Кіріспе 2 страница

Қазіргі уақытта әртүрлі технологияны сипаттайтын интенсивтік, индустриалдық, өндірістік деген бірқатар терминдер кездесіп жүр. Бір есте ұстайтын жәйт, индустриалдық және өндірістік - синоним сөздер, бір мағына, түсінік береді. Индустриалдық (өндірістік) технология осы заманғы өнеркәсіптің заңдылықтарына құрылған және қазіргі техникаға негізделген үздіксіз (толассыз) өндірісті қосады, соған қоса жүйелі механикаландыру жаңа сапалы кезеңге көтеріледі, әрбір операциянын минимальды дәрежеде және ең қажетті әдістер ғана қолданылады, мұның бәрі материалдық еңбек және энергетикалық ресурстарды барынша үнемдеуге бағытталған.

Сөз жоқ, операциялық технологияны әрбір алқап үшін жеке жасау керек, алайда көп дақылдарға, аймақтың алқаптарына ортақ әдістер де бар. Солтүстік Қазақстан үшін осындай ортақ әдіске жел және су эрозияларынан қорғауға мүмкіндік беретін эрозияға қарсы шаралар және машина мен құралдарды қолдану жатады.

Технологияға қойылатын жалпы талап барлық операцияларды жоғары сапада жүргізу, барлық технологиялық операцияға жұмсалтын еңбек шығынын азайту, жұмыс органдары реттелген қазіргі заманғы машина мен құралды пайдалану болып табылады. Топырақты негізгі өңдеу алдында — алқаптардағы сабанды тиянақты жинау, топырақты аудара жырту мен сыдыра жыртқыштармен топырақ қопсытуды сапалы өткізу, фосфор, калий тыңайтқыштарын және азот тыңайтқыштарының бір бөлігін
күзде топыраққа енгізу, қалған бөлігін көктемде себер алдындағы өңделетін топыраққа және үстеме қоректендіру арқылы пайдалану есте болу керек. Сонымен, интенсивті технологияны қолдану технологиялық картаны жасауға тыңғылықты негізбен барлық операцияларды сақтауды қарастырады, алайда жекелеген жағдайларда операциялық технология нақты жағдайдың өзгеруіне байланысты толықтырылады, немесе түзету енгізіледі, ол технологиялық картада қарастырылмауы да мүмкін, бірақ
кенеттен зиянкестер мен аурулар немесе жаппай егістің арамшөптермен ластануына қарсы т. б. қосымша шараларды, технологиялық картада қарастырылмаған, жүзеге асыруға тура келеді..

Интенсивті технология индустриалды (өндірісітік) технологияның барлық элементтерін қамтиды, бірақ бірқатар басқа да элементтерді қамтиды, сондықтан оны индустриалдық пен салыстырғанда технологияның жоғары формасы деп санайды.

Басты айырмашылығы — интенсівті технология дақылдың, сорттың биологиясын жете біле отырып өсімдіктің өсуі мен дақыл дамуын басқаруды өнімдерді бағдарлаудың негізгі элементтерін қолдануды, өнім дәрежесін ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай бағдарлауды, ал суармалы жерлерде — оптималды суару нормасын қамтамасыз етуді, тыңайтқыш нормасын бағдарлаған өнімге есептеп топыраққа енгізуді, өсіп-өну кезінде үстеп қоректендіру және зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес шараларын қарастырады. Сонымен, интенсивті технология — екпе дақылдарды өсірудің барлық кезеңдерінде ғылым мен техника жетістіктерін жүйелі пайдаланудың сапалы түрдегі жоғары сатысы.

Әрбір технология, қазіргі заманғы түсінік бойынша интенсивті деп атауға болса, мына негізгі элеметтерді қамтуға тиіс:

1. Интенсивті түрдегі арнаулы мал азықтық ауыспалы егіс жүйесінде әрбір дақылды ол үшін ең жақсы алғы дақылдан кейін орналастыру.

2. Нақты топырақ-климат жағдайларына сәйкестендіріп ФАР кірісі мен оны пайдалану коэффициентін еске ала отырып дақылдың немесе сорттың потенциалды мүмкіндіктерін анықтау.

3. Табиғи ылғалмен қамтамасыз етілетін құрғақшылық аймақ жағдайында өнім дәрежесін ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай анықтау керек, суармалы жағдайда өсімдікті ылғалмен оптималды мөлшерде қамтамасыз ету қажет.

4. Топырақтағы қоректену элементтерінің мөлшері мен қоректік заттарға өсімдік қажетсінуін ескере отырып бағдарланған өнімге ескерген нормада өсімдіктерді минералды қоректену элементтерімен қамтамасыз ету, мұның өзі өсімдік және топырақ диагностикасын ескере отырып өсіп-даму кезеңінде азот тыңайтқышын бөлшектеп енгізу жолымен бағдарланған өнім алуды қамтамасыз етеді.

5. Өсімдік өсіп тұрған алқапта оптималды сабақ жиілігін қамтамасыз етудің нәтижесінде осы жағдайда барынша жоғары мүмкін өнімді әперетін фотосинтетикалық потенциал қалыптастыру қажет.

6. Ылғалдалу мен тыңайтқыш енгізуге жақсы қайырылатын жоғары өнімді дақылдар мен интенсивті түрдегі аудандастырылған сорттарды өсіру, табиғи ылғалдану жағдайына сәйкес келетін, әрі құрғақшылыққа төзімділігі жоғары дақылдар мен сорттарды таңдап алу.

7. Арамшөптен, зиянкестер мен аурулардың өсімдіктерді қорғаудың интегралды жүйесін пайдалану, қажетті жағдайда өсімдіктің өсуін ретарданттар және десиканттармен реттеу.

8. Барлық өсіру технологияларын топырақты эрозиядан қорғау және топырақ құнарлылығын жылдан жылға арттыру, ылғалды жинау, сақтау және тиімді пайдалану, өсімдіктердің өсуіне ең қолайлы жағдай жасау және осы жағдайларда максималды мүмкін өнім дәрежесін құрастыруға бағыттау.

9. Әрбір дақылға, сортқа, алқапқа технологиялық карталар жасау керек, оларда алқаптың барлық бастапқы жағдайлары- құнарлылығы арамшөптің барлығы, топырақтың 1 м қабатындағы қорлық тиімді ылғалы, алқаптың тарихы (алғы дақылдары, олардың өнімі, топырақты өңдеу, тыңайтқыш енгізу т. б.) дақылдар мен сорттардың биологиялық және потенциалдық мүмкіндіктерін, олардың агротехникалық тәсілдерге реакциясын, техниканы және барлық процестерді аксималды механикаландыруды есепке алып оны қолданудың тиімді әдістерін, тұқым, топырақ дайындаудан бастап егін жинау мен мал азығын дайындаумен аяқтау қажет.

10. Барлық операцияларды дер кезінде және сапалы түрде технологиялық картаға сәйкес өткізу керек, қалыптасқан метеорологиялық және басқа бірқатар жағдайларға байланысты операциялық технологияға өзгерістер енгізу, технологиялық картадағы кейбір операцияларды шығарып тастап, немесе керісінше, басқа қажетті деп табылған операциямен айырбастаған жөн.

Интенсивті технологиялардың тағы бір жағы — өнімді құрастыру мүмкіндіктерін басқарумен байланысты сұрақтар — бұл өнімді бағдарлау ғылымының ауқымы. Жоғарыда келтірілген материалдар бізге мынаны айтуға толық негіз береді: өнімді бағдарлауды интенсивті технологияның теориялық негізі деп қараған жөн, мұны білу мен қолдану маманды-агрономды бағдарланған өнім дәрежесі мен топырақ құнарлылығына байланысты тыңайтқыш нормасын есептеуде практикалық әдіспен қаруландырады, өнім дәрежесін ылғалмен қамтамасыз етілуіне байланысты есептеу, ал суармалы жағдайда оптималды суару нормасын есептеу, күтіліп отырған тұқымның далалық өнгіштігі мен өсімдіктің сақталуын есептей келе оптималды сабақ бітіктігі жиілігін есептеу және нақты жағдайда тұқымның аз мөлшерін жұмсап оптималды сабақ жиілігін алу, агротехниканың басқа да әдістерін комплексті шешуді қарастырады.

Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын интенсивтендіру интенсивті технологияны игеруден басқа да бірқатар негізгі сұрақтарды шешуді қарастырады — егістік алқаптардың құрамын жетілдіру, әрбір шаруашылыққа, бригадаға тиісті танаптық және мал азықтық ауыспалы егісті таңдап алу қажет, мұның өзі өсімдік шаруашылығы өнімдерін қажет мөлшерде өндіруге мүмкіндік берер еді:

- өнімді дақылдардың егістік ауданын кеңейту, ал суармалы жерлерде оған арнаулы мал азықтық ауыспалы егіс кіргізу;

- суармалы жерлерде аралық дақылдарды (қайталама) қолдану;

- екпе және мал азықтық дақылдарды өсірудің прогрессивті технологияларын қолдану, өнімді жинап алғаннан кейінгі өңдеу, шығынды азайтуға мүмкіндік беретін мал азығын дайындау мен сақтау.

Нақты топырақ — климат жағдайында интенсивті технологияны зерттеу және игеру қазіргі кезеңде маңызды рөл атқарады.

2–дәріс (3).

Егістік дақылдар өнімділігін жоғарылатуда тұқымның ролі және тұқымтанудың ғылыми негіздері

1. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдық материалына сипаттама.

2. Тұқымның биологиясы

3. Тұқым сапасына экологиялық және агротехникалық жағдайлардың әсерлері

Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі тұқымнан басталатындығы ежелден белгілі ақиқат: егер аңызға сапасыз тұқым себілсе, ол жағдайды түзете алмайды. Мұндай жағдайда топырақ өңдеу де, тыңайтқышты қолдану да, егістікке жасалған күтім де, жауын-шашын да, құр босқа зая кетеді.

Тұқымдық дән өзінің үш сапасымен ерекшеленеді: себу сапасы — олардың себуге жарамдылық дәрежесін анықтайтын тұтас тұқымдық қасиеттері; сорттық сапасы — сорттық тазалығына, репродукциясына және типіне (үлгісіне) койылатын, талаптарға сәйкес келеді; өнімділік сапасы — нақты жағдайларда белгілі бір мөлшерде өнім беру кабілеті.

Тұқымтану — тұқым туралы ілім. Ол мәдени өсімдіктер тұқымдарын, олардың құрылысы мен аналык өсімдікте пайда болу жағдайларын, түқымдағы физиологиялық процестерді, сыртқы орта мен агротехникалық шаралардың тұқым құрылуына әсерін, тұқымның егістік сапасын анықтау әдістерін оқытады.

Тұқымтану тұқым сапасы мен қасиеттерін бағалауды, жоғары сапалы тұқымдық материалды өсіру жағдайлары мен зерттеу әдістерінің ғылыми негізі болып табылады, қысқасы ол өсімдік шаруашылығының қүрамды бө-ліғі мен теориялық негізін қүрайды. Ол ботаника мен, өсімдіктердің биохимиясы мен физиологиясы жоне басқа көршілес агрономиялық пәндермен тығыз байланысты.

Тұқымның қалыптасуы, толысуы, пісуі. Гүлдену уақытынан өсімдіктердің жыныстық даму кезеңі басталады, бұл кезде тозандану мен ұрықтану өрбиді, мұның өзі көп жағдайда тұқым сапасын анықтайды.

Тұқым мен жемістер өсімдік дамуының эмбриональдық кезеңін қамтиды. Тұқым (жеміс) пайда болғаннан бастап піскен уақытқа дейін күрделі құбылыстарға үшырайды және оларды даму фазалары деп атайды.

Тұқымдар мен жемістердің пайда болуы мен дамуындағы бүкіл физиологиялық процесс кезеңдерге, фазалар мен дәуірлерге бөлінеді. Дәнді дақылдар жемістерінің бүкіл пайда болу мен даму процесін үш кезеңге біріктіруге болады: қалыптасу, толысу және пісіп жетілу. Кезендер даму фазаларына және балауызданып пісуден бастап дәннің пісу дәуіріне бөлінеді Тұқымның қалыптасуы үрықтанғаннан кейін басталады да түқым ұзындығы әбден белгіленгенге дейін созылады. Бұл кезецнің ұзақтығы ауа райына, дақылдарға, сорттарға байланысты шамамен 10-14 күнге созылады. Бұл уақытта тұқым негізінен үзындығына өседі, дәннің барлық бөліктері қүралады да ұрықтың дербестелінуімен аяқталады. Дәннің ішіндегісі сулы жағдайдан сүтті күйге айналады, өйткені эндоспермада крахмал дәндері болады және дән қабығы жасылданады (хлорофилл молаяды).

Тұқымда ажырамайтын су көп те құрғақ заттар аз, бұл кезеңнің аяғына қарай толык пісудің 15-35 % құрғақ заттары жинақталады. Тұқым ылғалдылығы қалыптасуының бас кезінде 80 % шамасында, ал соңына қарай 65 % дейін төмендейді. Эндосперм куйіне сәйкес бүл кезеңді екі фазаға бөлуге болады: қоймалжың-сұйық және сүттену алдындағы күйлері.

Тұқымның (дәннің) толысуы қоректік заттардың қарқынды түрде жинақталуымен сипатталады. Азотты заттар амин қыш-қылдары мен төменгі молекулалы белоктар түрінде жинақтала-ды, углеводтар — сахароза мен глюкоза-фруктоза түрінде және крахмал синтезделеді, ал май синтезі өте аз болады. Түқым бұл кезеңде негізінен ұзындығы мен көлденеңіне барынша үлғайып өседі, эндосперм ткандары толығымен құралады. Қүрғақ заттардың молаюына байланысты (толық пісудегі мөлшердің 85-90 %) тұқым ылғалдылығы 40 %-ке дейін төмендейді. Бүл кезеңнің үзақтығы 20 кундей, бірақ ауа райы қүрғақ әрі ыстық болғанда 12-15 күнге дейін қысқарады да, күн салқын әрі ыл-ғалды болғанда 25-30 күнге дейін созылады. Бұл кезеңді екі фазаға ажыратуға болады: сүттене пісу — дәннің консистенциясы сүт тәрізді ақ масса, қабығы жасыл түсті, қамырлана пісу — эндосперм қамыр түстес күйге ие болады, дән қабығы сарғыштала бастайды, өйткені хлорофилл жоғалады (ол тек қана дән тілігінде сақталады). Өсімдік сарғая бастайды, жасыл түс жоғарғы жапырақтар мен масақша қабыршағында ғана сақталады.

Тұқым дамуының үшінші кезеңі — пісіп жетілуі —-дәннің толысуы аяқталғанша басталады. Бұл кезеңде пластикалық заттардың жүруі әлі тоқтамайды (10-15 %), бірақ оның интенсивтілігі төмендейді және балауызданып пісудің ортасына қарай толық тоқтайды. Тұқымдарда (дәндерде) полимеризация және кебу процесі жүреді де пластикалық заттар қорға айналады. Мәселен, алейрон дәндері мен клейковиналы белоктар түзіледі, қорлық крахмал синтезделеді. Тұкым аналық өсімдіктен бөліне бастайды, бүл кезде оның ылғалдылығы сыртқы ортаға байла-иысты. Күндіз, әсіресе тал түсте тұқым құрғақтау болады, ал кешке қарай және түнде олар ылғалданады. Сондықтан тұқыма-дық учаскелерде дестелерді күндізгі сағаттарда жинау керек. Эндосперм балауызданып, созылмалы болады. Тұқым ылғалдылығы бұл кезеңде 40-20 %-ке дейін темендейді. Пісу кезецінің үзақтығы метеорологиялық жағдайларға байланысты 6-12 күнге созылады.

Пісіп-жетілу екі фазаға бөлінеді: балауыздакуы жәые то-лық пісуі. Балауызданып пісудіц өзі үшке бөлінеді: басы, орта-сы және соңы. Балауызданьш пісудің бас кезінде дән жасыл тү-сін мүлде жоғалтады, іріленіп жылтырланады, тырнақпеи же-ңіл кесіледі. Бүл дәуірде негізінен қоректік заттардьщ келуі аяқ-талады (95-98 % толық пісуден). Балауызданып пісудің ортасында дән әлі тырнақпен кесіледі, эндосперм ақ, ү.нды немесе жылтыр. Бұл дәуірде тұқымда пісу процесі аяқталады, тұқым-дық учаскелерді дестеге шабуға кірісуге болады.

Балауызданып пісудің соңында дән тырнақпен кесілмейді, бірақ оның ізі қалады. Ылғалдылығы 25-20 % төмендейді де көлемі мен тұсі толық пісу кезіндегі сияқты болады. Тұқымдық учаскелерді дестеге осы кезеңде түсірген дұрыс.

Толық пісу кезеңі екіге бөлінеді: толық пісудің басы және толық пісу. Толық пісудің бас кезінде тұқым қатты, тырнақпен із де сальшбайды, ылғалдылығы 20-18 %. Бұл дәуірде егінді комбайнмен тура орып жинау ұсынылады. Толық пісу кезіндегі ылғалдылық 17-16 %. Тұқым жеңіл, аздаған шығынмен үгітіледі, қүрғақ, сапалы.

Тұқымның пісуіне қарай бірте-бірте май, углевод және бе-лок түріндегі пластикалық заттар жиналады. Егер толысу ке-зінде олар жеңіл ерігіш жай қосылыстар интенсивті түрде кір-се, пісу соңында олар нашар еритін күрделі қосылыстарға айна-лады да қоректік заттардың қоры ретінде жинақталады. Негізгі қоректік заттардан басқа тұқымда ферменттер (биологиялық катализаторлар), өсіргіш заттар, органикалық қышқылдар, алкалоидтар, минералды заттар т. б. жинақталады.

Дәнді бұршақ және майлы дақылдарда, мал азықтық шөптерде тұқым мен жемістердің пайда болуы жобамен дәнді дақылдарға ұқсас. Бұл екпе дақылдарда түқымның өзіне тән қоректік заттар синтезіне байланысты біраз ерекшеліктер байқалады.

Сонымен, тұқым және жеміс түзу процесі әртүрлі дақылдарда бәріне ортақ биологиялық заңдылықтарды өтеді.

Толысу-пісу ұзактығына және қоректік заттардың тұқымға келіп түсу интенсивтілігіне ауа райы және агротехникалық жағ-дайлар елеулі әсер етеді. Ауа райы ыстық жәке құрғак, топы-рақта ылғал жеткіліксіз болғанда тұқымға түсетін пластикалық заттар азаяды «демікпе» және «ыстық ұруы» кезінде мүлде тоқтайды, осылардың нәтижесінде егін өнімі мен сапасы нашарлай-ды.

Салқын әрі жаңбырлы ауа райы тұқымның толысуы мен пісуін үзартады, дәннің химиялық құрамы өзгереді, өйткені кей-бір заттар өзінің түпкі күйіне айналып үлгермейді. Төменгі температура да және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында түқымда белоктың мөлшері азаяды.

Тұқымның далалық өнгіштігінің әртүрлі

ықпалдарға байланыстылығы.

Тұқымның далалық өнгіштігіне әсер ететін көптеген факторлардың ішінен ауылшаруашылығында ерекше маңызы бар мыналарды бөліп алуға болады: тұқым сапасы, топырақ жағдайлары және агротехника әдістері (өсіру жағдайлары).

Толық бағалы әрі біркелкі егін көгін алу көп жағдайда тұқым сапасына байланысты: өну энергиясы мен өнгіштігіне, жарақаттануына, физикалық пісіп-жетілуіне, біркелкілігіне, ірілігіне т.б.

а) тұқымның лабораториялық өнгіштігі айтарлықтай дәрежеде далалық өнгіштікті анықтайды. Әдетте, лабораториялық енгіштік төмендеген сайын далалық өнгіштік те темендейді. Н. Н. Кулешов (1963) белгілеткендей, лабораториялық өнгіштіктің аздап төмендеуінің өзі далалық өнгіштікке қатты әсерін тигізеді.

Егістікті лабораториялық өнгіштігі төмен бірақ жоғары себу нормасымен себу мына себептермен анықталмайды: біріншіден, бұл үлкен тұқым шығынына әкеліп ұрындырады; екіншіден, өнгіштігі төмен тұқымдардың тіршілігіне қабілеттілігі нашар және жоғары өнгіштегі тұқымға қарағанда далалық өнгіштігі анағұрлым төмен болады. Сонымен қатар далалық өнгіштік пен егін сиреуінің арасында тікелей байланыс бар.

ә) тұқымның жарақаттануы далалық өнгіштіктің төмендеуінің басты себептерінің бірі. Көп авторлардың көрсеткеніндей (И. Г. Строна, 1972, Н. В. Барнаков, 1982 т. б.), егін жинау кезінде және жинағаннан кейін өңдегенде жарақаттанған тұқымдар тұқымның өнуі мен қалыптасуына ғана зиянын тигізіп қоймайды, сонымен бірге өсу процесін кешеуілдетеді, өсімдік өнімін азайтады. Далалық өнгіштікті, әсіресе, тұқым ұрығының жарақатталуы төмендетеді және олар сепкеннен кейін колайсыз өну жағдайына кездессе бұл құбылыс күшейе түседі (ылғал жетімсіздігінен, температураның төмен болуынан т. б.).

Соған қоса, жарақаттанған тұқымдар, әсіресе қабықсыздары, микроорганизмдердің өнуі мен көбеюінің негізгі объектісі болып шығады. Олар қоректік заттарды шығындап, әр түрлі аурулар қоздырады, ұрықтың өлуіне әкеліп соқтырады.

б) тұқым ірілігі мен ауыр салмақтылығы далалық өнгіштікке айтарлықтай әсер етеді, бірақ әртүрлі жағдайларда бұл біркелкі байқалмайды. Тұқым эндоспермі қоректік заттармен неғұрлым көп қорланса, солғұрлым олармен ұрық жақсы қамтамасыз етіледі де қуаттырақ өркен пайда болады. Далалық жағдайда мұндай өркендер (өскіндер) қолайсыз кедергілерді жеңіл жеңеді және топырақ бетіне жылдамырақ шығады.

Тұқымның далалық өнгіштігі мен топыраққа сіңіру тереңдігі арасындағы, сонымен бірге далалық өнгіштік пен өнімнің арасындағы тікелей тәуелділік өте анық байқалады.

Ұзақ уақыт бойы ірі тұқымның артықшылығы және оларды жеке бөліп алып тұқымдық мақсатқа пайдалану қажет деген қағиданы дәнді дақылдар үшін шешілген мәселе деп қарауға болмайды. Себу үшін ірі тұқымды бөліп алудың қажеті жоқ жалпы кондициялы тұқымнан ұсақ және сөнген дәндерді аластатса жеткілікті. Алайда тұқым ірілігін мүлде есептен шығарып тастауға болмайды, өйткені өну күші мен әртүрлі фракциялар арасында анық шекара байқалады: тұқым неғұрлым ірі болса, солғұрлым өну қуаты мол болады.

в) өнімдегі тұқымның әр түрлі сапалылығы (әртектілігі) —тұқым бөлігіндегі далалық өнгіштіктің темендеуі мен лабораториялық және далалық өнгіштіктің арасындағы айырмашылықтың себептерінің бірі. Тұқымдардың физикалық және физиологиялық қасиеттерінің әртектілігі олардың гүл шоғыры мен масақша орналасқан орынымен түсіндіріледі, сонымен қоса гүл шоғыры (масақ, сіпсебас) сабақ бітіктігінің қай қабатында қалыптасқанына негізгі, қуатты дамыған, немесе қосалқы әр мезгілде құралған сабақтарда—байланысты.

Көптеген зерттеулермен ең ірі тұқымдар мен олардың жоғары себу сапасы сұлы мен тарыда сіпсебастың жоғары бөлігінде, қара бидай, бидай, арпада—масақтың орта бөлігінде, ал қарақұмық, ас бұршақ, ноқат, ноғатықта — төменгі бүршіктерде қалыптасатыны анықталды.

Тұқым әртүрлі сапалылығының далалық өнгіштігін арттыру үшін ірілігіне қарай ең жақсы фракцияларды іріктеу арқылы бөліп алу және ұсақ әрі сөнген тұқымдарды аластату қажет.

г) тұқымның физиологиялық піскендігі далалық өнгіштікке айтарлықтай әсер етеді. Биологиялық тыныштық кезеңінен өтпеген тұқымдарды егіске пайдаланғанда олардың далалық өнгіштігінің айтарлықтай төмендейтіндігі байқалады. Бұл құбылыс күздік астық дақылдарын жаңа жиналған тұқыммен сепкенде және жаздық дәнді дақылдарды еліміздің солтүстік-шығыс аудандарында тұқымның толысуы мен пісу кезеңінде температурасы мен ылғалдылығы құбылмалы ауа райы тұрғанда байқалады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: