Лекция №8 тақырыбы: Исламдық орта ғасыр мәдениет контексіндегі арабтық-мұсылмандық философия

Жоспары:

  1. Мұсылман философиясының қалыптасуы мен дамуы.
  2. Суфизм философиясы. Қ.А. Иассауи шығармашылығы.
  3. Әл-Ғазали және араб-түркі тілді философиясының дамуы.

Лекцияның мақсаты: Исламдық мәдениет пен ислам дінінің негізгі тұжырымдарымен студенттерді жете таныстыруү

1. Ислам діні дүниеге келіп, арабтар Солтүстік Үндістан мен Пиреней түбегі аралығындағы орасан үлкен территорияны жаулап алғаннан кейін. Осы территорияда өмір сүретін халықтармен тығыз байланысқа түседі. Арабтар көшпелі болды. Олар бүкіл адамзатқа жіберілген жаңа ілім ислам ілімін өзге халықтарға таратудың өздерінің ең басты миссиясы деп санады. Осы ілімге сай келетін өзге халықтардың рухани және материалдық мәдениетінің жетістіктерін арабтар лезде үйреніп,дамыта түсті. Ислам әлемінің ойшылдары ерте грек философиясы мен қатар, Алдыңғы Азия, Орталық Азия және Шығыс мәдениеті мен философиясын қабылдай отырып, философиялық дәстүрлерді онан әрі жалғастырды. Егер батыс Европада христиан дінін идеалогияландыру, философиялық интоксикациялау және негіздеу жүріп өтее, ал мұсылман аймағында әсіресе VII-X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кшіді. Бұл кезеңде ғылымның жаратылыстану салалары да жақсы дамыды. Арнайы білім салаларының дамуына Әл-Харазми, Әл-бируни, Ибн –Сина, Омар Хайям т.т.б. ойшылдар өз үлестерін қосты.

Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясы қалыптасуына дүниетанымдық және тиориялық зор ықпалын тигізді. Батыс мұсымандық шығыс арқылы, алғаш рет антик мәдини мұрасымен, сонымен бірге Шығыс мәдинетінің озық жетістітеі-мен танысты. Бұл ғылыми теориялық жетістіктер мен философиялық жаңашылдықтарды, прогресшіл рационалистік философия мен ғылыми шығармаларды мұсылман әлемінің ойшылдары араб тілінде жазғанымен, олардың біразы әтникалық шығу тегі жағынан арап емес, түркі және парсылар болды.

Осылай батыс әлемі Шығыспен рухани диалоғы нәтижесінде ерте грек философиясымен қатар шығармашылық пен жаңашылдыққа толы шығыс мәдениетімен танысты.

Мұсылман философиясында екі бағыт рационалистік және сезімдік таным бағыты болды. Біріншісіне Әл-Кинди, Әл–Фараби және Ибн – Сина жатады. Ал екіншісіне көбіне суфизім философиясы өкілдері кіреді. Біз келесі бөлімімізді осы екінші бағыт өкілдерінен бастағалы отырмыз.

2. Суфизим данагөйлері рухани – адамгершілік тұрғыда толысу жолын ұсынады. Осы парасаттылыққа жеткен адамға ғана ақиқат ашылады. Бұл ақиқаттың мәні Құдайға деген сүйіспеншілік, барлық әлем оның өзгерістері құдайға тән құдіретті сұлулықтың феномені, “Әсем тазалық пен асқақтық” арқылы түсіндіріледі. Сопылардың пікірінше, бүкіл дүние құдаймен толық бірегей. Әлем мен адам - Құдай мен ақиқаттың, құдай мен құштарлықтың бірегейлі көрінісі. Мәнділіктің тұтастығы теориясы (Вахдат – ал вуднуд) барлық нәрсенің құдай екендігін мойындайды. Барлық бар нәрсе Мәнділіктің тұтастығында бар, демек ол құдай. Бұл бірлік құштарлық арқылы ғана жүзеге асырылады. Ол жаратылғанда Жаратушымен, ғашықтарды құдай құштарымен байланыстырып ақырында оларды Мәнділік Тұтастығында толығымен қосылуға алып келеді. Суфизмнің ең көрнекті өкілдері қатарына Қ.А.Иассауи жатады.

Қ.А.Иассауидың өмірге қөзқарас танымын ашуға көмектесетін құнды деректердің бірі соңғы жылдары табылған оның “Рисала” атты трактаты. Бұл еңбектің екінші атауы “Миратул Кулуб” “Көңіл айнасы” деп те аталады. Мұндағы мақсат! Осыны оқыған кісі өзінің ісі мен бейнесін ұғып, танысын деген ниетті аңғартады.

“Рисалада” ойшыл ақын өзінің дүниеге қөзқарас – танымын, ислам діні мен шариған жолдарының мән жайын, фәни және бақи өмірдің айырма нарқын осмыған орай адамдар арасындағы қарым – қатынас мәселелерін жүйелі түрде ашып талдайды. Оның ерекше мән беріп талдаған төрт бағанды тақырыбы: шариғат, тариқат, хақиқат, магрилат төңірегінде болып келеді. Оның екі әлемнің мән – жайын сипаттайтын “Диуани хихмет” атты адамгершілік, имандылық, әділдік, инабаттылық тәрізді күрделі мәселелерді жырлауға арналған. Жинақ сол кездегі Қыпшақ – Оғыз тайпаларының тілінде жазылған. Осы тайпа халықтарына Ислам ілімінің нәрін беру үшін ұлы данышпан Құранның мазмұнын сол халықтардың жыр дәстүрімен жеткізе білді.

3. Суфизмнің көптеген идеяларын мұсылман әлемінің Әл-Ғазали (1058-1111) сияқты ірі теологы да қостады. Әл-Ғазалиге дейін өмір сүрген ойшылдар да, оның замандастары да мемлекеттік құрылым мәселесін айналып өте алмады. Әл-Ғазали өзінің бірқатар жұмыстарында мемлекетті басқару мәселесінде Сұлтанға ұсыныстар береді. Сұлтанның нақты билігін заңдастыру негізінде оны нығайту мәселесін көтеріп, халифты сынайды. Ғазали халиф пен сұлтан арақатынасы мәселесін жан – жақты сипаттап, имамат теориясын дайындайды. Ғазилидің пікірінше мемлекет ислам мен мұсылманша өмір сүру тәртібін қорғауға тиіс. Ол “Философтарды терістеу” деген еңбегінде Фарабиді, Ибн Синаны сынап, оларға “Әлемнің ешнәрседен жаратылысы” туралы өз идеясын қарсы қояды. Бұл идеяда ол бұкіл қоршаған әлемге өзінің ықпалын жүргізетін құдайдың шексіз еркі туралы ойды негіздейді. Ғазали Фарабидің, Ибн Синаның ақыл – ой ролі туралы позициясымен келіспейді. Мистиктің пікірінше ақыл – ой тек реттеуші рөлді ғана атқара алады, ол біздің ізденісімізді мақсатқа қарай бағыттай алғанымен, Мәнділікті ешқашан да аша алмайды. Мәнділікті танудағы жалғыз тәсіл өзіне - өзі терең бағытталған мистикалық жағдай, сонда ғана Мәнділік ашылады. Бұл мәнділік құдайдың болмысы.

Әбу-Юсуф Якуб ибн Исхақ Әл-Кинди (800-879). Басра қаласынан шыққан філософ.

“Арабтардың философы ” деген атаққа ие. Оның дүниетанымы неоплатонизмға жақын турады. Құдай, ақыл-ой, мен философиясының мәнін анықтау, ғылымдарды классификациялау мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөлген. Өзінііің шығармаларында Әл-Кинди Құдайдың мынадай түсіндірмелерін береді:

1. Құдай түпнегіз, барлық нәрсенің абсолюттік бастауы ретінде

2. Құдай мақсатты себеп ретінде

3. Құдай кеңістіктегі абсолюттік шексіздік және уақытты жаратқан. Пайда болған

нәрсе қозғалыс нәтижесінде өзгереді және ақыры соңында жойылады, ол нәрсе мәңгілік емес оның соңы бар. Адамға ақыл-ой берілгендіктен оол өзін-өзі танып қана қоймай, өзін қоршаған дүниені де таниды. Ақылдың көмегімен адам заттар мен құбылыстардың себептік байланысын, олардың мәнін ұға алады. Адамның әлемді танудағы ақыл ролін анықтай отырып, Әл-Кинди ақыл-ойдың төрт түрін және танымның үш сатысы туралы идеяныайтады. Әл-Кинди ақыл- ойдың мынадай төрт түрін ерекшелейді: активті, пассивті, жинақтаушы, жарғылаушы.

2. Егер Әл-Кинди неоплатонизмге жақындау болса, ал Әл-Фараби X ғасырдағы Аристотельдің ізбасары болып саналады. Фараби Аристотельдің алғашқы коментаторларының бірі. Ол Аристотельдің “Категориялар”, “Герменевтика”, “Аналитика”, “Софистика”, “Поэтика” сияқты шығармаларына түсініктеме берді. Бірақ Әл-Фарабидың дара философ ретіндегі даңқы басым болды. Ол философия мен жаратылыстану ғылымдары тарихы бойынша жүзден астам жұмыстар жазды. Фараби ғылыми болжамға, әлемді ғылыми танып білу мүмкіндігіне сеніп, қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қарсы шықты. Ол зұлымдық пен әділетсіздіктің жойылып жер бетінде қайырымдылық пен ізгілік орнайтынына сеніп он идеялық, теориялық тұрғыда негіздеді. Ол өз заманындағы саяси және әлеуметтік қайшылықтарды талдай келе ондай әділетсіздіктен құтылудың теориялық негізін өзініің утопиялық сарыында жазылған “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары” деген еңбегінде жасайды. Әл-Фарабидің бұл ой ежелгі грек ойшылдары Аристотель мен Платонның мемлекет туралы теорияларын еске түсіргенімен, ол грек ойшылдары секілді құлдық қоғамды сол күйінде қабылдаған жоқ. Оның бастр идеялы зорлық-зомбылықсыз, басшысы әділетті әлеуметтік теңдік орнаған мемлекет. Әл-Фарабидың көзқарасы одан көп жылдар кейін өмір сүрген енциклопедист – ғалым Ибн–Синаның дүниетанымына елеулі ықпал жасады. Ибн-Сина (980-1037) Бухара маңында дүниеге келген жастайынан өзінің зеректігі арқасында білімнің көп саласын меңгеріп шығады. Әл-Фарабидың кейбір идеяларын қолдай отырып өз шығармаларын да ұсынады. Ол әманация, ақыл-ой туралы идеяларын алға тартты. Оның шығыста да Батиста да әйгілі болған еңбегі “Емшілік канондары” деп аталады. Бұл еңбегі атақты грек емшісі дәрігері – Ғаленнің тәжірибесінің негізінде жазылды.

Платондық ілімнен бас тарта отырып, Ибн Сина өзінің философиялық жүйесін перипатетизм арқылы құрастырады. Оның ғылымдарды классификациялауда өз жүйесі болды. Ибн-Сина философияны екі салаға бөледі: теориялық және практикалық. Оның ойынша егер теориялық философия ақиқатты игеруге ұмтылса, практикалық философия – игілікке жетуге ұмтылады.

3. Орта Азиядан шыққан келесі бір торік ойшылы Жүсіп Баласағұни (XI г.). Ол

өлең түріндегі “Құтадғу білік” шығармасын жазды. Бұл моральдық-этикалық мазмұнда жазылған еңбек. Ж. Баласағұнидың бұл шығармасы Әл-Фарабидың “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары” деген еңбегімен мазмұндас. Мемлекеттің өмір сүруі оның формасының сақталуы мемлекетті бастаушы билеушіге байланысты. Әділдік мемлекеттің ұзақ өмір сүруінің кепі лі екенін шығармының өн бойында байқаймыз. Әділдікпен ел басқару үшін Ж.Баласағұни билеушіге елшіге, бірнеше кеңес береді. Тіл туралы тарауында сөздің өте жоғары маңызы бар екенін айтады. Сені өрге сүйреуші де тіл, басыңнан айыратын да тіл. Ж. Баласағұнның бұл шығармасы Қарахандар мемлекеті саяси дагдарысты бастан кеміп жатқан кезінде дүниеге кеді. Сондықтан ондай саяси ахуал еңбекте өз ізін қалдырмай қоймады.

Махмұт Қашқари Диуани Лұғат-ат-Түрік еңбегінде түркі тайпаларының тілдерінен әдет-ғұрыптары мен саяси дәстүрлерінен мол маглұмат береді. Сонымен бірге бұл еңбекте топкі тайпаларының ортақ идеясы туралы алғашқы ойдың нышанын байқатады.

Бақылау сұрақтары:

1. Аль-Киндидің философиялық көзқарасы

2. Ибн- Халдунның мемлекеттің пайда болуы жөніндегі ілімі

3. Әл-Фараби елбасының қандай қасиеттері туралы айтады?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: