Антисептиктер

«Антисептик» терминін (грек. аnti-қарсы, sepsis-шіру) алғаш рет 1750 жылы ағылшын оқымыстысы И.Прингл минералды қышқылдардың шіруге қарсы әсерін белгілеу үшін ұсынған.

Кәзіргі таңда антисептикалық шаралар деп, операция жасалынылатын және оның қоршаған аумақты, кез-келген заттың бетін және онымен жанасатын микробқа қарсы (антисептиктер) әсері бар препараттармен өңдеуден өткізуді атайды. Бұндай анықтама негізінен кез-келген шараларды қолданған кезде қойылған регламентке сәйкес инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін парадонта ауруын емдеуде және алдын-алу шеңберіндегі нормативтік актіде (DAHZ) келтірілген.

Тістегі жұмсық және қатты өңезді механикалық (қолмен жасалынылатын немесе дыбыстық аспаптарды, ультрадыбысты, құммен ататын және лазер құрал жабдықтарын қолданғанда) жоюмен қатар микробқа қарсы препараттарды қолдану сілекейде, кілегей қабық беткейінде және тереңдеу немесе аз тереңдікте жатқан пародонталды қалталарда орналасқан ауру тудыратын бактерияларды жоюға бағытталған негізгі шара болып табылады.

Пародонта ауруларын алдын-алу шеңберінде антисептиктерді қолданған кезде, кілегей қабықтың бүтіндігін зақымдап алмауға тырысу қажет, ол локалді немесе бактерия инфекцияларының дамуын болдырмайды.

Ем жүргізер алдында қауіп тудыратын факторларды анықтау мақсатында науқастардан толық анамнез жинау қажет. Көтеген зерттеулер қорытындылары Parodontitis marginflis-тың қабыну және иммундық даму механизмдері жүрек-қан тамыр жүйесінің түрлі аураларының дамуына әкеліп соғатын қатерлі факторы екендігін дәлелдейді. Сондықтан пародонта ауруларын емдеуде қолданатын антибиотиктерді мұқият таңдау қажет.

Инфекциялық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі талаптары қолды жұмыс істер алдында және жұмыстан соң, сонымен қатар биялай қолданған уақыта да, мұқият және үнемі дезинфекциялау қажет.

Операция жасайтын шараларда қолды дезинфекциялауға қойылатын талаптарды қатаң сақтау керек.

Стандартты дезинфекция кезінде спирттік негізде жасалынған арнайы препараттарды қолдану керек, оларға қойылатын талаптар:

- медицинада қолдануға ұрықсаты болуы керек;

- DGHM сертификаты;

- олардың микробқа қарсы әсерін дәлелдейтін HBV/ HCV/ HIV куәлігі.

Дезинфекция жасайтын препараттар бір рет қолданатын орамдарда болуы керек. Бұндай ерітінділер салынатын ыдыстарды көп рет қолдануға тиым салынады.

Хирургияда қолды «Первомур» рецептурасымен залалсыздандырған кезде («С-4» қоспасы), оны 1 минут көлемінде сабынды сумен (щетка қолданбай) жуады. Сонан соң оларды сабынын кетіру үшін сумен шайып, стерилді сүрткішпен құрғақ етіп сүртеді. Сосын 1 минут көлемінде эмальданған табақта «С-4» рецептурасымен залалсыздандырып, стерилді сүрткішпен сүртіп, стерилді биялайларды киеді.

Хлоргексидинмен залалсыздандыру кезінде алдын-ала қолды сабындан жуады, сонан соң стерилді сүрткішпен құрғатып алап хлоргексидиннің 0,5%-ік спирттегі ерітіндісіне малынған мақта тампонымен 2-3 мину өңдеу жасайды. Соңғы шыққан дезинфекциялау заттардың ішінде АХД-200 специаль қолданылады. Қолды жылы ағын сумен иіс сабынмен 2 минут көлемінде жуады, стерилді дәкеден жасалынған сүрткішпен кептіреді, сонан соң 5мл препаратты қолдың алақан бөлігіне құйып қол басының терісіне 2,5 минут көлемінде ысқылайды. Содан соң 5мл препаратты қол басының терісіне құйып 2,5 минут көлемінде ысқылайды. Залалсыздандыру уақыты 5 минутты құрайды.

Сонымен қатар қол терісін және операция жасалынылатын алаңды ұсынылған методикалық нұсқауларды сақтай отырып «Алинодерм», «Октемидерм», «Диас-20», «Велтосепт», «Плавасепт-тинктура», «Поли алкоголь ХАУТ антисептикум», «Лизанин ОП», «Октенисепт», «Пливасепт синий», «Триформин Д», «Изосепт», «Сагросепт», «Октониман» қолдануға ұрықсат берілген.

Медперсоналдар және оташы қолдарын гигиеналық мақсатта залалсыздандыру үшін «Джонсон энд Джонсон Медикал Лтд» фирмасы «Манопронто» сұйықтығын шығарады. Осы фирмамен шығарылатын «Биотензид» залалсыздандыру затын қолдану ыңғайлы және тиімді, оның бактерияларға, вирустарға (сарысулық гепатит пен АИВ қоса), туберкулез микобактериясы мен саңырауқұлақтарға қарсы әсері зор.

Ауыз қуысындағы микроорганизмдерді азайту үшін келесі антисептиктерді қолданады:

«Октенисепт», «ДентаСол», хлоргексидин биглюканатының судағы ерітіндісі, ex temporo даярланған калий марганецының 1:1000 ерітіндісін, фурациллиннің 1:5000 және сутегінің асқынтотығының 0,5%-дық ерітінділері.

Клиникалық зерттеулер қорытындысы ауыз қуысындағы микрофлораға негізі цетилпиридинхлоридтан, хлоргексидиннен, остенидиннан, PVD-йодтан тұратын препараттар әсері күшті екендігін көрсетеді.

Бактериалды өңез түзілуіне қарсы прерататтар жеке топқа бөлінеді, олардың құрамына жоғарыда аталған заттармен қатар алкалоидтар мен құрамында фторы бар заттар кіреді.

Бұл препараттар ауыз қуысының залалсыздандырылатын беткейіне тампон көмегімен шашыратып немесе шаю жолдарымен енгізіледі, сонымен қатар арнайы инелермен пародонталды қалталардың қуысына салынады. Бұл препараттардың әсер ету уақыты енгізу тәсіліне және өндірушінің ұсынысына байланысты 30 дан 120 секундты құрайды.

Жеке гигиена. Науқастармен емдеу кабинеттерінде немесе одан тыс жерде тікелей немесе жанама байланыста болатын барлық медперсоналдар жеке басының гигиенасын қатал сақтау қажет. Қатал гигиеналық шараларды сақтау қоршаған ортадағы тірі патогенді микроорганизмдердің тасмалдануын айтарлықтай дәрежеде азайтады.

20.8. Тіс дәрігерінің биологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтауы

Америкалық стоматологтар ассоциациясының мәлеметтері бойынша тіс дәрігерлерге жуғыну қауіпі бар инфекциялардың құрамына төменде көрсетілген 22 инфекция кіреді және олардың аяқталуы осындай болады:

АИВ/ЖИТС – өлімге әкеледі.

Кандидоз – ағзаның жүйелік зақымдалуы.

Желшешек – белдеме теміреткі.

Туберкулез – енбекке жарамсыздық, өлім.

Соз – бедеулік, артриттер.

Гепатит А – вирустасымалдаушылық.

Гепатит В,С,Д – вирустасымалдаушылық, өлім.

Герпестік конъюнктивит - вирустасымалдаушылық, көз көрмеуі.

Герпестік панариций – вирустасымалдаушылық.

Инфекциялық мононуклеоз – вирустасымалдаушылық.

Грипп – вирустасымалдаушылық.

Легионеллез – өлім.

Қызылша – енбекке жарамсыздық, энцефалит.

Қызамық – туа пайда болған ақаулар.

Дифтерия – бактериятасымалдаушылық, өлім.

Эпидемиялық паротит – вирустасымалдаушылық.

Стафилококктық инфекция – тері аурулар, тасымалдаушылық, өлім.

Стрептококктық инфекция – ревматизм, өлім.

Мерез – ОЖЖ зақымдалуы, өлім.

Сіреспе – енбекке жарамсыздық, өлім.

Респираторлық инфекциялар – уақытша енбекке жарамсыздық, вирустасымалдаушылық.

Вирустық пневмония – вирустасымалдаушылық, өлім.

Тіс емдеу мекемелерінде кәсіби ауруларды жұқтырудан алдын алу үшін ең алдымен медицина қызметкерлерінің денсаулығын біріншілік (алғаш жұмысқа кірген уақытта) және жүйелі түрде медициналық бақылаудан өткізіп тұру қажет (тексеру жиілігі мен тексеретін мамандардың тізімі Денсаулық сақтау Министірлігінің нұсқауының бұйрығында берілген). Жұмыс істейтін қызметкерге өткізілетін шаралар:

Вирусты гепатит В және дифтерияға қарсы жоспарлы түрде егу және қайта егу жасау.

Індет жұқтыру қауіптілігін тудыратын зақымдалу болған жағдайда жедел түрде вирусты гепатит В-ға қарсы егу жасау.

Тіс емдеу емханасының, бөлімдерінің және жеке кабинеттердің қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігін сақтау мақсатында және індеттенуден алдын алу үшін, сонымен қатар емделуші науқастардың індеттенуін ескерту үшін тіс емдеу мекемесінің әр қызметкері келесі биологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:

Жұмыс істегенде санитарлық киім (халат,костюм,қалпақ,бет перде) киуі қажет,олар ортақталық залалсызданудан өтіп, жуылуы қажет. Керек болған жағдайда қан тамшыларының және ауыз қуысынан бөлінетін сұйықтықтардың денеге түсуінен сақтану үшін су өткізбейтін матадан жасалынған киім қолдану қажет.Ауыз және мұрынды жауып тұратын бет пердені әр науқастан соң ау ыстырып тұру қажет.

Жеке бас гигиенасының ережелерін сақтау, әр науқасты қабылдар алдында және қарап болғаннан соң қолды жуу қажет, антисептикпен залалсыздандырып әр науқастан соң биялайларын аусытыру қажет.

Тісті өңдеуден өткізгенде, ауыз қуысында жұмыс істегенде қан тамшыларының және ауыз қуысынан бөлінетін сұйықтықтардың бетке шашырауынан алдын алу үшін дәрігер көзілдірік немесе қалқан тағуы қажет.Әр қолданудан соң оны залалсыздандыру қажет.

Қол және саусақтағы жарақаттар мен жырылған жерлерге лейкопластыр таңып саусақ басына киетін биялайлар кию қажет. Қабылдау кабинеттерінде «Микрожарақаттар есебі журналын» жүргізу қажет.

Науқастың тері жабындысы қанмен (ауыз қуысынан бөлінетін сұйықтықтармен) бүлініп қалған жағдайда денесін дезинфекциялау ерітіндісімен немесе 70ºС спиртпен залалсыздандыру керек. Егер тері жабындысының бүтіндігі бұзылып қан кетер болса, қанның кетуін тоқтатпай оны сығып жарақатты 5% йодтың спиртті ерітіндісімен залалсыздандыру керек.

Егер қан (ауыз қуысынан бөлінетін сұйықтық) науқастың ауыз қуысының кілегей қабатына тиетін болса оны 70ºС спиртпен немесе 0,05% калий марганецтың ерітіндісімен қандырып шаяды. Егер көз конъюктивасына тиер болса оны 0,05% калий марганецтың ерітіндісімен жуады.

Әр науқасқа дәрігері жеке залалсызданған/бір рет қолданылатын/ стоматологиялық аспап жиынтығын қолдануы қажет (аспаптар жиынтығын немесе ішінен жеке бір аспапты қайта қолдануға тиым салынады.)

Кейбір науқастарға қолданылатын заттар мен аспаптар адекватты тазартылу мен залалсыздандырылудан өткізілуі қажет.

Микробы бар жерлердің аэрозолін аулайтын сорғыштарды қолданған жағдайда олардың филтірін уақытылы ауыстырып тұру қажет(фильтр жоқ немесе дұрыс істемеген жағдайда өңделген лас ауа науқастың ауыз қуысынан бөлінетін микрофлорасымен кабинеттегі заттар мен аппаратураларды анағұрлым ласталуына әкеліп соғады.)

Барлық лабораториялық сараптамалар үлгілерін потенциалды індеттелген деп есептеп жиын жасап оларды микробиологиялық лабораторияларға барлық микробиологиялық қауіпсіздік техникасын сақтап жеткізу және сақтау қажет.

Науқас қаны мен бөлінділерімен ластанған арнайы киім және төсек жабдықтарын потенциалды індеттелген деп есептеп жедел түрде залалсыздандырудан өткізу қажет.

Қолданылынған шприцтерді бірден арнайы үшкір заттарды жоюға арналған контейнерлерге тастау керек, шприцтен инесін мүлдем алуға болмайды және қолданған шприцпен қайта манипуляция жасауға болмайды.

Қауіпті медициналық қалдықтарды жоюға ерекше көңіл бөлу қажет. Емдеу мекемелерінде жиналған қалдықтардың түрлі дәрежеде экологиялық және эпидемиологиялық қауіптілігі бар. Аурухана ішіндегі індеттің пайда болуына 4 - топтағы (Г)-медициналық қалдықтардың маңызы бар,олар эпидемиологиялық тұрғыдан қарағанда қауіпті. Бұл топқа қолданылған таңу материалдары, бір рет қолданылатын операциялық төсек жабдықтары, бір рет қолданылатын шприцтер, инелер, майда стоматологиялық аспаптар жатады. Бұл қалдықтар тіс емдеу кабинеттерінде, егу, таңу және операция жасау бөлмелерінде жиналады.

Медициналық қалдықтарды өңдеуге қойылатын талапқа екі негізгі жағдай кіреді:

1) медициналық материалдарды қайта қолдануға мүмкіндіктің жоқтығы;

2)оларды жойғанда немесе қайта өңдегенде биологиялық қауіпсіз болатындай талаптарға сәйкес залалсыздандыруда өткізу. Бұл әдетте қолданылған аспаптардағы, заттардағы және мүліктердегі барлық флораны толығымен жою немесе оларды әлсіретуге жеткізетін стерилдеу болып табылады.

Медицина мекемесіндегі жиналған барлық жұмсалынған материалдар химиялық немесе ыстықпен өңдеу жолдарымен жоюға беріледі.

Бұл бөлімшелердегі залалсызданудан кейінгі жиналған барлық қалдықтар бір рет қолданылатын жұмсақ немесе қатты байламдарға жиналуы қажет. 3/4 бөлігіне дейін толтырылғаннан кейін ауасы шығарылып ауа кірмейтін жағдай жасау керек. Дезинфекциядан өткізілген үшкір аспаптар (инелер, майда стоматологиялық аспаптар) басқа қалдықтардан бөлек бір рет қолданылатын қатты орамға жиналады. Г тобындағы қалдықтарды ашық қалдыруға болмайды және медперсоналдардың оны ұстап жанасуына тиым салынады. Г тобындағы қалдықтарды ортақтандырылған немесе ортақтандырылмаған түрде залалсыздандырудан өткізеді. Кәзіргі кезде қалдықтарды жоюдың келесі әдістерін ажыратады:

- механикалық жолмен өңдеу (қысыммен өңдеу немесе майдалау),

- термиялық өңдеуден өткізу (автоклавты қолдану ең жиі қолдалылатын әдіс);

- өртеу;

- микротолқында өңдеу;

- электротермиялық өңдеу (төменгі толқынмен сәулелендіру);

- инфрақызыл сәулелердің көмегімен өңдеу;

- химиялық өңдеу немесе дезинфекция

Осы мәселенің берілген жайттары эпидемияға қарсы шаралар тәртібінің бірнеше қатар күрделі бұзылуларына әкеліп соғады. Медициналық қалдықтарды салатын бір рет қолданылатын

ыдыстардың (қалталар, бактар) жоқтығы, және де оларды герметизациялаудың сенімді әрі оңай жолының жоқтығы, шараларды бұзу болып табылыды. Көптеген жағдайларда қалдықтарды уақытша сақтайтын бөлмелер (алаңдар) және ыдыстар (контейнерлер) қарастырылмаған.

Қызметкерлерді және науқастарды медициналық қалдықтардан індет жұқтыру қауіпсіздігін туғызатын транспорт тізбегі ұйымдастырылмаған. Медицина мекемелерінде көрсетілетін медициналық көмекке жаңадан емдеу әдістерін енгізуге байланысты,сонымен қатар дайын дәрі түрлері мен бір рет қолданатын заттарды қолданудың есебінен қалдықтар көлемнің күрт көбейуі мен эпидемиологиялық қауіптілігіне байланысты қалдықты орнында жоюдың u 1089 жүйесін енгізуді дамыту қажет.

Стоматологтың жұмыс орнындағы жоғарғы деңгейдегі гигиеналық талапты практикадағы тіс дәрігері тек қана күнделікті тәжірбиесінде ғана емес, стоматологиялық кабинетке қажет түрлі құрал-жабдықтар, заттар және аспаптарды ойлап тапқанда, сонымен қатар жаңадан технология енгізгенде сақтау керек. «Свод правил гигиены и методические рекомендации» салтты түрде Германаяда (DAHZ) шығарылады.

20.9. Тіс емдеуде биологиялық дәрі - дәрмектерді қолдану

Экологиялық қолайсыз жағдай, стрестік әсердің ұлғаюы, антибиотиктерді дұрыс қолданбау адамдардың барлық жерлерінде дисбактериоз таралуына жағдай жасайды, созылмалы бактериалық індетті қоздырады, сәбилер мен үлкендер организімнің аллергизациясын туғызады. Дисбактериоз және иммундық тапшылық созылмалы және жедел аурулардың, сонымен қатар ауыз қуысының ауруларының ұзақтығы мен ауырлығына неғұрлым әсер етіп, олардың емі мен диагноз қоюын қиындатып қымбаттата түсіреді.

Қазіргі кезде тіс өңезіндегі бактериалық флора гингивит пен пародонтит кезіндегі пародонт зақымдалуының біріншілік факторы болып қаралады. 100 жылдан астам уақыттан бері пародонта ауруының дамуы мен ағымынада бактериалық колонизацияланудың рөлі зерттелуде.

Пародонта микробиологиясының жаңа эрасының тууын атай өтсек, Socransky S.S. және Haffajee A.D. (1992) пародонтаның деструктивті зақымдалуының жаңа «формуласын» ұсынды, онда пародонта ауруын бірнеше тізбектен тұратын күрделі патофизиологиялық процесс деп қаралады:

Пародонта зақымдалуы = бактериалық патоген + организм сезімталдығы + қалыпты микрофлораның ақаулығы.

Макроорганизмнің антимикробтық қорғану жүйесінде алдынғы орын кілегей қабықтың аутофлорасына тиесілі.Оның жағдайы және сыртқы орта әсеріне қарсы тұру қабілеті көп жағдайларда патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерінің колония түзуіне байланысты. Микроб құрамының тұрақтылығын сақтауда қалыпты микрофлораға тән патогенді және шартты патогенді микробтарға антагонистік әсері басты рөлдің біріне жатады.Тұрақты флора ағзаға «биологиялық барьер» қызметін атқарып кездейсоқ флораның көбейуіне төтеп береді. Бұл-эволюциалық жасалынып шығарылған, инфекциядан қорғанудағы физиологиялық қажет нәрсе. Ауыз қуысындағы қалыпты микробиоцинтезін түзуде 10-нан астам түрі белгілі Lactobacillus туыстастығының физиологиялық маңыздылығы зор.

Филогенез барысында макроорганизімге кездейсоқ микрофлораның әсеріне қарсы қорғаныс механизмі жасалынып шағарылған. Сонымен қатар белгілі бір микроб түрлерінің ауыз қуысында өмір сүруіне бейімделу пайда болды. Макроорганизм мен микрофлора аралығында биологиялық «тепе-теңдік» – эубиоз қалыптасады.

Пародонт тінінің қабыну ауруы әдетте пародонттың зақымдану дәрежесімен айқындалатын ауыз қуысының дисбиозымен қосарлана жүреді.

Ауыз қуысында пародонтадағы қабыну-деструктивті процесс кезіндегі биологиялық тепе-теңдіктің өзгеруінің дамуы.

Симбионты микрофлораның компенсаторлық мүмкіндігі шексіз емес болғандықтан және де түрлі факторлардың әсерінен ауыз қуысындағы қалыпты және патогендік флора арасындағы динамикалық тепе-теңдік бұзылуы мүмкін. Жұтынудың, шайнаудың және сөл бөлінудің бұзылыстары ауыз қуысындағы патогендік микрофлоралардың үнемі көбеюіне әкеліп соғады. Сонымен қатар ауыз кілегей қабығының құрғап қалуына әкеліп соғатын дұрыс тыныс алмау салдары да (мұрын арқылы) әсер етеді. Сондықтан мұрын біткенде,баспа болғанда,аденойдты тыныс кезінде ауыз қуысындағы микробтар мөлшері күрт көбейіп кетеді. Сөл бөлетін бездердің секрециясы бұзылған кезде микроорганизмдер қарқынды түрде көбейеді.

Ауыз қуысында ас қалдығы тұрып қалатын, микроорганизмдердің түкірікпен жуулуы қиындайтын аномалиялар болған жағдайда микроорганизмдердің жалпы санының күрт өсуі болады. Бұндай жағдайлар бет және жақ аумағында туабіткен ақаулар болғанда, көптеген кариоздық зақымдалуларда, пародонттық қалталар пайда болғанда, сапасыз протез салғанда, сонымен қатар жалпы патологияға әсер еткенде: организмнің реактивтілігі өзгерген кезде, эндокриндік аурулар кезінде т.б.ж.байқалады. Бұл жағдайда тұрақты флора өкілдерінің күрт қозуы пайда болады. Дисбактериоз дамиды. Дисбактериоз ұғымы медицинаға 1916 жылы неміс оқымыстысы А.Nissle тек қана E.coli концентрациясының бұзылуы деген түсінікпен енгізген. Қазіргі кезде «дисбактериоз» терминімен организмге түрлі экзогенді және эндогенді сипаттағы фактордың әсерінен қалыпты микрофлораның сандық және сапалық өзгерісі пайда болып, макроорганизмде клиникалық өзгерістер байқалып, немесе организмде қандайда бір патологиялық процесс даму салдары болатын жағдай айтылады.

Ас қорыту жүйесінің созылмалы аурулары мен қызметінің бұзылуы ауыз қуысының дисбактериозының тууы мен дамуына себепші болады. Қандай да бір аурудың симптомы түрінде пайда болып, дисбактериоз оның ағымын күрделі етіп процестің созылмалдылғын тереңдетеді.

Ауыздың кілегей қабығының микробиоценозы қоршаған ортаның қолайсыз өзгерістеріне сезімтал эколигиялық жүйе болып табылады. Экологиялық қолайсыз биотоптарда ауыз қуысының микрофлорасында қалыпты жағдаймен салыстырғанда лактобактерия саны азайып стафилококк пен Candida туыстастығының саңырауқұлақтары көбейеді

Көп жағдайларда пародонтитті емдеу шараларына антибиотиктерді қосқанда ауыз қуысының бактериоценозының өзгеруі болады. Дәрі-дәрмектерді тиімді қолданбаған жағдайда ауыз қуысының аутофлорасының тұрақты өкілдері мен жергілікті антибактериалық қорғаныс факторына негативті әсер етеді. Пародонтозды емдеу схемасында АБП-тарын локалды немесе жүйелі түрде қолдану керектігін сауатты түрде жоспарлау негізгі мақсат болып табылады. Стоматологиялық тәжірбиеде қолданылатын түрлі антимикробтық және антисептикалық дәрі-дәрмектер ауыз қуысының микробиоценозының барлық тізбегіне бірден әсер етеді. Бірақ олардың бактериостатикалық әсері өте аз уақыт сақталады, бұл жағдайда көбінесе антибиотиктермен емдегенде микрофлораның сандық және сапалық құрамы өзгереді, патогендік микрофлораның антибиотиктерге тұрақтылығы байқалады. АБП-тарымен емдеу кезінде микрофлораның мөлшері мен құрамдылық түрі тез арада өзгеріске ұшырап ашытқы тектес Candida саңырауқұлақтар басым бола түседі.Бәсекелестері мен антагонистерінен айрылып саңырауқұлақтар жылдам өсіп, адгезияның қасиетке және колония түзуге мүмкіндік алады. Антибиотиктерді рационнан тыс қолданудың әсері ауру процесінде түкірікпен аралас Proteus туыстастығының бактериялары көбеюімен жиі түсіндіріледі. Сонымен қатар.антибиотиктермен емдеу нәтижесінде протей штамының антибиотиктерге тұрақтылығы жоғарылайды.

Патогенді және шартты патогенді микробтардың деңгейінің айқын өсуі фонында қалыпты микрофлора өкілдері азаяды. Сондықтан пародонтозды емдеу барысында, ауыз қуысының, жекелеп алғанда пародонта тініндегі тұрақты микрофлораны қалпына келтіретін дәрі-дәрмектерді қосып бергенде емнің нәтижесі жоғары болады. Соған байланысты әсер ету бастамасы жоғарғы антагонистік, ферменттік және иммунитетін көтеретін қасиеттері бар қалыпты микрофлора штаммының өкілі болып табылатын микробтық биопрепараттарды қолдану преспективті болып табылады.

Биологиялық препараттардың жіктелуі

Биологиялық препараттар кәзіргі кезде организмнің қалыпты микрофлора тепе-теңдігін жоғарғы деңгейде ұстап тұратын көп таралған дәрі-дәрмектерге жатады. R. Simmering және M.Blaut (2001) келісімдері бойынша биопрепараттар белгілі бір талаптарға жауап беріп, қойылған шарттарға сай болуы қажет:

- асқазан сөлі мен өт қышқылдарында қорытылмауы қажет;

- берілген биотопқа қажетті адгезиялық қасиеті болу;

- берілген биотопта максималды ұзақ уақыт болу;

- антибиотиктік заттар өндіру;

- иммундық реакцияларды модулдеу;

- организмдегі метаболизм процесіне оң әсер ету (холестерин алмасуын реттеу, витамин түзілуін күшейту).

Энтералды жолмен қабылданып, микробиоценозды қалпына келтіретін биопрепараттарды Россияның Гарбичевский атындағы Орталық микробиология және эпидемиология ҒЗИ-ының оқымыстылары құрамындағы компоненттерінің табиғатына байланысты бірнеше топқа бөлуді ұсынды:

1) вакциналар;

2) биологиялық белсенді қоспалар;

3) эубиотиктер;

4) пробиотиктер;

5) пребиотиктер;

6) бактериофагтар;

Вакциналар дегеніміз микроорганизмдерден немесе олардың антигендерінен тұратын белгілі бір микроорганизмдерге немесе оның бөліп шығаратын токсиніне қарсы жасанды түрде активті иммунитет жасау үшін қолданылатын препараттар. Стоматологияда соңғы кезде пародонта мен ауыз қуысының кілегей қабығының ауруларын емдеуде вакцина ретінде имудон (Solvay Farma, Француз өнімі) препараты кеңінен қолданылып жүр. Имудон поливалентті антиген кешенінен тұратын, ауыз қуысының патологиясын тудыратын ең жиі кездесетін 13 түрлі бактериялар мен саңырауқұлақтар штамдарының антигендерінен жасалынған.Антиген түрінде препаратқа ауыз қуысының жергілікті иммунитетін «жаттықтыруға» мүмкіндік береді. Имудон иммундық жасушалардың жадын қоздырып, ауру тудыратын микробпен кездесуге дайындайды. Дәріні ауыз қуысының қабыну ауруларының алдын алу үшін қолдану тиімді.

Solvay Farma фирмасымен құрамында 19 штамның детерминантты антигені бар тағы бір препарат - ИРС-19 ассоцияланған вакцинасы шығарылған. Препарат жедел түрде кілегей қабықта қорғаныс механизмін күшейтіп,антиденелердің өнімін көп мөлшерде шығарып, ауыз қуысындағы макрофагтардың фагоцитарлық белсенділігін, интерферон және лизоцим өнімдерін арттырады.

Препарат ауыз қуысының және жоғарғы тыныс жолдарының қабынуларында, пародонта ауруларын емдеуде қолданылады.

Биологиялық белсенді қоспалар - олар асқазан-ішек қызметін жақсартып, ішек микрофлорасын қалпына келтіру үшін қолдануға арналған бифидо қоспалары бар емдік-диеталық қоректік тағамдар. Бұларға эколакт жатады ол жеміс-жидек шырынынан жасалынған құрамына ашытқан лактобактериялары бар антиоксидантты белсенділігі және антимутагенді әсері бар сусындар мен құрамына түрлі сүт қышқылы бактериялары кіретін «бифилайф», «био-кефир», «кефир BFB», ацедофилді паста, йогурт тәрізді ашыған сүт өнімдері жатады

Эубиотиктер –бұл әсер ету бастамасы қалыпты микофлора өкілдерінен құралған тірі лиофилді кептірілген микроорганизмдер дақылынан жасалынатын бактериалық препараттар.

Эубиотиктерді қолдану кәдімгі емдеу тәсілінің орнын басу мысалы. Мыналар эубиотиктерге жатады:

- бифидумбактерин - Bifidobacterium bifidum бактериясының микробтық массасы

- ацилакт - Lactobacillus acidophilus 3 штамының өкілдерінен тұратын биомасса

- лактобактерин - Lactobacillus plantarum және L.fermentum бактерияларының микробтық массасы.

- колибактерин - E.coli миробтық масса.

- бифилиз – бифидобактериялар мен лизоцимдер қосылған лиофильді кептірілген биомасса.

- линекс - Lactobacillus acidophilus, Bifidobacterium infantis, Streptococcus faeciuv тірі бактерияларының лиофилденген препараты.

Флорадофилюс 3000 (Amrion компаниясының өнімі) және вита-баланс (New Spirit Naturals компаниясының өнімі) капсуладағы АҚШ өндіретін эубиотиктер.

Зерттеу нәтижесінде эубиотиктер әсерінен бифидо-лактобактериялардан моноцитарлы-макрофаг қатарының белсенділігі артып, сарысулық иммундыглобулин және интерферон өнімдері көбейіп, Т-жасушалық иммунитет реакциясын қоздыратындығы мәлім болды.

Lactobacillus acidophilus және L.casei сүт қышқылы бактериялары бірден фагоцитоз, табиғи киллерлер белсенділігін және антидене түзетін жасушалардың өнімдерін арттыратын иммундық реакциялар түзеді. Көптеген грамм оң бактерияларының сонымен қатар лакто-және бифидобактерияларының торша қабығы құрамында мурамилпептидтер (МДП) бар, олардың бөлініп шығуы Т-және В-лимфоциттер мен макрофагтардың белсенділігін, иммундыглобулин өнімдерін арттыратандығы мәлім. Бактериалық препараттардың емдеу-алдын алу механизмінің алуан түрлі екендігін ескере отырып, олардың қай-қайсысының басты немесе екіншілік екендігін айқындауға болмайды. Түрлі созылмалы және жедел ауруларда терапиялық әсері бір жағдайда бациланың антагонистік қасиетінен болса, басқа біреулерінде өнімдері мен ферменттер әсерінен, ал үшінші біреулерінде қорғану реакцияларының белсенділігінің артуынан болады. Бірақ, әдетте процесске бір мезетте бірнеше фермент қатысады.

Пробиотиктер – негізінде табиғаты микробтан тұратын патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің өсуін тежейтін қасиеті бар және ас қорыту процесіне қатысатын, әсер ету бастамасы ферменттік жүйе болатын препараттар.Пробиотиктер қалыпты микрофлораның өсуін

белсендірушілер болып табылады. Оларға энтерол (Sanofi-Chinoin компаниясының өнімі), блактисубтил (Marion Merrel Dow, АҚШ), флонивит БС (JCN.Galenic,Югославия), биоспорин жатады (Россия, Әскери-техникалық проблемалар орталығы).

Биоспориннің әсер ету механизмі құрамындағы Bacillus туыстастығы бактериясының есебінен жүзеге асады. Бұл кезде тірі бациллалардың бір бөлігі (50% шамасында) спора түрінде болады.Спора түзетін бактериялардың кілегей қабық колониясын түзу қасиеті айқын болмаса да, 1 тәуліктен 3 тәулікке дейін адаптацияланады және вегетацияланады.Споралар ішке қарай өсіп ене бастағанда бөліп шығаратын ферменттер протейлердің, ішек таяқшаларының, патогенді стафилококтың және Candida туыстастығының саңырауқұлақтарының жасуша қабырғаларының лизисін тудырады.Препарат организмнің қорғаныс реакциясын едәуір күшейтеді, лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігін арттырады,эндогенді интерферон мен лизоцим өнімдерін күшейтеді.

Пребиотиктер – бұл қалыпты микрофлораның өсуін күшейтетін қасиеті бар, ішекте қорытылмайтын тағамдық заттар. Бұл топқа хилак-форте препараты жатады. Хилак-фоте (Австрияның Ludwig Merckle GmgH компаниясы өндіреді) ауыз арқылы қабылданатын тамшы түрінде шығарылады, құрамында–ішек микрофлорасының симбионтының стерилді грамм оң және грамм теріс бактерияларының алмасу өнімдері бар.

Лактулоза – нормазе, лактофальк, дюфалак, портола к атаулалрымен шығарылатын синтетикалық дисахарид. Препарат ішекте сальмонелланың өсуін күшейтіп, құрамында азот бар заттардың түзілуін азайтып, тоқ ішекте аммиактың сіңуіне кедергі болады.

Бактериофагтарға патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерге жоғарғы спецификалық әсер ету қасиет тән. Олардың антибиотиктер немесе химиотерапиялық заттарға қарағанда іріктеп әсер ету қабілеті жоғары. Бактериофагтар тар спецификалық антимикробты агент болып табылады, сондықтан олар бактерияларды тек қана селективті ерітеді. Фаготерапия әдісі тек емдеу емес, сонымен қатар бір шама ауруларды, оның ішінде пародонтаның қабыну ауруларын, алдын алу шаралары есебінде тиімді қолдануға болды.

Бактериофагтар микроорганизмнің антибиотикке тұрақты түрлерін ерітеді. Егер стафилококкты бактериофагты алғашында тек індеттенген жарақатты емдеу және алдын алу мақсатында қолданған болса, стафилококк індеті салдарынан болған асқазан-ішек жолдарының дисбактериозын емдеуде қолдану, ауыз қуысының қабыну ауруларын емдеу мен алдын алу, сонымен қатар бет және жақ ауданының остеомиелиті мен абсцесін емдеуде қолдану әсері нәтижелі болуы мүмкін. Пародонтаның қабыну ауруларын қабынуға қарсы және антибактериалық ем қолдану сатысында бактериофагтарды қосып емдесе нәтиже тиімді болады.

20.9.1.Биологиялық препараттарды стоматологияда қолдану

Микробтық биопрепараттарды соматологиялық тәжірбиеде қолдану мәліметтері отандық және шетел әдебиеттерінде өте аз берілген.

Өткен ғасырдың 70-80-жылдарында сүт қышқылды лактобацилла жүзгінін стоматитті емдеуде қолданып жақсы нәтиже алынған. Стоматит және гингивит кезінде ацидофилды лактобацилла препараттарын тағайындау тиімді екендігі анықталды. 90% науқастарда микробиологиялық және клиникалық оң динамика болды, сонымен қатар 73 %-ында лактобацилла құрамы қалпына келді,энтерококк пен алтынды стафилококк бөлініп шығуы жиілігі 2 есеге төмендеді, емдеу нәтижесінде бірде-бір науқаста ішек таяқшасы мен @–гемолитикалық стрептококк табылған жоқ.

Соңғы кездерде бактериалық препараттар жақ және бет ауданындағы іріңді жарақаттарды емдеу кешеніне енгізіліп белсенді түрде қолданылуда.

Лактобактеринді жақ және бет ауданындағы абсцесс пен флегмонаны жергілікті қолданғну кезіндегі ретінде әсері зерттелген. Аурудың жеңіл және орташа ауырлық түрінде биопрепараттарды қолдану әсері антисептик хлоргексинді қолданған ем әсерінен кем түспген. Биопрепаратпен @-гемолитикалық стрептококқа байланысты санация жасау белсенділігінің әсері басқалардан күшті болған. Хлоргексинмен емдеу процесі аурудың ауыр түрлерін тезрек жоюға мүмкіндік берді. Мұндай жағдайларда емдеу жүйесіне биопрепараттарды қосу микробтарға қарсы емнен кейінгі сатыларында енгізу тиімді, ол ауыз қуысының микрофлорасын қалпына келтіріп тұрақты клиникалық нәтиже береді.

Әдеби мәліметтер бойынша бифидумбактерин - форте және лактобактерин эубиотиктерін жақ және бет хирургиясында қолдану іріңді жарақаттардың тез тазаруына, операциядан кейінгі кезең ағымын қолайлы жағдайда өтуіне, емдеу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді..

Бір жасқа дейінгі балаларда таңдай тесігін қалпына келтіру бойынша операция жасар алдында жергілікті қабыну реакцияларының алдын алу мақсатында ацилакт жергілікті және энтералді қолданылған. Еріннің жоғарғы жағының 85% жартылай жырығы бар балаларда, 80 % толығымен жырығы бар балаларда операция жасардың алдында бактериотерапия жасау емге жақсы нәтиже береді. Операция жасалынған 15 балалардың 11-інде операция жасаудан кейінгі кезең ағымы асқынусыз өтіп, операциядан кейінгі жарақат біріншілік тартыммен жазылып кеткен. Бірде- бір жағдайда антибактериалық емнен соң кандидозды стоматит пайда болмаған, ал ацилак қолданбай тұрғанда 30 % құрайтын.

Ауыздың кілегей қабығының кандидозын ауыз қуысының микрофлорасы мен жергілікті иммунитет факторларына биоспорин эубиотигі пероралді беру арқылы қолданылған. Емнен соң ауыз қуысының кілегей қабығының барлық биотоптарында микробтық көрініс қалпына келгендігі байқалған. Биоспорин Шегрен ауруын емдеу кешенінде қолданылады. Биоспорин ауыз қуысының микробтық көрінісін препарат құрамына кіретін патогенді микрофлора B.subtilis бактериясын ығыстыру арқылы жақсартады. Биоспоринді қолданған кезде түкіріктің лизоцимдық белсенділігі артып, секреторлы иммундыглобулин А мөлшері көбейіп, түкірік бөліну жылдамдығы артады.

Ауыздың кілегей қабығының ауруларын емдеу кешенінде микробиоценоздың бұзылуын қалпына келтіру және коррекция жасау шараларын жүргізу қажет. Ауыз қуысының кілегей қабығының түрлі ауруларында мирофлораны коррекция жасау үшін бактериялық терапия қолданыланды. Глосситтің әр түрлерінде және глоссалгия кезінде аутофлораның лактобациллярлық тізбегі анағұрлым төмендеуі не болмаса мүлдем жоқ болатындығы анықталған. Ауыз қуысының некрозды-ойық жаралы стоматиті кезінде тек анаэробты флора басым түседі (фузобактериялар, спирохеталар,бактероидтар,актиномицеттер), лактобациллалар мүлдем болмайды. Физиологиялық мирофлора өкілдерін жайпақ лишаймен ауыратын науқастарда көп жағдайда табу мүмкін емес. Ауыз қуысының дисбактериозы кезінде, осы аурудың 100 %-ында, лактобацилла туыстастығының өкілдері қатты өзгеріске ұшырайтындығы байқалған. Бактериалық препараттармен емнің бірінші курсын өткізгенде клиникалық және бактериологиялық әсер ететіні анықталған, оның әсер ету дәрежесі бастапқы патологиялық процестің ауырлығы мен дисбактериоз айқындылығына байланысты.

Созылмалы рецидивті афтозды стоматитті ацилактпен емдеген кезде ауыз қуысының мирофлорасын қалыпқа келтірумен қатар лакто - және бифидобактериялардың өніп шығуы көбейетін ішек бактериоценоз құрамының оңға ығысуына әкеледі.

Жайылма пародонтиттің жеңіл және орташа ауырлықтағы түрлерін емдеу үшін ацилакты жергілікті қолданған кезде ауыз қуысының микробты көрінісінің қалпына келетіні анықталған. Пародонтиттің орташа ауырлығы кезінде түкіріктің бөліну жылдамдығы 3,02 +0,22 ден 3,76 ± 0,24 мл/мин-қа артады. Пародонтиттің жеңіл түрімен ауыратын науқастарды емдеу әсерінен пародонталды қалталардың тереңдігі бір жыл ішінде 2,76±0,05тен 2,15±0,02 мм-ге азайғанын растайды.Пародонтаның жеңіл және орташа дәрежесін эубиотик ацилакпен емдеген кезде пародонталды қалталардың микрофлора құрамы қалыпқа келіп, шартты патогенді штамм өкілдері элиминацияланады және ауыз қуысының биоценозы қалпына келеді. Трихополдың емдік әсері ацилак қолданған кезбен салыстырғанда әлсіздеу болады. Пародонталды қалталардағы микроорганизмдердің белгілі түрлерінің саны ацилакпен емдеу әсерінен пародонтиттің жеңіл дәрежесінде 14,33 + 3,2 –ден 1,75 + 0,35-ке,ал орташа дәрежесінде 39,35 + 6,52 -ден 2,15 ± 0,37-ге төмендейді. Ацилак әсерінен аурудың қайталану ұзақтығы 2 жылға созылғаны байқалған.

Пародонт пен ауыздың кілегей қабығының аурулары бар науқастардан бөлініп алынған Lactobacillus acidophilus штамының пенициллин тобындағы антибиотиктерге, макролитиктерге, цефализинге, тетрациклин және клафорандарға жоғарғы сезімталдық қасиеті бар болғанмен оның аминогликозидтерге, линкомициндерге және стрептомицинге жеткілікті дәрежеде резистенттілігі байқалған. Аутофлораның лактобациллярлы тізбегін барынша қорғау мақсатында антибиотиктер мен микробты препараттарды қосып емдегенде алынатын мәліметтерді қойылған мақсатқа байланысты ескере отыру қажет.

Ауыз қуысының кандидомикозын емдеу кезінде қосалқы тәсіл ретінде эубиотиктерді қолдану тиімді, ол патогенді және шартты патогенді микрофлораға антагонистік әсер етіп витамин түзуші және ферменттік қызметті қамтамасыз етеді.

Балалардағы жедел герпесті гингивостоматитті емдеуде лактобацилланың суда ерітілген суспензиясы қолданылады. Бұл 5- 7– інші емдеу сеансынан кейін клиникалық симптомдарды жоюға мүмкіндік береді. Пародонттың қабыну ауруларын сүт қышқылды бактерияның Ер 317/402 штамын қолданып ем жүргізген. Сүт қышқылды бактерияның өсіндісімен суланған тампон пародонталді қалталарға енгізіледі. Емдеу нәтижесінде қалталардан ірің аққаны тоқтап, қызыл иектің қанталауы кетіп, иектегі қышыну сезімі жойылды.

Пародонттағы қабыну процесі өршіген сайын патогенді микроорганизмдердің саны көбейіп, аутофлора концентрациясы төмендеуі есебінен ауыз қуысының биоценозында айтарлықтай бұзылыстар пайда болады. Бұл кезде тек патогенді мирофлораны белсенді түрде басып тастауға тырыспай, сонмен қатар бактериалық препараттар бере отырып тұрақты мирофлора концентрациясын қалыпқа кетіру керек.

Пародонтиттің орта және ауыр дәрежелерінде пародонталды қалталарға лактобактериялардың белгілі бір мөлшерін енгізген кезде клиникалық көрсеткіштер мен пародонта қалталарының микрофлорасына дәрінің таблетка түрін берген кездегіден коррекциялық әсері айқан болады.

Антисептикалық заттарға қарағанда әсер ету негізі Lactobacillus casei штамы болып табылатын лактобактерин препаратын қолданған кезде ауыз қуысының микрофлора құрамын қалпына келтіріп қана қоймай, жерлілікті иммунитет көрсеткіштерін- лизоцим белсенділігін арттырады, секреторлы иммундыглобулин А деңгейін қалпына келтіреді.

Қазіргі кезде стоматологиялық препарат имудон (Solvay Farma,) жиі қолданыла бастады. Оны гингивит, пародонтит, перикоронарит, стоматит, тонзиллит ауруларын емдеуде тағайындайды. Созылмалы катаральді гингивитты имудон қолданып емдегенде SlgA өнімінің күшеюі әсерінен ауыз қуысының жергілікті иммундық қорғанысы жоғарылайтындығы байқалады. Пародонтитті операциялық жолмен емдеу алдындағы шаралар кешеніне препаратты енгізген кезде асқыну болу қауіпі төмендейді, сонымен қатар ремиссия мерзімі біраз уақытқа ұзарады. Жоғарыда берілген мәліметтер стоматология тәжірбиесінде емдеу және алдын алу жүйесінде бактериялық терапия әдісін қолданудың перспективті екендігін дәлелдейді.

Пародонт тінінің қабыну ауруларын емдеу кешеніне бактериалық препараттарды қосып емдеу микробиоценоз жағдайына коррекция жасап, жергілікті иммунитет көрсеткіштерін жақсартуға болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: