Сыныбы:1. Тақырыбы: Фигуралардың қиылысы

Пәні: математика

Тақырыбы: Фигуралардың қиылысы.

Мақсаты:

1. «Қиылысатын» және «қиылыспайтын» фигуралар туралы түсінікпен таныстыру;

2. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту;

3. Дәптерді таза ұстауға, үнемді пайдалануға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: кестелер,цифрлары бар карточкалар

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1.Дайындықтарын тексеру,зейіндерін өзіме аудару.

2.Дәптерлерін тарату,партада дұрыс отыруын қадағалау.

ІІ Өтілген материалдарды қайталау.

Ауызша есептеу үшін «Не өзгереді?» ойыны ұйымдастырылады. Тақтаға геометриялық фигуралар шашыратып орналастырылған. Балаларға оларды санап, естеріне сақтап, әр түрлінен неше фигура қойылғанын айту тапсырылады.

                                       
   
       
         
 
 
     
 
     
           
 
 
 


Тірек білімдерін жетілдіру.

Балаларға таныс геометриялық фигураларды қайталау. Фигураларды топқа бөлуге тапсырма беруге болады. Фигуралар тақтада немесе плакаттарда бейнеленуі керек.

ІІІ.Жаңа материалдарды оқып-үйрену.

Тақтаның бір жағына әртүрлі фигуралар (олардың ішінде басқа фигуралармен қиылысқан сызықтар да бар) бейнеленген. Екінші жағында басқа фигуралармен қиылыспаған жеке фигуралар бейнеленген. Балалардан фигураларды атау сұралады. Мұғалім «қиылысатын», «қиылыспайтын» фигуралар деген терминмен таныстырады. Содан кейін фигуралардың қиылысқан орнын анықтап, нүкте қою керек. Фигуралардың неше қиылысу нүктесі бар екенін санатуға болады.

 
 


Оқулық бойынша №1 тапсырма өтілген материалды бекітуге арналған.

№2 тапсырма жұмысдәптерінде берілген бос орынға жазылады. Қиылысатын және қиылыспайтын кесінділерді салудың әртүрлі нұсқаларын қарастыру үшін жұппен, топпен жұмыстар ұйымдастыруға болады.

Өтілген материалмен жұмыс.

№3 тапсырма теңдеуді енгізуге дайындық ретінде берілген. Балалар топпен немесе жұппен осыған ұқсас жұмыстар ойластырады.

№4,5,6 тапсырмалар өтілген материалдарды бекітуге арналған.

Өзіндік жұмыс.

Дәптердегі №3 тапсырмамен оқушылар бұрынан таныс. Заттарды әртүрлі тәсілмен орналастырады. Оқушылардан осындай тапсырмаларды тиімді, дұрыс «құпиясын» айтуды сұрайды.

І V. Бекіту: сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты бекіту

V Үйге тапсырма:143-144 беттерді қайталау.№4

ІІІ тоқсан Тексерілді:---------

Күні: Реті:90


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: