Сыныбы:1. 1.Әріпті өрнектерді жазу, оқу, құрастырумен таныстыру

Пәні: математика

Тақырыбы: Әріпті өрнек. Әріпті өрнектерді оқу, жазу, құрастыру.

Мақсаты:

1. Әріпті өрнектерді жазу, оқу, құрастырумен таныстыру;

2. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту;

3. Дәптерді таза ұстауға, үнемді пайдалануға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: кестелер,цифрлары бар карточкалар

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1.Дайындықтарын тексеру,зейіндерін өзіме аудару.

2.Дәптерлерін тарату,партада дұрыс отыруын қадағалау.

ІІ Өтілген материалдарды қайталау.

Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша жаттығулар:

• 8 саны шығару үшін 4-ке қандай сан қостық?

• 1 саны шығу үшін 6-дан қандай санды кеміттік?

• Жапырақ астында қандай сан жасырынып тұр. Тақтада бірінші қосылғышы жапырақпен немесе кез келген басқа бірдей суретпен жабылған мысалдар бағаны берілген:

 +1= 4  +3= 6

 +2= 5 +4= 7

Егер бірінші қосылғыш бірдей сан болса, онда екінші қосылғыштың артуымен қосындының мәні қалай өзгеретіндігі сұралады. Осындай бақылауды мынандай мысалдармен де жүргізуге болады:

 -1= 9 10 - = 9

- 2= 8 10 - = 8

- 3= 7 10 - =7

- 4 =6 10 - =6

Қорытынды: егер азайғыш бірдей болып, азайтқыш артатын болса, онда айырманың мәні кемиді; егер азайғыш бірдей сан болып, азайтқыш кемитін болса, онда айырманың мәні артады.

ІІІ.Жаңа материалдарды оқып-үйрену.

Оқулықтағы №1тапсырма орындалады, мүмкіндігінше тақтада 1-2 өрнекті суретпен көрсету керек. Оқулықтың мәтінін негізге ала отырып түсінік бередім. Математикада әріпті өрнектерді жазу үшін латын әліпбиін қолданылады. Оқушылар оқулықта берілген латын әріптерінің кейбір түрімен танысады. Алғашқы бекіту жұмысы үшін оқулықтағы №2 тапсырма орындалады. Балалар әріпті өрнектерді оқиды, содан кейін санды өрнектер құрастырады және өрнектердің мәнін табады.

Дәптердегі №2 тапсырма да осы мақсатпен беріледі. Ұжым болып b-ға мән таңдап, содан кейін өрнектің мәнін өз беттерінше табады немесе толықтай өз беттерінше орындап, артынан тексеріледі.

№1 тапсырма мұғалімнің жетекшілігімен орындалады. Әріпті өрнектердің мәнін табудың қажеті жоқ екендігін түсіндірілуі керек.

№4 өзіндік жұмысты оқулықтан алып орындайды.

Өтілген материалдармен жұмыс.

Оқулықтағы №5 тапсырманы орындау кезінде балалар көптеген нұсқаларды қолданады. Ол үшін заттармен(дөңгелектер, фишкалар, т.б.) практикалық жұмыстар ұйымдастырылады немесе 10 кәмпитті дөңгелек түрінде бейнелеп көрсетуге болады. Ары қарай талдау жұмысы жүргізіледі: «Егер кәмпиттің тең екендігінайтылатын болса, онда әр балада неше кәмпиттен болды? (10-3= 7, яғни жетіден). 10 заттан 3 затты бөліп алу(Серікке берілген кәмпиттер). Егер Дәулет 3 кәмпитті Серікке берсе, өзінде 7 кәмпит болады, ал Серікте алғашқыда неше кәмпит болды? 7 болу үшін 3-ке нешені қосуымыз керек?(4-ті қосу керек немесе 7-3= 4)».

Өзіндік жұмыс.

№3 тапсырма көршілес сандар туралы білімдерін, есептеу дағдыларын арттыруға арналған. Көршілес екі жүзіндегі сандардың қосындысының мәнін (1+2= 3, 2+0= 2,

0+3= 3) төменгі жүзімге жазады, т.с.с.

І V. Бекіту: сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты бекіту

V Үйге тапсырма:

VІ. Бағалау: оқушылырды мадақтап, бағалау

ІІІ тоқсан Тексерілді:-----------------

Күні: Реті:88


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: