double arrow

Иммундыкоррекция

Иммунды тапшылықтың зардабынан түрлі жұқпалы аурулар пайда болады. Ондай аурулардың алдын алу, не болмаса емдеу үшін химиалық препараттар қолданылады. Кыйыстырылған ауыр иммунды тапшылық балаларда болған кезде тар спектрлі антибиотиктерді қолданады. Емдеу уақыты жылдарға созылуы мүмкін.

Иммундық жүйенің функционалдық қабылетін қалпына келтіруге оның орнын баса тұратын емдеу, яғни организмге иммундыглобулиндерді жіберу, айырша безді, сүйек майын эмбрионалдық айырша безімен және сүйек майымен ауыстыру қолданылады.

Иммундық жүйенің ісін үдету, не тежеу үшін спецификалық немесе бейспецификалық препараттардың көмегімен иммундыкоррекция жүргізіледі.

Иммундыкоррекция, немесе иммундымодуляция иммундық жүйенің іс ақаулығына байланысты пайда болған аурулар мен жағдайлардың емдеуін, не алдын алу тәсілдері мен әдістерін зерттеп табатын микробиологияның клиникалық бөлімі.

Иммунды статусқа әсер ететін, иммундыкоррекция, немесе иммундымодуляция үшін колданылатын препараттар иммундымодуляторлар деп аталынады. Осы заманда иммундымодуляторлардың медицина тәжірибесінде қолданылатын жүздеген түрлері әйгілі. Олар иммунитетке әсер ету бағыты мен сипатына сәйкес жіктеледі (11.5-кесте).

Табиғаты және шығу тегіне қарамастан барлық иммундымодуляторлар демеулік (стимуляторлық) және тежеулік(супрессорлық), белссенді және енжарлы, спецификалық және бейспецификалық әсер етеді. Шыққан тегі эндогендік, немесе экзогендік болады (11.6-кесте). Эндогендіктерге организмнің өзі бөліп шығарған, әр тәсілмен иммунды процеске қатынасатын заттар жатса, экзогендіктерге организмге тыстан кіретін бөгде заттар жатады. Иммундымодуляторлардың табиғаты және тегі негізінде сыныпталуы 11.6-кестеде көрсетілген. Эндогендік иммундымодуляторлардың қатарына спецификалық және бейспецификалық иммунитет қатынасатын иммундыцитокиндер, иммундыглобулиндер, басқа иммундыреагенттер жатады. Эндогендік иммундымодуляторлар калыпты жағдайда иммуногенездің табиғи процестерін реттейтін заттар болғандықтан олар организм үшін гомологиялық, яғни бөгделігі жоқ болып табылады. Экзогендік иммундымодуляторларға иммундық жүйеге әсер ететін органикалық, бейорганикалық, немесе құрылысы анықталмаған күрделі заттар жатады. Экзогендік иммундымодуляторлар түгелінен организмге бөгде заттар. Олар организмге кездейсоқ, не «арнайы» емдеу, немесе алдын алу үшін препараттар қолданылғанда сырттан енеді. Шығу тегі мен көзіне қарамастан эндогендік және экзогендік иммундымодуляторлардың иммундық жүйеге спецификалық және бейспецификалық, демеуші (стимуляциялы) және тежеуші (супрессорлы) әсерін тигізеді. Иммундымодуляторлардың кейбір түрі гендік инженерия тәсілімен жасанды түрде алынып, медицина тәжірибесінде колданылып жүр.

Иммундымодуляторлардың иммундық жүйеге әсер ету механизімі әр салалы. Біреуі В-жүйесіне (сүйек майының пептидтері), екіншісі Т-жүйесіне (тимустың пептидтері), үшіншісі А-жасушалық жүйеге (ЛПС), төртіншісі Т-, В-, және А-жүйеге ынтымақтасып (мурамилпептид және одан шыққан заттар) әсер ете алады. Бірақ, соған қарамастан әр иммундымодулятордың тек өзіне тән иммунды процестің белігілі бір үзіміне үстемді әсер ететін қабілеті бар. Мысалы, бірі сүйек майының жүйелік жасушасына басты әсер етсе, басқалары иммундыкомпетентті жасушаларға, немесе иммундыглобулин жасалуына әсерін тигізуі мүмкін. Иммундымодуляторлардың әсер ету механизімі бойынша жіктелуі 11.7-кестеде келтірілген.

Жетік иммундыкоррекцияның басты мақсаты организмнің иммундық жауап беру қабілетіне бағыттап әсер ету, яғни сырт көрністерге сәйкес иммундық жүйені белсендіру, немесе тежеу. Мысалы, ағза жұқпалы аурулардың микробтарына қарсы иммунитет құру үшін иммундық жүйені вакцинаның көмегімен белсенедіреді, ал енжарлы иммунитетті иммунды сарысуды, немесе иммундыглобулиндерді қолдану арқылы құрады. Аллергиялық, не басқа иммунопатологиялық жағдайларда иммундық жүйені тежеу қажет болған кезде иммундыдепресанттарды қолданады. Сонымен қатар иммундыдепресанттар тін, не орган транасплантациясында қолданылады. Антигенспецификалық демеудің (стимуляцияның) және тежеудің (супрессияның) өте зор маңызы бар. Клиникалық тәжірибеде тиісті шектеу болатындықтан емдеудің негізгі тәсілі бейспецификалық иммундыкоррекция болып табылады.

Иммундыкоррекцияның нәтижелі болуы иммунды жауаптың ерекшелігіне байланысты.

Иммундыкррекцияны сапалы тағам, витаминдер мен микроэлементтер жеткілікті мөлшерде қабылданған кезде ғана қолдану керек. Организмді ауыр металдардың тұздарынан, антигендерден, радионуклидтерден, нитраттар мен нитриттерден арылтатын энтероадсорбенттерді қолдану иммундыкоррекцияның маңызды бөлігі болып саналады.

Иммундыкоррекцияның басты принциптері төменгідей:

12. Иммундыколррекцияны тек қана иммундық жүйенің жағдайын анықтағаннан кейін, яғни иммунитеттің функционалдық қызметінің жетіспеушілігін анықтағанан кейін қолдану керек.

13. Иммундық емдеуді міндетті түрде клиникалық көрніспен өтетін иммунды статустың ақаулығында ғана колдану қажет.

14. Иммунды емдеу барысында иммунды статус деңгейі бақылауда болуы керек.

15. Иммундыдуляторлар иммунды тапшылық туғызатын заттардың әсерінің алдын алу үшін колданылуы қажет.

Кесте 11.5.

Иммундымодуляторлардың әсер ету бағытына және сипатына негізделген


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: