Негізгі 3 страница

Ішкі тежелудің бір түрі - ажырату (дифференциациялық) тежелуі. Бұл организмнің түрлі заттар мсн құбылыстардың арасындағы ұқсастықтарды айыра білу қабілетін көрсетеді. Мысалы, итке шартты рефлекс жасауда метроном арқылы 96 per тамақ бермей, эр 100 соққанда ғана тамақ беріп отырса, кейіннен сілекей тек метроном 100 рет соққаңда ғана шыға бастайтын болады. Тежелудің осы түрінің организмнің тіршілігі үшін маңызы айтарлықтай. Осындай тежелулердің жэрдемімен организм бір-біріне өте ұқсас тітіркендіргіштерді де тез ажырата алады.

3. Сана туралы ұғым. Сананың негізгі қасиеттері.

Психика жануарларға да, адамдарға да бірдей тэн эрекет болғанымен олардың психикалық эрекеттерінің арасында жалғыз сан жағынан да ғана емес, сапа жағынан да көп айырмашылықтар да бар. Адамның психикасының айрықша өзгешелігі адамда сананың болуымен байланысты. Жануарларда сана жоқ, олардың өздерінің биологиялық мұқтаждықтарымен байланысты соқыр сезім эрекеттері жэне туысынан кейін тіршілік ету үшін күресінде пайда болатын санасыз дағдылану эрекеттері ғана бар.

Сана психиканың дамуында ең жоғары сатыға шыққан, сапа жағынан айрықша өзгешеліктері бар, адамға ғана тэн нэрсе. Сана деп - еңбек арқылы пайда болып, адамның жаратылысқа жэне басқа адамдарға мақсатты түрде бет алып қатысуында орын алатын психикалық эрекетті айтамыз. Адамның санасы тек қана тұрмыстың нэтижесі болып қоймай, сол тұрмыстың өзін қайта құрып өзгерте алады. Адам белгілі, нақты тарихи қоғамдық жағдайларда өмір сүріп, тіршілік ететіндіктен, оның санасы қоғамның тұрмысының ықпалын да болып, сол тұрмысты сэулелендіріп отырады. Сондықтан таптық қоғамда адамдардың санасы таптық сана болады. Қоғамдық эксперименттің өзгеруімен бірге адамның санасы да өзгеріп отырады.

Сананың негізгі қасиеттері. Сана психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны жэне болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп эрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам эрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да аласыз. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И.П.Павловтың сөзімен айтқанда, "болмысты жэне өз басымызды дұрыс алып жүруге жоғары бағдарлылықты" қалыптастырады. Ғылым, өнер, мэдениет (сөздің кең мағынасында) қоғамдық сананы құрайды.

Тұлғаның санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Тұлға санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нэтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана тұлғалар мен бұқара көпшіліктің шығармашылық іс-эрекетінің нэтижесінде қалыптасады.

Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. Демек, адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дэрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастарды интеллектуалды (бағалау арқылы) жэне эмоционалды (сүю, ұнату, өшпенділік, жек көру, жирену түрінде көрінеді) сипатта болуы мүмкін. Көп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды-эмоционалды сипатта, екеуі аралас келеді. Сана адамның шығармашылық қабілеттілігінен көрінеді. "Адамның санасы объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды".

Хайуан еш нэрсені де орната алмайды. Егер ол өзі мекендеген жердің жағдайын өзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді, оның тіршілік етуі соған жеткізеді. Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талаптанады, оны өз қажетіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементттерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл Жерді мекендеуіне жэне ғарышқа да жол табуына мүмкіндік береді.

Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзін білуді де қамтамасыз етеді, яғни сана өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс табады. Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп жэне дамытып отырады.

Білім негізінде тұлғаның. іс-эрекетіндегі жэне мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады. Тұлға мінезі мен іс-эрекетінде білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеріп жэне болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тэсілді таңдап алады. Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайды жэне өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады.

Адамның жануарлардан айырмашылығы - ол өзін танитын жэне білетін, өзін түзетіп жэне жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі. Өзіндік сана-сезім - сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны жэне өзіңді өзің танудың бейнелеуінен біртіндеп қалыптасады.

Басқаларды тану арқылы өзіңді тану. Жас бала бастапқыда өзін қоршаған ортадан бөліп қарамайды. Ол ойыншықты қозғап та, аяғын қимылдатып та - бірінен-бірін айырмай ойнай береді. Бірте-бірте ол өзін, өзінің мүшелері мен тұтас денесін қоршаған заттардан бөле қарап, ажырата бастайды. Бұл физикалық саралау процесі сыртқы дүние мен өзін танудың нэтижесінде жэне алғашқы кезде проприоцептивтік деңгейінде (өз мүшелерінің қалыпты жайы мен қимыл қозғалысын сөзіну) өтеді. "Баланың өзін-өзі аңғаруынан кейін, есейген соң өз санасының актілеріне сын көзбен қарауға, яғни өзінің бүкіл ішкі дүниесін сырттан келіп қосылатын барша құбылыстардан бөліп қарауға, оны талдауға жэне сыртқымен салыстыруға, бір сөзбен айтқанда, өз санасының актін зерттеуге мүмкіндік беретін өзіндік сана-сезім туады" - деп, И.М.Сеченев дэріптеген. Күрделі психикалық құбылыстарды, эсіресе өз басының қасиеттерін танып білу - іс-эрекет жэне қарым-қатынас процестерінде өтеді. Қарым-қатынас процесінде адамдар бірін-бірі біліп, біріне-бірі баға береді. Өзгенің осындай бағалауы эр адамның өзін-өзі бағалауынан көрініс танытатын болады.

Адамның өзін-өзі тануда, оны басқаның бағалауы мен ұжымдық бағаның маңызы ерекше. Егер бір адамның іс-эрекеті мен мінез-құлқын сыңар жақты бағалау тұрақты сипат алса, онда сол адам өзінің қабілеті немесе мінезі жайындағы осы сыңар жақ бағаны малданып алады да соған мойын ұсынады. Өзін-өзі тану өзіндік сана-сезімнің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Өзін-өзі тану - адамның өз психологиялық жэне физикалық ерекшеліктерін зерттеп білуі. Адам өзін тікелей де, жанама түрде де танып біледі.

Өз іс-әрекеті мен мінез-цүлцын талдау арқылы адамның өзін-өзі тани алуы. Өзін жанама тану өз іс-эрекетінің нэтижелерін талдау жолымен жүзеге асырылады. Белгілі бір саладағы жетістіктерін талдай жэне бағалай отырып, жұмысқа жұмсалған уақыт пен күшті есептей отырып, өз қабілеттерінің деңгейін анықтауға болады. Қоғамдағы өз мінез-құлқын бағалау арқылы адам өз басының адамгершілік жэне психологиялық ерекшеліктерін танып біледі. Жанама танымда өзін-өзі зерттеп жүрген тұлғаға айналасындағылардың өзі жайындағы көзқарасын талдаудың да маңызы зор. Жақын адамдардың, қызметтес жолдастардың объективті бағасы өзіңді тереңірек танып білуіңе көмектеседі.

Өз басының қасиеттеріне берген өз бағасы мен басқа жұрттың бағасын салыстыру да маңызды. Ол өз танымының өзгелердің ойымен бірдей шығу-шықпауын, өзін-өзі не артық, не кем бағалап жүргенін айқындауға мүмкіндік береді.

Бұдан шығатын қорытынды, басқа адамдармен неғұрлым кең қарым -қатынаста болу өз басыңның жағымды жэне жағымсыз жақтарын жан-жақты салыстыруға, танып білуге комектеседі екен.

Өзін-өзі байқау арқылы өзін-өзі тану. Тікелей өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау формасында көрінеді. Қабылдау, елестету, ойлау процестерінде адам белгілі бір сэтке зейінін психикалық іс-эрекет объектісінен жеке басының жағдайына аударады жэне оны бағалайды. Өзін-өзі бақылау осыған негізделген. Адамның өзін-өзі байқауы үшін байсалды, қалыпты жағдай неғұрлым қолайлы болады. Психикалық іс-эрекеттің сылбырлығы немесе оның шамадан тыс шиыршық атуы өзін-өзі тану мен өзін-өзі байқаудың мүмкіндігін кемітеді. Жүрек алып-ұшып, тым өрепкіген сэтте, бір нэрсемен құштарлана эуестену немесе бір нэрсені шоғырландыра көру кезінде өзін-өзі бақылау мүмкіндігі тарыла түседі. Мұндай жағдайда адамның өзінің көңіл-күйі туралы өзіне-өзі есеп беруі толыққанды болмайды. Сондықтан өзін-өзі байқау неғұрлым толық жэне эрі айқын болуына жеткізетін шекара табалдырықтар деген болады. Тұлғалар іскерлігі мен дағдылануына қарай өз психикасын эр түрлі деңгейде байқай алады.

Өзін-өзі бақылау және өзін-өзі тәрбиелеу. Өзін-өзі тану - адамға өз басын жетілдіру үшін, сондай-ақ өмір жэне еңбек жоспарларына сэйкес өз іс­эрекетін жолға қойып отыру үшін қажет. Адам өз күшін біле отырып, оны еңбекте барынша тиімді пайдалануға ұмтылады. Бұл үшін ол өзінің қимылы мен эрекетін, қылығы мен мінез-құлқын бақылап жэне талдап отырады. Адам өзін-өзі бақылау арқылы іс-эрекетіндегі қателіктерін байқайды, еңбегін дұрыс ұйымдастыра алады. Өзін-өзі бақылау жедел сипатта болады жэне сол сэтте өтіп жатқан эрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Демек, ол өз бойыңдағы жақсы мен жаманды аңғаруға, сол арқылы болашақ өмір жолыңды құруына көмектеседі. Егер ешқандай күш салу іс-эрекетті жақсарта алмаса, онда адам өз бойында белгілі бір қажетті қасиетті дамытудың немесе қалыптастырудың ұзақ мерзімді жоспарын жасайды.

Өзін-өзі тэрбиелеу адам дамуының жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Өзін жетілдірумен айналыса бастаған адам тэрбиелеудің объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісіне де айналады, яғни оны тек қоғам тэрбиелеп қана қоймайды, ол өзі күш жұмсап та тэрбиеленеді.

4. Жануарлар психикасының даму жолдары.

Психиканың қарапайым түрі - нерв жүйесінің болмашы қасиеті бар тіршілік иелері, мэселен, құрт тағы басқа насекомдар дүниесінде кездеседі. Бұл жэндіктерге тек сыртқы ортаны шамалау, бағдарлау ғана тэн. Олар тек биологиялық мэнді зат пен эсер етуші объектінің жеке қасиеттері арасындағы байланыстарды бейнелеуге қабілетті. Психиканың бұл сатысы сенсорлық (сезімдік) деп аталады. Мұнда тікелей эсер етуші, оның үстіне, түгелдей зат емес, оның кейбір қасиеті ғана бейнеленеді. Мэселен, өрмекші өрмек пен тамақтың (өрмекке түскен шыбын) арасындағы байланысты бейне-лендіреді, бақа жейтін қоректік затын түсі мен формасына қарап ажыратады, ара тағамның түсі мең иісіне, ал жылан болса, тек формасы емес, сонымен қатар өз жемтігінің денесінің температурасына реакция жасайды т. б.

Тіршілік иесінің, эсіресе нерв жүйесінің құрылысы неғұрлым күрделіленіп эр түрлі органдардың атқаратын қызметі мейлінше ажыратыла, сондай-ақ организмдердің интеграциясы (организмдер қызметінің бірігуі) белсенді бола түскен сайын, психиканың бейнелеу функциясы да күрделілене түседі жэне оның басқару эрекеті кемелдене береді. Бұл, эсіресе нерв жүйесінің жоғары бөлігінің қалыптасуы кезінде анық байқалады. Осыдан психикалық іс-эрекеттің перцептивтік деп аталатын екінші сатысы басталады.

Барлық сүт қоректілердің эрекеті осы екінші сатыдағы ерекшеліктермен сипатталады, олардың бэрінің де миы жақсы дамыған. Бұл саты үшін, бір объектінің кей кездері тіпті күрделі объектінің де эр түрлі қасиеттерін синтетикалық тұрғыдан бейнелей алу қабілеті тэн. Осы жерде енді заттық бейнелей алу туралы айтуға болады. Мэселен, ит өз иесін даусы, киімі, иісі тағы басқа көптеген белгілері арқылы тани алады. Алайда, арнайы жүргізілген зерттеулердің көрсеткеніндей объектілерде қайсы бір қасиеттері жануар үшін өте маңызды болса, (сигнал ретінде), ал екінші біреулерінің маңызы аз болуы мүмкін. Жануарлардың бір белгілерді түсіне қоюы, оны дұрыс ажырата алуы, ал екінші бір белгілерді ажырата алмай, қателесуі осыдан.

Инстинкт, көбінесе, дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда кездесетін мінез-құлықтың қарапайым нэсілдік формасы. Мұны қазақша "соқыр сезім" деп атайды. Инстинкттер табиғи сұрыпталу жолымен жасалады. Жануарларда болатын инстинкт - организмнің белгілі тіршілік жағдайына, өскен ортасына эбден көніккенін көрсететін мінез құлықтың түрі. Мысалы, араның омартасы, құстың ұясы, көртышқанның іні, т.б. өте "шеберлікпен", "ептілікпен" жасалынады. Бірақ, осы мысалға қарап, бұл айтылған жэндіктер мен құстарда сананың саңылауы бар деуге болмайды, өйткені, инстинктік амалдардын бэрі - тұқым қуалау жолымен жасалынады.

Жануарлардың биологиялық дамуы мен нерв жүйесінің түрліше құрылымына қарай оларда мінез-құлықтың эр түрлі түрлері байқалып отырады. Осы арқылы жануар сыртқы ортамен байланыс жасайды, табиғи қажетін өтеу жолында тіршілік етеді, материалдық дүниенің құбылмалы өзгерістеріне тиісінше жауап қайтарып бейімделіп отырады.

Жоғары сатыдағы сүт қоректілерге қарапайым тұрғыда ойлау қасиеті тэн. Бұлардың ішінен, эсіресе маймылдар, бэрінен бұрын антропоидтар немесе адам тэріздес маймылдарды айту керек. Олардың миы мейлінше дамыған, өзінің құрылысы жағынан адам миына өте ұқсас, эрі басқа жануарларға қарағанда, олардың психикалық іс-эрекеті анағұрлым бай жэне күрделі. Психиканың бұл сатысын интеллект сатысы деп атайды. Маймылдар тек қана заттың белгілі бір қасиеттерін, не бүтіндей өзін, синтездеу арқылы бейнелеп қоймайды, сонымен қатар заттардың арасындағы байланысты да бейнелей алады.

Жоғары сатыдағы жануарлардан (маймыл, делфиндер) "ақылды" деп айтуға тұрарлықтай мінез-құлық көріністерін байқауға болады. Мінез -құлықтың осындай түрі маймылдарға жасаған эксперименттен сан рет байқалған. Мэселен, маймылдың сүйікті тағамы банан жемісін оның қолы жетпейтін жерге іліп қойса, маймыл жемісті алғысы келіп секіреді, бірақ оған қолы жетпейді. Бір кезде оның көзі қасында жатқан жэшікке түседі. Енді ол жэшіктің біреуін экеліп, үстіне шығып көреді де, эліде де қолы жетпейтіндігін байқайды. Сонан соң бірнеше жэшікті экеліп, бірінің үстіне бірін қойып биіктеткеннен кейін, бананды алуға шамасы келеді. Маймылдың осы қылығында қандай да болмасын бір мэселені шешуге ұқсас көрініс бар.

Маймыл интеллектісінің өрісі тар, олардың интеллектісі, көбінесе, көзге көрінетін нэрселерге байланысты ғана туып отырады. Мэселен, қасында жатқан таяқты "құрал" есебінде кездейсоқ пайдаланады, оны кейіннен керек болып қалар деген "мақсатпен" сақтап қоюды да білмейді. Майылдарда кездесетін осындай интеллект оның мандай бөлігінің жақсы дамуына байланысты. Егер маймыл миының осы бөлігін алып тастаса, бұрын білгенінен асып ештеңе істей алмайды. Сонымен, жануарлар психикасының қандай түрі болмасын сыртқы отаның жағдайына бейімделуді қамтамасыз етеді. Бұлардың бэрі биологиялық сипатта болады.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

1. Нерв жүйесінің атқаратын қызметі қандай?

2. Орталық нерв жүйесінің құрылымы жэне оның жеке бөліктерінің атқаратын қызметі қандай?

3. Шартты рефлекстер қалай жасалады?

4. Бірінші жэне екінші сигнал жүйелері туралы не білесіз?

№3 дәріс

Жеке адам және іс-әрекет психологиясы

Дәріс мақсаты: психикалық фактiлерді жүйелi талдауда студенттердiң танымдық iс-әрекетiнде iскерлiк және дағдыны дамыту; жеке адамның іс-әрекетінің сұрақтары мен адам iс-әрекетiнiң психикалық ерекшелiктерiмен таныстыру.

Негізгі ұғымдар: жеке адам, бағыт-бағдары,түрткілер мен қажеттер, мотив (себеп), дағды, әдет, ептілік, іс-әрекет.

Мазмұны:

11.Индивид, тұлға, даралық. Тұлғаның құрылымы.

2.Қажеттііліктің түрлері. Тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктері, қызығулары.

3.Тұлға құрылымындағы дүниетаным, сенім, мұрат

1. Жеке адам туралы түсінік, оның бағыт-бағдары.

Әрбір жеке адам әлеуметтік қатынаста саналы іс-әрекеттерді жүзеге асыратын нақты қоғамның мүшесі. Өздерін басқа адамдардан ажырата білетін, санасы және өзіне тән білімі, ерекшеліктерін бар белгілі қоғамның мүшесін жеке адам деп атаймыз.

Адамдар басқа адамдармен өзара қарым-қатынасқа түседі. Адам бойындағы даралық қасиеттер оның қарым–қатынасынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда жаңа туған нәресте де, ересек адам да индивид болып саналады. Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады.

Даралықтың түрлері:

- интелектуалдық (зерделі, ақылды адамдар);

- эмоциялық (қимыл-қозғалысына байланысты);

- еріктік даралық болып бөлінеді.

Жеке адамның психологиялық құрылымы мен ерекшеліктерін 4 жағынан бөліп қарастыруға болады:

1. биологиялық: - тұқымқуалаушылық, нышан, туа пайда болған қасиеттер, жүйке клеткаларының микроструктуралық ерекшеліктері т.б.

2. психологиялық: - жеке адамның дара психикалық процестерінің өзіндік ерекшеліктері (зейін, ойлау, қабылдау, ес, сезім күйлері, ерік т.б.).

3. әлеуметтік:- әдеті, қызығу, ұмтылуы, дүниетанымы, сенімі, қажеттілік т.б.

4. жеке адамның бағыт – бағдарының сапасы: білімі, дағдысы, шеберлігі, өзіндік даму деңгейі, даралық қасиеттері т.б.

2. Тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктері, қызығулары.

Тұлғаның өзіндік ерекшелігі мотивтері мен дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағыттылығынан, қажеттілігі мен қызығуынан жақсы байқалады.

Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Мотивтер дегеніміз - іс-эрекет пен мінез-құлықтың саналы түрде жасалынуы. Сөйтіп мотив ретінде алуан түрлі жайлар көрініс береді.

Тұлғаны қандай да болмасын іс-эрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив оның түрлі қажеттері, яғни бір нэрсеге мұқтаждануы. Өмір сүру үшін адамдар тамаққа, киімге, жэне т.б. толып жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиісті. Қажеттілік дегеніміз - өмір мен дамудың белгілі бір жағдайында адамның міндетті түрде керек ететін қажетсінулері. Қажеттілік адамның бойында белсенділік сезімін оятады. Адамдар өмір сүру үшін қоғамдық өндірісті дамытады. Қажеттілік те өндірістің өсуімен бірге дамып отырады. Қажеттіліктер белгілі дэрежеде адамның күйініш-сүйінішіне, ойлауына жэне ерік-жігеріне эсер етеді. Қанағаттандырудың түрі мен тэсіліне карай, қажеттіліктің орындалу немесе орындалмауына байланысты адамдар мазасыздану немесе тыныштану, рақаттану немесе азап шегу сезімдеріне тап болады.

Қажеттіліктердің түрлері. Адамның қажеттіліктері алуан түрлі. Оларды топтарға бөле отырып, материалдық, рухани жэне қоғамдық қажеттіліктер деп көрсетуге болады. Материалдық қажеттіліктер адамның өмір тіршілігінің (бұл тамаққа, киімге, тұрғын үйге, тұрмыстық заттарға т.б.заттарға қажеттіліктер) негізіне байланысты.Адам саналы түрде өз қажеттіліктерін реттеп отырады, ол жануарлардан осы қасиетімен ерекшеленеді. Рухани жэне элеуметтік қажеттіліктері дұрыс қалыптастырған адамдар материалдық қажеттіліктерін орынды қанағаттандырады.

Рухани қажеттіліктер - адамның білімге, өнерге т.б. қажеттіліктері. Оларға танымдағы жэне эстетикалық лэззаттағы қажеттіліктер жатады. Танымдағы қажеттіліктер жалпы (тұтас элем жайлы) жэне жеке (болмыстың белгілі бір құбылыстарын тануға деген құштарлық) болып келеді. Танымдағы қажеттіліктердің негізінде ғылыми шығармашылыққа деген дербес қажеттілік пайда болады. Мұндай жағдайда таным мақсат емес, шығармашылық қажеттілікті қанағаттандырудың құралына айналады.

Эстетикалық лэззаттану қажеттілігі адам өмірінде айрыкша орын алады. Соның арқасында адам өз тұрмысын, демалысын, өзінің өмірін мэнді етуге құлшынады.

Ал, цогамдыц цажеттіліктер: еңбекке, адамдармен қарым-қатынасқа, қоғамдық іс-эрекетке деген қажеттілік. Еңбекке деген қажеттілік адамның негізгі қажеттілігінің бірі. Адам енбек етпей отыра алмайды: егер ол уақытша бұл мүмкіншіліктен айырылып қалса, мысалы, қарны ашып, тамақ ішкісі келетін сэтте басынан қандай күй кешсе нақ сондай күй кешетін болады. Қарым-қатынас жасауды қажетсіну адамның элеуметтік табиғатын танытады. Қарым-қатынас нэтижесінде адам басқаларды ғана емес, сонымен бірге өзін де танып біледі, элеуметтік өмірдің тэжірибесін жинақтайды.

Қызыгу дегеніміз - тұлғаның объектіге, оның өмірлік мэні мен эмоциялық тартымдылық күшіне қарай таңдамалы қатынасы. Қызығулар қажеттіліктер негізінде пайда болады, бірақ олардың өзі емес. Қажеттілік міндетті түрде керек нэрсені белгілейді, ал қызығу белгілі бір іс-эрекетке адамның жеке қатынасын көрсетеді. Терең тамыр жайған қызығу қажеттілікке айналуы мүмкін. Мэселен, театрға деген қызығу - спектакльді құр жібермеуді эдетке айналдыру тіпті сахна ісімен өзінің де айналысатын болуына жеткізуі мүмкін.

Қызығулар да бейімділік тэрізді балалардың кішентай кезінде ерекше байқалады. Мэселен, кейбір балалар кішкентайында автомобильге, тракторға жалпы - техника атаулыға эуесқой келеді. Мұндай балалардың есі-дерті машина болып, уақытының көбін соның айналасында өткізеді, (олардың маркасын жақсы айыра алатын болады. Кейін осы бала мектеп қабырғасында физика, қол еңбегі сияқты пэндерді бар ықыласымен оқиды, ал мектеп бітіргеннен кейін сол балалардың біразы жасынан өзі жақсы көретін техника саласында нэтижелі жұмыс істеп, өз қабілеттерін жақсы көрсетеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: