double arrow

ТАРАУ. Инфекция туралы ілім 9 страница

Болашақ уақытта иммунологияның алдында орасан зор мақсаттар тұр. Олардың бастылары төменгідей:

- сапалы вакциналармен (генді-инженерліқ, синтетикалық, полиантигендіқ, парентералдық емес) иммундыпрофилактика жүргізіп, жұқпалы ауруладрың кейбір түрлерін жойып, кейбіреуінің жиілігін тежеу;

- қатерлі ісіктің иммундыдиагностикасы, иммундыпрофилактикасы және иммунды емдеуі;

- иммунды сәйкестік антигендердің құрлысы мен атқаратын ісін зерттеу арқылы орган ауыстыру кезіндегі иммундықайшыластықтық мәселелерін шешу;

- әр түрлі тегі бар иммундыпатологиялық жағдайлар мен аллергиялық аурулардың жемісті алдын алу мен емдеу мәселелерін анықтау;

- ана мен іштегі нәрестенің иммундық кайшыластығының пайда болу процестерінің механизімін шешу;

- ағзаның иммундық жағдайына зиянды экологиялық, әлеуметтік, кәсіптік факторларды жою;

- иммундыпрофилактикаға, иммундыемдеуге керекті жаңа эндогендік және экзогендік факторларды іздеу;

- тумысынан болған иммундытапшылықты генетикалық тәсілдермен емдеу және генетикалық диагнозын қою әдістерін ашу.

Айтылған орасан зор мәселелерді шешу үшін іргелі иммунология саласы жедел дамуы керек.

8.1.5. Иммундық жүйенің іс атқаруының негізгі принциптері мен механизмі

Иммундық жүйе организмді антигендерден арнайы түрде қорғау ісін атқарады. Ол жүйе лимфоидтық тіннен тұрады. Өзінің іс атқаратын факторларының (иммундыреагенттер) кірісуімен жасушалық және де гуморалдық реакциялар жүру арқылы антигенді бейтараптап, залалсыздандырып ағзадан тыс шығарады. Иммундық жүйенің антигендерді заладансыздандыру ісі бейспецификалық факторлармен толықтырылып, ағзаны қандайда болмасын бөгде заттардан қорғайды.

Бейспецифиқалық резистенттік факторлары мен иммунитеттің спецификалық факторларының тізімі 8.3-кестеде келтірілген.


Кесте 8.3.

Иммундық жүйе мен антигеннің өзара әсерлесу принциптері.

Антигеннің тегі Кіріс қақпасы Иммундық қорғау факторлары Қорғау механи- зімі Нәтижесі
Тумысынан пайда болған Жүре пайда болған
  Экзогендік Эндогендік   Тері, шырышты қабық, АІШ, Тыныс алу,жыныс, зәр шығару жолда- ры, қан, сөл. Механикалық ке- дергі (тері,шырыш ты қабық).Физика- химиялық кедергі (ферменттер, рН) Биологиялық кедер гі (фагоцитоз, ком- племент т.б.) Антидене түзу. Иммунды фагоци- тоз. Лимфоциттер- дің киллерлік ісі. ДГС. БГС.Толера- нттық. Иммуноло- гиялы есте қалу. Бейбелсендіру. Күйретү.Антиген- ді шығару. Ареактивтік. Гомеостазды қал- пына келтіру. Им- мунологиялық есте сақтаудың негізін құру. Толерантық- ты құру. Аллергия- ны калыптастыру.

Ағзаның бейспецификалық төзімділігін қамтамасыз ететін факторлар: а) бөгде заттардың ағзаға енуіне бөгет болатын механикалық кедергілер (тері, тыныс жолының және ас қорыту жүйелерінің шырышты қабығы, тыныс алу жолының желпілдегіш эпителиі және шырышы); б) антигендердің құрылысын бұзушы физикалық-химиялық кедергілер (ферменттер, ортаның рН-ы, органикалық қышқылдар т.б.) в) қорғаныстың арнайы факторларымен бірлесіп антигендерді бөгде заттар ретінде ұстап-обырушы және құрылысын бұзушы иммундыбиологиялық кедергілер (фагоциттер, комплемент, интерферон, қан ұйуын қолдаушылар, фибронектин).

Арнайы қорғанысты қамтамасыз ететін факторлар: антиденелер, иммундық фагоцитоз, лимфоциттердің цитотоксикалық әрекеті, гиперсезімталдықтың жедел (ЖГС), гиперсезімталдықтың сезімталдықтың баяу түрі (БГС), толеранттық және иммунологиялық есте қалу.

Егер антигендер бейспецификалық бірінші қорғаныс факторлар кезеңінен өтіп кетсе онда іске екінші шептегі спецификалық факторлар кіріседі, яғни екі шеп қоян–қолтық тығыз байланыста іс атқарады. Сонымен қатар, антигендерді заласыздандыру үшін қорғаныс факторларының барлығының қатынасуы міндетті емес. Бірақ, ағзаны антигендерден қорғау жолында көбінесе иммунитеттің спецификалық және бейспецификалық реакциялары бірлесіп жүреді.

Иммундыглобулиндер (спецификалық, рецепторлық, табиғи), фагоциттер (табиғи, иммунды), киллерлік іс атқаратын цитотоксиқалық лимфоциттер, антигеннің құрылысын бұзатын ферменттер (лизоцим және т.б.), комплемент, қан сарсуының қорғаушы ақуыздары (пропердин, бетта-лизин, фибронектин т.б.), иммундыцитокиндер (интерлейкиндер, интерферондар, тимустың пептидтері, миелопептидтер т.б. факторлар), иммундыжауапты жасушалардың рецепторлары, МНС-тың (ағылшын - Main Histocompatibility Complex, гистосәйкестіктің басты комплексі) антигендері иммундық жүйеде қорғаныс ісін атқаратын басты биорецепторлар болып табылады.

Иммунитет процесінің механизімін сызбанұсқа ретінде қарасақ, ол өзін-өзі бағдарлайтын, рет-ретімен жүретін, антигендерді тысқа шығарып, дербестікті сақтап, тұрақтылықты қайта құруға бағытталған іс-әрекеті болып табылады.

Иммундық жүйе жұмысының басталуына антигеннің ағзаға әртүрлі жолмен сырттан енуі, немесе оның ағза ішінде құрылуы себепкер болады. Содан кейін ең алғашында антигеннің бөгде екені дәледенеді: бірінші- фагоцитоз арқылы бейспецификалықты анықтау, одан кейін Т-лимфоциттермен спецификалықты тану. Келесі кезең - ағзаның барлық спецификалық және бейспецификалық қорғаныс факторларын іске қосу. Ол процесс антигенің табиғатына және сипаттарына, сонымен қатар антигеннің ағзаға патогендік әсер ету дәрежесіне байланысты. Осы процестердің нәтижесі ретінде антиген күйретіліп, бейтараптанып организмнен тыс шығарылады. Кейбір жағдайда антигенмен кездескеннен кейін, организмде сол антигенге сезімталсыздық және шыдамдылық пайда болады. Қолайлы нәтиже кезінде иммундық процесс организмнің гомеостазын қалпына келтіріп, ұзақ уақытқа дейін организмде сол антигенге қарсы иммунитетті сақтап, ол антиген туралы мәліметті иммундық есте қалдырылып, төзімділік тудырады. Сонымен қатар, жағымсыз жанама көрініс ретінде сол антигенге қарсы көтеріңкі, не жоғарлатылған сезімталдық (аллергия) пайда болуы мүмкін.

8.1.6. Иммунитеттің түрлері

Эволюциялық даму жолында адамда, жылықандыларда, оның ішінде құстарда арнайы иммундық жүйе құрылған. Ол организмді генетикалық бөгде зат -антигеннен қорғап, сонымен қатар әрібір түрге, жеке тұлғаға тән тіннің және биологиялық молекуланың антигендік ерекшелігін сақтауға арналған.

Заттың бөгделігін айыру төменгі сатыдағы омыртқасыздарға да тән, оларда да қарапайым қорғау жүйесі бар. Бірақ, ол жүйелердің арасында зор айырмашылық бар.

Эволюциялық дамудың сатысына байланысты иммундық жүйенің түріне,оның күрделігіне, жауап беру тәсіліне сәйкес иммунитет бірнеше түрге бөлінеді (8.4-кесте).

Кесте 8.4.

Иммунитет түрлерінің жіктелуі.

Иммунитет
Түрлік (тумысынан,түқымқуалаушылық, генетикалық, конституционалдық) Жүре пайда болған
Белсенді (табиғи, жасанды) Енжарлы (табиғи, жасанды)
Гуморалдық Жасушалық
Жергілікті Жалпы
Стерилді Стерилді емес
Антитоксикалық Бактерияға қарсы Вирусқа қарсы Саңырауқұлақтарға қарсы Ісіктерге қарсы Трансплантациялық Гельминттерге қарсы  

Түрлік, тумысынан пайда болған, немесе тұқымқуалаушылық, генетикалық, конституционалдық иммунитет- филогенез процесінде бекітілген, ұрпақтан ұрпаққа тараушы түрлік, не дербестік антигеннің бір түріне сол организмнің биологиялық ерекшеліктерімен, антигеннің қасиетерімен, сонымен қатар орлардың қарым-қатынасына негізделген иммунитет. Мысал ретінде адамның мал ауруының кейбіреуіне сезімталсыздығын келтіруге болады (қара малдың обасы, жылқының шешегі). Түрлік иммунитетің негізінде бірнеше себептері болуы мүмкін – біріншіден, антигендердермен алғаш кезедесіп, байланысқа түсіп, патологиялық процесті, не иммунитетті іске қосуды қамтамасыз ететін рецепторлық аппараттың кейбір түрлерінің жоқтығы. Сонымен қатар, организмде антигеннің жедел бұзылуын (мысалы, ферменттермен), не организмде микроботардың қонақтап өсіп-өнуін қолдайтын жағдай болмауынтар аѓзада антигенніњ жедел, мысалы феременттермен, б±зылуын не аѓзада микроботар ќонаќтап µсіп-µнуіне естен шығармау керек. Қорыта келгенде, оның негізінде жануар түрінің генетикалық ерекшелігі, ал нақтылы айтқанда сол антигенге иммундық жауап беретін геннің жоқтығы.

Түрлік иммунитет абсолюттік және арақатыстық болуы мүмкін. Мысалы, әдетте сіреспе микробының токсиніне бақа сезімталсыз. Егерде бақаның денесін қыздырса оған сіреспе жұғады. Осындай мысалдардың бірталайын келтіруге болады.

Жүре пайда болған иммунитет - ол адамның және жануардың онтогенез кезінде табиғи, немесе жасанды жолмен антигенмен кездесуінің нәтижесінде пайда болып, сол антигенге қарсы тұрақтылық туғызады.

Табиғи (жаратылыстық) және жасанды түрде пайда болған иммунитет белсенді және енжарлы болып бөлінеді. Егерде тұрақтылыққа ағзаның механизімдері кірісіп антигенге қарсы заттар өндіріліп шықса оны белсенді дейді, ал организмнің тұрақтылығына дайын факторлар (иммундыглобулиндер, иммундық қан сарысуы, иммундық лимфоциттер) сырттан еңгізілсе ол «енжарлы» иммунитет деп аталады. Табиғи жүре пайда болған белсенді иммунитет жұқпалы аурумен ауырып сауыққаннан кейін пайда болады. Табиғи жүре пайда болған енжарлы түрі жаңа туған перзентетердің ананың жатыра арқылы алынған антигенге қарсы иммунитет факторларына негізделген. Жасанды жүре пайда болған белсенді иммунитет деп вакцина егілгеннен кейін пайда болған түрін айтады. Жасанды жүре пайда болған енжарлы иммунитет дайын иммунитет факторларын(иммундыглобулиндер, иммундық сарысулар) организмге еңгізгенде құрылады.

Иммунитеттің құрылуына жасушалық және гуморалдық факторлар қатынасады. Сондықтан, белсенді иммунитет құруға қандай факторлар басым кірісуіне сәйкес (жасушалық, не гуморалдық) жасуша-гуморалдық және гуморалды-жасушалық болып бөлінеді.

Жасушалық иммунитеттің көрнекті мысалы - ісікке және трансплантантқа қарсы түрі, өйткені басты рөлді цитотоксикалық Т-киллер-лимфоциттер атқарады. Токсинемиялық ауруларда (сіреспе,ботулизм, күл) иммуниеттің негізінде антиденелер басым (антитоксикалық антиденелер); түберкулезде бастаушы рөлді иммунитетке жауапты жасушалар (лимфоциттер, фагоциттер) арнайы антиденелермен қосылып атқарады. Кейбір вирустық ауруларда (қара шешек, қызылша, т.б.) тұрақшылықты арнайы антиделер негіздеп, жасушалық факторлармен жалғастырылады.

Айта кететін жағдай, иммунитеттің жасушалық және гуморалдық фактолары бірлесіп қоян-қолтық іс атқарады. Соның нәтижесінде күрделі қосынды жауап туады, бірақ, қалай да болмасын, қандай фактор бағытталған сапалы іс атқарса, соның іс-әрекеті үстемдеу келеді.

Жұқпалы не жұқпалы емес ауруларда иммунитетке толық сипаттама беру үшін антигеннің тегіне және қасиетіне қарай иммунология тарабында төмендегідей терминдер қолданылады: антитоксикалық, вируске қарсы, саңырауқұлақтарға қарсы, бактериаларға қарсы, қарапайымдарға қарсы, траснплантациялық, ісіктерге қарсы және тағыда басқа түрлері.

Қорытып айтқанда, белсенді иммунитет ағзада антигеннің жоқ кезінде және бар кезінде де сақталуы мүмкін. Бірінші вариантында антиген иммунитетті іске қосу рөлін атқарып стерилді иммунитет туғызады, ал екінші вариантында иммунитет стерилді емес деп аталады. Стерилді иммунитет- әртүрлі вакцина еккенде, ал стерилді емес- түберкулезбен ауырған кезде байқалады, себебі стерилді емес иммунитет тек қана организмде түберкулез таяқшалары бар кезде ғана сақталады

Тұрақтылықты камтамасыз етудің көлеміне сәйкес иммунитет жалпы (бүкіл денені корғайды) және жергілікті (мысалы, тыныс алу жүйесінің жоғарғы бөлімінің шырышты қабығының иммунитеті) түріне бөлінеді.

8.2. Ағзаның бейспецификалық тұрақтылығының факторлары

Ағзаның бейспецификалық тұрақтылығын сақтауда тері, шырышты қабықша, ферменттер, фагоциттер, комплемент, интерферон, және қан сарысуының тежеуші ақуыздары негізгі рөл атқарады. Олардың жұмыс атқаруы механикалық, физика-химиялық және иммундыбиологиялық факторларының қатынасуымен өтеді..

8.2.1. Тері және шырышты қабықшалар (механикалық қорғаныс)

Сау терінің көпқабатты эпителясы микробтар мен макромолекулалар үшін механикалық кедергі болып саналады. Бірақ, микрожарақат, жәндіктер шаққан орын, күйікке шалдыққан тері және шырышты қабық микробтар мен макромолекулалардың адам денесіне өту мүмкіншілігін тудырады. Вирустар мен бактерияның кейбір түрі макроорганизмдерге жасуша арсындағы саңлау, жасуша арқылы, не фагоциттердің көмегімен шырышты қабықтан ағзаға енуі мүмкін.

8.2.2. Физикалық-химиялық корғаныс

Таза және зақымдалмаған теріде микробтар саны аз, өйткені тер және май бездері бактериоцидтық заттарды (сірке, құмырсқа және сүт қышқылдары) үнемі шығарып отырады. Ауыз қуысы арқылы енген бактериаларға, вирустарға, антигендерге асқазан күрделі кедергі жасайды, өйткені олар асқазанның қышқыл сұйығымен, ферменттермен залалдансыздырылады. Ішекте залалдансыздыру факторларына ішектің калыпты микробтары бөліп шығаратын ферменттер, бактериоциндер, трипсин, панкреатин,липаза, амилаза және өт жатады.

8.2.3. Иммундыбиологиялық қорғаныс


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: