Аутоиммунды аурулар

Аутоиммунды аурулар (аутоагрессиялы аурулар) – патогенезінде аутосенсибилизация шешуші рөл атқаратын аурулар (11.2-кесте).

Аутоиммунды реакция және аутоиммунды ауру түрі болады. Олардың механизімінің негізінде иммундық жүйе факторларының бойдағы калыпты жасушалар және тіндермен байланысуы жатады. Аутоиммунды ауруларға иммунды кешенді аурулар да жатады.

Аутоиммунды реакциялар калыпты жағдайда сау адамдарда және патологияда байқалады. Сау адамның бойында жүретін аутоиммунды реакция кажетті процестің бір түрі, өйткені сол процесс арқылы организм өлген, ескірген, өзгеріп керексіз болған жасушалардан үнемі арылып отырады.

Аутоиммунды ауру, немесе аутоаллергия сирек кездеседі. Процестің негізінде калыпты жағдайда болмайтын «тыйым салынған» иммундыкомпетентті жасушалардың клоны пайда болып, олар меншікті қалыпты жасушалар және тіндермен қарым-қатынасқа түсіп соның нәтижесінде аутоиммунды көрністің пайда болуы жатады. Мұндай жағдай, мысалы, дәрі қабылдағанның себебінен болуы мүмкін.

Аутоиммунды аурулардың органспецификалық, органбейспецификалық және араласқан түрі бар. Органспецификалық деп аутоантиденелердің ортақ антигендері бар жасушалар, немесе тіндермен байланысу зардабынан туған ауруларды айтады (Хашимото тиреоидиты, біріншілік микседема, тиреотоксикоз т.б.). Органбейспецификалыққа аутоантиденелердің қайшылас антигедері бар әр түрлі жасушалар, тіндермен байланысуынан пайда болған аурулар жатады (жүйелік қызыл жегі, ревматоидық артрит). Араласқан түрде екі механизм қатарлас жүреді.

Организмде аутоантиденелердін табылуы барлық аурудың дәләлі болмауы мүмкін, өйткені калыпты жағдайда организмде аутоантиденелер табылады. Олардың ауруға себепкер екенін дәләлдеу үшін арнаулы тәсілдер қолданылады. 11.2-кестеде адамның аутоиммунды ауруаларының тізімі келтірілген.

Кесте 11.2.

Аутоиммунық аурулар.

Иммундыпатологиялық табиғаты дәлелденген аурулар. Иммундыпатологиялық табиғаты дәлелденілмеген аурулар.
Жылылық аутоантиденелерге негізделген гемолитикалық анемия Бауырдың біріншілік билиарлық циррозы
Суықтық гемагглютининді гемолитилитикалық анемия Карапайым үлдірек және пемфигоид
Иммунологиялық негіздегі бедеулік Идиотипті Аддисон ауруы
Хашимото тиреоидиті Идиотипті гипопаратиреоз
Иммунды тромбоцитопения Вакцинадан кейінгі энцефалит
Суықтық гемоглобинурия Түйінді периартериит
Симпатикалық офтальмия Дерматомиозит немесе полимиозит
Пернициоздық анемия Склеродермия
Қан ұйуының аутоиммундық бұзылуы Бейспецификалық ойық жаралы колит
Белсенді созылмалы гепатит   Гипертиреоз
Жүйелік қызыл жег
Ревматоидтық артрит
Созылмалы гломерулонефрит
 

11.4.3. Аллергиялық аурулар

Ағза антигенмен бірінші кездескенде антидене және сенсибилизацияланған лимфоциттердің құрылуымен жауап қайтарады. Антиген сол ағзаға кайталап еңгенде сол антиденелер және сенсибилизацияланған лимфоциттермен байланысқа түседі. Реакция антигеннен арылуға бағытталған, бірақ кейбір кезде реакция патологиялық жағдайға соқтырады. Иммунды жауап калыпты деңгейден асқанда патологиялық процесс туады. Тұлға антигенге көтеріңкі жауап берген кезде аллергия көрнісі пайда болады.

Аллергия төрт түрге бөлінеді. Клиникалық тәжрибеде ол өте маңызды. Күнделікті жағдайда аллергияның жекеленген түрі сирек кездеседі. Әдетте аралас, немесе бір түрі екіншіге айналатын жағдайлары жиі, кездеседі.

11.4.3.1. I-типтес реакциялар (анафилактикалық)

Анафилаксия пайда болу үшін спецификалық цитофилді антиденелер (IgЕ) мен жасушалар қажет. Оның көрнісіне сәйкес жергілікті (тері, шырышты қабық) және жүйелік (анафилактикалы шок) реакциялары бар. Жергілікті түрдің клиникалық сырқаттарына уртикарлық бөртпе, вазомоторлық тымау, бронхиалдық демікпе, не ішек жұмысының бұзылулары жатады. Базофилдер мен тін базофилдерінің аллергияның осы түріне белсенді қатынасы бар болғандықтан, және де олар ағзаның барлық бөлімінде кездесетіндіктен анафилактикалы реакция барлық органдарда өтуі мүмкін (16-сызбанұсқа). Адам организмінің бронхалары мен артериолалары анафилаксияның органдары деп атайды. IgE қоздыратын адамның анафилактикалы реакциялар түріне бронхиалдық демікпенің ұстауы, шөп безгегі, қышыма, сона, не ара шағуы жатады. Табиғи шығу тегі әртүрлі заттар анафилаксия қоздыруға себепкер болады (11.3.-кесте)

Кесте 11.3.

Анафилаксия тудыру қабілеті бар заттардың мысалдары.

Ксеногенді сарысулар Антилимфоцитарлық сарысу Сіреспеге қарсы сарысу Күлге қарсы сарысу Ақуыздан тұратын басқа препараттар
Өсімдік  
Табиғи улар Араның уы Сонаның уы Жыланның уы
Емдеу препараттары Антибиотиктер (пенициллин) Салицилаттар Ақуызды гормондар Вакциналар (қызылшалық, тымаулқ)

11.4.3.2.II-ші типтес реакциялар (гуморалды цитотоксикалық)

II-типтес аллергиялық реакциялар антиденелердің жасушаның беткейлік антигендерімен немесе жасуша беткейіне екіншілік ретте жабысқан антигендермен тікелей байланысуына негізделген (17-сызбанұсқа). Шешуші рөлді комплементті белсендіретін IgG1-3, IgМ антиделері атқарады. 11-ші типті аллергияға дәріге қарсы аллергияны жатқызуға болады. Өйткені дәрі антигендері қан түйіршіктерінің бетіне орналасады. Соның әсерінен гемолитикалық анемия, лейкоцитопения, тромбоцитопения, агранулоцитопения аурулары дамиды. Басқа тұлғаның эритроцитетеріне қарсы бағытталған реакцияны изоиммунды, меншікті эритроциттерге бағытталғанды аутоиммунды реакция деп атайды. Әрбір адамның қан сарысуында, қан ұйыту жүйесінің құрамында жоқ антигенге қарсы жоғары концентрциядағы антиденелер бар. Сәйкес емес қан құйылғанда сол антиденелер цитотоксикалық реакция туғызып эритроциттерді ерітеді. Қайталап жүкті болған кезде резус оң нәрәстеге резус теріс ананың қанында антирезустік IgG құрылады. Ол антидене плацентадан өту мүмкіншілігі боғандықтан нәрестенің эритроциттеріне цитотоксикалық әсер етіп оларды жояды. Бұл көрніс нәрестеде гемолитикалық аурудың дамуына тікелей себепкер болады. Аутоиммунды гемолитикалық анемияда меншікті эритроциттерге қарсы құрылған антиденелер комплементтің көмегімен эритроциттерді ерітеді. Кейбір дәрі түрлері эритроциттерге қонуға ықшам тұрып, соларға қонған кезде иммуноген ретінде гемолитикалық анемия туғызады. Айтылған әсері бар препараттарға хинин, пенициллин, цефалоспорин, сулфаниламидтер т.б. жатады. Аталған механизіммен қанның басқа элементтері де цитотоксикалық көрніске душар болады (агранулоцитоз, тромбоцитопения).

11.4.3.3. III-ші типтес реакциялар (иммундыкомплекстік)

Иммунды процестің заңдылық ережесіне сәйкес организмде антигендердің қан айналымындағы концентрациясы төмендеген уақытта антиденелер көбейеді. Егерде антиденелер қан айналымына түскен кезде антигендердің концентрациясы мол болса антиденелер олармен байланысқа түсіп иммунды комплекс құрады. Ол кешендер тіндерде іркіледі. Олардың зиянды улы қасиеті болғандықтан, күрделі механизмді комплемент, антиденелердің IgМ, IgG1-3 сыныптары қатынасуымен, биологиялық белсенді заттардың шығуымен, комплекс орналасқан жерде қабыну процесі туады (18-сызбанұсқа). Аллергияның осы түріне клиникалық көрнісі бойынша Артюс феномені, қансарысулық сырқат, гломерулонефрит жатады.

11.4.3.4. IV-ші типтес реакциялар (Т-лимфоциттердің жанамасымен)

Бактериялардың, саңрауқұлақтардың, вирустардың, қарапайымдылардың жасуша ішіндегі антигендерге, бөгде тін антигендеріне (трансплантаттардың), табиғи және синтетикалық гаптендерге (дәрілер, тағам бояулары т.б.) иммундық жауапта Т-лимфоциттер демеліп басты рөлді атқарады. Т-лимфоциттер гиперсезіталдықтың баяу түріне жауапкер болғандықтан, төменгі салмақты молекуласы бар заттар Т-лимфоциттер жанамасы арқылы аллергияның 4-ші түрін туғызады.Аллергияның даму механизімінде Т-лимфоциттер түрлі медиаторларды бөліп шығарып, цитотоксикалық зақымдалуды күшейтеді. Аллергияның осы түрін аллергендердің өте төмен өлшемі туғызады. Аллергияның морфоклиникалық көрнісі 24-48 сағаттың арасында пайда болады. Мысал ретінде туберкулин реакциясын келтіруге болады. Аллергияны төменгі салмақты молекуласы бар заттардың тудыратын себебі, олар организмде оның меншікті ақуыздарымен байланысып, толық бағалы антигендерге айланып гиперсезімталдықтың баяу түрін іске асырады (19-сызбанұсқа).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: