Логика, этика, эстетика

Лекцияның мақсаты: философиялық пәндерді оқып-үйрену

1. Қазіргі кезеңдегі философияның дамуы мен оның құрылымы күрделі бірлестікті білдіреді. Егер әдеттегі ұғымға сай жүретін болсақ, оны мына түрінде көрсетуге болады.

       
 
Философия тарихы.
 
Онтология


           
 
 
   
Этика
 
Аксиология


2.Философияны түсінуде, және сонымен қатар, оның адам мен дүниені танудағы

ролінде шектен шығушылыққа жол берілген кездер де болды. Бірде философия “ғылымдардың ғылымы” немесе “барша ғылымдардың атасы” (Аристотель) ретінде түсіндірілсе, бірде ол ақиқатқа жеткізе алатын барша ғылымдардың ішіндегі патшасы ретінде жарияланды (Г.Гегель, догматикалық марксизм). Ал кейде керісінше, философиялық білімнің ақиқаттылығы, әрбір құбылыс жайлы біріне-бірі сәйкессіз, керек болса біріне-бірі қарама-қарсы бірнеше көзқарастарды айту мүмкіндігі болғандықтан жоққа шығарылып отырылды (Софистер) немесе, аталған білімдер априорлық сипатқа ие болып отырды (позитивистер).

Ал шын мәнінде философия мен жекелеген ғылымдардың өзара қарым-қатынасы танымның символдық жасыл ағашындай. Мұнда философия бұтақ болса, жекелеген ғылымдар оның қабығы іспеттес. Философия осы ғылымдардағы зерттеулердің негізгі бағытын белгілеп, оның нәтижесін ой елегінен өткізеді, әрі жалпы мәдени тұрғыдан оларға қорытынды ұғым береді. Философиялық танымның түп негізінің эмпирикалық базасы жекелеген ғылымдардың теориялары мен методтары болып табылады.

Философия сананың ғылыми, тұрмыстық, көркемдік образдық немесе мифологиялық деңгейлерінде көрініс табады. Сондықтан, философияны тек ғылыммен байланыстырып оны білімнің рационалдық жүйесі ретінде ғана қабылдауға болмайды. Себебі философияға образды – пайымдық сипат тән.

Сонымен қатар, философияны Ницше секілді (неміс ойшылы) тек субъективтілікке апарып тіреуге негіз жоқ. Оның қорытуы бойынша, философия, дербес ойшылдың оның субъективтілігін білдіретін жеке шығармашылығы болып табылады. Әрине, субъективті жағдай, өзіндік ерекшеліктер ойшылдың философиялық ой жүйесіне едәуір ықпалын тигізеді. Бірақ, қорыта келгенде ілім ешқашан “объективтендірусіз” өмір сүре алмайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Философиялық ой кешудің тарихи типтері.

2. Философиялық бағыттар мен жүйелердің көп түрлілігі


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: