Негізгі 1 страница

1.Аймауытов Ж. Психология. Алматы, 1991 ж.

2.Аймауытов Ж. Жан жүйесі және өнер таңдау.

3.Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы: Білім, 1996-224 б.

4.Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы, «Қазақ университеті» 1991.

5.Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, «Білім», 1993-272 б.

6.Жарықбаев Қ., Әбдірахманов А. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Алматы, «Мектеп», 1976.

7.Жарықбаев Қ., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. Алматы. 2000 ж.,-188 б.

8.Жарықбаев Қ. Аталар сөзі- ақылдың көзі. Алматы, «Алматы», «Қазақстан», 1980

9.Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас (психология очерктері) «Мектеп», 1987.

10. Елешов Р. Медициналық психология. Алматы, «Қазақ университеті», 1993.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1.Қойбағаров Қ., Рахымбеков Қ. Педагогика-психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі, Алматы, 1960.

2.Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. Алматы, Қазмемоқупедбас., 1962.

3.Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1981.

4.Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы, «Қазақ университеті», 1993.

5.Темірбеков А., Балаубаев С. Психология (оқулық). Алматы, «Мектеп», 1966.

6.Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы 2003.-275 б.

7.Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – М: 1989 ж.

8.Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. – М: 1985 ж.


Студентке арналған пәннің оқыту бағдарламасы (Syllabus)

«Психология және адам дамуы» пәні бойынша 2014-2015 оқу жылы

1. Негізгі мәліметтер
Факультет Инженерлік
Мамандық (шифры, аты) 5В012000 – Кәсіптік білім
Курс, семестр 1 курс, 2-семестр
Пән статусы Міндетті пән
Кредит саны  
Сабақ өтетін аудитория 6Л1, 683 аудитория
Дәріскер Әбдіғапбарова Айткүл., аға оқытушы, 671 ауд.
Тәжірибелік, семинарлық, сабақ беретін оқытушы/лар Кусбаева Асель, оқытушы, 677 ауд.
2. Пререквизиттер және постреквизиттер
Пререквизиттер: Жалпы орта, бастапқы және орта кәсіптік білім беру. Мемлекеттік стандарттары бойынша қарастырылған оқу пәндері: биология, анатомия, тарих ғылымдары, философия, әлеуметтану, физиология
Постреквизиттер: Әлеуметтік ғылымдар, еңбектік іс-әрекет ғылымдары, педагогика ғылымдары.
3. Пәннің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты - жалпы психологиялық курсының білімін зерттеу және меңгерудің негізінде студенттердің психикалық ойлауы дамиды, практикалық сабақтарда психикалық құбылыстардың жүйелі талдауында іскерлік және дағдылар қалыптасады.
Міндеттері: жалпы психологиялық құбылыстардың заңдылықтарын зерттеудің негізінде психиканың әртүрлі салалары бойынша студенттердің білімін жүйелеу; психикалық фактілерді жүйелі талдауда студенттердің танымдық іс-әрекетінде іскерлік және дағдыны дамыту; әлемдік және отандық психологиялық ғылымдардың негізгі принциптерімен, бағыттары және идеяларымен танысу.
4. Студенттің жұмыс уақытының бөлінуі
Барлығы көлемі Аудиториялық сабақтар Аудиториядан тыс жұмыстар
Дәріс Тәжірибе- лік сабақ     СӨЖ
3 кредит 135 сағат 50 мин./саб. мин/сабақ.       90 сағат
15 сабақ 30 сабақ    
5. Пәннің мазмұны Психология пәні. Психика және сана. Іс-әрекет психологиясы. Таным процестері. Жеке адам және оның психикалық қалыптары мен қасиеттері. Жеке адам аралық қарым-қатынас психологиясы.
6. Курс саясаты Сабаққа кешікпей, міндетті түрде қатысу керек, сабақ кезінде ұялы телефонын өшіру, үй тапсырмаларын уақытысында және тиянақты орындау, тапсырманы орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендейтінін білу, өзіндік жұмыстың әр тапсырмасы балмен бағаланады. Ең үлкен балл студентке тапсырманы уақытында және жоғары сапамен орындағаны үшін беріледі. Тапсырманы уақытында оқытушыға өткізбеген жағдайда балл азаяды.
7. Әдебиеттер(негізгі және қосымша) 1.Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012. 2. Бап-Баба С.Б. Жалпы психология. – Алматы, 2009. 3. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Даму психологиясы. – Кереку, 2012. 4. Жақсылықова Н.Е. Оразбаева А.Н. Психология әдіснамалық нұсқау ҚазҰАУ 2014.
 
8. Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсырудың графигі
Жұмыс түрлері Позициялар Балдар
Позиция бойынша балл
*Аудиториялық сабақтар бойынша барлығы, соның ішінде:  
Дәріс Қатысуы    
Тәжірибелік (семинарлық) сабақ Белсенділігі    
*Шептік бақылау:  
(Формасы) - Ауызша 7-аптада, 5 сұрақтан беріледі    
-Тест 14 – апта    
*СӨЖ:  
  СӨЖ түрлері СӨЖ графигі (апта) Позиция бойынша Балл
Тапсырма-ны беру Жұмысты қабылдау
  Глоссарий, терминдер 2 апта 7апта    
Реферат 2 апта 14 апта    
Аралық аттестация (емтихан) жазбаша, 4-сұрақ беріледі    
Барлығы    
                         

Құрастырғандар: аға оқытушы Әбдіғапбарова А.І.

оқытушы Кусбаева А


«БЕКІТЕМІН»

«Кәсіптік оқыту»

кафедрасының меңгерушісі,

п.ғ.к., доцент

_____________ Э.Аманбаева

«29» тамыз 2014 ж.

2014 - 2015 оқу жылына

«Психология және адам дамуы» пәнінен оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы

Мамандықтың қысқартылғанкоды Студент саны Оқулықтармен оқуқұралдары Саны Практикумдар дәріс конспектілері лабораториялық тәжірибелік сабақтарды және СӨЖ ын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Кітап саны
Семестр Кітап ханада Кафедрада Кітап ханада Кафедрада
3 сем -
КО-104К, КО-105к     1.Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.     Кенбаева Г., Скабаева Г., Самбеткулова Н. «Психология» пәнінен оқу әдістемелік нұсқау    
      2. Бап-Баба С.Б. Жалпы психология. – Алматы, 2009.     4. Жақсылықова Н.Е. Оразбаева А.Н. Психология әдіснамалық нұсқау ҚазҰАУ 2014..    
      3. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Даму психологиясы. – Кереку, 2012.     Р.Қасымова. Жалпы психология пәнінен тест сұрақтары. – Алматы, 2010    
      Жарықбаев Қ., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. Алматы. 2000.          

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы А.Әбдіғапбарова,

окытушы А. Кусбаева

«БЕКІТЕМІН»

«Кәсіптік оқыту»

кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент

_____________ Э.Аманбаева

«29» тамыз 2014 ж.

5В05012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы күндізгі оқу бөлімі 1 курс студенттері «Психология және адам дамуы» пәні бойынша аудиториялық сабақтарды өткізудің 2014-2015 оқу жылына арналған

күнтізбелік тақырыптық жоспар

Барлығы: – 45 сағат

оның ішінде: дәріс –15 сағат

практикалық – 30 сағат

1.1. Дәріс сабақтар

Сем апта Дәріс № Дәрісте қарастырылатын негізгі тақырыптар мен сұрақтар Дәрісте қолданылатын көрнекілік құралдар, слайд, бейне, компьютер Студенттің өзіндік жұмысы (тақырыбы, тапсыратын мерзімі)
         
1. 1. Психология ғылымының салалары, әдістері. Қазіргі заманғы психология 1. Психология ғылымының салалары, әдістері. 2. Психология жүйесінің қалыптасуы. 3. Отандық және шетелдік психологияның дамуы. Тақырыптарға сәйкес кестелер мен слайдтар. Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.
  2. Психика мен сананың дамуы 1.Психика мен сананың дамуы. 2.Ми мен психиканың байланысы туралы түсінік 3.Психика мен нерв жүйесінің рефлекстік табиғаты 4.Сананың негізгі қасиеттері. Жануарлар психикасының даму жолдары Тақырыптарға сәйкес кестелер мен слайдтар. Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.
  3. Жеке тұлға және қажеттілік туралы түсінік 1.Индивид, тұлға, даралық. Тұлғаның құрылымы. 2.Қажеттііліктің түрлері. Тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктері, қызығулары. 3.Тұлға құрылымындағы дүниетаным, сенім, мұрат Тақырыптарға сәйкес кестелер мен слайдтар. Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.
  4. Әрекеттің психологиялық теориясы 1.Іс-әрекет туралы түсінік. 2.Іс-әрекет құрылымы: дағды, икемділік және әдет. 3.Іс-әрекет түрлері және оның сипаттамасы. Еңбек әрекетінің психологиялық сипаттамасы. Тақырыптарға сәйкес кестелер мен слайдтар. Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.
  5. Топтарға психологиялық сипаттама 1.Топ және ұжым туралы түсінік. 2.Топтың түрлері. Шағын топ және ұжым. 3.Ұжымдағы жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігі. Психологиялық үйлесімділік. Тақырыптарға сәйкес кестелер мен слайдтар. Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.
    Танымдық үрдістер психологиясы 1.Түйсік және қабылдау. 2.Түйсіктің түрлері және қасиеттері. 3.Қабылдаудың физиологиялық негізі. 4.Қабылдаудың түрлері және қасиеттері. Адам психикасындағы қабылдаудың орны. Тақырыптарға сәйкес кестелер мен слайдтар. Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.
    Ес және елес 1.Психикалық үрдіс ретінде естің сипаттамасы. Естің қызметі естің түрлері. 2.Естің жеке типологиялық ерекшеліктері. 3.Елес туралы түсінік және оның анықтамасы. 4. Елестің түрлері. Тақырыптарға сәйкес кестелер мен слайдтар. Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.
    Ойлау және сөйлеу 1.Ойлаудың анықтамасы. Ойлаудың түрлері. 2.Ойлаудың құрылымы. Ойлаудың теориялары. 3.Сөйлеу негізгі психикалық үрдіс ретінде. 4.Сөйлеудің түрлері. Тақырыптарға сәйкес кестелер мен слайдтар. Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.
    Зейін және ерік 1. Зейіннің жалпы сипаттамасы. Зейіннің физиологиялық негізі. 2.Зейіннің түрлері. Зейіннің қызметі. 3.Еріктік үрдістер мен еріктің сипаттамасы. 4.Тұлғаның еріктік қасиеттері. Тақырыптарға сәйкес кестелер мен слайдтар. Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.
    Сезім мен эмоция 1.Адамның сезімі мен эмоционалдық күйлерінің сипаттамасы. 2.Адамның сезімі мен эмоциясының түрлері. 3.Тұлғаның жоғарғы сезімі. Адамның сезімі мен эмоциясының қызметі. Тақырыптарға сәйкес кестелер мен слайдтар. Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.
    Психикалық қасиеттер. Темперамент және мінез 1.Темперамент. Темпераменттің физиологиялық негізі. 2.Темпераменттің типтері. Темперамент және психикалық әрекет. 3.Мінез. Мінездің физиологиялық механизмдері. 4.Мінездің типтері. Тақырыптарға сәйкес кестелер мен слайдтар. Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.
    Қабілет туралы түсінік 1.Қабілеттің сипаттамасы. Қабілеттің түрлері. 2.Қабілеттің нышаны. 3.Қабілеттің дамуындағы әлеуметтік және тума қасиеттері. Интеллект. Тақырыптарға сәйкес кестелер мен слайдтар. Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.
    Даму психологиясының қысқаша тарихы 1. Даму психологиясының пайда болуы. 2. Даму психологиясындағы биогенетикалық және әлеуметтік генетикалық бағыттар. 3. Ж. Пиаженің психикалық даму мәселесі жөніндегі пікірлері. Тақырыптарға сәйкес кестелер мен слайдтар. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Даму психологиясы. – Кереку 2012
    Даму психологиясының пәні 1.Даму психологиясы пәні, зерттеу әдістері. 2.Жас дамуының кезеңдері. 3.Адам дамуы туралы теориялар. Тақырыптарға сәйкес кестелер мен слайдтар. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Даму психологиясы. – Кереку 2012
    Әр түрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық дамудың ерекшеліктері 1.Әртүрлі жас кезеңдеріндегі психикалық даму ерекшеліктері. 2.Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктері. 3.Балаң жас өспірімдік - әлеуметтік-психологиялық құбылыс. Тақырыптарға сәйкес кестелер мен слайдтар. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Даму психологиясы. – Кереку 2012

1.2. Практикалық сабақтар

Сем апта Саб рет нөм Сабақта қаралатын негізгі тақырыптар және негізгі сұрақтар Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар Студенттердің өз бетінше орындайтын жұмысының түрлері, тапсыру мерзімі
         
  1-2 Психология ғылымының салалары, әдістері. Қазіргі заманғы психология 1Психология ғылымының салалары, әдістері. 2. Психология жүйесінің қалыптасуы. 3. Отандық және шетелдік психологияның дамуы. Тақырыпқа сәйкес слайдтар: Психология әдістері және салалары. Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.
  3-4 Психика мен сананың дамуы 1.Психика мен сананың дамуы. 2.Ми мен психиканың байланысы туралы түсінік 3.Психика мен нерв жүйесінің рефлекстік табиғаты 4.Сананың негізгі қасиеттері. Жануарлар психикасының даму жолдары Психика слайдтары. Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.
  5-6 Жеке тұлға және қажеттілік туралы түсінік 1.Индивид, тұлға, даралық. Тұлғаның құрылымы. 2.Қажеттііліктің түрлері. Тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктері, қызығулары. 3.Тұлға құрылымындағы дүниетаным, сенім, мұрат Тақырыпқа сәйкес слайдтар. Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.
  7-8 Әрекеттің психологиялық теориясы 1.Іс-әрекет туралы түсінік. 2.Іс-әрекет құрылымы: дағды, икемділік және әдет. 3.Іс-әрекет түрлері және оның сипаттамасы. Еңбек әрекетінің психологиялық сипаттамасы. Тақырыпқа сәйкес кесте. Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.
  9-10 Топтарға психологиялық сипаттама 1.Топ және ұжым туралы түсінік. 2.Топтың түрлері. Шағын топ және ұжым. 3.Ұжымдағы жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігі. Психологиялық үйлесімділік. Тақырыпқа сәйкес слайдтар, тапсырмалар. Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.
  11-12 Танымдық үрдістер психологиясы 1.Түйсік және қабылдау. 2.Түйсіктің түрлері және қасиеттері. 3.Қабылдаудың физиологиялық негізі. 4.Қабылдаудың түрлері және қасиеттері. Адам психикасындағы қабылдаудың орны. Тақырыпқа сәйкес слайдтар, тапсырмалар. Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.
  13-14 Ес және елес 1.Психикалық үрдіс ретінде естің сипаттамасы. Естің қызметі естің түрлері. 2.Естің жеке типологиялық ерекшеліктері. 3.Елес туралы түсінік және оның анықтамасы. 4. Елестің түрлері. Таным процестерінің психологиясы Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.
  15-16 Ойлау және сөйлеу 1.Ойлаудың анықтамасы. Ойлаудың түрлері. 2.Ойлаудың құрылымы. Ойлаудың теориялары. 3.Сөйлеу негізгі психикалық үрдіс ретінде. 4.Сөйлеудің түрлері. Тақырыпқа сәйкес слайдтар, тапсырмалар. Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.
  17-18 Зейін және ерік 1. Зейіннің жалпы сипаттамасы. Зейіннің физиологиялық негізі. 2.Зейіннің түрлері. Зейіннің қызметі. 3.Еріктік үрдістер мен еріктің сипаттамасы. 4.Тұлғаның еріктік қасиеттері. Тақырыпқа сәйкес слайдтар, тапсырмалар. Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.
  19-20 Сезім мен эмоция 1.Адамның сезімі мен эмоцияналдық күйлерінің сипаттамасы. 2.Адамның сезімі мен эмоциясының түрлері. 3.Тұлғаның жоғарғы сезімі. Адамның сезімі мен эмоциясының қызметі. Тақырыпқа сәйкес слайдтар, тапсырмалар. Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.
  21-22 Психикалық қасиеттер. Темперамент және мінез 1.Темперамент. Темпераменттің физиологиялық негізі. 2.Темпераменттің типтері. Темперамент және психикалық әрекет. 3.Мінез. Мінездің физиологиялық механизмдері. 4.Мінездің типтері. Тақырыпқа арналған слайдтар, тапсырмалар. А.В. Петровский 129-130. Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.
  23-24 Қабілет туралы түсінік 1.Қабілеттің сипаттамасы. Қабілеттің түрлері. 2.Қабілеттің нышаны. 3.Қабілеттің дамуындағы әлеуметтік және тума қасиеттері. Интеллект. Тақырыптарға сәйкес кестелер мен слайдтар. Егенисова Г. Жалпы психология. – Ақтау, 2012.
  25-26 Даму психологиясының қысқаша тарихы 1. Даму психологиясының пайда болуы. 2. Даму психологиясындағы биогенетикалық және әлеуметтік генетикалық бағыттар. 3. Ж. Пиаженің психикалық даму мәселесі жөніндегі пікірлері. Тақырыптарға сәйкес кестелер мен слайдтар. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Даму психологиясы. – Кереку 2012
  27-28 Даму психологиясының пәні 1.Даму психологиясы пәні, зерттеу әдістері. 2.Жас дамуының кезеңдері. 3.Адам дамуы туралы теориялар. Тақырыптарға сәйкес кестелер мен слайдтар. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Даму психологиясы. – Кереку 2012
  29-30 Әр түрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық дамудың ерекшеліктері 1.Әртүрлі жас кезеңдеріндегі психикалық даму ерекшеліктері. 2.Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктері. 3.Балаң жас өспірімдік - әлеуметтік-психологиялық құбылыс. Психологиялық тестерді пайдалануға арналған нұсқау кестелер. 10-16 б. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Даму психологиясы. – Кереку 2012

Кафедра мәжілісінде 2014 жылдың 29 тамызында қарастырылып мақұлданған (№1 хаттама)

Дайындағандар: аға оқытушы Әбдіғапбарова А.И.,

оқытушы Кусбаева А. Н.


1дәріс

Психология және адам дамуы пәні, әдістері және маңызы. Қазіргі заманғы психология

Дәріс мақсаты: жалпы психологиялық құбылыстардың жалпы заңдылықтарын зерттеудiң негiзiнде психиканың әртүрлi салалары бойынша студенттердiң бiлiмiн жүйелеу.

Негізгі ұғымдар: психология, адам дамуы, психикалық құбылыстар, психикалық процестер, психикалық кейіп, психикалық қасиеттер, әдістер, психика.

Мазмұны:

1.Психология ғылымының салалары, әдістері.

2.Психология жүйесінің қалыптасуы.

3. Отандық және шетелдік психологияның дамуы.

Психология ерте заманнан келе жатқан білім салаларының бірі.Оның дүниеге тұнғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині псюхэ – жан, логос-ілім деген гректің екі сөзінен турады. Бұл ғылымның өзіндік таңбасы Ψ (псю деп аталатын грек әрпі). Сонымен психология - жан туралы ілім. Бырақ психологияны «жан туралы ілім» демей, психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс. Ол құбылыстарды жүйеле түрде топтастырып, болмыс пен фактілерді салыстыра отырып зерттейді.

Психология – психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар түйсік, елес, ой, сезім, қабілет, қызығу, мінез т.б.

Психология психикалық құбылыстарды шартты түрде үш топқа бөліп қарастырады: психикалық процестер; психикалық кейіп; психикалық қасиеттер немесе адамның дара психологиялық ерекшкліктері.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: