Кіріспе 3 страница

д) топырақтың құнарлылығы мен оны құнарландыру күйі, оның механикалық құрамы, физикалық-химиялық қасиеттері тұқымның далалық өнгіштігіне барынша әсер етеді.

Тым төменгі, сол сияқты тым жоғарғы температуралар тұқымның өнгіштігін азайтады. Далалық өнгіштік кенеттен салқындап және ұзаққа созылғанда, толассыз ақ жаңбырларда және сепкеннен кейін топырақтын тығыздалуынан ерекше төмендеп кетеді. Мұның бәрі өскіннің пайда болуын көп уақытқа дейін кешеуілдетеді.

Топырақтың физикалық, механикалық қасиеттері де тұқымның өнуі мен өсуіне тікелей де, өсіп келе жатқан өркендерге белгілі кедергі келтіріп, жанама түрде де, топырақтың су, жылу және ауа режимдерін өзгертіп әсер етеді.

Тұқымның өнуі мен өркеннің пайда болуына топырақтың егістік қыртысынын, тығыздығы маңызды роль атқарады. Топырақ қыртысының өзгеруіне қарай оның жылу, су және ауа режімдері де өзгереді, ал бұл өркеннін пайда болу динамикасы мен түқымнын, далалық өнгіштігін өзгертеді. Көптеген деректер бойынша көпшілік далалық дақылдар үшін орташа саздақ топырақтарда ең қолайлы тығыздық 1,1-1,2 г/см3. Мұндай тығыздықтағы топырақта тұқым мен топырақ бөліктерінің қабысуы, түйісуі жақсартады да өркендер біркелкі пайда болады.

Топырақ тығыздылығының өркендерге әсерін тексерген көптеген зерттеушілер топырақтың егіс қыртысының ылғалдылығы төмен болғанда топырақты тығыздау жақсы нәтиже беретіндігін дәлелдеді: соның әсерінен тұқымның топырақпен түйісуі, түқымның топыраққа сіңірілу біркелкілігі, олардың сумен қамтамасыз етілуі жақсарады. Топырақтың қалыпты және мөлшерден тыс ылғалдылығында тығыздықтың қолайлы мөлшерден жоғары көтеру өскіннің пайда болуын бөгейді, әрі өнгіштікті төмендетеді. Сондықтан топырақты тығыздаушы құралдармен өңдегенде олардың оған әсер ету дәрежесін, сонымен қоса қалыптасқан ауа райы мен топырақ жағдайларын білген жөн.

Топыраққа сіңірілген тұқымдар және олардың өркендері әртүрлі топырақ зиянкестерімен зақымданады, мұның өзі далалық өнгіштікті темендетеді. Бұл орайда проволочниктер (шыртылдақ қоңыздың личинкалары) жалған-проволчниктер (чернотелка қоңызының личинкасы) өте қауіпті. Егер бір шаршы метрде 8-ден көп жоғарыда аталған қоңыздардың личинкасы болса, онда олар көптеген өсімдіктердің далалық енгіштігі мен тірі қалуын төмендетеді.

Аудара жыртуды, сыдыра жыртқышпен алмастыру топырақты жел эрозиясынын, құртуынан сақтайды, топырақ ылғалы мен атмосфералық жауын шашынды тиімді пайдалана отырып дәнді дақылдардың мол өнім алуға мүмкіндік береді, сонымен қоса біркелкі өркендер мен өнім құруға әсер етеді. Ең қолайлы агротехникалық мерзімде себу — тұқымның далалық өнгіштігін арттырудың басты шарттарының бірі. Себу мерзімі дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне, сонымен қатар температура мен егілетін топырақ қыртысының ылғалдылығына байланысты. Сепкен уақыт пен өркеннің пайда болған кезеңіндегі топырақ пен ауаның температурасы арасында тура тәуелдік бар. Ал тұқымның топырақта жатқан мерзімінің ұзақтығы мен оның далалық өнгіштігінің арасында кері қатынас байқалады. Мәселен, ең қолайлы (оптимальды) уақыттан ерте, қызбаған, салқын топыраққа сепкенде тұқымдар бөртеді, бірақ сылбыр енеді, өркеннің пайда болу уақыты созылады. Мұндай егістіктер арамшөптермен ластанады, түқымның далалық өнгіштігі қатты төмендейді.

Ерте себілген тұқымның далалық өнгіштігінің азаюы ұзақ уақыт салыстырмалы төмен температураның (+14,5°) әсерінен, ал кеш себілгенде - топырақтың беті қыртысының кеуіп кетуінен болады.

Себу жиілігі (қоректену алаңы) өсімдік өмірінің алғашқы күндерінен-ақ әсер ете бастайды. Дәнді, дәнді бұршақ, май және кейбір мал азығындық дақылдардан басқаларында, әртүрлі тұқымдар және әдістермен сепкенде далалық енгіштің өзгермегені байқалады.

Тұқым сіңіру тереңдігі далалық енгіштікке айтарлықтай әсер ететін фактор. Оның өзі тұқымның ірілігіне, топырақтын механикалық құрамына, топырақтың егістік қыртысының ылғалдылығы мен температурасына тәуелді. Сіңіру тереңдігін 4-5 см өсіргенде тұқымның далалық өнгіштігі жаздық бидайда — 26, арпада — 25, сұлыда — 16, қарақұмықта — 28 процент кемиді.

Егінді баптап-күтудің агротехникалық шаралары да тұқының далалық өнгіштігіне үлкен ықпал жасайды. Ылғал жетімсіз, құрлымы жеңіл және орташа топырақтарда немесе топырақтың егістік қыртысы борпылдақ болып келгенде себуден кейінгі топырақтың режимін жақсартады, капиллярлық байланысты қалыпқа келтіреді. Себуге дейін және сепкеннен кейін топырақты тығыздау арқылы тұқымның далалық өнгіштігін арттыру көптеген ғалымдармен дәлелденді.

Далалық өнгіштікке себу алдында, егін көгі пайда болғанға дейін және алдыңғы дақыл үшін енгізілген топырақ гербицидтері (егер олардың улылығы топырақта ұзақ уақыт сақталса) әсер етеді. Сазды ауыр топырақтарда суару менжаңбырдың әсерінен қабыршақ пайда болуы себепті егін көгінің пайда болуы тежеледі.

4-5- дәріс

Тұқымдық егісті жадығаттың биологиялық негіздері

1. Тұқымдық жадығатқа (материалға) қойылатын талаптар

2. Тұқымның егістік өнгіштегі және оны жоғарылатудың жолдары

3. Тұқымды жинап алғаннан кейін кідіртпей өңдеу әдістері және дардың экономикалық тиімділігі

4. Себуге арналған тұкымды таңдаудың ғылыми негіздері

Гүлдену және тұқымның қалыптасуы кезеңінде өсімдік мұқтажы мен биологиялық ерекшеліктері әрі сыртқы орта жағдайлары арасындағы байланысты бұзу — тұқым өнімділігін төмендетеді. Сонымен бірге тұқым сапасын нашарлатады. Осы себептермен қарақұмықтың небәрі 10-15 % гүлдері әдеттегідей жеміс береді, ал басқалары өліп қалады, немесе қалыпсыз жеміс береді. Бұршақ түқымдас дақылдарда да (ас бүршақ, майбұршақ, жоңышқа т. б.) көп ұрықтанбаған гүлдер немесе өсіп-жетілмеген түқымдар байқалады. Тұқым қалыптасуында бұл қалыпсыз құбылыстарды жою — өсімдіктердің тұқымдық өнімі мен оның сапасын жақсартудың үлкен маңызы бар.

Модификациялық өзгергіштіктіц бір көрінісі — тұқымның әртүрлі сапалылығы. Түрдің сақталып қалуына пайдалы болғанымен тұқымның әртүрлі сапалылығы агрономдық көзқарас бойынша құптарлық жағдай емес. Бұл егін көгінің біркелкі өспеуін, сабақ бітіктігінің көп қабаттылығын, біркелкі піспеуін, өсімдікте өнімнің әртүрлілігіне әкеліп соғады.

Әртүрлі сапалылық — бір тұқым тегіндегі тұқым массасы, пішіні, көлемі және толықтық дәрежесі әртүрлі болып келуі. Олар морфологиялық, физиологиялық және генетикалық қасиеттерімен ажыратылады. Түқымның әртүрлі сапалылығы олардың егістік және өнімділік сапаларына әсер етеді.

Тұқым тыныштығы мен тіршілікке қабілеттілігінің ұзақтығы.

Толық пісу кезеңінде жиналған көптеген екпе дақылдардың тұқымдары (жемістері) қолайлы жағдайларда өсіргенде өспейді, немесе олардың өнгіштігі мен өсу қуаты төмен болады. Мұндай түқымдар морфологиялық тұрғыдан алғанда жетілсе де, физиологиялык жағынан шала піседі және өсу қабілетіне белгілі бір мерзімде сақталғаннан кейін ғана ие болады. Піскеннен толық өнгіштікке жеткенге дейінгі уақытты тұқымның физиологиялық тыныштық кезеңі деп аталады.

Тұқым тыныштығы — тірі тұқымдардың қалыпты жағдайларда өспейтін, немесе өте ақырын өсетін күйі.

Егінді жинап алынғанан кейінгі тұқым пісуінің үзақтығы өсімдік түрі мен сортына, дәнденіп пісу, жинау және сақтау жағдайларына байланысты. Мысалы, жүгері, қарақұмық, эспарцет т. б. тұқымдарына өте қысқа жинап алынғаннан кейінгі пісу кезеңі — бірнеше күн, ал еркекшөп, арпа, кұнбағыс, ж. б. — 20-30 күнге дейін, кейде одан да ұзақ мерзім қажет.

Пісу мен егін жинау жағдайларының әсері мынадан байқалады: ауа райы ылғалды әрі салқын болғанда тұқымның жинап алынғаннан кейінгі пісуі ұзарады, ал ауа райы құрғақ және ыстық болғанда — қысқарады.

Тұкымның биологиялық тыныштығын көрсететін төмендегідей себептер бар:

1. Тұқым қабығының ауа, су өткізбеушілігі немесе көптеген екпе дақылдарға әсіресе дәнді бұршақ және бұршақ тұқымдас дақылдардың түқымдарына (түйежоңышқа, жоңышқа, бөрібұршақ, маш т. б.) тән қатты тұқымдылық;

2. Тұқым құрамында ингибиторлардың, басқаша айтқанда өсуді тоқтататқыш заттардың (гормоналыдық теория) болуы. Бұл теорияға сәйкес тыныштық күйі тұқым құрамындағы ингибиторлар мен активаторлардың ара қатынасына байланысты.

3. Тұқым ұрығының шала піскендігі немесе шала дамығандығы, басқа сөзбен айтқанда, егін жинау кезеңіне қарай тұқым ұрығының көптеген тканьдері толық дифференцияланбайды, яғни тұқымның әрі қарай дамуына қажетті белгілі бір метаболикалық жүйе болмайды.

Тьшыштык, күйде тұрған тұқымның өсуін тездететін бірқатар әсер ету әдістері бар:

— тұқым қабығының бүтіндігін бұзу, немесе зақымдау, ол үшін құмды немесе бұдырлы заттарды пайдалануға болады (старификациялау), бұл әдіс бұршақ тұқымдас мал азығындық шөптердің, кейбір көкөніс дақылдарының қатты тұқымдылығымен күрескенде пайдаланылады;

— тұқымға өзгермелі төменгі және жоғарғы температуралар арқылы әсер ету; зерттеулер бұл әдістін дәнді дақылдар, зығыр, қыша, сиыржоңышка, бөрібұршақ, астық тұқымдас шөптердің тұқымдары үшін тиімді екенін көрсетті;

— тұқымды жылы ауамен немесе басқа жылумен қыздыру, соның нәтижесінде тұқым қабығының өткізгіштігі мен ауа алмасуы жақсарады, антиингибиторлардың әсері күшейеді.

— тұқымды өсіру заттардың ерітіндісімен өңдеу (гибберлин, ауксин, гетероауксин т. б.) қымбаттылығынан, әрі көп еңбекті қажет ететіндіктен екпе дақылдар тұқымын өңдеудін бұл әдісі шектеулі;

— тұқымның ауыспалы сақтық қорының болуы, ең алдымен күздік дақылдар үшін, өйткені тұқым жинап алғаннан кейін пісу кезеңін едпегең жағдайдағы себілген егістіктерде алқаптың сиректігіне әкеліп соғады.

Кейде түқымдар екініші немесе иңдуцирленген тыныштыққа ауысады, бұл күйден олар тіпті қолайлы жағдай жасалса да шықпайды. Екінші тыныштық күйі кең тараған құбылыс және сыртқы ортаның қолайлы жағдайларының ұзақ уақыт әсер етуінен пайда болады (температура, жарықталу, анаэробтік күйі, төмен температура кезіндегі жоғары ылғалдылық т. б.). Себу сапасына жеткен тұқымды сақтау кезінде екінші тыныштық күйіне ұшырап, оның өнгіштігін кенеттен төмендеткен жағдайлар да белгілі. Әсіресе, бұл қыс уақытында байқалады, ал көктемге қарай тұқым өнгіштігі жақсарады.

Тұқымның тіршілік ұзақтығы:

1. Тұкым мен жемістің жабу тканьдерінің қасиеттеріне тәуелді. Өткізгіштігі аз және тығызырақ қабықты тұқымдар, борпылдақ қабақты тұқымдарға қарағанда ұзақ өміршеңдігімен ерекшеленеді. Қолайлы жағдайда сақталған түқымның шаруашылық ұзақ өмірлігі бұршак, тұқымдас шөптерде 20-22 жыл, дәнді бүршақ дақылдарда 18-20 жыл, бидай, арпа, сұлы, жүгері, күріш тұқымдарында 6-7 жыл, қара бидайда 2-3 жыл болды.

2. Химиялық қүрамына тәуелді, өйткені оған тыныс алу интенсивтілігі мен осыдан өрбитін барлық закымдарға байланысты. Белокқа бай тұқымдардың тіршілігі ұзақ, крахмал көп тұқымдарда аздау, ал құрамында майы көп тұқымдардың тіршілік ұзақтығы қысқа болып келеді.

3. Нақты аймақтың түқымының толысу және пісу кезеңдегі метеорологияльғқ жағдайларына байланысты. Жарық және жылы ауа райы тұқымның жақсы пісуіне және ұзақ тіршілікті тұқым қалыптастыруға мүмкіндік береді. Керісінше, бүлыңғыр әрі салқын ауа райы пісу сапасын нашарлатады. Мұндай түқымның тіршілігі қысқа. Тұқым ұзақ тіршілігіне табиғат әсерінен жапырылып қалған өсімдіктердің теріс әсерлілігі байқалады.

4. Сақтау жағдайларына байланысты, ең алдымен сақтау уақытындағы тұқым ылғалдылығына тәуелді. Тұқым ылғалдылығы неғұрлым жоғары болса, солғүрлым тыныс алу қарқынды жүреді, қорлық қоректік заттар ыдырайды және өнгіштігі кемиді.

Тұқымның өнуі және егін көгінің пайда болуы.

Дақылдың өсуі — өсімдік өміріндегі маңызды құбылыс.Тұқымның (жемістің) өнуі — күрделі физиологиялық процесс, эндоспермдегі қорлық қоректік заттарды пайдалана отырып ұрық өскінге айналады. Әрі қарай дамудың нәтижесінде ескін афтотрофты қоректену қабілетіне ие болатын егін көгіне айналады.

Тіршілікке қабілетті тұқымның өнуіне су, жылу және міндетті түрде оттегі қажет. Өну судың әсерінен тұқымның бөрткен кезінен басталады. Құрғақ топырақта тұқым өнбейді. Судың әсерінен ұрықтағы ферменттік процестер активтенеді де суда ерімейтін қоректік заттардың ұрықта сіңімді түрге айналуы тездетіледі. Тұқымның бөртуіне қажетті судың мөлшері оның химиялық құрамына байланысты, өйткені оған кіретін заттар әртүрлі мөлшерде су сіңі-реді: белоктар 150, крахмал 70, қатайып кеткен клетчатка 30 % (В. В. Гриценко, 3. М. Калошина, 1984). Тұқымның өнуіне қажетті судың ең аз мөлшері дәнді дақылдар мен астық тұқымдас өсімдіктерде тұқымның ауалы кұрғақ массасының шамамен 50 процентіне тең, дәнді бұршақ дақылдар мен бұршақ тұқымдас шөптердің тұқымдарында 100 % артығырақ. Майдың суды жұтпайтындығынан майлы дақылдар тұқымына қажетті су ондағы белок пен крахмалдың мөлшеріне және жамылғы тканьнің ерекшелігіне байланысты.

Ылғалмен қатар тұқымның қалыпты өнуіне қолайлы температура жағдайлары қажет. Температура дәрежесінің 3 түрі ажыратылады: ең аз (минимум), одан төмен болғанда тұқымның өнуі мүмкін емес; қолайлы (оптимум), өсіп-өнуге ең қолайлысы, ең көп (максимум), бұдан жоғары болғанда тұқымның енуі тоқтайды. Әр дақылда өзінің минимум, оптимум және максимум өсу температурасы болады. Қолайлы (оптимум) температура бөрту жылдамдығын арттырады және ферменттер қызметін күшейтеді.

Тұқымның өнуіне ең қажетті жағдайдың бірі тұқымның тыныс алуына және эндоспермдегі қорлық қоректік заттардың тотығуына жеткілікті мөлшерде оттегінін, қажеттігі болып табылады. Оттегі жетімсіз болғанда анаэробтық тьшыс күшейеді, мұның өзі өсуге кедергі келтіретін тотықпаған метаболиттердің жинақталуына әкеліп соғады. Аэрацияның болуынан және көмірқышқыл газының 17 процент көбеюінен тұқымның өнуі қысымшылықпен өтеді, ал ол,35 процентке жеткенде түқымдар өліп қалады (Қ. М. Фирсова, 1969).

Тұқым өнуінің бірінші көрінетін морфологиялық белгісі — шоқылануы, ал содан кейін тамыршалардың пайда болуы. Тамыршалардың ұзына бойына өсуі олардың үштарындағы өсу аймағында жүретін қарқынды клетка бөлінуі арқылы іске асады. Астықтың бірінші тобы (бидай, қара бидай, арпа, сұлы) бірнеше үрықтық тамыршалармен өнеді, ал екінші тобы (тары, жүгері, күріш, конақтары) жалғыз ұрықтық тамыршамен өнеді.

Бірінші (ұрықтық) тамыршалардың соңынан өркен (сабақ өркені) өсе бастайды және бірте-бірте жер бетіне шығады, сөйтіп, егін көгіне айналады.

Егін көгі кезеңінің басталуы деп алқаптағы өсімдіктердің 10 проценті бірінші жапырақтар пайда болған күнді, ал толық көктеуі деп 75 проценті бірінші жапырақтар пайда болған кезеңді есептейді.

Өну-көктеу кезеңінің ұзақтығы (сонымен қатар себу-кектеу) топырак пен ауаның температурасына, түқым ірілігі мен себу сапасына, топырақтың механикалық қүрамы мен ылғалдылығына, тұқым себу тереңдігіне т. б. факторларға байланысты.

Тұқымның далалық өнгіштігі, оның әртүрлі факторлар

мен жағдайларға байланыстылығы.

Ауыл шаруашылығы тәжірибесінде оптимальды жиіліктегі толық бағалы егін көгін өз мезгілінде алып және сақтаудық манызы зор. Алайда жоғары лабораториялық өнгіштігі бар тұқымды белгіленген себу нормасымен сепкенде жақсы егін көгін бере бермейді. Далалық жағдайда лабораториялық өнгіштігі жоғары түқымдардың барлығы бірдей көктеп шықпайды және егін көгінің жиілігі мен сабақ бітіктігі себу нормасымен ғана емес, сонымен бірге оның далалық өнгіштігімен анықталады.

Далалық өнгіштік—далалық жағдайда пайда болған егін көгінің себілген өнгіш тұқым санының қатынасымен көрсетілген процент мөлшері.

Далалық өнгіштік барлық жағдайларда лабораториялык көрсеткіштен төмен және көптеген факторларға тәуелді. Н. Н. Кулешов бұл факторларды бес топқа бөледі: тұқым сапасы, метеорологиялық жағдайлар, топырақ жағдайлары; агротехника; тұқым мен өскінді зақымдайтын аурулар мен зиянкестер.

Тұқымның далалық өнгіштігінің төмендеуі белгілі бір дәрежеде дәнді және басқа дақылдардың өнімін азайтады. Есептеулер көрсеткендей, далалық өнгіштік 1 процент төмендегенде егін өнімінің төмендеуі жаздық дақылдарда 1,5-2,0 процент, ал күздіктерде — 1,0-1,5 процент (Н. К. Ижик, 1976). Өнімнің азаюы әрі сабақ бітіктігінің есебінен, әр өсімдік өнімділігінің төмендеуінен болады. Далалық өнгіштік төмен боғанда, аңызға себілген көп тұқым зая кетеді.

Сондықтан тұқымның далалық өнгіштігін арттыру —оптимальды егіс жиілігін құраудың маңызды шарты және ауылшаруашылық дақылдарының өнімін молайтудың басты көзі.

Тұқымның далалық өнгіштігіне әсер ететін көптеген факторлардың ішінен ауылшаруашылығында ерекше маңызы бар мыналарды бөліп алуға болады: тұқым сапасы, топырақ жағдайлары және агротехника әдістері (өсіру жағдайлары).

Толық бағалы әрі біркелкі егін көгін алу көп жағдайда тұқым сапасына байланысты: өну энергиясы мен өнгіштігіне, жарақаттануына, физикалық пісіп-жетілуіне, біркелкілігіне, ірілігіне т. б.

а) тұқымның лабораториялық өнгіштігі айтарлықтай дәрежеде далалық өнгіштікті анықтайды. Әдетте, лабораториялық енгіштік төмендеген сайын далалық өнгіштік те темендейді. Н. Н. Кулешов (1963) белгілеткендей, лабораториялық өнгіштіктің аздап төмендеуінің өзі далалық өнгіштікке қатты әсерін тигізеді.

Егістікті лабораториялық өнгіштігі төмен бірақ жоғары себу нормасымен себу мына себептермен анықталмайды: біріншіден, бұл үлкен тұқым шығынына әкеліп ұрындырады; екіншіден, өнгіштігі төмен тұқымдардың тіршілігіне қабілеттілігі нашар және жоғары өнгіштегі тұқымға қарағанда далалық өнгіштігі анағұрлым төмен болады. Сонымен қатар далалық өнгіштік пен егін сиреуінің арасында тікелей байланыс бар. Сондықтан кондициясыз тұқымдарды кондициялы тұқымға айырбастаған жөн.

ә) тұқымның жарақаттануы далалық өнгіштіктің төмендеуінің басты себептерінін, бірі. Көп авторлардың көрсеткеніндей (И. Г. Строна, 1972, Н. В. Барнаков, 1982 т. б.), егін жинау кезінде және жинағаннан кейін өңдегенде жарақаттанған тұқымдар тұқымның өнуі мен қалыптасуына ғана зиянын тигізіп қоймайды, сонымен бірге өсу процесін кешеуілдетеді, өсімдік өнімін

азайтады. Далалық өнгіштікті, әсіресе, тұқым ұрығының жарақатталуы төмендетеді және олар сепкеннен кейін колайсыз өну жағдайына кездессе бұл құбылыс күшейе түседі (ылғал жетімсіздігінен, температураның төмен болуынан т. б.).

Соған қоса, жарақаттанған тұқымдар, әсіресе қабықсыздары, микроорганизмдердің өнуі мен көбеюінің негізгі объектісі болып шығады. Олар қорлық қоректік заттарды шығындап, әр түрлі аурулар қоздырады, үрықтың өлуіне әкеліп соқтырады. Қазіргі заманғы егін жинау мен жинағаннан кейінгі астықты механикаландырылған әдіспен баптаудың нәтижесінде тұқым жарақаттануын болдырмау мүмкін емес, бірақ егін жинауды қолайлы және қажетті мерзімінде өткізу, барабаннын, айналу санын дұрыс реттеу, барабан мен деканың арасындағы кеңістікті және астық тазалағыш машиналардың дұрыс реттелуі арқылы жарақаттануды анағұрлым темендетуге болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: