Таксономиясы. Тұқымдастығы : Arenaviridae

Тұқымдастығы: Arenaviridae

Туыстастығы: Deltavirus

Түрі -: HDV(ДГВ)

Құрылымы. Вирус бөлшегі сфера пішінді, диаметрі шамамен 35 – 37 нм (11-сурет). Жүрекшесінің құрамында РНҚ және ішкі– дельта антиген бар, ол 2 ақуыздан құрылған. Бұл ақуыздар вирус геномының синтезделуін реттейді: бір ақуыз геном синтезделуін стимулдейді, екіншісі – керісінше тежейді. Вирустың үш генотипі ажыратады. Генотиптердің барлығы бір серологиялық типке жатады. ДГВ сыртқы қабаты ретінде В гепатит вирусының сыртқы қабатының НВs –антигенін пайдаланылады. Вирус геномы біржіпшелі сақиналы РНҚ молекуласынан тұрады, сондықтан Д гепатит вирусының вириоидтарға жақындығы бар. Оның реттілігі (последовательность) В гепатит қоздырғышының ДНҚ –на сәйкестігі жоқ, өзінше репродукциялану қабілеті болмайды. Бұл вирустың репродукциялануы үшін «көмекші» вирус қатысуы кажет, осындай рөлді ВГВ атқарады. Сонымен, қоздырғыштың ақаулығына байланысты оның функциясы В гепатит вирусының болуымен тікелей тәуелді. Сондықтан ДГВ-ның моноинфекция түрінде болуы мүмкін емес.

Эпидемиологиясы, патогенезі. ДГВ-ның табиғи жағдайдағы резервуары ВГВ тасымалдаушылар болып табылады. Жұғу механизмі ВГВ кезіндегідей. ДГВ және ВГВ-мен бір мезгілде инфицирлену аурудың баяу түрінің дамуына әкеледі. (коинфекция). Дегенмен В гепатиттің созылмалы түріне шалдыққан науқасқа ДГВ инфицирленгенде инфекция ауыр түрде өтеді, нәтижесінде жедел бүйрек ауруы және бауыр циррозы дамиды. Вирус РНҚ-ын ПТР көмегімен гепатоциттерден табуға болады. Инфекция көзі - дельта вируспен, және де ВГВ-мен инфицирленген адамдар. Парэнтеральды жолмен беріледі, анасынан нәрестеге вертикальды жолмен де берілуі мүмкін.

Клиникалық көріністері. Коинфекция - ДГВ және ВГВ бір мезгілде жұғуы. Күмәнді (продромальды) кезеңі өте қысқа, дене қызбасы көтеріледі, ірі буындары жиі ауырады. Сарғаю кезеңінде интоксикация арта бастайды, бауыр аймағында ауырсыну синдромы жиі байқалады. Ауру барысы (ағымы) салыстырмалы түрде қатерлі емес, бірақ қалпына келу кезеңі ұзақ уақытқа созылады. Суперинфекция – ВГВ-мен инфицирленген науқасқа ДГВ жұғуы. Жасырын кезеңі және сарғаю алды фазасы өте қысқа-3-5 күндей. Дене қызбасы жоғары, айқын интоксикация, ауырсыну синдромы, қайталап құсу байқалады. Айқын сарғаюмен сипатталады, асциттік – ісіну синдромы дамиды, айқын гепатоспленомегалия көрініс береді. Өліммен аяқталатын, аурудың қатерлі түрі (фульминантты) дамуы ықтимал.

Микробиологиялық диагноз қою. Негізгі зерттелетін материал – науқастың қаны, қан сарысуы, бауыр биоптаты. ИФТ,РИТ әдістері қолданылады. Вирус репликациянануының маркерлері: ДГВ антигендеріне қарсы пайда болған антиденелер (lg М) және вирустық РНҚ. ДГВ антигендері инфицирленгеннен кейін қанда 3 аптадан соң пайда болады. Вирус – спецификалық антиденелер (lg М) клиникалық көріністері басталған соң 10-15 күннен кенйін пайда болады. 2-11 аптадан кейін вирус-спецификалық lgG-ны идентификациялауға болады, олар инфицирленген адамның қан айналымында тұрақты түрде кездеседі. Ко-және суперинфекцияның барлық варианттары кезінде ДГВ-ның РНҚ-ы ПТР әдісімен анықталады.

Емдеуі және алдын-алуы. В гепатит кезіндегідей.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: