Лекция №6 тақырыбы: антикалық мәдениеттегі философия. Классикалық кезең

Жоспары:

1.Платон мен Аристотельдің философиялық ілімдері.

2. Эллинистік философия.

Лекцияның мақсаты: Грек мәдениеті мен грек дәстүрлерін танып білу

Философия тарихында Платон алғаш болып екі философияның материалистік

және идеалистік философияның күресі тарихы екенін білді, сезімге тән және сезімнен тыс деген айырмашылықтардың негізін қалады. Осы категориялар тұрғысында табиғат пен ғарыш өз алдына заттар түрінде емес тен олардың құбылысы түрінде ғана көрінеді. Нағыз және нақты болмысқа заттардың мәнін олардың парадигмасын білдіретін идеялар әлемі - бұл саттылы түрде ұйымдастырылған жүйе. Оның ең жоғарғы шыңында игіліктің абсалюттік идеясы орналасқан. Физикалық әлем немесе сезіммен қабылданатын ғарыш әләмі мынадай кесте негізінде пайда болды. Үлгі (идеалды әлем), көшірме (физикалық әлем) және Жаратушы (димиург)-үлгісі сәйкес көшірменің авторы. Платон идеялары дүниесі таратушы құдай дүниесі дей келіп, адам туылғанға дейін оның жаны сол дүниеде болады. Ал содан кейін ол жан бұл дүниеге, яғни жер бетіне келіп, уақытша адам денесіне енеді де қайта шығып кете алмай, тұтқын сияқты қараңғы қапаста өмір сүреді деп санады.

Таным дегеніміз Платонның пікірінше жанның жерге жеткенге дейін өткен

өмірін еске түсіру болып табылады.

Платонның обьективті идеализмі ойлаудың диалектикалық тәсілмен ұштасып жатты. Жеке мен көпшіліктің, тепе- теңдік пен тұрақсыздықтың, қозғалыспен қалыпты тыныштықтың диалектикасын байқауға болады. Платон зерттеген ұғымдар диалектиканың идеялистік сипатта екенін қарамастан олар кейінірек диалектикалық логиканың дамуында үлкен роль атқарды.

Аристотельде (384-322) философия бүкіл білім сферасынан ерекшелінеді. Әйтсе

де онда бұл процесс әлі аяқталмаған күйде қала берді. Бұдан келіп оның “бірінші философиясы” мен “екінші философиясы” арасындағы айырмашылық пайда болды. Аристотель үшін физика ол да философия, бірақ ол “екінші философия.”

Табиғат жайлы зерделі ой қалыптастыратын физикадан өзге, Аристотельде

“бірінші философия” болды. Оның қарастырар мәселесі физиканың пәнінен ерекшеленді.

“Бірінші философияның ” қарастыратын мәселесі (Ол кейін “метафизика”деп аталды.) табиғат емес одан да жоғары тұрған мәнділік. Аристотель табиғатты белгілі рамкамен шектейді, ал мәнділікпен ешбір сәйкес келмейді. Мәнділіке табиғаттан кеңірек.

Аристотель пікірінше философия, мынадай жағдайда егер нақтылықта материалдың емес себептер және сезімен жоғары, қозғалмайтын, мәңгі мәнділік болса өмір сүреді.

Аристотельдің философиясы нақтылықтың бастамасы мен себептерін зерттейді. Ал Аристотельдің түсінігіндегі құдай сол бастамалардың бірі. Сондықтан философия пәні Аристотельде кеңірек.

Аристотельде ойлау заңдары, мен болмыс заңдары бірдей. Аристотельде болмыстың негізгі заңдары бейболыстың болуын жоққа шығарды.

Нақтылық - Аристотельде жекелеген заттардың жиынтығы. Нақтылық бұл сапа мен сан және қатынас пен қозғалыс.

Материяның объективті түрде өмір сүретінін негізге ала отырып, Аристотель оны мәңгі жоғалып кетпеиді және ешкім жаратпаған деп санады. Сонымен қатар. Материя Аристотельдік пікірінше өздігінше әрекетсіз, шындықта барп. Бұл мүмкіндіктің шындыққа айналуы үшін материяға тиісті форма беру қажет. Форма заттан бұрын болатынпәрменді, жасампаз мүмкіндікті шындықа айналдыратын. Факторды білдіреді. Форма бір тектес материядан алуан түрлі заттардың пайда болу себебі. Одан алуан түрлі заттар пайда болуы үшін “мүсінші” құдай (бастапқы қозғаушы күш) болуы қажет. Дүниенің негізгі қозғаушысы – барлық формалардың формасы - құдай, әлемнің әрі себепшісі әрі шындығы.

Платон мен Аристотель құлдық қоғамда өмір сүрді. Сондықтан бұл екеуінің әлеуметтік-саяси көзқарасында сол кездің қоғамдық қатынасы өз көрінісін тапты. Олар құлдардың еңбегіне негізделген кекмелденген мемлекетті аңсад ы. Мәселен Платон ойы бойынша кемелденген мемілекет ол аристократтық республика деп есептеді. Мұндай мемілекетте философтар билік жүргізді. Жауынгерлер қорғайды. Қолөнершілер материалдық игіліктерді өндіреді. Осылардың ішіндегі тек соңғылары ғана меншік иемдене алады. Себебі оларға еңбекке деген қозғаушы күш қажет. Платонның утопиялық мемлекетінде ортақ ой, балаларды қоғамдық тәртіпте ұстау. Еңбектің қатаң түрде бөлінуі болуы тиіс. Байлық пен билік екеуі бірдей аластатылады. Себебі бұлар адамда әлеуметтік ашу ыза туғызады деп санады.

Саяси құрылыста Аристотель заң шығарушы әкімшілік, сот билігін ажыратады. Мемлекеттің биліктерінің бір-біріне ұқсамауы – бұл табиғи айырмашылық. Мемлекеттегі ең бастысы ол азамат Аристотель бойынша ол - әскери, әкімшілік, сот және абыздық функцияны атқарушы адам.

Саяси құрылыс түрлерін Аристотель сандық, сапалық және мүліктік сипаттарға бөледі. Мемлекеттер, билік кімнің қолында болуына байланысты ажыратылады. Бір мемілекетке билік бір адамның, бірінде азшылықтың, ал бірінде көпшіліктің қолында болуы мүмкін.

Саяси құрылыстардың ішіндегі ең тиімдісі Аристотель бойынша ол манархия Әсіресе абсалютті монархия. Биліктің бұл түрі егер де мемілекетте өте ақылды жетілген адам болғанда ғана мүмкін деп есептеді.

Құлдық жөнінде Аристотель, оны табиғатпен сәйкес өмір сүретін құбылыс ретінде қарады. “Біреулер табиғатында құл, біреулер еркін өмір сүреді” деді

4. Эллинистік философия Александр Македонский державасының пайда болып, оның ыдырау кезеңіне және одан кейінгі Рим құл иеленушілік қоғамының өмір сүрген кезеңіндегі философиялық ой пікірлер мен мектептердің жиынтығы. Бұл кезеңде грек-македон одан кейінгі Рим қоғамы шығыстың дэстүлерін, ілімін өздеріне белгілі дәрежеде қабылдап, сонымен қатар христиандық ілімдердің де антикалық философияға ықпал жасай бастаған кезеңі.

Эллинистік философияның көптеген бағыттары болды. Соның алғашқыларының бірі Әпикур еліменен байланысты. Эпикур (б.д.д 341-270жж) гректің материалист-философы және атейсті. Әпикур құдайлардың дүниеге араласуын жоққа шығарып материяны мәңгі деп есептеді. Ол яғни, материя қозғалғанда өз ішінде қозғалушы күш болады деді. Левкин мен Демокриттің атомизмін жандандыра келіп, Эпикур атомдар кеңістікте қозғала отырып олардың әртүрлі салмағы болады, сондықтан олар бір сызықтан ауытқып отырады деді.

Таным теориясында Эпикур сенсуалист. Сезім әрдайым өзінше бір ақиқат себебі ол объективті шындықтан туындайды. Сезімдердің пайда болуын Эпикур былай түсіндіреді денелердің жоғарғы қабатынан майда ұсақ бөлшектердің ағыны шығып олар сезім орғандарына барып, заттар туралы образ қалыптастырады. Табиғаттағы тану ол өзіндік мақсат емес, ол адамды діннің алдындағы, өлімнің алдындағы, табиғат құбылыстарының алдындағы қорқыныштардан құтқарады. Мұндай еркіндік адамның бақытты, уайымсыз өмір сүруі үшін қажет. Ал мұның мәні ләззат алуда. Бұл ләззат жай қарапайым ләззат алу емес, ол рухани ләззат.

Әйтсе де ләззаттың кез келгенінен бас тартуға болмас дейді Әпикур. Сананың арқасында құдайдың сыйы арқасында алға ұмтылу ләззат сезімдерге жол ашатын келісімдерге жеткізуі керек. Мұнымен қатар тыныш өмірге де қол жеткізіледі. Қоғамға әсіресе мемлекетке данышпанның достық көзқараста болғаны жақсы, бірақ оған беріліп кетпеу керек. Әпикурдың ұраны - жеке өмір сүру.

Эллинистік философияның тағы бір бағыты ол стоицизм. Ол көне грек философиясында кең тараған ағымдардың бірі. Рим империясының кезінде Стоя ілімі халық үшін өзіндік бір дінге айналады. Бұл ілім б.д.д. 4 ғасырдың соңында эллиндік мәдениеттің базасында космополитизм мен индивидуализм идеяларының және матиматикалық ілімдер негізінде техникалық дамуы кезеңінде пайда болды. Стоиктер мектебінің белгілі өкілдері Зенон және Хрисипп. Стоиктер құдай мен табиғат мәні бір ал адам осы құдай табиғаттың бір бөлшегі. Барлық шындық пен қозғалушылардың денесі бар. Бәрі ішкі және абсалютті қажеттіліке байланысты жүреді деп есептеді. Бір жағынан Стоиктер ерік бостандығын мойындады. Сондықтан олар (бостандық үшін) табиғатпен бірігіп өмір сүруді дәріптейді. Адам санасы әлемдік сананың бір бөлігі болып есептелетіндіктен табиғатқа сай, сонымен бірге өмір сүру-сонымен қатар санамен бірге өмір сүруді білдіреді. Бақыт дегеніміз – құмарлықтан бас тарту, рухтың тыныштығы, селқостық. Өмірде бәрі де тағдырға байланысты. Шындық пен шынайылықты ажырата білу керек. Шын мәнінде тек қана денелер ғана өмір сүреді. Ал шынайылық денесіз және ол өмір сүрмейді.

Скептицизм (грекше skeptikos - қарастырушы, зертеуші, сынаушы дегенді білдіреді) объективті шындықты танып білуге күмән келтіретін философиялық тұжырым Скептицизм еекі қоғамдық идеалдар бұзылып, жаңасы қалыптасып болмаған кезеңдерде қанат жаяды. Философиялық доктурина ретінде скептицизм антикалық қоғамның дагдарысы кезеңінде (б.д.д.4 ғасырда) пайда болды. Скептиктер ақылдың көмегімен сезімдік дүниені бір–біріне қарама-қарсы көзққараста бола отырып түсіндіргісі келді.

Скептицизм өзінің шарықтау шегіне Пирронның, Аркесилайдың, Карнеаданың, Эмпириктің ілімдерінде жетті. Софистерге ұқсап бірінші скептиктер адам танымының салыстырмалығын ғана атап көрсетті және оның әртүрлі жағдайларға тәуелді екенін де айтты.

Бақылау сұрақтары:

1. Аристотелдің саяси-этикалық көзқарастары

2. Стоя философиясы

3. Платоанның «идеялар әлемі» дегеніміз не?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: