Стоматологиялық жауап тесттері

 

48 жастағы ер адам тілінің өзгешелігіне шағымдана келді. Қарап тексергенде: тілі ашық-қызыл түсті, көлемі аздап ұлғайған,тілінің арқасында жапырақ тәрізді терең қатпарлар анықталды. Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?//

ромб тәрізді глоссит//

түкті тіл//

+ қатпарлы тіл//

Гентер-Меллер глосситі//

аллергиялық глоссит

***

56 жастағы ер адам дәрігер-стоматологқа тіліндегі ақауға, тамақ ішкенде кедергі келтіретіндігіне шағымданып келді. Анамнезінен: 3 жылдан бері өзін науқас санайды, дәрігерге қаралып емделмеген. Қарап тексергенде: тілдің түбірі бөлігінде, тіл бетінен көтеріңкі, ақ-қызыл түсті бұдырмақты, сипап тексергенде ауырмайтын ісік тәрізді түзіліс анықталды. Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?//

+ ромб тәрізді глоссит, папиломатозды түрі//

ромб тәрізді глоссит, жазық түрі//

десквамативті глоссит//

"түкті" тіл//

ромб тәрізді глоссит, гиперпластикалық түрі

***

43 жастағы ер адам дәрігер-стоматологқа тіліндегі бөгде затқа, жұтынғанда кедергі келтіретініне және құсу рефлексін шақыратындығына шағымданып келді. Қарап тексергенде: тілінің артқы 1\3 бөлігінде диаметрі 2 мм, ұзындығы 2 см-дей қанық түсті түзілістер анықталды. Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?//

+ қара түкті тіл//

ромб тәрізді глоссит, жазық түрі//

ромб тәрізді глоссит, бұдырмақты түрі//

географиялық тіл//

қатпарлы тіл

***

18 жастағы бозбала жоғарғы жақ тістеріндегі ақауға шағымданып келді. Қарап тексергенде: орталық күрек тістердің вестибулярлы бетінде және бірінші үлкен азу тістің төмпешіктерінде симметриялы орналасқан бор түстес дақтар анықталды. Дақтардың беті тегіс әрі жылтыр. Диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

Перкуссия//

Рентгенография//

+ Витальды бояу//

Электроодонтометрия//

Термометрия

***

18 жастағы бозбала жоғарғы жақ тістеріндегі ақауға шағымданып келді. Қарап тексергенде: орталық күрек тістердің вестибулярлы бетінде және бірінші үлкен азу тістің төмпешіктерінде симметриялы орналасқан бор түстес дақтар анықталды. Дақтардың беті тегіс әрі жылтыр. Диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

Перкуссия//

Рентгенография//

+ Витальды бояу//

Электроодонтометрия//

Термометрия

***

16 жастағы қыз бала косметикалық ақауға шағымданып келді. Қарап тексергенде: жоғарғы орталық күрек тістердің пішіні бөшке тәріздес, кесу қыры түзу, тіс сауытының ені кесу қырына қарағанда мойын бөлігінде үлкен. Қандай реставрация әдісін қолдану НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

Ламинаттау//

Трансформация//

Сэндвич//

Саңылаулы реставрация//

+ Реконструкция

***

22жастағы бозбала төменгі ернінің құрғактығы және түленуіне шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі ернінің Клейна сызығы аймағында сілекей бездерінің шығу жолдарының кеңеюі байкалады. Сілекей тамшы тәріздес бөлініп тұр. Болжам диагноздың қайсысы осы аталған ауруға НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?//

жанаспалы аллергиялық хейлит//

метеорологиялық хейлит// 

актинді хейлит//      

+ қарапайым гландулярлы хейлит//        

атопиялық хейлит

***

42 жастағы ер адам, мамандығы геолог, дәрігер-стоматологке ернінің құрғауы, ашуы және түленуіне шағымданады. Жакында ұзак жолдан командировкадан келген. Қарап тексергенде: ерні аздап қызарған, құрғақ, майда кабыкшамен қапталған. Болжам диагноздың қайсысы осы аталған ауруға НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?//

жанаспалы аллергиялық хейлит//

экзематозды хейлит//          

актинді хейлит//

қарапайым гландулярлы хейлит//

+ метеорологиялық хейлит

***

52жастағы ер адам дәрігер стоматологке езуінің ашуына, құрғауына,ауру сезіміне шағымданады Емдік препараттарды кабылдамағанын айтты.Соңғы кезде тамакка тәбетінің және шөлдегіштігінің жоғарылағанын айтты.Қарап тексергенде; ауыздың шырышты кабаты жалын тәрізді қызарған,құрғақ, тілдің жіпше тәрізді бүртіктері атрофияланған. Езуінде- жұка қабыршакпен жабылған, әлсіз суланған эрозия көрінеді. Аталған болжам диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?//

+ кандидозды езулік//

стрептококкты езулік//

стафилококкты езулік//

екіншілік мерез//

В2 гиповитаминозы

***

20жастағы ер адам езуінде екі апта бұрын ұзак жазылмайтын тіліктің пайда болғанына шағымданады. Қарап тексергенде; сол жак езуінде қызыл түсті тілік аныкталды, ауырмайды, қанамайды, негізі тығыз. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде тығыз, ауырмайды. Аталған болжам диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?//

кандидозды езулік//

стрептококкты езулік//

стафилококты езулік//

+ біріншілік мерез//

гиповитаминоз В2

***

35 жастағы әйел адам аузынан жағымсыз иістің шығатынына және тісін тазалағанда қызыл иегінің канайтынына шағымданады. Қарап тексергенде: қызылиек бүртіктері цианозданған, ісінген, шұқып тексергенде аздап канайды. Көптеген тіс шөгінділері байкалады. Емдеу тәсілінің қандай түрін бірінші қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

Гингивоэктомия//

Жабык Кюретаж//

+ Кәсіби Гигиена//

Тістерді Таңдап Тегістеу//

Антисептикалык Өңдеу

***

Бала 16 жаста әлсіздікке, температурасының көтерілуіне, тағам қабылдағанда қызыл иегінің ауруына, қанауына, ауызынан иістің шығуына шағымданады. Қарап тексергенде: ісінген, қызылиектің шырышты қабаты кір-сұр түсті қақпен жабылған. Тісінде аздаған жұмсақ қақ жиналған, сілекейі созылыңқы, қоймалжың, ауызынан жағымсыз иістің шығады. Кандай физио терапиялык ем колданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

Ультрофонофорез//

УВЧ-Терапия//

Лазерофорез//

+ УФО//

Дәрілік электрофорез

***

19жастағы бойжеткен тісін тазалағанда, ас кабылдағанда қызылиектің канайтынына шағымданады. Қарап тексергенде: қызыл иек бүртігі тіс сауытының 1/3 бөлігіне дейін өсіп кеткені және қанайтыны байкалады. Қызылиек ционазданған, шұқып тексергенде борпылдақ. Ортопантомограмма корытындысы бойынша сүйек тінінде өзгеріс жок. Жергілікті емдеуде бірінші жүргізілетін шараларға кайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?//

+ Қабынуға қарсы ем//

Гингивотомия//

Кюретаж//

Пародонт калтасына кюретаж жүргізу//

Гингивоэктомия

***

42 жастағы әйел адам аузынан жағымсыз иістің шығатынына, тістін тазалағанда қызыл иегінің ауыратынына, қанайтынына шағымданады. Қарап тексергенде; қызыл иек және бүртіктері көкшілденген, шұқып тексергенде аздап канайды. Қызылиек үсті және қызылиек асты тіс шөгінділері бар. Жеке тістердің мойнында парадонт қалталары 3,5 мм жетеді. Наукас гастроэнтерологта «Д» есепте созылмалы гастрит аурумен тіркелген. Емдеу тәсілінің қай түрін бірінші қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

пародонт калтасына кюретаж жүргізу//

ферменттермен аппликация жүргізу//

тістерді таңдап тегістеу//

+ кәсіби гигиена жүргізу//

физиотерапия

***

54жастағы әйел адам тістерінің арасындағы саңылау пайда болғанынына, қызыл иегінің қанағыштығына, тістер қозғалғыштығына шағымданады. Қарап тексергенде; тіс шөгінділері, цианоз, шұқып тексергенде қанағыштық, кейбір тістердің түбірі ½ жалаңаштанған. Пародонт қалтасы тереңдігі 5 мм дейін. Қандай хирургиялык емдеу тәсілін қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

+ Жабық кюретаж//

Лоскутті операция//

Гингивотомия//

Ашық кюретаж//

Гингивопластика

***

59 жастағы әйел адам тісін тазалағанда қызылиегінің қанағыштығына, тістер арасында саңылау пайда болғанына,тістер қозғалғыштығына,ыңғайсыздыққа шағымданады. Қарап тексергенде: тіс шөгінділері өте көп,, қызылиек жиегі және бүртігі ционозданған, ісінген, борпылдақ,шұқып тексергенде қанайды. Кейбір тісте пародонт қалтасының тереңдігі 5,0 мм, іріңді жалқық бөлініп тұр. Тістер қозғалмалы 1-2 дәрежелі, тіс түбірі 1/2 жалаңаштанған. Микробтарға қарсы қандай дәрілік препаратты қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

+ Линкомицин//

Аскорутин//

Метилурацил//

Имудон//

Витамин А

***

56 жастағы ер адам, қызылиектегі қышу сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: қызылиек ақшыл қызғылт түсті, жұқарған, пародонтальды қалталары жоқ, тіс статикасы бұзылмаған, тіс түбірлерінің 1/3 ұзындықта біркелкі жалаңаштануы байқалады. Ортопантомограммада – тісаралық қалқан сүйектің биіктігі шамамен 1/3 деңгейде біркелкі төмендеген, кортикальды пластинканың бүтіндігі бұзылмаған. Төменде көрсетілген диагноздын қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?//

пародонттың жайыла кабынуы, жеңіл дәрежесі//

пародонттың жайыла кабынуы, орта дәрежесі//

+ пародонтоз, жеңіл дәрежесі//

пародонтоз ауыр дәрежелі//

пародонтоз, орта дәрежесі

***

60 жастағы ер адам төменгі жақтың фронтальды тістерінің жоғары сезімталдығына шағымданып келді. Қарап тексергенде; қызыл иек шырышты қабаты тығыз, бозарған зондпен тексергенде қанамайды, патологиялық қалталар жоқ. Тіс мойындары жалаңаштанған, 12,13,22,23 тістердің мойын бөлігінде сына тәрізді ақаулары бар. Тістердің қозғалғыштығы жоқ. Ортопантомограммада тіс аралақ қалқан сүйек тіс түбірлерінің 1/3 бөлігіне біркелкі аласарған. Аталған диагноздардың қайсысына осы рентгенограмма НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?//

+ пародонтоз, жеңіл дәрежесі//

кызыл иектің созылмалы катаральды кабынуы//

пародонтоз, орта дәрежелі//

пародонттың созылмалы кабынуы жеңіл дәрежесі//

пародонттың созылмалы кабынуы орта дәрежесі

***

65 жастағы ер адам қызылиектегі қышу сезіміне шағымданды. Қарап тексергенде: қызылиек жиегі ақшыл қызғылт түсті, тіс түбіріне тығыз бекінген, тіс түбірі 1/3 деңгейде біркелкі жалаңаштанған, тістердің қозғалғыштығы мен тіс шөгінділері жоқ. Қандай зерттеу әдісін бірінші жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?//

Полярография//

Эхоостеометрия//

Реопародонтография//

+ Рентгенография//

Кулаженко сынамасы

***

55жастағы әйел тістердің қозғалғыштығына, қызылиектің қанағыштығына шағымданады. Науқас дәрігер- эндокринологта диспансерлі есепте тұрғанына 10 жыл болған. Қан анализінде; қанттың мөлшері 10ммоль. Қарап тексергенде; қызылиек үсті және қызылиек асты тіс шөгінділері бар. Қызылиек бүртіктері қызарған, ісінген, тез қанағыш.Кейбір тістердің мойын бөлігінде тереңдігі 5 мм пародонт қалтасы бар, тістердің қозғалғыштығы 2-3 дәрежелі. Қандай болжамды диагноз НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?//

пародонтоз,орта дәрежесі//

пародонт қабынуы, орта дәрежесі//

+ идиопатиялык пародонт қабынуы//

пародонт қабынуы, ремиссия сатысы//

пародонт қабынуы, ауыр дәрежесі

***

36 жасар әйел адам жоғарғы жақтың алдыңғы тістер аймағында пайда болған өсіндіге шағымданды, пайда болғанына 1- жылдан астам уақыт болды, содан бері жәймен өскен. Қарап тексергенде орталық күрек тістер аймағынын қызылиегінде саңырауқұлақ тәрізді аяғы бар, қозғалмалы, оңай қанайтын өсінді бар. Төменде берілген болжам диагноздардың кайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?//

ұлпаның өсе қабынуы//

периодонт бифуркациясының өсіндісі//

+ қызылиек эпулисі//

қызылиектің өсе қабынуы//

қызылиек фибраматозы х

***

36 жастағы ер адам төменгі сол жақ аймағындағы толассыз ауыратын ауру сезімін айтып шағымданады. Тісі бұрын тісжегіден емделген. Қарап тексергенде: сол жақ ұртының жұмсақ тіндерінің коллатеральді ісінуіне байланысты бет әлпетінің ассиметриясы байқалады, сипап тексергенде аймақтық лимфатүйіндері ұлғайған, ауырады. 36 тісте тұрақты пломба бар. Қағып тексергенде қатты аурады. Диагностика қою үшін қандай тексеру әдістерін қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

термодиагностика//

электроодонтодиагностика//

витальді бояу//

+ рентгенография//

сүңгілеп тексеру

***

30 жастағы ер адам үстіңгі оқ жағында тұрақты сыздап ауыратын, тісі-тісіне тиіп тиіп кеткенде күшейе түсетін ауру сезімін айтып шағымданады. Бір апта бұрын тісіне мышьяк қойыртпағы қойылған. Белгіленген уақытта дәрігер стоматологтың қабылдауына келе алмаған, қойылған уақытша пломбаны алып тастамаған. Қарап тексергенде: 15 тістің шайнау бетінде уақытша пломба сақталған. Уақытша пломбаны алып тастап, тісжегі қуысын сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Тіс тем пературалық тітіркендіргіштерге жауап қайтармайды. Қағып тексергенде ауырады. ТҰЭҚ 100 мкА. Тісті емдеу барысында төменде берілген қандай препараттарды қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?// 

трипсин//

капрамин//

+ унитиол//

гипохлорид натрий ерітіндісі//

3% сутегінің асқын тотығы

***

37 жастағы ер адам үстіңгі сол жақ тісінде тұрақты сыздап ауыратына, тісі тісіне тиіп кеткенде ұлғая түсетіне, басының ауыратынына, әлсіздікке, асқа тәбетінің болмауына шағымданады.қарап тексергенде: 26 тістің дистальді шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар. Себепші тістің түбір ұшы проекциясында өтперлі қатпар тегістелген,қызарған, ісінген. Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістердің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді болады?//

термометрия//

электроодонтометрия//

+ рентгенография//

сипап тексеру//

қағып тексеру

***

28 жасар пациент стоматологиялық клиникаға 36 тістің тұрақты сыздап ауыратын ауру сезіміне шағымданып келді. Объективті қарап тексергенде: бет терісінің бозаруы,бет әлпетінің ассиметриясы, дене қызуының көтерілуі байқалады.Қарап тексергенде: 36 тісінде тұрақты пломба бар,өтпелі қатпар тегістелген,қағып тексергенде ауырады.Рентген суретте 36 тістің дистальді түбірінің ұшында шекарасы айқын көлемі 0,3 – 0,5 см сүйек тіндерінің сорылуы анықталды. Жоғарыда айтылған клиникалық көрініс қандай ауруға НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?//

периодонттың созылмалы гранулематоздық қабынуының өршуі//

периодонттың созылмалы фиброзды қабынуының өршуі//

периодонттың жедел қабынуы жалқықты сатысы//

ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі//

+ периоднонттың созылмалы гранулирленудегі өршуі

***

30 жасар әйел адам төменгі оң жақ тісінде тіс жегі қуысының пайда болғанына шағымданды. Қарап тексергенде: 46 тістің дистальді шайнау бетінде терең тісжегі қуысы тіс қуысымен байланысқан.Сүңгілеп тексергенде ауырады. ТҰЭҚ 100мкА жоғары. Рентген суретте 46 тістің дистальді түбірдің түбір ұшында периодонталды саңылау біркелкі кеңейген. Жоғарыда айтылған клиникалық көрініс қандай ауруға НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?//

периодонттың созылмалы гранулематоздық қабынуының өршуі//

+ периодонттың созылмалы фиброзды қабынуының өршуі//

периодонттың жедел қабынуы жалқықты сатысы//

ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі//

периоднонттың созылмалы гранулирленудегі өршуі

***

35 жасар әйел адам төменгі оң жақ тісінде тіс жегі қуысының пайда болғанына шағымданды. Қарап тексергенде: 37 тістің дистальді шайнау бетінде терең тісжегі қуысы тіс қуысымен байланысқан. Сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Рентген суретте 37 тістің дистальді түбірінің түбір ұшында шекарасы анық сүйек тіндерінің сорылуы байқалады. Жоғарыда айтылған клиникалық көрініс қандай ауруға НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?//

+ периодонттың созылмалы гранулематоздық қабынуының өршуі//

периодонттың созылмалы фиброзды қабынуының өршуі//

ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуы өршуі//

ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі//

периоднонттың созылмалы гранулирленудегі өршуі

***

36 жастағы ер адам 36 тістің айналасындағы тұрақты ауру сезіміне шағымданды. Тісі бұрын емделген. Қарап тексергенде: бет әлпетінің ассиметриясы, аймақтық лимфатүйіндері ұлғайған. 36 тісінде тұрақты пломба бар, түбір ұшы проекциясында жыланкөз бар. Рентген суретінде: тістің медиальді өзегі түбір ұшына дейін толық пломбыланбаған. Медиальді түбір ұшында шекарасы анық емес сүйек тіндерінің сорылу ошағы анықталды. Дәрігер – стоматологтын науқасты бірінші қабылдаудағы тактикасы қандай?//

түбір ұшын резекциялау//

УЖЖ-терапия//

лазер терапиясы//

озонды терапия//

+ түбір өзектеріндегі пломбалық материалдарды алу

***

40 жастағы әйел адам үстіңгі сол жақ тісінің ауыруына шағымданады. Қарап тексергенде: 26 тістің дистальды шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде ауырмайды, қағып тексергенде ауырады.Ауыз ішілік нысаналы рентген суретте тістің дистальді түбір ұшы аймағында шекарасы анық емес сүйек тіндерінің сорылу ошағы байқалады. Төменде берілген қандай препараттарды түбір өзегін уақытша пломбылауға қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

+ ледермикс//

эндофил//

АН 26//

сиалапекс//

акросил

***

30 жасағы әйел адам тістері түйіскенде ауру сезімінің күшейетініне, тұрақты ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 47 тістің медиальді шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы анықталды. Өтпелі қатпар қызарған, ісінген. Ауыз ішілік рентген суретінде: дистальді түбір ұшында дөңгелек пішінді сүйек тіндерінің сорылу ошағы анықталды. Жоғарыда айтылған клиникалық көрініс қандай ауруға НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?//

+ периодонттың созылмалы гранулематоздық қабынуының өршуі//

периодонттың созылмалы фиброзды қабынуының өршуі//

ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуы өршуі//

ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі//

периоднонттың созылмалы гранулирленудегі өршуі

***

46 жастағы ер адам төменгі оң жағында өздігінен пайда болған, ұстама тәрізді, төменгі жақ бұрышына қарай тарала ауыратын, түнге қарай күшейе түсетін ауру сезімін айтып шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісте тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы анықталды. Диагноз қою мақсатында қандай тексеру әдісін қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді болады?//

рентгенография//

ауру тарихын жинау//

өмір тарихын жинау//

қағып тексеру//

+ электроодонтометрия

***

37 жастағы қыз бала үстіңгі оң жақ тісінде өздігінен пайда болған, ұстама тәрізді, түнге қарай күшейе түсетін ауру сезімін айтып шағымданады. Дені сау, аллергоанамнезінде дәрілік препараттарға аллергиясы жоқ. Қарап тексергенде: 37 тістің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар. Сүңгілеп тексергенде ұлпа мүйізшесі проекциясында ауру сезімі бар. Тіс қуысы ашылмаған. Қағып тексергенде ауырмайды. ТҰЭҚ-20 мкА. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

аралас//

девитальді экстирпация//

девитальді ампутация//

+ витальді экстирпация//

консервативті

***

50 жастағы ер адам төменгі оң жақ тісінде өздігінен пайда болған, ұстама тәрізді, төменгі жақ бұрышына тарала ауыратын, әсіресе түнге қарай күшейе түсетін ауру сезіміне шағымданады. Аллергоанамнезінде дәрілік препараттарға аллериясы бар. Қарап тексергенде: 46 тістің дистальді шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысының табанында қатты ауыратын ауру сезімі бар. ТҰЭҚ -45мкА. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

витальді экстирпация//

витальді ампутация//

девитальді ампутация//

+ девитальді экстирпация//

консервативті

***

23 жастағы жігіт дәрігер стоматологқа тісінің түсінің өзгергеніне,ауыз қуысында жағымсыз иістің пайда болғанына шағымданады. Қарап тексергенде: 13 тістің медиальді бетінде тіс қуысымен байланысқан үлкен көлемдегі терең тісжегі қуысы анықталды. Терең сүңгілеп тексергенде ауырады. Салыстырмалы диагностика жүргізу үшін қандай тексеру әдісін қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

рентгенография//

сипап тексеру//

+ электроодонтодиагностика//

витальді бояу//

қағып тексеру

***

32 жастағы әйел ас қабылдағанан кейін пайда болатын, ұзаққа созылатын сыздап ауыратын ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 37 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде ашылған ұлпа мүйізшесінде ауру сезімі бар және қанайды. Берілген емдеу әдістердің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

девитальді экстирпация//

девитальді аралас//

девитальді ампутация//

+ витальді экстирпация//

консервативті          

***

44 жастағы ер адам төменгі сол жақ тісінде ыстық ас қабылдағаннан кейін пайда болатын ұзаққа созылған, сыздап ауыратын ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тістің түсі өзгерген, бұлыңғыр,медиальді-шайнау бетінде ас қалдықтарына және жұмсарған ыдыранды дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталды. Тісжегі қуысы тіс қуысымен терең байланысқан. Диагноз қою үшін қандай тексеру әдістерін қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

сипап тексеру//

қағып тексеру//

+ рентгенография//

сүңгілеп тексеру//

ауру тарихын жинау

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: