Негізгі 6 страница

Ойын қоғамдық маңызы бар өнім бермейді. Оқу тікелей еңбекке эзірлеу кезеңі бола отырып, тек мамандық игерудің кезеңінде материалдық жэне мэдениет байлықтарын жасауға қатысады.

Еңбек эрекеті белгілі бір міндетті ұйымдасқан формада жүзеге асырады. Дэлме-дэл белгіленген мерзімде жұмысшы қатаң реттелінген іс-эрекетті орындайды. Ұйымдастыру жүйесі оқудың да қажетті компоненті болып табылады. Ойынға еркін ұйымдастыру жүйесі тэн. Мысалы, балаға сағат 10-11-ге дейін қуыршақ ойнап, 11 -ден кейін доп ойнауды ешкім міндеттемейді.

Ойынның негізгі мотиві баланың ойын процесінде қанағаттануы болып табылады. Егер баланың ойынға ықыласы таусылса, ол ойнауын тоқтатады.

Оқу мен енбек адамды іс-эрекетке талпындыратын мотив ретіндегі қызығудың бар-жоқтығына қарамайды, мұнда тапсырылған істі орындау қажетін түсіну, парызды сезіну орын алады. Алуан түрлі іс-эрекет түрлері бірін-бірі толықтырып, бірге өмір сүріп, бір-бірімен жымдаса келіп отырады. Балалар бақшасында сэбилер тек қана ойнап қоймай, сонымен қатар санауды, сурет салуды үйренеді. Оқушы сабақ біткеннен кейін армансыз ойнайды. Сабақты ұйымдастыруда да ойын сэттерін пайдалануға болады. Мысалы, география сабағында қиялмен еліміз немесе дүние жүзі бойынша таңғажайып сапар шегу -ойын болып табылады. Оқушылар шет тілі сабағында ойындық рольдерді ықыласпен атқарады. Жұмысшы тек қана еңбек етіп коймай сонымен қатар оқу оқиды (кешкі мектепте, колледжде, жоғары оқу орнында немесе өз бетімен білімін көтереді).

Іс-эрекет түрлері бір-бірінен бөлек өмір сүрмегенімен, адам өмірінің эр түрлі кезеңінде олардың маңызы түрліше болады. Өмірдің бір кезеңінде жетекші іс-эрекет ойын болса, екінші кезеңінде - оқу, ал үшінші кезеңде - еңбек болады. Сөйтіп, бұл арада біз іс-эрекеттердің адам өмірінің белгілі бір кезеңінде басты іс-эрекет болып табылатындары жайында эңгімелеспекпіз. Мектепке барғанға дейінгі баланың іс-эрекетінің негізгі, түрі - ойын. Оқушы іс-эрекетінің жетекші түрі - оқу, ересек адамдардікі - еңбек.

Ойын. Ойын - бала эрекетінің негізгі бір түрі. Пайдасыз болып көрінетін қажетті іс-эрекет. Психология үшін ойын өте қиын эрі маңызды проблема болды. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тэжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мысалы, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды

Ойын адам эрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тэн мотивтері болады. Мэселен, дэрігер ауру адамды емдегенді-өзіне жүктелген міндетті сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет етеді. Ал, дэрігер болып ойнаған баланы алатын болсақ, ол да айналасындағыларды өзінше емдейді." Бірақ бұл оның жай тілегі мен қызығуынан туған. Ойыннын қозғаушы күші -баланың нақты тілегі мен қызығуы. Еңбек үстінде адамның мақсат мен мотивінің арасында келіспеушілік болуы мүмкін. Ойында бұл жағы болмайды. Еңбектің қандай түрі болмасын одан қоғамдық пайдалы өнім шығуы қажет. Бұл айтылғандар ойыннан талап етілмейді.

Бұдан ойынның ешқандай маңызы жоқ деген қорытынды тумайды. Ойын арқылы бала өз қажетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Кейбір шетел психологтары ойыңды көбінесе санасыз инстинктерге балайды. Мэселен, олардың бірі - жануар төлі мен адам баласының ойынының арасындағы айырмашылықты жоққа шығарса (К.Гросс), екіншілері ойын баланың артық энергиясын сыртқа шығаратын тэсіл дейді (Г.Спенсер), ал үшінші біреулері - ойынды жай рахат табудың бір көзі (К.Бюлер) деп қарайды

Баланың ойын эрекеті сөйлеуді меңгерумен тығыз байланыста дамиды. Кішкентай бала (1 -2 жас) зат болмаса эрекетті көрсете алмайды, бірақ оның сөйлеуінің дамуына байланысты мұндай эрекеттердің болуы мүмкін. Өзін-өзі 4 мойындаудың дамуы балаға өз "Менін" сыртқы элемнен бөліп алуға мүмкіндік береді. Бала өзіне ересек адамдардың эр түрлі функцияларын "өлшей" бастайды. Егер екі жастағы ұл бала машинаны жіп арқылы жэй сүйресе, ол төрт жасқа келгенде жүргізушінің рөлін атқарады. Рөлдік ойын пайда болады.

Баланың жасы өсумен қатар, ойнайтын ойынының мазмұны да өзгеріп отыратыны белгілі. Мэселен, біржастағы бөбектердің ойыны манипуляциялық (сыртынан ұстап көріп, тарсылдату деген мағынада) сипатта болса, балалар бақшасыңдағы балалар сюжеттік ойындармен айналысады. Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар, айналасыңдағы адамдар мен олардың эрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың қиялын, ойлауын, сөйлеуін дамьпу үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мэні бар. Сондықтан тэрбиешілер мен ата-аналар бұл ойындарды белгілі талапқа сэйкес ұйымдастырып отырулары қажет. Балалардың ойынына үлкендер тарапынан жетекшілік болмайынша, олардың эрекеттік мазмұны өзінің негізгі мақсатына жете қоймайды. Мэселен, бала экесіне еліктеп, түрлі заттарды шегелеуді үлкен дэрежеде көреді. Баланың осы тілегін қолдау керек. Осындай ойын арқылы бала еңбек дағдысына үйрене бастайды. Бұл өзінше "ойын" болып саналғанымен, баланың, барлық күш-жігерін, зейінін өзіне аударып отыр. Балалар ойынына үнемі дұрыс басшылық етіп отыру - ой-өрісінің, өмір тэжірибесінің жан-жакты қалыптасуына байланысты жүргізілген жұмыстардың басты бір болігі.

Балардың өсіп-жетілуіне орай ойын да өзгереді. Сэби өмірінің алғашқы екі жылында қимылдарды игереді. Бұл функционалдық ойындардың пайда болуына жеткізеді. Функционалдық ойында сэбилер алдында заттардың оларға белгісіз қасиеттері, заттармен эрекет жасау эдістері ашылады. Мысалы, бала есікті тұңғыш рет кілтпен ашып, жауып көргеннен кейін, реті келсе-ақ бұл эрекетті сан рет қайталауға эуес болады. Бұл эрекетті ойындық жағдайларға да енгізеді. Ойын кезінде балалар кілтті бұрағандай етіп ауада қимыл жасап, оның дыбыстарын салады.

Конструктивтік ойындар анағұрлым күрделі болады. Ойында сэбилер құрылыс материалдарын пайдалана отырып, үй салады, тамақ пісіреді. Балалар заттардың не үшін қажет екенін жэне адамдар арасындағы қарым-қатынасты аңғаруға жететін конструктивік ойындар сюжеттік ойындарға айналады. Сэби өзіне белгілі бір рөл алып, "ана мен бала", "магазин" ойынын ойнайды. 3-4 жасқа дейін балалар бір-бірімен қатар ойнағанымен, бірге ойнамайды. 4 жастан бастап ойын ұжымдық қалып алып, белгілі бір ойын тэртібі енгізіледі. Әрине балалардың ұжымдық ойынға қатынасуы тэрбие жағдайына байланысты. Үйде тэрбиеленген балалар, балалар бақшасында тэрбиеленген сэбилерге қарағанда ұжымдық ойынға эзер дегенде қосылады. б-7 жасқа келген кезде мерзімі едэуір ұзаратын сюжеттік-рөлдік ұжымдық ойындарда балалар ойынның негізгі мағынасын жэне жолдасының іс-эрекетін қадағалайтын болады. Сюжеттік-рөлдік ойындар балаларды ұжымда өмір сүруге үйретеді.

Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың іс-эрекетінің негізгі түрі болғанымен іс-эрекеттің басқа түрлерін жоққа шығармайды. 3-4 жастан бастап сэби өзіне-өзі қызмет ету еңбегімен танысады. Ол беті-қолын жууды, киінуді, ойнап болған соң қуыршақтарды жинап орнына қоюды үйренеді. 5-6 жаста балалардың міндетіне бөлмелердегі өсімдіктерді күту, үлкендерге қолқабыс ету, т.б.осы сияқты іс қосылады. Балалар бақшасында сэбилер асханада, хайуанаттар бұрышында, ойын бөлмесінде қызметші болу міндетін ықыласпен атқарады.

Ойын кезінде шаруашылық жөнінде шамасы келетін тапсырмалар беру баланың бойында еңбек дағдысын қалыптастырып бекітеді, іске жауапты қарау, жолдас қамын ойлау, тиянақтылық сияқты игі психологиялық қасиеттерді тэрбиелеуге көмектеседі.

Мектепке түскеннен кейін бала ойынының мазмұны кеңейе бастайды. Мэселен, мектепке дейін тұрмыстық ойындарды (семья, магазинге бару, т.б.) көбірек ойнайтын болса, еңді қоғамдық-саяси мэні бар, еңбек процесінің сан алуан жақтарын көрсететін сюжеттік ойындарды ойнауға ауысады. Мэселен, бірінші сыныптағылар қуыршақтарына, үйдегі кішкентай балаларға сабақ үйрете бастайды, олардың бірі - мұғалімнің, қалғандары оқушының ролін атқарады. Ойында мектеп өмірінің бейнелеуі екініші сынып балаларында біртіңдеп кеми бастайды, оның орнын творчестволық ойыңдар басады. Адамдардың жай қимыл-қозғалысын көрсетуден гөрі бала олардың бір-бірімен қатынаста, сезімдері мен көңіл-күйлерін көрсетуге талаптанады. Енді оқыған кітаптарды, көрген кинолары, үлкендерден естіген эңгімелері баланың ойын мазмұнына кіреді.

Бастауыш сынып оқушылары ойындарының басты ерскшелігі - оның ұжымдық сипатта болатындығы. Әрині жеті-сегіз жасар балалардың ойын ұжымы элде де тұрақсыз болады. Өйткені бұлар ұжымдық өмір сүруге эдде де жөнді дағдыланбаған, мұндай ұжымның кұрамы екі-үш баладан аспайды. Ал үшінші, төртінші сынып оқушылары ойындарында ұжымдық сипат жақсы жетіледі. Мэселен, ойында топ-топ болып ойнау, ойын ережелерін сақтау, жолдастарының алдында жауапкершілігін сезіне бастау, өзін ұстай білу сияқты ұжымдық ойындардың негізгі белгілерін олар жақсы түсінеді Мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы - бала ұжымын құрастыруға таптырмайтын құрал. Бұл ұйымдар балаларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның табысына ортақтасуға тэрбиелейді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың мэні неде екенін түсіне бастайды. Өзінің басындағы мінез -құлықтың кейбір теріс бітістерінен (тартыншақтық, менмендік, өшпенділік, қыңырлық т.б.) ұялып, одан арылғысы келеді. Бірақ бұған шамасы жете қоймайды. Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастайды. Мэселен, бір бала өзінің ұйымдастырғыштығын байқатса, екінші бала табанды, жігерлі екендігін аңғартады. Ұжымдық ойындар баланың моральдық, эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына да эсер етеді. Мэселен, орман ішінде ойналған ойын туған өлкесінің табиғатын сүйе білуге, ондағы өзен, көлдер мен өсімдіктердің, жан-жануарлардың өміріне қызығушылықты қалыптастырады.

Бастауыш сынып оқушыларының өмірінде спорттық ойындар да едэуір орын алады. Олар футбол, волейбол, теннис ойындарын ойнай алады. Бұл ойындарда ережелерді сақтау, бір-бірмен жарысу сэттері көп болады. Сондықтан да мұндай ойындар инициативаны, жылдамдықты, ептілікті, тапқыштықты қажет етеді, өз қимылдарын жолдастарының қимыл-қозғалысына бағындыруды үйренеді, жолдасқа көмек беруді, өз командасы үшін бар мүмкіндігін сарқа пайдалануды ойлай бастайды. Ойында жарысқа түсу, бірінен-бірі озу жағы да көзделеді, Төменгі сынып оқушылары спорттық ойындарға тэн тиісті дағдыларды, ептілікті, ержелерді жөндеп үйрене қоймағанымен қимыл-қозғалыстық аса қажетті үйлесімділігін, жылдамдықпен онтайлықты жақсы менгереді.

Осы ойындардың бір жақсы жері сол, балаға секіру, лақтыру, қарғу, өрмелеу сияқты атрибуттарды үйретіп қана қоймай, адалдық, шыншылдық, принциптілік секілді адамгершілік қасиетгерге баулиды. Бастауыш мектеп мұғалімдері бала ойындарына дұрыс жегекшілік көрсету арқылы оның денесін ғана шынықтырып қоймай, онда жақсы психологиялық қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Оқу. Оқу - іс-эрекетінің негізгі саласы еңбек процесін нэтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде менгеру. Мектеп жасындағы балалардың негізгі эрекеті - оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тэжірибесін береді.

Мектепке бару - бала өміріндегі жауапты кезең. Оқи бастаған соң оның отбасындағы жағдайы өзгереді. Онда мектепке уақытында бару, үй тапсырмаларын орындау, жолдасына көмектесу сияқты көптеген жаңа міндеттер пайда болады.Сөйтіп мектепке барған алғашқы күннен бастап баланың айналасымен қарым-қатынасы міндеттілік приципімен реттеледі. Міндет шеңбері ұлғая береді. Жақсы оқу парызы - тек ата-ана алдындағы парыз ғана емес, сынып, мектеп, бүкіл отан алдындағы, өзінің ар-ожданы алдындағы парыз.

Оқу мыналардан құралады: қоршаған заттар мен құбылыстардың ерекшеліктері туралы ақпаратты меңгеру (білім); іс-эрекеттің негізгі түрлерін құрайтын амалдар мен операциялар (бейімділік); іс-эрекет мақсаттары мен жағдайларына сэйкес амалдар мен операцияларды дұрыс таңдау үшін, көрсетілген ақпаратты пайдалану эдістерін меңгеру (икемділік). Сонымен, оқу жайлы адамның эрекеттерін саналы мақсат басқарған кезде ғана айтуга болады. Саналы мотивтердің болуы - оқудың маңызды алғы шарты. Осыдан жануарларда оқудың болуы мүмкін емес екендігін анық көруге болады. Адамда да оқу оның мінез-құлқының саналы түрде реттелуі кезеңінде ғана, б-7 жасқа таман болады.

Оқу материалдары бала психикасына зор талап қояды. Өйткені ұғыну өте күрделі эрекет. Ұғыну бірнеше кезендерден тұрады. Мэселен, мұның бірінші кезеңіңде (таныстыру кезеңі) бала нені қалай оқу керектігі жайлы мағлұмат алады. Бұдан кейін ол ойындағысын тэжірибеде орындап көреді. Үшінші кезеңде, ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды, төртінші кезенде бала ұғынған нэрсесін ойына ұстап тұрады да, бесінші кезенде, балада зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы бала шындықтағы заттардың байланыс қатынастарын ажыратады, бір нэрсені екіншісімен салыстыра дэлелдей алуға, олардың шығармашылық, ұқсастықтарын көре білуге үйренеді, мұндағы себеп пен нэтиженің занды байланысына түсінеді. Мэселен, "от жақса түтін шығады" дегенде оттың жануы түтіннің шығуына себеп болып тұрғандығын бала байқайдьі да, шындықтағы нэрселердің бэрі де бір-бірімен осындай байланысатындығын түсінеді. Нэрседе себеппен қатар нэтиже де болатындығына баланың түсініп, көзінің жетуі ұғыну деп аталынады.

Психолог П.Я.Гальперин өзінің "Ақыл-ой эрекетінін сатылап қалыптасу" теориясында бала мэселені шешу үшін алдымен сыртқы материалдық эрекеттерді (затты ұстап көру, тұрқын, көлемін ажырату, шамамен өлшеу, т.б.) пайдаланады, сосын оның бейнесін елестетеді. Содан соң дауыстап жэне іштен айта алатын болады, сөйтіп сыртқы заттық эрекеті біртіндеп ішкі ой эрекетіне айналады дейді.

Оқу эрекетінің өзіне тэн мотивтері (себептері) болады. Тэрбиеші, не оқитын адамның өзіне осы мотивтерді білу оның эрекетінің мақсатын дұрыс анықтау үшін аса қажет. Баланың жасы өскен сайын психикасы да өсетіндіктен, оның оқуға деген қатынасы да (мотивтері) өзгеріп отырады. Мэселен, жоғары сынып оқушыларының оқу мотивтері бастауыш мектептегілерден басқаша болады. Білім игеру үлкен саналылықты, өз бетімен жұмыс істеп үйренуді, өз мінез-құлқын меңгеруді керек етеді. Бала не үшін оқитындығын бар сана сезімімен ұғынғанша, оған оқудағы формализмнен (мэнін түсінбей құрғақ жаттап алу, өмірмен байланыстыра алмау т.б құтылу қиын болады.

Мектепте оқу процесінде оқу мотиві қалыптасып, өзгеріп отырады. Ол төменгі сынып оқушыларындағы қарапайым мотивтен бастап, жоғарғы сынып оқушыларында парыз сезіміне дейін көтеріледі. Алғашқы жылдары балалар үйде ата-аналары ұрыспауы үшін, жақсы баға алу үшін оқиды. Орта мектепте пэндерге саралай карау дамиды. Осыған орай ғылым мэселелерін білуге құмарлық, жеткіншектің танымдық қажетін қанағаттандырарлықтай білім алу мотиві пайда болады. Мінез-құлықтық жоғары сатылы реттеушісі болып табылатын парыз бен арды қалыптастыру, оқу мотивінің сферасына жоғары адамгершіліктік сезімдерді қосады.

Орта мектепте оқу ісін ұйымдастыру оқушыдан үлкен жауапкершілікті жэне оқуға саналылықпен қарауды талап етеді. Сабақтардың пэндер бойынша жүргізілуі мұғалімнің оқушы үлгерімін бақылау мүмкіншілігін азайтады. Ой қызметінің сапасына талап арта түседі. Оқушыдан мұғалімнің айтқандарын, кітаптан оқығандарын-жай ғана есте сақтаудан гөрі оны ұғу, ой елегінен өткізе білу талап етіледі. Математикаға физика, химия жэне басқа пэндер ұғымдар жүйесін, білімдер жүйесін қалыптастырады.

Еңбек. Ецбек жалпы психологиялық емес, элеуметтік категория. Ол өзінің негізгі қоғамдық заңдылықтары бойынша психологияның емес, қоғамдық ғылымдардың пэні. Еңбек іс-эрекетінің психологиялық жағының ерекшелігі: еңбек өзінің объективтік қоғамдық мэні бойынша, қоғамға пайдалы өнімді жасауға бағытталған іс-эрекет болып саналады. Адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын барлық заттарды бір адам ғана өндірмейді, сондықтан адамның іс-эрекетінің мотиві болып оның эрекетінің өнімі емес, басқа адамдар іс-эрекетінің өнімі, қоғамдық іс-эрекеттің өнімі саналады. Еңбекте еңбек техникасы ғана емес, адамның еңбекке қатынасы да маңызды болады.

Еңбек дегеніміз - адамдардың материалдық жэне рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-эрекет. Еңбек өнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам өмір сүріп отырған өндірістік қатынастар жүйесіне араласады. Бұл екі фактор еңбек эрекетіне көзқарас пен еңбек мотивін қалыптастырады.

Еңбекте адамның қабілеті мен мінез-құлқы жалпы жеке басының қасиеті ашылып, қалыптасады. Өндіріс еңбеккер алдына іске тек творчестволықпен қарағанда ғана шешуге болатын көптеген проблемалық ситуациялар мен міндеттер қояды. Еңбек өнімділігіне эсер ететін жайларды зерттеу - өндіріс процесінде адамға эсер етпейтін факторлардың жоқ екенін көрсетті. Бөлме қабырғаларының түсі, жұмыс орнын ұйымдастыру, жұмыстағы еңбек ету жэне үзіліс режимі, еңбектес жолдастармен қарым-қатынас т.б. осы сияқты факторлардың бэрі еңбек өңімділігіне тікелей эсер етеді. Осының бэрі жиналып адамнын жұмыстағы көңіл күйін құрайды, оның еңбекте күш жұмсауын жеңілдетеді немесе керісінше қиындатады.

Біздің елімізде қол жеткен техникадық процеске орай мұғалім еңбегінің ерекшеліктері жэне оның біліміне, икемділігіне, дағдыларына деген талаптар едэуір өзгерді. Бұқаралық коммуникация құралдарының (интеренет, баспасөз, радио, кино, теледидар) кең тарауы оқушылардың мектептен тыс жерде білімнің барлық саласынан мол хабардар болуына жағдай жасады. Мұғалім қазіргі күні кешеге дейін болғанындай, оқушыға бірден-бір хабар таратушы. Мұғалім еңбегіне қоятын талап бұрынғыдан гөрі жоғарьлай түсті. Ғылымның барлық саласы нақтылы материалдармен шапшаң толығып жатқан шақта мұғалім өз білімін үнемі көтеріп отыруға мэжбүр болады. Оқу жэне тэрбие жұмысына шығармашылықпен қарау жас ұрпақты табысты оқытудың қажетті шартына айналды.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

1. Іс-эрекет туралы қандай психологтардың еңбектерін білесіз?

2. Заттың іс-эрекет пен ақыл-ой эрекетінің арақатынасы қандай?

3. Іс-эрекет қалыптасуында дағдының қандай маңызы бар?

4. Әдеттің қалыптасу негізі неде?

5. Дағды мен икемділік ұғымдарының бір-бірінен айырмашылығы қандай?

Ұсынылған әдебиеттер (негізгі және қосымша):

1. Алдамұратов Ә.

3. Жарықбаев Қ. Психология.- Алматы, 1982.

4.Тәжібаев Т. Жалпы психология.- Алматы, 1993.

5. Немов Р.С. Психология 1,2,3 кн. Владос. 1999.

6. Петровский А.В. Психология.,1990.

№ 5 дәріс. Топтарға психологиялық сипаттама

Мақсаты: адам өміріндегі түйсік, қабылдау процестерінің ерекшелiктерiмен таныстыру, меңгерудiң негiзiнде студенттердiң психикалық процестерін дамыту, практикалық сабақтарда психикалық құбылыстардың жүйелi талдауында iскерлiк және дағдыларды қалыптастыру.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Топ және ұжым туралы түсінік.

2.Топтың түрлері. Шағын топ және ұжым.

3.Ұжымдағы жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігі. Психологиялық үйлесімділік.

1. Топ және ұжым туралы түсінік. Топтың түрлері.

Топ жэне ұжым дегеніміз не? Бұл адамдардың тіршілік қажетін өтеу үшін бірлесу. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмай А.С.Макаренконың айтуынша ұжым бұл - бұл мақсат мүдделері, көзқарастары ортақ белгілі бір салт дэстүрі бар, өзін-өзі басқара алатын элеуметтік адамдар тобы. Топтың жоғары дэрежеде ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады. Ұжым адамдардың тобы болғандықтан, оған топтың белгілері тэн. Алайда ұжымның топта жоқ белгілері де болады. Сондықтан қандайда болмасын ұжымды топ деп атауға болады, ал топтың бэрі бірдей ұжым бола алмайды. Ұжым байланысына қарай контактілі жэне негізгі ұжым болып бөлінеді. Контактілі ұжым - ол ұжымдық белгілірі бар бастапқы топ. Негізгі ұжым контактілі ұжымдардың бірігуі. Мысалы, студенттер тобы контактілі ұжым, ал факультетті негізгі ұжым деп қарауға болады. Тұлға ұжымнан оқшау болмайды. Ол ұжымның басқа мүшелерімен байланыста болады.

Топтардың өзі шартты жэне нақты болып 2-ге бөлінеді. Шартты топ шынында болмайтын жалған топтар. Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар қауымдастығы шартты топ деп аталады. Мысалы, спорт тақырыбына жазатын журналистер элемнін таңдаулы футболшыларынан команда құрады. Олар эр елдің ең таңдаулы футболшыларын бір тізімге тіркейді. Бұл ойыншылардың ешқашан басы қосылмайды жэне олар ешқашан бір командада жарысқа түспейді. Бірақ құрама команда құрылды жэне ол шартты түрде бар деп есептелінеді. Яғни, шартты топта адамдар қатынаста болмауы мүмкін. Бірақ та бұл адамдар нақты топ ішінде өзара қарым-қатынасқа түседі. Ал, нақты топ дегеніміз біршама тұрақты, жалпы мақсат арқылы өзара байланысқан, өздері белгілі бір кеңістікте, азды-көпті мерзім ішінде аралас-құралас жүретін адамдардың нақты ұйымы. Бұл топтағы адамдардың 1-ден мақсаты бір, 2-ден мүшелері бір-бірін жете білуі керек. 3-ден мақсатқа жету жолында бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: