саяси процестің формасы ретіндегі ұйымдасқандықпен қалыптасу үкіметтің, кәсіпкерлердің және кәсіподақтардың тұрақты өзара әрекеттерін реттейтін үш жақты комиссияларда, заңда бекітілген институттарда көрініс табады.

Вертикальді-ұйымдастырылғансаяси процесс мүдделердің қажеттіліктерін стихиялық көрінісі ретінде, иррациональды бұқараның ойлау үлгісі ретінде түсіндіріледі. Бұған мемлекеттік билік және саяси институттар жүйесі, қоғам жасаған құндылықтар жүйесі қарсы тұрады. Вертикальді-ұйымдастырылған саяси процесте қоластындағылар-азаматтарбиліктің беделін мойындайды, ал билеушілер қоғам мүшелеріне белгілі бір еркіндікке кепілдік береді. Ойластырылған және ұтымды өзара саяси әрекетті, азаматтарға құндылықтарды таңуға тырысатын үкімет қалыптастырады. Олардың арасында ең маңыздысы болып заңға бағынушылық, жауапкершілік, ұтымдылық басқару есептеледі. Мемлекет пен қоластындағылардың-азаматтардың өзара қатынасының мәні басқарушылар мен басқарылатындардың «дұрыс» мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережелерін анықтаумен шектеледі. Басқарушылар қоғамның әр түрлі топтарының мүдделерін үйлестіруі тиіс, ал басқарылатындар бір-бірімен келісімге келуге ынталы болуы керек. Вертикальды-ұйымдастырылған саяси процесс билік құрылымының қабілетінің арқасында топтың талаптарын белгілі бір әрекет бағдарламасына кіріктендіру арқылы ұтымдылық, болжау және конструктивтік элементтерін күшейтуді жобалайды.

Осыған орай вертикальды-ұйымдастырылған саяси процестің тағы бір айырмашылығы елдің лидерінің өз беделін қалыптастыруға тырысуы және қолдап отыруымен ерекшеленеді. Менің көзқарасымша, билік пен қоғамның өзара әрекетінің сипаты бойынша Қазақстандағы саяси процесті вертикальді-ұйымдастырылған процеске жатқызуға болады. Өйткені мұнда билік керекті саяси мінез-құлықтың ережелері мен шарттарын бір жақты анықтап, азаматтардың тілегіне сәйкес құндылықтарды таңып отыр.

Саяси ықпал ету объектілері бойынша және мазмұны тұрғысынан саяси процесс: ішкі саяси және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді. Олар ерекшелікті пәндік саласымен, субъектілердің өзара әрекет етуі, институттардың өмір сүруі, дамуы тенденциялары және заңдылықтарының тәсілдерімен өзгешелінеді. Ішкі саяси процесс саясаттың субъектілерінің арасында жүреді, олардың қызметінің негізгілері саяси билікті жеңіп алу және оны ұстап тұру әрі қолдана білу болып табылады. Көптеген елдердің ішкі саяси процестерінің мазмұнында мәнді өзгешеліктер бар. Ол мемлекеттік құрылыс пен басқару формаларына, саяси өлшемдерге, билеуші элита сапасына және басқа да факторларға байланысты. Кез-келген елдің ішкі саяси процесінің ірге тасы болып саяси экономикалық укладтардың арақатынасы, қоғамда қалыптасқан әлеуметтік құрылым, саяси мәдениет дәстүрлері, халықтың өз жағдайына қанағаттану деңгейі есептеледі.

Ішкі саяси процестердің ерекшеліктерін түсіну үшін азаматтардың саяси белсенділігін институттендірілген формасының жетекші рөлі мен маңызын естен шығармаған жөн. Сонымен биліктің ұйымдық құрылымы саяси процестің негізі болып табылады, өйткені ол халықтың қайсыбір деңгейдегі белсенділігін талап етеді, азаматтарды саяси мобилизациялау құралдарының жиынтығын және басқарудың басымды әдістерін анықтайды. Саяси ұйымдастырудың қозғалмалығы мен мобилдігіне саясаттың әлеуметтік ортаға ықпал ету деңгей және сипаты тікелей тәуелді болып келеді. Ішкі саяси мақсаттарға бейбіт тәсілдермен де, күштеу әдістерімен де жетуге болады.

Сыртқы саяси процесс халықаралық істерді жүргізу өнері ретінде басқа мемлекеттермен қарым-қатынасқа тарайды. Сонымен қатар сыртқы саясат олардың өзара қарым-қатынастарын реттейді.

Дүние жүзінде мүдделері сәйкес келмейтін және әр салада үйлеспейтін бағдарламалары бар көптеген мемлекеттердің өмір сүруінен туындаған ерекшеліктерді сыртқы саяси процесс иемденген. Қазіргі жағдайда сыртқы саяси процесс келіссөз жүргізу өнеріне айналып, екі жаққа да тиімді саяси келісімге жету құралы болып отыр.

Билікті қайта құрудың жылдамдығы мен көлеміне, сипаты мен әдістеріне қарап саяси процесті эволюциялық және революциялық деп те бөледі[97].

Революциялық сипаттағы саяси процесті билікті салыстырмалы түрде тез сапалы өзгеруі, шешім қабылдау тәсілдерінің өзгеруі, саясатқа қатысу жолдары мен механизмдерінің өзгеруі ерекшелейді. Бұл процесс қоғам өмірін түбегейлі төңкеру болып саналады. Оның барысында мемлекеттік биліктің және үстем етуші меншік формасының ауысуы болады. Революциялық саяси процесс салыстырмалы түрде қысқа саяси мерзім ішінде бейбіт және күштеу құралдарымен жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай кезеңдерде, әдетте, электоральдыққа сенім білдіру стихиялыққа орын береді, бұқаралық саяси қозғалыстардың еркін формалары алға шығады.

Эволюциялық саяси процесте саяси билік құрылымындағы өзгерістер біртіндеп қайта құрулар және реформалар жолымен іске асады. Саяси дамуы мен өмір сүрудің мұндай сипаты әр түрлі саяси субъектілердің белгілі бір функциялары мен рөлдерді бөлуге шешім қабылдау механизмдерінің тұрақтылығына арқа сүйейді. Биліктің заңдылығы және әдеттегідей басқарушылар мен басқарылатындардың ортақ социомәдени құндылықтарының және бағдарларының болуы, келісім этикасының және конструктивті оппозицияның болуы саяси процестің эволюциялық жолымен жүруінің негізі болып табылады.

Эволюция мен революцияның өзара тығыс байланысқан қозғалыстың, табиғат пен қоғамның дамуының екі формасы екенін айту керек. Саяси эволюция әрбір жеке алынған елде әрқашанда бірегей құбылыс, оның ұлттық тарихының элементін құрайды. Сонымен бірге бір топ елдерде эволюция элементтері ұқсас болуы мүмкін. Оның себептеріне салыстырмалы түрдегі тарихи жағдай, мәдени және діни құндылықтардың ортақтығы және с.с. жатады.

Саяси эволюция заңдылықтарын естен шығару, революциялық қарсыласуды қалыптастыруға жол береді, қоғамдық дамудың нормальды прогресін үзіп жібереді, мемлекет пен қоғамды қатал конфронтация жолына түсіреді.

Саяси процеске қатысушылардың өз функцияларын көпшіліктің алдына іске асыруы мемлекеттің өз міндеттерін, қабылдаған шешімдерін сөзсіз орындауы немесе анық орындамауы тұрғысынан алғанда саяси процестер ашық және жасырын (көлеңкелі) түрлерге бөлінеді.

Ашық саяси процестерге топтар мен азаматтардың мүдделері партиялар мен қозғалыстардың бағдарламаларында айқындалады, сайлауларда дауыс беруден білінеді, бұқаралық ақпарат құралдар арқылы мәселелерді талқылаудан көрінеді, азаматтардың билік институттарымен байланысынан байқалады, қоғамдық пікірді есепке алу арқылы және т.с.с. көрініс табады. Демократиялық мемлекеттерде саяси процестің ашықтығы деп жұртшылықтың саяси шешімдерді қабылдауға, бағдарламаларға түзетулер енгізудің түрлі фазалары мен кезеңдеріне қатынасуы, элитаның құрамын толықтыруға қол жеткізуі, сонымен қатар билік пен азаматтардың басқа да мәселедегі өзара әрекетінің ашықтығы қабылданған.

Ашық саяси процеске қарама-қарсы тұрған жасырын саяси процестер жұртшылықтың алдында бекітілмеген саяси институттар мен билік орталықтарына арқа сүйейді, олардың рөліне тыйым салынған, сол рөлді жария емес және мойындалмаған қоғамдық құрылымдар атқарулары мүмкін.

Жасырын, көлеңкелі саяси құрылымдар биліктің жоғарғы және орта деңгейінде орнығады. Бұл жерде әңгіме мемлекеттердің, мекемелердің, жасырын әрекеттері туралы, құпия құжаттары, бұйрықтары жөнінде, құпия функциялы органдардың және толық жасырылған мекемелердің өмір сүретіндігі туралы болып отыр. Ресми адамдар мен билікте заңсыз қызмет түрі жемқорлық-коррупция пайда болуы мүмкін, саяси емес сипаттағы жасырын (көлеңкелі) құрылымдардың (қара базар, қылмыс, мафия) жария мемлекеттік құрылымдармен бірігіп кетуі қаупі бар.

Саяси процеске саяси қатысушылардың сипаты тұрғысынан ангажирламау және ангажирлау (ерікті және рұқсат етілген) болады. Ангажирламау саяси процестер азаматтардың мемлекетпен қатынаста және биліктің басқа да институттарымен еркін саяси қатысуларын жорамалдайды. Ангажирлау саяси процестерде азаматтарға саяси қатынастардың формаларын таңу және басқару шешімдерін қабылдаудың қатаң орталықтанған әдістерін таңу басым болады. Саяси процестің ангажирлау типіне, мысалы, теократиялық топтардың, әскери элитаның, авторитарлы лидерлерімен монархтардың немесе елдегі жалғыз партияның шешім қабылдауларын және саясатқа араласу формаларын санауға болады.

Өз кезегінде саяси процестің ангажирламау демократиялық формаларын келесі бағыттар бойынша топтастыруға болады: оның біріншісі тіке демократия бағыты, мұнда жұрт билік құрылымына тікелей ықпал етеді және заң қабылдау процесінің мазмұнын анықтайды. Тіке демократияның институттарына референдум (плебисцит), халық инициативасы, жиналыстарда іске асатын тікелей басқару деп аталатындар және т.б. жатады. Бұл институттар, әдетте, Конституцияларда белгіленген; екіншісі, өкілеттік демократия немесе басқаша айтқанда халық сайлаған мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асатын өкілеттік басқару бағыты. Сайланған мемлекеттік органдар өз кезегінде, басқа да мемлекеттік органдарды қалыптастыра алады. Жалпы ұлттық өкілетті органдардың (ең алдымен парламенттер) құқықтық мәртебесі Конституцияларда анықталады; үшіншісі, плюралистік демократия бағыты, бұл көп жақты саяси ассоциациялардың пайда болуынан, оларға кірген азаматардың басқару шешімдерінің мазмұнына ықпал ету қабілетінің күштілігінен көрінеді.

Адамдарды топтап жұмылдыру үкіметке белсенді түрде және мақсатты бағытталған ықпал жасауға мүмкіндік береді және оны қажетті іс-әрекет етуге итермелейді.

Қоғам үшін қайсыбір әлеуметтік қатынастарды саяси реттеудің формаларының маңыздылығы тұрғысынан айтқанда саяси процесс базалық және шет аймақтық болып бөлінеді. Базалық саяси процестерді саяси өмірдің әр саласындағы алуан түрлі өзгерістер сипаттайды[98]. Олар оның базалық модификациясына, жүйелік қасиеттеріне қатысты нәрсе. Бұған, мысалы, әлеуметтік топтардың мемлекетпен қарым-қатынасын тәсіл ретінде саясатқа қатысуын, басқару шешімдерінде халықтың талаптары мен мүдделерін жаңғыртудың формаларын, саяси элитаны қалыптастырудың типті тәсілдерін және т.б. жатқызуға болады. Осы сарында мемлекеттің материалдық күштерін қолдаудың негізгі бағыттарын анықтайтын мемлекеттік басқару процесі турасында да айтуға болады.

Сайып келгенде, базалық саяси жүйенің негізгі элементі мемлекеттік органдары мен бұқара халықтың өзара әрекетінен құрылады. Осындай өзара әрекеттен саяси бағыт-бағдар жасалады, ол қоғамның басым көпшілігінің маңызды биліктік мүдделері мен талаптарын білдіруге және іс жүзіне асыруға бағытталған.

Шеткі аймақтық процестер қоғам үшін айтарлықтай аса маңызды емес салдарлы өзгерістерді білдіреді. Мысалы, ондай өзгерістер олар негізінен жекеаймақтардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінде, нақты саяси партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың, мүдделік топтардың және т.б. қалыптасуымен өзара әрекеті саласына шоғырланған.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: