АИВ инфекциясы

АИВ инфекциясы бар науқаста ауыздың зақымдалуы оппортунистік инфекциялар дамыған кезде басталады. Ол аурудың кеш кезенінде және ЖИТС-ке айналғанда байқалады. Ауыздың зақымдалуы АИВ инфицирленген 50 %-да, ал ЖИТС дамыған науқастың 80 %-да анықталынады. Көптеген оппортунистік инфекциялар жаралардың пайда болуымен сипатталады.

Саңырауқұлақтармен қоздырылған зақымданулар АИВ инфицирленген 40-60 % кездеседі. Негізгі қоздырғышы - Candida albicans (60-90)%, сонымен қатар C.parapsilosis, C. krusei, C. tropicalis, C. dublinienis ж.т.б. бөлінуі мұмкін. Бірден екі және одан көп кандида түрлері қосарланып бөлінген жағдайлар да жие кездеседі. Науқастарда ауыз уылуы (молочница) сияқты әдетті жалғанмембраноздық зақымдалуы мен қатар атрофиялық және созылмалы гиперпластикалық кандидоз, ангулярлық хейлит байқалады. Ангулярлық хейлит ауыз бұрыштарының қызаруы мен жарықтардың пайда болуымен сипатталады. Атрофиялық кандидоз кезінде қатты таңдай мен тілдің үстінде қып-қызыл ошақтар пайда болады. Созылмалы гиперпластикалық кандидоздың көрінісі – ұрттың екі жақта біркелкі орналасқан қызыл және ақ түсті дақтар.

Бактериялық зақымдалуы. Стафилококтармен, стрептококтармен қоздырылатын әдетті инфекциялардаң басқа Mycoplasma salivarium, Enterobacter cloacae, Clostridium, Klebsiella және Pseudomonas (көкірің таяқшасынан басқа) туыстастықтардың сирек кездесетін түрлерімен қоздырылған некроздық гингивит пен периодонтит дамуы мүмкін.

Вирустық зақымдануылар. Негізгі қоздырғыштар – ҚГВ (қарапайым герпес вирусы) және varicella-zoster вирусы. Зақымдалу бактериялық суперинфекциялармен асқындалған стоматит түрінде көрінеді. АИВ инфицирленген адамдарда вирустық стоматиттің ағымы ауыр өтеді. Шырышты қабықтарда орналасқан жаралар адам тамақ ішкенде қатты ауыру сезімді шақырған себебімен адам тамақ іше алмай тез арығады. Ерекше түрде зақымдалуы түкті лейкоплакия деп аталады. Бұл ауру тіл эпителий жасушасында Эпстайн-Барр вирустың белсенді көбеюінен болады. Түкті лейкоплакия АИВ инфекциясы бар адамдардың 98 % анықталынады. Бұл аурудың көрінісі – ұрттың шырышты қабықтарында немесе тілдің екі жағында ақ түсті дақтардың болуы, кейін олар тіл үстіне де тарауы мүмкін. Мүйіздену әр түрлі өтудің себебінен дақтардың келбеті әжімделген немесе түкті болады.

Егер науқаста Капоши саркомасы табылса бірден АИВ диагнозын қоюға болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: