Кіріспе 4 страница

б) тұкым ірілігі мен ауыр салмақтылығы далалық өнгіштікке айтарлықтай әсер етеді, бірақ әртүрлі жағдайларда бұл біркелкі байқалмайды. Тұқым эндоспермі қоректік заттармен неғұрлым көп қорланса, солғүрлым олармен ұрық жақсы қамтамасыз етіледі де қуаттырақ өркен пайда болады. Далалык жағдайда мұндай өркендер (өскіндер) қолайсыз кедергілерді жеңіл жеңеді және топырақ бетіне жылдамырақ шығады.

Түқымньвд далалық өнгіштігі мен топыраққа сіңіру тереңдігі арасындағы, сонымен бірге далалық өнгіштік пен өнімнін, арасындағы тікелей тәуелділік өте анық байқалады.

Ұзақ уақыт бойы ірі түқымның артықшылығы және оларды жеке бөліп алып тұқымдық максатқа пайдалану қажет деген кағиданы дәнді дақылдар үшін шешілген мәселе деп қарауға болмайды. Себу үшін ірі тұқымды бөліп алудың қажеті жоқ жалпы кондициялы тұқымнан ұсақ және сөнген дәндерді аластатса жеткілікті. Алайда тұқым ірілігін мүлде есептен шығарып тастауға болмайды, өйткені өну күші мен әртүрлі фракциялар арасында анық шекара байқалады: тұқым неғұрлым ірі болса, солғүрлым өну қуаты мол (бір дақыл немесе сорт шеңберінде). Мүның өзі далалық өнгішке әеер етеді.

в) өнімдегі тұқымның әр түрлі сапалылығы (әртектілігі) —тұқым бөлігіндегі далалық өнгіштіктің темендеуі мен лабораториялық және далалық өнгіштіктің арасындағы айырмашылықтың себептерінің бірі. Тұқымдардың физикалық және физиологиялық қасиеттерінің әртектілігі олардың гүл шоғыры мен масақша орналасқан орынымен тусіндіріледі, сонымен қоса гүл шоғыры (масақ, сіпсебас) сабақ бітіктігінің қай қабатында қалыптасқанына негізгі, қуатты дамыған, немесе қосалқы әр мезгілде құралған сабақтарда—байланысты.

Көптеген зерттеулермен ең ірі тұқымдар мен олардың жоғары себу сапасы сұлы мен тарыда сіпсебастың жоғары бөлігінде, қара бидай, бидай, арпада—масақтың орта бөлігінде, ал қарақұмық, ас бұршақ, ноқат, ноғатықта — төменгі бүршіктерде қалыптасатыны анықталды.

Тұқым әртүрлі сапалылығының далалық өнгіштігін арттыру үшін ірілігіне қарай ең жақсы фракцияларды іріктеу арқылы бөліп алу және ұсақ әрі сөнген тұқымдарды аластату қажет.

г) тұқымның физиологиялық піскендігі далалық өнгіштікке айтарлықтай әсер етеді. Биологиялық тыныштық кезеңін етпеген тұқымдарды егіске пайдаланғанда олардың далалық өнгіштігінің айтарлықтай төмендейтіндігі байқалады. Бұл құбылыс күздік астық дақылдарын жаңа жиналған тұқыммен сепкенде және жаздық дәнді дақылдарды еліміздің солтүстік-шығыс аудандарында тұқымның толысуы мен пісу кезеңінде температурасы мен ылғалдылығы құбылмалы ауа райы тұрғанда байқалады.

Топырақтың құнарлылығы мен оны құнарландыру күйі, оның механикалық құрамы, физикалық-химиялық қасиеттері тұқымның далалық өнгіштігіне барынша әсер етеді.

Тым төменгі, сол сияқты тым жоғарғы температуралар тұқымның өнгіштігін азайтады. Далалық өнгіштік кенеттен салқындап және ұзаққа созылғанда, толассыз ақ жаңбырларда және сепкеннен кейін топырақтын тығыздалуынан ерекше төмендеп кетеді. Мұның бәрі өскіннің пайда болуын көп уақытқа дейін кешеуілдетеді.

Топырақтың физикалық, механикалық қасиеттері де тұқымның өнуі мен өсуіне тікелей де, өсіп келе жатқан өркендерге белгілі кедергі келтіріп, жанама түрде де, топырақтың су, жылу және ауа режимдерін өзгертіп әсер етеді.

Тұқымның өнуі мен өркеннің пайда болуына топырақтың егістік қыртысынын, тығыздығы маңызды роль атқарады. Топырақ қыртысының өзгеруіне қарай оның жылу, су және ауа режімдері де өзгереді, ал бұл өркеннін пайда болу динамикасы мен түқымнын, далалық өнгіштігін өзгертеді. Қорытылған деректер бойынша көпшілік далалық дақылдар үшін орташа саздақ топырақтарда ең қолайлы тығыздық 1,1-1,2 г/см3. Мұндай тығыздықтағы топырақта тұқым мен топырақ бөліктерінің қабысуы, түйісуі жақсартады да өркендер біркелкі пайда болады.

Топырақ тығыздылығының өркендерге әсерін тексерген көптеген зерттеушілер топырақтың егіс қыртысының ылғалдылығы төмен болғанда топырақты тығыздау жақсы нәтиже беретіндігін дәлелдеді: соның әсерінен тұқымның топырақпен түйісуі, түқымның топыраққа сіңірілу біркелкілігі, олардың сумен қамтамасыз етілуі жақсарады. Топырақтың қалыпты және мөлшерден тыс ылғалдылығында тығыздықтың қолайлы мөлшерден жоғары көтеру өскіннің пайда болуын бөгейді, әрі өнгіштікті төмендетеді. Сондықтан топырақты тығыздаушы құралдармен өңдегенде олардың оған әсер ету дәрежесін, сонымен қоса қалыптасқан ауа райы мен топырақ жағдайларын білген жөн.

Топыраққа сіңірілген тұқымдар және олардың еркендері әртүрлі топырақ зиянкестерімен зақымданады, мұның өзі далалық өнгіштікті темендетеді. Бұл орайда проволочниктер (шыртылдақ қоңыздың личинкалары) (жалған-проволчниктер чернотелка қоңызының личинкасы) өте қауіпті. Егер бір шаршы метрде 8-ден көп жоғарыда аталған қоңыздардың личинкасы болса, онда олар көптеген өсімдіктердің далалық енгіштігі мен тірі қалуын төмендетеді.

Аудара жыртуды, сыдыра жыртқышпен алмастыру топырақты жел эрозиясынын, құртуынан сақтайды, топырақ ылғалы мен атмосфералық жауын шашынды тиімді пайдалана отырып дәнді дақылдардың мол өнім алуға мүмкіндік береді, сонымен қоса біркелкі өркендер мен өнім құруға әсер етеді. Ең қолайлы агротехникалық мерзімде себу — тұқымның далалық өнгіштігін арттырудың басты шарттарының бірі. Себу мерзімі дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне, сонымен қатар температура мен егілетін топырақ қыртысының ылғалдылығына байланысты. Сепкен уақыт пен өркеннің пайда болған кезеңіндегі топырақ пен ауаның температурасы арасында тура тәуелдік бар. Ал тұқымның топырақта жатқан мерзімінің ұзақтығы мен оның далалық өнгіштігінің арасында кері қатынас байқалады. Мәселен, ең қолайлы (оптимальды) уақыттан ерте, қызбаған, салқын топыраққа сепкенде тұқымдар бөртеді, бірақ сылбыр енеді, өркеннің пайда болу уақыты созылады. Мұндай егістіктер арамшөптермен ластанады, түқымның далалық өнгіштігі қатты төмендейді.

Ерте себілген тұқымның далалық өнгіштігінің азаюы ұзақ уакыт салыстырмалы төмен температураның (+ 14,5°) әсерінен, ал кеш себілгенде — топырақтың беті қыртысының кеуіп кетуінен болады.

Себу жиілігі (қоректену алаңы) өсімдік өмірінің алғашқы күндерінен-ақ әсер ете бастайды. Дәнді, дәнді бұршақ, май және кейбір мал азығындық дақылдардан басқаларында, әртүрлі тұқымдар және әдістермен сепкенде далалық енгіштің өзгермегені байқалады.

Тұқым сіңіру тереңдігі далалық енгіштікке айтарлықтай әсер ететін фактор. Оның өзі тұқымның ірілігіне, топырақтын механикалық құрамына, топырақтың егістік қыртысының ылғалдылығы мен температурасына тәуелді. Сіңіру тереңдігін 4-5 см өсіргенде тұқымның далалық өнгіштігі жаздық бидайда — 26, арпада — 25, сұлыда — 16, қарақүмықта — 28 процент кемиді.

Егінді баптап-күтудін, агротехникалық шаралары да тұқының далалық өнгіштігіне үлкен ықпал жасайды. Ылғал_жетімсіз, структуралы, жеңіл және орташа топырактарда, немесе топырақтың егістік қыртысы борпылдақ болып келгенде себуден кейінгі топырақтың режимін жақсартады, капиллярлық байланысты қалыпқа келтіреді. Себуге дейін және сепкеннен кейін топырақты тығыздау арқылы тұқымның далалық өнгіштігін арттыру көптеген ғалымдармен дәлелденді.

Себу кезінде енгізілген тыңайтқыштар, егер тыңайтқыш түйіршіктері мен түқым арасында ауа қабаты болмаса, тіпті аз нормасының өзі тұқымның далалық өнгіштігін төмендетеді, бұл топырақ ерітіндісінің концентрациясы тұқым мен тыңайтқыш түйірлерінің түйіскен жерінде жоғары болуынан.

Өсімдік өскіндері мен көктеріне аса қауіптісі минералды тыңайтқыштарды тұқыммен араластырып топыраққа енгізу болып табылады (экономикалық тиімді болғанмен). Бұл жағдайда тұқым мен тьщайтқыштардың түйісу мүмкіндігі егін себуге дейін де, сепкеннен кейін де аса зор. Тұқымды тыңайтқыштармен араластырып қана себу қажеттігі туса, онда мұны дәл себер алдында жүргізген дұрыс. Осы мақсат үшін бейтараптанған (ней-тральданған) суперфосфат пайдаланылады. Ол үшін тұқым қүрғақ болуы қажет. Түқымды азот және калий тыңайтқыштарымен араластыруға болмайды. Тұқым мен суперфосфатты күні бұрын араластырғанда тұқымның далалық өнгіштігі, әсіресе жалаңаш тұқымды астықтардың, барынша төмендейді.

Далалық өнгіштікке себу алдында, егін көгі пайда болғанға дейін және алдыңғы дақыл үшін енгізілген топырақ гербицидтері (егер олардың улылығы топырақта ұзақ уақыт сақталса) әсер етеді. Сазданатын ауыр топырақтарда суару менжаңбырдың әсерінен қабыршақ пайда болуы себепті егін көгінің пайда болуы тежеледі.

Тұқымның жарақаттануы және оны азайтудың шаралары.

Комбайындар мен молотилкалардың, тұқым тазалағыш және сорттағыш машиналардың, кептіргіштердің әртүрлі тиеу құралдарының сеялкалар мен басқа машиналардың жұмыс органдары тұқымдармен түйісу және оларға әсер етудің нәтижесінде белгілі бір дәрежеде оларды жарақаттайды. Зақымдану дәрежесіне қарай тұқым жарақаттануының екі түрі ажыратылады:

а) Макро-жарақаттар-тұқымның бір бөлігінің шығынына байланысты анық көрінетін зақымдар (уатылған, ұрылған, езілген, ұрықтың толық немесе бір бөлігінің болмауы). Тұқым тіршілігіне ең қауіптісі осылар, көбінесе шығымдылықты жоғалтуымен байланысты. Макрозақымданған тұқымдарды себуге дейін тазалау мен сорттаудың нәтижесінде бөліп алуға болады.

ә) Микрожарақаттар — көрінбейтін, көзге шалынбайтын зақымдар. Бұл қабықтар мен ішкі тканьдердің жарықшағы, олар микроорганизмдер мен ішкі зиянкестердің әсерінен пайда болады. Микрозақымдардан олардың айырмашылығы сол, қазіргі тұқым тазалағыш машиналармен оларды бөліп алуға болмайды. Олардың тұқым сапасына тигізетін теріс әсері, айтарлықтай, әсіресе ұрықтың зақымдануы қауіпті.

Тұқымның жарақаттануы, тек қана олардың қабығы жарақаттанса да, түқымның қоректік заттарына микроорганизмдердің кіруіне жол береді. Зақымданған түқымдардың тыныс алу энергиясы да жоғары. Мұның өзі сақтауға қойған тұқымның көгеріп зеңденуіне, өздігінен қызуына және басқа бүлінулерге әкеліп соғады.

Астық бастырғанда тұқымның жарақттануына әсер ететін факторлар:

1. Барабанның айналу жылдамдығының шамасы (айналу саны). Орталық машина сынау станциясының деректері бойынша комбайн барабанының айналу жылдамдығын минутына 1200-ден 900-те дейін азайтқанда бидай түқымының закымдануы екі есе кемиді, оның үстіне негізінен бұл микрозақымданудың, әсіресе ұрықтың, азаю есебінен болады. Тұқымдық егісті жинағанда барабанның айналу жиілігі әртүрлі дақылдарда мына шамадан аспауға тиіс: бидай мен сұлыда — 800—900; қара бидай, арпада — 700—800, тарыда — 600—700, қарақұмық пен асбұршақта — 450—500, күнбағыста — 400—450 айналым/мин.

2. Барабан қырлары мен барабан асты жүқа тақтайшаларының кіру және шығу саңылауларының шамасы. Тұқымды жарақаттамау мақсатымен, дәннің үлгілуін қамтамасыз ете отырып аталған тетіктердің арасындағы саңылауды барынша үлкейту қажет. Егер аталған реттеу жүмысы нәтиже бермесе, барабанның айналу санын өзгертуге тура келеді.

3. Бастыру аппаратына 1 сек. берілетін астық массасы, немесе оның жұмыс өнімділігі. Жиналатын дақылдың бастыру аппаратына берілетін массасын көбейткен сайын тұқымның макро-және микрозақымдануы азаяды. СК-5 комбайнының бастыру аппаратына берілетін массаны 3,2-тан 5,3 кг/сек дейін арттырғанда тұқымның уатылуы 1,9 есе, ал жалпы зақымдануы 1,6 есе төмендеді.

Алайда берілетін массаны белгілі бір, комбайн бастырғышына есептелген, шегіне дейін ғана арттыруға болады. Берілетін массаны мүмкін дәрежесінен жоғарылатса астықтың сабағы мен топанға кететін шығыны күрт артады, өйткені сабан елшеуіш пен тазалау белгілі бір берілетін массаға есептелген.

4. Жаңа комбайнда және жаңа бөлшектерді орнатқанда бастыру аппаратының жұмысшы органдарында кездесетін өткір жиектер мен шығыңқы жерлер тұқымның жарақаттануын біршама арттырады.

5. Әртүрлі дақылдар мен сорттар тұқымдарының морфологиялық анатомиялық ерекшеліктері тұқымның әртүрлі механикалық әсерлерге төтеп беруін анықтайды. Мысалы, қара бидай бидайға қарағанда көбірек зақымданады, өйткені оның дәнінің ұрығы шығыңқы орналасқан және қабыршағы борпылдақ болып келеді.

6. Астық бастырған кездегі тұқымның ылғалдылығы кеп дәрежеде олардың жарақаттануға төзімділігін анықтайды. Құрғақ тұқымдар қатты соққыдан жарылып кетсе, ылғалды тұқымдар деформацияға үшырап микрозақымдар алады. Астық бастырған кездегі дәнді, дәндібұршақ дақылдарының жеке мал азығындық шөптердің тұқым ылғалдылығы 15—21%, ал майлы дақылдарда 13—15% болғанда түқымдардың ең аз зақымданатыны анықталды.

Тұқымның жарақаттануы егін жинағаннан кейінгі тұқым өңдеу (сорттау, тазалау, кептіру) технологиялық процестермен де байланысты. Егер қажеттілік болмаса астық тазалағыш машиналардан тұқымды артық көп өткізуден аулақтаған дұрыс.

Тұқым жарақаттануын, ең алдымен микрожарақаттануын, анықтайтын бірнеше әдістер бар. Негізгі әдіс — тұқымды үлкейткіш лупалармен қарау. Көптеген дақылдарға 10 есе үлкейту жеткілікті. Ол үшін негізгі дақылдардан 100 түқымнан екі үлгі бөлініп лупа арқылы тыңғылықты түрде байқалады. Екі үлгінің (қайталаудың) микроазақымдануының арасындағы алшақтық 10 проценттен аспауы керек. Егер алшақтық көбейіп кетсе, үшінші үлгі саналып алып қайта тексеріледі.

Микрожарақаттануды жеңіл табу үшін тұқымды бояу әдісімен бояғыш заттардың ертінділерінде, соңынан суда шайып анықтайды. Мысалы, бидай мен қара бидай тұқымы, 0,5 процент, конгорот ертіндісінде, жүгері — 0,5 процент индигокармин, дәндібұршақ дақылдары 0,5 процент қызыл анилин ертіндісінде жақсы боялады. Боюғыш заттар тұқымның жарақаттанған жерінде шоғырланып бояйды да жарақатталған жерлерін анық көрсетеді. Тұқымды байқап микрожарақаттарды анықтау үшін диафоноскоп пен тұқымды жарықтандыру әдісін пайдалануға болады.

Тұқымның себу сапасы және мемлекеттік стандарттар (МСТ). Сапа құжаттары.

Біздің елімізде тұқымды себу сапасына талдау бірыңғай тәсілмен мемлекеттік тұқым инспекцияларында жүргізледі, ал сапа көрсеткіштері (кластар) жалпы мемлекеттік стандарттар (МСТ) арқылы тағайындалады.

Себу сапасының көрсеткіштеріне мыналар жатады: тұкым тазалығы, өнгіштігі мен өну энергиясы, ылғалдылық, өмірге бейімділігі (тіршілік қабілеті), өсу күші (қуаты), 1000 түқымның массасы, аурулар және зиянкестермен залалдануы.

Тұқым тазалығы — егістік материалдың негізгі сапа көрсеткіштерінің бірі. Егістік материалдың (тұқымның) тазалығы деп ондағы негізгі дақылдың процентпен көрсетілген массасын атайды. Неғұрлым қоспалар аз болса, солғұрлым тұқым тазалығы жоғары. Таза тұқымдар өзінің биологиялық белгілерін (ұзақ тіршілік, өнгіштік) жақсы сақтайды және себуге аз мөлшерде жұмсалады. Тұқым тазалығын орта үлгіден бөлініп алынған (МСТ-12037-81) белгілі бір мөлшердегі екі елшеуішпен анықтайды. Көптеген дақылдардың тұқым тазалығы бірінші класс үшін 99%, екінші және үшінші кластар үшін тиісінше 98 және 97% болуы керек.

Тұқым өнгіштігі — егістік материалдың себуге жарамдылығын анықтайтын негізгі—көрсеткіш. Тұқымның өнгіштігі деп талдауға алынған үлгідегі қалыпты ескіндердің процентпен көрсетілген санын атайды. Лабораториялық өнгіштікті колайлы жағдайда белгілі бекітілген мерзімде лабораторияда анықтайды (іМСТ-12038-84). Өнгіштік пен бірге түқымның өну энергиясын— белгілі бір мерзімдегі (3—4 сөткеден кейін) қалыпты өскіннің процент санын анықтайды. Өну энергиясы тұқымның далалық жағдайда біркелкі және тегіс егін көгін беруін сипаттайды, мұның өзі өсімдіктің тірі қалуынын шарты болып есептеледі. Мемлекеттік стандарттардың шарттары бойынша көптеген екпе дақылдардың өнгіштігі кем дегенде бірінші класты түкымда 95%, екінші класты түқымда 92, ал үшінші класс түқымы үшін 90% болуы қажет.

Тұқым ылғалдылығы — сақтау мүмкіндігін анықтайтын тұқым сапасының көрсеткіштерінің бірі. Жоғары ылғалдылықтағы тұқымның тыныс алуы күшейеді, температурасы жоғарылайды, соның салдарынан тұкым өздігінен қызады да өнгіштігін жоғалтады. Ылғалдылық деп процентпен көрсетілген түқымдағы судың мөлшерін атайды. Негізгі әдіспен түқым ылғалдылығын анықтағанда кептіргіш шкафтар пайдаланылады, белінген өлшеуіштерді белгіленген температура режімінде (МСТ 12041-82) кептіреді. Жалпылама талдауда түқым ылғалдылығын электрлі ылғал өлшеуіш алпараттарда анықтайды. Даулы жағдайда тұқым ылғалдылығын тек қана негізгі әдіспен аныктайды.

Тұқымның тіршілікке қабілеттілігі (өмірге бейімділігі) — егіс материалындағы тірі түқымның процентпен алынған шамасын сипаттайды. Түқымның тіршілікке қабілетін мына жағдайларда анықтайды: тұқым сапасын шұғыл түрде анықтау қажет болғанда және түқымның төмен өнгіштігінің себептерін анықтағанда жүргізіледі. Бұл көрсеткішті жаңа жинап алынған күздік дәнді дақылдардың тұқым сапасын бағалағанда жиі қолданады. Өйткені жинап алғаннан кейін пісіп жетілуден өтпеген тұқымды егіске пайданалу қажеттілігі кездеседі.

Түқымның тіршілік қабілетігін бояғыш заттарды (тетразол, индигокармин, қышқыл фуксин) пайдалану, ал жоңышқа мен қызыл беде — бөрту әдісімен анықтайды (МСТ 12039-82).

Тұқымның өсу күші (қуаты) — тұқым өскіндерінің белгілі бір құм немесе топырақ қабатын жарып шығу мүмкіндігімен және жасыл өскіндерінің массасымен сипатталады. Бұл көрсеткіш егіс материалын, әсіресе тұқымның өну энергиясы төмен болғанда, аурулармен залалданғанда және тұқымзақымдануы мен олардың қалыпсыз өскіндері көп болғанда, бағалаудың қосымша әдісі. Тұқымның өсу қуаты 10 сөтке дегенде беткі қа-батқа шыққан сау өскіндердің % саны мен жасыл өскіндердің 100 өскінге шаққандағы массасымен өлшенеді (МСТ 12040-66).

1000 тұқымның массасы — тұқым ірілігі; оның толық салмақтылығы мен ұрықтың қоректік заттармен қамтамасыз етілуі жөнінде түсінік береді. Бұл көрсеткіш кондициялы түқымның қүрғақ ауалы массасы күйінде белгілі бір тәсілмен (МСТ 12040-80) анықталады. Тәжірибеде 1000 тұқымның массасын себу нормасының сандық мәнін (себу коэффициентін) салмақтық мәнге (массаға) айналдыру үшін пайдаланады. Ол үшін 1 шаршы метр алаңға егілетін өнгіш тұқым санын 1000 түқымның массасына (г) көбейтіп одан шыққан нәтижені себу жарамдылығына (%) бөледі.

4-дәріс.

Ауылшаруашылық дақылдарын өсіріп-баптау технологиясының әдістер жиынтығы.

1. Қазақстанда ауылшаруашылығы дақылдарының таралуы.

2. Өсімдіктердің ерекшеліктері: өсіп-жетілу кезеңдері, өсу, даму және енім қалыптасу ерекшеліктері

3. Қоршаған орта факторларына жылу, ылғал, жарық, қоректік заттар мөлшеріне және топыраққа қоятын талаптары

4. Дақылдарды өсірудің аймақтық өсіру технология ерекшеліктері

6-7-дәріс.

Ауылшаруашылығы дақылдарының өнімдерін бағдарлау.

1. Өнімді шектеуші факторлар

2. Жоспарланған өнім алу үшін қолданылатын технология

3. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы түсімен жоғарылатудағы жекелеген факторлардың маңызы.

4. Дақылдарды өсірудегі шығындарды азайту жолдары

Ауылшаруашылық дақылдары өнімін бағдарлаудың теориялық негіздері. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі сыртқы ортаның көптеген факторларына тәуелді және өсімдіктер өздерінің талаптарына қарай барлық факторлармен қаншалықты қанағаттандырылатына байланысты.

Дақылдар өнімінің негізгі массасы (95 процентке дейін) өсімдіктердің фотосинтетикалық қызметінің нәтижесінде құралатындықтан, егін өнімінің экологиялық мүмкіндіктерін, фотосинтез құбылысы арқылы күн сәулесінің радиациясын пайдалануын арттыру осы заманғы өсімдік шаруашылығының өте маңызды проблемаларынын, бірі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: