Лекция №9 тақырыбы: Қайта Өрлеу дәуірінің философиясы

Жоспары:

1. Қайта өрлеу дәуірі философиясындағы антропоцентризм

2. Жаңа космологияның пайда болуы. Дж. Бруно, Н.Коперниктің шығармашылығы. Н.Кузанскийдің пантеизмі.

3. Қайта Өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік-саяси философия.

Лекцияның мақсаты: Қайта өрлеу дәуіріндегі негізгі философиялық бағыттармен танысу. Антропоцентризм идеясымен жете танысу.

1. Қайта өрлеу философиясының ерекшелігі антропооңентризм болып

табылады. Жалпы алғанда қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамиды. Біріншісі (Н.Кузанский, Пикоделла, Мирандолла, Леонардо да Винчи т.б.) адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізі өзегі етіп қабылдап, рухани өмірде, мәдениетте гуманизм деген бағытты дүниеге әкелсе, екіншісі (Н.Макиавелли, Т.Мор, Т.Компонелла) адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып, отырған қоғамдық құрылысты сынап, социалистік идеяға бой ұрса, үшіншісі (Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей) табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер еткен революциялық жаңалықтар ашты.

Схоластықфилософиядан гуманистық идеяға толы философиялық көзқарасқа жол ашқан неміс ойшылы Николай Кузанский (Николай Кербс) (1401-1464) болды. Негізгі еңбектері: “Мүмкіндіктің болмысы туралы”, “Жер шарының айналуы туралы”, “Құдайдың көріпкелдігі туралы”, т.б. Кузанскийдің пікірінше, әлем қарама-қарсы заттардан тұрады және олар математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелерініің бір-біріне өте алатыны сияқты, бір-біріне ауысып отырады. Ауысқан қарама-қарсылықтың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жжалпы алғанда материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дами өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып білуге болады. Бұл ретте адамдарға математикалық тәсіл мен тәжірибе көмектеседі.

Адамдар да заттар сияқты микрокосмосқа жатады және ол құдайдың көрінісі болып табылады. Бірақ өзінің ақыл-ойының, іс-әрекеттерінің арқасында құдаймен қатар тұрады. Осыдан келіп, “адам дегеніміз оның ақыл-ойы” – деп тұжырымдайды.

Леонардо да Винчидің (1452-1519) философиясы беделді-ліктің әсерінен бас тартып, тәжірибеге, адамның ақыл-ойының күресіне сену негізінде табиғаттың бірлігін, адамзат мәдиениетінің өміршеңдігін дәріптеумен ерекшеленеді. Ол осы тұрғыдан орта ғасырлық схоластиканы сынға алып, оны софистика сияқты пайдасы жоқ ілім деп есептеді. Жалпы алғанда Да Винчи “философиялық тас” іздестірудің өзі пайда бермейтін іс, себебі табиғат құдайдың заңдылығына емес, өзінің қажеті мен заңына бағынады да, үздіксіз өзгерісте, даму үстінде деп. тұжырымдайды. Мысалы, белгілі бір жағдайда су буға, бу мұзға, мұз қайтадан суға айналады.

Да Винчи Әл-Фараби мен Ибн Руштың “Екі ұдайды ақиқат” теорияларына қарсы болды. Оның ойынша, Діни ақиқат деген жоқ, себебі құдайдың өзі жоқ, шын - ақиқат тек ғылыми ақиқат ғана. Ғылымда табысқа жетудің бірден-бір жолы – математика тәсілі мен тәжірибе. Жалпы ғылыми жетістіктердің құндылығы олардың практикада қолданылуға мүмкіндігінің болуымен айқындалады. Осы тұрғыдан ол механикаға (теория мен практиканың бірлігі ретінде) аса зор көңіл бөліп, өзі осы айтылған қағидалар негізінде көптеген инженерлік идеяларды жүзеге асыруға тырысты (парашют, ұшатын қанат, тоқыма станоғы, т.б.).

Да Винчи алғашқылардың бірі болып сурет өнері саласында сынның мазмұны туралы піків айтып, эстетикалық талғамның қалыптасуына аса зор әсер етті.

Н.Коперник (1473-1543). Негізгі еңбегі – “Аспан денелерінің айналуы туралы”. Оның әлемнің күн орталық жаратылысы теориясы тек астрономияның ғана емес, бүкіл жаратылыстанудың дамуына зор әсер етті.

Дж.Бруно (1548-1600) Н.Коперниктің теориясы негізінде философиялық көзқарастарын қалыптастырды. Негізгі еңбектері: “Себептілік, бастама және біртұтастық туралы”, “Әлемнің және заттардың шексіздігі туралы”, т.б.

Бруноның пікірінше, табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозғалыс оның өмір сүру тәсілі. Әлем мен құдай бір. Әлем – универсум (әмбебап бастама) жалғыз ғана мәнділік. Сондықтан ол мәң.гі және өзгермейді. Барлық заттар өшпейтін мәңгі қозғалыстағы бөлшектерден тұрады. Оларды Бруно монада деп атайды. Монаданың материалдық денелерге ғана емес, психикаға да қатысы бар.

Г.Галилей (1564-1642) Коперник пен Бруноның ілімдерін әрі қарай жалғастырды. Негізгі еңбектері: “Ғылымның жаңа екі саласына байланысты математикалық дәлелдемелер мен пайымдаулар”, “Табиғат туралы кітап”, т.б. Галилейдің ғылымда ашқан екі жаңалығы 1) қатты және серпілмелі заттардың сыртқы күштерге қарсылығы; 2) денелердің құлау заңдылықтары – оның философиялық көзқарастарының қалыптасуына үлкен әсері болды. Оның пікірінше философия алфавит әріптерінен басқаша әріптермен жазылған “табиғат кітабын” оқуы керек. “Табиғат кітабы” үшбұрыш, квадрат, дөңгелек шар, т.б. тәріздес. Оларды оқу үшін схоластикалық философия емес, таза тәжірибеге сүйенген математикалық тәсіл керек. Ол Коперник пен Бруно сияқты жер өз осі мен күнді айналып жүреді және ол күн жүйесіндегі көптеген планеталардың бірі ғана, ал күн жүйесі сияқты жұлдыздар жүйесі әлемде сансыз көп және олардың көпшілігінде жердегідей тіршілік болуы ғажап емес деген пікір айтты.

3. Қайта Өркендеу Дәуірінің философиясында әлеуметтік-саяси ілімдерді дамытқан ойшылдар Никколло Макиавелли, Томас Мор,т.б. болды.

Н.Маккиавелли (1469-1527) адам еркін бостандығын жүзеге асыруда қоғамның мемлекеттік ролін атап көрсетті. Негізгі шығармалары: “Билеуші және Тит Ливийдің бірінші декадасы туралы пікірлер”, “Олардың принциптері” және т.б.

Макиавелли Рим империясының этикасы мен күшін дәріптеді. Мемлекеттің қайсысы болса да римдіктердің күші мен ұлылығы сияқты қасиетке ие болу үшін өз ісі әрекеттерінде дұрыс деп тапқан тиісті шараларды қолшданулары қажет. Ал бұл жолда әдептілік қағидалары мен азаматтық бостандық ығыстырылып ескерілмей қалса, онда тұрған ештеңе де жоқ, билеуші оған көңіл бөлмеу керек. Макиавеллидің бұл ілімі “Макиавеллидің ” деп. аталып кеткен, саясатта өз мақатына қалай жетіссең де дұрыс деген қағиданың қалыптасуына әкеліп соқты.

Томос Мор (1478-1535). “Утопия”, Томаза Компонелле (1568-1639) “Күн қала” атты шығармаларында “беймәлім жерде”, “күн қалада” әділетті қоғам арнаған, оларда байлар да, кедейлер де жоқ, Бұл мемлекеттерде меншік иесі - қоғам, ал жеке адамдар сол қоғамның мүшелері ретінде еңбек нәтижелерін тең бөліседі, оларда билеушілерде де, қарапайымдар да заң алдында тең және олар әртүрлі діндерге дәйектілікпен қарайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Н. Кузанский сенім мен аүыл ой мәселесін қалай шешеді?

2. Н. Макиавеллидің адам туралы ілімінің ерекшелігі неде?

3. Жан Кальвиннің діни философиясының ерекшелігі неде?

4. Н.Коперниктің ғылымға енгңзген төңкерісі неде?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: