Негізгі 4 страница

Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардын, ішінде басты біреуі, ең басынқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар, эсіресе, оқу эрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының эсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақ үлгеруіне, білімді терең алуыны көп жэрдем тигізеді. Оқу қызығулары балаларда оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады.

Адамда қызығудың дұрыс көрінбеуі оның өмірін мазмұнсыз етеді. Мұндайда ол енжар болып, іші пысады, зерігіп, берекесі кетеді. Кейбір адамдар кез келген нэрсеге қызығады да, сайып келгенде, оның бір де біреуіне жөндеп тоқтамайды. Мұндай "көрсе қызар" эуесқойлық адамды тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Егер осы эдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл - үлкен кемшілік. Адам өмірдің бар бақыты мен болмысын өз бойында қызығу бар кезде ғана сезінеді. Қызығу адамдарды эрекетке талаптандырады, қызығып істелінген жұмыс жеңіл жэне жемісті болады.

Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, рухани цогамдъщ спорттық, танымдық т.б. болып келеді.

Материалдық цызыгу тұрғын үй ыңғайлылығына, тағамдық заттарға, киімге жэне т.б. қажеттіліктерге деген құлшыныс арқылы көрінуі мүмкін.

Материалдық қызығу көбінесе нысапсыздық, баюға салыну, дүние-мүлік жинаудың қызығына түсіп дүние жинау сияқты жағымсыз формаларда кездеседі.

Рухани цызыгу адамның жоғары дэрежеде дамуын сипаттайды. Бұл ең алдымен өнерге: музыка, сурет, спорт т.б. жэне білімге: математикаға, физикаға, эдебиетке, психологияға т.б. деген танымдық қызығулар.

Адам объектіге түрлі мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей жэне жанама болып екіге болінеді. Тікелей қызығу айналадағы нэрселердің тартымдылығынан туады. Мэселен, футболға қызығуды осыған жатқызуға болады. Жанама қызығу - бұл эрекеттің түпкі нэтижесін қажетсіну яғни іс-эрекет қызмет бабында жэне қоғамдық жағдайда белгілі бір дэрежеге ие болуға ғылыми атаққа немесе ең соңында, еңбектің материалдық нэтижелеріне деген қызығулар.

Қызығуды эсер ету дэрежесіне қарай самарқау жэне белсенді деп екіге бөледі. Самарқау қызығу дегеніміз - адам өзін қызықтырушы объектіні қабылдаумен ғана шектеледі. Мысалы, опера тыңдауды сүйеді, картиналарды қараған кезде лэззат алады, бірақ объектіні терең тану, оны меңгеру жоне қызықтыратын салада шығармашылықпен айналысу үшін белсенділік көрсетпейді. Белсенді қызығу дегеніміз - пэрменді қызығу, мұндайда адам көріп-білумен ғана шектелмейді, өзі тыңдаған объектіні меңгеріп алып, эрекетке көшеді, сол қызыққын нэрсесімен айналысады.

3. Тұлға құрылымындағы дүниетаным, сенім, мұрат.

Тұлға психологиясының негізгі компонеттердің бірі - адамның дүниетанымы мен сенімі, мұраты. Дүниетаным дегеніміз - адамның табиғат жөніндегі, қоғам мен адамзат ақыл-ойының дамуы туралы білімдерінің жүйесі. Адамдардың дүниетанымы ұжымшылдықты, гуманизмді, оптимизмді (жарқын болашаққа сену) дэріптеп қоймай, эр адамды дүниені қайта құру жолындағы жанкиярлық күреске баулиды. Тұлғаның дүниетанымы белгілі бір идеологияның ықпал етуімен қалыптасады. Дүниетаным тұлғаның мінез -құлқы мен іс-эрекетінін жоғарғы реттеушісі қызметін атқарады. Дүниетанымның беріктігі адамның бойында айқындық пен орнықтылық сезімін туғызады.

Дүниетаным тұлғаның мінезін орнықты да табанды ете отырып, оның жалпы бағыттылығын, мақсаттылығын айқындап қана қоймайды,- ол адамның бүкіл бет-бейнесінен, мінез-құлқы мен іс-эрекетінен, эдеті мен бейімділігінен, осы сияқты барлық бітім болмасынан да айқын аңғарылып тұрады.

Дүниетанымның мынадай сапалары болады.

1) мазмұндылығы мен ғылымилығы;

2) жүйелілігі жэне мақсаттылығы;

3) логикалық дэйектілігі мең дэлелділігі;

4) жалпылау дэрежесі мен нақтылығы;

5) іс-эрекетпен жане мінез құлықпен байланыстары.

Дүниетанымның мазмұндылығы мен ғылымилығы адамды білімінің байлығы мен тереңдігі жағынан сипаттайды. Тек ғылыми дүниетаным ғана адамды ырымшылдықтан, табиғат пен қоғамның қауіпі алдында қорқу мен сенімсіздіктен құтқарады.

Дүниетанымның ғылымилығы адамның өмірде өзі басшылыққа алып жүрген принциптерінің терең, түсінілгендігінің белгісі.

Тұлғаның іс-эрекетінің мэселелері, көзқарастары үйлесім тауып, жүйелі құрылса дүниетаным жүйелі жэне мақсатты болмақ. Мұндай дүниетанымға ие болған адам нақты өмірлік позиция ұстанады, көздеген мақсатына жетеді.

Керісінше, дүниетанымы іштей қарама-қайшы адам көбіне құбылыстарды бағалауда жағымсыз мінез-құлықтар, дэйексіздік танытады. Көзқарастар жүйесі ретінде дүниетаным қашан да жалпылама болып келеді.

Дүниетаным сапаларының дұрыс үйлесімі келе-келе тұлғаның терең сеніміне айналады. Адамның аддына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді. Оны өмір толқыны біресе анда, біресе мында соқтықтырады да, мінез -құлықын көлденеңнен кез келген кездейсоқ жағдайлар билеп кетіп отырады.

Сенім дегеніміз - адамның өмірде өзі ұстанатын принциптері мен мұраттарына терең эрі негізделгең нанымы. Кімде кімнің идеялары өз сезімі мен еркімен тоғысып жатса, кім де кім өз принциптеріне кереғар келетін қылықтардан бойын аулақ ұстаса, сол адамның сенімі зор болып саналады.

Сенімі зор адам дегеніміз - өзінің көзқарастары мен ісін қорғап қала алатын, өз борышын өтеу жолында құрбандыққа бас тігуге эзір, жаны жайсан, жігерлі адам. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мэні де шамалы. Сенім, пікірталас, көзқарас қақтығысыңда, ынтымаққа кең жол ашылғанда ғана шыңдала түседі.

Тұлғаның психикасын нұрлаңдыратын қасиеттің енді бірі - мұрат (идеал). Бұл - адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Мұрат - адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бэрін пайдаланады. Өзін тэрбиелеуге кіріседі. Барлық күш-жігерін соның соңына сарп етеді.

Мұрат өмірді бейнелейді. Дұрыс мұрат болмыста бар нэрселердің барлық жақсы жақтарын жалпылау нэтижесінде пайда болады. Демек, нақтылы адамның мінез-құлқы мен іс эрекеті оны өзіне үлгі тұтқан басқа бір адам үшін мұрат санала алады екен. Мұрат дүниетаным, айқын сенім, сөз бен істің байланысы бар жерде ғана болады. Оқушыларды асыл мұраттар рухына тэрбиелеу мектеп мұғалімдерінің де басты міндеттерінің бірі.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

1. Тұлға, индивид, даралық дегенді қалай түсінесіздер?

2. Жеке тұлғаның қалыптасуында сенім мен мұрат қандай маңыз алады?

3. Дүниетаным сапаларын атаңыз?

4. Қажеттілік дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

5. Қызығудың қандай түрлері бар?

Ұсынылған әдебиеттер (негізгі және қосымша):

1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.- Алматы, 1996.

2. Бап-Баба С.Б. Жалпы психология.- Алматы, 2005.

3. Жарықбаев Қ. Психология.- Алматы, 1982.

4. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- Алматы, 1993.

5. Немов Р.С. Психология 1,2,3 кн. Владос. 1999.

6. Петровский А.В. Психология.,1990.

7. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию.- М.,1988.

№3 лекция Жеке тұлға және қажеттілік туралы түсінік

Мақсаты: Жеке адамның қарым-қатынастарымен адам іс-әрекетінің психикалық ерекшелігі мен таныстыру.

Негізгі сұрақтар:

1.Индивид, тұлға, даралық. Тұлғаның құрылымы.

2.Қажеттііліктің түрлері. Тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктері, қызығулары.

3.Тұлға құрылымындағы дүниетаным, сенім, мұрат

1. Тұлға туралы түсінік.

Тұлға - элеуметтік қатынастарымен саналы іс-эрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс тэуелсіз өмір сүре алмайды., өйткені оның тэні де, жаны да айналадағылармен қарым-қатынас жасау процесінде, элеуметтік жағдай эсерінде ғана кісілік мэн - мағынаға ие болады. Мысалы, жаңа туған нэрестені адам деп атауға толық болады, бірақ элі тұлға емес, себебі онда білім, тэжірибе, іс-эрекет, көзқарас жоқ.

Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен (отбасы, мектеп, т.б.) тығыз байланысты. Сондықтан тұлға психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алдымен, оның элеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның өкілі екендігіне, сондай-ақ оның көзқарасы, наным-сенімі, бағыт-бағдары білімі мен іс-тэжірибесі, икем-бейімділігі, нақты кэсібі, білімі бар екендігіне назар аударуымыз қажет.

Қазіргі уақытта тұлға - психологиядағы ең көкейкесті мэселелердің бірі болып отыр. Өйткені қоғамымыздың қарқынды элеуметтік дамуы, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға жоғары талап қояды.

Қоғамдық ғылымдарда жэне күнделікті тұрмыста «адам», «тұлға», «индивид» яғни, «даралық» ұғымдары қолданылады. Бұл ұғымдар бір мағынада не бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Бұның екеуі де қате пікір. «Адам» бұл биологиялық тіршілік иесі, онда сана бар. «Тұлға» - қоғамда белгілі бір жағдайға ие жэне белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид.

Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мэдени, элеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу процесі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған талдауларға зер салайық.

Психологтар арасында тұлғаға байланысты бірыңғай көзқарастардың болмағандағынан 300 астам анықтамалар жүзеге асуда. Тұлғаның анықтамасы сияқты оның құрылымдарында да біртұтас көзқарастар жоқ. Л.С. Выготский алғаш рет психикалық қызметтерді жоғары - мэдени жэне төменгі - табиғи деп бөлінуін ұсынды. Л.С. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның - өзегі -оның бағыттылығы деп атады. Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды (С.Л. Рубинштейн, Л.И. Божович, А.Н. Леонтьев, М. 3. Неймарк, жэне т.б.). Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, қызығулар, бағдар жэне т.б.) түрліше қарастырады.

Л.С.Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым-қатынастарының кешенді эсерінің нэтижесінде дамиды. Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың жемісі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-эрекеті - бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық жэне элеуметтік факторларға байланысты екені мэлім. Сонымен қатар тұлғаның дамуында негізгі болып - нақтылы тарихи орта саналады. Оқушылардың тұлғасының дамуы - механизмді құрастыратын көптеген ішкі жэне сыртқы факторларға тэуелді болып келеді. Л.С. Выготскийдің: "баланың психикасы элеуметтік табиғатқа...", - деген пікірі осыған негізделеді. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша, баланың тұлғалық дамуы - оның дамуындағы элеуметтік жағдайлармен байланысты.

Сонымен түлга - бұл біріншіден, элеуметтік қатынас пен саналы эрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып жэне де біріккен эрекет пен қарым-қатынаста қалыптасып отырады.

Б.Г. Ананвев, А.Н. Леонтьев өз еңбектерінде объективті өмірді бейнелеу процесінде, белсенді тұлға - қоршаған элеуметтік өмір танымы, сана сезімімен бірлестікте іске енетін тұтастай субъект ретінде көрініс береді деп баяндалады. Сонымен қатар, Б.Г.Ананьев тұлға құрылымының жан-жақты зерттелуін өз еңбектерінде сипаттаған. Ол тұлғаның процестерін, күйлерін, қасиеттерін психофизиологиялық функциялармен жэне тұлғаның бағдары мен қажеттіліктері кіретін мінез-құлықтың жалпы мотивациясымен толықтырады.

А.Н.Леонтьевтің пікірі бойынша, тұлға - бұл адам өмірінің қоғамда туылуының ерекше түрінің психологиялық тұрғыда құрылуы. Әр түрлі іс -эрекеттің бірлесе бағынуы - онтогенезде тұлғаның қалыптасу негізін құрайды. Тұлғаның жүйелі қасиет ретінде пайда болуы - индивид басқа индивидтермен біріккен іс-эрекетінде, ақиқатты өзгертіп соның арқасында өзінде өзгертіп, тұлға дэрежесіне жетеді. Индивидтің тұлғасы бағыттылықпен бейнеленеді, яғни үстем болып табылатын адамның қажетті көрініс беретін мотивтер -қызығушылықтар, сенімдер, дүниетаным жэне т.б. жүйелермен бейнеленеді.

Ал Қазақстанда тұлға мэселесімен Қ.Б.Жарықбаев, Ж.И.Намазбаева, С.М.Жақыпов жэне т.б. ғалымдар айналысуда.Ж.И. Намазбаева тұлға мэселесін зерттеуінде эр түрлі іс-эрекет (ойын, еңбек, спорт, оқу) барысындағы жас ерекшелік шамасының тұлғалық компоненттерінің механизмдер мен функцияларын белгілеуге түйінделетін кешенді көзқарастарды жетілдірді.

2. Тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктері, қызығулары.

Тұлғаның өзіндік ерекшелігі мотивтері мен дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағыттылығынан, қажеттілігі мен қызығуынан жақсы байқалады.

Адамды эрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Мотивтер дегеніміз - іс-эрекет пен мінез-құлықтың саналы түрде жасалынуы. Сөйтіп мотив ретінде алуан түрлі жайлар көрініс береді.

Тұлғаны қандай да болмасын іс-эрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив оның түрлі қажеттері, яғни бір нэрсеге мұқтаждануы. Өмір сүру үшін адамдар тамаққа, киімге, жэне т.б. толып жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиісті. Қажеттілік дегеніміз - өмір мен дамудың белгілі бір жағдайында адамның міндетті түрде керек ететін қажетсінулері. Қажеттілік адамның бойында белсенділік сезімін оятады. Адамдар өмір сүру үшін қоғамдық өндірісті дамытады. Қажеттілік те өндірістің өсуімен бірге дамып отырады. Қажеттіліктер белгілі дэрежеде адамның күйініш-сүйінішіне, ойлауына жэне ерік-жігеріне эсер етеді. Қанағаттандырудың түрі мен тэсіліне карай, қажеттіліктің орындалу немесе орындалмауына байланысты адамдар мазасыздану немесе тыныштану, рақаттану немесе азап шегу сезімдеріне тап болады.

Қажеттіліктердің түрлері. Адамның қажеттіліктері алуан түрлі. Оларды топтарға бөле отырып, материалдық, рухани жэне қоғамдық қажеттіліктер деп көрсетуге болады. Материалдық қажеттіліктер адамның өмір тіршілігінің (бұл тамаққа, киімге, тұрғын үйге, тұрмыстық заттарға т.б.заттарға қажеттіліктер) негізіне байланысты.Адам саналы түрде өз қажеттіліктерін реттеп отырады, ол жануарлардан осы қасиетімен ерекшеленеді. Рухани жэне элеуметтік қажеттіліктері дұрыс қалыптастырған адамдар материалдық қажеттіліктерін орынды қанағаттандырады.

Рухани қажеттіліктер - адамның білімге, өнерге т.б. қажеттіліктері. Оларға танымдағы жэне эстетикалық лэззаттағы қажеттіліктер жатады. Танымдағы қажеттіліктер жалпы (тұтас элем жайлы) жэне жеке (болмыстың белгілі бір құбылыстарын тануға деген құштарлық) болып келеді. Танымдағы қажеттіліктердің негізінде ғылыми шығармашылыққа деген дербес қажеттілік пайда болады. Мұндай жағдайда таным мақсат емес, шығармашылық қажеттілікті қанағаттандырудың құралына айналады.

Эстетикалық лэззаттану қажеттілігі адам өмірінде айрыкша орын алады. Соның арқасында адам өз тұрмысын, демалысын, өзінің өмірін мэнді етуге құлшынады.

Ал, цогамдыц цажеттіліктер: еңбекке, адамдармен қарым-қатынасқа, қоғамдық іс-эрекетке деген қажеттілік. Еңбекке деген қажеттілік адамның негізгі қажеттілігінің бірі. Адам енбек етпей отыра алмайды: егер ол уақытша бұл мүмкіншіліктен айырылып қалса, мысалы, қарны ашып, тамақ ішкісі келетін сэтте басынан қандай күй кешсе нақ сондай күй кешетін болады. Қарым-қатынас жасауды қажетсіну адамның элеуметтік табиғатын танытады. Қарым-қатынас нэтижесінде адам басқаларды ғана емес, сонымен бірге өзін де танып біледі, элеуметтік өмірдің тэжірибесін жинақтайды.

Қызыгу дегеніміз - тұлғаның объектіге, оның өмірлік мэні мен эмоциялық тартымдылық күшіне қарай таңдамалы қатынасы. Қызығулар қажеттіліктер негізінде пайда болады, бірақ олардың өзі емес. Қажеттілік міндетті түрде керек нэрсені белгілейді, ал қызығу белгілі бір іс-эрекетке адамның жеке қатынасын көрсетеді. Терең тамыр жайған қызығу қажеттілікке айналуы мүмкін. Мэселен, театрға деген қызығу - спектакльді құр жібермеуді эдетке айналдыру тіпті сахна ісімен өзінің де айналысатын болуына жеткізуі мүмкін.

Қызығулар да бейімділік тэрізді балалардың кішентай кезінде ерекше байқалады. Мэселен, кейбір балалар кішкентайында автомобильге, тракторға жалпы - техника атаулыға эуесқой келеді. Мұндай балалардың есі-дерті машина болып, уақытының көбін соның айналасында өткізеді, (олардың маркасын жақсы айыра алатын болады. Кейін осы бала мектеп қабырғасында физика, қол еңбегі сияқты пэндерді бар ықыласымен оқиды, ал мектеп бітіргеннен кейін сол балалардың біразы жасынан өзі жақсы көретін техника саласында нэтижелі жұмыс істеп, өз қабілеттерін жақсы көрсетеді.

Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардын, ішінде басты біреуі, ең басынқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар, эсіресе, оқу эрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының эсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақ үлгеруіне, білімді терең алуыны көп жэрдем тигізеді. Оқу қызығулары балаларда оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады.

Адамда қызығудың дұрыс көрінбеуі оның өмірін мазмұнсыз етеді. Мұндайда ол енжар болып, іші пысады, зерігіп, берекесі кетеді. Кейбір адамдар кез келген нэрсеге қызығады да, сайып келгенде, оның бір де біреуіне жөндеп тоқтамайды. Мұндай "көрсе қызар" эуесқойлық адамды тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Егер осы эдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл - үлкен кемшілік. Адам өмірдің бар бақыты мен болмысын өз бойында қызығу бар кезде ғана сезінеді. Қызығу адамдарды эрекетке талаптандырады, қызығып істелінген жұмыс жеңіл жэне жемісті болады.

Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, рухани цогамдъщ спорттық, танымдық т.б. болып келеді.

Материалдық цызыгу тұрғын үй ыңғайлылығына, тағамдық заттарға, киімге жэне т.б. қажеттіліктерге деген құлшыныс арқылы көрінуі мүмкін.

Материалдық қызығу көбінесе нысапсыздық, баюға салыну, дүние-мүлік жинаудың қызығына түсіп дүние жинау сияқты жағымсыз формаларда кездеседі.

Рухани цызыгу адамның жоғары дэрежеде дамуын сипаттайды. Бұл ең алдымен өнерге: музыка, сурет, спорт т.б. жэне білімге: математикаға, физикаға, эдебиетке, психологияға т.б. деген танымдық қызығулар.

Адам объектіге түрлі мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей жэне жанама болып екіге болінеді. Тікелей қызығу айналадағы нэрселердің тартымдылығынан туады. Мэселен, футболға қызығуды осыған жатқызуға болады. Жанама қызығу - бұл эрекеттің түпкі нэтижесін қажетсіну яғни іс-эрекет қызмет бабында жэне қоғамдық жағдайда белгілі бір дэрежеге ие болуға ғылыми атаққа немесе ең соңында, еңбектің материалдық нэтижелеріне деген қызығулар.

Қызығуды эсер ету дэрежесіне қарай самарқау жэне белсенді деп екіге бөледі. Самарқау қызығу дегеніміз - адам өзін қызықтырушы объектіні қабылдаумен ғана шектеледі. Мысалы, опера тыңдауды сүйеді, картиналарды қараған кезде лэззат алады, бірақ объектіні терең тану, оны меңгеру жоне қызықтыратын салада шығармашылықпен айналысу үшін белсенділік көрсетпейді. Белсенді қызығу дегеніміз - пэрменді қызығу, мұндайда адам көріп-білумен ғана шектелмейді, өзі тыңдаған объектіні меңгеріп алып, эрекетке көшеді, сол қызыққын нэрсесімен айналысады.

3. Тұлға құрылымындағы дүниетаным, сенім, мұрат.

Тұлға психологиясының негізгі компонеттердің бірі - адамның дүниетанымы мен сенімі, мұраты. Дүниетаным дегеніміз - адамның табиғат жөніндегі, қоғам мен адамзат ақыл-ойының дамуы туралы білімдерінің жүйесі. Адамдардың дүниетанымы ұжымшылдықты, гуманизмді, оптимизмді (жарқын болашаққа сену) дэріптеп қоймай, эр адамды дүниені қайта құру жолындағы жанкиярлық күреске баулиды. Тұлғаның дүниетанымы белгілі бір идеологияның ықпал етуімен қалыптасады. Дүниетаным тұлғаның мінез -құлқы мен іс-эрекетінін жоғарғы реттеушісі қызметін атқарады. Дүниетанымның беріктігі адамның бойында айқындық пен орнықтылық сезімін туғызады.

Дүниетаным тұлғаның мінезін орнықты да табанды ете отырып, оның жалпы бағыттылығын, мақсаттылығын айқындап қана қоймайды,- ол адамның бүкіл бет-бейнесінен, мінез-құлқы мен іс-эрекетінен, эдеті мен бейімділігінен, осы сияқты барлық бітім болмасынан да айқын аңғарылып тұрады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: