Орбивирустар

Орбивирустар химиялық құрамы туралы негізгі қасиеттері бойынша реовирустарға өте ұқсас. Вирустың аты 32 капсомерлерден тұратын шеңбер пішіндес капсидтің ішкі қабатымен байланысты (латынша «orbis» – кольцо- сақина, шеңбер). Вирустың адамдарда патогенді өкілдері қоздыратын аурулар:

● кене вирустық қызбасы Кемерова қызбасы (кенелерден жұғады);

● қойлардың көк тілдік ауруы (есек құрттардан жұғады - мокрицами).

Кемерово қызбасы. Бұл инфекциямен науқастанушылық негізінде Батыс Сібірде тіркелген. Қоздырғыштың резервуары – әр түрлі құстар, тасмалдаушылары – иксодарлық кенелер. 7-10 тәлікке созылатын вирусемия кезінде құстар инфекция жұқтыру көзі бола алады. Кейбір адамдарда ауру симптомсыз түрде өтуі мүмкін. Жасырын кезеңі – 4-5 тәулік, содан кейін ауру жедел басталады, температурасы 39-40ºС-қа дейін көтеріледі. Конъюктиваның, тері жабындысының қызаруы байқалады. Кейінірек дақты-папулалы бөртпелер пайда болады. Ауыр жағдайларда миокардит және менингоэнцефалит сияқты асқынулар дамуы мүмкін.

Колтивирустар

Coltivirus туыстастығына колорадалық кенелік қызбаның вирусы жатады. Колорадалық кенелік қызба. Ауруға шалдығу АҚШ-ң Батыс өңірлерінде кездеседі, кенелер арқылы беріледі. Вирус трансовариалды жолмен кенелердің бір ұрпағынан екіншісіне беріліп отырады. Кене шаққан кезде вирус тікелей қан айналымына түседі, эритроциттерге адсорбцияланады да 2-4 апта бойы айналымда болады. Инфекция жедел басталады: дене қызбасы, басының ауыруымен, бұлшықеттерінің ауырсынуымен, ұйқышылдықпен сипатталады. Болжамы-қолайлы. Кішкентай балаларда геморрагиялық синдром күштірек көрініс береді, ол айқын тромбоцитопениямен байланысты. Жүктіліктің бастапқы мерзімінде вирус жұққанда тератогендік әсер етуі байқалған.

Микробиологиялық диагноз қою. Алғашқы 14 тәулікте (вирусемия кезеңінде) вирусты бөліп алу науқастың қанын жасуша дақылдарына немесе жаңа туылған тышқандардың миына (интрацеребралды жолмен) жұқтыру тәсілімен жүргізіледі. Тышқандарда сал (паралич) болу және өлім туғызуымен аяқталады. Серологиялық диагноз қою – КБР, БР.

Емдеуі- симптоматикалық.

Алдын алуы- жеке бас қорғаныс жабдықтармен кене шағудан сақтану. Спецификалық профилактикасы, яғни вакцина егу жасалмаған.

Ортомиксовирустар

Ортомиксовирустар (грекше: orthos – тікелей, тура; myxa – кілегей, шырыш) деп аталуы тыныс алу жолдарының шырышты қабатының мукопротеидтеріне бейімділігімен, яғни жасушалардың беткейлік рецепторларына – гликопротеиндеріне жабысу қабілеттілігімен байланысты.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: