Кіріспе 1 страница

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Амантаев Бекзақ Өмірзақұлы

5В080100 – Агрономия мамандығы студенттеріне Өсімдік шаруашылығы пәнінен Дәрістер жинағы

Шымкент, 2013ж.

УДК 631.52(075.8)

ББК 41.3я73

М14

Амантаев Б.О. Өсімдік шаруашылығы/ Дәрістер жинағы/.- Шымкент: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2013.- бет.

Өсімдік шаруашылығы пәні бойынша жасалған дәрістер жинағы 050808- Топырақтану және агрохимия мамандығы студенттеріне арналған.

Дәрістер жинағы 050808- Топырақтану және агрохимия мамандығы студенттерінің Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты РК 3.08.076 – 2006 және өсімдік шаруашылығы пәнінің типтік бағдарламасы негізінде жасалған. Өсімдік шаруашылығының барлық негізгі салалары туралы осы замандағы ғылыми жетістіктер 15 дәрістен тұратын жинақта қамтылған.

Пікір білдірушілер: Қансейтов Т. – а.ш.ғ.д., профессор.

Биотехнология кафедрасының профессоры

Ескараев Н.М. – а.ш.ғ.к., доцент.

АИУ биология кафедрасының доценті

Жумабаева Р.О.- б.ғ.к.

АИУ биология кафедрасының аға оқытушысы

Дәрістер жинағын М.Әуезов атындағы ОҚМУ Оқу-әдістемелік кеңесі баспаға ұсынған.

№ ___ хаттамасы «____» __________ 2013ж.

© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Мазмұны

1-дәріс. Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылық өндірісі негізгі салаларының бірі. бет
2-дәріс. Өсімдік шаруашылығындағы зерттеу тәсілдері.  
3-дәріс. Егістік дақылдар өнімділігін жоғарылатуда тұкымның рольі.  
4--дәріс. Тұқымның биологиясы  
5-дәріс. Тұқымдық жадьіғаттың сапасын жақсарту.  
6-дәріс. Жеке дақылдарды өсіру.  
7-дәріс. Егістік дақылдарды аймақтық өсіру технологиясы (агротехникасы).  
8-дәріс. Астық өндірісін арттыру және дамытудың мәселелері.  
9-дәріс. Астық дақылдарының жалпы сипаттамасы  
10-дәріс. Жаздық астық дақылдары  
11-дәріс. Жүгері аса бағалы дән беретін, мал азықтық және техниалық дақыл.  
12-дәріс. Жарма дақылдары  
13-дәріс. Күріш негізгі жармалық дақыл.  
14-дәріс. Астық өндіруді арттырудағы күздік астық дақылдарының алатын орны.  
15-дәріс. Күздік астық дақылдарын өсіру технологиясы  
16–дәріс. Дәнді бұршақ дақылдары  
17-дәріс. Ас бұршақ.  
18–дәріс. Май бұршақ.  
19-дәріс. Қант қызылшасы.  
20- дәріс. Картоп.  
21- дәріс. Картоп өндірудің ерекшеліктері.  
22- дәріс. Бақша дақылдары. Қарбыз.  
23-дәріс. Қауын және асқабақ.  
24-дәріс. Майлы дақылдардың халық шаруашылығындағы маңызы.  
25-дәріс. Мақсары өсіру технологиясы.  
26- дәріс. Эфирлі майлы өсімдіктер.  
27- дәріс. Республикада талшықты дақылдарды өсіру.  
28- дәріс. Мақтаны өсірудің агротехникалық ерекшеліктері.  
29-дәріс. Есірткі дақылдары  
30- дәріс. Аз таралған малазықтық дақылдар.  

Кіріспе

Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ-климаттық жағдайы және ауа-райының қалыптасу ерекшелігі ауыл шаруашылығының барлық саласын дамытуға қолайлы.

Облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 762,7 мың гектарды құрайды. Дәнді және бұршақты дәнді дақылдар 226,5 га жерге оның ішінде май сығатын дақылдар - 82,1 га., мақта -222,9 мың. га., картоп - 10,2 мың.га., көкөніс-24,2 мың. га., бақша -16,9 мың. га. егіледі. Ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің басым үлесі - дәнді және бұршақты дәнді дақылдарға - 29,2%, көпжылдық шөпке – 22,7 % және мақтаға 28,7 % тиеді. 222,6 мың гектар жерден масақты дәнді дақылдар жиналады. Жалпы жиналған өнім 474,1 мың тоннаны құрады. Облыс бойынша орташа өнімділік әр гектардан 21-25 центнер.

Мақта шикізатының жиынтық түсімі 466,4 мың тонна, оның орташа өнімділігі гектарына 20-22 центнер.

431,1 мың тонна көкөніс, 263,8 мың тонна бақша өнімдері және 138,1 мың тонна картоп өндіріледі.

Саланы дамытудың дәстүрлі бағыттарымен қатар агроазықтүлік бағдарламасында өсімдік майын өндіруде өңдеуші кәсіпорын үшін негізгі шикізат ретінде мақсары өндіруді ұлғайтуға ерекше көңіл бөлінген. 64 мың гектар жерге мақсары егіледі.

Облыс ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласының бірі - жүзім шаруашылығы және шарап шығару. Инвестиция мәселесі шешілген кезде шарап өндірісінің аяқталған циклын - жүзім өндіруден бастап жоғары сапалы шарап дайындауды жүзеге асыруға дейінгі мүмкіндік, яғни шарап кластерін құру мүмкіндігі туады.

Облыста 10 элиталық тұқым шаруашылығы бар. Оның 5-еуі мақта шаруашылығы, 5-еуі дәнді дақылдар бойынша.

Облыс ауыл шаруашылығын дамытудың басым бағыттарының бірі — элиталық дән тұқым шаруашылығын дамыту болып айқындалған.

Республикадағы барлық шаруа қожалықтарының 41%-ы (67,1 мың) және оларда жұмыс істейтін адамдардың 40%-ы (159,8 мың адам) Оңтүстік Қазақстан облысының үлесіне тиеді.

Облыс тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында және бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін дамыту үшін "Агроазық-түлік бағдарламасы" жасалынған.

Республикалық бюджеттен бөлінген қаржылар егістік суын жеткізуге, элиталық тұқым шаруашылығына, минералды тыңайтқыштар алуға, өсімдік қорғау шараларына, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидия ретінде бөлінеді.

Облыста 14 ауылдық несиелік серіктестіктер жұмыс істейді.

Сондай–ақ, облыста «2004-2010 жылдарға арналған ауылдық аймақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» жүзеге асырылуда.

Ауылдық жерлерде инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту жөнінде

Облыста шешілмеген проблемалар да аз емес.

Ауыл шаруашылығын реформалау кезеңінде нарықтық экономиканы ендіру бағытында жүргізілген іс шаралардың нәтижесінде егіншілік жүйесінде көптеген өзгерістер болды. Мысалы, соңғы жылдары астықты масақты дақылдардың егіс көлемі облыста 220-230 мың га көлемінде қалыптасып соңғы 10 жылмен салыстырғанда 2,0-2,2 есе кеміген отыр. Күріш дақылының егісі 10 есеге кеміп 2,0 мың га жер көлемін құрауда.

Мақта - Қазақстан Республикасының оңтүстігінде суармалы жерлерде өсетін негізгі дақыл. 1993 жылмен (106 мың га) салыстырғанда егістік көлемі 2,2 есеге дейін артып 2004 жылы 222.0 мың гектарға жетті. Жалпы өндірілетін өнім 250-400 мың тоннаға артты, ал гектар түсімі 18-22 центнерден артпай отыр. Демек, жалпы жиналған мақтаның өнімділігі егіс көлемінің ұлғаюы жағдайына тікелей байланысты болып отырғанын байқаймыз. Нәтижесінде ауыспалы егістің толығымен бұзылып, жалпы егіншілік жүйесі ғылыми негізде жүргізілмей отыр.

Мақтарал өңірінде суармалы жерді тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде егістік жерлердің мелиоративтік жағдайы күннен-күнге нашарлап барады. Осы өңірде мақта егісінің көлемі жылға ұлғайып ал жоңышқаның үлес салмағы соңғы жылдары 3-11 пайыздан аспай отыр, ал ол ғылыми ұсыныстарда 30-33 пайыздан кем болмауы қажет, яғни жоңышқаның үлес салмағы 3-10 есеге төмендеген немесе мақта жылма-жыл бір танапқа қайталанып егіліп келеді. Яғни мақталық алқаптың фитосанитарлық жағдайы жыл санап нашарлап, топырақтың сорланып, батпақтануы тік дренаждардың істен шығуы, нәтижесінде жер асты ыза суларының деңгейінің көтерілуі байқалып мақта өнімінің төмендеуіне және құнды суармалы жер қорының айналымынан шығып қалуда.

Оңтүстік Қазақстан өңірінің табиғи жағдайы жүзім шаруашылығын өркендетуге өте қолайлы.

Статистикалық мәліметтер бойынша 1986 жылы жүзімдіктердің жалпы жер көлемі 11,8 мың гектарға, соның ішінде жеміс беретін жүзімдіктердің көлемі 8,5 мың гектарға жеткен.

Бірақ 1985 жылдардан кейінгі саяси-экономикалық жағдайлар бұл саланың төмендеуіне, ал нарықтық қатынастары мүлдем құлдырауына алып келді. Ауыл шаруашылық кешеніндегі жекешелендіру процесі жүзім шаруашылықтарының ерекшеліктерін есепке алмастан жүргізілді. Жердің жаңа иелерінің материалды- техникалық жағдайлары нашар болып, мемлекет тарапынан берілетін жәрдемге мұқтаж болып қалды. Жерді пайдаланудан тез пайда табу үшін көптеген шаруашылықтар жүзімдіктерді қопарып, олардың орнына еңбекті аз талап ететін, шығын кем жұмсалатын егіндерді егу үрдіс ала бастады. Бұл жүзімдіктер көлемінің күрт төмендеуіне алып келді. 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында жүзімдіктердің жалпы көлемі 4,6 мың гектарды құрады. Бұл 1985 жылдармен салыстырғанда 7,2 мың гектарға кеміген. Осы жүзімдіктерден 19,3 мың тонна жүзім өндірілген. Бұл 1990 жылға өндірілген өніммен салыстырғанда 2 еседен төмен өнім жиналған.

Жүзімдіктер көлемінің кему процесі қазіргі күнге дейін сақталуда. Сондықтан еліміздің экономикасы шеттен алып келген өнімдерге тәуелді болып отыр. Сонымен бірге жиналған өнімнің мөлшері де кемуде. Өнімділіктің кемуі агротехникалық күтіп-баптау жұмыстарының төмен дәрежеде жүргізілуінде болып отыр.

1–2дәріс.

Өсімдік шаруашылығының теориялық (ойсаналық) негізі

1. Өсімдіктердің дамуын басқарып- реттеу жолдары.

2. Өнімнің пайда болуының негізгі заңдылықтары.

3. Өсімдік шаруашылығындағы зерттеу тәсілдері

4. Егістік (екпе) дақыл өсімдіктерінің өндірістік және ботаникалық-биологиялық топталуы

Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі. Оның басты еңбек нысаны жасыл өсімдік. Егіншілік тәжірибесі шеңберінде экономикалық және басқа қатынастарда тұрып, өсімдік еңбек нысаны ғана емес, еңбек құралы да болады. Өсімдіктер - еңбек нысаны болып сорттарды жақсарту мен жаңа сорттар шығару, ауыспалы егіске алғы дақылдар таңдау, тұқым себу нормаларын белгілеу және т.е.с. басқа да процестерде адамның өзіне әсерін сезінсе, еңбек құралы ретінде - күн жарығының кинетикалык қуатын органикалық қосылыстардың потенциалдық қуатына айналдырады

Адамзаттың егіншілікпен айналысуы өте ертеден басталған. Тіпті алғашқы қауымдық құрылыспен байланысты болған алғашқы егіншіліктің белгілері неолит (жанатас) кезеңінде жатыр. Өте ертедегі егіншілік мәдениетінің аймақтары -Индия, Қытай, Сирия және Мысыр сияқты мемлекеттер төңірегі.

ТМД территориясында егіншілік тас ғасыр дәуірінде пайда болса, ал оның өте ерте ошақтарына Орта Азия мен Закав­казье жатады.

Егіншілік тарихы адамзаттың жалпы прогресімен, онын материалдық мәдениетінің дамуымен тығыз байланысты. Адамзат қажеттіліктерінің өсуі, өндірістің тез дамуы өсімдік шаруашылығы өнімдерін үздіксіз және арттыра өндіруді қажет етті.

Ауыл шаруашылығы дақылдары - түрлі құралдар мен машиналар, автоматтар сияқты, қоғамның өндірістік күштерін дамытуда өте маңызды рөл атқарады, Мысалы, майлы және дәнді дақылдар өсіру молынан тарала бастауына байланысты, олардың өнімдерін зауыттарда өңдеу кең өріс алды.

Өсімдік шаруашылығының (кең мағынадағы ұғымда - егін­шілік) маңызды бір ерекшелігі - оның маусымдылығы. Бұл кәдімгі жағдайда, өсімдіктердің тек аязсыз кезеңде, яғни жылы мезгілде ғана өнім беруге қабілетті екендігін білдіреді.

Өсімдік шаруашылығымен айналысуда егінші көптеген үнемі өзгеріп тұратын және күтпеген, тосын жайларға тап болады. Сонымен қатар өсімдікті қажетті тіршілік факторларымен қамтамасыз ету үшін, оның қоршаған ортасының өсерін де белгілі бір қолайлылау шамаға сәйкестеп өзгертуге тура келеді.

Өсімдік тіршілігіне өте қолайлы жағдайлар жасауда, бар-лык егістік жүмыстардың (топырақ өңдеу, тыңайтқыш қол-дану, егін егу, күтіп-баптау, өнімді жинау) уақытылы және жо-ғары сапалы атқарылуының маңызы зор. Бүл жүмыстардың орындалуы кешеуілдесе, немесе олардың атқарылудеңгейінің нашарлығьшан өнім мөлшері күрт төмендеуі және оның сапасы нашарлауы мүмкін.

Егістік дақылдар агротехникасындағы жіберілген кемші-ліктерді жою өте киын, кейде тіпті мүмкін емес. Сондыктан, өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдары-ның соңғы өнімін анықтайтын барлық жағдайларды қатаң ескеріп отыру кажет.

Өсімдік шаруашылығы - құрғак қатты, шырынды және концентратталған жем дайындайтын, әсіресе құнарлылығы төмен топырақтардан жоғары, тұрақты өнім алуға қажетті органикалық тыңайтқыштар өндіре алатын мал шаруашылы­ғымен тығыз байланысты.

Өсімдік шаруашылығының теориялық негізі - өсімдіктердің даму ерекшеліктерін айқындайтын және олардың орта факторларына талаптары туралы толық, жеткіліктІ ақпарат беретін биология.

К.А.Тимириязев, өсімдіктердің жоғары өнімділікке барлық тіршілікке қажет факторлардың үздіксіз қамтамасыз етілуі қолайлы мөлшерде және әр түр мен сорттың қажеттілігіне сәйкес болғанда ғана жететінін бірнеше мәрте дәлелдесе. Д.Н.Прянишников, өсімдік тіршілігіне қажет факторлардың әрқайсысының басқа факторлар мөлшері мен қарқынына және олардың әсерінің жиынтығына байланысты екенін атап өткен.

Қазіргі білім жүйесіне, өзінің мақсаты егістік өсімдіктерінің өсіп-жетілуі мен өнімін басқару болатын, нақты зерттеулермен белгіленген объективті заңдылықтар кіреді. Олардың маңыздысы - факторлардың физиологиялық тең маңыздылығы мен мүлдем ауыстырылмайтындығы. Оның мәні мынада: бірде бір фактор басқа факторлармен ауыстырылмауы қажет және барлығыныңда өсімдік тіршілігі үшін өздерінің физиологиялық әсері бойынша маңыздылығы бірдей. Мысалы, жарықты -жылумен, ал ылғалды қоректік заттармен ауыстыруға болмайды, өсімдіктер үшін олардың барлығы бірдей маңызды.

Бұл заңдылық пен өсімдіктің өсіп-жетілуі мен өнімі ең аз шамада болатын фактормен шектелетіндігі туралы ғылыми тұжырым байланысты. Өсімдіктің өнімі тек осы ең аз шаманы ғана жоюдан, басқа фактор жеткіліксіз болып қалғанша өсе түседі. Қандай да болмасын (мысалы, су, жылу және басқалары) фактордың тым молдығынан да өнім төмендейді. Өсімдіктерге әр тіршілік факторлары қолайлы мөлшермен, барлық факторлар бірдей және өзара байланыста, косылып әсер еткенде ғана өнім ең жоғары шекке жетуі үшін өсе түседі.

Мысалы, агротехника тәсілдерінде - бірнеше факторлар­дың бірлескен әсеріндегі қосымша өнім, ор фактордың жеке әсеріндегіден әлдеқайда көп болады.

Егістік дақылдардан жоғары өнім алу биологиялық ерекшеліктерге қатысты өсімдіктің өсуі мен жетілуіне тығыз байланысты. Оларды білу кажет. Егінші әрекетінің нысаны өсімдік болса, оның барлық іс-тәжірибесі осы нысанға бағытталуы керек.

Өсімдіктердің өсіп-жетілуіне, оларда жаңа мүшелердің пайда болғаны, сондай-ақ жеке жетілу процесінде бір мүшенің өзінің құрылысының өзгергені кіреді. Бұл ауыл шаруашылы­ғы дақылдарының дамып-жетілу кезеңдерін (жасын) бөлуге мүмкіндік береді. Тұқымдық өсімдіктерде (Н.Н.Кулешов бойынша), олар:

1) эмбрионалды, немесе тұқымдық (аналық тұқымның қоректік зат қорын пайдаланатын өскін жағдайы);

2) вегетативтік мүшелерінің пайда болуымен сипатталатын бастапқы, немесе ерте жастағы кезеңі;

3) көбею мүшелері қалыптаскан өсімдіктің жетілген кезеңі;

4) көбею кезені (генеративті және вегетативті);

5) жемістер мен тұқымдардың пісуі, аналық өсімдіктің қартаю кезеңі.

Ф.М.Куперман бойынша, біржылдық өсімдіктерде үш -ерте (бастапқы), пісіп-жетілу және қартаю кезендері болады. Осы өсімдіктердің тіршілік циклында алдын-ала өсіп-жетілудің қандай да болмасын фазалары басталмас бұрын, өсімдіктің өсуі мен дамуының сипатын үғындыратын органогенездің 12 этапы болады.

Органогенез этаптары, өсімдік жасының кезеңдері сияқты, белгілі бір кезекпен өтеді, бірақ ерте этаптарға тән мүшелер өзінін өсіп-жетілуін кеш этаптарда да жалғастыра береді.

Этаптардың ұзақтығы мен мүше түзілу қарқыны сорттың тұқым куалаушылығы және сол өсімдіктің бейімделген орта жағдайына байланысты. Біржылдық өсімдік формаларының 1-ші және 2-ші этаптары өтуінің кысқалығымен ерекшеленсе, күздік және екіжылдық дақылдардың 2-ші этап ұзақтығы бірнеше айларға жетуі мүмкін.

К.А.Тимириязев атап өткендей, өсімдіктің өсіп-жетілуінде басты рөлді жарық ойнайды. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы өсімдіктері кажеттілігінің көрсеткіші ретінде биологиялық белсенді температура жиынтығы кеңінен пайдаланылады. Өсімдікке жетілуінің әр этапында қажет жылуды білу – метеорологиялық деректер негізінде алдын-ала өсіп-жетілудің жеке фазаларының басталуы мен өндіріс үшін маңызы зор әр сорттың қандай да болмасын ауданда пісуінің мүмкін мерзімін анықтауға мүмкіндік береді.

Өсімдіктің ылғал қажет етуін анықтау үшін өнімнің құрғақ зат бірлігін құрауда, өсімдіктің жұмсайтын қандай да болма­сын ылғалын сипаттайтын транспирациялық коэффициентті пайдаланады. Транспирациялық коэффициент, мысалы, күз­дік бидайда 400-500 болса, жүгеріде - 230-370, қант қьтзылшасында 240-500 төңірегінде.

Транспирациялық коэффициент ауа райы жағдайларына, топырақ құнарына, тыңайтқыштарға байланысты қатты өзгереді. Ол ауаның төмен ылғалдығында, жапырақтардың күн сәулесімен қатты кызуы мен желде өседі. Әлсіз желдің өзінде транспирациялык коэффициент 2-3 есе өссе, қатты желде тынық күнмен салыстырғанда құрғақ зат құрауға су 20 еседен көп жүмсалады.

Транспирациялық коэффициентке топырақ жағдайларының әсері шамалы. Оған өсімдіктің қоректік заттармен қамтамасыз етілгендігі, топырақтың ылғалдану дәрежесі, топырақ ерітіндісінің осмостық қысымының шамасы жатады.

Бір өсімдіктің өзінің суды қажет етуі өсіп-жетілу фазалары бойынша өзгереді, Сондықтан өсімдіктің суды ең көп қажет ететін фазалары өте жауапты кезең болып есептелінеді және ол кезендер дақыл түріне байланысты: күздік қарабидай, күз­дік және жаздықбидай, арпа және сұлы үшін түтіктену-масақтану, қонақ жүгері мен тарыда шашақтану-толысу. Ол кешенді өзара байланыстағы өнім алуды және топырақ құнарын көтеру мен қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптарды сақтауды бір мезгілде қамтамасыз етеді.

Қоғамдық өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын тұрақты дамыту жоғары өнімділікті алуды қамтамасыз ететін прогрессивті технологияны игеруге байланысты.

Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытудың негізгі бағыты интенсивтендіру. Өндіріс жағдайында бұл салаларды интенсивтендіру ғылым жетістіктерін, техниканы, тыңайтқышты, арамшөп және өсімдік зиянкестері мен ауруларына қарсы тиімді әдістерді игеру және жүйелі қолдануға негізделген екпе дақылдарды өсірудің интенсивті технологиясы арқылы іске асады.

Интенсивті технологияны игеру қосымша материалдық шығынды талап етеді, бірақ ол алынған қосымша өніммен қайтарылады, ал бұл бүкіл өсімдік шаруашылығы саласының тиімділігін арттыру мен интенсивтендіру жолындағы үлкен қадам.

Ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің интенсивті технологиясы топырақ құнарлылығының тұрақты өсуіне интенсивті сорттар мен дақылдардың потенциалды мүмкіндіктері мен биологиялық ерекшеліктеріне, өнімді басқарудың биологиялық, агротехникалық және агрохимиялық құралдары мен өсімдікті аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден интегралды қорғауды жүйелі колдануға, машина-трактор паркін оптималды қалыптастыруға және егін себу, оны баптап-күту және жинауды жоғары өнімді машиналармен қамтамасыз етуге негізделеді. Кадрлардың жоғары шеберлігіие және технологиялық тәртіпті сөзсіз орындауға негізделе отырып машинаны тиімді пайдалануы қажет.

Ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге «технология» түсінігі оларды өсірудегі, өнімді жинау және одан кейінгі өңдеу, сүрлеу және сақтауда кезектесіп орындалатын жұмыстар жиынтығы және материалдық-техникалық құралдармен техникалық-экономикалық көрсеткіштер тізімі болып табылады.

«Интенсивті» деген сөздің өзі зер салу, күштену деген мағына береді, атап айтқанда екпе дақылдарды өсірудің материалдық-техникалық ресурстарын кешенді шоғырландыру деген сөз. Осыған орай барлық жұмыстар дер кезінде-қалендарлы күндерде емес, қалыпты технологиядағы сияқты, өсімдіктің өсіп-даму кезеңдеріне сәйкестендірілген уақытта, тұрақты және негізделген дәрежеде жүргізу керек. Дақылдарды өсірудің интенсивті технологиясын игеру нақты жағдайда әр дақыл, сорт үшін тыңғылықты технологиялық карта жасаудан басталу қажеттігі осының айғағы.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: